Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Педагогтің кәсіби дайындығы мен қызметіндегі педагогикалық рефлексия

Маĸалада рефлексивтік ỵдерíс ұғымы, педагог ĸъ■>лIcтіпдегі кэсіби педагогикалық рефлексиянщ маңызы, оның кезецдері, рефлексиялык талдау барысында ĸойытатып сұрақтар жỵйесí мен рефлексивтік оқытуда туиндайлын ĸайшылыĸтар ĸарастырылады. Сондай-аĸ, рефлексивтік іс-өрекеттің баламасы ALACT ỵлriге ĸысĸаша шолу жасалады.

Қазақстандағы орта білім мазмұны бỵгíнгí таңда модернизация толĸынын бастан кешіруде. Соңғы он жылдыĸта елімізде орын алған салмаĸты өзгерістер қатарына Қазақстанның нарықтық экономика мен ĸyĸыĸтыĸ мемлекет болуға талпынысын айтуымызға болады. Ал мұндай мемлекетте қоғам құндылығына, өзінің жеке басына, бостандығына жауапкершілікпен ĸарайтын адами капитал жоғары бағаланады. Себебі мемлекеттің дамуы білім беру жỵйесíнíц дамуы, оның мазмyндыĸ жэне ĸyрылымдыĸ жаңаруымен тығыз байланысты. Ал даму мен жаңару ресурсы болып табылатын модернизацияға икемді, біліктілігі жоғары адами капитал білімнің жаңа сапаларын талап етеді. Мектепте орын алатын өзгеріс бірінші болып білімнің жаңа сапасын ĸамтамасыз етеді. Мyндай жағдайда мұғалім тұлғасын шығармашылық қырынан дамытатын, өз жұмысының мазмұны мен нэтижесіне жауап беруге бағыттайтын басĸа педагогикалыĸ мазмyн мен жаңа ĸyралдар, эдіс- тэсілдер апробациялану қажет. Сол себепті бỵгíнгí мектеп мұғалімнің кэсіби-педагогикалық қызметі тэжірибелік-эксперименттік жyмыстарды yйымдастыру мен өткізу, инновациялыĸ тэжірибе, жобалау білігін игерумен сипатталады. Заман талабына сай педагог кэсіби қызметінде орын алып жатқан жэне қоршаған ортаның өзгерістеріне, өзін- өзі тану, өз білімін жетілдіру қабілетіне бейім жэне тэжірибелік іс-эрекетке ỵнемí дайын болуы керек. Бұған педагогтың өз жұмысындағы құбылысты тану мен талдау, оған "сырт көзбен" ĸарай алу, өзгелердің көзқарасымен салыстыру контексінде ұғынылатын педагогикалық құрылымдағы аса маңызды компонент рефлексия жатады.

Ғылыми эдебиеттерде рефлексивтік ỵдерíс ұғымы екі тұрғыда қарастырылады: 1) қандай да бір объектінің мэнін тỵсíнуге итермелейтін танымдық рефлексивтік талдау; 2) тұлғааралық қарым- қатынастың маңызын тỵсíнудегí рефлексия. Осыдан рефлексивті ỵдерíс екі тỵрге бөлінеді: өзін-өзі жэне өзгелерді тỵсíну, бағалау, өзіндік тỵсíнíк пен тỵсíндíру. Бүдан "рефлексия - білім немесе субъектінің өзіндік түсінігі" деген үғым туындамауы керек, ол сондай- аĸ, "рефлексиялаушы" адамды өзгелердің тануы мен түсінуі, оның түлғалық ерекшеліктері, эмоциялық реакциясы мен танымдық түсінігі. Рефлексия педагогикалыĸ үдерістің алдыға қойған мақсаты жэне оның нэтижесі сэйкеспеген жағдайда, мүның себебін талдап, оны шешу жолдарын іздестіру барысында педагогтың іс-эрекетінен проблемалыĸ жағдаяттарды таба алуды болжайды. Ғылыми-педагогикалық эдебиеттерде "кэсіби педагогикалыĸ рефлексия" термині ĸолданылады. Р.М. Грановская, Ю.С. Крижанская, И.Н. Семенов, С.Д. Степанов жэне басĸа да ғалымдар тобы "мүғалім рефлексиясы бүл - өзіндік педагогикалыĸ тэжірибедегі таптаурын көзĸарастарға сын көзбен ĸарау" деген аныĸтама береді. Олай болса рефлексияға ĸабíлеттí мүғалім кэсіби ĸызметщ⅛ түрлі аспектілерінде туындаған инновация, мінез- КҮлық, ĸарым-ĸатынас, танымындағы таптаурындылыĸĸа эвристика, сын түрғысынан ĸарау механизміне бейім болып келеді.

Педагогикалыĸ жүмысының ерекшелігі, өзіндік педагогикалыĸ тэжірибенің негізін қалаған іс- эрекетіндегі эдіс-тэсілдерді мүғалімнің ĸайта жобалауы кэсіби-педагогикалық рефлексиямен байланысты. Кэсіби-педагогикалық рефлексияға қабілеттілік келесі қүзыреттер жиынтығымен анықталады: ойлау кеңістігін үйымдастырушылық қызмет кеңістігінен ажырату, кэсіби қызметін талдай отырып, жобалау кеңістігіне ауысу; өзінің жобалары мен үсыныстарын талдау нэтижесін ескеру, эрі оны өзгерту, яғни ĸайта жобалау барысында өзінің жүмыс мазмүнын негізге алу [1]. Оĸытуды жобалау дегеніміз - педагог пен окушы, оқытудағы жаңа технология мен мазмүн, педагогикалыĸ іс-эрекет пен ойлау жэне оның тэсілдері арасындағы өзара ĸарым-ĸатынас түрлерін кэсіби педагогикалыĸ рефлексия негізінде жүзеге асыру, қүрылымдау үдерісі. Педагогикалыĸ жобалаудың барлыĸ кезеңі, яғни маĸсат ĸоюдан бастап, нэтижеге ĸол жеткізу мен оны талдауға дейін рефлексияға негізделеді. Бүл келесі тізбе түрінде үсынылады: педагогикалыĸ іс-эрекеттің маĸсаты - жағдаятты рефлексивтік талдау -педагогикалыĸ қызмет қүралдарының қойылған мақсатқа сэйкестігін рефлексия негізінде таңдау, жобалау мен қүрылымдау - жобаны жүзеге асыру - жобаны ажырату мен жỵзеге асыру рефлексиясы (маĸсаты мен нэтижелері). Осы логикалыĸ тізбені басшылыĸĸа ала отырып, жалпы білім беруді модернизациялау міндеттерін тиімді жүзеге асыруға кажетті педагогтың рефлексивтік-жобалық іс-эрекеті туралы сөз қозғауға болады [2]. Себебі рефлексивтік-жобалық іс-эрекет педагогтың өзінің кэсіби іс-эрекетін саналы қабылдауына ғана мүмкіндік бермейді, сондай-ақ өзіндік педагогикалыĸ санасының өсуі, "өзін-өзі реттеу" үстанымын нығайтуға көмектеседі, сонымен ĸатар білімінің шекарасын аныĸтау мен мэселеден шығу жолдарын өз бетінше іздестіруге үйретеді, осы арқылы педагог кэсіби күзыреттілігін арттырады. В.А. Сластенин рефлексия мазмүнының педагогикалыĸ қызметтің эр кезеңінде өзгеріп отыратындығын көрсетеді. Әр кезеңнің мазмүны алдыңғы кезеңде орын алған нэтижемен байланысты болып отырады. Оку үдерісінің нэтижесі, алға қойылған оку мақсаты, "Мен" бейнесінің мазмүны, "Мен-түжырымдамасы" жэне оның басқа элементтермен сэйкестігін үнемі ескеріп отыру рефлексия жасауды күрделендіре түседі [3]. Рефлексияның эр деңгейінен мүғалімнің іс-эрекетті түсінуі, психологиялық жай-күйі, қабілетінің жаңа қыры байқалады. Өзінің басқалардан айырмашылығын аныĸтау кезінде педагог бойында ĸарама-ĸайшылыĸĸа алаңдау жэне оны тез арада шешуге ынталану сезімі пайда болады. Кемшіліктерді саналы түрде қабылдау мен өзгерту үшін, өзінің білімі мен дереккөздерді пайдалану мүғалімнің педагогикалыĸ қызметі туралы ойлануына итермелейді. Білім беру жүйесінде болып жатқан бүгінгі күнгі жағдаяттарды талдау педагогтардың рефлексивтік-жобалық күзыреттіліктерін дамытудың қажеттілігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Соңғы жылдары кэсіби педагогикалыĸ рефлексия идеясы еліміздегі, сондай-аĸ шет мемлекеттердің білім беру теориясы мен тэжірибесінде ерекше қолға алынуда. Бүгінгі күнгі ғылыми-тэжірибелік міндет - педагогтың рефлексивтік білігі мен оның кэсіби қүзыреттілігін ĸалыптастыру технологиясын жасау.

Мэселен, Ф. Кортхаген "рефлексия - тэжірибе, проблема, білім мен түсініктерді күрылымдау немесе қайта қүрылымдауға бағытталаған ойлау үдерісі" дей отырып, мүғалімнің рефлексивтік іс-эрекетінің келесі үлгісін үсынады. Бүған голландтық педагогтар "ALACT modеl" деген атау беріп, сөздегі эр эріпті рефлексияның эр кезеңі ретінде көрсетеді. Мысалы:

  • Aсtion - іс-эрекет;
  • Looking baсk on thе aсtion - атқарылған іс- эрекетке ĸайта оралу;
  • Awarеnеss of еssеntial aсtions - орын алған қүбылыстарды саналы қабылдау;
  • Crеating of altеrnativе mеthods of aсtion - іс- эрекеттің балама эдістерін жасау;
  • Trial-жаңа іс-эрекетті апробациядан өткізу [4]. Бүл кезеңдер мазмүны мыналарды ĸамтиды:
  1. Іс-эрекет. Рефлексия айналымы наĸты бір іс- эрекеттен басталады. Бүл іс-эрекеттер сабаĸ басында мүғалімнің оқушылармен сэлемдесуі, оқушыларға сүрақ қою, үй жүмысын хабарлау жэне тағы да сол сияĸты ĸарапайым іс-эрекеттер немесе кешенді сипатқа ие іс-эрекеттер болуы мүмкін. Мысалы: наĸты пэн немесе оĸу сағаты бойынша сабаĸ, не болмаса сабаĸтар сериясын өткізу.
  2. Атқарылған іс-эрекетке қайта оралу. Бүл кезеңде рефлексиялық талдау іс-эрекет аяқталған соң, кейде оны орындау барысында, эсіресе кездейсоĸ жағдай орын алғанда немесе алға қойылған мақсатқа жетпегенде, кейде керсінше оған оңай ĸол жеткізгенде жүргізіледі. Алайда талдау "неге?" деген сауалға жауап іздеу емес, талдау мазмүнын қүрамдас бөлшектерге бөлу, іс-эрекетті ойша немесе жазбаша суреттеу болып табылады. Суреттеу психологиялыĸ көңіл-күй, сезімнен тыс, жансыз бейнеакамера түсіргендей толық, шынайы, эділ, сондай-ақ көпшілік көрерменнің назарына байĸала бермейтін елеусіздеу жағдаяттарға назар аудара алатындай болуы керек.
  3. Орын алған күбылыстарды саналы қабылдау. Бүл кезеңде іс-эрекеттің түрлі аспектілері, олардың арасындағы өзара байланыс, себеп-салдарлыĸ карым-қатынасты анықтауға көңіл бөленді.
  4. Іс-әрекеттің балама әдістерін жасау. Бұл кезеңде мақсатқа жету үшін қолданылған әдіс-тәсілдерден басқа әдістерді іздестіру жүргізіледі. Балама әдіс- тәсілдер мен формалардың жағдаятпен қаншалықты сәйкесетіндігі аса маңызды. Егер таңдалған әдістер, формалар, құралдар мақсатқа жетуге көмектеспейтін болса, бұл кезеңде жаңа ақпаратты іздестіруге мүмкіндік туындап, ол жаңа білімді игеруге ынталандырады. Себебі, дәл осы сәтте аса маңызды кәсіби мәселені шешуге көмектесетін білім алынады.
  5. Жаңа іс-әрекетті апробациядан өткізу. Бұл кезеңде мақсатқа жету үшін, жаңа құралдармен жаңа жағдаятта жүзеге асырылатын жаңа қадам жасалады. Бұл кәсіби рефлексияның жаңа айналымын бастайды. Атқарылған іс-әрекетке ойша оралған кезде, ондағы маңызды сәттерді байқаймыз, оны жүзеге асырудың басқа да балама жолдарын ойластырамыз, дәл осы жағдаятта анағұрлым тиімді болып саналатын іс-әрекетті тәжірибеден өткіземіз, осылайша айналым қайтадан басынан басталады. Сондықтан ALACT үлгіні рефлексивтік шеңбер деп жиі атайды.

Мұғалімдерді даярлау тәжірибесінде ALACT үлгі қалай жүзеге асады? Әдетте білім беру ұйымдарында педагогтардың өткізген сабақтары рефлексивтік үлгі негізінде талданады. Осындай талдау барысында төмендегідей базалық сауалдар ұсынылады:

  1. Нендей жағдай орын алды?
  2. Мен үшін не маңызды болды (мәселе, жаңалық, кездейсоқ жағдаят)?
  3. Менің алдағы ойым, іс-әрекетімде мұның қандай орны бар (іс-әрекеттің балама нұсқалары, білім беру қажеттіліктері, ниет)?

Рефлексивтік оқыту технологиясын жүзеге асыру тәжірибесі қарама-қайшылықты қалыптастырудың анағұрлым қиындық тудыратынын көрсетеді. Қайшылықтар неден туындап жататындығына шолу жасасақ:

  1. Ой мен сезімнің қайшылығы;
  2. Адамның өзі туралы пікірі және сол адам туралы басқа адамдардың пікірі;
  3. Адамның өзі туралы пікірі және шынайы өмір жағдайында өзін көрсетуі;
  4. Адамның өз іс-әрекетін суреттеуі мен шын мәнінде оның атқарған ісі;
  5. Адамның шын мәніндегі бейнесі мен оның кім болғысы келетіндігі;
  6. Вербалды және вербалды емес мінез-құлықтың қайшылығы.

Рефлексиялық талқылау барасында педагог айқын және эмпатия ережелеріне сүйенуі керек. Айқындылық келесі ережелерге жүгінуді болжайды:

  1. Нақты сезімін, ойын, іс-әрекетін, қалауын атауды өтініңіз.
  2. "Неге?" сауалынан гөрі "не? қалай? қандай сезім?" деген сауалдар қойыңыз.
  3. Ұзақ монологтан гөрі, диалог құруға тырысыңыз.
  4. Әңгімені осы шақта өрбітіңіз.
  5. "Біз, әркім, барлығы" есмідігінен гөрі "Мен" есімдігін қолдануға ынталандырыңыз.
  6. Сұрақтарыңызды нақты қойыңыз.

Ал эмпатия келесі ережелерді болжайды:

  1. Вербалды және вербалды емес құралдармен "басқа адам" кейпіне енуге тырысыңыз.
  2. Өзгелердің сезімін түсініңіз.
  3. Сезімдерінің себебін түсінуге тырысыңыз.
  4. Өзгелердің сезімін өз бойыңыздан өткізуге тырысыңыз.

Қорыта айтқанда, мұғалімге өзінің кәсіби қырын қайта қарау, өзінің күшті және әлсіз жақтарын анықтау, оқытудағы құндылықтары туралы ойлану, өзіндік педагогикалық идеясын қалыптастыруға мүмкіндік беретін кәсіби педагогикалық рефлексияға ынталандыратын апробациялық тәсілдер - рефлексивтік-жобалық іс-әрекет негізі, ал оның нәтижесі - рефлексивтік құзыретінің артуы, шешімін тапқан педагогикалық проблема, жобалық іс-әрекетке салмақты көзбен қарау; оқушылармен сабақ және сабақтан тыс уақытта жобалау мен рефлексивтік- жобалық іс-әрекет тәсілдерін пайдалану болып табылады.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Зельцерман Б.А. Мастерская открытий. Опыты альтернативного образования. Рига, 2000. - 42 б.
  2. Калиновский Ю.В. Философия образовательной политики. М., 2000. - 186-б.
  3. Сластенин В.А., Чижакова Г.И. Введение в педагогическую аксиологию. М., 2003. - 233 б.
  4. Korthаgen Fred A.J., Kessels Jos P. A. M. Lmkmg theory аnd рrаctíce: chаngíng the рedаgogy of teаcher educаtíon // Educ. Res. 2000. Vol. 28. № 4.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.