Ауылшаруашылық өнімдерінің сапасының және қауіпсіздігінің нормативті негізі

Мақалада ҚР агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің спасын, қауіпсіздігін және бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату сұрақтары қарастырылған. ҚР ауылшаруашылық өндірушілердің мемлекеттік қолдауымен механизмді жетілдіру мәселесі қарастырылады және оның тиімділігін жоғарылату бойынша шаралар ұсынылған. Қазақстан Республикасының азық- түлік нарығының қоғамдық қатынастарын реттейтін заңнамаларды, нормативті құжаттарды, стандарттарды жетілдіру бойынша қорытынды ұсынылады.

Ауылшаруашылық өнімдерінің сапасын және қауіпсіздігін жоғарылату - стратегиялық міндет. Ауылшаруашылық кәсіпорындары қызметінің соңғы нәтижесі аграрлық өнімдерді өндіру көлемі болып табылады. Аграрлық өнімдердің сапасын жоғарылату - ҚР ауылшаруашылық тауар- өндірушілердің дамуын және өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін көтеруге бағытталған іс-шараларды жиі өткізіп отыру. Соңғы жылдары тұтынушы нарықта сапасы төмен азық-түліктердің өсуі байқалады. Бұл мәселе өндірістің технологиялық, санитарлық және техникалық төмен деңгейіне, азық-түлік сапасына деген бақылаудың әлсіздігіне, сертификаттау және стандарттау деңгейінің жеткіліксіздігінен, нормативті базаның жаңартылмауына, шикізаттардың сапасының төмендеуімен байланысты. Бұндай жағдай азық-түліктің тұтынушыға дейінгі жылжытылуының барлық кезеңдерінде сапасын басқаруды талап етеді.

Ауылшаруашылық өнімдерінің сапасын жоғарылату үйлестірілген стандарттарды қабылдауға жағдай жасайды. 2001 жылдан бері үйлестірілген МЕМСТ қабылдағаннан бастап ауылшаруашылық тауарларды өндірушілер өнімдерді өндіруде Еуро одақ мүше-елдері стандарттарының талаптарына жауапты белгілі бір тәжірибе жинап алды. Мысалы, 2001 жылы қабылданған балғын қызанақтарға (МЕМСТ Ұ 51810-2001), балғын ақ қауданды орамжапырақтарга (МЕМСТ Ұ 51809-2001), балгын асханалық сәбіздерге (МЕМСТ Ұ 51782-2001), балгын асханалық қызанаққа (МЕМСТ Ұ 51811), балгын түйінді пиязга (МЕМСТ Ұ 51783-2001), балгын картопқа (МЕМСТ Ұ 517830-2001) мемлекетаралық стандарттар және ЕО стандарттарымен және БҰҰ/ ЕЭК стандарттарымен үйлестірілген стандарттар қабылданды. Сонымен, қолданыста бар көкөніс шаруашылыгының өнімдеріне үйлестірілген МЕМСТ жалпы еуропалық стандарттарга сай және ауылшаруашылық тауарларды өндірушілер үшін осы багытта жұмыстар жасау бойынша басты сұрақтардың бірі, ол көкөніс өнімдерін өндіруде сапасын жогарылатуда Еуро одақтың МЕМСТ классификациясы бойынша бірінші немесе екінші сұрыптан экстра сұрыпына көшу [1].

Агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің сапасын жогарылату және бәсекеге қабілетті ету мақсатында нормативті базаны актуаландыру және қайта қарастыру бойынша шаралар іске асырылып, әзірленді. 11 стандарттар әзірленді, оның ішінде "Ауылшаруашылық өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін жогарлату" бюджеттік багдарлама шегінде бидайды сақтау процесі және сынау әдістері бойынша 6 ұлттық стандарт және "Агроөнеркәсіптік кешені, су және орман салаларын дамытуда нормативті-әдістемелік қамтамасыз ету" бюджеттік багдарлама шегінде шие жемісіне және жидек дақылдарына 1 ұлттық стандарт бекітілді. 4 ұлттық стандарттар экологиялық таза өнімдерге әзірленуде. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының территориясында ауылшаруашылық саласында 2083 стандарттар тагам өнімдеріне және шикізаттарга бар, соның ішінде МЕМСТ-1771, ҚР СТ-312. Қазақстандық агроөнеркәсіптік кешенінде кәсіпорындардың ИСО 9001-2009 және ИСО НАСРР 22000-2005 сериялы стандарттарына сәйкес халықаралық сапа менеджмент жүйесіне және тагам өнімдерінің қауіпсіздігіне көшу процесі жеделдету үстінде. Осыган орай "Ауылшаруашылық өнімдерінің өндірісін басқару жүйесін субсидиялау" республикалық бюджеттік багдарлама жүзеге асырылады. Багдарлама агроөнеркәсіптік кешені саласындагы кәсіпорындарды халықаралық стандарттар бойынша әзірлеу, енгізу және сертификаттау бойынша жұмыстарды субсидиялау багасына байланысты іс-шараларды қаржыландыруды қарастырады. Қазіргі кезде Ресей нарыгы Қазақстандық ет өнімдері үшін жабық, себебі ұсынылып отырган ресейлік қызметтердің талаптарына сай келмеуі және дайындамалар сапасының төмен болуы. Қазақстанда өндірілетін және жүзеге асырылатын тагам өнімдерінің сапасы ИСО 9001-2009 және ИСО НАСРР 22000-2005 сериялы стандарттарының халықаралық сапа менеджмент жүйесіне және тагам өнімдерінің қауіпсіздігіне сәйкес келуі ұлттық өндірістік қ ауіпсіз дікті қамтамасыз ету және экспортқа багытталу өндірістік өнімдердің бәсекеге қабілетті өндірістің кеңеюін сақтау шартының қажеті болып табылады [2].

ҚР Үкіметіне генетикалық түрлендірілген объектілердің айналымы Ережесін сақтауды және синтетикалық құралдардың, өсуді жеделдетуді, биологиялық белсенді қоспаларды пайдаланатын өндірістер үшін ауылшаруашылық өнімдерінің ҚР "Тагам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" заңының және ҚР экологиялық кодексінің талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету қажет [3].

Қазіргі кезде елімізде "Тагам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы" (2004 ж.) заң қабылданып, осы заңды жүзеге асыруга 20-дан астам Үкіметтің қаулылары, денсаулық сақтау министрлігінің, ауыл шаруашылыгы министрлігінің нұсқаулықтары мен бұйрықтары қабылданды, бірқатар заңнамаларга өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бірақ, бұл актілер азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қатынастарын жанама реттегендіктен, арнайы "Азық- түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету" заңын қабылдаудың қажеттігі туып отыр. Әлемнің 95 пайызына елдерде мұндай заң қабылданган [4].

Қазіргі таңда мемлекет пен тұтынушының деңгейінде ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін кәсіпорынга оларды өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, сақтау және реализациялауга қатаң талаптар қойылып отыр. Адам денсаулыгы мен өмірін қоргау мақсатында 2013 жылы қолданысқа енгізілген "Тагам өнімдерінің қауіпсіздігі" (ТР КО 021/2011) Кедендік одақтың технологиялық регламенті қабылданды. Осы регламент Кедендік одақ қатысушыларына кіретін барлық елдерге, соның ішінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясына таратылады. ТР КО 021/2011 міндетті талаптар қатарына НАССР (МЕМСТ ҚР 51705.1-2001) (қатер анализі мен шекті бақылау нүктелері) жүйесін енгізу жатады. НАССР бойынша қаралган жүйелік сәйкестендіру, қауіпті факторларды басқару багасы тагам қауіпсіздігіне елеулі әсер етеді. Мемлекет тарапынан сапа мен қауіпсіздікті бақылау жүргізіледі [5].

Біздің еліміз дүние жүзінің ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін негізгі 25 мемлекеттің қатарына енді және өзінің ресурстық әлеуеті жагынан қазіргі деңгейден 3-5 есе артық өнім өндіруге мүмкіндігі бар екені белгілі. Осы тұргыдан алганда Қазақстанның аграрлық секторында шешімін күтіп тұрган күрделі әлеуметтік-экономикалық мәселелер де жоқ емес. Қазақстанның ауылшаруашылыгы, соңгы жылдары дүние жүзіне кең тараган қаржы-экономикалық дагдарыстың күшті ықпал етуі жагдайында дамып отырганы белгілі. Дегенмен, отандық аграрлық жүйеге дер кезінде мемлекет тарапынан көрсетілген көмектің нәтижесінде кейбір елдердегідей күйзеліске ұшырамай, белгілі бір деңгейде даму қарқынын бәсеңдеткен жоқ. Сонымен қатар, соңгы жылдары ауылшаруашылық өнімдері көлемінің ұлгаюы байқалады [6].

Мәселен, еліміздегі ауылшаруашық өнімдері 1990 жылы ішкі жалпы өнімнің 36 %-ын құраган болса, бүгінде бұл көрсеткіш 4 %-дан аса алмай тұр. Азық- түліктің тек 40 %-ы гана елімізде өндіріліп, қалган 60 %-ы шетелден тасымалданады. Демек, бұл жагдайда аграрлық саланың рөлі ерекше. Қазіргі ауылшаруашылыгының шикізаттық сипаты азық- түлік қауіпсіздігіне көп кедергі келтіріп отыр. Осы орайда технологияның кенже қалып отырганы қол байлап, бүгінгі күні елдегі ауылшаруашылыгы өнімдерінің басым бөлігін - 80 %-ын шикізат күйінде шыгаруга мәжбүрміз. Ягни, азық-түлік қауіпсіздігі мәселесінде ерекше мәнге ие отандық өнім, оның ішінде ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеуде үлкен жобаларды қолға алып, арнайы бағдарламалар негізінде жұмыс жасау керектігі көрініп тұр. Әлемдік тәжірибелерге көз жүгіртсек, 7080 жылдары-ақ Германия, Франция, Швеция, АҚШ елдері азық-түлік қауіпсіздігіне бағытталған шаралар бойынша алдымен фермерлердің құқығын ерекше қорғайтын заңдар қабылдаған, аграрлық секторға ерекше мән берген. Демек, ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру, қайта өңдеу өнеркәсібі экономиканың негізгі бір саласы ғана емес, сонымен бірге ол - азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі. Сондықтан да азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде орны ерекше аталатын агросекторды жан-жақты жоспарлай отырып, дамытудың маңызы мол [7].

Қазақстан Республикасының заманауи аграрлы- құқықты доктринасы отандық аграрлық өндірісті дамыту үшін жайлы шарттарды құру кезеңінде тұр. Осыған орай, ауылшаруашылық қызметін мемлекеттік реттеуді регламенттейтін құқықтық нормалар аграрлық заңнамасының құрамына енді. Мысалы, бидай, өндірістік қауіпсіздікте, ветеринарлық қызметте және т.с.с. мемлекеттік ресурстарды құруға бағытталған құқықтық нормаларды айтуға болады. Қазақстан Республикасының интеграциясы және Кеден одағының қалыптасу шарттарында ауылшаруашылық өнімдердің, шикізаттардың және өндірістің сапасын жоғарылату мәселесі әлемдік нарықта ұлғая түсуде және өнімге арналған халықаралық стандарттардың талаптарын міндетті түрде оындау қажеттілігіне байланысты маңызды мағынасына ие болады [8].

ҚР № 66-III 08.07.2005 жылдан бері "Агроөнеркәсіптік кешен және ауылдық территориялардың дамуын мемлекеттік реттеу туралы" заңы ауылшаруашылық өнімдердің, шикізаттардың және өндірістің нарығында қызмет етуді және мемлекеттік реттеуді қалыптастыруды негізгі бағыты ретінде анықтайды. Бұл заңда Қазақстан Республикасының ауылдық территориясының және агроөнеркәсіптік кешенінің дамуын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын экономикалық, ұйымдық және құқықтық негіздер көрсетіледі. Бұл заң өндірістік қауіпсіздікті, агроөнеркәсіптік кешенінің өнімдерін нарықтық устойчивости, кәсіпкерлік жүйені тиімді қалыптастыруды, отандық өнімдердің бәсекеге қабілетті артықшылықтарын қолдауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, балық шаруашылығы, ауылшаруашылық шикізаттарды және тағам өнеркәсібін (алкогольді және темекі өнімдерінен басқасы), ветеринарлық және фитосанитарлық, инженерлік және инфрақұрылымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін шарттар құру арқылы ауыл тұрғындарының өмір деңгейін жоғарылатуға бағытталған [9].

Қазақстан үшін елдің өндірістік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мәселелерді шешудің алғашқы міндеттердің бірі болып отандық ауылшаруашылық өндірісі тиімділігінің жоғарылауы, тағамдық және қайта өңдеу өнеркәсібінің дамуы, агроөндірістік нарықтағы мемлекеттік реттеудің механизмін жетіліру табылады. Өндірісті қамтамасыз ету мәселесі экономикалық қана емес сонымен қатар құқықтық аспектіге ие. Мемлекеттік маңызды міндеттерінің бірі ел тұрғындарының денсаулығына қамқор болу, яғни өндірістік тауарлардың сапасына байланысты болып табылады. Бұл міндеттердің шешімі сапа стандарттарын және оларды сақтауда қатаң бақылау жүйесін енгізуді талап етеді. Сыртқы сауда-саттықты ырықтандыру Қазақстан Республикасына тұтынушылардың денсаулығы үшін қауіпсіздік және сапа деңгейінің әртүрлілігін импорттық өнімдерді ішкі нарыққа қою мүмкіндіктеріне әкелді. Осы шарттарға байланысты тағам өнімдерінің сапасын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясаттың мақсаты тұтынушылық қасиеттер туралы шынайы емес ақпараттарға толы тауарларды нарыққа жібермеудің алдын алу механизімін үнемі жетілдіру болуы керек. Бұл үшін мемлекетке талап етіледі: тағам өнімдерінің сапасын қатаң түрде мемлекеттік бақылау жүйесін құру; отандық тауар өндірушілерді халықаралық стандарттар бойынша жұмыс жасауға көшуді ынталандыру. Сондықтан бұл мәселелерді шешу үшін арнайы "ҚР өндірістік қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы" заңын енгізу қажет [10].

"Сонымен, ауылшаруашылық өнімдерінің қауіпсіздігі еліміздің ұлттық қауіпсізідігінің бір бөлігі болып табылады. Өйткені, бірде-бір мемлекет халықтың ауылшаруашылық өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етпей тұрып, елдің экономикалық, саяси немесе ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуі мүмкін емес. Қазіргі кезде Қазақстан тұтыну қоржыны құрамына кіретін бірнеше қажетті тағамдармен халық тұтынуын қаматамасыз етіп отыр. Дегенмен, елімізде басқа да әлеуметтік маңызы бар тұтыну тауарлары бойынаша импортқа тәуелділік сақталуда. Осыған байланысты көп жылдар бойы қалыптасып келе жатқан әлемдегі азық-түлік тапшылығы мен әлемдік экономикалық дағдарысты және еліміздің болашақтағы дамуын ескере отырып, мемлекетіміздегі ауылшаруашылық өнімдерінің қауіпсіздігін толыққанды қамтамасыз ету саясатын қалыптастыруы керек. Ол үшін, мемлекеттің азық- түлік қауіпсіздігін ең алдымен әр адамның тамақтану - физиологиялық қажеттілігінен бастау; Қазақстан халқын сапалы және өмірі мен денсаулығына қауіпсіз тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету саласындағы заңнамаларды жетілдіру, оның ішінде импортталған азық-түліктердің санитарлық-эпидемиологиялық, экологиялық тазалығы мен жоғары сапалылығын қамтамасыз ету; тамақ өнімдерін өндіру бойынша бекітілген отандық нормаларды халықаралық стандарттарға сәйкес қайта қарау; халықтың төмен қамтамасыз етілген әлеуметтік топтарын тағам түрлерімен толық қамту және тұрғындарға отандық өнімдерді арзан бағамен жеткізу мақсатында баға реттеу тетіктерін жетілдіру. Сондай-ақ аграрлық экономиканы мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік қаржылық қолдауды азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында халықтың тамақ өнімдерінің түрі мен тұтыну көлемін қамту аясында жүзеге асыру. Яғни, қаржыландыру, ауыл шаруашылығы шикізатын өндіруге ғана емес, дайын тағамдар өндіруге бағытталуы тиіс" [11, 153-162 б.].

Қазастан Республикасының ауылшаруашылығының тиімділігі оның материалды-техникалық жағдайына байланысты. Ауылшаруашылықтың техникалық жабдықтандыруына жүргізілген талдауына байланысты Қазақстанда ауылшаруашылық машина құрастыруды дамыту бойынша қорытынды жасауға болады [12].

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Смағұлов А.Қ., Сағындықов Қ.А., Төреханов А.Ә., Жазылбеков И.Ә., Нұрымов Д.Е., Жазылбеков Қ.Ж. "Ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын сараптау және бақылау". - Алматы, 2005. - 390 б.
  2. Торговая деятельность в Республике Казахстан. Сборник нормативных правовых актов. - Алматы: Изд- во Lem, 2006. - 157 с.
  3. Кайгородцев А.А. Безопасность сельскохозяйственной продукции в контексте продовольственной безопасности, 2009 "Роль науки в индустриально- инновационном развитии Казахстана". Часть 1. - Усть-Каменогорск: ВКГУ, 2009. - 159-163 с.
  4. Имакова Ғ. Еуропа елдеріндегі азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі кешенді саясат. Еуразиялық аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысында Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі. Халықаралық ғылыми конференциясының мақалалар жинағы. - 2010.
  5. Ребезов М.Б., Губер Н.Б., Касымов К.С. Основы законодательства и стандартизации в пищевой промышленности: учебное пособие. - Алматы: МАП, 2015. - 208 с.
  6. Қазақстан Республикасының 2013-2020 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту Бағдарламасы "АГРОБИЗНЕС - 2020". - 18 б. 2012ж. - Режим доступа: http:// www.minagri.kz
  7. Мұратқызы Қ. Азық-түлік қауіпсіздігі - ғаламдық мәселе. Қазақ газеттері. - Алматы, 2011. - 12 б.
  8. Зинчук Г.М. Развитие инфраструктуры продовольственного рынка// Современные проблемы науки и образования. - 2006. - №3. - 101-103 с.
  9. Еркинбаева Л.К. Аграрное правоотношения в Республике Казахстан/Монография. - Талдыкорган, 2011. - 189-190 с.
  10. Юрий Нагорный Ю. Проблем, связанных с продовольственным самообеспечением, в Казахстане хватает. - Алматы, 2013. - 245 с.
  11. Кенжеболатова М.Ш. Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі кейбір өзекті мәселелер. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Ғылым жаршысы / Вестник науки Казахского агротехнического университета им. С. Сейфуллина. - 2014. - №1 (80). - 153-162 б.
  12. Шәменов А.М. Қазақстанның аграрлық саясаты қандай болуы керек? Алаш айнасы. Республикалық Қоғамдық-саяси күнделікті газет. - Алматы, 2009. - 7 б.
Жыл: 2016
Категория: Экономика