Қазақстан республикасының экономикалық қауіпсіздігінің мәселелері: кеден одағы жағдайларында кедендік төлемдер және салықтар төлеуден жалтару

Аталған мақалада Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздік мәселелеріне сипаттама берілген. Ел экономикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысындағы қауіпті шешу бағыттары айқындалған. Кеден одағы жағдайларында кедендік төлемдер және олардың ерекшеліктері, салық және оларды төлеуден жалтару мәселелері қарастырылған.

Бүгінгі таңда елімізде орын алып отырған негізгі мәселелердің бірі - экономикалық қауіпсіздік. Аталған мәселе барлық саяси және мемлекеттік қызметкерлердің, экономистердің және заң саласыны қызметкерлерінің назарын өзіне аударып отырған жағдайы бар. Қазіргі таңдағы әлемдік экономканың жаһанданудың биік сатысына көтерілген шағында еліміздің экономикалық қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі жалпы халықтың, мемлекеттің қауіпсіздігінің негізгі құрамы болып табылады. Егер де еліміздің бүгіндегі экономикалық жағдайы тиімсіз және мәселеге толы болған жағдайда ішкі және сыртқы қауіп қатерлерді ұстау үлкен қиындыққа алып келеді. Елбасы Н.Назарбаевтың 2013 жылғы "Қазақстан-2050" стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты халыққа Жолдауында экономикалық қауіпсіздік мәселесі 10 сын-қатермен айқын көрсетілген. Жаңа қауіп- қатерлерге төтеп беру үшін ұлттың 2050 жылға дейінгі жаңа саяси бағыты жасалды. Сонымен, экономикалық қауіпсіздік дегеніміз - тұрақты экономикалық өсу, қоғамдық қажеттердің тиімді түрде қанағаттандырылуы, басқарудың жоғары сапасы, экономикалық мүдделердің ұлттық және халықаралық деңгейлерде қорғалуы қамтамасыз етілетін жай-күйі [1].

Елдің экономикасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сөз еткенде, оның стратегиясы мен тұжырымдамасын жасағанда ең басты мақсаттың бірі - экономикалық өсуді қалпына келтіру, тұтыну секторында төлемдік қабілеті бар сұранысты көтеру, халықтың тұрмыс дәрежесін көтеру болуға тиіс деп ойлаймын. Экономикалық қауіпсіздіктің мәнісін экономика мен үкімет институттарының ұлттық мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ете алатын күйін, елдің әлеуметтік бағытпен дамуы, ішкі және сыртқы үрдістердің қолайсыз жағдайда дамыған кездің өзінде жеткілікті қорғаныс әлеуеті болуы деп анықтауға болады. Сонымен экономикалық қауіпсіздік - ол тек қана ұлттық мүдделердің қорғалуы ғана емес, сонымен бірге өкімет институттарының отандық экономиканы дамытуға, қоғамдық әлеуметтік-саяси тұрақтылығын сақтауға қажетті тетіктерді құра алатын қабілеттілігі мен дайындығы [2].

Бүгінгі таңда экономикалық әдебиеттерде экономикалық қауіпсіздіктің тұжырымдамалық аспектілері кеңінен көрсетілген. Осыған қарамастан, аймақтардың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі жеткіліксіз зерттелген. Мұндай жағдай бірнеше себептердің ықпалымен қалыптасып отыр.

Біріншіден, Қазақстан Республикасы аймақтарының экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктері бар, ол аймақтық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін шешуге жобаланады және қазіргі жағдайларда нақты аймақтардың экономикалық қауіпсіздігін сипаттайтын қолданыстағы көрсеткіштердің нақты модификациясын талап етеді.

Екіншіден, Қазақстан аймақтарының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бір біріне қайшы келетін түрлі әдістемелік көзқарастардан қарастырылады.

Көрсетілген жағдайлар аймақтық экономикалық қауіпсіздік деңгейін бағалаудың жалпы қағидаларын әзірлеуді қиындатады, сондай ақ мемлекеттік және жергілікті билік органдарының мақсаттарын, шараларын және нақты әрекеттерін модификациялаудың қажеттілігін түсіндіретін аймақтың экономикалық даму ерекшелігін ескеретін қауіпсіздікті қамтамасыз етудің нақты шараларын әзірлеуді де қиындатады.

Экономикалық қауіпсіздікті зерттеудің жалпы теориялық мәселелеріне Л.Абалкин, А.Архипов, А.Городецкий, Н.Косолапов, П. Никитенко,Е. Олейников,К.Самсонов, В.Сенчагов, В.Тамбовцев және т.б. ғалымдардың еңбектері арналған. Экономикалық қауіпсіздіктің тұрақсыздандыру факторлары және қатерлерін анықтауға, талдауға және сипаттауға А.Большаков, Е.Бухвальд, Н.Гловацкая,А.Нестеренко және т.б. ғалымдардың жұмыстары арналған. Әлеуметтік-экономикалық жүйелер дамуының тұрақсыздығы және әркелкілігі шарттарында аймақта болып жатқан негізгі экономикалық процестерді көрсететін және аймақтардың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіндегі аймақтар дамуын мемлекеттік реттеудің түрлі тетіктерінің тиімділігін зерттеуге мүмкіндік беретін имитациялық үлгілер ді әзірлеу мәселері аса өзекті болып отыр.

Қазақстандық ғалымдар да аймақтардың экономикалық қауіпсіздігі және тұрақты дамуы мәселелерін зерттеуге өз үлестерін қосты. Іргелі жұмыстардың атарында А.Есентугелов, А.Қошанов, Н.Нұрланова, Н.Бримбетова, Г.Нұрлихина, М.Спанов сынды ғалымдардың еңбектерін бөліп көрсетуге болады.

Жалпы, Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мемлекет қызметі келесі негізгі бағыттар бойынша іске асырылуда: экономикалық дамудың іс-жүзіндегі немесе болжанатын параметрлері экономикалық қауіпсіздіктің шекті мәндерінен ауытқыған жағдайларды анықтау және елдің қауіпті аймақтан шығуы бойынша кешенді мемлекеттік шараларды әзірлеу;

Қазақстан Республикасы экономикалық қауіпсіздігі қауіптерін жою немесе туындауына жол бермеу бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру мақсатында қызметтерді ұйымдастыру. Тәуелсіз еліміздің ықпалдасу бастамасының айқын көрінісі Қазақстан, Ресей мен Беларусь елдері арасында жасалған Кеден одағы болып табылады.

Қазіргі таңда ешқандай мемлекет сыртқы экономикалық байланысты дамытпай, озық ғылыми- техникалық жетістіктер мен технологияларды пайдаланусыз серпінді дамып, өз экономикасын қалыптастыра алмайды. Бүгіндері еліміз әлемдік экономикалық жүйеге ықпалдаса алатын серпінді дамып келе жатқан ел, қоғамында тұрақтылық пен келісім орнаған, халықаралық аренада бейбітшілік бастамаларымен әлемге белгілі мемлекет ретінде танылып отыр.

Кедендік одақ туралы Елбасы: "Қазақстан, Ресей және Беларусь арасындағы кедендік одақ біздің елдің ықпалдастыру бастамамыздың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ресеймен, Беларуспен бірге біздер бірыңғай команда құрдық, ол әр мемлекеттен үштен бір өкілдерден тұратын және әр мемлекетті барлық келіссөздерде білдіретін болады. Бұл экономикалық жағынан тиімді болады. Кедендік одақ әлемдегі ең тартымды рынокқа айнала отырып, өңірлік рынокты кеңейтеді және үш елдің экспорты көлемін ұлғайтпақ. Мысалға Қазақстан ірі минералдар мен энергия көздері қорының иесі бола отырып, дайын өнім шығару мен оны экспорттау арқылы экономиканың шикізаттық сипатынан арылуға тырысуда. Бұдан бөлек, Қазақстан теңізге шығар жолы жоқ ең ірі мемлекет. Кедендік одаққа мүше болу бізге қолайлы транзиттік тарифтерді белгілеу арқылы бұл мәселелерді шешуге жол ашады. Тауар ағыны еш бұрмалаусыз жандана түсетін болады. Шекарадағы кедергілер жойылады - бұл дегеніңіз іскерлік үдерістердің жылдамдауы, прогрессивті инновациялық өсу деген сөз. Бірыңғай кедендік тариф - бұл шешуші құжат әрі бірыңғай сауда саясатының маңызды элементі болып табылады. Бұл сыртқы экономикалық қызметтің Бірыңғай сауда номенклатурасына сәйкес жүйелендірілетін үшінші елдерден бірыңғай кедендік аумаққа кіргізілетін тауарларға қолданылатын кедендік баж салықтары ставкаларының жиынтығы. Ол үшінші елдерден кіргізілетін тауарларға таратылады, бірақ ТМД елдерінен әкелінетін тауарларға қолданылмайды (ТМД елдері ішінде еркін сауда аймағы жұмыс істейді). Тауарлық позициялардың жалпы саны (ЕТТ) 11 214 өлшемді құрайды. Жоғарыда атағандай, Беларусь, Қазақстан және Ресей арасында қабылданған халықаралық келісім шарттың қағидаларына сәйкес кедендік одақ үш кедендік территорияларды - біртұтас кедендік аумаққа біріктіруді қарастырады. Бұл үдеріс іс жүзінде 2010 жылдың бірінші шілдесінен бастап қолданысқа кірген болатын. Осы аумақта өндірілген және біртұтас аумақта еркін айналымда болатын үшінші елдерде өндірілген тауарлардың сауда-саттық айналымына кедендік баждар мен экономикалық сипаттағы шектеулер алынып тасталады.

Кедендік Одаққа бірігудің негізгі мәні одаққа мүше мемлекеттер ішіндегі кедендік тосқауылдардың болмауында және кез келген сыртқы тауарға, оның қай елге тасымалданатынына және ортақ шекарадан қай жерде өткеніне қарамастан бірыңғай кедендік талапты қалыптастыруында. Келешекте біртұтас көліктік, энергетикалық, ақпараттық кеңістік құрылуы тиіс, интеграциялық процестер жеделдетіледі, толыққанды жалпы рынок қалыптасады, ұлттық экономикалар біртұтас кешенге бірігеді. Елдер әлеуметтік-экономикалық дамудың ортақ мақсаттарына келіседі, уағдаласқан құрылымдық, инновациялық, сыртқы экономикалық және әлеуметтік саясатты қалыптастырады. Оның мысалын біз қазір алдағы 2015 жылдың 1 қаңтарынан іске қосылатын Еуразиялық экономикалық одақтан көретін боламыз. Егер Кеден одағы кедендік тарифтерге байланысты мәселелерді шешетін болса, Еуразиялық экономикалық одақтың мәнісі - одан да ауқымды, экономиканың барлық салаларында ықпалдастықтың одан әрі ұлғая түсуін көздейді. Бұл арада айта берсек, оның әртүрлі жолдары да көбейе түседі. Бұл орайдағы өрісті бағыттар - бірлескен кәсіпорындардың көбеюі, капиталдың бірнеше елге ортақ салаларда шоғырлануы, тіпті білім беру, денсаулық сақтау, туризм сияқты салаларда да ықпалдастықтың күшеюі. Осының бәрі айналып келгенде, экономиканың әлеуетін арттыру, түптеп- келгенде халықтың өмір сапасын жақсартуға келіп тіреледі [3].

Жалпы, кеден органдарының экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және мемлекеттің экономикалық мүддесін қорғау үшін қолданылатын құралдарымен әдістерін екі топқа бөлуге болады. Біріншісі, құқықтық реттеу құралдары және екіншісі құқық қорғаушылық қызмет әдісі. Мұндай жағдайда кеден органдарының заңдылықты бұзуға бағытталған әрекеті мыңға сәйкес өкіметтік билікті пайдалана отырып, құқықтық күшейту, яғни санкциялар, қорғау шараларын қолдану сияқты үздіксіз процестерден құралады. Негізінде кеден одағы жағдайларында,ы басты мәселелердің бірі ол - кедендік төлемдер және салықтар төлеуден жалтару болып табылады.

Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден қылмыстық жалтару жағдайларын баяндаудың теориялық негіздері болып оның түсінігі мен мазмұнына криминалистердің көзқарастары табылады. Үлкен тәжірибелік мәні бар маңызды теориялық жағдайлар қатарына мыналарды жатқызуға болады. Қылмыс оқиғасы оның барлық фазаларында, тікелей оның алдында жүзеге асырылатын қылмысқа дайындық, қылмыс оқиғасынан кейін жүзеге асырылатын жасалған іс- әрекеттің іздері мен өзге де объектілерін жасыру нақты жағдайларда, уақытта, табиғи климаттық факторлардың көрініс табу жағдайында, тұрмыс пен өндірістік қызметте және т.б. жағдайларда өтеді.

Бұл шарттар түрлі дәрежеде қылмыс жасау жағдайларына ықпал етеді. Олар тәуелсіз не қылмысқа қатысушылардың еркі бойынша қалыптасады және негізінен белгілі бір сыртқы ортаны және объективтік шындықтың кейбір басқа факторларын сипаттайды.

Жалпы, кеден төлемдері қатарындағы басты төлем - кедендік баж. Кедендік баж - кеден органдары тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты өндіріп алатын міндетті төлем;

Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету- осы Кодексте айқындалатын уақыт кезеңі ішінде қолданыста болатын және Қазақстан Республикасының аумағында кедендік операцияларды жүргізуге байланысты тәуекелдерді өтейтін кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету;

Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету- кеден одағының кеден заңнамасында және осы Кодексте көзделген кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді кеден органдарының алдында орындау кепілдігінің тәсілі; Кедендік төлемдер мен салықтарға:

  1. кедендік әкелу бажы;
  2. кедендік әкету бажы;
  3. Қазақстан Республикасының кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде өндіріп алынатын қосылған құн салығы;
  4. кеден одағының кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде өндіріп алынатын акциз (акциздер);
  5. кедендік алымдар (тауарларды кедендік декларациялау үшін, алып жүру үшін кедендік алымдар, алдын ала шешім үшін төлем) жатады.

Төлеушілер, кедендiк баждарды есептеу тәртібі және төлеу, қайтару (есепке жатқызу) және өндіріп алу, есепке жазу мерзімдері, сондай-ақ оларды төлеу бойынша жеңілдіктер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында және (немесе) кеден заңнамасында айқындалады.

Төлеушілер, кеден органдары өндіріп алатын қосылған құн салықтарын, акциздерді есептеу тәртібі және төлеу, қайтару (есепке жатқызу) және өндіріп алу, есепке жазу мерзімдері, сондай-ақ оларды төлеу бойынша жеңілдіктер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.

Т өлеушілер. кедендiк алымдарды төлеу, қайтару (есепке жатқызу) және өндіріп алу тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ оларды төлеу жөніндегі жеңілдіктер осы Кодексте айқындалады.

Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарудың негізгі жағдайлары болып тауарларды кеден шекарасы арқылы өткізудің шарттары мен тәртібі, кеден шекарасының, көлік жолдарының елді мекендердің орналасуының аумақтық кеңістіктік факторлары, кеден төлемдерін төлеу мен кедендік рәсімдеу тәртібі, кедендік бақылауды жүзеге асырудың нысаны мен дағдысы табылады. Бұл факторлар географиялық ерекшеліктер, заң, кеден органдары жұмысының нақты аймақтағы жинақталған тәжірибесі негізінде қалыптасады [4].

Біздің ойымызша, кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтаруды жасау жағдайларын криминалистік сипаттама элементі ретінде қоршаған ортаның заттық, технологиялық, кеңістіктік, уақыттық шарттарын сипаттайтын объектілер, құбылыстар, процестер туралы мәліметтер жүйесі ретінде, бұндай шарттарда адамдар арасындағы әлеуметтік- экономикалық, құқықтық және психологиялық қатынастар және өздерінің арасындағы өзара байланысты және қылмыс жасаудың оны дайындау, жасау және жасыру кезіндегі жағдайларын айқындайтын объективтік шындықтың басқа да факторлары ретінде анықтауға болады.

Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтаруды жасау кезіндегі жағдайлардың объективтік факторы болып сыртқы және ішкі нарық арасындағы тауар қозғалысы формалды болып табылады. Аталған ұғым түрлі мемлекеттегі субъектілер арасындағы тауар, құрал, заттарды өткізумен байланысты кез келген жағдайды суреттеп беруде қолданылуы мүмкін, сондықтан ол кедендік рәсімдеу кезеңі ұғымына қарағанда кеңірек.

әкелуге қатысты тауар қозғалысының кезеңдері мынадай:

  1. Ішкі нарықтағы тауар айналымы.

Онда ол өндіріледі, буып-түйіледі, тиеу жүргізіледі, тауарларға ілеспе құжаттар рәсімделеді және т.б. Бұл кезең тауарды өткізетін шынайы тұлға кім болып табылады, сол фактіні анықтау үшін маңыздырақ.

  1. Кедендік шекарадан өту.

Тәжірибе көрсеткендей, кеден шекарасы, өзіндік сипаты бойынша, - Қазақстан Республикасының кедендік аумағының шектерін белгілейтін сызық пен осы сызық бойынша өтетін вертикальді бет.

Кеден кодексінің 7-бабына сәйкес, тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткгіу - тауарлар мен көлік құралдарын халықаралық почта жөнелтiмдерiмен жiберудi, құбыр тасымалы мен электр беру желiлерiн пайдалануды қоса алғанда, кез келген тәсілмеп Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелу немесе Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкету жөншде iс-әрекеттер жасау болып табылады.

Тауар Қазақстан Республикасының кеден аумағына құрлық арқылы (теміржолмен, автомобиль транспортымен, құбыр тасымалы және электр беру желiлерiмен), сумен (кемемен), әуе кеңістігімен (ұшақпен) келеді.

  1. Тауар жеткізілімі.

Бұл кезеңде тауар ішкі кеденге жеткізілуі керек және оны кедендік рәсімдеу (декларациялау) үшін уақытша сақтау орындарына орналастырылуы керек. Тауар оны орналастырушы тұлғаның өзімен немесе шарт бойынша тасымалдаушымен (көлік ұйымдарымен) жеткізіледі. Соңында жеткізілген тауар тапсырылуы, ал оған қатысты құжаттар кеден органдарына табыс етілуі тиіс.

  1. Уақытша сақтау.

Жеткізілім тәртібі кедендік рәсімдеу аяқталғанға дейін арнайы жабдықталған ғимаратта кедендік бақылауда болу үшін тауарларды уақытша сақтау орындарында орналастырумен аяқталады.

  1. Кедендік рәсімдеу.

Тауарларды жөнелтуші немесе алушы орналасқан кеден органдарының қызмет аумағында жүргізіледі. Ол тауарды өткізуші тұлғаның немесе кеден брокерінің кедендік төлемдер төлеу, тауар немесе оның меншік иесі туралы қосымша құжаттарды табыс етуі және кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер беру, кедендік қарау өндірісі туралы декларация тапсыруынан тұрады. Осы кезеңде жүргізілетін екі негізгі процесс мыналар: а) құжаттық бақылау;

  1. Қарау.

Кедендік рәсімдеу тауарларды арнайы кедендік режимге орналастырумен аяқталады. Бұл жазбасы бар сәйкес кедендік мөртаңбалар арқылы, тауарға қатысты кедендік, тауарлы-көліктік немесе басқа да құжаттарға жеке номерлік мөртаңбалану арқылы жүргізіледі.

  1. Тауарды көлік ұйымдарынан, уақытша сақтау қоймаларынан алу, егер бұл заңмен талап етілсе, тауарды мемлекеттік органдарда рәсімдеу (ІІД ЖПБ автомобильдері) және т.б.
  2. Ел ішіндегі тауар айналысы.

Бұл сату, қайта сату, тұтыну, жою және т.б.

Тауарды алу және бухгалтерлік есеп үшін бастапқы негіз болып алдыңғы кезеңдердегі алынған немесе куәландырылған құжаттар табылады.

Тауар кедендік төлемдер немесе арнайы кедендік режимдердің талаптары бойынша берілген жеңілдіктерді бұзу кезінде де айналымда жүреді.

Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтаруға байланысты барлық қылмыстық ісәрекеттер тауарлардың аталған кезеңдерінен өтуі кезінде пайда болатын жағдайлармен байланысты. Кедендік төлемдерді төлеуден қылмыстық жалтаруды жасау жағдайы деп тауар қозғалысының белгілі бір кезеңіндегі қылмыстық іс-әрекеттің тәсілдеріне ықпал жасайтын объективтік және субъективтік факторлар жиынтығын айтамыз.

Ол тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу мен оны кедендік рәсімдеудің бекітілген тәртібімен анықталады.

ҚК 214-бабы бойынша қылмыс тәсілі осы сияқты қылмыстарды жасырудағы іс-әрекетпен әрқашанда байланыстылығымен ерекшеленеді. Қылмысты жасыру элементі уақыты мен ниеті бойынша қылмыстың өзінің алдында жиі жасалады.

Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарудың негізгі саласы Қазақстанға тауарды Ресей, Қырғызстан, Украина және Белоруссиядан әкелу болып табылады. Бұл тауарға әкету бажының көбісінің ауыстырылуымен, сонымен бірге Қазақстанның ТМД-ның Кеден одағына кіруімен түсіндіріледі.

Ары қарай, мүмкін болатын байланыстарды пайдалана отырып бірінші, жақын мақсаты кеден шекарасынан өтудің орны мен уақытын дәл анықтау болуы тиіс типтік пікірлерді қалыптастыру және тергеу бағытын анықтау қажет. Бұл тауар өткізген тұлғаны анықтауға және төленбеген кеден төлемдерінің мөлшерін д?л есептеуге мүмкіндік беруі тиіс. Нақты кезеңдегі анықталған жағдай мен пайда болған жағдайларға байланысты өндірісі бұндай жағдайда қажетті болып табылатын тергеу ?рекеттерінің нақты кешені ұсынылуы мүмкін.

Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтаруды жасаудың жағдайын зерттеуге кеден шекарасы арқылы тауар өткізілген уақыт, жер, өткізуші тұлғаны анықтау қызмет етеді.

Кеден төлемдерін төлеуден жалтару тәсілі төлеу міндеттерін, төлеуші тұлғаны жасыру немесе кеден төлемдері сомасын төмендету жолымен ішкі ж?не сыртқы нарық арасындағы заңмен белгіленген тауар қозғалысы кезеңдері арқылы тауармен өтудің нормаланған және заңды тәртібінен жалтару немесе бұрмалаумен қорытындыланады [5].

Жоғарыда айтылған жағдайларға байланысты жалпы экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша мынадай ұсыныстар жасауға болады. Біріншіден, мемлекет халықаралық кеден ұйымдарына мұше бола отырып, дұниежүзлік шаруашылық терең енеді. Сол арқылы өз дамуын жалғастырады;

Екіншіден, мемлекет халықаралық кеден ұйымдарына мүше бола отырып, өзінің кеден қызметін тиімді пайдалану мүмкіндік алады.

Үшіншіден, мемлекет кеден қызметін тиімді пайдалана отырып, экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге оң әсер етеді.

Сөйтіп сайып келгенде, ынтымақтастықты тереңдете түсу және әріптестік ықпалдастық бірлестіктің барлық елдерінің жақсы экономикалық көрсеткіштерге жеткенін көрсетуде. Сонымен қатар, Кеден одағы, Бірыңғай экономикалық кеңістік және Еуразиялық экономикалық одақ тұрақты және арта түсіп отырған нарықты қалыптастыруға, сондай-ақ әлемдегі келеңсіз экономикалық жағдайлар салдарын жұмсарта түсуге бағытталып отырғанын атап өткен жөн.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев үнемі айтып, бастамашы болып жүрген еуразиялық ынтымақтастық идеясының басты құндылығы да осында. Енді бұдан әрі, Еуразиялық экономикалық одақтың күшіне енуі бұл жетістікерді баянды ете отырып, ықпалдастықтың жаңа өрістеріне, жаңа сапалық көрсеткіштеріне қарай дамуымызды қамтамасыз ететін болады.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. ҚР Президентінің Жарлығы "Қазақстанның 2001-2005 жылдары арналған экономикалық қауіпсіздік стратегиясы".
  2. Жакенова Б.Қ., Тәмпішева Қ.Б., Мақсатова Л.М. Менеджмент негіздері // Оқулық (дәрістер курсы). - Астана: Фолиант, 2007. - 14 б.
  3. Мадиярова Д.М. Сыртқы экономикалық қызмет және мемлекеттердің экономикалық қауіпсіздігі. - 2000 ж. - 20 б.
  4. Сейіткасымов Ғ., Бейсенғалиев Б., Бекболатұлы Ж. Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша- орысша сөздігі. Алматы: Экономика, 2006. - 125 б.
  5. Мадиярова Д.М. Кеден ісін ұйымдастыру және басқару. - Алматы: 2000. - 38 б.
Жыл: 2016
Категория: Экономика