Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Стратегиялық басқару есебінің шетелдік және отандық тұжырымдамалары

Аталмыш мақала стратегиялық басқару есебінің шетелдік және отандық тұжырымдамаларын қарастырады. Сонымен қатар, стратегиялық басқарушылық есептің мәні ашылып, мақсаттары көрсетілген.

Стратегиялық басқару есебін зерттеуде ғалымдар бірнеше позиция тұрғысынан қарастырады, ең алдымен зерттеу "стратегия", "басқару" және "есеп" түсініктерінің жиынтығы ретінде айқындалады. Сонымен қатар, стратегиялық басқару есебінің дамуы стратегиялық менеджменттің дамуымен ұштасады. Қазіргі экономика жағдайында стратегиялық менеджментке теориялық және тәжірибелік қызығушылық артуда. Себебі заманауи экономика жағдайында бұл басқару технологиясы отандық ұйымдардың келешектегі позициясын анықтауға және жоғарғы нәтижеге жету жолында уақытылы жоспар дайындауға мүмкіндік береді.

Стратегиялық менеджмент - талдау, жоспарлау және бақылаудың үздіксіз үрдісіндегі ұйым басшылығының жүйелі стилі ретінде айқындалады. Осыған байланысты сенімді стратегиялық шешімдерді қабылдау әртүрлі ақпараттың үлкен көлемін қажет етеді. Ал ақпараттың алуандылығы шешімдер қабылдау үрдісін қиындатады, ал стратегиялық жоспарлау ұйымның әртүрлі деңгейінде қолданылады. Сондықтан басқару есебінің стратегиялық менеджмент аясындағы пайдалы функциясы - белгілі бір кезең аралығында әртүрлі деңгейдегі бөлімшелер шешім қабылдау үшін қажетті ақпаратпен қамтиды.

Стратегиялық шешім дайындау кезінде ұйым менеджментінің қажеттілігіне қызмет көрсету үшін басқару есебінің жаңа әдістері қажет етіледі. Сол әдістердің жиынтығын заманауи немесе стратегиялық басқару есебі деп атауға болады.

Стратегиялық басқару есебінің бір элементі ұйымның стратегиясын жасау және басқару стратегиясын жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.

"Стратегиялық басқару есебі" термині ХХ ғасырдың 20-жылдарында пайда болды. Ал стратегиялық басқару есебі аясындағы үлкен дискуссия ХХ ғасырдың 80- жылдарының аяғынан бастау алады. Баспаларда басқару есебінің дәстүрлі әдістері сынға алынып, сол уақыттың бизнесті жүргізудің бәсекелестік ортасына сәйкес келетін жаңа тәсілдерін насихаттау жүргізілді. Соның ішінде жаңа тәсіл ретінде стратегиялық басқару есебі белсенді ұсынысқа ие болды. Бірақ қазіргі уақытқа дейін стратегиялық басқару есебінің толық негіздемесі жоқ.

Колин Друри өзінің "Басқару және өндірістік есеп" атты жұмысының бір бөлімін стратегиялық басқару есебіне арнады. Автор бұл жұмысында стратегиялық басқару есебі проблемалары жөніндегі әртүрлі авторлардың анықтамаларын келтіріп,стратегиялық менеджмент үрдісіндегі стратегияны айқындауда қолдануға болатын ұйымның біріктірілген көрсеткіштерін өңдейтін жалпы тәсілдерін қарастырды.

Көп жылдар бойы стратегиялық басқару есебі нәтижелері басқару есебіне үлкен үлес қосатын, зерттемелердің әлеуетті облысы ретінде насихатталды. ХХ ғасырдың 80- жылдарында Ұлыбритания Бухгалтер-аналитиктер институты басқару есебі облысындағы талдамалардың ағымдағы жағдайына талдау жасау мақсатында зерттеуге қаржы бөледі. Бұл жұмыстың нәтижелері "Басқару есебі: революция емес, эволюция" деген атаумен жарияланды. Ғылыми жұмыстың авторлары Бромуич пен Бхимани болды. Бромуич пен Бхимани стратегиялық басқару есебі - нарықтар (ұйым өз өнімдерін өткізетін), бәсекелестердін шығындары, шығындар құрылымы туралы ақпаратты ұсыну және қаржылық ақпаратқа талдау және белгілі бір кезеңде кәсіпорын стратегиясы және бәсекелестер стратегиясының мониторингі ретінде анықталды. Ғалымдар стратегиялық басқару есебіне назар аударғанымен, концептуалды негізін құра алмады.

Екінші тараптан, Дж. Иннз стратегиялық басқару есебін стратегиялық шешімдерді қабылдау үшін ақпаратпен қамтамасыз ететін тетік ретінде қарастырады. Негізінде стратегиялық шешімдер ұзақмерзімді болып келеді, ұйымның барлық жағынан қызметіне әсер етеді, ішкі құрамына бағытталмаса да, сыртқы бағыттылығы болады. Стратегиялық басқару есебінің мұндай анықтамасын қабылдау, ұйымның ұзақмерзімді негізгі шешімдерін қабылдауға ұсынылған ақпарат стратегиялық басқару есебінің категориясына жатқызылады.

Мұндай көзқарасты Купер мен Капланда ұстанды. Олар стратегиялық басқару есебінің тәсілдері ең алдымен ұйымның жалпы бәсекелестік стратегиясын қолдау, негізінде өнім мен қызметтің өзіндік құн есебін жетілдіру үшін информациялық технологияларды қолдану үшін өңделеді деп жазды. Бірақ арнайы ғылыми әдебиеттерде стратегиялық басқару есебінде басты назар сыртқа бағытқа аударылған басқа да анықтамалар ұсынылған. Мысалы, К.Симмондз стратегиялық басқару есебі терминін өз бизнесі стратегиясын өңдеу мен қадағалауға қолданылатын өз бизнесі мен бәсекелестер бизнесін талдау әдісі ретінде қарастырған.

К.Симмондздың анықтамасы бойынша, стратегиялық басқару есебі - компания, оның бәсекелестері туралы экономикалық стратегияны жүзеге асыруды өңдеу және бақылау үшін, әсіресе нақты шығындар мен бағаның, нарық көлемі мен үлесі, ақша қаражаттары мен фирманың қажет жалпы ресурстарының үлесіне қатысты деңгейі мен тенденциясын қолдану үшін басқару есебі мәліметтермен қамтамасыз ету және талдау. Келтірілген анықтамадан стратегияны әзірлеуші, яғни компанияның стратегиялық жағдайындағы өзгерістер туралы өз іс-әрекеттеріне қажетті тиімді өзгертулер қажеттілігіне негізделген стратегиялық есептің логикасы көрініс табады. Бірақ мұндай көрсеткіштер ағымдағы есепте көрініс таппайды, себебі ол пайда көрсеткіштеріне бағытталады. [1]

1992 жылы К.Уорд стратегиялық басқару есебінің ролі қаржылық нәтижелерді пассивті бекітуде емес және де мақсаты компания басшылығын басқару шешімін қабылдау үшін ішкі ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылатын дәстүрлі басқару есебінің функцияларымен шектелмейді деп тұжырымдайды. Стратегиялық басқару есебі компанияның иесі мен басқа да серіктес топтардың қызығушылығындағы басшылықты басқару және бақылау үшін барлық деректермен қамтамасыз ететін өте күрделі және кешенді рөл атқарады деп жазды. Сонымен қатар, К. Уорд "Стратегиялық басқару есебі - бәсекелестермен, жеткізушілермен, сонымен қатар тұтынушылармен салыстырғанда бизнеспен қол жеткізілген салыстырмалы қаржылық нәтижелерді көрсететін, ұйымның еңгізуге жоспарланып отырған немесе еңгізілген бизнес - стратегия контекстіндегі басқару есебі ретінде " айқындайды.[2]

А. Смарт Коад келесідей анықтама береді: "Стратегиялық басқару есебі - енді ғана пайда болған сала, сондықтан оның шекарасы әлі анықталмаған және бұлдыр болып табылады, және сондықтан оны қалай жетілдіретінің көрсететін унифициалданған ұйғарымы жоқ, бұл бағыт бойынша жазылған әдебиеттер әртүрлі және салыстырылмайды". Бұл анықтама стратегиялық басқару есебі түсінігін стратегиялық басқару мен ұйым стратегиясымен байланысы тұрғысынан нақтылауды қажет етеді.

"Оксфордтық бухгалтерлік түсіндірме сөздігінде" стратегиялық басқару есебі менеджмент қажет ететін ұзақмерзімді стратегиялық шешімдерді орындау үшін, дәстүрлі тәсілден өзгеше, тактикалық шешімдерді қабылдау үшін ақпаратты қалыптастыруға мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастырылған жүйе ретінде анықталған. [1]

Стратегиялық есепке деген қызығушылық Саутгемптон университетінің менеджмент мектебінің профессоры Боб Райанның "Басшы үшін стратегиялық есеп" монографиясының жарық көруінен кейін едәуір арта түсті. Боб Райан стратегиялық есептің теоремаларын тұжырымдап, "С-цикл" моделі ретінде көрініс тапты. Оның көзқарасы бойынша стратегиялық есеп қаржылық талдау проблемаларына, яғни "4 С" төрт фактормен байланысты (ағылшынша commitment, control, cash, capability): міндеттемелер, бақылау, қолма-қол ақша және потенциал. Бұл теоремалардан негізі түрлі ұйымдардың проблемаларын қарастыруға болатын қағидалар туындайды. Оның ойынша, стратегиялық есеп дегеніміз ұйымның қаржылық және есептік проблемаларын көрсететін белгілі бір әдіс болып табылады. Боб Райан стратегиялық есепті кәсіпорын үшін ең маңызды сұрақ болып табылатын - бизнестің жағымды мүмкіншіліктерін жүзеге асыру бойынша қаржылық және экономикалық проблемалары жағынан зерттейтін негіз деп қарастырады.[3]

Сонымен қатар батыс ғалымдары стратегиялық басқару есебі төңірегінде әр алуан анықтамаларын ұсынып жатты. Мысалы 1996 жылы Рослендер төмендегідей тұжырым жасаған: Стратегиялық басқару есебі, ең алдымен, ұйымның жоғарғы басшылығын нарықтағы бәсекелестеріне қатысты стратегиялық позициясына жету және оны ұстап тұруы үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуі керек. Одан кейін осы жылы Лорд стратегиялық басқару есебі жөнінде басқару есебінің дәстүрлі ішкі бағытталуының кеңеюі, яғни бәсекелестер жөнінде сыртқы ақпараттың қосылуы, фирма таңдаған стратегиялық позиция мен басқару есебіне деген күтілетін екпін арасындағы байланыс деп жазды.

Стратегиялық басқару есебінің белгілі бір анықтамасына ғалымдар арасында келісім болмағандықтан, Лорд арнайы әдебиеттерді зерттей отырып, стратегиялық басқару есебінің бірнеше бағыттағы сипаттамасын берді:

  • Дәстүрлі басқару есебінің ішкі бағытталуынан шығуы және бәсекелестер жөнінде ақпарат алу;
  • Компания таңдаған стратегиялық позиция мен басқару есебін қолданудан күтілетін тәуелділікті анықтау (яғни есеп беру стратегиялық позициялау көзқарасынан);
  • Шығындарды қысқарту әдістерінің талдау арқылы бәсекелестік артықшылыққа қол жеткізу немесе құндылықтар тізілімі байланысын қолдана отыра және шығындар факторын оптимизациялау көмегімен компания өнімі дифференциалдылық дәрежесін арттыру.

Р.Паркер бухгалтерлік түсідірме сөздігінде "стратегиялық басқару есебі - кәсіпорын нарығының өтілімі, бәсекелестер шығындары, шығындардың құрылымын зерттеу ақпаратын жинау мен талдау және ұйымның стратегиясы және сол нарықтағы оның бәсекелестерінің мониторингі" деп нақтылады. [4]

Стратегиялық басқару есебі мәселесі тек батыс ғалымдарын мазалап қоймай, орыс ғалымдарының арасында үлкен талқылау тақырыбына айналды. О.Е.Николаева, О.В.Алексеева да басқару есебінің жаңа бағыты - стратегиялық менеджменттің ақпараттық қажеттілігін қанағаттандыратын, есептік- талдау жүйесі ретінде көрініс тапқан стратегиялық басқару есебіне қатысты зерттеулер жүргізді. Ғалымдар қазіргі уақыттағы стратегиялық басқару есебінің анықтамаларын жинақтап, оның негізгі мақсаты, функциялары және өзгеше ерекшеліктерін, маңызын ашуға әрекет жасады. Стратегиялық басқару есебінің құралдары ретінде едәуір заманауи және тиімді технологиялар қарастырылды. Олар:

  • Қызмет түрі бойынша шығындар есебі және оның негізінде бюджеттеу;
  • Қызмет түрі бойынша басқару;
  • Экономикалық қосылған құн моделі;
  • Ұйымдарды басқарудың келешегі бар кешенді тәсілі ретінде үйлестірілген көрсеткіштер жүйесі;
  • Ұйымның бизнес-стратегиясын ұтымды қолдануға және стратегиялық-бәсекелестік күресте жаңа артықшылық беруге мүмкіндік беретін басқару есебінің белгілі үш әдістерінің интеграциялау мүмкіндігі.

Сонымен қатар, олардың еңбектерінде супермаркеттер желісі мысалында балансталған көрсеткіштер жүйесін тәжірибелік еңгізу тәжірибесі жазылған.[5]

И.Н.Богатая стратегиялық есепті ішкі және сыртқы факторлардың ақпараттық ағыны базасы негізінде, кәсіпорын меншігін бағалау тетігі ретінде зерттеді. Ол стратегиялық есепті "қаржылық және басқару есебін бірыңғай жүйеге біріктіретін, және де кәсіпорын басшылары мен қызметкерлерін тиімді шешім қабылдау үшін өндірістік деректермен, сонымен қатар кәсіпорын қызметін бағалау үшін инвесторларды ақпаратпен қамтамасыз ететін ақпараттық технологияның жаһанды моделі" деп айқындады.

И.О.Юрасова стратегиялық басқару есебінің тез тоңазытатын өнімді шығаратын кәсіпорынның жұмысының ұзақмерзімді тиімділігін бағалау үшін қолдану қажеттілігін теолиялық жүзінде дәлелдеуге әрекет жасады. Өзінің "Бухгалтерлік есеп" журналында жарық көрген "Стратегиялық басқару есебі" мақаласында автор әртүрлі шетел ғалымдарының жарияланымдарына талдау жасап, стратегиялық басқару есебі мен басқару есебінің дәстүрлі түсінігін салыстырып, айырмашылықтарын айқындады.

Басқару есебі жүйесінің тәжірибелік қойылым аспектілерін қарастыра отырып, Д.Волошин стратегиялық басқару есебінің негізгі элементтерін ашады: миссия, кәсіпорынды жүргізу, стратегиялық мақсаттар, критикалық сәттілік факторлары, көрсеткіштердің балансталған жүйесі, қаржылық көрсеткіштер мен қатар қаржылық емес көрсеткіштер.

Инновация стратегиялық есебін А.Н.Щемелев тұжырымдады, сонымен қатар инновация стратегиялық басқару және қаржылық есебіні құрудың және еңгізудің әдістемелік негізін қамтамасыз ететін инновация стратегиялық есебінің басты моделін ойлап шығарды. А.Н.Щемелевтің ғылыми жұмысында стратегиялық басқару есебі тек басқару есебі емес, сонымен қатар қаржылық есепті қосады деп жазған. Ғалымның ойынша "инновация стратегиялық қаржылық есебінің объектісіне төмендегілер жатады: меншік, резервтік жүйе, бренд, тауарлық марка, территориалдық және уақытша фракталдар. Ал инновация стратегиялық басқару есебінің қажеттілік тәуелділігіне байланысты объектілері: бизнес-бірліктер, қызмет сегменттері; шығындар, пайда мен нәтиже; ақша ағыны болып табылады".

Ипотекалық корпорациялар мен агенттіктердегі стратегиялық есептің сұрақтары Н.Ю.Салова жұмысында қарастырылған. Өзінің ғылыми зерттеу жұмыстарында, автор ипотекалық қызметтің сала өзгешелігін ескере отырып, стратегиялық болжамдау, есебі және бақылау моделін құрды. Бұл модель меншік көрсеткіштеріне бағытталып, стратегиялық есептің көрсеткіштер жүйесінде құрылған(таза активтердің баланстық, нарықтық және әділеттік құны, жағымды және жағымсыз маржа, таза пассивтер). Бұл көрсеткіштер модельде өңделіп жатқан стратегия, ұзақ мерзімді мақсаттар, стратегиялық болжамдау және есеп әдістері, қолданылатын есептік құралдар және секьюритизациямен қамтамасыз ету мақсатындағы стратегиялық бақылау жүйесі, төлемқабілеттілігі, резервтік жүйе, тәуекелдер, сыртқы факторлардық ықпалын анықтау және оларды жүзеге асыру мәнмәтінінде қарастырылған.

Профессор В. Э. Керимов стратегиялық есеп туралы анықтамаларды жалпылап, оның мәнін, негізгі мақсаттарын, әдістерін және ерекшеліктерін өзінің "Стратегиялық есеп" оқу-әдістемелік құралында жазды. Автор стратегиялық есеп жөнінде "шаруашылық субъектісінің менеджер аппаратына стратегиялық басқару шешімдерін қабылдау үшін қажетті тіркеу жүйесі, деректерді жалпылау және көрсету" деп түсіндірді.

Стратегиялық басқару есебінің батыс елдеріндегі жағдайы мен дамуына профессор В.А.Терехова еңбегін арнады. Ғалым стратегиялық басқару есебіне "заманауи өндірістік салаға бейімделген, тарату каналы арқылы көп өлшемді стратегиялық байланысты және мақсатты сатып алушылар (тұтынушылар) қажеттілігін анықтауды қосатын есептік жүйе" деген анықтама берді.

Стратегиялық басқару есебінің құралдары О.В.Митина мен Г.И.Мальцева жұмыстарында қарастырылды. Олар стратегиялық басқару есебін жоғарғы оқу орны тұрғысынан қарастырады. "Стратегиялық басқару есебі стратегиялық менеджменттің жоғарғы оқу орнына сәтті еңгізу және әрекет етуіне қажетті есептік-талдау жүйесі. Жоғарғы оқу орнында қолданылатын стратегиялық басқару бақылауының негізгі құралдары мен технологияларына:кешенді басқару сапасы жүйесі, балансталған көрсеткіштер жүйесі, бюджеттеу, болжамдау, қызмет түрлері бойынша шығындар есебі және т.б." деп тұжырымдады.

С.И.Крылов "стратегиялық басқару есебі - стратегиялық басқару шешімдерін қабылдау үшін ақпараттық қамтамасыздандыру құрылатын, басқару есебінің бағыты. Стратегиялық басқару есебі төңірегінде сыртқы бизнес-ортасына (бәсекелестер, жеткізушілер, сыртқы экономикалық жағдай, мемлекет тарапынан әрекеттер) мұқият талдау жасалады, яғни өзінің қызмет атқару кезінде нарықтағы стратегиялық позициясын, өнімдер дифференциациясын есепке алынады және ұйымның құндылықтарының толық тізімі құрылады".[6]

Ж.Н.Айтжанова өз зерттеулерінде келесідей анықтама береді: стратегиялық есеп - басқару жүйесі, бухгалтерлік есеп мәліметтеріне сүйенеді, қаржылық, экологиялық, стратегиялық басқару, талдау жасау үшін жеке меншік иелерін және басқарушыларды қаржылық ақпаратпен қамтамасыз ету, таңдау және өткізу стратегиясын, объектіге салым салу мақсатында инвесторларды ақпаратпен қамтамасыз ету .

Стратегиялық есептің мәні туралы айтсақ, Ж.Н.Айтжанова келесідей анықтама береді: "Сондай- ақ, есеп стратегиялық басқару үшін тікелей жоспарлаумен, талдаумен, болжаммен, ұйымды басқарудағы стратегиялық шешімдерге байланысты болады".

Стратегиялық басқару есебінің әртүрлі түсінігінің талдауы көптеген авторлардың оның мәнін аша отырып, негізгі назарын оның сыртқа бағытталуына аударған. Осыған байланысты "стратегиялық есеп" түсінігінің туындағаны көрініп тұр.

Кей ғалымдар стратегиялық басқару есебін басқару есебі жағынан қарастырып, басты назарды шығындарға аударған (Н.В. Валебникова, М.А. Вахрушина, Т.П. Карпова, О.Е. Николаева, В.Л. Суйц т.б.).

Басқа да авторлар басқару есебін белгісіздік шарттарында зерттеу қажеттігін айтып, басқару есебі стратегиялық деңгейге жетіп, стратегиялық бухгалтерия құруды меңзейді (И.Н. Богатая, А.Л.Щемелев).

Стратегиялық аспектілерді кей зерттеушілер зерттеу жұмыстарының, әдістемелерінің негізі етіп алған:

  • - Шығындарды стратегиялық басқару концепциясы - Дж. Шанк және B. Говиндараджаи;
  • - Капитал құнын басқару концепциясы - А. Раппопорт, C. Стюарт және К. Уолш;
  • - Ақша ағынын болжамдау, бақылау және оптимизациялау концепциясы - A. M. Кинг;
  • - Фирманы қайта құру концепциясы - ГуиярФрансис Ж. және К. Джеймс;
  • - Коммерциялық ұйымның тепе-теңдік концепциясы - Дж. Вайнер және Дж. Р. Хикс.

К. Друри, Дж. Кидуэлл, О.И. Кольвах, Е.И. Муругов, Я.В. Соколов, В.И. Ткач, А.Д. Шеремет, Дж. Фостер, X. Хендерсен, Ч.Т. Хорнгрен басқару есебінің стратегиялық бағытымен байланысты мағынасы жағынан жақтаушылар болып табылады.

Келтірілген анықтамаларды талдай отырып, төмендегідей қорытындылауға болады:

  • - Стратегиялық басқару есебі ақпараттық жүйе болып табылады;
  • - Стратегиялық басқару есебі стратегиялық басқару шешімдерін қабылдау үрдісіне бағытталған;
  • - Стратегиялық басқару есебі кәсіпорынның ішкі ортасы туралы ақпаратпен ғана емес, сонымен қатар сыртқы ортасына аса назар аударады;
  • - Кей авторлардың ойынша, стратегиялық басқару есебі тек қана салыстырмалы қаржылық нәтижелермен қамтуы керек десе, енді екіншілері заманауи ситуациялардың талаптарына сәйкес қаржылық емес ақпаратты қарастыруы керек деп ұйғарды.

Стратегиялық басқару есебін айқындауда талданып отырған объектінің ерекшелігін есепке алу керек, ол бір жағынан, стратегиялық басқару есебінің түсінігін құрайтын экономикалық категория екендігі, екіншіден ұйымның өзгеше ерекшеліктерін басты назарға алу және кәсіпорындарда стратегиялық басқару есебінің әрекет етуі болып табылады. Кәсіпорындағы басқару үш әдістеменің біреуінің негізінде жүзеге асады:

  • - Трансферттік баға қолдану;
  • - Бюджеттеу;
  • - Топтағы ішкі федерализм(кәсіпорын қатысушыларына қызметін жүргізу кезінде айтарлықтай өкілеттілік беру).

Кәсіпорындағы басқару есебі - кәсіпорынның басқару тобына шаруашылық қызметті болжамдау, бағалау, бақылауды жүзеге асыру үшін, кәсіпорынның ресурстарын үнемді қолдануды қамтамасыз ету және олардың есебін толық бақылау және дәлелді басқару шешімдерін қабылдау үшін қажетті ақпаратты өлшеу, жинақтау, талдау, дайындау, өзгерту және ұсынуды қамтамасыз ететін элементтер жиынтығы.

Қазіргі таңда Қазақстанда басқару жүйесінде ұзақ мерзімді стратегиялар кеңінен қолданылып жүр. Олар "Қазақстан - 2050" Стратегиясы, индустриалды- инновациялық даму стратегиялары, Қазақстан Республикасының 2020-шы жылға дейінгі стратегиянық даму жоспары. Қазақстандағы нарықтық тұлғалардың, Яғни кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары мен жетекші мамандары бұл стратегиялардың мәнісін, мақсаттарын, қол жеткізу жолдарын , негізгі нәтижелерін білмейінше сәтілікке қол жеткізу қиынға соғады, себебі олар қазіргі кездегі және болашақтағы экономикалық идеология болып есептеледі. [7]

Стратегиялық басқару есебін ұйымдастырудағы маңызды көрсеткіштердің бірі болып - кәсіпорындардан нарық жағдайында ғылыми- техникалық үдерістің жетістіктерін, өндірісті басқарудың тиімді нормаларын еңгізу арқылы және қолданылмаған резервтерді шоғырландыру арқылы өндіріс тиімділігін, қызметпен өнімнің бәсеке қаблеттілігін арттыру талап етіледі.

Стратегиялық басқару шешімдерін қабылдау кезінде қызметті талдау, бақылау және басқару аяларында бухгалтерлік ақпараттың ролінің арттыруымен ұштасады.

Тиімді стратегиялық басқарушылық шешім қабылдап, стратегиялық жоспар құру үшін әр кәсіпорын өзінің шығындарын, сондай-ақ сол өндірістік шығындары туралы ақпаратты талдай білу қажет. Шығындарды талдау тиімділікті анықтауға, олардың тым көп болатынын, бағаны дұрыс бекітуге, шығындарды тиімді басқаруға және реттеуге, пайда мен өндіріс рентабельділік деңгейін стратегиялық басқару шешімін және жоспарлауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның стратегиялық басқару есебінің мақсаты - өнім шығару, оны өткізу мен пайда алу және стратегиялық шешім қабылдау.

Нарық экономикасы жағдайында тұтынушылар шаруашылықты жүргізудің жаңа тәсілдерін кеңінен қолданып отыр. Осыған байланысты стратегиялық басқару есебін дұрыс жүргізу мен шешім қабылдау, жинақ, синтетикалық көрсеткіш ретінде өзіндік құнның мәні ерекше артуда. Басқару есебінде өзіндік құн шаруашылықты басқарудың, өндірісті ұйымдастырудың, еңбекті ұйымдастырып, ынталандырудың, үнем тәртібін сақтаудың, ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану деңгейінің қаншалықты өскенін көрсетеді. Кәсіпорындар алатын табыстар міне осы көрсеткіштің шамасына тікелей байланысты.

Осыдан кәсіпорын қызметін бақылаудың басты құралы болып стратегиялық басқару есебі мен есептілік жүйесі болып табылады. Ол компания басқармасына келесі мақсаттарды тиімді шешуге мүмкіндік береді:

  1. Шынайы экономикалық жағдайды, оның ішінде кәсіпорынның оперативті режиміндегі экономикалық қауіпсіздік көрсеткіштері мен деңгейін бақылау мен бағалауды және қажетті шешімдерді қабылдауды қамтамасыз ету;
  2. Оперативті қызметті бақылауда директорлар кеңесі мүшелерінің қажетті белсенділікпен қамтамасыз ету;
  3. Басқармадағы атқару органдары басшылары компетенциясына бақылау және бағалау жүргізуді қамтамасыз ету;
  4. Дәлелденген сын-пікірлі шешімдермен қамтамасыз ету;
  5. Алдын ала бекітілген стратегиялық жоспарлар мен іс-шараларбойынша қабылданған шешімдерге уақытылы баға беру.

Стратегиялық басқару ұйымның болашағы туралы тереңнен ойлануға мүмкіндік беруімен қоса, ол:

  • - тиімді негізде мүмкін стратегияларды қалыптастыру мен ұйымға қандайда бір стратегияның қаншалықты сәйкес келетіндігін анықтайды;
  • - оңтайлысын таңдап алу үшін шығындарды басқарудың баламалы жолдарын іздейді;
  • - қандай да бір шешімдердің мүмкін салдарын есепке алу үшін болашақта бейімделе білуді дамытады;
  • - ұйым ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалануды әрі сауатты орналастырады;
  • - ұйымдастырушылық мәселелерді шешуде жүйелі тәсіл әдіснамасын қолданады және осының негізінде неғұрлым тиімді басқаруды дамытады;
  • - біртұтас ұйым аясында коммуникация, үлестіру және бақылау үдерістерінің өзара тәуелді элементтерінің бірыңғай кегеніне байланыстырады;
  • - қызметкерлердің уәждемесі мен ынтасын ынталандырады, ұйым миссиясын және жекелеген даму мен қызметкерлердің өсуі үшін ұйымдастырушылық мақсаттарға қол жеткізу мәнін түсінуді анықтайды;
  • - өзгерістерге төтеп береді, инновациялық ұйымдастырушылық мәдениетті қалыптастырады.

Стратегиялық басқару басшылардың басқару тұрғысынан ойлау қабілетінің кеңдігін дамытады, оларды ұйым үшін неғұрлым пайдалы етеді. Осы салада білімі мен машығы бар басшылар қызметтік сатыда жоғары жетістіктер мен тамаша мансапқа қол жеткізе алады. Ал қызметін жаңа бастаған басшыларға стратегиялық басқару ұйым қалай жұмыс істейтіндігін, кәсіпорынның шығындарын басқара отырып, болашаққа стратегиялық маңызды шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Друри К. Управленческий учет для бизнес- решений: учебник / Пер. с англ. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2003. 655 с.
  2. Уорд К. Стратегический управлен ческий учет / Пер. с англ. М.: ЗАО "Олимп-Бизнес", 2002. 448 с.
  3. Райан Б. Стратегический управ ленческий учет для руководителя / Пер. с англ.; под ред. В.А. Микрюкова. М.: Аудит, ЮНИТИ, 1998. 616 с.
  4. Сагинов Н.А., Шакирова Г.А. Основные направления развития стратегического управленческого учета.// Посткризисные ориентиры социально-экономического и инновационного развития Казахстана - 2010.
  5. Николаева О.Е., Алексеева О.В. Стратегический управленческий учет. М.: Едиториал УРСС, 2003. 304с.
  6. Л.В. Юрьева. Методологическая основа стратегического управленческого учета в холдинговых структурах// Вестник угту-упи, 2009. № 6.
  7. Стратегия "Казахстан - 2050": новый политический курс состоявшегося государства// электронный ресур. - Режим доступа: http://akorda.kz

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.