Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кезеңдері мен көрсеткіштері

Мақалада Кедендік Одақ жағдайында Қазақстан Республикасы Кеден қызметінің даму кезеңдері мен көрсеткіштері қарастырылған. Экономикалық интеграцияда негізгі үлкен қадам болып табылатын Кедендік одақтың ерекшелігі ретінде бірінші рет ортақ кедендік одақ комиссиясы іске қосылып, кедендік одақтың басты сауда саясатының құралы, Бірыңғай кедендік тарифін белгілеуі болып табылады. Сонымен қатар Қазақстан Кеден қызметінің негізгі даму кезеңдері мен көрсеткіштері қарастырылған.

2010 жылдың ең басты экономикалық жаңалықтарының бірі - Беларусь, Қазақстан және Ресей мемлекеттері құрған ортақ Кедендік Одақ. Кеңес үкіметі ыдырап, мемлекеттер тәуелсіздік алғаннан кейін бұрынғы экономикалық қатынастар азая түсті. Бірақ бірқатар мемлекет басшылары көрші елдермен тығыз экономикалық қатынастардың қажеттілігін түсініп, 1994 жылы ТМД Еркін сауда аймағы құрылды. ТМД елдері арасында екі жақты еркін сауда шарттарына да қол қойылды. Әсіресе, елбасымыздың интеграция мәселесінде атсалысуымен Шанхай ынтымақтастық ұйымы, ЕурАзЕС, Ұжымдық қауіпсіздік шарты тәрізді көрші елдер басшыларын бір үстел басына жинайтын, ынтымақтастықты талқылайтын бірнеше платформа өмірге келді. Ал экономикалық интеграцияда негізгі үлкен қадам биылғы Кедендік одақтың құрылуы болды. Бұл интеграциялық ұйымның басқаларынан ерекшелігі - бірінші рет ортақ кедендік одақ комиссиясы іске қосылып, кедендік одақтың басты сауда саясатының құралы, Бірыңғай кедендік тарифін белгілеуі. Жаңа құрылған одаққа әр түрлі пікірлер айтылып жатыр.

Әрине, кедендік одақтың құрылуынан және интеграцияның одан әрі жалғасуынан туындайтын біраз мәселелер де бар. Ресейге экономикалық және саяси жақтан тәуелділігіміздің артуы, тариф кірістерін бөлісу және тұтынушы үшін тауардың қымбаттауы сияқты қиындықтар туындауы сөзсіз. Жоғарыда көрсетілген одақтың пайда әкелетін жақтары да жергілікті кәсіпкер мен мемлекеттің өзара ынтымақтастығымен ғана көрініс табады. Әсіресе, саудамен айналысып, капитал жинаған кәсіпкерлер және басқа да инвестиция жасауға мүмкіншілігі бар азаматтарымыз интеграциялық процесстерден қорықпай, одан пайда табу жолын қарастыруы керек.

Кеден органдары өз қызметінде кедендік бақылауды жетілдіруге, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды енгізуге, кедендік рәсімдерді оңайлату мақсатында барлық операцияларды автоматтандыруға, олардың айқындығын қамтамасыз етуге, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға жағдай жасау және материалдық- техникалық базасын нығайтуға басымдылық береді. Барлық аумақтық бөлімшелерде ресімдеудің барлық сатысында жүк кедендік декларациясының қозғалысын қадағалауға мүмкіндік беретін, визуалды қадағалау мониторларымен жарақтандырылған кедендік рәсімдеу орталықтары құрылды.

Шекарада кедендік бақылауды өткізумен байланысты ақпаратты өңдеуге және беруге, үздіксіз қабылдауды қамтамасыз ететін және жедел мониторинг өткізу үшін жедел басқару орталығы шоғырланған Еліміздің кеден органының Ақпараттық орталығы құрылды. Экономикалық қылмыс және әкімшілік құқық бұзушылықпен, тауарлар мен көлік құралдарының, есірткі заттары мен прекурсорлардың контрабандасын тойтару бойынша нысаналы күрес жүргізілуде.

Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастықтың Кеден қызметтері басшыларының кеңесі шеңберінде Комитет кеден ісі саласындағы интеграциялық процестерін кезең-кезеңмен нығайту және белсендіруге,экономикалық реформаларды жүзеге асыруда іс-қимылдарды үйлестіруге бағытталған жұмыстарды жүргізеді. Кеден қызметтері арасында ақпарат алмасу жолға қойылды, ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің бірыңғай кедендік аумағы қалыптастырылуда, өзара сауда үшін қолайлы жағдайлар жасалуда, тарифтер мен төлемдер жүйеге келтірілді, кеден заңнамасы үйлестірілуде.

Қазақстан Республикасының егеменді кеден қызметі 1991 жылғы 12 желтоқсанда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Кеден комитеті құрылды.

Сол 1991 жылы біз дің алдымызда тығыз мерзімде кеден ісі жүйесін құру және дамыту міндеті тұрды. 1991 жылғы 24 желтоқсанда "Кедендік тариф және баж туралы", тарифтік шаралар сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу мен сауда саясатының маңызды құралы деп танылған Заң бекітілді. Қазақстанның егемендік пен тәуелсіздік алуы мемлекеттік басқару саласындағы жаңалық ретінде кедендік саланың құрылуына әкелді. Қазақстан алғашқы рет өзінің ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі ретінде кеден саясатын дербес айқындай бастады. Республиканың кеден жүйесінің қалыптасуы нақты тарихи жағдайларда жүзеге асырылды. Бір жағынан қуатты Кеңес мемлекетінің тоқырауы, екінші жағынан терең саяси және экономикалық дағдарыс , егемендік алу және тәуелсіз мемлекет құру.

1992 жылға дейін Қазақстанның "Қорғас", "Бақты" және "Достық" өткізу пункттері жұмыс істеген ҚХР күзетілетін шекарасы болды.

Шекаралас бұрынғы Кеңес мемлекеттерімен кедендік шекараны енгізу, Қазақстанның кедендік шекарасы арқылы өткізілетін мүліктер мен тауарларды жүз пайыз декларациялауды қамтамасыз ету проблемасы республика аумағы ішінде де, оның шекарасында да кедендік мекемелердің тарамданған желісін құруды талап етті.

Кеден органдары бастапқы жұмысында 1992 жылғы 14 тамыздағы Кеден туралы ережесін, Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің қаулыларын және басқа кеден органының қызметін реттейтін нормативтік құжаттарды басшылыққа алды. 1995 жылға дейін республиканың кеден органдары жұмысында КСРО кедендік заңнамасында басшылыққа алған болатын.

Республиканың кеден органдарының дамуының маңызды тарихи кезеңі "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Заң және ҚР Президентінің 1995 жылғы 20 шілдедегі Жарлығы болды.

1996-1999 жылдар кезеңінде кеден органының қызметі жаңа сапалы деңгейге өтті. Республиканың сыртқы шекарасы бойынша кеден бекеттері мен бақылау өткізу пункттерінің күрделі құрылысы бойынша перспективалы жоспар әзірленіп жасалды. Кеден органының қызметіндегі аталған елеулі өзгерістер кеден ісі саласында жаңа заңнамалық актілерді қабылдауға ықпал етті. 1996 жылғы 16 шілдеде ҚР Президентінің Жарлығымен "ҚР Кеден іс туралы" жаңа Заң бекітілді.

2003 жылғы 5 сәуірде ҚР Президенті 2003 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілген ҚР Кеден кодексіне қол қойды. Кодекстің алдыңғы Заңнан концептуалды өзгешелігі Кодекс тікелей қолданысқа енгізілген, кеден органдарының заңға бағынысты нормативтік актілерін мейлінше қысқартқан нормативтік құқықтық акті болды. Республиканың кеден қызметі ҚР Кеден комитетін құрағаннан бері әртүрлі құрылымдық өзгерістерді басынан кешті. Бұл жылдары қызмет барлық деңгейде дерлік құрылымды реформалаудың және ведомстволық бағыныстылықтың бірнеше сатысын еңсерді, жас тәуелсіз және егеменді Қазақстан сияқты оқиғаларға толы және қарқынды жолдан өтті.Бүгінгі күні, салмақты эволюциядан өткен және уақыттың сынағынан қайсарлықпен өткен кеден органдары қазіргі күннің талабына сай және ҚР әлемдік экономикалық кеңістікке табысты ықпалдасуы және мемлекеттің экономикалық мүддесін қорғау бойынша алдында тұрған міндеттерді шешуге қабілетті.

2009 жылы кеден органдары бюджетке 575,4 млрд. теңге кедендік төлем дер мен салықтардың түсуін қамтамасыз етті. Болжамдық жоспарды орындау 105,5% құрады. Пост кедендік бақылау нәтижесінде 95,8 млрд. теңге қосымша есептелді, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 6,3 есе көп, 50 млрд. теңге өндіріліп алынған болатын. 969 қылмыстық және 10607 әкімшілік іс қозғалды, олар бойынша келтірілген залалды өтеу 5,9 млрд. теңгені құрады бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,3 есе көп. Есірткі құралдары контрабандасының 173 факті анықталды. Алынған есірткінің салмағы 755,8 кг құрады, оның ішінде героин - 117,9 кг. "Бақылаумен жеткізу" әдісі бойынша 14 жедел іс-шара өткізілді.

Кеден органдарының өз күшімен сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде 56% қылмыстық істер қозғалды және 79% сыбайлас жемқорлықты құқық бұзушылық анықталды.

2009 жылы кеден органдарының күші кеден одағының нормативтік құқықтық базасын қалыптастыруға, кедендік рәсімдерді оңайлатуға және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталды. Киот конвенциясы ратификацияланды. Кеден одағының кеден кодексі қабылданды. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай кедендік тариф күшіне енді.

Кеден одағының кеден кодексі туралы Шартты ратификациялауға дайындық рәсімдері өткізілуде.

Оны енгізу бойынша Іс-шаралар жоспарына сәйкес 16 халықаралық келісімдер мен 17 КОК (кеден одағы комиссиясы) шешімдерін әзірлеу көзделді.

Кеден одағының кеден кодексінде қатысушы мемлекеттердің заңнамасына 182 сілтемелік нормалар көзделген. Осыған байланысты қолданыстағы ұлттық кеден заңнамасын сәйкестікке келтіру талап етіледі.

Демек, ұлттық заңнамада реттелмеген құқықтың қатынастырды реттейтін жаңа ҚР Кеден кодексін әзірлеу қажет.

Бұдан басқа, ұлттық кодексті қабылдау салықтық реттеу, жеке кәсіпкерлік, көлік, ветеринария, денсаулық сақтау, қылмыстық және әкімшілік құдалау саласында заңнаманы біртекті қолдану қажеттілігіне негізделеді.

Кедендік одақтың тағы бір потенциалды артықшылығы - шетелдік инвестицияның келуі. Малайзия, Оңтүстік Корея және Тайвань (Қытай) сияқты мемлекеттердің дамуында АҚШ және Жапондық инвесторлардың маңызы зор. Малайзия экспортының 40 пайызға жуығы электроника өнімдері, текстиль 20 пайыз төңірегінде. Бұл елдер шетелдік инвестицияларды жоғары технологиялық секторларға бағыттай білген. Қазақстан да шетелдік инвесторлар жағынан жетім емес, 1993-2008 жылдары аралығында 90 миллиард АҚШ доллар көлемінде инвестиция тартылған. Бірақ бұл мөлшердің 69 пайызы кен қазу саласы мен геологиялық барлау қызметтері. Ендігі мақсат, экономикамыздың диверсификациясы үшін шетелдік инвестицияларды шикізаттан басқа салаларға тарту. Кедендік одақтың құрылуы шетелдік инвестицияның келуіне "тарифті аттап өту эффектісі" арқылы әсер етеді. Жоғарыдағы шапан мысалын қолданатын болсақ, Қытай өндірушісі 20 пайыздық тарифті төлемеу үшін фабрикасын Қазақстанда ашқан жағдайда ғана біздің өндірушімен бәсекелесе алады. Кедендік одақтан бұрын 15 миллиондық нарығы бар Қазақстанда фабрика ашуды тиімсіз санап, Қытай өндірушісі елімізге экспорттауды таңдайтын. Нәтижесінде, тек қана 10 шақты азаматымыз сатушылық жұмысымен қамтамасыз етілетін. Тарифтеріміз де өте төмен болғандықтан, Қытай компаниясына жергілікті өндірушіні шыдатпайтын. Ал кедендік одақ құрылғалы тариф өрлеп кетті және оған қоса 15 миллиондық нарық орнына 170 миллиондық нарыққа жол ашылды. Енді қытайлық компания одақ мүшелері мемлекеттер ішінде бизнесті жүргізуге ең қолайлысын таңдап, өндіріс ашуды ойлай бастайды. Бізде салықтар Беларусь пен Ресейге қарағанда төменірек. Ендігі жерде, жергілікті жұмысшыларды пайдалану және технология трансфері мәселелерін қолға алып, шетелдік инвесторларды тарту үшін кәсіпкерлік инфрақұрылымды дамытсақ, елімізге шетелдік технологияның келуінің пайдасын көреміз.

Әрине, кедендік одақтың құрылуынан және интеграцияның одан әрі жалғасуынан туындайтын біраз мәселелер де бар. Ресейге экономикалық және саяси жақтан тәуелділігіміздің артуы, тариф кірістерін бөлісу және тұтынушы үшін тауардың қымбаттауы сияқты қиындықтар туындауы сөзсіз. Жоғарыда көрсетілген одақтың пайда әкелетін жақтары да жергілікті кәсіпкер мен мемлекеттің өзара ынтымақтастығымен ғана көрініс табады. Әсіресе, саудамен айналысып, капитал жинаған кәсіпкерлер және басқа да инвестиция жасауға мүмкіншілігі бар азаматтарымыз интеграциялық процесстерден қорықпай, одан пайда табу жолын қарастыруы керек.

Біріншіден, шетелдік инвесторлармен бірігіп, өндіріс ашуға, олардың тәжрибесін, технологиясын елімізге әкелуге қазір бір мүмкіндік туып жатыр. Екіншіден, өз мүдделерін мемлекетаралық платформада қорғау және сыртқы нарыққа шығу үшін жаңа ассоциациялар құру немесе бар болғандарын күшейту уақыты келді. Мәселен, Түрік елінің текстиль өндірушілері бірігіп Ыстанбул қаласында лаборатория ашқан. Оның сапа сертификаттарын кез келген мықты деген әлемдік деңгейде жұмыс істейтін киім сататын компаниялар қабылдайды. Кәсіпкеріміз кедендік одақтың мүмкіншіліктерін пайдаланып, аяққа тұрып алса ДСҰ- ға кіруіміз де жеңіл болмақ. Біз интеграциядан бас тарта алмаймыз. Бірақ оны бізге пайдалы бағытқа бұру - интеграцияны дұрыс түсініп, азаматтық позициямызды білдіріп, өз мүддемізді қорғауға тікелей байланысты.

Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымының статистикалық көрсеткіштерінің динамикасы мен құрылымына тоқталсақ, (Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік ішіндегі сауданы есепке алмай кедендік статистиканың алдын ала деректері бойынша) 2014 жылғы 1-тоқсан ішінде 26,9 млрд. АҚШ долларын құрады және 2013 жылғы ұқсас кезеңмен салыстарғанда 10,2%-ға өсті, оның ішінде экспорт 21,4 млрд. АҚШ долларға (өсуі 15,6%) және импорт 5,5 млрд. АҚШ долларға (төмендеуі 6,5%).

Бұл ретте ТМД елдерімен тауар айналымының жалпы көлемі 1,6 млрд. АҚШ долларын құрады және 2013 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 27,4-ге төмендеді, оның ішінде экспорт 1,1 млрд. АҚШ долларға (төмендеу 24,4%) және импорт 0,5 млрд. АҚШ долларға (төмендеу 33,2%).

Украинамен тауар айналым айтарлықтай төмендеді, оның ішінде импорт бойынша 45,1% және экспорт бойынша 40,3%. Сондай-ақ Әзербайжан Республикасымен сауда төмендеді (импорт бойынша 32,2%, ал экспорт бойынша 17,5%). Түрікмен тауарларының импорттық жеткізілімдері елеулі төмендеді (81,7%- ға). Бұл ретте Түрікменстанға экспорттың көлемі 10,2%-ға өсті.

Алыс шет елдермен тауар айналымы 13,8% артты және 25,3 млрд. АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт 18,9% артты (20,3 млрд. АҚШ доллары), ал импорт 2,7%-ға төмендеді (5 млрд. АҚШ доллары).

15,3 млрд. АҚШ доллары көлемінде алыс шет елдермен саудадағы белсенді сальдодан қалыптасқан сауда балансының оң сальдосы 15,9 млрд. АҚШ долларына және ТМД елдерімен оң сальдо 0,6 млрд. АҚШ доллары көлеміне жетті.

Қазақстандық экспорттың құрылымында негізгі үлесті шикізат тауарлары құрайды: мәселен экспорттың барлық көлемінен минералдық өнімдер 87,1% және металлургиялық өнеркәсіп өнімі 6,3%, сондай-ақ мал және өсімдік өнімдері, дайын азық- түлік тауарлары - 3,1% құрайды.

Минералдық өнімдердің экспорты 18,6 млрд. АҚШ долларын құрады және өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3,1 млрд. АҚШ долларына өсті, бұл ретте оның үлесі экспорттың жалпы көлемінде 83,8%-дан 87,1%-ға дейін өсті.

Металлургиялық өнеркәсіп өнімдерінің экспорты 2013 жылғы 1-тоқсанда 1,6 млрд. АҚШ долларынан 2014 жылғы 1-тоқсанға дейін 1,3 млрд. АҚШ долларына төмендеді. Экспорттың жиынтық көлемінде оның үлесі өткен жылдың сол кезеңіндегі 8,8% салыстырғанда 6,3%-ға дейін төмендеді.

Мал және өсімдік өнімдерінің, дайын азық-түлік тауарларының экспорты экспорттың жалпы көлеміндегі оның үлесі секілді 195,7 млн. АҚШ долларына өсті. 2014 жылғы 1-тоқсан ішінде - экспорттың көлемі 0,7 млрд. АҚШ долларын, ал 2013 жылғы ұқсас кезеңі ішінде 0,5 млрд. АҚШ долларын құрады.

Қазақстан өнімін сатып алушылардың ішіндегі көшбасшылар: Италия (24,2%), Қытай (16,5%), Нидерланды (11,9%), Франция (8,3%), Швейцария (5,6%), және Аустрия (5,1%) болып табылады.

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда негізгі импорттық ұстанымдардың құрамы айтарлықтай өзгермеді және мыналардан тұрады:

  • машиналар және жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар және аппараттар - 49,4% (2,7 млрд. АҚШ доллары), төмендеу 3,4%;
  • химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері - 15,1% (0,8 млрд. АҚШ доллары, төмендеу 13,6%);
  • мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары - 8,7% (0,5 млрд. АҚШ доллары, төмендеу 2,6%);
  • металдар және олардан жасалған бұйымдар - 7,8% (0,4 млрд. АҚШ доллары, төмендеу 31,1%).

Импорт тауарларын негiзгi жеткізушілер алыс шет елдері болып табылады, олардың үлестері 91,0% құрайды. Бұл ретте ТМД елдерінен импорттың үлесі 12,6%-дан 9%-ға дейін төмендеді.

Импорт өнімдерін негiзгi жеткізушілер мыналар: Қытай (26%), Германия (8,8%), АҚШ (7,9%), Корея (5,1%), Украина (4,2%) және Жапония (4,2%) болып табылады.

2014 жылғы 1-тоқсан ішінде Қазақстан Республикасының кәсіпорындары әлемнің 165 елдеріндегі әріптестермен сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырды.

Кедендік төлемдер мен салықтардың бюджетке түсу динамикасына тоқталатын болсақ, 2014 жылғы 1-тоқсанда кеден органдары бюджет кірісіне 325,7 млрд. теңге кедендік төлемдер мен салықтар аударды. Белгіленген жоспардың орындалуы 108,3% құрады (Сурет 1).

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 57,7 млрд. теңге немесе 21,5 % артық аударылды. 2014 жылғы 1-тоқсанда республикалық бюджетте кедендік төлемдер мен салықтардың түсуінің үлесі 38,4% құрады.

Қорыта айтқанда, әкімшілік кедергілерді жою және ҚР кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуді оңайлату мақсатында Комитет бірқатар шараларды іске асырды.

Біріншіден. Бақылау өткізу пункттеріндегі бақылау функцияларын (көлікті, фитосанитарлық, ветеринарлық және санэпидемиологиялық бақылау) кеден органдарына беруді көздейтін Заң қабылданды.

Осы Заңда сондай-ақ кеден органдарына берілетін құжаттарды 3-тен 1-ге қысқарту көзделген.

Екіншіден. Зияткерлік меншік құқығын қорғау және кедендік құнды анықтау кезінде қолданылатын ақпараттық анықтамаларды болдырмау кезіндегі кеден органдарының өкілеттігін кеңейтуді көздейтін Заң қабылданды.

Үшіншіден. Шекараның Қазақстан-Ресей, Қытай, Қырғыз бөлігінде бірлескен бақылау рәсімдері енгізілді.

Қазақстан мен ҚХР арасында "айналы" статистикадағы көрсеткіштерде оң үдеріске қол жеткізілді. Кедендік статистика деректерінің алшақтығы соңғы жылдары 2006 жылы 1 млрд. 294 млн. АҚШ долларынан 76 млн. АҚШ долларына дейін төмендетілді.

Төртіншіден. СЭҚ қатысушылар үшін қолайлы жағдай жасау және "Doing Вusiness" халықаралық рейтингінің көрсеткіштерін жақсарту мақсатында автоматтандырылған тәуекелді басқару жүйесі енгізілді.

Бесіншіден. "Web-декларант" электронды декларациялау кешені жұмыс істейді. СЭҚ қатысушының кедендік рәсімдеу үшін құжаттар пакетін алыстан қалыптастыруға мүмкіндігі бар.

Алтыншыдан. "Бірыңғай электронды терезе" құру бойынша жұмыс жүргізілді. Бизнес процестер айқындалды және осы ақпараттық жүйені құру Тұжырымдамасының жобасы дайындалды

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Алибеков С.Т. Таможенное право РК. Учебник. - Алматы: Данекер, 2007.
  2. Пак Н. Посткедендік бақылауды дамыту. - // Кеден ісі. - 2014. - №1. - 13-16 б.
  3. Колбай А. Қазақстан Республикасында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәжірибесі. - // Кеден ісі. - 2014. - №1. - 16-19 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.