Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қарағанды облысы тұрғындарын әлеуметтік қорғауды ұйымдастыруы жағдайын талдау

Аталмыш мақалада Қарағанды өңірінің халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ағымдағы жағдайына талдау жасалған, атап айтсақ, Қарағанды облысы халқының ақшалай шығыстарының құрылымы, тұтыну шығыстарының құрылымы, қалалық және ауылдық халқының әлеуметтік трансферттер құрылымы қарастырылған.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты жолдауында "Әлеуметтік саланы дамытудың 2050 жылға дейін басты бағдарлары нақты индикативті цифрларда көрсетілген. Қазақстан халық құрылымында орта тап үлесі басым елге айналмақ. Урбанизацияның жаһандық үрдісіне орай қалалық тұрғындар үлесі барлық халықтың қазіргі 55 пайызынан 70 пайыздай деңгейге дейін өседі. Қазақстанның қалалары мен елді мекендерін сапалы жолдар мен көліктің барлық түрінің жүрдек бағыттары байланыстырады.

Саламатты өмір салтының орнығуы, медицинаның дамуы қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа дейін арттырады. Қазақстан медициналық туризмнің жетекші еуразиялық орталықтарының біріне айналады. Озық және бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін құру аяқталуда.

Қазақстан әлемде адамдар үшін қауіпсіз және тұруға жайлы елдің біріне айналуға тиіс. Бейбітшілік пен тұрақтылық, әділ сот және тиімді құқық тәртібі дегеніміз - дамыған елдің негізі" - деген болатын 1, б. 4 .

2013 жылғы халықтың ішінара зерттеу деректері бойынша облыс халқының ақшалай шығыстары айына жан басына орташа 40791 теңгені құрады, бұл 2012 жылға қарағанда 2,3% - ға артық. Қалалық жерде халықтың шығыстары 43915 теңге сомасында құралды, ауылдық жерде - 29275 теңге.

Тұтыну мақсаттарына халық барлық ақшалай шығыстарының 85,4%-ын жұмсады, 8,7% несиелерді және қарыздарды өтеуге кетті, 5,7% материалдық көмек және алиментті, 0,2% - салық және басқа төлемдерді құрады (Кесте 1).

Кесте 1 - Қарағанды облысы халқының ақшалай шығыстарының құрылымы, 2013ж.

 

Облыс бойынша барлығы

оның ішінде

қалалық жерде

ауылдық жерде

Ақшалай шығыстар - барлығы

100,0

100,0

100,0

оның ішінде:

     

тұтыну шығыстары

85,4

85,5

84,7

таныстарға, туыстарға материалдық көмек, алименттер

5,7

5,8

5,2

салықтар, төлемдер және басқа төлемдер

0,2

0,2

0,2

несиелерді және қарыздарды өтеу

8,7

8,5

9,9

Е с к е р т у - Қарағанды облысы статистика жөніндегі департаментінің мәліметтері

пайызбен

Халықтың шығыстары ет және ет өнімдерін сатып алуға 36,2% азық-түлік шығыстары, нан және жарма өнімдерінің шығыстары үлесі - 13,6%, сүт өнімдерінің - 10,3%, көкөніс және жеміс сәйкесінше - 8,0% және 7,0%, қант, кондитерлік өнімдер және тәттілер - 7,2%, май және тоң май - 5,4%, алкогольсіз сусындар - 4,9% құрады. Шығыстар үлес салмағы темекі өнімдеріне 3,0% - ды, алкогольды сусындарға - 2,3%-ды құрады. Қала және ауыл халқының азық-түлік шығыстар құрылымы айтарлықтай ерекшеленеді (Сурет 2).

Азық-түлік емес тауарлардың шығыстарында киім, мата және аяқ киім - 32,0%, жиһаз, үй тұрмысында пайдаланылатын заттар және тұрмыстық техника- 18,6%, жеке гигиенаға арналған тауарлар - 11,8% басым болды. Дәрі-дермекке, емдеу жабдықтарына және аппаратураға 6,5%, тұрғын үйді жөндеуге және күтіп ұстауға арналған материалдар - 3,3% сатып алуға шығыстар жұмсалды.

Ақылы қызметтер саласында 30,9% коммуналдық қызметтер төлеумен, тұрғын үйді күтіп ұстау және оны жөндеумен, 18,7% - байланыс қызметтерді төлеумен, 15,6% -көлік қызметтерді төлеумен байланысты. Білімге халықтың шығыстары - 10,3% -ды, денсаулық сақтауға - 6,1%- ды, ойын-сауық жүргізу қызметтерін төлеуге - 5%-ды, мейрамхана, кафе қызметтерін төлеуге 3,1% -ды құрады (Сурет 3).

 

2013 жылы Қарағанды облысы халқының атаулы ақшалай табыстары айына орташа 64422 теңгені құрады. 2012 жылмен салыстырғанда халықтың ақшалай табыстары 11,9%-ға өсті 2, б. 14 .

Халықтың ақшалай табыстарының құрылымында еңбек қызметінен түскен табыстар 78,5%-ды, әлеуметтік трасферттер -14,9%-ды, туыстарынан, таныстарынан материалдық көмек, алименттер - 5,2%-ды, меншіктен түскен табыстар және өзге де ақшалай түсімдер - 1,4%-ды құрады (Кесте 2).

Кесте 2 - Қарағанды облысы халқының ақшалай табыстарының құрылымы, 2013ж. пайызбен

 

Облыс бойынша барлығы

оның ішінде

қалалық жерлерде

ауылдық жерлерде

Ақшалай табыс - барлығы

100,0

100,0

100,0

оның ішінде:

     

еңбек қызметінен түскен табыс

78,5

78,5

78,5

әлеуметтік трансферттер

14,9

14,7

16,1

туыстарынан, таныстарынан түскен материалдық көмек, алименттер

5,2

5,2

4,9

өзге де табыстар

1,4

1,6

0,5

Е с к е р т у - Қарағанды облысы статистика жөніндегі департаментінің мәліметтері

Еңбек қызметінен түскен табыстар құрылымында 92,9% жалдамалы жұмыстан түскен табыстар, өз бетінше жұмыспен қамтылудан және кәсіпкерлік қызметтен түскен табыс үлесі - 7,1% құрады.

Қалалық және ауылдық халықтың еңбек қызметінен түскен табыстарының құрылымы айтарлықтай ерекшеленеді (Сурет 4).

Өзге де табыстар құрылымында меншіктен түскен табыс - 35,7%-ды, оның ішінде қалалық халық - 37,5%-ды, ауылдық халық - 20%-ды құрады 3, б. 27 .

2013 жылғы табысы күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасынан төмен Қарағанды облыс халқының үлесі 2%-ды құрады. Үй шаруашылықтарын ішінара зерттеу деректері бойынша 2013 жылы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасынан төмен тұтынуға пайдаланылған табыстары бар халықтың үлесі 2%- ды құрады. 2012 жылмен салыстырғанда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасынан төмен табыстары бар халықтың үлесі 0,8 пайыздық тармаққа төмендеді.

Күнкөрістің ең төменгі деңгейінен төмен табыстары бар халық үлесі қалалық жерде 0,7%-ды, ауылдық жерде - 6,7%-ды құрады. Тұтынуға пайдаланылған ең төмен азық-түлік себетінің құнынан аспайтын табысы бар халық ауылдық жерде шоғырланған.

Облыс бойынша орташа табыс 10% күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасынан ең төмен қамтамасыз етілген халық 92,8% деңгейнде құралды, ол 2013 жылы айына орташа 16503 теңге сомасында құралған, республика бойынша - 83,8% (17789 теңге) 4.

Орташа табыс 20% күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасынан ең төмен қамтамасыз етілген халық облыста және республикада сәйкесінше 111,6%-ды және 96,5%-ды құрады (Кесте 3).

пайызбен

Кесте 3 - 2013 жылғы халық табыстарын саралау көрсеткіштері

 

Қазақстан Республикасы

Қарағанды облысы

Табысы күнкөрістің ең төмен деңгейінен төмен халықтың үлесі

2,9

2,0

Тұтынуға пайдаланылған 10% табыстардың арақатынасы ең аз қамтамасыз етілген халықтың күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасымен

83,8

92,8

Тұтынуға пайдаланылған 20% табыстардың арақатынасы ең аз қамтамасыз етілген халықтың күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасымен

96,5

111,6

Е с к е р т у - Қарағанды облысы статистика жөніндегі департаментінің мәліметтері

Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасынан төмен табыстары бар облыс халқының 53%-ын 5 және одан көп тұлғадан тұратын үй шаруашылықтар құрады.

Халықтың жұмыспен қамтылуын тоқсан сайын сауалнамалық ішінара зерттеу мәліметтері бойынша 2013 жылғы Қарағанды облысындағы 15 және одан асқан жастағы экономикалық белсенді халық саны 744,1 мың адамды құрады, бұл 2012 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 0,4%-ға көп. Экономикалық белсенділік деңгейі алдыңғы жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,5 пайыздық тамаққа өсті және 69,7%-

 

халықтың 10 пайыздық (децильдік) топтары бойынша Джини коэффициенті, индексі

2006

2007

2008

2009

2010

2011

2012

Қазақстан Республикасы

0,315

0,305

0,304

0,312

0,309

0,288

0,267

Ақмола

0,299

0,302

0,297

0,325

0,338

0,274

0,252

Ақтөбе

0,320

0,300

0,296

0,325

0,342

0,302

0,269

Алматы

0,259

0,256

0,267

0,280

0,297

0,273

0,227

Атырау

0,279

0,313

0,309

0,309

0,235

0,222

0,200

Батыс Қазақстан

0,266

0,280

0,276

0,262

0,286

0,258

0,253

Жамбыл

0,264

0,229

0,222

0,256

0,251

0,232

0,195

Қарағанды

0,295

0,294

0,303

0,337

0,307

0,282

0,264

Қостанай

0,334

0,313

0,310

0,299

0,310

0,262

0,247

Қызылорда

0,293

0,292

0,248

0,276

0,278

0,226

0,228

Маңғыстау

0,245

0,270

0,284

0,270

0,251

0,251

0,159

Оңтүстік Қазақстан

0,241

0,227

0,242

0,247

0,240

0,227

0,223

Павлодар

0,243

0,262

0,263

0,284

0,287

0,260

0,248

Солтүстік Қазақстан

0,274

0,275

0,271

0,287

0,284

0,262

0,250

Шығыс Қазақстан

0,303

0,307

0,296

0,300

0,308

0,291

0,272

Астана қ.

0,298

0,316

0,306

0,360

0,326

0,355

0,288

Алматы қ.

0,250

0,244

0,233

0,294

0,308

0,285

0,235

Кесте 4 - Қазақстан Республиккасының өңірлері бойынша Джини коэффициенті және қорлар коэффициенті

Е с к е р т у - ҚР статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері

 

2006

2007

2008

2009

2010

2011

2012

Қазақстан Республикасы

7,43

6,81

6,75

7,38

7,17

6,17

5,33

Ақмола

6,76

7,45

6,84

8,35

9,43

6,07

5,11

Ақтөбе

7,93

7,23

6,62

7,55

8,58

6,28

5,31

Алматы

5,05

5,11

5,46

6,33

6,79

5,91

4,35

Атырау

6,17

7,71

6,53

6,86

4,87

4,93

3,92

Батыс Қазақстан

5,53

5,87

5,93

5,62

5,79

4,84

4,66

Жамбыл

5,46

4,41

4,15

5,21

5,05

4,18

3,38

Қарағанды

6,91

6,70

7,18

9,08

7,02

6,14

5,37

Қостанай

10,08

7,50

7,28

6,92

6,86

5,12

4,81

Қызылорда

6,15

6,07

4,57

6,01

5,76

4,49

4,22

Маңғыстау

4,67

5,16

5,43

5,07

4,95

4,79

2,95

Оңтүстік Қазақстан

4,72

4,21

4,50

4,83

4,65

4,42

4,18

Павлодар

5,11

5,96

5,82

6,45

6,74

5,76

5,20

Солтүстік Қазақстан

6,09

5,83

5,76

6,53

6,16

5,64

5,26

Шығыс Қазақстан

7,12

7,10

6,92

6,75

7,11

6,21

5,64

Астана қ.

6,92

6,76

7,32

9,23

7,47

8,04

6,63

Алматы қ.

5,09

4,83

4,32

6,57

6,83

5,81

4,51

Е с к е р т у - ҚР статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері

Кесте 5 - Қорлар коэффициенті (халықтың неғұрлым ауқатты 10%-ының және неғұрлым ауқатсыз 10%- ының арақатынасы) ды құрады. Әйелдердің үлесіне экономикалық белсенді халықтың жалпы санының 50,8%-ы тиесілі.

Жұмыспен қамтылған халық саны 707,2 мың адамды немесе экономикалық белсенді халықтың 95%-ын құрайды. Жұмыспен қамтылған халық ішінде жалдамалы қызметкерлер 600,3 мың адамды (84,9%) құрады, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар - 106,9 мың адам (15,1%). Жұмыспен қамтылғандардың жалпы санында ерлер 50,5% немесе 356,9 мың адамды, әйелдер - 49,5% немесе 350,3 мың адамды құрады.

2013 жылғы жұмыссыз халық саны (табысты жұмысы болмаған, оны үздіксіз іздеген және оған кірісуге дайын болған 15 және одан асқан жастағы адамдар) алдыңғы жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 2,8%-ға қысқарды және 36,9 мың адамды құрады. Жұмыссыз ерлердің үлесі 48,4%-ды (17,9 мың адам) құрады, әйелдердің үлесі - 51,6% (19 мың адам).

Қарағанды облысында жұмыссыздық деңгейі 5%-ды (2012 жылғы - 5,1%) құрады. Жастар жұмыссыздығы деңгейінің 5,2%-ын (2012 жылғы - 3,9%) -15-24 жастағылар1), 4,4%-ын (2012 жылғы 5,4%- ғы) - 15-28 жастағылар құрады 5, б. 51 .

Жалпы Қазақстан Республикасы бойынша халықтың 10 пайыздық (децильдік) топтары бойынша Джини коэффициенті, индексін өңірлер бойынша қалай қалыптасқанын төмендегі 4-кестеден көре аласыздар.

Кестеден көріп отырғандай, Қазақстан Республикасының 2006 жылмен 2012 жылдар аралығында халықтың 10 пайыздық (децильдік) топтары бойынша Джини коэффициенті, индексін салыстыратын болсақ, онда аталмыш көрсеткіштің 0,315-тен 0,267-ке дейін төмендегенін көреміз.

Қарағанды облысы бойынша халықтың 10 пайыздық (децильдік) топтары бойынша Джини коэффициенті, индексі 0,295-тен 0,264-ке дейін 0,021- ге төмендеген.

Егер республикамыз деңгейінде халықтың неғұрлым ауқатты 10%-ының және неғұрлым ауқатсыз 10%-ының арақатынасы арқылы анықталатын қорлар коэффициентін талдайтын болсақ, онда аталмыш көрсеткіштің 7,43-тен, 5,33-ке дейін төмендегенін байқаймыз. Қарағанды облысы бойынша Қорлар коэффициенті, яғни халықтың неғұрлым ауқатты 10%-ының және неғұрлым ауқатсыз 10%-ының арақатынасы 6,91-ден 5,37-ге дейін төмендегенін байқаймыз (Кесте 5).

Кестеден көріп отырғандай 2006 жылы Қарағанды облысы халқының неғұрлым ауқатты 10%-ының және неғұрлым ауқатсыз 10%-ының арақатынасы республикалық көрсеткіштен 0,52 бірлікке төмен болса (7,43-6,91), ал 2012 жылы аталмыш көрсеткіш (5,33-5,37) 0,04 бірлікке артқан.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. "Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. //Егемен Қазақстан, 2014, бет 1-3
  2. Программа снижения бедности по Карагандинской области на 2010-2012гг.
  3. Қарағанды облысы статистика жөніндегі Департаментінің материалдыры 2010-2012 жж.
  4. Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі агенттігінің материалдары. Қазақстан Республикасы өңірлері. 2012 жыл.
  5. Притворова Т.П. Развитие социальноориентированной рыночной экономики в Казахстане. - Караганда, 2011. - 275с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.