Мақалада өзгетілді аудиторияда қазақ тілі пәні бойынша электронды оқу құралын жасаудың кейбір мәселелері қарастырылады. Аталған кейбір мәселелердің әр кезеңі бойынша тапсырмалар деңгейі айқындалды. Сонымен қатар, тәжірибе жүзінде осы әдістерді пайдаланудың оң нәтижелері көрсетілді.
Қазіргі уақытта әлемде қоғамның ақпараттық мәдениет деңгейі мемлекеттің даму көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Бүгінде жоғары және үздіксіз білімге деген сұраныстың артуына байланысты білім берудің түрлі мақсаттағы құрылымдары пайда болуда.
Ақпараттық технологиялардың білім беру жүйесінде белсенді пайдаланылуы оның нақты педагогикалық есептерді шешуге арналған кұралы қызметін атқаруымен қатар, дидактика мен әдістеменің дамуына әсер етіп, оқыту мен білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін, формаларын құруға алып келеді. Мысалы, Internet технологияларының кеңінен таралуы қашықтықтан оқыту әдісінің жедел дамуына мүмкіндік туғызуда. Мультимедиялық технологияның, компьютерлік графика мен машықтану жүйелерінің дамуы, кәсіби ортадағы іс- әрекетті бейнелейтін виртуал жағдайға "ену" жолымен оқыту әдістемесінің кұрылуына түрткі болды. Ал, компьютерлік желілік машықтандырушы класстардың пайда болуы, іскерлік ойындар мен сайыстар түрінде көп рольді машықтандыру әдістеменің дамуына ықпал жасады.
Қазіргі кезде негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін электронды оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Электронды оқулық студент үшін дайын материал.
Электрондық оқулық дегеніміз - мультимедиялық оқулық.
Бұл дидактикалық әдіс-тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе.
Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: "Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту". Білім берудің кез келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайды.
Электрондық оқулық студенттің уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және студентің ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Әрбір студент таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар орындап, тестілер шешіп, карталар және схемалармен жұмыс жасауға дағдыланады.
Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине оқытушының тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі.
Электронды оқулық жасаудың негізгі әдіс- тәсілдері:
- Жұмыс істеу режимі. Критерий электронды оқулықта қандай режимдер қолданылатынын анықтауға мүмкіндік береді. Теориялық материалдар, өзін-өзі бақылау тапсырмалары, білімді бақылау, көмек ұсыну, анықтама және викторина, лаборатория және т.б.
- Қолданушыларды тіркеу. Критерий электронды оқулық қолданушылардың қандай класына арналғанын орнатуға мүмкіндік береді: студент, оқытушы, автор және басқарушы.
- Ақпаратты берудің тәсілдері. Критерий оқу материалының берілу тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді. Гипермәтін электронды оқулықтағы ақпаратты берудің негізгі жабдығы болып табылады, бірақ оқу материалдарын шығару үшін арнайы жазылған программалар қолданылады. Электронды оқулықтар суреттерден және графиктер, анимациялар және видеолардан тұруы мүмкін.
- Навигация. Критерий электронды оқулықтың ішінде басқару қалай жүргізілетінін орнатуға және осы мақсат үшін интерфейстің қандай элементін қолданылатынын білуге мүмкіндік береді.
- Тарату технологиясы. Критерий электронды оқулықтарды тарату үшін қолданылатын жабдықтар мен тілдерді анықтауға мүмкіндік береді. Оқулықтарды жасағанда көбінесе HTML тілімен жасалады, бірақ басқа да технологияларды қолданылады: Macromedia Flash, JavaScript, MySQL, PHP, Java.
- Тапсырмалар типтері. Критерий тестілеу мен өзін-өзі бақылау үшін қарастырылған тапсырмалар мен сұрақтар типін анықтауға мүмкіндік береді.
Электронды оқулықтарды салыстыра отырып, келесі тұжырымдарға тоқталуға болады:
- Электронды оқулықтардағы қолданылатын жұмыстың негізгі режимдері болып табылады: оқу. Бақылау, тесттен өту, көмекші және анықтама;
- Электронды оқулықтың көбісі қолданушылардың тіркелуін қарастырады: студент, оқытушы, автор және басқарушы;
- Гипермәтін мен бейнелер оқу материалының негізгі жабдықтары болып табылады, сонымен бірге арнайы программаларды шақыру жүргізіледі, жеке жағдайларда анимация мен видеолар қолданылады;
- Сілтемелер мен батырмалардың көмегімен бір тараудан екінші тарауға өту жүргізіледі;
- Электронды оқулықтарды тарату үшін бірнеше тілдер мен технологиялар қолданылады. Ең жиі қолданылатындары: HTML, Macromedia Flash и JavaScript .
Әмбебап электронды оқулықты жасаудың негіздемесі
Электронды оқулықты жасау төрт сатыдан тұрады:
- Негізгі жобалау. Бұл сатыда электронды оқулықтың негіздемесі қалыптасады, оның негізгі фуцнкциялары анықталады, мазмұнды бағыты мен архитектурасы құрастырылады, дидактикалық және программалы-техникалық шешімдер қабылданады;
- Бөлшектеп жобалау. Саты қолданушы интерфейсін және ақпараттық базаның құрылымын құрумен, ақпараттық компоненттердің шаблондарын жасаумен байланысты;
- Жүзеге асыру. Саты электронды оқулықтың программалық жабдықтауын программалық жүзеге асыруды қарастырады;
- Өнімді таралымға дайындау. Бұл сатыда құрылған электронды оқулық коммерциялық интеллектуалды өнім ретінде рәсімделеді.
Автор электронды оқулықтарды құра алады, яғни оқу материалын, әр түрлі типтегі сұрақтар мен тапсырмаларды, жауаптарды және оған түсініктемелерді, анықтама мәтінін енгізу, сонымен қатар енгізілген мәліметтерді жаңарту және тесттен өткізу. Әкімшілік электронды оқулықты жұмыс істетудің жалпы қолдамасын және қолданушыларды тіркеуді қамтамасыз етеді. Қолданушы мен олардың жұмысы жайлы мағлұматтардан тұратын мәліметтер базасы электронды оқулықтың ақпараттық базасының құрамына кіреді, білім базасында оқу материалдары, тапсырмалар жинағы, анықтама мәтіні және көмекші сақталынады. Интернет желісінде әр түрлі пәндер бойынша электронды оқулықтарды құру үшін қолданылатын программалық жабдықтарды құруға мүмкіндік береді.
Мысалға, электронды оқулықтағы бір тақырыпқа тоқталатын болсақ, алғашында сол тақырып бойынша мәтін берілген.
- Осы мәтінді студент тыңдайды, оқиды, сонан соң барып тақырыптық сөздіктерге көңіл аударады.
- Жаңа сөздерді іздеп тауып алғаннан кейін, сол сөздермен басқа жағдаяттарда қолдануға болатын сөйлемдер құрастырады.
- Осы құрастырған сөйлемдерін қолдана отырып жағдаяттар ойластырады.
- Өздері ойластырған жағдаяттарды қолдана отырып сұхбат құрастырады.
- Сұхбаттарды бірінші жақтан құрастырғаннан кейін, оны үшінші жаққа аударып айтып береді.
- Берілген тақырып көлемінде түрлі жаттығулар мен тапсырмалар орындайды.
- Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс қою арқылы сөйлем құрастырады.
- Сөйлемдегі жетпей тұрған сөзді табу арқылы, сөйлемнің мағынасын түсінуін аңғартады.
- Компьютермен сұхбаттасу арқылы қойылған сұраққа дұрыс жауап бере алатындығын көрсетеді.
- Әңгімені қостай отырып, сол тақырып көлемінде сөйлесе алатындығын байқатады.
- Сөйлемдегі сөздердің жалғауларын дұрыс қоюы грамматиканы түсінгендігін білгізеді.
- Сөйтіп көптеген жаттығулармен тапсырманы дұрыс орындағанда барып өз өмірінде осы тақырыпты қолдана отырып әңгіме құрастыруға дейін жетеді.
Электронды оқулықтар студенттердің
- білім деңгейін тереңдетуге;
- ауызекі тілде сөйлей білу дағдыларын қалыптастыруға;
- өз бетінше іздену қабілетін қалыптастыруға;
- ойларын дамытуға;
- студенттердің сөздік қорының молаюына;
- тілге деген ынтасы мен қызығушылығының артуына;
- сабақта өзін еркін ұстап, өз мүмкіншілігін кеңінен пайдалана алуына;
- өз ісіне талдау жасай алуға көптен-көп көмегін тигізеді.
Қорыта келгенде, оқу үрдісінде электронды оқулықты қолданудың маңызы өте зор. Тіл үйренуші электронды оқулықпен сабақ бойы үздіксіз байланыста болғандықтан тілді меңгеруіне үлкен мүмкіндіктері бар. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану - оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады.
Практикадан мысалдар:
- Сөздікпен жұмыс / аудару, сөз тіркестерін құрастыру/ даңқты- прославленный жасақталған - сформированный қоршау - окружение атақ - звание
- Мәтінмен жұмыс.
А. Мәнерлеп оқыту
Ә. Тізбектеп оқыту.
Б. Сұрақ - жауап 1. Б.Момышұлы кім?
- Қандай ерлік көрсетті?
- Майданда қандай қызметтер атқарды?
- Қандай марапаттар алды?
Сөзжұмбақтағы сөйлемдерді дұрыс құрастырсаңыз, Б.Момышұлының нақыл сөзін оқисыз
Ер дегенде |
Жұрт дегенде |
қызмет |
езіліп |
жұмылып |
ет |
Ер дегенде езіліп,
Жұрт дегенде жұмылып қызмет ет.
IV Көп нүктенің орнына тиісті бастауышты қойып жаз.
- болып тумайды.
- елі үшін туады, елі үшін өледі.
- жасау оңай емес.
- батырларын ешқашан ұмытпайды.
Керекті сөзер: батыр, халық, ерлік, ер. Глоссарий
Кдзақща |
Орысша |
Ағылшынша |
Ерлік |
Героизм |
Heroísm |
Аныс |
Легенда |
Story |
Шайқдс |
Битва |
Battle |
Сарбаз |
Солдат |
Soldǐer |
Даңқ |
Слава |
Fame |
Күллі әлем |
Весь мир |
All worbd |
Тапсырма: Сөйлем құрастыру 1 -топ /қазақша/
- топ /орысша/
- топ /ағылшынша/
Сөзжұмбақты шешу.
- "Герой" сөзінің аудармасы
- Батыр - қала
- Б.Момышұлының туған жері.
- Б.Момышұлы қандай батыр?
- Б.Момышұлының жазған туындысы.
- Батырдың әскери атағы.
Пайданылғын әдебиеттер:
- Вильгельм фон Гумбольдт. Избранные труды по языкознанию Издательство: Прогресс, 2000., 20-21 стр.
- Ю.Н.Караулов. Показатели национального менталитета в ассоциативно-вербальной сети // Языковое сознание и образ мира/отв. Ред. Н.В.Уфимцева.- М.: ИЯ РАН,2000.-120 стр.
- Л.А.Фурс. Принципы и методы исследования синтаксиса в когнитивном аспекте/Принципы и методы когнитивных исследовании языка:сб. Науч. Тр.- Тамбов,ТГУ,2008. 149-155 стр.