Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Логистикада аутсорсингті пайдалануда оптимал шешімді қабылдауды негіздеу

Аталмыш мақалада логистикада аутсорсингті пайдалануда оптимал шешімді қабылдау нұсқалары талданып, оның ішінде көліктік логистикадағы аутсорсингтің ерекшеліктеріне ерекше назар аударылған. Аутсорсинг туралы шешім қабылдауды негіздеудегі маңызды факторлары қарастырылды.

Қазір көптеген компаниялар аутсорсингтің беретін әсерін түсіне бастады, өйткені ол басты кәсіпке жатпайтын бизнес-процестерге жұмсалатын шығындарды жұмыс істейтін персоналдың еңбек ақысы есебінен үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұдан шығатыны, аутсорсинг еңбек ақы бойынша жұмсалатын шығындар жүктемесін өз мойнына алып, фирмаға өз күш-жігерін маңызды жұмыстарға жұмсауға мүмкіндік береді.

Аутсорсинг - (ағылш. out - "сыртқы", source - "қайнар көз"; outsourcing тікелей аударғанда - сыртқы қайнар көздерден бірдеңе алу үдерісі деген мағынан білдіреді) - кәсіпорынды оңтайландыру мақсатында кәсіби емес бағыттағы қызметтерін (шамалап немесе толықтай) және корпоративтік рөлдерді сыртқы мамандандырылған компанияларға (аутсорсерлерге) тапсыру. Қарапайым тілмен айтқанда, "Өзіме тек тамаша атқара алатын істерді ғана қалдырып, ал сыртқы орындаушыларға олардың жақсы орындай алатынын тапсырамын" дейтін жаңа басқару стратегиясы [1, 16-17 бб.].

Енді аутсорсингтің негізгі бағытының бірі - "Логистика аутсорсингін" қарастырып өтейік. Логистика бизнестің тиіміділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басты құралдарының бірі. Оның басты мінддеті ақпарапттық, қаржылық және материалдық ағындарды минималды шығындармен басқару. Сондықтан бұнда нақты жұмыс түрі бойынша тәжірибесі, білімі, техникалық мүмкіндіктері, қоймалары бар басқа компанияларға тапсыру, яғни логистикадағы аутсорсингті пайдалану. Бизнестің кез-келген түрі сияқты аутсорсинг келесі бәсекелік артықшылықтар береді:

  • ресурстарды тиімді пайдалану мен үнемдеу;
  • персонал еңбек ақысынан жасалатын үнем;
  • мамандандырылған технологияларды пайдалану;
  • персоналды арнайы дайындауға жұмсалатын шығындарды үнемдеу;
  • логистикалық үдерістердің үздіксіз жүріп отыруы;
  • салықтық, сақтандыру, зейнет ақылық және т.б. шығындарды үнемдеу;
  • логистикаға тән тәуекелдерден құтылу.

Бұдан шығатыны, аутсорсингтік қызметтерді пайдаланатын компаниялар өзінің негізгі қуаты мен уақытын өзінің басты қызметтері мен міндеттеріне ғана жұмсай алады.

Логистикалық аутсорсингті қызмет бағытына қарай келесі түрлерге жіктеуге болады:

  • - көліктік-экспедициялық қызметтер;
  • - кедендік рәсімдеу қызметтері;
  • - қоймалық қызметтер;
  • - жабдықтаушыларды іздеп табу, олармен келіссөздер жүргізу;
  • - тауарларды буып-түю немесе қайта түю, қоймалау.

Логистикалық бизнестің бүгінгі күні қаншалықты өзекті сипат алып келе жатқандығын ондағы логистикалық қызметтердің айналымы орта есеппен 600 млрд евро құрайтындығынан байқауға болады. Экономиканың барлық салаларында логистикалық қызметтердің 30% логистикалық компанияларға беріледі. Аутсорсингке, әдетте, келесі қызметтер тапсырылады [2]:

  • - қоймалау - 73,7 %;
  • - сыртқы тасымалдау - 68,4 %;
  • - жүктер мен төлемдерді рәсімдеу - 61,4 %;
  • - ішкі тасымалдау - 56,1 %;
  • -жүк/дистрибуция консолидациясы - 40,4 %;
  • - тікелей тасымалдау - 38,6 %.

Батыста аутсорсинг әсіресе дайын өнімді өткізу және бөлу аясында кеңінен қолданылып келеді. Мамандардың болжамдары бойынша, "логистикалық қызметтер аутсорсингі" (Third Party Logistics Services-3PL/ Logistics Outsourcing)" - логистикалық қызметтердің бірқатарын немесе түгелімен (өндірістік емес сипаттағы) сыртқы сервистік логистикалық ұйымдарға тапсыру болашақта логистикалық қызметтердің маңызды бір сегментіне айналмақ. Логистикалық аутсорсинг тұжырымдамасы бойынша фирма өзінің кейбір логистикалық операцияларын олардан ұтымдырақ атқара алатын серіктестерге тапсырыс бере отырып, ішкі өндірісінде оған ресурстарды жұмсамауды көздейді. Бір компания өз логистикасын басқаруды бақа компанияға тапсыратын болса, бұл нұсқа контрактілі логистика (contract logistics) деп аталады. Логистикалық кәсіпорын 3PL-провайдер ретінде қызметтердің толық кешенін көрсететін, бірақ оның ішінде тауарларды тапсырыс бойынша жеткізу қызметі басымырақ тәуелсіз делдал ұйым ретінде қарастырылады. Бұл, ең алдымен, қоймалау, тасымалдау, кедендік рәсімдеу, ақпараттық қамтамасыз ету, жеткізушілерді таңдау қызметтерін көрсететін компаниялар.

Қазақстан Республикасында логистикалық аутсорсинг мәселесі өзекті сипат алғанымен, баяу қарқында дамып келеді. Бұл үдеріске келесі факторлар ықпал етуде:

  • - жабдықтау және өткізу тораптарының, сауданың жаһандануы;
  • - жеткізу шынжырларын басқару (логистикалық шынжырларды басқару);
  • - тұтынушылардың қысымы;
  • - аутсорсингті ұйымдастырудың бизнес-қисыны ретінде пайдалану.

Бүгіндері Қазақстанның географиялық ерекшеліктеріне қарай өзіндік логистиканы дамытудағы артықшылықтары мен кемшіліктері де бар екендігін атап өту қажет. Республика территориясы бойынша бес халықаралық транзиттік жолдар мен бірнеше ірі құбыр жолдары өтеді. Еліміздегі транзиттік дәліздің басты артықшылығы Европа және Қытай елінің ара-қашықтығы Қазақстан арқылы өткенде теңіз немесе Ресей арқылы қатынағанмен салсытырғанда мыңдаған шақырымға дейін қысқара түседі.

Қазақстан Республикасының Көлік Стратегиясы бойынша Қазақстан территориясы арқылы 4 халықаралық көлік дәлізі өтеді [3]. Логистиканы дамыту мақсатында мемлекет қомақты қаржы мөлшерін аударуда. Нәтижесінде Қазақстан 2010-2011 жылдары Әлемдік банктің "Логистикалық жағдай" рейтингі бойынша 133-ші орыннан 62-ші позициға көтерілді. Өкінішке орай, 2012 жылы 24 позицияға төмендеп, 86-шы орынға түсті [4].

ҚР Көлік және коммуникация Министрлігінің талдауы бойынша, қазіргі бизнес логистикалық операторлардан бизнестегі жабдықтау шынжыры жүйесіне бірігу мен қосылған құн қызметтерін дамытуды талап етіп отыр, нақтырақ оған: "есіктен есікке дейін"; just-in-time жеткізуі; тауарларды қоймаларда сұрыптау және қайта буып-түю; өндірістік материалдар мен жабдықтар қорын басқару; түпкі тұтынушыға сервитсік қызмет көрсету. Deutsche Post DHL болжамы бойынша аутсорсингтік қызметтерге сұраным артып отырған жағдайда логистикалық компаниялар өз клиенттеріне қызмет көрсетуде өндірістік шынжырдағы қызметтердің бірқатарын өзіне жүктейді.

Отандық логистикалық жүйені дамытуда Кедендік одақтың құрылуы оңтайлы әсер етіп, Европа елдері Қытаймен байланыс жасауы оңайлана түсті. Бүгіндері халықаралық стандарттарға сәйкес келетін ішкі логистика Алматы қаласында шоғырланған, онда "А" класты қоймалар саны жеткілікті және логистика нарығына бәсеке де тән болуда. Ал басқа өңірлерде әлі сапалы логистикалық қызметтерге деген сұраным жоғары, ірі сапалы логистикалық субъектілер әлі дамуда. Дәлірек айтар болсақ, еліміздің логистикалық нарығына келесі шешімін таппаған мәселелер бар [6]:

  • - Қазақстандағы логистикалық нарықты дамытудағы басты мәселе инфрақұрылымның және бүкіл Қазақстан бойынша бірыңғай логистикалық тораптардың болмауы;
  • - жолды пайдалану техникасының тозуы, автокөліктік инфрақұрылымның нормативтік мерзімі уақытынан шыққан;
  • - Республика бойынша темір жол тораптары жеткіліксіз түрде дамыған, темір жол саласындағы негізгі қорлардың басымының тозығы жеткен;

Жалпы логистикалық провайдерді (ЛП) таңдауда келесі қадамдық әдістемені таңдауға болады:

  1. Қажетті логистикалық қызметтепдің тізімін белгілеу (сатып алу, тасымалдау, сақтау), және осыған қарай ЛП таңдау.
  2. Аутсориснгтік қызметтердің қажеттілігін негіздеу ("жасау немесе сатып алу" мәселесін шешу).
  3. Осы аядағы нарықтың жағдайын бағалау.
  4. Делдал мен онымен бірігу формасын таңдау.
  5. Қызметтер стандарттары мен контрактіні анықтау.
  6. Провайдерлермен жұмыс істеу нәтижесін талдап, бағалау.

Бірінші қадамда компания (мекеме) оңтайландыру қажет ететін немесе жетілдіруді қажет ететін логитикалық қызметтерді өз бетінше немесе провайдердің көмегімен анықтап алады. Бизнесті ұйымдастырудың бұндай моделінде компанияның аутсорсингке жүгіну мақсаты өзіне кәсіби бағытта тән емес қызметтерге жұмсалатын (қаржы, уақыт, кадрлық, басқару) шығындарын барынша төмендету және өндірістік үдерістегі транзакциялық шығындарды азайту. Бұндай мәселерді бүгіндері әр түрлі ЛП көмегіне жүгіне отырып шешуге болады [5]:

  1. Нақты активтері бар тасымалдау провайдерлері. Көрсететін қызметтері: жайғастыру логистикасы, нақты әр бір тұтынушыға активтерді ұсынады (мәселен, жүк мәшинелері, қоймалар, менеджерлер), тасымалдау, орталықтандырылған тасымалдаулар, қызмет көрсету, маршруттау TNT, UPS, FedEx, DHL фирмалары мысалында).
  2. Көліктік қызметтерді оңтайландыру провайдерлері. Қызметтері: жайғастырудың біріккен логистикасы, технологиялар, қоймалар мен тасымалдау (Ryder, UPS Worldiwe, Menlo фирмалары мысалында).
  3. Нақты активтері жоқ көліктік қызметтерді оңтайландыру провайдерлері. Кызметтері: біріккен логистика (жеткізудің бір бөлігін немесе жаппай түрде жоспарлау мен оңтайландыруға назар аударып отырады), сервистік бағыттағы логистика (басты назарды технологиялар мен инжинирингке аударады, мәселен, Fiege Group, FM Logistics фирмалары).
  4. Нақты активтері жоқ халықаралық экспедиторлар. Көрсететін қызметтері халықаралық экспедициялау мүмкіндіктерін пайдаланатын біріккен логистика (AEI, Circle, MSAS фирмалары мысалында).

Компания жетекшілері ЛП таңдауда өз бизнесіне нұсқан келтірмейтіні таңдайды. Бұл бағытта басқару шешімін қабылдауда сапалық және сандық көрсеткіштер жан-жақты сарапталады. Логистикалық аутсорсингті бағалау жүйесі төрт құрамадан тұрады (Кесте 1).

Кесте мәліметтері бойынша, бағалау екі бағыт бойынша жүргізіледі. Бір жағынан тапсырыс берушінің логистикалық аутсорсингтегі бизнес- стратегиясы талданса, екінші жағынан, аутсорсингтік компанияның таңдап алған стратегиясының тиімділігі бағаланбақ.

Жалпы аутсорсинг туралы шешім қабылдауда алдын ала өз мүмкіндіктері мен аутсорсерден келетін тиім мөлшерін талдап алу қажет. Салыстырмалы талдау жасау мақсатында бірқатар көрсеткіштер жүйесін пайдаланып, оларға сандық және сапалық талдау жасау қажет. Егер қажетті сандық мәліметтер болмаса, онда сапалық талдау жасалады. Эксперттік әдіс бойынша бизнес-үдерістердің ерекшеліктерін, факторларын, белгілері мен даму үрдістерінің баламаларын зерттейтін сауалнама жүргізу мен сарапшылардың пікірлерін білуге болады. Сапалық әдістердің кемшілігіне оның объективтілігінің төмендігі. Сондықтан сандық және сапалық әдістердің үйлесімін пайдаланған жөн. Талдау объективтілігін арттыру мақсатында онда қолданылатын ақпарат сапасын арттырған жөн. Бұл ақпараттар мүмкіндігінше тура, толық және дәл болуы шарт.

Көздеген мақсаттарға жету деңгейін анықтауда белгілі бір параметрлерге салыстырмалы талдау жасауда көрсеткішті бағалау коэффициентін пайдалануға болады:

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.