Тарихында түрме болмаған елімізде бүгіндеХалықаралық түрме зерттеулері орталығының ақпаратынасенсек, еліміздің пенитенциарлық (латын тілінде Poenitentia - өкініш) жүйесінде 86 мекеме (колония, қоныс колониялары және тергеу изоляторлары) барекен.Сотталушылардың саны жағынан 200-ден астам мемлекеттің ішінде31-орынға түссек те, бар-жоғы 18 миллион халқы бар Қазақстан үшін бұл статистика көңілге жұбаныш болаалмайтыны ақиқат [1].
Қандай мемлекет үшін болмасын түзеу мекемелеріндегі бас бостандығынан айырылғандарды бағып-қағу, ұстау барысы күн тәртібінен түспей келе жатқан мәсе- леекендігі белгілі. Өйткені, қылмыс жасап, жазасынасай сотталған адамдарды қоғамнаноқшаулағанмен іс бітпейді. Олардың әлгі қылмысынасай жазасын өтеуі үшін қалыпты тіршілігін қамтамасыз ету қажет. Оған адам өміріндегі барлық мәселелер кіреді. Ішінде құқын да таптамау жағы ойластырылады. Бірсөзбен айтқанда, соттап түзеу мекемесінеотырғызған соң ол адамды енді мемлекет қалтасынан ұстау қажет. Жазаларды орындау органдары соттың үкімімен тұтқындалғандардың тек бостандығынан ғанаайы- рылғанын түсінеді, алайда қазіргі жағдайдаолардың мәдени және білім беру қызметінеараласуы, қорғалу құқығы күн өткен сайын маңызды бола түскенін ашық мойындайды. Бұл коммуналды-тұрмыстық, медицина, білім беру, жұмыспен қамту және т.б.Осы орайдасотталғандарды түзетудің және бостандықтағы өміріне тез бейімделудің бірден-бір жолы кәсіби тұрғыда білім беру мәселесіне тоқталайық.
Сотталғандарға білім беріп, кәсіби тұрғыдан оқытыпдайындаудың өзінің тарихы бар. 1861 ж. шаруаларреформасынан кейін түрмереформасын жүзегеасыру қажеттілігі пайда болды.
Орыс заңгері, психолог С.В. Познышев:«Пенитенциарлық мекемедебілім беру қылмыс пен кемістік өзінің тамырларын жаймас үшінақыл-ой қараңғылығын жоюға қажет болғандықтан ерекшеорын алу керек және де ұстау орындарындағы берілетін білім адамгершілік түсініктер мен өмірлік идеалдар дүниесін қозғау қажет» деген.
Бас бостандығынан айырылған сотталғандарды жалпы білім беру даму деңгейінің бірі 1954-1956 жылдары қабылданған түзету мекемелерінің қызметін жақсарту туралы жарлықтың қабылдануымен байланысты болды. Бас бостандығынан айыру орындарында бірінші жалпы білімдік мектептер құрылды, олар 1987 ж. Просвещение Министрлігінің құрамында болды.
Сотталғандардың оқытылу нысандары мен мектептердің түрлері РСФСР жалпы кешкі орта білімді мектептер туралы Ережесін қолдану инструкциясымен анықталды. Ережегесәйкес бастапқы (1-4 класстар), сегізжылдық (5-8 класстар), орта (9-11 класстар), кешкі жалпы білімдік мектептер болып ұйымдастырылды.
Сырттайоқу жүйесіндеоқушы сотталғандароқу-кеңестік бөлімшелерде оқытушылардың басшылығымен оқыды, уақыттың бір бөлігін өз бетінше, белгіленген уақытта кеңестералаотырып, сонымен қатар әрқайсысы барлық пәндер бойынша етихман тапсыруға міндетті болды. Сауаттылығы аз, сауатсыз жәнеегде жастағысотталғандарды білімі жеткілікті тұлғалардың жеке-топтық сабақтар ұйымдастыру жолымен оқыту тәжірибесі қызық болды. Білім алу кезінде бірқатаржеңілдіктер де қарастырылды, мысалы, оқу кезеңіндеолар басқа бөлімшелергеауысаалмады, емтихан тапсыру уақытында жұмыстан босатылды, шаруашылық жұмыстарында қолданылмады.
ҚазССРЕңбекпен түзеу кодексінесәйкессотталғандардың міндетті сегіз жылдық оқытылуы жүзегеасырылды. Оқытудың мақсаты сотталғандардың жалпы білім мен мәдениет деңгейін жоғарылату болып табылды. Барлық еңбекпен түзеу мекемелеріндеорта, сегіз жылдық кешкі мектептер, оқу-кеңестік бөлімшелер болды, себебі сотталғандардың 99% жалпы білім алуға міндетті болды. Бас бостандығынан айыру орындарында кешкі сегізжылдық жәнеорта мектептер кең таралды. Оқыту міндетті болып, ал оқудан жалтарған сотталғандарды режимді бұзушыларретінде қарастырды. (Оқыту түзету мен қайта тәрбиелеудің негізгі құралдарының бірі болып танылды).
1980 ж. заңнамамен 30 жасқа толмаған сотталғандарғаорта білім алу міндеттілігі бекітілді, ал 1985 жылы – 40 жасқа дейін.
1990 жылдары әлеуметтік-экономикалық қиыншылықтарға байланысты жалпы білім беретін мектептердің басым бөлігі жабылып қалды. Зерттеулер бойыншабілім алғансотталғандартәртіп бұзушылықтардыаз жасайды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін тез бейімделеді. Осығабайланысты орыс педагогы А.С.Макаренконың мынандай пікірі орынды: «Менің ойымша, құқық бұзушылардың мінез-құлықтарының өзгеруі мен қайта тәрбиеленуі тек толық орта білімі бар болған кезінде мүмкін» деген. Сотталғандардың білімінің деңгейі бостандықтағы азаматтардыңдеңгейінен төмен. Бұл білім деңгейін жоғарылатуымен адамның санасы, мәдени жәнерухани қажеттіліктері, оның құқықтық мәдениетінің өсуімен түсіндіріледі [2].
Ч.Ломброзо өзінің еңбектерінде келесі жағдайды атап өтеді: «Білім берудің игілікті ықпалы мен маңызы ол халықтың барлық санаттарында кең таралғандаерекшеанықтылықпен байқалады, себебі ол сауаты аз адамдардың арасында қылмыстардың азаюына, оларды жеңілдетілуіне жағдай жасайды».
Көптеген сарапшылардың ойларынша, ең алдымен сотталғандардың дүниетанымы өзгертулерді қажетсінеді (54,3%); білім беру арқылы тәрбиелеу түзетудің ең нәтижелі тәсілі болып табылады (81%); Сарапшылардың жартысынан көбісі (46%) кәсіби дайындалған маман ретіндесотталғандар үшін қасымша білім беру бағдарламаларын өткізу қажеттігі туралы пікірлерін айтты. Қоғамдық ұйымдардың өкілдерін деосындай жұмысқа тарту қажет, себебі, түзету мекемелерінің қызметшілерінің ойларынша, олар мен сотталғандарарасындасенім қатынастары орнатылады [3].
Ал қазіргі таңдаелімізде бұл мәселе қалай орын табуда, соған тоқтала кетсек. Бас бостандығынан айыру жазасына кесілгендердің құқықтық мәртебесі басқасанаттағы сотталушылармен (бас бостандығынан айыру жазасынан бөлек) салыстырғанда қатаң екені баршаға түсінікті. Алайда, бұл бас бостандығынан айырылғандар «біткен» адам деген сөз емес. Олар да Қазақстан Республикасының азаматы ретінде негізгі құқықтарға ие болуын жалғастыра береді. Олар тек бостандығынан айырылғандар, дегенмен де, денсаулықтарын сақтауға, ар-ождан бостандығына, адами құндылықтарын құрметтеуге толық құқықтары бар. Ал, сотталушылардың ең басты конституциялық құқығы - орта білім алу. [4]
ҚР Қылмыстық-атқару Кодексінде жалпы білім алу мен кәсіби дайындық түзетудің бір құралыретінде қарастырылады. 127 бапқасәйкес:
Мекемелердеотыз жасқа толмаған сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімді міндетті түрдеалуы ұйымдастырылады.
Отыз жастан асқан сотталғандар мен мүгедектер бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімді өздерінің қалауы бойыншаалады.Емтихандарды тапсыру үшін оқушылар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасынасәйкес жұмыстан босатылады.Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген, сондай-ақ емдеу- профилактикалық мекемелердегі сотталғандарға бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алуы үшін жағдайлар жасалады.Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алуға ұмтылыс көтермеленеді жәнесотталғандардың мінез-құлық дәрежесін айқындау жәнеоларға мінездеме жасау кезіндеескеріледі [5].
Сотталғанға ықпал етудің барлық құралдары, соның ішінде жалпы білім дайындығы негізгі мақсат - сотталғанның мінез-құлығының өзгеруіне жәнересоциализацияға бағытталған. Егерсотталғанды қылмыстық өмірдің қатеекендігінесендірмесеоны түзету мүмкін емес.
Түзету мекемелерінің әкімшілігі мемлекеттік білім беру органдарымен бірге жалпы білім беретін мектептер, оқу-кеңестік бөлімшелер құруға жәнеоларды қажетті құрылғылармен, оқу әдібиеттерімен, ал сотталғандарды - жазу құралдарымен қамтамасыз етуге міндетті болып табылады.
Республикалық ҚАЖ мекемелерінде 3557 сотталушы 55 жалпы оқу орнында білім алуда. Сонымен қатар, көп сұранысқа ие 50-ге жуық мамандық бойынша кәсіби жұмысшылароқытылуда. Жалпы мекемелердегі кәсіби мамандық түрлеріатап айтқанда, ағаш шебері, құрылысшы, өңдеуші-тасшы, тас қалаушы, жиһаз құрастырушы, құрал- сайманшы, токарь секілді кәсіптік жұмыс түрлері. Бұндай мамандықтарды игеру біріншіден мекемеде тәртіптің түзелуіне, екіншіден бостандыққа шыққанда жұмыссыз қалмай жаңа өмірге бейімделудің бірден-бір жолы. Адамды түзету жолында ықпал ету әдістерінің бірі кітап болып табылады, яғни тағдыр тәлкегіне ұшырап темір торға түскен жандардың өз қателерін терең түсініп, өкініш сезімдерін оятып, көзқарасын өзгерту - ол сапалы білім беру, арамтамақтықтан арылтып кәсіпке үйрету.
Түзету колонияларында жазасын өтеп жатқан әйелдерге косметология, емдік массаж, бақташылық, әйелдік шаштараз бағдарламалары, және т.б. бағдарламаларды ұсыну мақсатты болып табылады. Мұндай кәсіби дайындықтың нәтижесі тек қана мамандықты алу ғанаемес, келешек өмірдееркіндікке дайындық болып табылады.
Әлеуметтік қызметшілер мен жасақ бастығы және психологтарсотталғандардың кәсіби қызығушылықтарын зерттеу карантин кезінде жүргізу қажет. Бұл сотталғанның мекемедегі өмірге бейімделуіне үлкен септігін тигізері сөзсіз. Атап айтсақ бұл дегеніміз сотталғанды алдағы өміріне дұрыс бағыт-бағдар беру, қайтып қылмыс жасап, теріс жолға түсуін болдырмау.
Түрме - ол дайын тамақ, киім-кешек пен сейілдеу, ақысыз оқып, емделіп, қалай жүрем өзім білем деп арқаны кеңгесалып, сайран құратын жеремес.Егерсотталғандар түзеу мекемесі әкімшілігінің тәртібіне көнбей, ойына келгенін жасай беретін болса, бұл заң жүзіндеолардың өздеріне қайта таяқ болып тиетіні сөзсіз. Сол себепті де кей арандатушылар мен теріс пиғылды топтың «арынын» басып, солардың тарапынан жиі жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алуда тәрбие жұмыстарының аларорны ерекше.
Түзелу әрадамның өзіне жәнеайналасындағы қамқорадамдарына байланысты екені сөзсіз. Алайда, сотталғандардың арасындаешкімі жоқ адамдар да болады немесе бала- шағасы мен жақындары терісайналып кеткендері де баршылық. Ондайлар бостандыққа шыққан соң барар жері, басар тауы жоқ болып жүреді де қайтадан қылмыс жасап, «үйренген жеріне» қайтып келеді. Ал, еркіндікке шыққан соң жаңадан өмір бастап кететіндер өкінішке қарай, өтеаз. Түзеу мекемелерінде жаза басып жазалы болғандардың алдағы өмірі дұрыс жалғасуы үшін атқарылатын жұмыстар ұшан-теңіз. Алайда, тәлімі берік тәрбиенің орнын ешнәрсеалмастыраалмайды. Адамды түзеу оңай ісемес. Майысқан темірді немесе қисық өскен талды түзеуге болар. Бірақ, біремес бірнешерет қатыгездікке барып, адам өлтіріп, опасыздық жасағандардың сана-сезімінесаңлау түсіру, тәрбиелеу, өмірге деген көзқарасын өзгерту өтеауыр жұмыс. Осыдан кейін сотталғандармен күнде бетпе-бет келіп, жұмыс істейтін ҚАЖ қызметкерлерінеартылатын ауыртпалықты өзіңіз бағамдай беріңіз.
Әдебиеттер
- Егемен Қазақстан 2017 жыл 10 қараша №0048.
- Береговой В.Т., Жданов О.И. О стилях поведения операторов вэкстремальных условиях деятельности//Психол. журн. 1992.№2.Т. 13.С. 60- 65.
- Исправительно-трудовая психология. Рязань, 1985. С.256-257.
- 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы (2017 жылғы 10 наурыздағы өзгерістермен және толықтырулармен). // ĥţţр:// www. adilet.kz/.
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексі.