«Білім алудың тамыры ащы, бірақ жемісі тәтті», - деп бірінші ұстаз Аристотель айтқандай, білім мен өнер жас ұрпақтың болашағының жарқын болуына бірден-бір кепіл. Білім жайында жер бетіндегі ақын жазушылардың бәрі де қалам тербеді. Нақыл, қанатты, ұлағатты ой айтып, бізге құнды мұра етіп қалдырды. Қазақстанда білім беру мазмұнын жаңарту шеңберіндегі білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуде. Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілеті мен белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірде оны қолдана білуге үйрету - бізұстаздардың басты міндетінің болуымен қатар, оларға үлкен жауапкершілікті еселейді.Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - өскелен ұрпақты оқытуға үйрету, әлемдік білім кеңістігіне қол жеткізу, инновациялық білім негіздерін терең меңгерту болып табылады.
XXI ғасыр - жаңа технологиялар ғасыры. Сондықтан білім беру үрдісінде жаңа технологияларды тиімді қолдану заман талабы. Әсіресе шет тілін үйренуде мұның пайдасы өте зор. Себебі адамдар бүкіл бір ұлттың мәдениеті мен әлеуметін тіл үйрену арқылы үйренеді. Яғни, көрсетілген міндеттерді ескере отырып, біз заманауи оқытуды тәжірибемізге енгізіп, ойлау қабілеті дамыған, өз бетінше шешім қабылдай білетін, басқалармен пікір бөлісетін білімді, адамгершілігі мол, ұлтжаңды, ұрпақты тәрбиелейміз.
Ақпараттық технология - ақпараттарды сақтау , өңдеу, жинау үшін бір технологиялық үрдіске бағытталған әдістер - технологиялық құралдардың біртұтастылығы болып табылады. Білім беру барысында ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі.Сонымен қатар кейде қол жетпейтін білім мен мәліметтерді әр түрлі формада ұйымдастыруға , көрнекіліктерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Өскелен ұрпақты қызықтыра тәрбиелепбілім беру, оқушының ғылымға , білімге деген құлшынысын оятады, әрі қарай дамуына өте қажет шығармашыл қасиеттерін ашады. Білімнің сапалы болуы тікелей біз ұстаздарға, оның білім дәрежесі мен іздену, талпыну шеберлігіне байланысты. Педагогикалық технология дегеніміз - біз педагогтардың өзін-өзі ұстай білуіміз, алғырлығымыз, сөзге шеберлігіміз, байқағыштығымыз жатады. Білім беру жүйесін жобалау, жоспарлау, мақсатын анықтау мүмкіндіктері ескерілуі керек.
Ұстаз қалай білім беру жүйесін ұйымдастырса, солай ұйымдастырушылық процесстің барысы өтіледі. Ең бастысы берілген сабақты дұрыс заман талабына сай жоспарлап алу қажет деп есептейміз. Білім беру үрдісін жаңаша ұйымдастыру біз ұстаздардың және балалардың өзін-өзі жетік дамытуына қолайлы жағдай жасай отырып, оның шығармашылығының өздігінен артуына септігін тигізеді. Мұндай жаңа технологияларды пайдаланып оқыту барысында ұстазға қойылатын негізгі талап баланың берген жауабын түзету, берілген тапсырманы оңай орындау жолдарын көрсету, балаға өз ойын емін-еркін толық жеткізуді үйрету болып табылады. Өз ойын қысылмастан айтуға мүмкіндік беру, оған пікір еркіндігін сездіру баланың сол сәтке деген қызығушылығын арттырады.
Қорыта келгенде, кез-келген педагогикалық технология жоспарлау негізде қаралады. Сондықтан, бірінші кезекте, білім әлеміне еніп жатқан заманауи технологияларды реттеу, жүйелеу және жаңарту қажет. Білім беру жүйесіндегі заманауи педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы оқу құралдарын оқытуды,біртұтастылықпен үздіксіз жүргізу, білім беру және тәрбиелеу үрдісінде оқытуда пәнаралық байланыстардың болуын қарастыру.
Күнделікті жас ұрпаққа білім беру біз үшін үйреншікті жәй ғана шеберлік емес, ол сонымен қатар жаңадан заманауи алтын қазынаны табатын өнер көзі екендігіне көзіміз жетті.
«Болашақта өркениетті ел қатарына қосылатын болсақ ,отан сүйгіш ,өз өлкесін, туған жерін сүйе білетін, ұлтжанды, патриоттық сезімдерге бай, жан-жақты білімді,дені сау ұрпақ тәрбиелеуде еш уақытта естен шығармауымыз керек», - дейді елбасы Н.Ә.Назарбаев. Елбасымыз айтқандай еліміздің болашағы жас ұрпақтың қолында. Еліміздің болашақ жастарына заман талабына сай білім беру - бүгінгі күннің басты талабы. Осы талапты орындау мақсатында біз ұстаздарға жүктелер міндет орасан зор.
Әдебиеттер
- Қазақстан-2050” Стратегиясы.
- Бабаев С., Қазиева К. Педагогикалық инновациялар мен педагогикалық озат технологиялар — талапшаң мұғалім еншісі // Бастауыш мектеп. — 2011. — № 4. — 25-б.
- Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде //Алматы - 2006ж. 4-5 бет.
- Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі - сапалы білім // Қазақстан мектебі № 4. 2008ж.
- Ишанғалиева А.М. Құзыреттілік — білім мен мүмкіндіктің бірігуі // Шетел тілін оқыту әдістемесі. № 2. — 34-б.
- Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы.
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Қазақстан мұғалімі. — 1999. — 23 шілде. — 2-5-б.
- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік- экономикалық жаңғырту — Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа жолдауы // Егемен Қазақстан., 2012. — № 41-42 (27114). — 28 қаңт.
- Құдайбергенова К.С. Инновациялық тәжірибе орталығы - педагогикалық технология көзі //Алматы 2001 - 75 б.
- Нұржамал Үсенова , «Білім туралы нақыл сөздер жинағы».