Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мұхтар Әуезовтің өткен ғасырдың жиырмасыншы-қырқыншы жылдардағы негізгі көркем туындылары

Кіріспе

Ұлы тұлғаны уақыт аласарта алмайды. Мұхтар Омарханұлы Әуезов бейнесі осыған куә. Кемеңгер суреткер тек сіз бен біздің ғана емес, әлі дүниеге келмеген жаңа ұрпақтардың да сарқылмас игілігі, өлшеусіз бақыты.

Өйткені, М. Әуезов құдіреті оның елге деген шексіз махаббаты мен сенімінде жатыр. Осы бір ақиқатты сезіну мына біздерге, бүгінгі тәуелсіз мемлекеттің іргесін нығайтып жатқан ұрпаққа қажымас қайрат, жасымас жігер қосады.

Біз білетіндей, Мұхаң үлкен өмірлік, творчестволық жол кешті. Ол әдебиет босағасын алғаш 1917 жылы аттап, тырнақ алды туындысы – «Еңлік-Кебек» пьесасын жазды. Содан 40 жыл бойы қазақ әдебиетін өркендету жолында талмай қызмет атқарған жазушы.

Әуезов қазақ әдебиетінің тарихына алғаш қалам сілтеген зерттеушілердің бірі

Мұхтар Омарханұлы 1923-1928 жылдар аралығында Ленинград (қазіргі Санкт- Петербург) университетінде білім алды.

Даңкты Ресей қаламгерлерімен, қогам қайраткерлерімен, ғалымдарымен, ақын- жазушыларымен араласып, рухани кеңістігін кеңейтті. Отбасын құрып, өмірлік серік тапты. Студент кезінде атақты «Қарагөз», «Хан Кене» пьесаларын, «Қараш-Қараш окиғасы», «Қилы заман» және өзге де прозалық шығармалары мен «Әдебиет тарихы» атты оқулығын жазды. Сол тұста қазақ әдебиеті тарихының шаңырағын көтеріп, алғашқы уықтарын шаншу рухани қажеттіліктен туды.

Мұхтар 1924-1925 жылдары Ленинградтағы университетте оқып жүрген жерінен арнайы шақырылып, оған Семейде ашылған Қазақ педагогикалык техникум студенттеріне қазақ әдебиеті тарихынан дәріс беру тапсырылды. Ол кезең үшін өте күрделі де қиын талапқа М. Әуезовтің ұстаздық пен ғылыми іздену жолындағы алдын -ала даярлығы көп септігін тнгізді. Қазақ халық ауыз әдебиеті мен әдебиет тарихынан оқыған дәрістерінің негізімде қазақ әдебиеті тарихын дәуірге бөлудің алғашқы нобайларын Мұқан сол тұста анықтай түсті. 1925 жылы Ленинградта оқып жүріп жазған «Әдебиет тарихы» деп аталатын кітабының қолжазбасын даярлап,

1927 жылы Қызылорда қаласында жариялап та үлгерді. Бірак асыра сілтеу заманында бұл оқулық жөргегінде тұншықтырылып, аңсаған қалың оқырмандарының қолына жетпей, қолды болып кете барды.

Семейдегі казпедтехникумда Мұхтар Әуезов оқыған дәрістің неғізінде жазылған «Әдебиет тарихы» оқулығының бастапқы бөлімі халық ауыз әдебиеті деп басталады да, екінші бөлімі «Зар заман ақындары» деген тақырыппен беріліп, қазақ әдебиеті тарихын дәуірге бөлудің тұңғыш межеөлшемі ретінде XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасыр тұтас қамтылады. Жазушы жүз жылға созылған бұл кезеңдегі қазақ халқының отарлану дәуірін тұтас алып, зар заман ақындарының шығармаларында беретін кұбылыстардың қай - қайсысы болса да, патша өкіметінің отаршылдық саясатының әдебиеттегі көрінісі екенін ашып айтады [7; 181].

Қазіргі уақытта кезінде М. Әуезов бастаған әдебиет тарихындағы жүз жылдық кезеңді дәуірлеу принципі келе-келе соңғы зерттеушілер тарапынан сөз етілген тұста оларды нақтылай түсіп, XVIII ғасырдағы әдебиет, XIX ғасырдың алғашқы жартысы мен екінші жартысындағы әдебиет және XX ғасыр басындағы әдебиет тарихы деп жіктеліп салаланған қалпын көреміз.

Жазушының жиырмасыншы жылдардың бас шенінде жазған шығармалары

Мұхтар Омарханұлы Семейдегі мұғалімдер семинарыны (1915-1919) тамамдаған соң 1920-1921 жылдары Семей облыстық атқару комитеті қазақ бөлімінің және облыстық соттың меңгерушісі міндетін атқарады. Семейдің «Ес -аймақ» ойын-сауық үйермесі жас жазушының «Ел ағасы», «Бәйбіше-тоқал» пьесаларын халық театрының сахнасына қояды. Күнделікті саяси-шаруашылық мәселелерге арналған мақалалары «Қазақ тілі» газетінде үзбей жарияланып тұрады. 1921 жылы мамыр мен маусым айларында Семей облревкомының төралқа мүшесі, маусым айынан қараша айына дейін облыстық атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарады. 1921 жылдың қараша айында Қазақ АКСР-і ОАК-нің төралқа мүшелігіне сайланып, онда саяси хатшы міндетін атқарып, кадр мәселесімен айналысады [1; 7].

Осы уақытта совет мекемелерінде жауапты қызметтер атқара жүріп, суреткер баспасөз жұмысына да ат салысады. Бірнеше әңгімелер жазады. Соның ішінде ең көрнектісінің бірі - 1921 жылы жазылған «Қорғансыздың күні» атты әңгімесі [2; 67 -89].

«Еңлік-Кебек» М. Әуезовтің драматургтік талантының жарқ еткен бірінші көрінісі болса «Қорғансыздың күні» де, сөз жоқ оның прозаиктік талантының бірінші көрінісі. Жазушы өмір бойы талантының осы екі қырын егіз қатар берік ұстап өтті және кейін келе екеуінде де талай-талай құнды туындылар қалдырды. Мәселен, «Қорғансыздың күні» секілді «Кім кінәлі?» [3; 170-193], «Ескілік көлеңкесінде» [4; 194-211], «Қыр суреттері» [5; 109-116] әңгімелерінде Әуезов үстем тап озбырлығынан қан қақсаған қазақ қыздарының трагедиясын жан ашырлықпен көрсетті.

Жиырмасыншы жылдардағы Әуезов драматургиясында айрықша орны бар елеулі туынды - әйгілі «Қарагөз» трагедиясы [6; 99-152]. Бұл пьесада сүйгеніне қосыла алмай құсадан есі ауысқан Қаракөз қыздың ауыр күйі шебер тәсілдермен суреттелген. Көркемдік сапасы жоғары болғандықтан, пьесалардың жабық конкурсында «Каракөз» бірінші бәйге алған. Өйткені трагедияның сюжет желісі, композициялық құрылымы, тартыс арқауы, образдар жүйесі өте шебер өріліп, еркін дамыған еді.

Суреткердің атақты «Қилы заман» шығармасы

Мұхтар Омарханұлы 1927 жылдың жазында Жетісу өңіріне ғылыми - шығармашылық сапармен келіп, Ілияс Жансүгіровпен бірге ел аралап, болашақ шығармаларына материал жинайды. Ленинградқа қайта оралысымен, осы материалдар негізінде қыркүйек айында «Қараш -Қараш оқиғасы» повесін [8; 35-110], желтоқсан мен 1928 жылдың қаңтар айында «Қилы заман» романын [9; 111-265] жазады.

«Қилы заман» еңбегінде Мұхаң 1916 жылғы ұлт -бостандық қозғалысын арнайы тақырып етіп көтерген. И. Нұрмахановтың «Ұлы суреткер» атты мақаласында бұл шығармаға мынадай жоғары баға берілген: «Қилы заман» роман-трагедиясының бүкіл өнбойынан отарлау саясатының озбырлықтары, қарулы әскердің қарусыз халықты аяусыз қыруы, түрме мен жазалау әрекеттерінің небір сорақы түрлері, тәуелсіздікке, азатгыққа ұмтылған халыкты рух пен жігердің, көзсіз ерлікпен бас имей шет жерге ауып, атамекенінен айырылуы айтып жеткізуге тіл жетпейтін ғажайып трагедиялық суреткерлікпен көрінеді.

«Қилы заман» роман -трагедиясының өн-бойында XVII-XX ғасырлар аралығында қазақ өлкесіндегі барлық кетерілістердің әрі тарихи, әрі көркемдік, әрі әлеуметтік, әрі философиялық барша квинтэссенциялары ешқандай қайталанбас шеберлікпен суреттелген, классикалық қуатқа шынайы ие болған» [10; 7].

М. Әуезов бұл туындысын «Қараш-Қараш оқиғасы» мен «Қаракөз» сияқты қайта өңдемекші еді. Шығарманы идеялық-методологиялық жағынан жетілдіре түспекші еді. Бірақ өкінішке қарай, «Қилы заман» романын қайта қолға алуға автор үлгере алмай кетті.

Әуезовтің «Хан Кене» трагедиясы тарихи шындықты көркем тілмен жеткізген алғашқы пьесасы

ХХ ғасырда, КСРО-дағы тоталитарлық жүйенің кезінде қазақ зиялыларын қуғын- сүргінге ұшырату ауық-ауық іске асып тұрды. 1937-1938 жылдардағы қанды қырғаннан кейін қазақ зиялыларын қуғындау сәл-пәл саябырсығандай мезгіл еді.

Бірақ та Қазақстандағы зиялы қауымды қудалау 1950 жылы қайтадан қарқын алып басталып кеткені тарихтан белгілі. КПСС-тың, Совет үкіметі басшыларының тікелей нұсқауымен қазақтың көптеген интеллигенттері жәбір-жапаның астында қалды. Мысал көп. Тарихшы-ғалымдар Ермұхан Бекмаханов, Бекежан Сүлейменов, әдебиетші-ғалымдар Қажым Жұмалиев, Есмағамбет Ысмайылов нақақтан-нақақ 25 жылға сотталып кетті. Академик Ісмет Кеңесбаев Қызылорда қаласына, тарихшы-ғалым Халел Әділгереев Шымкент қаласына жер аударылды. Міне, осы азаматтармен қатар ұлы жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің да сол жылдары жойқын қуғын-сүргінге тап болғаны тарихтан мәлім.

Осы уақытта М. Әуезовтің талқыға түсуіне себепкер болған шығармаларының бірі – «Хан Кене» трагедиясы. Хан, сұлтан, би, батыр туралы жазғандарды қатал сынға алып, қуғынға ұшыратып жатқан кезде қазақ халқының соңғы ханы Кенесары Қасымұлы туралы шығарма жазу ол кез үшін үлкен ерлік еді.

Өткен ғасырдың отызыншы және елуінші жылдарында республикалық газеттер мен журналдардың беттерінде жазушының бұл еңбегі өршіген өткір әдеби айтыс- тартыстың нысаны болды. Осы дауда қырағы «қызыл көздер»: «Хан Кене – контрреволюциялық пьеса», ал «М. Әуезов шығармашылығының бастапқы кезеңі совет үкіметіне қарсы жаулық әрекетке бағышталды» [11; 9], - деген болатын.

Мұқаң өз шығармасында өмірі де, өлімі де шырғалаңға толы ірі тарихи тұлғаны терең зерттеп, бейнелеуге батыл қадам жасады. Өйткені Кенесары ұлт-азаттық көтерілісінің әйгілі басшысы болды. Ол өзінің тегі жағынан төре тұқымынан. Бабасы – қазақтың атақты ханы Абылай. Арғы аталары Шыңғыс ханның Жошы деген үлкен баласынан тарайды. Абылайдың әйелі – қалмақ Хочу-мерген ноянның қызы Топыштан Қасым сұлтан туады. Кенесары – осы Қасым сұлтанның баласы. Қасымның соңынан ерген балаларының бәрі кілең көкжал, кекті де текті еді. Бәйбішесінен – Есенгелді мен Саржан; екінші әйелі Бибіден – Кенесары, Құдайменде, Әбілғазы, Уақ, Шуақ, Сапақбай және Бопай, Бопан, Бопыш атты үш қыз; үшінші әйелі Асылтастан - жалғыз, арыстан жүректі Наурызбай туған. 1802 жылы Көкшетау өңірінде өмірге келген Кенесары осынау текті ұрпақтың ішінен оқ бойы озық тұрған, жаратылысы тым оқшау, нақ топжарғанның өзі болды.

Кенесары хан көтерілісінің (1837-1847) басты мақсаты - патшалық Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген аймақтардың дербестігін сақтау, қазақ жерлерін бекіністер мен жаңа округтік билеу арқылы жан -жақты отарлауды тоқтату еді. Сондай-ақ, Кенесары қоқандықтардың тепкісіндегі оңтүстік өңірдегі қазақтарды босатып, оларды Қазақ хандығына қосуды көздеді.

Кенесары Қасымұлының қозғалысы бүкіл Қазақстанды қамтыды. Он жылға созылған көтерілістің басты қозғаушы күші – бұқара халық болды. Олар күшейе бастаған отарлық езгіден, феодалдық топтардың қысымынан құтылуға тырысты [12; 2].

Ұлы жазушы «Хан Кене» пьесасында коммунистік саяси идеологияның патшаға қарсы күрес уақытын пайдалана отырып ойды бүкпелеп, астарлап жеткізу арқылы тарихи материалды өз идеясына, негізгі айтар ойына бағындырды. Қазақтың соңғы ханын құр мақтамай, оқиғаның шындығын көрсетуге тырысты. Тұлға мен халықтың, дәуір мен тағдырдың қарым-қатынасын әдеби бейнелер арқылы көрсетіп, қазақ ұлтының тарихи болашағына толғанып ой жіберді.

Бір таңданарлығы М. Әуезов «Хан Кене» пьесасын 1928 жылы жазып, 1934 жылы аталмыш шығарманы сахнаға қойған. Дәл осы аралықта ол тұтқында болып, өзінің «ұлтшылдық», «байшылдық» көзқарастары үшін үш жылға шартты түрде қамауғакесілген. «Хан Кене» трагедиясы премьерадан соң «халықтың қас жауы, кертартпа хан - Кенесараны» суреттегені үшін репертуардан алынып тасталған.

Мұқаң туған халқының басынан өткен сан қилы өмір өткелдерінің ақиқатын сезіне жүріп, әріптестерін бірінен соң бірін қамауға алып, өзі түрмеден енді ғана босанған тұста басын қатерге тігіп, осындай шығарма жазып, қазақ тарихындағы тәуелсіздікке, дербес ел болуға ұмтылған ең елеулі қозғалыстың маңызын айқындап түсіндіріп, өзінің алашшыл идеясын әдебиетке паш етті. Ол «Хан Кене» трагедиясы арқылы тарихты, тарихи ақиқатты жаңғыртты.

Сөз шеберінің отызыншы-қырқыншы жылдардағы шығармалары

Отызыншы-қырқыншы жылдары жазушы талай жанрға, тақырыпқа із салып, қыруар очерк, әңгіме, пьесалар жазды. Тамаша аудармалар жасады. Әдебиет тарихын зерттеу жұмысына белсене ат салысып, көптеген мағыналы мақалалар жариялады. Баяндамалар жасап, оқулықтар құрады. Жоғары мектеп орындарында лекция оқып, теориялық білімін үздіксіз үндетіп отырды.

Осы кезеңде Мұхтар Омарханұлы бір топ белгілі әңгімелер жазды: «Гздер» (1932), «Білекке білек» (1933), «Қасеннің құбылыстары» (1933), «Үш күн» (1934), «Құм мен Асқар» (1935), «Шатқалаң» (1935), «Бүркітші» (1937), «Асыл нәсілдер» (1947). Бұлардың бәрі дерлік жаңа өмірді, кеңес шындығын, колхоз тұрмысын суреттеуге арналды. Жазушының осы әңгімелері арқылы біздегі сөз өнеріне терең де нәзік психологизм келіп көрініс тапты.

М. Әуезовтің жүз жылдығына арналған «Әуезов» атты монографиясында белгілі жазушы З. Қабдол: «Осының бәрі Мұхтар Әуезовтің эпикалық жанрдағы ұлы эпопеяға - өзінің бас кітабына барар жолдағы әрекеттері болатын. Демек, Әуезовтің әңгіме -повестері, бір жағынан, қазіргі қазақ прозасындағы шағын және орта көлемді эпикалық түрлердің әсем үлгілері болса, екінші жағынан, оның алда кезек күтіп тұрған бас кітабының баспалдақтары болып табылады» [13; 259-260], - деп жазды.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе түйіндейтініміз: Мұхтар Әуезов жасаған асыл туындылар қазақ әдебиетін озық әдебиеттердің қатарына қосып, қазақ халқының тарихын, өмірін, мәдениетін, талантын жер жүзі оқушыларына танытты.

Ұлы жазушының шығармаларынан алынған кейбір қанатты сөздер

Қазақ халқы сонау көне заманнан бері шешендік өнерді жоғары бағалаған. Атадан балаға мұра болған халықтың алтын қазынасы — фольклорден ойы терең, тұжырымы нақты, даналық пікірге толы, шешендіктің үлгісі боларлық өткір де ойнақы сөз өрнегін көптеп кездестіреміз. Өмір талқысынан сүрінбей өткен сол өлмес мұра — қанатты сөздерде ақылға ақыл қосатын қуатты күш, өмірде өнеге болар үлгі бар, болашақка жол сілтер өсиет және адамгершілік айдынына құлаш серметер құдірет бар, біздің өмір- тіршілігімізге тікелей қатысты ғибрат аларлық өрелі ой бар. Осы ағалы сөзден нәр алған М. Әуезовтің творчествосынан өз ойын «тілге жеңіл, жылы тиетін» сөздермен жеткізген үлгілерді жиі ұшыратамыз. Осылардың көпшілігі нақыл сөзге айналып, мақал- мәтелдердің қатарына қосылып та жатыр. Соған орай кемеңгер жазушының шығармаларынан алынған қанатты сөздер мен афоризмдерді, шешендік және нақыл сөздерді келтіргенді жөн көрдік:

Т ышқанның өлгені — мысықтың ойнағаны.

Жарыс — жарыс үшін емес, озу үшін.

Қорқыныш көзі шарадай.

Күлкі бүгін күлгендікі емес, ең соңгы күлгендікі.

Дәрменсізде арман көп.

Күнәң аз болса, күн есепте.

Жақсылық — кісінің табандылығында.

Бөрінің артынан бөлтірік ақылды бол-

ғандықтан ермейді.

Елдің сыны шабуыл мен шаптығуда емес — кішіпейіл, мейірімде.

Жастықта адамға төсек те, үй де, тіпті дүние де тар екен.

Кедейлігіңе қарама, кісілігіңе қара.

Өрт шықса, оны алдынан шығып өшір- мейді, қуа өшіреді.

Ер егесте, нар кешуде.

Ақыл адам көрігі, ақылдың сабыр серігі.

Борандағы жетекші — жел.

Зор әмір — құдірет бар жерде, зор қиянат та болады.

Халық пен халықты, адам мен адамды теңдік дәрежесіне жеткізетін қасиет – білім.

Арсыз қолым істеді, арлы бетім ұялды.

Жақынды араз, татуды жат қылатын — өсек, сыбыр-сыбсың.

Құтырғаннан құтылғанның өзі ақыл.

Ар жазасы — бар жазадан ауыр жаза.

Еңбек иесін өлеңде, өнерде қадірлеу қажет.

Ашу ағадан, айып ініден.

Жақсылық қылсаң, жақсыға қыл.

Құба кұстың түмсығы етіңе тисе, атаңның төрі түгіл көріне кірерсің.

Қапқан иттен өш алам деп мен де қапсам, аузымда не қасиет қалады.

Көштің байсал тапқаны, көкорайға қонғаны, даудың байсал тапқаны, төрешіге барғаны.

Отқа салып ерітсең де, алтын сірә жез болмас, аяққа шұлғау қылсаң да асыл жібек бөз болмас. Қарамықтың дені болғанша, бидайдың сабаны бол. Жаман қауымның жақсысы болғанша, жақсы қауымның жаманы бол.

Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі, жаманшылыққа жақсылық ер кісінің ісі.

Жауызға айтқан жақсы сөз — суға жазған сертпен тең.

Жүгірген аң жер иесінің емес, жеткендікі.

Батырлықтың бір міні — тасырлық.

Қыз алғанша — қайын жуан, қыз алған

соң — күйеу жуан.

Арыстан тобын ит бастаса — бар арыстан ит болады.

Шер кімдікі болса, зор сонікі.

Еккенің тікен болса, орарың балауса болмас.

Саф сұлу өнер бықсық ойдан тумайды, шыншыл таза жүректен ғана туады.

Қара түнде жұбанарлық ұл туса, түнде қандай жазық бар?

Биіктеген сайын үнсіздік мол, үлкен биіктің бәрінің басы ұзақ тыныштыққа шомып тұрады.

Адамда екі түрлі қылықтың жолы бар:

бірі — тіршілік қамы, бірі — адамшылық қамы.

Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар:

ең әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек.

Нағыз күлкі сөзде емес, күлкі қылған

халде болады.

Сымбатты өнер болмаған елде

мағыналы тіршілік жоқ.

Жаза баспас қадам жоқ,

Жаңылмайтын қалам жоқ.

Өлең ермек емес, өнердің басы.

Жұрт айтпаған ойды айту — аңда-санда

бір ұшырасатын бақыт, ол ырыс...

Ойдың көпшілігі жұрт айтқан ой болуы мүмкін, бірақ соны басқаша түрде айта білудің өзі қасиет.

Қай өнерді алсақ та, әуелде өз елінің

халық өнері болып, содан ілгері қарай басқан сатысында ғана көптікі болып жалпы адам баласының ортақ теңізіне барып құяды. Өнердің іргесін қалайтын елдің өзі.

Талапты табады, табанды жеңеді.

Бедері кеткен торқадан бек тоқыған бөз игі.

Ауыл иті ала болса да,

бөрі көрсе, бірігер.

Түйін

Өзінің атышулы «Абай жолы» роман -эпопеясын 1956 жылы аяқтап, Мұхтар Әуезов өмірінің соңғы бес жылында көп күрделі құбылыстарды, адамдарды өз көзімен көріп, өмірдің терең тұңшығына үңілді. Алғашқы әсерлерін түйіп, бірқатар көркем публицистикалық очерктер жазды («Түркістан солай туған», «Индия очерктері»). Бұл тұста ол шет елдерге жиі барып, көргендерін суреткер көзінен өткеріп, қызық очерктер мен эпизодтар жариялады.

«Абай жолы» романынан кейін кемеңгер суреткер жаңа эпопеяға кіріскен еді. Ол соның «Өскен өркен» дейтін бірінші кітабының нұсқасын салып кетті. 1962 жылы жарияланған бұл шығармасында ұлы жазушы сол кезеңдегі адамдардың ерлік еңбегін, күресін, жаңа рухани қасиеттерін, әр ұлт адамдары арасындағы интернационалдық достықты кеңінен суреттеуді мақсат еткен.

Өкінішке қарай, 1961 жылы автор мезгілсіз қаза тауып, үлкен эстетикалық мұрат толық жүзеге аспай қалды. Бірақ бұл оның өсиеті ретінде кейінгі суреткерлерге эстафета болып қалды.

 

Әдебиеттер

  1. «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия. 2-том / Бас редакторы Ә. Нысанбаев. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 1999. - 720 бет.
  2. Әуезов М. Қорғансыздың күні // Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Бірінші том: Әңгімелер. - Алматы: «Жазушы», 1979. - 456 бет.
  3. Әуезов М. Кім кінәлі? // Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Бірінші том: Әңгімелер. – Алматы: «Жазушы», 1979. – 456 бет.
  4. Әуезов М. Ескілік көлеңкесінде // Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Бірінші том: Әңгімелер. – Алматы: «Жазушы», 1979. – 456 бет.
  5. Әуезов М. Қыр суреттері // Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Бірінші том: Әңгімелер. – Алматы: «Жазушы», 1979. – 456 бет.
  6. Әуезов М. Қарағоз (пьеса) // Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Тоғызыншы том: Пьесалар. – Алматы: «Жазушы», 1981. – 492 бет.
  7. Мырзахметов М. Отаршылдық дәуірдегі әдебиет: Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеу мәселесі // Жұлдыз. – 1993 – № 7 – 181-192 – беттер.
  8. Әуезов М. Қараш-қараш оқиғасы // Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Екінші том: Повестер мен әңгімелер. – Алматы: «Жазушы», 1979. – 436 бет.
  9. Әуезов М. Қилы заман // Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Екінші том: Повестер мен әңгімелер. – Алматы: «Жазушы», 1979. – 436 бет.
  10. Нұрмаханов И. Ұлы суреткер // «Түркістан», № 27 қыркүйек 2007 жыл, 7- бет.
  11. Серғазы Л. М. Әуезовтің «Хан Кене» трагедиясындағы алашшыл идея // «Қазақ», № 37-38 (551-552), 16-23 қыркүйек 2011 жыл, 9-бет.
  12. Омарбеков Т. Кенесары хан // «Ана тілі», № 35 (1293), 3-9 қыркүйек 2015 жыл, 2-бет.
  13. Қабдол З. Әуезов. - Алматы: «Санат», 1997. – 352 бет.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.