«Қазақстан 2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.с.с. бағытталған» делінген [1].
Салауатты өмір салты жалпы ұлттық міндет және тәрбие жұмысының маңызды құраушысы болып табылады. Салауатты өмір тіршілігі -денсаулықты с ақтауды ң және нығайтудың негізі, ол жан-жақты дамыған азаматтың қалыптасуына, оның рухани және дене дамуына әсер етеді.
Салауатты өмір салтының жастар арасында қалыптасуының маңызы өте зор. Бұл бағытта жүргізілетін жұмыстар: ауру шақыратын факторлардың әсерін төмендетуге, ішімдіктің, темекінің, есірткінің зияндығына, қимыл-қозғалыстың аздығына, құнарлы тамақтанбауға қарсы жүргізілетін үгіт-насихат жұмыстарына негіз салады. Жастардың салауатты өмір салтын ұстануын қамтамасыз ететін, дене және ақыл - ой, еңбекке қабілеттілігінің деңгейін арттыратын, қызметкерлердің денсаулығын нығайтатын және қалпына келтіретін спорт секциялары ұйымдастырылады .
Жастар болашақ, ертеңгі қоғамның, қала берді отбасының иелері. Сондықтан оларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу, олардың осы дәстүрлі дәріптеуші болып қалыптасуына бағыт беру қажеттігі білім беру мекемелерінің ісі .
Білімді ағарту тәрбие жұмыстарында жастарды салауатты өмір бағытына тәрбиелеу барысында оқу орындарында төмендегі бағыттар бойынша жүруі тиіс;
- Оқу үрдісінде оқушыларға тәрбие беру кезінде олардың жас ерекшеліктері, оқытылатын пән мазмұны ескерілуі тиіс;
- Білім ағарту істері сабақтан бос уақыттарда және мәдени демалыс орындарында да үздіксіз өткізілуі тиіс;
- Мұндай жұмыстар балалар үйіндегі оқушылар арасында мектеп интернаттарында, ішкі істер органдарында тіркеуде тұратын жасөспірімдер арасында да жүргізілуі тиіс;
- Құқық қорғау саласын, денсаулық сақтау, ғылыми орталықтар мүшелерін бұл жұмысқа тарту керек;
- Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер қоғамдастығы зиянды заттарды қолданудың алдын алу мақсатында жастар үшін жазғы уақытта білім алуды, жұмыс және демалысты жалғастыру мүмкіндігін ұйымдастыру;
- Каникул кезінде ерікті жұмысқа тарту;
- Жетістіктер, табыстар немесе елеулі нәтижелер туралы материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
- Зиянды з аттарды қолдануға бейімделуден жастардың мүдделерін қорғау саласындағы заттарды және құқықтық тәртібін қолдау және нығайту;
- Оқушылар салауатты өмір салтын, зиянды з аттарды қолданбайтын өмірді қолдау және с ақтау үшін өмірлік дағдыларына бейімдеу және оларды дамыту.
Жастардың салауаттылық өмірге ұмтылысы, зиянды әдеттерді жек көрушілігі олардың өзге адамдармен қарым-қатынасына яғни әлеуметтік ортаға тығыз байланысты. Ұрпақты өмір заңдылықтарына, салауаттылық негіздеріне бейімдеу мектеп жүйесі жүктеген маңызды да жауапкершілігі мол міндет болып табылады. Бүгінгі қоғамымызда салауатты өмір салтына деген саналы көзқарастың жеткіліксіздігі азаматтардың рухани деңгейінің төмендігіне және оның нәтижесінде жағымсыз жайттардың кең өрістеуіне себепкер болып отыр. Жастар денсаулығының нашарлауы, олардыңағзаларының ауруға қарсы тұру қабілетінің әлсіздігі , азып-тозуы, тез шаршағыштығы, өмірінің қысқа болуы – осы жайттардың айқын көрінісі. Бұл мәселелердің барлығы жастар арасында тәрбие жұмыстарының жұтаңдығының салдары екендігі даусыз. Жастары әлсіз, денсаулығы нашар, білімсіз, зиянды әдеттерге әуес, жалқау, тәрбиесіз болса ол мемлекет қашанда әлсіз, қорғансыз. Жастар арасында салауатты өмір салтына байланысты салауатты өмір салтын қалыптастырудың мазмұны мен ұйымдастыру формаларын есепке алған жөн [2].
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мазмұны мен ұйымдастыру формалары мынаны көздейді:
- Жауапкершілік, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау;
- Табиғи сезімталдық, оқушылардың жас ерекшелігін ескеру;
- Ғылымилық, тек тексерілген ғылыми дәлелденген деректерге ғана сүйену;
- Экологияландыру адам организміне қоршаған орта факторларының әсерін білу;
- Ұлттық аймақтық ерекшеліктерді ескеру, салауатты өмір салты туралы ұлттық салт-дәстүрлерімен танысып оны ұстана білу;
- Үздіксіз оқыту, салауатты өмір салты дағдыларын үздіксіз қалыптастырып үнемі пайдалану;
- Әлеуметтендіру, салауатты өмір салтын ұстанған қоғам мүшесін дайындау.
Лұқман Хакімнен «Өмірде б айлық қымбат па, жоқ даңқ қымбат па?» деп сұраған екен. Сонда ол: «Байлықта, даңқта адам баласын бақытты ете алмайды. Біле білсеңдер, ауру ханнан дені сау қайыршы бақытты. Ал бақыт дегеніміз не? Әрбір адам өзінің күш - жігерін халқына, өз еліне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсап, ақылды, парасатты және денсаулығы зор болса ғана бақытты», - деген екен [3].
Халқымыз қашанан - ақ денсаулықты алдыңғы орынға шығарып, «бірінші байлық» деп есептеген. «Дені саудың - жаны сау» - дейді халық даналығы. Еліміздің жарқын келешегі бәрімізге керек, оның ойдағыдай болуы қоғам мүшелерінің сайдың тасындай өмір сүріп, еңбек етуге әбден байланысты.
Орыс ғалымы И. П. Павлов «Адам - жер шары табиғатының ең жоғарғы жемісі. Адам – аса күрделі және өте нәзік жүйе. Бірақ табиғат қазынасын пайдалану және осы қазыналардан лаззат алу үшін адамның дені сау, күшті және саналы болуы керек» - деген [4].
Кейінгі уақытта зиянды заттардың алдын алу жөнінде әдебиеттер, әдістемелік құралдар көптеп жарық көруде. Д.В. Колесов, А.Г. Хрипкованың мұғалімдерге арналған көмекші «Жаманнан жирен» құр алы ішімдік пен темекі тартудың жас организмге тигізер зиянды әс ер і, жастарды осы жаман әдеттерден сақтандыру жолдары айтылады . А.Н. Маюровтың «Маскүнемдікке қарсы тәрбие» деген кітабында жастарды қалай маскүнемдіктен бойын аулақ ұстауға болатыны жөнінде айтады .Ата-ана, жанұя және қоғамдастықпен жұмыс байланыстарының арасында маскүнемдікке қарсы тосқауыл қою жөнінде сөз етіледі. Е.М. Мастюкованың «Профилактика и коррекция нарушений психического развития детей при семейном алкоголизма» деген кітабында маскүнемдік - өмір бойы созылатын дерт, жанұяда оны үнемі қолданудан дүниеге келетін балаларда ми дамуының 40-60%-ға артта қалу себебі – аналарының маскүнемдігі. Алкоголь орталық жүйке жүйесін күйзеліске ұшыратады, ми жұмысын әлсіретеді және есте сақтау үрдісін төмендетеді. Яғни мұндай жанұямен кешенді түрде тәрбие, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу жөнінде ұсыныстар айтылады .
«Дүниедегі ең оңай нәрсе - кісіге ақыл айту ,ең қиыны - өзіңді-өзің түсіну» -деген екен ғұлама ғалым Әл-Фараби. Осы рухани байлықты жастардың бойына сіңіріп, сана сезімін жеткізу - біздің міндетіміз. Мектептегі қазіргі оқытып жатқан имандылық бағыттағы тәрбие сағаттар басым. Адамның материалдық қажеттілігінің бірі - дене мүшесінің саулығы. Бүгінгі күні ең маңызды мәселе - салауатты өмір салтын қалыптастыру. Яғни, адамның денесінің саулығы, бірқалыпта сақталуы, нығаюы, ширауы, сергуі еңбекке қабілеттілігі, құлшынысы, құштарлығы, ниеттілігі, ынталығы биологиялық үрдісте мәлім.
Жастардың денсаулығын сақтау мен нығайту бүгінгі таңда басты мақсаттардың бірі болып отыр. «Саулық - байлық негізі» деп айтқандай, әрбір адам салауатты өмір салтын сақтай отыра, өмір сүру үшін аурудың алдын алу және болдырмау, дұрыс тамақтану, қоршаған ортаны жақсарту туралы түнігін қалыптастырып, сонымен дене тәрбиесімен айналасуы керек [5] .
Бүгінде мектеп дене тәрбиесі мамандары мен медицина қызметкерлері және мектеп әкімшілігі алдында тұрған көптеген мәселелердің ішінде жастардың өз денсаулығын сақтауға деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру проблемасы айқын көрінуде. Өз денсаулығына деген ынталы қатынасты қалыптастыру ең бірінші «денсаулық құндылықтары» феноменінің мәнін ашуға келіп тіреледі , себебі бұл өзінің мазмұны мен пайда болу жағынан көп қырлы күрделі ұғым болып табылады. Денсаулық құндылықтарының мазмұны деп біз мына компоненттердің кешенін айтамыз: (дене шынықтыру, интеллектуалдық, сезімдік, әлеументтік, тұлғалық, рухани). Бұлар оқушылардың салауатты өмір сүруге деген қажеттілігі мен ынтасын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Қазірден бастап салауатты өмір салты нені қамтитынын білу үшін , Білім туралы Заңында оның негізгі талаптарын қысқаша қарап өтеміз [5]:
- - Дене жүктемелері, денешынықтыру және спорт. Бұл бұлшық ет күшін көбейтудің құралы ғана емес. Қозғалыс адам өмірінде маңызды орын алады. Дұрыс зат алмасу, дұрыс және үйлесімді өсу, ептілік, шыдамдылық, тіпті ақыл ойдың дамуы осыған байланысты.
- Шынықтыру. Бұл көптеген аурулардан сақтаудың ең жақсы құралы және шыныққан ағза тұрақты және микроб және вирустармен жақсы күреседі.
- Жеке бас гигиенасы. Тазалық және мұнтаздылық – адам үшін өте маңызды . Бұл өзіңді қоғам алдында көрсету мүмкіндігі мен аурудың алдын алу құралы: салақ адам ешқашан басқа адамдардың көңілін тартпайды.
- Жұқпалы аурулардың алдын алу. Мұнда жеке бас гигиенасы да , шынығу да маңызды. Сонымен бірге әртүрлі ауруларға қарсы уақтылы егу шараларын жүргізу.
- Зиянды әдеттердің алдын алу . Оларға шылым тарту , алкагольді және есірткелерді пайдалану және дәрігердің кеңесінсіз түрлі дәрілерді қолдану жолдары жатады. Осы зиянды әрекеттердің кез келгені денсаулықты төмендетіп , өмірді қысқартады.
Қорытындылай келе, жастар қоғамның ең жоғарғы құндылығы, олардың салауаттылыққа деген өмір салтын қалыптастырудан жоғары тұрған ештеңе болмауы керек. Жастарымыздың денсаулығын сақтаудың негізгі принципі - әр жастың бойындағы өмір резервін, өмірге құштарлық пен бейімділікті бірте-бірте, өте сақтықпен оята білу. Ол құштарлық пен бейімділік, өмір резерві жастардың бойында дайын күйінде тұрған жоқ. Жастардың бойында рухани беріктікті нығайту үшін оларға сенімділікті, өзін бағалауды үйрету қажет. Бұл мақсаттарды іске асыру үшін жастар ең бастысы, адам өз денін сауықтырып, денсаулығын қалпына келтіре алады деген қағидаға сену керек. Осыны жүзеге асыра отырып, әр жас азаматтардың денсаулығын қалпына келтіріп, оны жақсарта түсуге арналған бағдарлама жасауға болады. Осыған орай мынадай сауықтыру шараларын жүргізу қажет деп табылады. 1) Күнделікті таңертеңгілік жаттығулар жасауға дағдыландыру. 2) Денсаулық сақтау шараларына арналған көрнекі құралдардың, стендтердің болуы. Оны жасауға ата- аналар мен жастардың қатысуы қажет.
Сондықтан осы игілікті бастамалар қолға алынып, әрбір жастың салауатты өмір салты бағытын ұстану барысында жүргізілетін жұмыстарды тиімді, үйлесімді етіп ұйымдастырар болсақ, онда елімізде салауаттылық деңгейі сапасының нәтижеге жетуі алдыңғы орында болары сөзсіз.
Жастар - біздің болашағымыз.Ал бізге болашағымыздың айбындылығы мен жарқындылығы қажет. Келешегінен үміт күткізіп отырған бүгінгі жастар - ертеңгі қоғам иелері.
Әдебиет
- «Қазақстан – 2030» стратегиясы
- Г. Икіманова. Саулық пен сымбат. - Алматы: Қайнар, 1991.
- Дене мәдениеті – оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде. 2009ж. №2(2) -Б.262-264.
- Е. Уақбаев. Қазақстанда дене тәрбиесі жүйесінің дамуы. - Алматы: Санат, 2000ж.
- «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңы (04.07.2013 ж. жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен)һН:р ://www. zakon. kz/141156-zakon-respubliki- kazakhstan-ot-27.html