Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Үздіксіз экономикалық білім беру мен тәрбиелеудің маңызы

Еліміздегі инновациялық экономиканың, білім экономикасының қалыптсауы дамудың жаңа сапасын білдіреді, ол зияткерлік пен ғылымды қажетсінетін жоғары техноло гиялық салалардың басым жақтарын танып мойындау, стратегиялық маңызды бағыттарда жедел түрде алға жылжу, жоспарлау мен басқарудың жаңа тиімді әдістеріне көшу, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту.

Бұндай күрделі де, ауқымды міндеттерді шешу үшін, түгелдей қоғамның ақыл-ойының өзгерісі, шаруашылық субъектілерінің қазіргі заманға лайық мінез-құлық пен жаңаша экономикалық ойлаудың қалыптасуы қажет. Ал, жаңаша экономикалық ойлауды қалыптастыру үшін, дер кезінде жастарға экономикалық білім мен тәрбие берудің маңызы зор.

Қазіргі уақытта экономикалық білім беру тек жоғары білім түрінде түсініледі және ол жоғары оқу орындарында «Экономикалық теория негіздері» атты курс ретінде және сол сияқты арнайы мамандандырылған экономикалық ЖОО-да базалық курстар түрінде оқытылады.

Әрбір адамның тұлғалық кәсіби қалыптасуы түрліше болғанымен, олардың ортақ байланысы ол жас кезінде алған тәрбиесі мен білімі. Келешекте тұлға болып қалыптасуы үшін, қажетті базалық қорының бастауын әр адам осы кезеңде жинақтайды.

Мектеп табалдырығында оқып жүріп, экономика туралы ешқандай түсінігі жоқ жастар, студент кезінде пәнді тек «жаттап айтып беру» принціпі негізінде оқып шығады. Оқытушының біліктілігін көтеріп, оқытудың әр түрлі әдістерін қолданғанымен, көздеген мақсатқа жетуге мүмкіндік болмайды. Нәтижесінде еліміздің экономикасын басқаратын жастарымыз басқа елдермен бәсекелесетін экономикалық жүйенің негізін қалай аламайды.

Сондықтан экономикалық білім беру мен тәрбиелеуді шетелдің тәжірибесі негізінде, үздіксіз балабақшадан, ия болмаса бастауыш сыныптардан бастап қалыптастыру арқылы, Қазақстандағы экономикалық білім беру жүйесіне өзгерістер енгізу қажет.

Екінші жағынан, ойлаудың өзі экономикалық білім мен тәрбиенің қалыптасуына әсерін тигізетін белсенді процесс ретінде қызмет етеді. Яғни білім мен тәрбие беру – бірін-бірі өзара толықтырушы диалектикалық процесс. Білімсіз ғылыми ойлау болмайды. Ал, ойлау болмайынша, білім алу тіпті мүмкін емес.

Экономикалық ойлау қоғамдық өндіріс, айырбас, бөлу мен тұтынудың ерекшеліктерін, олардың даму заңдылықтарын және мемлекет, кәсіпкерлер, үй шаруашылығы сол сияқты шаруашылық субъектілерініңэко номикалық қызмет аясындағы қыр-сырларын, сондай-ақ жоспарлау мен басқарудың әдістері мен түрлерін бейнелейді [1].

Экономикалық тәрбие дегеніміз - тұлғаның нарықтық экономика жағдайында шаруашылықты тиімді жүргізу қағидалары мен нормаларына сай, сана-сезімдерін, дағдыларын, іскерліктерін, талаптары мен мүдделерін қалыптастыруға жүйелі және мақсатты ықпал жасау. Ол жеке тұлғаның әлеуметтік құнды, жағымды қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған. Экономикасы дамыған елдерде экономикалық тәрбиеге көп көңіл бөлінеді. Бұл елдерде экономикалық білім мен тәрбие беру ХХ ғасырдың 60 жылдарында қалыптаса бастады.

Бүгінгі өсіп келе жатқан жас ұрпақ, Қазақстан халқының әл-ауқатын көтеруді, әр азаматтың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ететін эко номикалық жүйені құруы қажет. Сондықтан да, қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі, ол өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған сәйкес, бүгінгі таңда еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев отандық білім берудің алдында жоғары талап қойып отыр.

Бұл оқу орындарының барлық деңгейлеріне жаңа талап, жаңа міндет, жаңа мақсаттар жүктейді. Тұлғаның бәсекеге қабілеттілігі оның білімі мен маман ретіндегі дайындығымен қатар, қоғамның әлеуметтік құрылымында орын алуға мүмкіндік беретін оның еңбекқорлық, жауапкершілікпен шешім қабылау, шығармашылық, тәуекелге барушылық, көшбасшылық, бастамашылық, тіл тапқыштық, тәуелсіздік сияқты жекелеген қасиеттерге ие болуына байланысты.

Өркениетке бет бұрған еліміздің жастары – ертеңгі мемлекет тірегі. Қоғамға да ең басты керегі – елдің ертеңіне деген сенім мен үміт. Сол тірек нық та берік, сенімді болуы үшін, мемлекет көздеп отырған мамандар дайындау үрдісі арнаулы және орта мектептерден бастау алмақ. Осы мақсат аясында, бүгінде мектеп әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, ол өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін, белсенді, жауапкершілігі жоғары, сауатты, танымдық әрекетке қызығушылығы басым жеке тұлға қалыптастырып тәрбиелеу қажет.

Оқытушылар қауымы еңбегінің нәтижесін көру үшін, білім алушыны біліммен толтыратын құты емес, жағатын шам ретінде қарастыруы қажет. Оқыту барысында оқушыға анықталған білім көлемін хабарлауды емес, өз бетімен дұрыс қорытынды шығаруға негіз болатын өмірдегі жағдайларды талдау арқылы, ой елегінен өткізуге дағдыландыру маңызды.

Ал, бүгінгі экономика өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып отыр. Экономикалық заңдылықтар біздің өмірімізді қалыптастырады. Тарихтың көрсетіп отырғанындай, 70 жыл бойы экономиканың негізгі принциптері іс жүзінде қолданылмады. Соның нәтижесінде ақша туралы түсініктер, яғниақшаны еңбегіне қарай таппайды, мемлекеттің шығындарының шегі жоқ, оны бақыламақ түгілі, ол туралы елестету де мүмкін емес. Нәтижесінде - бүгінгі нарықтық жүйенің қызмет етуінің әлеуметтік-психологиялық негіздері бұзылды.

Қазіргі таңда экономикалық білім тек экономика мен басқарудың түрлі саласында қызмет істейтіндерге, ғалым – экономистерге немесе экономика пәні оқытушыларына ғана емес, сонымен қатар экономикалық білім күнделікті өмірде кездесетін мәселелерді шешуге, қоғамның әрбір мүшесіне қажеттілігін бүгінгі өмір талабы көрсетіп отыр. Әлемдік экономикалық теорияның негізін с алушы Адам Смит өзінің «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу» еңбегінде, экономикалық білімнің адамзат өміріне қосар үлесі зор деп көрсеткен.

19-20 ғасырларда өмір сүріп, талай шығармаларын ұрпақтарына өсиет етіп қалдырған ғұлама ақын Абай Құнанбаевтың экономикалық мәдениетін бүгінгі нарықпен, нарықтық экономикамен ұштастыруға болады. Өйткені, оның жалпы адамгершілік, философиялық, экономикалық мәні зор.

Ұлы ақын Абайдың арнайы жазып қалдырған экономикалық трактаты жоқ. Кезінде ол экономикалық жоғары білім алған емес. Әйтсе де, Абай бабамыздың еңбектерінде айтылған көптеген ғибаратының сан – салалы нарықтық экономикада атқаратын рөлі мен маңызы зор. Абайдың нарыққа тура қатысы бар өлеңдері мен қара сөздері жеткілікті.

Қазақ халқының тұңғыш ағартушысы Ы.Алтынсарин мектепте берілетін экономикалық тәрбие мен дағдыны халыққа пайда келтіру тұрғысынан бағалады. Ол бүкіл өмірін мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, еңбекпен айналысуға үндеді. Оқу – ағарту ісіне Ы.Алтынсарин енгізген жаңалық қазақ жастарына кәсіптік мамандық беру мәселесін көтере білді. Ол қазақ халқының шаруашылық-экономикалық дамуына қажетті мамандар даярлау ісіне ерекше мән берді: қолөнер, ауыл шаруашылығы училищелерін ұйымдастырды. Ыбырай Алтынсариннің еңбек тақырыбында жазған әңгімелерінен оның бала жанын танитын нәзік психолог екенін аңғаруға болады. Ы.Алтынсарин жастарды еңбек етуге үгіттеген шығармаларында еңбек адамның сана – сезімін, психологиясын қалыптастыруда ерекше орын алатынын жақсы түсінген.

Еңбек адамның өмір жөніндегі көзқарасын кеңейтіп, оның бойында жақсы қасиеттер: кішіпейілділік, мейрімділік, зеректік, әдептілік, жинақылық, жомарттықтың қалыптасуына әсерін тигізетін, осы тұрғыдан әрбір ата-ана, экономика тәрбиесінің қазіргі үздіксіз білім алу жағдайларында мектеп оқушылары қандай да білім көлемін игеріп қана қоймай, оны өздігінен меңгере алатын дәрежеде тәрбиелеу керектігі туындап отыр [2].

Экономикалық білім беру - экономикалық білім жүйесін меңгеру болса, экономикалық тәрбие – алынған білімнің, бүгінгі әлеуметтік- бағдарланған нарықтық шаруашылық қағидаларына сай мінез-құлыққа айналуы.

Жалпы экономикалық білім берудің үш деңгейін бөліп көрсетуге болады:

  • Оқушыларды экономикалық іс-әрекетке әлеуметтік- психологиялық жағынан дайындау. Оның мақсаты, жалпы даму, өмірмен, өзімен танысу, араласу мәдениеті. Нәтиже: Нарық жағдайына әлеуметтік- психологиялық бейімделу;
  • Экономикалық (тео риялық дайындық), мақсаты, өмірге белсенді араласу үшін жаңа білім саласын меңгеру. Нәтиже: Экономикалық процестерді ұғыну, тәжірибелік тапсырмаларды орындай білу;
  • Кәсіпкерлік іс-әрекетке дайындық, мақсаты, нарық талаптарына сәйкес кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыру. Нәтиже: Өз ісін ұйымдастырып, жүргізе білу. Пәнді оқытудың жеке тұлғалық мәні материалдық құндылықтарды тиімді пайдалана білу, өз қажеттілігін дұрыс есептей білу.

Жалпы білім беретін мектептердің аясында экономика негіздерін оқытудың барлық курсын үш үлкен бөлікке бөліп оқыту қажет:

  1. Бастуыш сынып, ол экономика негіздерінің мазмұнын қамтиды, ол балалармен түрлі ертегілер, әңгімелер, ойындар арқылы қабылданады. Бастауыш сыныпта балаларға анықтамалардан мен терминдерден гөрі, ол түсініктердің мағынансын түсінгені жақсы, экономикалық тәрбие арқылы олардың экономикалық санасын қалыптастыру қажет.
  2. Орта сыныптарда, «Отбасы экономикасын», «Фирма экономикасын» оқуға болады. Бұл кезеңде балалар өте қозғалмалы, іскер келеді. Ғылымға икемділігі бола қоймайды, бірақ ақшаның қайдан шығатыны өте қызықтырады. Нақ осы кезде оны әр түрлі іскерлік ойындар мен түрлі тапсырмалар, есептер арқылы көрсетуге болады. Осы жаста балдардың көбісі сауда жасауға барады, сондықтан отбасылық шаруашылық экономикасын бастауға болады. Кей кезде өндіргеннен гөрі сатып алған тиімді болатынын түсінеді. Фирманың шаруашылығын оқытуда, олар шығындар мен нәтижені салыстыруды, тиімділікті анықтауды, бірдемені ойлап табуды, іске асыруды үйренеді. Осыдан кйін фирма экономикасын өтуге болады. Орташа сыныптарда неғұрлым теорияны аз, бастысы есептер мен ойындар. Мектепте оқылатын технология сабағымен байланыстыра отырып, қандай да бір өнімдерді өндіруде, я болмама жөндеудегі шығындарды, пайданы, тиімділікті есептеу. Яғни орташа сыныптарда оқушылар үй шаруашылығы, фирма, шығындар, тиімділік сияқты түсініктерді білуі керек. Бұл кезде оқушылар, үй шаруашылығы, үй мүлкі, отбасы бюджеті, бағалар, жинақтау, қарыздар, отбасылық бизнес, кәсіпкерлік, фирма, капитал, менеджмент, маркетинг, бизнес пен мемлекет сияқты ұғымдармен танысады;
  3. Жоғарғы сыныптар бұл бөлім мазмұны ғылым негіздерін қамтуы тиіс: негізгі ұғымдар, талдау жасау, себеп-салдарлық байланыстар, синтез. Поблемалық ситуацияларды шешу, теориялық білімдерін тест түрінде тексеру т.б. Мемлекет пен меншік ұғымдары қарастырылады. Мемлекет тәртіпті қамтамасыз ететін ұйым ретінде қарастырылады. Мемлекеттің қалыптасуы мен эволюциясы. Мемлекеттің табысы, қарызы және т.с.с оқытылады.

Сонымен қорыта келе, экономикалық тәрбиенің төмендегідей міндеттері атап өтуге болады, ол:

  • экономикалық сана-сезіммен ақыл-ойды, саналы мұқтаждықтар мен қажеттіліктерді қалыптастырып бекіту;
  • адам бойында ұқыптылық, тәртіптілік, үнемшілдік, іскерлік, ұйымдастырушылшық, енбек сүйгіштік сияқты қасиеттерді қалыптастыру;
  • шығармашылықпен еңбек ету және тиімді, үнемді, аз шығындармен жоғары нәтижелерге жете алу іскерліктерін дамыту;
  • тиімді экономикалық іс-әекетке деген ынта мен талпынысты қалыптастыру.

Біз қазіргі уақытта әлемдік нарыққа ену шағымызда кездесетін қиыншылықтарды жеңіп, бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына кіруге негіз болатын, жас қазақстандықтардың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру үшін, үздіксіз экономикалық білім мен тәрбие беру және оны жетілдірудің жолдарын іздестіру мен ұтымды қолдану жағын қарастыруымыз қажет.

 

Әдебиет

  1. Газизулин Ф.Г. Философия экономических ценностей / Проблемы современной экономики N 4 (36), 2010
  2. Ахметова П.А. Шаумен Г.С. Ыбырай тағлымы. Арқалық 2008, 60-б.
  3. Евплова Е.В. Экономическое образование как средство подготовки конкурентоспособного специалиста высшего профессионального образования / Е.В. Евплова // Непрерывная эко логическая и экономическая подготовка молодежи: сб. научных трудов / под. общ. ред. А.Ф. Аменда, А.А. Саламатова, А.А. Горчинской. - Челябинск: изд-во Челяб. гос. пед. ун-та, 2009. - С. 401-415.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.