Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

ҚР «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын іске асыру саясаты

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы аясында Үкімет жаңа жұмыспен қамту стратегиясы – «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын бекітті. Бұл бағдарламаның басты мақсаты жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру.

Жұмыспен қамту 2020 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған мемлекеттік бағдарлама. Бағдарламаның мақсаты - жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру.

Мемлекет басшысы өзінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауында еңбек нарығының тиімділігін арттыру, табысы аз адамдарды, жұмыссыздар мен өз бетінше жұмыспен айналысушыларды жұмыспен нәтижелі қамтуға жәрдемдесудің белсенді бағдарламаларына тарту міндеттерін жүктеді.

Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының бірі болып табылады. Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету – халықты әлеуметтік қорғаудың негізі, адам ресурстары әлеуетін дамыту және іске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмір сүру сапасын жақсартудың басты құралы.

Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру барысында елде қарқынды дамушы еңбек нарығы құрылды, халықтың экономикалық белсенділігі мен жұмыспен қамту деңгейі тұрақты өсуде.

Қазақстан Республикасы Президенті еңбек ресурстарын едәуір тиімді тарату үшін Үкіметке «Өндіруші күшті аумақтық орналастырудың бас тәсімін» әзірлеу туралы тапсырма берген, бұл өз кезегінде елдің жалпы экономикалық дамуына жағымды әсер береді. Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес Министрлік «Нұрлы көш» көші-қонды басқару мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуде.

Бағдарламаға сәйкес қазіргі уақытта «оралмандар» және Қазақстаннан көшіп кеткен отандастар үшін болып жатқан ішкі және сыртқы көші-қон процесі экономикалық және еңбек ресурстарын экономикалық перспективті аудандарда, тірек қалаларында және тіршілік- тынысы үшін қолайлы табиғи-климат аймақтарында шоғырландыруға қайта бағдарланатын болады.

Бірінші кезекте қазақстандық кадрлар әлеуетін пайдалану үшін жағдайлар жасау қажет, өйткені дәл қазақстандықтар үлкен ақша соңынан шетелдерге кетпей, тұрақты негізде республикада жұмыс істейтін болады. Жоғары білікті шетелдік мамандарды тарту ішкі еңбек нарығы қамтамасыз ете алмайтын экономика туындайтын қажеттілікке дер кезінде ден қою және елге жаңа білімдерді, тәжірибелерді және технологияларды тарту тетігі болып қала беруі керек. Қазақстанның еңбек нарығында даму жолына түскелі он жеті жыл болды және осымен қатар еліміздегі еңбек қатынастары да дамыды.

Мемлекеттік саясаттың ең басты мақсаты – толық, өзара өнімді және еркіндік жұмыспен қамтылу болып табылады. Мемлекет масштабындағы белгілер:

  • жұмысты қамтудағы жұмыс орнын жаңа қызметпен қамту және сақтап қалуындағы халықтың сұранысын толық қанағаттандырудағы жағдайлар жасау;
  • жұмыс күшінің сала, мамандығы бойынша еркін аударылуы және саласы мен мамандығы бойынша динамикалық жетілу құрылымындағы өзгерістерді қамтамасыз ету;
  • жұмысшыларға еңбекақы деңгейін жоғарлату;
  • жұмыс күшінің сандық міңезделуінде адамдар санын нарықтық жұмыстағы шарттарды және жұмысшылар активінің экономикалық құрылымын қалыптастыру;
  • жұмысшылардың профессионалды білімін жетілдірудегі бәсекелестікке қабілеттілігін және ұйымдық білімін жоғарлату;
  • жұмысты іздеуді минималдау және жұмыссыздықты кішірейту;
  • бәсекелестікке қабілеті жоқ еңбек нарығындағы халықтарды әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету;
  • аймақтық жақындықты әлеуметтік-экономикалық шартпен, жұмыспен қамтамасыз ету;
  • ұлттық еңбек нарығындағы қызығушылығын қорғау (шетел жұмыс күшінің көңілін аудару) және қазақстандық азаматтардың шетелдің еңбек нарығындағы жұмыс шарттарын қорғау;

Жұмыссыздықтың өсуі, қызметкерлердің одан әрі босатылуы әсіресе өндірістің экспортқа бағытталған салаларында болжанды. Құрылыс, сауда, көлік және байланыс салаларында да жұмыс орындарының қысқару қаупі орын алды.

Осындай жағдайда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі жұмыспен қамтуға, жұмыссыздықтың айтарлықтай өсуіне жол бермеуге, жұмыс орындарын сақтауға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған арнайы Жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын (Жол картасын) әзірледі.

Жол картасы шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарын (әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, қайта даярлау және біліктілікті арттыру) кеңінен қолдану нысаналы топтар құрамындағы адамдардың белсенділігін арттыруға ықпал етті, ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі (4,7 %) алғаш рет елдегі жұмыссыздықтың жалпы деңгейінен төмен көрсеткіште белгіленді.

Жол картасының негізгі нәтижелері: шамамен 9 мың жоба іске асырылды; 392 мың жұмыс орны құрылды; шамамен 150 мың адам даярлауға және қайта даярлауға жіберілді, олардың жартысына жуығы жұмысқа орналастырылды; 192 мыңнан астам адам әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасы шеңберіндегі жұмыс орындарына орналастырылды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жуықта ел халқына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында он міндетті алға тартқаны белгілі. Ол он міндет қосыла келіп еліміздің экономикасын нығайтудың, қазақстандық- тардың әл-ауқатын арттырудың түйінді мәселесін шешуге тиіс. Бұл жайында Елбасы «Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы теңгерімін табу – өмірлік маңызды нәрсе. Бұл таяу онжылдықтардағы Қазақстан дамуының басты бағыты» деп атап көрсетті.Сөйтіп, Жолдаудан ұққанымыздай, қазіргі күні мемлекет алдында халықтың тұрмыс-жағдайын, әл-ауқатын арттыру, осы үшін шикізат ресурстарын сатудан келіп түсіп жатқан қаржыны бүкіл халыққа жұғысты ететіндей әділетті бөлудің жолын табу, Үкіметтің барлық жұмыстарын осы шараны жүзеге асыратындай арнаға топтастыру өте маңызды мәселе болып отыр. Осы мақсаттың ең төте жолдарының бірі – қазақстандықтарды олардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігін қанағаттандыра алатындай жаңа жұмыс орындарымен қамту.

Жолдауда Үкімет алдына жоғарыдағы он міндетті қойған Елбасы нақ осы шараны ең алдымен атады. Яғни, бұл он міндеттің біріншісі болып табылады. «Бірінші. Қазақстандықтардың жұмысқа тартылуы. Менің тапсырмам бойынша Үкімет қағидатты түрде жаңа Жұмысқа тартуды қамтамасыз етудің бағдарламасын бекітті. Онда үш маңызды міндет қойылған. Біріншіден, оқыту мен жұмысқа орналасуға септесудің тиімді жүйесін жасау. Екіншіден, ауылдық жердегі кәсіпкерлікті дамытуға септесу. Үшіншіден, еңбек ресурстарының жинақылығы, Қазақстанның экономикалық тұрғыдан белсенді орталықтарында жұмысқа орналастыруға басымдық беру», деп атап көрсетті Елбасы. Сонымен қатар, Үкіметке және әкімдерге биылғы жылдан бастап бағдарламаны кең ауқымда жүзеге асыруға кірісуді тапсырды.Жұмыспен қамтылған халық құрылымында өз бетінше жұмыспен айналысатын адамдардың үлесі - 33,3 % немесе 2,7 млн. астам адамды құрайды. Өз бетінше жұмыспен айналысушылардың негізгі бөлігі ауылдық жерлерде тұрады және жеке шаруашылығын жүргізумен айналысады, одан түсетін табыс тіршілік етуге жеткілікті деңгейде ғана болады. Өз бетінше жұмыспен айналысушылардың басым бөлігі әлеуметтік қорғау және қолдау жүйесімен қамтылмаған.

Ауыл жастарының жағдайы ерекше алаңдаушылық тудырып отыр, кәсіптік білім алуға қолжетімділігі шектеулі болғандықтан, олар ресми еңбек нарығында іс жүзінде бәсекеге қабілетсіз болып табылады.

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі, бағдарламаға қаты- сушылармен мемлекет арасында әлеуметтік келісім-шарт жасасу, аудандар мен қалалар деңгейінде жұмыспен қамту орталықтарын құру секілді бірқатар жаңа түсініктер мен шаралар белгіленді. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға жұмыспен қамту бағдарламасына қатысушыларға қызметтік тұрғын үй беру жөнінде қосымша нормалар енгізілді. «Мемлекеттік атаулы көмек туралы» Заңға Үкімет ұсынған жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға байланысты осы көмек жүйесін жетілдіруге бағытталған өзгерістер енгізілді.

Жалпы, бағдарлама бірнеше бағыттан тұратындығын айтуымыз керек. Соның бірінші бағытында оған қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру мен қаржыландыру қағидалары енгізілген.

Екінші бағыт бойынша бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру, соның ішінде микрокредиттік ұйымдар мен кредиттік серіктестіктерге осы мақсатта жеңілдікті несиелер беру мәселелері қарастырылған, үшінші бағытта бағдарламаға қатысушылардың арасында басқа жерлерден барып жұмыс істей алатын ұтқыр топтарды ұйымдастыру, оларға осыған байланысты тиісті қолдаулар көрсетудің жүйелері сараланған.

Аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін Үкімет аясында Ве- домствоаралық комиссия құру туралы қаулы қабылданған болатын. Мұнан кейін бағдарламаны жүзеге асыру үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірнеше бұйрықтары жарияланды. Қазіргі бар бос жұ- мыс орындары мен болжамды жұмыс орындарының жалпыұлттық дерек қоры құрылып, тиісті деректерді жинауға арналған тетіктер мен нысандар бекітілді. Жергілікті атқарушы органдар аясында өңірлік аудандық комиссиялар құрылып, олардың жұмыс істеу тәртібін қарастыратын ереже бекітілді. Халықты жұмыспен қамту орталықтары да құрылды. Бағдарламаға әлеуетті қатысушылардың саны анықталды. Мұның сыртында басқа да көптеген жұмыстар жүзеге асырылды.

Еңбек қатынастары саласындағы халықаралық сарапшылардың айтуы бойынша, жұмыссыздықтың өзі фрикциялық, құрылымдық, циклдық, маусымдық және ерікті жұмыссыздық деп бірнеше түрге бөлінеді екен. Осылардың ішінде біздің елімізге қазіргі күні құрылымдық жұмыссыздық түрі тән болып отырған көрінеді. Құрылымдық жұмыссыздық дегеніміз, көп жағдайда технологиялардың өзгеруі мен дамуына байланысты болып келеді. Елге жаңа технологиялар мен еңбек қатынастарының жаңа түрлері молынан енгізілген кезде жергілікті халық сол технологиялар бойынша бірден жұмыс істеп кете алмайды. Бізде қазір осыған ұқсас жағдай орнап отыр. Бір жағынан алғанда жаңа кәсіпорындар ашылу үстінде. Олар білікті жұмысшыларға зәру. Сондықтан БАҚ- тарда талапқа сәйкес келетін маман іздеген хабарландырулар көптеп кездеседі. Екінші жағынан алғанда, ауылдарда екі қолына бір күрек таба алмай бос жүрген жастар көп. Бірақ оларды жаңа технологиялық негіздегі кәсіпорындар басшылары жұмысқа қабылдағысы келмейді. Олар шетелден басқа адамдарды шақыруға әуес. Осы жағдайдың өзі бізде құрылымдық жұмыссыздықтың белең алып келгендігін білдіреді.

2015 жылға қарай елімізде 1,5 миллионға жуық адам осы бағдар- ламаға тартылып, еліміздегі кедейлік деңгейі 6 пайызға дейін азаятын, ал жұмыссыздық деңгейі 5,5 пайызға дейін төмендейтін болады. Бағдарламаны қанатқақты режімде іске асыруға биылғы жылы рес- публикалық бюджеттен барлығы 40 миллиард теңге бөлінді. Осы қаржыға 100 мыңнан астам адам жұмыспен қамтуға байланысты мемлекеттік қолдау шараларын алатын болады деп белгіленген

Әлемдік экономиканың тұрақсыздығы жағдайында жұмыссыздық деңгейінің өсуі жекелеген ұлттық экономикалар үшін кесапатын тигізуі әбден мүмкін. Қазақстан Үкіметі жұмыспен қамту мәселесіне тұрақты назар аударып келеді. 2008-2011 жылдар аралығында орын алған әлемдік қаржылық дағдарыс кезінде жұмыссыздықпен күрес «Жол картасы» арқылы жүргізілді.

2011 жылы «Жұмыспен қамту — 2020» мемлекеттік бағдарламасы өз бастауын алды. Қазіргі кезде осы бағдарлама бойынша шамамен 38 мың адам жұмыспен қамтамасыз етілді. «Әлеуметтік-экономикалық модернизация – Қазақстан дамуының бас векторы» атты өзінің жылсайынғы Жолдауында Елбасы Н.Ә.Назарбаев жұмыспен қамту мәселесіне үлкен көңіл бөлуі жайдан-жай емес.

ҚР Статистика агенттігі келесі мәлімет-терді беріп отыр. Ел ішіндегі жұмыссыздың көрсеткіші 2011 жылы 2010 жылға қарағанда 5,8 %-дан 5,4 %-ға азайған. Жұмыспен қамтылғандардың саны 8144 мыңнан 8466 мыңға дейін өскен. 2011 жылы жалпы алғанда 322,5 мың адам республикамыздың жұмыспен қамту органдарына шағымданған, олардың 235 мыңы жұмысқа орналастырылды. 2011 жылы 274,8 жаңа жұмыс орны пайда болып, олардың 128,2 мыңы ауылды жерлерде орын алды.

Сала бойынша айтатын болсақ, ең көп жұмыс орны өндіріс саласында (32,4 мың), сосын сауда саласында (32,8 мың), құрылыс саласында (31,1 мың), ауыл шаруашылығында (21,7 мың) жасалды. Жасалған жұмыс орындарының жалпы санының ішінде 198,3 мыңы тұрақты жұмыс орындары, 76,5 мыңы уақытша, яғни маусымдық.

Жұмыспен қамту бағдарламасын одан әрі жандандыру мақсатыменкелесі шараларды жүзеге асыруға болады:

  • бағдарлама шеңберінде азаматтарды оқыту бойынша мемлекет пен жеке бизнес арасындағы ынтымақтастық механизмін нығайту, әсіресе шетелдік жұмыс күшінің орнын басу мәселесіне аса екпін жасау;
  • қайта даярлауға жұмылған адамдар санын кеңейту, олардың біліктілігін арттыру;
  • мемлекеттік қолдаудың барлық түр-лерін (шәкіртақы, жол жүру мен тұруға кететін шығындар) қатысушыларға оқу үшін материалдық жәрдем ретінде міндетті түрде бөлінетін бірыңғай әлеуметтік пакетке біріктіру.

Сонымен қатар, жұмыспен қамту органдары бағдарлама аясында 2013 жылдан бастап жұмыс берушілердің өтініштері бойынша қысқа мерзімді білім беруге көшеді деп жоспарланып отыр. Жоспарланып отырған сұраныс техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқыту есебінен (36 айға дейін) жүзеге асырылатын болады.

Бағдарламаның келесі бағыты, яғни ауылдық кәсіпкерлікті дамытуға септесу бойынша несиелердің кепілдігін қамтама-сыз етумен байланысты іс-жосықтар оңтай-ландыруда. Сонымен қатар ауылдық жерлердегі әлеуметтік және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды жөндеуге (салуға) бағытталған жобаларды жүзеге асыру қолға алынуда.

Бағдарламаның үшінші бағыты еңбек ресурстарының мобильділігін арттыру. Осы міндет жүзеге асыру бойынша оралмандарды бейімдеп, оларды орналастыру жұмыстары қолға алынған. «Нұрлы көш» бағдарламасы аяқталысымен отандастарды жұмыспен қамтып, оларды баспанамен қамсыздандыру «Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасының аясында жүзеге асатын болады.

Сонымен қатар республикамызда жүріп жатқан Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы да жұмыспен қамту мәселесіне оң септігін тигізеді. Аталмыш бағдарлама кішігірім қалалардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, олардың тұрғындарының үлкен қалаларға қоныс аудару үдерісін азайтады.

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. ҚР Еңбек кодексі: жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбек қатынастарын реттеудің ерекшеліктері. №10 (22) 2007.
  2. ҚР Конституциясы 30.08.1995 ж.
  3. ҚР еңбек туралы заңы, 10.12.1999ж. №493-13 ҚР. Алматы.2000 ж.
  4. Назарбаев Н. “Қазақстан-2030”.
  5. Закон Республики Казахстан "О занятости населения" от 30 декабря 1998г.
  6. Еңбек инспекторы басты тұлға»//Егемен Қазақстан 2011, 28 сәуір.
  7. «Біз отандастар мүддесін қорғаймыз»// Заң газеті 2007 6 маусым.
  8. Еңбек қорғау «28 сәуір – Бүкіл әлемдік Еңбекті қорғау күні» № 4 (16) 2012 ж.
  9. Еңбекті қорғау «Қазақстан Республикасындағы техникалық заңнама» №2 (14) 2012 ж.
  10. Еңбекті қорғау «Еңбек саласындағы негізгі бағыттар мен құқықтарды жүзеге асыру» №6 (18) 2012 ж.
  11. «Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау туралы» ҚР заңы. Алматы: Юрист, 2011 ж.
  12. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту- Қазақстан дамуының басты бағыты» атты қазақстан Республикасының президенті ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтарда Қазақстан халқына жолдауы
  13. Деловой Казахстан - Республиканская экономическая газета ( постановление Правительства РК от 28.08.2012 г).
  14. Әлеуметтік- экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты.
  15. Қазақстан республикасының Президентінің 28 қаңтардағы Қазақстан халқына «Болашақты бірге құрамыз» атты жолдауы аясында ҚР статистика агенттігінің статистикалық мәліметтері.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.