Мәдениет – тарихи даму барысында адамзат жасаған материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы. Адамдардың қолымен жасалынып жатқан құндылықтар, осы құндылықтармен адамдардың өзара байланысы, олардың оны игеруі мәде-ниеттің маңызды бөлігінің бірі болып табылады. Осы тұрғыдан қарағанда, мәдениет – адамдардың бірлесе ғылыми, моральдық - әлуметтік, көркем және техникалақ құндылықтар жасаудағы қарым – қатынастар жиынтығы. Сөйтіп, мәдениеттің мәні адамның өзіндік адамдық еңбегімен байланысты туындайтын өнім деуге болады.
Мәдениет жалпыға ортақ ұғымда адамзаттың материалдық және рухани еңбек өнімдеріндегі, әлуметтік нормалар мен мекемелер жүйесіндегі, рухани құндылықтардағы, адамдардың табиғатпен, өзара және өзімен қарым – қатынастарында көрініс алған тіршілік әрекетін ұйымдастыру мен дамытудың өзіндік әрекеті ретінде сипатталады. Экологиялық мәдениет - әрбір қоғамдаға жалпы мәдениеттін ең мәнді элементтерінің бірі болып табылады, өйткені әлеуметтік іс-әрекет ұдайы қоршаған ортаның өмір сүру талаптарымен байланыста болады. Яғни, экологиялық мәдениет әлеуметтік феномен ретінде қоғам мен табиғаттың өзара қарым – қатынасын реттеу қажеттілігінен туындайды. Б.Т. Лихачевтің пайымдауынша экологиялық мәдениеттің мәні экологиялық тұрғыда негізделген еркін қалыптастыруы мүмкін. Экологиялық мәдениет тұлғамен, оның түрлі қыр – сырымен және қасиеттерімен органикалақ байланыста болады. Ғылыми әдебиеттерде «экологиялық мәдениет» ұғымына көптеген түсінік, анықтамалар берілген. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру проблемасы бойынша алыс және жақын шет елдік ғалымдардың қырықтан астам еңбектерінде қарастырылуы оның күрделі де, сан қырлы екендігіне көз жеткізеді.
Экологиялық мәдениет ұғымына берілген анықтамаларды пайымдауда олардың мазмұны мен басты идеяларына қарай бірнеше бағытта қарастырылғандығын көрсетеді: экологиялық мәдениет – жалпы мәдениеттің бір бөлігі; экологиялық мәдениет адамдардың табиғатпен қарым – қатынастары жөніндегі қалыптасқан дүниетанымы, сенімі, түсініктері, білімі, іскерлігі, құндылық бағдар жүйесі; эколгиялық мәдениетке – адамның өмірлік белсенді тұғырнамасы; экологиялық мәдениет адамның табиғатты теориялық, материалдық – практикалақ, рухани ізгілікті меңгеруі және жаңартудағы мәнді күш – қуатының өлшемі, іс - әрекетінің жиынтығы; экологиялық мәдениет – адамның табиғатпен ғана емес, әлеуметтік – тарихи ортамен, биосферамен өзара әрекеттестігі.Демек, экологиялық мәдениет экологияны танып-білу, мінез- құлық, жүріс-тұрыс сипаты негізінде табиғатқа сүйіспеншілікпен қарап, сақтай білу дегенді түсіндіреді деуге болады. Экологиялық мәселелердің қатарына өсімдіктерді, жан-жануарларды күтебілу және табиғат аясында өзін-өзі алып жүру ережелерін сақтау да қосылады. Табиғат – адам тәрбиешiсi. Адам болып туып, адам болып қалу үшін табиғаттың атқарар ролǐ зор. Табиғат белшектері: жан-жануарлар дүниесі, өсiмgiктер әлемі, өзен, сай, биǐк таулар, сағым тербеген сары дала – бәрі адамдардың ақыл- ойына – сана , денесǐне – қуат, бойына – күш, енеріне – шабыт, кеңіліне – қанат береді. Табиғат жайлы түсінікті оқушылар дүниетану сабағында алады. Ал В.А. Сухомлинскийдің пікірінше экологиялық мәдениет дегеніміз – баланы гүлге су құюға немесе тазалыққа үйрету емес, ол баланың санасына табиғат дегеніміз – біртұтас жүйе, ол адам мен табиғаттың бірлігінен құралатындығын жеткізу.Енді осыны қалай және қандай жолмен жүзеге асыруға болады деген сауалға тоқталсақ. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру экологиялық білім мен тәрбиеберудің міндеттеріне сәйкес келеді.Экологиялық тәрбие берудің көптеген сыныптан тыс, сабақ үстінде, пәнаралық байланыстар арқылы, арнайы курстар арқылы беруге болатыны теориядан белгілі.Соның бірі сыныптан тыс жұмыстарға тоқталсақ. Сыныптан тыс экологиялық білім мен тәрбие беру мақсаты: оқушылардың экологиялық білім мен тәрбиесін біржақты етпей, бағдарламада қаралған білімдерді тереңдету, балалардың табиғатқа ұқыпты қарауын және оны қорғауға тәрбиелеу. Сыныптан тыс экологиялық жұмыс жүргізу үрдісінде қарапайым заңдылықтар анықталады, табиғаттың жекелеген түрлері мен құбылыстардың арасындағы байланыстар анықталады, сан алуан табиғат кешендері қарастырылады. Бұл жұмыс оқушылардың табиғаттың біртұтастығы туралы түсінігін кеңейтеді, дұрыс дүние танымының қалыптасуына жағдай жасайды. Сыныптан тыс жұмыстарда өз өлкесінің экологиялық жағдайы, қоршаған орта, дүние туралы ғылыми біліммен тұжырымдар сипатталады. Пәндерді оқыту міндеттерінің ішінде ең алдымен білім мазмұнының дамытушы, тәрбиелеуші қызметі күшейтіледі: дамыта отыра оқытудың шарттары мүмкіндігінше ескеріліп, оқушылардың білімі зерттелетін объектінің сыртқы белгілері туралы қарапайым мағлұматтар деңгейінде емес, ішкі мәнін байланыстарды ашатын теориялық сипаты бар ұғымдар жүйесінде меңгеруі көзделеді. Экология,биология сабақтарындағы экологиялық білім бере отырып тәрбиелеудегі бірнеше әдістер қолдануға болады:
J экология, биология сабақтарындағы модельдеу әдісі ;
J схемалық және графиктік модельдеу.
Сызбалар арқылы табиғи құбылыстың негізгі белгілерін сызба бөлшектеріне бөліп құрастырып, қызметін модель арқылы көрсету, сөзбен айту немесе суретін көрсетудің нәтижесінен білім алу деңгейі көтеріледі.
Модельдің бір түрі- композиция құрастыру. Композициялар дегеніміз - табиғаттың көрінісін макеттер арқылы, табиғи заттар арқылы ұқсас етіп бейнелеу. Композицияның оқушыларды экологиялық тәрбиелеуде маңызы зор.Экологиялық тәрбие берудің бір жолы- экологиялық мазмұнды есептер шығару. Сондықтан экологиялық тақырыптарға берілген есептер пәнаралық байланыстарды ашып, оқушыларды ізденуге, ойлауға, адам өміріне, денсау-лығына табиғаттың зор маңызының бар екенін анықтауға көмектеседі.
Сабақ үрдісінде көптеген дидактикалық әдістерді қолдануға болады: ертегілер, жұмбақтар, ойындар, экологиялық тақырыптағы мақал-мәтел мен жаңылтпаштар, экологиялық ертегілерді құрастыру. Мысалы: «Туған елің болмаса,тумай-ақ қойсын күн мен ай» ,«Адам елінде,қоға көлінде көгерер, », «Құлазыған шөл- жетім, құс қонбаған көл -жетім, сортаңға құйған сел-жетім», «Ағын су-өмір,тоқтау су-өлім»,«Туған жердің күні де ыстық, күлі де ыстық»,«Дәрі шөптен, дана көптен шығады»; Қан айналым тақырыбының бекіту кезенің ертегі ретінде өткізу. Бірінші оқушы:
“Мен өте ұсақ жасушамын. Менің атым Эритроцит. Менің диаметрім орта шамамен 7,2-7,5 м. к.м. Менің диаметр мен саным үнемі өзгеріп отырады. Қанның тыныс алу аумағында менің диаметр мен санымның өзгеруі арқылы ғана ағзаны оттегімен қамтамасыз етеді.
“Енді менің мына сұрағыма жауап бер: Қандай адамдар гемофилия ауруына ұшырайды, және де осы гемофилия ауруы туралы айтып берсең”- дейді хан.
Эритроцит ойланып жауабын таба алмайды.
Екінші тағы бір адам келеді. Ол да өзін, былай таныстырады: “ Менің атым Лейкоцит. Мен эритроцитке қарағанда ірі ядролық қан жасушамын. Мен жіліктің кемігінде, көкбауырда, лимфа түйіндерінде түзілемін де қанға қосыламын. Мен бірнеше күннен бірнеше жылдарға дейін тіршілік етемін. Менің негізгі қызметім - ағзаны микробтардан, басқа түрлі ақуыздардың әсерінен, суық пен ыстықтан, денеге зиянды заттар енуінен сақтаймын.
Бұл да ханның сұрағына ойланып жауап бере алмайды.
Біраз уақыттан кейін үшінші адам келеді. Ол өзін таныстырмай жұмбақ шешуге, бас қатыра бастайды. Сұрақты оқып болған соң, былай деп жауап береді: “Қан тамырларының жарақаттануына байланысты қанның ұюы - ағзаның қанды көп кетуден сақтайтын қорғаныш реакциясы. Егер қанұйық қан тамырларының ішінде пайда болса, онда ол ағза тіршілігіне қауіп туғызады. Кейбір адамдардың қаны ұйымайды. Бүл ауруды “гемофилия”деп атайды. Гемофилия ауруы іштен туа пайда болады.
Гемофилия ауруы адамдарда өте кішкентай жарақаттанудан көп қан кетіп, тез өліп қалуы мүмкін. Бұл жауапқа хан қуанып, Тромбоцитты тағына отырғызып, қызын береді.
Қорыта айтқанда, оқушылардың өзбетімен білім алу, шығармашылық қабілетін дамыту,танымдық белсенділігін арттыру ,ойлау қабілетін шыңдау-қазіргі заман талабы.
Нәтижесінде, оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне сүйеніп, интеллектуалдық, сезімдік, эстетикалық, адамгершілік және еңбек дамуын қозғайтын сапалық өзгерістер, сонымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетінің көріну деңгейі басшылыққа алынып оқушылардың экологиялық мәдениетінің қалыптасуының өлшемдері мен көрсеткіштері айқындауға болады (1- кесте).
Оқушылардың экологиялық мәдениетінің өлшемдері мен көрсеткіштері
Кесте -1
Компонентер |
Өлшемдер |
Көрсеткіштер |
танымдық |
экологиялық білімдер |
|
эмоционалды |
экологиялық сана, сезім |
|
мінез- құлықтық |
экологиялық тәжірибе |
|
Нәтижесінде, әр оқушымен жеке-тұлғалық мақсатталған жұмыс жүргізіледі.Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың моделін жасамастан бұрын,оның нәтижесі болып табылатын экологиялық мәдениеті қалыптасқан тұлғаның бейнесін болжамдауға болады. (сурет-1)
Экологиялық білім берудегі қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда оқыту мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын қолдану көп мүмкіндік береді.
Жеке тұлғаға бағдарланған жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, пәнді түрлендіріп оқыту оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырып, жеке қабілетін жетілдіруіне, соның нәтижесінде білім беру сапасын арттыруға зор ықпал жасайтындығы тәжірибеде дәлелденіп келеді.
Ұлттық деңгейдегі білім берудің мақсаты –елǐмǐздщ әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне оңтайлы қатысуға дайын құзыретті, интеллектуалды және рухани жағынан дамыған тұлғаның қалыптасуына ықпал ету.
Жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың басты мақсаттарының бірі- оқушылар білімінің дербес модельдерін іске асырудың бір мезгілде жүргізілуі.
Пайдалынған әдебиеттер
- Қазақтың наным-сенімі және олардың табиғат қорғаудағы маңызы. //Педагогика және білім мәселелері: ҚарПИ аспиранттарының ғылыми еңбектер жинақтары. - Қарағанды,1996. - Б. 85-92.
- Ұлы бабалардың педагогикалық еңбектерін оқыту негізінде жасөспірімдерге экологиялық тәрбие беру //«Проблемы профессиональной подготовки современного учителя» Сборник статей. - Караганда, 1998. - С. 293-322.
- Қазақ халқының ырымдары мен тыйым сөздеріндегі экологиялық тәрбие көрінісі //«Педагогическая теория и практика: история, современность перспективы» Сборник научных трудов. - Караганда, 1999. - Б. 136-142.
- Ж.Аймауытұлы шығармаларындағы экологиялық тәрбие беру мәселелері //«Этнопедагогика және білім жүйесіндегі дарынды балалар проблемалары» Халықаралық ғылыми – педагогикалық конференция материалдары. - Алматы, 2000. - Б. 268-273.
- Қазақ халқының мақал-мәтелдері арқылы оқушыларды табиғатты қорғауға тәрбиелеу //«Шоқан тағылымы – 6» Халықаралық ғылыми - практикалық конференция материалдары. - Көкшетау, 2001. - Б. 243-246.
- Ы.Алтынсарин шығармалары арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие беру //«Ы.Алтынсариннің мұрасы және педагогика ғылымының көкейкесті мәселелері» Аймақтық ғылыми - практикалық конференция. - Қарағанды, 2001. - Б. 65-70.
- Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие беру //«ҚР білім беру жүйесінің қазіргі заманғы даму кезеңіндегі педагогика ғылымы мен практикасының сабақтасуы» Аймақтық ғылыми - практикалық конференция материалдары. - Қарағанды, 2002. - Б. 62-67.
- Халық педагогикасы арқылы оқушылардың экологиялық қызығушылығын арттырудың кейбір жолдары //«Қазіргі таңдағы педагог мамандарды кәсіби даярлау мәселелері» Айматық ғылыми - практикалық конференция материалдары. - Қарағанды, 2003. - Б. 183-189.
- Қазақстан Республикасының экологиялық білім беру тұжырымдамасын іске асыру жолдары //Білім беру мазмұнын қалыптастыру және жетілдіру мәселелері педагогика теориясы мен практикасында» Аймақтық ғылыми - практикалық конференция материалдары. - Қарағанды, 2004. - Б. 169-174.
- Білім мекемелерінде экологиялық тәрбиенің көкейкесті мәселелері//«Академик Е.А.Бөкетов - ғалым, оқытушы, ойшыл» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. - Қарағанды, 2005. - Б.401-404.