Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бүгінгі білімді ұрпақ-ертеңгі білікті маман

«Қандай оқу орнының болсын, басты нысаны-оқушыларға сапалы білім, салиқалы тәрбие беріп, оларды еңбекшіл етіп тәрбиелеу» А. Байтұрсынов

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында көрсетілгендей, болашақта еліміздің экономикасының дамуына өз үлесін қоса алатын білікті маман даярлауға әсерін тигізетін инновациялық оқу процесіне көп көңіл бөлінуде. Елбасымыз білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекітті. Бұл құжат білім беру саласының таяу онжылдықтағы негізгі даму басымдықтарын белгілеп қана қоймай, сонымен қатар еліміздің болашақтағы жалпы даму барысын да анықтайды. [3]

Жаңа бағдарламаның мақсаты-кез келген қазақстандықтардың кеңейтілген жүйеде білім алуына және кәсіби біліктілігін арттыруға қолжетімділік тудыру.

ҚР білім және ғылым министрлігі Б .Жұмағұлов: «Жаңа бағдарламада білім берудегі бәсекеге қабілеттіліктің артуы мен адами капиталдың дамуына айрықша ден қойылған. Соның нәтижесінде экономиканың және халықтың әл-ауқатының тұрақты өсуі қамтамасыз етіледі»,-дейді. [4]

Бүгінгі таңда білім беруді дамыту тұжырымдамасының негізгі мақсаты – білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның талаптарына сәйкес келетін білімді, кәсіби біліктілігі жоғары тұлғаны тәрбиелейтін, бәсекеге қабілетті білім негізін қалыптастыру.

Бұл жаңа кезеңде адамды өмір сүруге баулу үшін бұрынғыдан да мол деңгейде білім беру деген сөз.

Тұлғаны қалыптастыру, оның шығармашылдық даралығын дамыту, баланың мүмкіншілігін ашып, оны жүзеге асыру-бүгінгі білім жүйесінің басты мақсаты.

Білімділіктің, адамгершіліктің, кәсіби шеберліктің және іс-әрекетке икемділіктің жаңаша түсінігі жастарымыздың әрекеттері мен өз орнын анықтау, өзін-өзі жетілдіру,адамның табиғи мүмкіндіктерін ашу ойлау қабілетін жетілдіру, сөйлеу, әрекет ету сияқты қасиеттерін ашу нәтижесінде өмірдегі өз орнын табуға көмектеседі. Бүгінгі таңда жүріп жатқан іс-әрекеттер, жаңа ізденістер, жаңа істер, әдіс-тәсілдер өз орнын тауып, қоғамымыздың қажеттілігіне сай дами береді. [1]

Білім алушыға тұлғалық-әрекеттік тұрғыдан қараудың құрамды бөлігі-іс-әрекет. Тұлға субъект ретінде өзінің іс-әрекетін алдын-ала жоспарлап, оны белгілі бір мақсатқа бағыттап отырады. Тұлғаның мінез- құлқы мен психикалық процестерін дамытуда іс-әрекет маңызды рөл атқарады. Яғни іс-әрекеттің өзі адамды субъект ретінде қалыптастырады. [2]

Іс-әрекет дегеніміз.- қоршаған ортаны мақсатқа сай өзгерту және түрлендіру болып табылатын қатынастың арнаы түрі.

Іс-әрекетті талдай отырып, оның ішкі құрылымына назар аударуға болады:

Себеп-мақсат-мақсатқа жетудің шарты (іс-әрекеттің мақсаты мен шартының бірлігі оның міндетін анықтайды).

Мақсат-іс-әрекеттің ойша тұжырымдалған нәтижесі болса, себеп сол әрекетті жүзеге асыруға бағытталған ішкі түрткі, күші.Сондықтан, оқыту процесін ұйымдастыру кезінде оқытушы іс-әрекетінің мақсаты тұлғаны жігерлендіретіндей, әрекетке итермелейтіндей ішкі күшке –себепке айналатындай етуі қажет. Зерттеулерге сүйенсек, тұлғаны оқуға итермелейтін себептер біреу ғана емес, бірнеше болуы мүмкін. Себеп- адамның іс-әрекеті мен жүріс-тұрысының қозғаушы күші болып табылады. Адамның әртүрлі функционалдық қабілеттерінің қай бағытта қолданылуы, таңдаған себептерге байланысты. [1,2]

Сондай-ақ, аламның әртүрлі іс-әрекеттерінің ішінен нақты сол істі таңдауы және оны аяғына дейін жеткізіп, белгілі бір нәтижеге жетуі де сол себептерге байланысты. Егер тұлғада жұмыс барысында кездескен қиындықты жеңуге, белсенді әрекетке итермелейтін күшті, анық, терең себептер болатын болса, онда кез келген іс-әрекет тиімді жүзеге асады және сапалы нәтиже береді.

Бұл оқу себептеріне де қатысты. Себебі, егер білім алушыда оқуға деген жағымды қатынас қалыптасқан болса, танымдық қызығушылығы, білім, іскерлік дағдыны меңгеру қажеттілігі болса, онда оқу іс-әрекеті де әлдеқайда жақсы өтеді.

Оқу себептерін екі үлкен категорияға бөлуге болады. Оның біреуі- оқу әрекетінің мазмұнымен, оның жүзеге асуымен байланысты болса, келесісі-тұлғаның қоршаған ортамен қарым-қатынасына байланысты. Алдыңғы ақыл-ой белсенділігін қажетсіну жатса, екіншісіне тұлғаның басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу қажеттілігі, өзінің қолы жететін қоғамдық ортада нақты бір орын алуға ниеті жатады.

Оқу мотивтерінің пайда болу шарттарының бірі-білім алушы санасының оқу іс-әрекетінің нәтижесінде ғана емес, оған жету амалдарына да бағытталатындығында. Оқу себептерін қалыптастыру үшін оқыту әдістері мен оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың алуан түрлері қолданылуы керек.

Мысалы: әңгіме, дәріс, әңгімелесу, баяндау әдістері студентке оқудың мәнін , қалаған мамандығын игеру қажеттігін түсіндіруге мүмкіндік береді.

Оқытушы-орта арнауы оқу орнындағы басты тұлға, оған студенттің кәсіби шығармашылық тұлғасын дамытудың стратегиялық рөлі де жүктелген. [2]

Бүгінгі жаһандану дәуірінде жастардың жаңару үрдістерімен үйлесімді өмір сүре білуі үшін терең және жан-жақты білім алуы маңызды факторға айналып отыр. Осы орайда, біраз жылдар назардан тыс қалып, бүгіндері қайта қолға алына бастаған кәсіптік және техникалық білім беру ісінің маңызы артуда. Өйткені, ішкі еңбек нарығы техникалық және кәсіптік білімі бар өз кадрларымызбен қамтамасыз етуді талап ете бастады

Қостанай политехникалық колледжінің негізгі оқу жұмысындағы басты міндеті-«Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасын» негізге ала отырып, бәсекелестікке және нарықты экономика жағдайларына төзе білетін білікті мамандарды дайындау.

40 жылдық тарихы бар біздің колледж республикаға танымал, бәсекелестікке қабілетті өндірістік оқыту шеберлерін дайындайтын, техникалық және кәсіптік орта білім беретін оқу орындарының ішіндегі бірегейі болып танылады. Іргетасы 1971 жылы 15 сәуірде қаланған Сол уақыттан бері өзінің негізгі бағытын сақтап қалған Қазақстандағы жалғыз колледж деп айтуға болады. «Бидайды сақтау және қайта өңдеу технологиясы»

Студенттер негізінен техникалық, технологиялық мамандықтар бойынша білім алуда. Жылына 300-ден астам студент қабылданып, 250- ден артық мамандар дайындалады.

Кәсіптік орта арнаулы білім ордаларында кәсіби шеберлігін шыңдаған жастар, еліміздің кәсіпорындарын білікті орта буын мамандармен толықтырып отырады. 40жыл ішінде өзінің ұясынан 3,5 мың түлегін ұшырды. Мамандарымыз қала, ауыл, республика, Ресей, Еуропа елдерінде еңбек етуде.

Қазіргі колледж - заман талаптарына жауап беретін, жаңа заманауи технологияны алға тарта білім беретін, көп профильді білім беру мекемесі, нарық еңбегіне сай қажетті мамандықтар бойынша мамандар дайындайды, алға қойған мақсаты – қоғам талабына сай оқыту жүйесін енгізу, қоғамды жаңартушы, еңбек етуші жасампаз ұрпақ тәрбиелеу. Колледжқабырғысында студенттер негізгі 12 мамандық бойынша білім алуда, сонымен қатар кәсіби мектепте 6 мамандық бойынша жұмысшы мамандықтарын меңгеруде, оқу орны үш қабаттан тұрады, колледжде 48 оқу кабинеттері, зертханалары, компьютер кабинеттері интернет желілеріне қосылған, шеберханалар, спорт залдары, жазғы спорт алаңы, кітапхана, акт залы, оқу залы, асхана бар.Студенттердің оқулары мен мұғалімдердің жұмыс істеулеріне барлық жағдайлар туғызылған. Мұнда білікті де білімді мұғалімдер жұмыс істейді, педагогикалық құрамның сапасына тоқталсақ 50 пайызы бірінші және жоғары санаттағы мүғалімдер. 80 пайызы «Нұр Отан» партиясының мүшелері, студент-жастарының 75 пайызы «Жас Отан» партиясының мүшелері.

Колледждің материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін үнемі жұмыстар жүргізіледі. Сонымен бірге жыл сайын колледжде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, мұғалімдердің оқу-әдістемелік кешендері жаңартылып отырады, студенттер мен мұғалімдер үшін жыл сайын кітапханадағы әдеби және оқу қорлары толықтырылуда.

Студенттердің практикасы мен жұмысқа орналасуына әлеметтік серіктестердің алатын орны ерекше. Атап айтсақ АҚ «Мелькомбинат», АҚ «Баян-сұлу», ЖШС «Иволга, Сарыкөл, Тобол». Өткен жылдың наурызында колледжде дөңгелек үстел басында «Қайда жұмыс істейміз?»тақырыбында колледж директорларының бас қосу кездесуі өтті.. Әлеуметтік серіктестердің қолдауымен колледж бітіруші жастардың 25 не жолдама тапсырылды.

Болашақта колледж

  • - отандық және шетелдік серіктестердің халықаралық консорциумын құру;
  • -мұғалімдерді шетелде білім тәжірибелерінен өткізу; -материалдық-техникалық базасын нығайту;
  • -инфрақұрылымды кеңейту жұмыстары көзделуде

Сөзімді қортындылай келе, ғылым-білімнің шамы жағылған, қазығы қағылған оқу орны -Қостанай политехникалық колледжі саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында сан шәкіртті білім нәрімен сусындатып қана қоймай, оларды білікті де білімді маман қатарына қосып, өрісті өмір сыйлап келеді.

Қостанай политехникалық колледжі ұжымының алдында тұрған мақсат-болашақ білікті маманды дайындауда Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасын бағытқа алу, еліміздегі жаңа өзгерістерге байланысты міндеттемелерін орындау, колледждің іс-әрекетін әрдайым жақсарту жолында сапа аумағындағы саясатты орындау және қойылған мақсатқа толығымен жету үшін аянбай еңбек ету. [1,2]

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Қазақстан кәсіпкері 2008ж №10,№3,25-30б,12-15б.
  2. Қазақстан кәсіпкері 2011ж №2 , 25-27б.
  3. Н.Ә.Назарбаев «Конституция-біздің асқақ абыройымыз»\ «Дала мен қала»,№35 ,2010.
  4. БЖұмағұлов «Елдің интеллектісін дамытудың басты векторы»\ «Егемен Қазақстан», №523,2010.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.