Қазақстан Республикасының ұлттық білім саясатының жаңа басымдылығы - адамгершілігі жетілген, дүниетаным мәдениеті жоғарғы деңгейдегі қоршаған ортаны жағымды қабылдайтын, заманауи көп мәдениетті және көп ұлтты ортада белсенді жасампаз қызметке дайын жаңа үлгідегі адамды қалыптастыру міндеті болып табылады.
Жаңа міндеттерді шешу білім үрдісін ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін, білім, ептілік пен шеберлікті меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар көп ұлтты ортада жан-жақты қатынасқа қабілетті адамды тәрбиелеу және дамыту мәселелерін шешуге бағытталуын талап етеді. Бұл адамгершілік құндылықтарына негізделген басқаша ойлауға шыдамдылық, түсінік пен ынтымақтастыққа дайындығын көрсетуге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу үшін аса маңызды және айтарлықтай деңгейде тұлғаны әлеуметтендіру процесін жандандырады.
Осы жағдайларда, колледж, білім жүйесі алдында төмендегіндей міндеттер қойылады:
- рухани, ұлттық мәдениеттен бастау алатын әлеуметтік белсенді шығармашылық тұлға тәрбиелеуге көмектесу;
- оқушыларға толерант жөнінде ұғым қалыптастыру;
- өзге пікірлерге шыдамдылық танытуға тәрбиелеу;
- оқушылардың құқықтық мәдениетінің жоғары деңгейін қалыптастыру.
Оқу орындарында толеранттықты тәрбиелеудің аса маңызды шарттарына төмендегілер жатады: оқытушының жалпы және ұлттық мәдениеті, ынтымақтастық, өзара іс-қимыл мәдениеті; оның мінез-құлықта көрініс табуы; кәсіби шеберлік; қауымның оқытушылық қабілеті ықпалы, ұлттық және эмоциялық бай ортаның мүмкіндіктерін пайдалану.
1995 жылы ЮНЕСКО бас мәслихатымен қабылданған Толеранттық принциптерінің декларациясына сәйкес «толеранттық – мәдениеттердің бай және біздің әлемнің әр алуандығын дұрыс түсіну, сыйлау, қабыл алу, бұл әр алуандықтың үйлесімділігі, бұл кеңпейілдік, мәдени соғысты бейбіт мәдениетке алмастыратын жағдай жасайды...»
Толеранттық – басқа ұлт, діни, әлеуметтік орта, басқа көзқарастардағы, түсініктердегі, ойлау стильдері және мінез-құлықтары өзгеше болатын адамдармен немесе топтармен белсенді әлеуметтікпозицияға және позитивтік әрекеттестікке психологиялық даярлықтың ерекше өнегелі сапасы.
Толерантность – особое нравственное качество, отражающее активную социальную позицию и психологическую готовность к позитивному взаимодействию с людьми или группами иной национальной, религиозной, социальной среды, иных взглядов, мировоззрений, стилей мышления и поведения.
Ашық азаматтық қоғам құрып отырған Қазақстан Республикасында толеранттықты тәрбиелеу көп ұлысты аймақтағы көп ұлтты қатынас негізі болып қана қоймай,сонымен бірге мемлекетаралық байланыс,өзге халықтардың әлеуметтік тәжірибесін меңгеру барысында маңызды болып табылады.
Уақыт талабы оқытушыдан сабақты қызықты, тартымды өткізе білуді, көп шығармашылық ізденісті, білімділікті, тапқырлықты қажет етеді. Оқушылардың белсенділігін, жеке дара жұмыстануын ынталандыру, жеке көзқарастарының қалыптасуын, дамуын, оқу еңбегінің нәтижесі тиімді болуын талап етеді.
Мен орыс топтарында сабақ бергендіктен осы топтарда әр түрлі ұлт өкілдері оқиды,оқушыларға мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттыру үшін сабақ барысында әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданамын,ол үшін оқытушының жалпы және ұлттық мәдениеті, ынтымақтастық, өзара іс-қимыл мәдениетін , кәсіби шеберлікті пайдалану керек.
Әр сабақтың мақсаттары: Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту,сөздер мен сөйлемдердің аудармасын білуге үйрету,сөз тіркестерін құру арқылы сөздік қорын,ойлау қабілеті мен зейінін дамыту.
Мысалы:Зат есімдерді өткенде зат есім тудыратын жұрнақтарды еске аламыз
Шы;ші-бұл жұрнақтар арқылы жасалған сөздер көбіне кәсіп,мамандық -қа,бірдеңеге икемділікті білдіреді. Мысалы :тілші,аудармашы,даяшы.
-лық/- лік, -дық/ -дік, -тық/ -тік бұл жұрнақтар сөздерге жалпылық, қалыптық мән береді.Мысалы: тіршілік, достық. Осы тақырыпқа байланысты кластер толтыру және сөздерді аудару(төзімділік- терпимость,ынтымақтастық-сотрудничество, әріптестік- партнерство,мейірбандық-милосердие, қайғыға ортақтасу-сострадание)
«Толеранттық» кластерге анықтама беріңдер. Қай анықтама сіздерге көбірек жақын? Орыс тіліне аударыңдар. Мысалы: Мейірбандық – егде адамдарға көмек көрсету. Қайғыға ортақтасу – жақын адамға немесе достың қайғысына ортақ болу.(сурет-1)
Мұғалімнің педагогикалық қызметінің негізінде нақты сөз тұрғысында оқушылармен тікелей қарым-қатынас болуы тиіс.Бұл өз бетінше емес,тілектестік өзара іс-қимыл,түсіністік жолы. Егер оқытушы төзімді болса, онда ол ашық жарқын. Ол оқушының дербестігін құрметтейді,тең құқықты мағынада түсінеді. Ал «Лексика» бөлімін өткенде синоним, антоним, омоним, неологизм сөздерді еске түсіреміз.
Кестені толтырыңыз, яғни қарама-қарсы сөздерді табамыз.
Толеранттық |
Интолеранттық |
басқа пікірлерді қабылдау |
немқұрайлылық(равнодушие) |
сенім |
өзімшілдік(эгоизм) |
қамқоршылық |
назар салмау |
назар аудару |
түсінбеу |
түсіну және қабылдау |
шыдамсыздық |
бірге әрекет ету |
себепсіз агрессия |
басқа пікірлерді қабылдау – түсінбеу
сенім - немқұрайлылық(равнодушие) қамқоршылық - себепсіз агрессия назар аудару - назар салмау
түсіну және қабылдау - өзімшілдік(эгоизм)
бірге әрекет ету - шыдамсыздық
Сабақ өту кезінде сабақты қатаң ережемен өте бермей,бір мезгіл еркін тақырыпқа,ойын,сұрақ-жауап арқылы өту балаларға еркін ойлауға,өз ойларын тартынбай айтуға,сөйлеу мәдениетін меңгеруге бағытталады.
Оқушы мен өздік жұмыс түрінің көп қолданатын түрі ауызша жауап беруді дамыта отырып ,сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Сұрақ - жауап оқушының тілдік қарым-қатынысын дамытып,сөздік қорын жетілдіруге әсер етеді.
Сұрақтарға жауап беріңіз:
- Сен достықты қалай түсінесің?
- Нағыз дос деп кімді айта аласың?
- Достық пен жолдастық айырмасы неде?
- Нағыз дос болатын адамның қандай мінез қасиеттері болуын қалар едің?
Оқушылар осы сұрақтарға әр түрлі өз пікірлерін айтады.
Мысалы: ФК и С -4 курс оқушысы Цзи Гуо Сян былай жауап берді:
-Мен Қытай Халық Республикасында туылдым. Мен Қазақстанға жетуге асықтым. Қазір Қазақстанның азаматымын. Осы жерден достарымды таптым. Біз бәріміз татумыз. Достық деген – ұлы сезім. Достықты бағалайық! – деді ол.
Екінші оқушының пікірі мынадай болды:
- Дос - сенімді серік. Ол сені түсінуі тиіс . Досыңды қатты құрметтеу, қадірлеу керек, доссыз өмір жоқ сияқты.
ақшаң
Үшінші оқушы өз пікірін мақалмен аяқтады: «Жүз сом болғанша, жүз жолдасың болсын».
Ал, енді тақырыбымызды достық туралы мақал-мәтелдермен аяқтайық. Осы мақал – мәтелдерді толықтырыңыз.
(олжасы көп). ( келер басыңа). ( тұзы жоқ тағам). ( жау артық).
- Жолдасы көптің …
- Күлме досыңа …
- Досы жоқ адам …
- Жалған достан …
Бүгінгі оқушы-ертеңгі кәсіп иесінің жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін басты факторлардың бірі ретінде тәрбиенің рухонияттылығы, толеранттылығы, ашықтығы жатады.Бұл талап-міндет бүгінгі күні біздің колледждің де оқу үрдісінің талабы мен міндетіне айналып отыр.
Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Қазақстан Республикасы- достықтың Отаны. Еліміз бейбітшіл мемлекеттермен үнемі достық қарым-қатынас жасап келеді. Бұл – Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасы. Қазір де, келешекте де достық атты мұнара биіктей бермек.
Қазіргі таңда еліміздегі өзге халықтардың қазақ тілін үйреніп,меңгеріп қана қоймай,сол арқылы Тәуелсіз Қазақстанды тануы,сыйлауы осыдан басталатынын білу-бүгінгі күннің талабы.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
- Сынып жетекшісінің кітапханасы «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналына қосымша
- Білім. Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы. Ғылыми-педагогикалық журнал. 2011 ж. № 5-6.
- Қазақ тілі: әдістеме. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал. № 2 2011 ж.
- Аманжолов С. Қазақ тілі теориясының негіздері. – Алматы, 2002 ж.
- Рахымбаева А. Тойымбаева Ж. «Қазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік құзырлылығын дамыту». Ғаламтор желісі.
- Қазақ тілі. Қ.Қадашева, З. Ахметжанова. - Алматы , 2004 ж.
- Қазақ тілі. Абдиева Ш., Бағжаева Г. – Алматы. 2001 ж. «Арыс» баспасы.