ХХІ ғасырда еркін білім беру, адамның шығармашылық ойлауын дамыту негізгі мәселе болып отыр. Осы идеялардан оқытудың және тәрбиелеудің инновациялық технологияларын қолдану қажеттілігі туындайды.
Білім саласындағы жаңа көзқарас тұлғаның дамуы мен нәтижеге бағытталған білім беруді көздейді. Сондықтан, білім жүйесін құру, оқушыларға қазіргі заман талабына сай білім беру-бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі.
Қазіргі кезде сабақта жаңа технологияларды бәріміз кеңінен қолданамыз. Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек» – деген. Расында да, тек қана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді.
Заманауи жаңашыл технологиялар ұғымының пайда болуы білім беру саласында компьютерлік сабақтар өткізумен тығыз байланысты. Көптеген электронды оқулықтар мен оқу бағдарламалары, мультимедиалық оқу бағдарламалары жасалуда және жасалып та жатыр. Сондықтан, бүгінгі таңда қазақ тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзырлылығы құрылымынан оқытудың ақпараттық – коммуникациялық технологиялары ерекше орын алады.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру үрдісі.
Сонымен бірге, ақпараттық коммуникативтік технология сабаққа дайындалуда қосымша ақпаратты іздеуді кеңейтеді. Интернеттің іздеу жүйесі арқылы қызықты мәліметтер, көрнекіліктер таба аламыз.
Сонда, оқу-жүйесінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану мынадай нәтижелерге қол жеткізеді:
- – оқушылар электронды оқулықтармен және интернет желісімен жұмыс істей алады;
- – оқушының білімі қысқа мерзімде және кез келген уақытта бағаланады;
- – орындаған жұмыстарының қателерін бірден көруге мүмкіншілік тудырады;
- – интерактивті тақтаны еркін қолданады;
- – ақпараттық мәдениетін дамытады;
- – зерттеу дағдылары дамиды;
- – оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артады;
- – әрбір оқушының шығармашылық мүмкіндігі ашылады.
Бүгінгі таңда республикада компьютерлік бағдарламалар шығарылып, оқытудың жаңа технологиялары оқу үрдісінде кеңінен 243
пайдаланылып,оң нәтижелер беруде. Олар – В.Фирсовтың саралай оқыту, П.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру, Ш.Амонашвилидің ізгілікті – тұлғалық, В.Монаховтың оқыту үрдісін жобалау, М.Жанпейісованың модульдік оқыту, Ж.Қараевтың деңгейлік саралап оқыту, Г.Селевконың өзін- өзі дамыта оқыту және т.б.технологиялары. Аталған технологиялардың қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне оқытудағы маңызы ерекше.
Осындай ізденістен туындаған технологиялардың бірі – тірек сызбалар арқылы оқыту әдістемесі . Әдістеменің ерекшелігі мен маңызы неде ?
Бірінші ерекшелігі – нақты, дәл есептелген тұтас оқу процесін құра білу. Виктор Федорович Шаталов бұл құрылымды былай түсіндіреді: «Тірек сызба дегеніміз – ойынның элементі, уақыт үнемділігі және оқушы психологиясын қызықты құбылысқа бағыттау. Бірақ ең басты мақсат – берілген тақырыпты логикалық байланыстар негізінде оқушының түсінуі және ұзақ уақыт есте сақтауы».
Екінші ерекшелігі – уақыт үнемділігі. Мысалы, белгілі бір тарауды түсіндіру барысында бірнеше тақырыпты жинақтап, ықшамдап бір -екі тірек сызбасына сыйдыруға болады.
Ал ең негізгі ерекшелігі -тірек сызбасын қолдану. Бұл әдістеме қазіргі күнге дейін құндылығын жойған жоқ.
Тірек сызбалар оқушылардың сөйлеу тілін арттыру мақсатында пайдаланатын тәсілдің бірі. Сонымен қатар тірек сызба жаңа тақырыпты жеңіл түсінуге, есте сақтап қалуға көмектеседі.Орыс топтарында қазақ тілін оқытуда ең қолайлы жолдардың бірі-тірек сызбаларын пайдалану: себебі олар тірек сызбалар арқылы сөйлем құрастырып, өз ойларын айтып жеткізуге үйренеді, сабаққа қызығады, еңбектенуге талпынады.
Тірек сызбасын сабақта кеңінен пайдалану- мұғалімнің жан-жақты дайындалуына, уақытты ұтымды өткізуіне әсер етеді.
Уақыт талабы мұғалімнен сабақты қызықты, тартымды өткізе білуді, көп шығармашылық ізденісті, білімділікті, тапқырлықты қажет етеді. Оқушылардың белсенділігін, жеке дара жұмыстануын ынталандыру, жеке көзқарастарының қалыптасуын, дамуын, оқу еңбегінің нәтижесі тиімді болуын талап етеді.
Грамматикалық тақырып бойынша ережені жаттау түрде бермей, тірек сызбалар арқылы үйрету, көп есте қалатын болады. Оқушылар ережені тірек сызбалар арқылы ұғып алса, оларды сабақта жиі пайдаланып отырса, оқу жүйесін жақсы түсінетін болады.
Берілген тірек сызбаларды пайдалана отырып, оқушыларға грамматиканы кеңінен және керекті ережені қолдануларына мүмкіншілік туғызуға болады. Сабақ барысында көп сөйлемей-ақ сабақ негіздерін қысқа да нұсқа ұсынып, шығармашылық ой-өріс жүйесін арттыруға жағдай жасалады. Оқушылар аудару жұмысын орындағанда грамматиканы оңай түрде қолдана алатын болады.
Қазақ тілі сабақтарында өзім қолданатын келесі тірек сызбалардың үлгілерін ұсынамын. Мысалы, лексика тарауы бойынша мынадай тірек сызбаларды оқушылар назарына ұсынамын.
1- сызба
245
Әдебиеттер
- Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана: Елорда, 2008. – 23-б.
- Қалым Г.М. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар // Педагогикалық альманах, 2011.– 1.
- Түсіпова А.Компьютер-оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы.– Қазақстан мектебі, 2004. №7.
- Өтемұратова Б.С. Білім беруде ақпараттандырудағы мәдениеттанымдық аспектілер // Қазақстан кәсіпкері. – 2009. – №11.
- Қазақстан мектебі. «Ақпараттық технологиялардың тиімділігі», 2008 . №6.
- Қазақстан мектебі. «Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану тетіктері», 2006 ж.№4.