Жыл басында Елбасы дәстүрге сай Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Биылғы «Халықтың әл ауқатын арттыру-басты мақсат» Жолдауының мән-маңызы айрықша. Онда негізінен әлеуметтік салаға және саясатқа бас назар аударылған.
Президенттің құқық қолдану іс-тәжірибесін жетілдіру және құқық тәртібін нығайту мәселесіне тоқталғаны, құқық қорғау органдары қызметкерлері үшін айрықша маңызды.
Енді «елімізде құқық бұзушылықтың алдын алудың жалпы мемлекеттік жүйесінің жасақталып, жұмыс істеуін қамтамасыз етуге»жұртшылық пен халық кеңінен тартылатын болды. Мұндай бірлескен жұмыстың тәжірибесі Қостанай облысында қазірдің өзінде бар.
Азаматтық қатынас жауапкершілік мәселесін қозғамас бұрын, заңды жауапкершілікке назар аударсам деп отырмын.
Қоғам-заң ережелерін сақтайтын азаматтармен қоса құқық бұзатын тұлғалар болып екіге бөлінеді.
Сондықтан құқық бұзушылыққа қарама-қарсы қолданылатын мемлекеттік шара заңды жауапкершілік болып табылады.
Заңды жауапкершілік-әлеуметтік жауапкершілік формаларының бірі болып есептеледі. Әлеуметтік жауапкершілік мәні жеке тұлғаға қоғаммен, мемлекетпен, адамдармен қойылатын міндеттерді орындаудан тұрады. Заңды жауапкершіліктен басқа қоғамда әлеуметтік жауапкершіліктің басқа да формалары қызмет етуде: моральдық, саяси, ұйымдық, қоғамдық, партиялық және т.б.
Әлеуметтік жауапкершілік жеке тұлғаға қойылатын нормативтік талаптар жиынтығы ретінде әлеуметтік жауапкершіліктің объективті жағы болып табылады. Бұл талаптарға позитивті және негативті санкциялар тән. Адам жасалған немесе жасалып жатқан әрекетке, ретроспективті жауапкершілік, болмаса жасалуы мүмкін әрекеттерге жауап береді, яғни перспективті жауапкершілік.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік-азаматтық құқықпен белгіленіп жеке адамдар не болмаса заңды тұлғалар өздерінің міндеттерін орындамағанда, адамның денсаулығына не мүлкіне зиян келтіру нәтижесінде пайда болды. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік келтірілген зиянның орнын толтырып, бұзылған мүліктік құқықты қалпына келтіру.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік екі түрге бөлінеді: тараптармен жасалған шарттың бұзылуына байланысты туады және шарттан тыс,азаматтық құқық нормаларының бұзылуына байланысты біреуге мүліктік зиян келеді. Шарттан тыс жауапкершілікке міндеттіліктен туатын тараптардың жауапкершіліктері жатады.
Жауапкершілік барлық құқық қатынастарына тән нәрсе. Азаматтық- құқықтық қатынастардың негізгі бөлігін міндеттеме құрайтын болғандықтан жауапкершілік жөніндегі мәселе міндеттемелік құқықтың жалпы ережелерінде қаралады. Бірақ та бұл арада айтылған мәселе міндеттемелерден тыс құқық қатынастарына да қатысты. Жалпы алғанда, жауапкершілік дегеніміз, заңмен немесе шартпен қаралған ретте өзіне жүктелген міндетті бұзатын азаматтық құқық қатынасының субъектісіне қолданылатын мүлікті өндіртіп алу немесе мүліктік салмақ салу болып табылады. Оған бұзылған құқыққа орай уәкілетті тұлғаның мүліктік шығынының орнын толтыру да жатады.
Жауапкершілікке тарту, азаматтық құқық бұзушылық жағдайында құқықтық нормаларға санкцияны жүзеге асыруға түрткі болады. Ең алдымен, азаматтық-құқықтық жауапкершілікте мемлекеттік және шарттық тәртіпті нығайтудың да, осы мақсаттың алдын алудың да тәрбиелік маңызы айырықша. Азаматтық құқық қатынасының субъектілері болып табылатын тараптар өздеріне жүктелген міндеттерді орындамауы қоғамдық қатынастарды бұзып, мүліктік шығынға және жеке тұлғалар мен бүкіл қоғамды қолайсыз жағдайларға әкеп соқтыратынын білуі тиіс әрі өзінің міндетін бұзбауға күш салуы керек. Тәрбиелік жағын былай қойғанда, егер, әлгі айтқан құқық бұзушылыққа жол берілетін болса, онда азаматтық-құқықтық жауапкершілік оны қайта қалпына келтіруді қамтамасыз етеді. Сондықтан да, борышқор өзі істеуге міндетті нәрсені орындамағанда ғана емес, оны орындаудан өз бетімен бас тартқан кезде де оған жауапкершілік бәрібір мойындатылады. Азаматтық құқықтың қосымша мүлікті өндіртіп алу тәрізді өзіне тән жауапкершіліктің қасиеті болмаса, несие беруші міңдеттемесін орындаудан жалтарған борышқорға жазалау шарасын қолдана алмайды және оның іс-әрекетін өз дәрежесінде реттеп отыруы қиындай түседі.
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің өзіне тән қасиет-тері:
а) борышқордың міндеттемені бұзғанынан туындаған мүліктік шығындарды несие берушіге қайтару;
ә)борышқордың міндеттемені тиісті дәрежеде орындауын қадағалау;
б) борышқорды міндеттемесін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жазалау;
в) белгілі бір дәрежеде несие берушінің міндеттемеге қатысуына түрткі болу (өйткені, контрагенттің дұрыс болмауынан пайда болатын шығынды өтеуді қамтамасыз етеді);
г) борышқордың тәртіпсіздік фактілерін басқа тұлғалардың көзінше айғақтау болып табылады.
Ықпалы әртүрлі деңгейде бола тұрса да, міндеттемелердің бәрінде жауапкершіліктің мұндай қасиеттері кездеседі. Мұндай жауапкершіліктің қажеттілігі міндеттеменің бұзылмауын реттейтін заңнан (мысалы,міндеттемені бұзғаннан келетін залалдың орнын толтыру), әр жақтың өзара жасасқан шарттарынан, міндеттеменің келісілген жағдайларынан туындайды. Жауапкершілікті белгілеу қосымша келісімдер арқылы да жүзеге асады. Мысалы, оған міндеттеменің мерзімін бұзғаны үшін салынатын айыпқа орай жасалатын келісімді жатқызуға болады.
Азаматты-құқықтық жауапкершілік-Азаматтық құқықтың Жалпы белімінің институты болып табылады, өйткені, жалпы ереже бойынша азаматтық-құқықтық қатынастардың барлық түрінде өзіне тән қасиеттер кездеседі.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік түсінігі-заң ғылымында даулы мәселе. Кейбір авторлар оң мағынадағы (позитивті) жауапкершілікті бөліп қарайды, яғни оны барлық міндеттердің бұлжымайтын, қатаң түрде жетілген бастамасы мен жүзеге асырылуы деп біледі. Мұндай жауапкершілікке көзқарас міндеттеме жүйесіндегі жауапкершілікке міндеттеменің тиісінше орындалуына сай келеді. Сонымен бірге міндеттемені тиісінше орындауда азаматтық-құқықтық жауапкершілік әрқилы ережелерге бағынады, демек оны борышқордың белгілі бір әрекетінің аясына сыйдыруға болмайды.
Заң жүзіндегі жауапкершілік әрқашанда мінез-құлыққа нақтылы баға береді, яғни сол құқық бұзушының мінез-құлқының салдарына мән береді. Сондықтан да оны ретроспективтік жауапкершілік деп атайды.
Заң жүзіндегі жауапкершілік өзінің жасаған іс-әрекеті үшін есеп беру міндеті құқығымен реттеледі деген де пікір бар. Өзінің әрекетінде есеп беру міндеті құқық бұзушылық, болмаған жағдайда да болатындығын еске сала кеткен жөн.
Жауапкершілік дегенді мемлекеттік немесе қоғамдық мәжбүрлеу шарасын қолдану деп түсіндіретіндер де кездеседі. Мұндай көзқарастың кемшілігі сол, борышқордың несие берушіге келтірген залалын өз еркімен қалпына келтіру немесе айыпты төлеуін азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен айналып кету мүмкіншілігін туғызады. Азаматтық- құқықтық жауапкершілік тудыратын жағдай оның негіздері болып есептеледі. Ондай негіздерге ең алдымен заңда немесе шартта көрсетілген құқықтарды бұзу жатады.
Мысалы, міндеттеме шартында көрсетіле тұрса да тұлғаның оны орындамауы немесе тиісті дәрежеде орындамауы, әлде кімге мүліктік залал келтіруі тәрізді жағдайларды айтуға болады.
Алайда жауапкершіліктің аталған негіздерінін бірі пайда болған кезде оны белгілі бір тұлғаға қолдана қою әр кез мүмкін емес. Ол үшін азаматтық-құқықтық бұзушылыққа сәйкес келетін жалпы, типтік болып табылатын белгілі бір жағдайларды айқындап алу қажет. Азаматтық- құқықтық жауапкершіліктің мұндай жалпы негіздеріне жататындар:
- тұлғаның құқыққа қайшы қылығы (іс-әрекеті не әрекет-сіздігі);
- жәбірленген тұлғаның шеккен зияны немесе залалдың бар болуы;
- құқық бұзушының құқыққа қайшы іс-әрекеті мен оның келтірген зиянының салдары арасындағы болатын себепті бай-ланыс;
- құқык бұзушының кінәсі.
Нақты тұлғаға азаматтық-құқықтық жауапкершілікті жүктеу үшін жалпы ереже бойынша кажетті келтірілген негіздер жиынтығы — азаматтық-құқық бұзушылықтың құрамы болып табылады. Көрсетілген негіздердің біреуі болмай қалса, жауапкершілікке тарту мәселесі туындамайды. Бірақ та, кейбір жағдайларда заң азаматтық құқықта құқық бұзушылық құрамының бар болуы мүліктік жауапкершілікке тарту үшін жалпы талатпен санаспайды (мысалы, жоғары қауіптілік көзін иеленуші заңды тұлға жәбірленушшің алдында кінәсіз жауап береді (АК-тін 931- бабы). Енді азаматтық құқық бұзушылықтың құрамының әлгінде айтылған элементтерінің әрқайсысына тоқтала кетелік.
Құқыққа қайшы тұлғалардың қылықтары-азаматтық-құқықтық жауапкершілік негізі. Құқыққа қайшы тұлғаның қылығы дегеніміз заңға немесе шартқа сәйкес емес теріс іс-әрекет болып табылады. Ол құқықтық қатынасқа түсетін екінші жақтың мүліктік немесе мүліктік емес игіліктері мен құқықтарын бұзуға əкеп соғады. Азаматтық құқықта құқықка қайшы тұлғаның қылығы объективті жəне субъективті құқықтардың міндетті түрде бір мезгілде бұзылуын көрсетеді. Тұлғаның құқыққа қайшы қылығы жауапкершілікке тартудын бірден бір шарты болса, оны жауапкершіліктің заңдық негізі деп атайды.
Тұлғаның құқыққа қайшы қылығының жағдайы іс-әрекетте не әрекетсіздікте көрінуі мүмкін. Мінез-құлықтың саналы түрде болуы объективті жағдай, құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқық бұзушылығы оған қарамайды, сондықтан да қылмыстық құқықта ол қылмыс құрамының объективті жағын құрайды. Бұл арада мәселенің екі жағына тоқтала кеткен жөн. Біріншіден, зандарды білмеу құкық бұзушыны ештеңеден арашалай алмайды. Әңгіме заңның ұңғыл-шұңғылын жетік білуде емес, өмірде әрбір іс-әрекеттің бәрі заңдармен қамтылмайды. Сондықтан, тіпті заңгерлердің өздеріне де қайсыбір іс-әрекеттерді құқыққа сыйымды екендігін айқындау оңайға түспейді. Демек бұл саланың маманы еместерден ондай дәлдікті айқындауды талап етудің өзі ақылға сыймайды. Екіншіден, тәртіптің саналылық деп жүзеге асуы басқаға, яғни құқық бұзушылық құрамының субъективті жағына, кінәлілік мәселесіне қатысты. Құқыққа қайшылық пен кінәлілікті шатыстыру заң әдебиеттерінде де, сот тәжірибесінде де кездеседі, әлі кездесіп те жүр. Сонымен қатар жауапкершілікке тартудың әрбір шарты қателіктерден ада болуы үшін әрқайсысы міндетгі түрде басқаларынан бөлек талдануы қажет. Жауаптылық туралы шешім жоғарыда көрсетілген барлық қажетті негіздер түгел болғанда қолданылуға тиіс, бірақ олардың бар болуы әрбір негіз бойынша бөлек қаралуы қажет.
Заңды, міндетті, бұйрықты орындау, құқықты жүзеге асыру, жәбірленушінің келісімі, қажетті қорғаныс жəне аса қажеттілік тәрізді жағдайлар құкыққа қайшы тұлғаның қылығы болып есептелмейді. Оның бәрі де белгілі бір негіздерді сақтай отырып, саналы түрде атқаруды кажетсінеді, ал олардың бұзылуы-құқыққа қайшылық міне, оныңсалдарынан жауапкершілік мәселесі туындайды (қажетті қорғану және аса қажетті жағдайда зиян келтіру туралы АК-тің 919-920 баптарында қаралады).
Кінә- азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негізі. Жалпы заң ілімі кінәні тұлға өзінің заң бұзу әрекетін (немесе әрекетсіздігін) жан- дүниесімен, демек психологиялық тұрғыдан сезінуі деп түсіндіреді. Заңда оны қылмысты істердегі кінә және азаматтық істердегі кінә деп екіге бөледі. Қыілмыстық жауаптылыққа қасақана немесе абайсызда қылмыс жасаған адам тартылады. Азаматтық зандарда кінә мүліктік немесе мүліктік емес өзіндік міндеттемелерді орындамау және тиісті дәрежеде орындамау тұрғысынан көрінеді.
Кінә қасақана немесе абайсыз түрде болады. Заңды біле тұра бұзу және оның келтіретін зиянды салдарын болжау да қасақаналық болып саналады, ал абайсызда заңды бұзған тұлға заңды бұзғанын тіптен сезінбейді және оның зиянға әкеліп соғатын салдарын болжай да алмайды. Бірақ ол нақтылы жағдайларды ескере отырып, мұны сезе де, болжай да алуы керек еді. Кейде азаматтық қатынастарда тараптардың екі жағы да кінәлі болуы мүмкін. Мұндай аралас кінә жағдайында келтірілген зиянның орнын толтыру жауаптылығы екі жаққа бірдей жүктеледі.
Азаматтық құқықта тұлға кінәсіз болса да жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Кінәсіз жауаптылық тек заңда көрсетілген жағдайларда ғана зиян келтіруші бұл жөнінде кінәлі болмаса да жауап береді. Мысалы, қатерлі қауіп көзі болып табылатын ұйымдар кінәсіз жағдайда да келтірілген шығынды өтеуге міндетті. Керісінше, есі ауысқан адам, 14 жасқа жетпеген бала кінәлі болса да келтірген зиян үшін жауап бермейді. Азаматтық кодекстің 359-бабы 1-тармағына сәйкес, егер борышқор міндеттемені тиісті дәрежеде орындау үшін өзіне байланысты шаралардың барлығын қолданғанын дәлелдесе, ол кінәсіз деп танылады. Сөйтіп, азаматтык құқықта тұлғаның өз қылығына заң кінәні субъективтік, психикалық қатынас деп қарамайды, керісінше тұлғаның өз іс-әрекеті салдарынан болған жайсыз нәтижелерді немесе ағаттықты қалпына келтіруге мүмкін болатын шараны алмағанына мән береді. Біздің заңымыздың тұжырымы бойынша нақты тұлғаның қылығы істің шын болмысымен салыстырылуы керек, бұл орайда, тұлғаның мүмкіндігі болатұра өзіне тиесілі нәрсені орындамағаны есепке алынады.
Азаматтық кодекстің 359-бабының 2-тармағында кәсіпкерлер үшін диспозитивтік сипаттағы басқа жалпы ереже берілген: міндеттемені орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған тұлға басқа кінәсі болмаса да жауап береді. Демек кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде міндеттемені орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындай алмаған кәсіпкерге жоғары жауапкершілік жүктеледі. Мұндай кінәсіз жауапкершілік кәсіпкерлікке тән тәуекелге сүйенеді. Кәсіпкердің кінәсіз жауапкершілігі Азаматтық кодекстің 360-бабынан шығады, ол «Міндеттемедегі кәсіпкерлік тәуекел» деп аталады. Аталған бапта былай делінген: Міндеттемеде кәсіпкердің тапсырысы бойынша әлдебір жұмыстыорындау көзделсе, жұмыстың нәтижесін пайдаланудың мүмкін еместігі немесе оны пайдаланудың тиімсіз болу тәуекелі кәсіпкерге жүктеледі. Жұмысты тиісті дәрежеде орындаған адам, егер шартта өзге кәсіпкерлік тәуекелді болу көзделмесе, орындау дәрежесіне сәйкес ақы алуға құқылы.
Сонымен бірге, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда міндеттемедегі кәсіпкер жауапкершілігінің өзі шексіз деуге болмайды. Егер кәсіпкерлік өзіне жүктелген міндеттемені бой бермейтін күштің, яғни осы жағдайлар кезіндегі төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жайлардың (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары және т.б.) әсерінен орындай алмағанын дәлелдей алса, онда ол жауапкеріпіліктен құтылады. Мұндай жағдайда нарықта тауарлардың, жұмыстар мен қызмет көрсетудің мүмкін болмай қалуы тәрізді жағдайлар есепке алынбайды.
Заң немесе шарт арқылы жауапкершіліктің басқа да негіздері мен одан босатылудың жағдайлары қарастырылуы ықтимал. Осылайша кәсіпкерлер шартқа отырып, тек кінәға қатысты жауапкершілік жөнінде өзара келісімге келе алады. Бірақ мұндай келісім болмаған жағдайда, Азаматтық кодекстің 359-бабының 2-тармағының жалпы нормасына жүгінуге болады.
Азаматтық кодекстің 359-бабының 3-тармағында мына жағдай ескерілген: міндеттемені қасақана бұзғаны үшін жауапкершілікті жою немесе шектеу туралы алдын ала жасалған келісім жарамсыз болып табылады.
Азаматтық кодексте (қылмыстық құқықтан айырмашылығы) кінәнің презумпциясы (кінәсіз деп жорамалдау) қолданылады. Құқық бұзушы қашан өзінін кінәсіз екендігін дәлелдегенше кінәлі деп есептеледі. Кінәсіз деп жорамалдауды (презумпциясы) бекіту мына жағдайларға негізделген: біріншіден, азаматтық айналымда субъектінің қатысы жалпы еркіндікте болады. Мұндай еркіндік өзінің әрекетінің қолайсыз салдары туындаған жағдайда тәуекел етуге мүмкіндік береді, сонымен қатар жауапкершіліктен құтылу үшін өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге кемектеседі. Екіншіден, азаматтық-құқықтық жауапкершілік жеке құқықтық сипатқа ие, оның шаралары субъектіні жеке тұлға ретінде бостандығына, ар-намысына тиіспейді. Бұл ретте кінәнің презумпциясы, сондай-ақ, тұлғаның бостандығын шектемеуді және оның ар-намысына, қоғамдағы іскерлік беделіне нұқсан келтірмейді. Үшіншіден, әдетте шиеліністі жағдай мен орынсыз килігу субъектілердің бірінін, құқыққа қайшылық әрекеттерінен болады, даулы мәселені шешерде әр жақ тең жағдайда болуы шарт: жәбірленуші жақ өзінің құқығы мен мүддесі басқа субъектінің әрекетімен бұзылғанын дәлелдеуі тиіс, ал, соңғысы-өзінің кінәсіз әрекет еткенін дәлелдеуі керек. Тұлғаның кінәсіз болуы оны жауапкершіліктен арашалайды.
Зиян-заңмен қорғалатын игілік атаулының кемуі. Егер зиян мүліктік сипат алатын болса, оны залал деп атайды. Залалдың ақшалай баламасы шығын делінеді. Азаматтық кодекстің 9-бабында құқығы бұзылған адам, егер заң мен шартта аз мөлшердегі шығын қаралмаса, өзіне келген залалдытолық қалпына келтіруді талап ете алатындығы бекітілген. Залалдың орнын толтыру женіндегі норма императивті тұрғыда келеді, ол барлық азаматтық құқықтық қатынастарға жүреді және жақтардың шартында шығынды келтіру қаралды ма, жоқ па, оған қарамай әрекет ете береді.
Мемлекеттік екімет билігі органының, езге де мемлекеттік органның зандарға сай келмейтін құжат шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының әрекеті (әрекетсіздігі) салдарынан азаматқа немесе заңды тұлғаға келтірілген залалды Қазақстан Республикасы немесе тиісінше әкімшілік-аумақтық белініс етеуге тиіс (АК-тің 9-бабы 5- тармағы).
Залалдар мынадай екі түрге белінеді:
- құқығы бұзылған тұлға жасаған немесе жасауға тиісті шығыстар, оның мүлкінің жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан);
- сол тұлғаның құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында болатын, бірақ алынбай қалған табыстары (айрылып қалған пайда).
Мысалы, тасымалдау шарты бойынша мүлік бүлінсе немесе зақымдалса, онда тасымалдаушы тек қана нақты нысан мелшерінде шығынын телейді. Ал айрылып қалған пайдаға, мәселен, азаматқа жарақат немесе денсаулығына езгедей зақым келтірілген кезде жәбірленуші жоғалтқан немесе анық иелене алатын табыс (кіріс), сондай-ақ денсаулыққа зақым келтіруден туындайтын шығындар (емделуге, қосымша тамақтануға т.б.) жатады.
Егер құқықты бұзған тұлға кейін кіріс түсіретін болса, онда құқығы бұзылған тұлға езге де айырылып қалған пайдасымен қоса түсуге тиісті кірістен кем емес мелшерде орын алған залалды қалпына келтіруді талап ете алады.
Мүліктік емес зиянға тұлғаның дене кемтарлығы мен психикалық ауруына байланысты моральдық, адамгершілік зардап, іскерлік беделге келетін залал, біреудің атын пайдаланып оған залал келтіру және т.б. жатады. Мүліктік емес зиянның бұл түрі моральдық залалды қалпына келтіру шарасын қолдану негізін туғызады. Ал, егер жарақат адамның еңбекке қабілеттілігін темендетіп не оны жойса, оның денсаулығын түзетуге, алмаған жалақысын беруге белінетін шығындар әлгі айтқан мүліктік залалды білдіреді.
Себепті байланыс-азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негізі. Азаматтық жауапкершілікті анықтау үшін құқыққа қайшы іс-әрекет пен зиянның арасында себепті байланыстың болуы да заңды. Бұл былай деген сез: қандай бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасағандығы (немесе әрекетсіздігі) үшін жауапкершілік жүктеуден сол зиянның болуы, сол іс- әрекеттің (немесе әрекетсіздіктің) кездейсоқ бола қалған ғана іс емес, сол іс-әрекетке байланысты (немесе әрекетсіздікке байланысты) дағдылы, қалыпты ретімен туғандығын анықтау шарт.
Әрбір нақтылы істі қарағанда соттың міндеті: зиянның жа-салуы алдында болған оқиғалар тізбегінен қалыпты жағдайда, дағдылы жолымензиян келтіретін іс-әрекеттің біреуін ерекше беліп шығару. Құқық бұзушылық пен зияннын пайда болуынын арасында осындай «қалыпты» себепті байланыстар барлығын анықтау мүмкін болмаса, бұл ретте зиян шектірушіге жауапкершілік артуға дәлел жоқ. Кейде құқыққа қайшы іс- әрекет пен зиянның арасындағы себепті байланысты анықтау қиындыққа соқпайды (мәселен, мылтықты абайсыздықпен ұстап біреу-міреуді елтіріп алған реттерде). Бірақ ерекше күрделі жағдайларда себепті байланысты анықтау үшін сарапшының (дәрігерлік, техникалық, т.б.) кемегі қажет болады. Мүмкін, зиянның болуына құқық бұзушының іс-әрекеті ғана емес, жәбірленушінің езінің іс-әрекеті де себеп болуы мүмкін. Бұл ретте оқиғаның қалыпты жағдайында зиянның орын алуына іс-әрекеттердің қайсысының шешуші рел атқарғанын анықтау керек. Мысалы, Азаматтық кодекстің 935-бабына сәйкес жәбірленушінің теріс пиғылы салдарынан пайда болған зиян етеуге жатпайды. Ал, егер жәбірленушінің езінің ерескел абайсыздығы зиянның орын алуына немесе ұлғайуына себеп болса, жәбірленуші мен зиян келтіруші кінәсінін дәрежесіне қарай етеу мелшері азайтылуға тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 ж.
- Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі: Жалпы белім 27 желтоқсан 1994 ж; Ерекше белім. 1999 ж. 1 шілде.
- Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін күшіне енгізу туралы. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысы 1994 ж. 27 желтоқсан.Қазақстан Республикасының Заңы.
- «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Ерекшс белім) күшіне енгізу туралы» 1999 ж. 1 шілде.
- Қазақстан Республикасының Заңы. «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Ерекше белім) күшіне енгізу туралы» 1999 ж. 1 шілде.
- Қазақ ССР-інің азаматтық кодексі 1963 ж. 28 желтоқсан.
- Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы (ред. етк. Тулеугалиева Г. Л., Мауленова К. С, Сарсембаева М.А.) Қосымша оқулық (Ерекше белім). Екінші рет басылып шықты, толықтырылған және езгертілген, Алматы, 1999 ж.
- Қазақ ССР Азаматтық құқығы. Қосымша оқулық,, 1 т,Алматы,1978 ж.
- Қазақ ССР Азаматтық құқығы Қосымша оқулық,.1 б, Алматы, 1980 ж.
- Қазақ ССР Азаматтық кодексіне пікірталас. Алматы, 1990 ж.
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне пікірталас (Ерекше белім). Ред. жауапт. Сүлейменова М.К., Васин Ю.Г., 1 және 2 к, Алматы, 1998 ж.
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне пікірталас — талқылау және пікірталас. Жалпы белім. 1-10 шығарылымы. Алматы, 1996-2000 ж.