Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кредиттік технологиямен оқытуды эксперименттеу жағдайында физика сабағын жабдықтау

Білім сапасы көптеген факторларға байланысты: сабақтың әдістемелік жабдықталуын ұйымдастырып оқытудағы оқытушының кәсіби шеберлігіне, оқыту технологиясына, оқу бағдарламасының мазмұнына. Оқытудың жақсы сапасының негізі -сабақ материалының ойластырылып және нақтылануында Оқу-әдістемелік кешені дидактикалық материалды жүйелеуге мүмкіндік береді. Оқу білім мекемесіне енгізіліп жатқан жаңа компьютерге негізделген информатизациялы дамыған процесс білім беру үрдісінде электрондық оқулық пен электрондық оқу құралын кеңінен қолдануға жол ашты. Мен физикадан рәсімдеген электрондық оқу құралы бірнеше деңгейлі күрделенген материалдан құрастырылған. Барлық материал бір компакт-диске жинақталған, мәтінге арналған иллюстрация мен анимация, әр деңгейлі көп нұсқалы тапсырмалар интерактивті режимде білім деңгейін тексеруге арналған.

Электрондық оқу құралының көрнекілігі баспа түрінен көп жоғары. Мультимедиалық технологияны қолдану көрнекілікті қамтамасыз етеді: видеомазмұнды, дыбысты, гиперсілтеме, анимация арқылы.

Электронды оқу құралы тест, тексеру тапсырмаларының әр түрлі, көп нұсқалы, көп деңгейлілігін қамтиды. Электронды оқу құралы тест және барлық тапсырманы оқытуға және интерактивті режимде беруге мүмкіндік жасайды. Оқытушының жауабы дұрыс болмаған жағдайда толық түсінігімен дұрыс жауапты көруге болады.

Электрондық құрал құрылымына қарай ашық жүйе болып табылады. Оны пайдалау кезінде толықтыруға, түзетуге, түрлендіруге болады. Оқу материалы КТО жағдайындағы жұмыс бағдарламасына, силлабусқа сәйкес беріледі.

Оқу құралының мазмұнды бөлігіне танымдық және демонстрациялық компонент енеді. Процессуалды - түрлендіруші, бақылаушы, пысықтаушы.

Танымдық компонент білім алушыға білім алуға бағытталған. Бұл - мәтіндік ақпарат.

Демонстрациялық компонент мазмұнды ашып және толықтырады. Түрлендіру компоненті алған білімдерін практикалық есептер шығаруға пайдалануға, оқылған құбылыстарды түрлендіруге мүмкіндік береді.

Бақылау-пысықтау компоненті оқылған материалдың меңгеру деңгейін анықтайды.

Басқару бөлімі оның бөлімдері мен компоненттерінің арасын байланыстыратын, оқу құраланың бағдарламалық қабын құрайды, Диагностикалық бөлім нақты бағдарламамен жұмыс туралы статистикалық ақпарат сақтайды.

КТО жағдайында эксперимент ақпаратты-коммуникациялық технологиясыз мүмкін емес. КТО оқыту жағдайында ақпаратты- коммуникациялық технологияны енгізудегі негізгі бағыттар:

  • Сабақты компьютерлік кабинетте өткізу.
  • Мультимедиалық құрылығыны пайдалану және слайд-лекция көрсету.
  • Электрондық оқу құралын пайдалану немесе енгізу арқылы жаңа сабақ

материалын түсіндіру.

Оқу үрдісінде оқушылармен электрондық оқу құралын жұмыстың барлық кезеңдерінде пайдаланамын:

үй тапсырмасын қайталауды ұйымдастыруда (жалпы сұрау, слайд- сұрақ)

жаңа сабақты түсіндіруде (иллюстративті презентация, физикалық процесстерді түрлендіру, практикалық жұмыс)

материалды қайталауда және белгілі тақырыпты қайталаудағы жалпылама сабақта оқушылар білімдерін тексеруде.

Мысалы, «Тербелмелі контур» тақырыбын түсіндіру кезінде презентациялы ТСК пайдаланамын.

Үй жұмысын орындауға оқушыларға әр түрлі тапсырмалар беріледі:

  • берілген «Электр тоғы және оның қасиеттері» тақырыбы бойынша Интернеттен материал іздеп, ТСК жасау.
  • электрондық оқу құралынан «Электролиз заңы» тақырыбын талдап, Фарадейдің бірінші заңын пайдаланып берілген заттың массасын анықтау.

Мұндай тапсырманың мақсаты: оқушыларда шығармашылық және ізденісті білімді ақпараттық біліктілік қалыптастыру.

Оқу үрдісінде жинақталған материал, құрастырылған схема, кесте, ТСК пайдаланамын. Мысалы, «Математикалық маятник» тақырыбында практикалық сабақты дыбыстық түсіндірмемен өткіземін.

285

Атап айтқанда, оқу үрдісінде мультимедиалық презентация пайдалану, оқушылардың қосымша материал дайындау кезінде өздерінің материалын иллюстрациялауда компьютерлік технологияны көп пайдалануға дағдыландырады. Көбіне, олар өздерінің хабарламаларын түсіндіруде презентацияны POWER POINT бағдарламасында көрсетеді. Мысалы, оқушылардың тақырып бойынша жасаған кластер, ТСК.

Алғашқы кезеңде оқушылар кестені оқытушы көмегімен жасайды, сосын өз беттерінше. Оқушылар оқу материалымен өздік жұмыс кезінде және алған біліміне сүйеніп өз бетінше таблица толтырады, мысалы: «Электромагниттік толқындар шкаласы» тақырыбына, кесте толтыр:

286

Электромагниттік толкындар

Жиіліктері, гц

Ұзындықтары

/м/

Шығарып алу тәсілдері

Қолданылуы

Төменгі жиілікті

       

Радиотолқындар

       

Инфрақызыл

       

Көрінетін жарық

       

Рентген

       

Ультра-қысқа

       

Г амма-сәуле

       

Оқытылған материалдың түсінігі таблицаны талдау арқылы негізделеді. Мұндай жұмыс түрі оқушылар белсенділігін арттырады.

Оқушылардың кез-келген жұмысының нәтижесін таблицада бейнелеуге болады.

Оқушылардың ізденіс жұмысын дамыту үшін келесі тапсырмалар түрін ұсынамын:

  • «Электр тоғының жұмысы», «Рентген сәулесі», «Көрінетін жарық» «Радиолокация» тақырыбына, мысалы, Интернеттен, басылымдардан қосымша әдебиеттен материал дайындау;
  • сабақ материалына иллюстрация таңдау, мысалы, графиктік схема, физикалық шама, прибордың шартты белгілерін жазу;
  • бір шаманың әр түрлі өлшем бірлігіндегі өлшену тарихы туралы ақпарат іздеу, (мысалы: масса кг, тонна, пуд; универсал газ тұрақтысы Ŕ=8,31Дж/моль*к; Ŕ=0,082Атм*л/моль*К және т.б.);
  • электр приборының көрсеткіші бойынша электр энергиясының шығынын есепте.

КТО жағдайында оқушылардың өздік жұмысының маңызы артады, әсіресе, білім алушылардың ақпараттық біліктілігін қалыптастыруда.

Сондықтан, мен өз тәжірибемде оқушылардың кәсіби білімділік біліктілігін қалыптастыруда электрондық оқу құралымен жұмыс жасай білуін дамытуға көп көңіл бөлемін,атап айтқанда:

  • ЭОҚ материалымен физикалық құбылыстарды түсіндіру;
  • эксперимент нәтижесін талдау;
  • прибордың жұмыс жасау принципін түсіндіру;
  • анықтамалық әдебиетті қолдану.

Практикалық жұмысты оқушылар арнайы дәптерге жазады. Әр практикалық жұмысты орындауға әдістемелік нұсқау берілген.мысалы:

Тақырып «Өгкізгіштерді тізбектей және параллель жалғауды оқып үйрену». Мақсаты: кедергілері Ŗ1, Ŗ2 және Ŗ3 болатын өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу кезіндегі берілген формулалардың дұрыстығына тәжірибе жүзінде көз жеткізу. Жұмысқа қысқаша әдістемелік нұсқау.

Электр энергиясын тұтынушыларға электр шамдары, электрлік қыздырғыш құралдар, әр түрлі сымдар т.б. жатады. Олардың әрқайсысының белгілі бір

кедергісі болады, сондықтан оларды өткізгіштер болмаса резисторлар деп атайды. Кез келген электр тізбегі өзара тізбектей немесе аралас жалғанған резисторлардан тұрады.

Тапсырма: Керекті құрал – жабдықтар: тоқ көзі, резисторлар, амперметр, вольтметр, омметр, реостат, кілт, жалғағыш сымдар.

Жұмыстың орындалу тәртібі:

  1. Резисторларды тізбектей жалғау.

  1. сұрақтарға жауап бер және тапсырманы орында.
  • Толқын ұзындығы, биіктігі, периоды, тербеліс амплитудасының анықтамасын бер.
  • Осы шамаларды суреттен белгіле.

Карточкадағы әр түрлі тапсырма үш микрогруппамен жұмыс жасауға арналған.

Сабақ материалының түсінігін және меңгеруін тексеруде тақырыптық физикалық диктант өткіземін. Тараудағы материал көлеміне қарай диктант сұрақтарының мазмұны, саны әр түрлі болады. Мысалы, «Электродинамика» тарауынан он, «Атомдық физика» тарауынан жиырма сұрақтан құралған.

Бұл мақалада мен өз тәжірибемде сабақты МЖМБС талабына сай жабдықтауға мүмкіндік беретін электрондық оқу құралына негізделген, ақпаратты-коммуникациялық технологияны пайдалануда қолданып жүрген әр түрлі оқыту әдіс-тәсілдеріммен бөлістім.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. «Физика в школе» №1-5,2006 ж.
  2. «Физика және информатика» № 1,3 2008ж.
  3. «Среднее профессиональное образование». № 1, 2011ж
  4. «Қазақстан кәсіпкері» № 5,2011 ж

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.