Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ескене таулы өңірінің ерте көктемде гүлдейтін өсімдіктерінің биоэкологиялық ерекшеліктері

Мақалада Жаңаарқа ауданына Ескене таулы өңіріне қарасты үш бөлімшенің (Таңқы, Оқтөнген, Жартас) өсімдіктер бірлестігінің түрлері анықталғандығы жəне осы өсімдіктер бірлестіктерінде 16 тұқымдасқа, 26 туысқа жататын 48 түрлі өсімдіктердің кездесетіні туралы айтылды. Зерттелген Ескене таулы өңірінде барлық өсімдіктер бірлестігінде көп кездескендер — бұршақ тұқымдастарының өкілдері: Astragalus puberulus L. — түкілпе таспа, Vicia cracca L. — тышқансиыр жоңышқасы, Lathyrus pratensis — шалғындық əйкен, Lathyrus tuberosus L. — шалғындық əйкен, Clycyrrhiza aspera P. — тəуíр мия. Одан кейінгі орында раушангүлділер: Potentilla reptans L. — жатаған қазтабан, Potentilla flagellaris L. — шырмауық қазтабан, Potentilla bifursa L. — айыр қазтабан, Spiraea hypricifolia — шайқурай жапырақты тобылғы. Лалагүлділерден: Allium cepa — қатпарлы пияз, Tulipa Schrenka — Шренк қызғалдағы, T. patens agardh — қыр қызғалдағы, Fritillaria meleagroides Patrin –– кішкентай сепкілгүл. Тіркелген өсімдіктерге фитоценологиялық сипаттама беріліп, олар өмір сүру формасына, систематикасына жəне халық шаруашылығының әртүрлі саласында қолданылуына байланысты жіктелгендігі көрсетілген. Сол сияқты Ескене өңірі бойынша қорғауды қажет ететін, жойылып бара жатқан, сирек кездесетін өсімдіктер түрлері: отырыңқы гүлді əтеп (сирения сидячецветковая), тырнашөп (жабрица бухтарминская), кіндік тəрíздí кəрíкыз (липучка пупковидная), қызыл қойжелкек (козлобородник красный), Шангин айдаршөбі (хохлатка Шангина) жəне кішкентай секпілгүл (рябчик малый) анықталды. Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген түрлерге: сарғалдақтар тұқымдасынан — ашық құндызшөп (сон трава раскрытая) жəне лалагүлділер тұқымдасынан Шренк қызғалдағы (тюльпан Шренка) жатады.

Қазіргі таңда Қазақстанның бұрын-соңды зерттелмеген шалғай орналасқан аудандарының өсімдіктер бірлестігінің түрін анықтап, солардың ішінде пайдалы өсімдіктердің биэкологиялық ерекшеліктерімен танысып, олардың шикізатының қорын анықтап, тиімді пайдалану жолдарын тауып, халық шаруашылығының əртурлí саласында қолдану үшін жан-жақты зерттеудің теориялық жəне практикалық маңызы зор. Əсíресе сол пайдалы өсімдіктердің ішінде ерте көктемде гүлдейтін эфемерлер мен эфемероидтардың түрлерін анықтау, сол сияқты сирек кездесетін, жойылып бара жатқан, эндеми өсімдіктердің биэкологиялық ерекшеліктерімен танысып, түгендеу жұмыстарын жүргізудің ғылымда алатын орны ерекше. Əдеби деректерде Орталық Қазақстан бойынша, Ортау, Қызылтау, Ақтау өңірлерінің пайдалы өсімдіктерінің биэкологиялық ерекшеліктері, таралуы, қоры туралы біраз жұмыстар жүргізілгендігі анықталды [1–3].

Ал қарастырылған əдебиеттерде осы Жаңаарқа ауданына қарасты басқа таулы өңірлердің өсімдіктері туралы ғылыми жұмыстар жоқтың қасы. Сондай зерттелмеген аймақтардың қатарына Ескене таулы өңірі жатады. Қарағанды облысы бойынша ерте көктемде гүлдейтін эфемерлер мен эфемероидтар туралы бір ғана еңбек [4] жазылған. Осыған байланысты, əдеби деректерді негізге ала отырып, Ескене таулы өңірінің өсімдіктер бірлестігінің типін анықтап, әртүрлі өсімдіктер бірлестігінде кездесетін ерте көктемде гүлдейтін эфемерлер мен эфемероидтарын анықтап, инвентаризация жұмысын жүргізуді мақсат етіп қойдық. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынадай міндеттер қойылды:

  1. Зерттеуге алынған Ескене өңірі бойынша Жартас, Оқтөңген жəне Ескене, Таңқы тауларының өсімдіктер бірлестігінің типін анықтау.
  2. Зерттелетін таулы өңір бойынша әртүрлі өсімдіктер бірлестігінде кездесетін эфемерлер мен эфемероидтардың тізімін жасау.
  3. Осы өңір бойынша әртүрлі өсімдіктер бірлестігінде тіркелген эфемерлер мен эфемероидтарды таксономиясына, экоморфасына, өмір сүру формасына жəне қолданылуына байланысты топтарға жіктеп, сипаттама беру.

Зерттелетін өңір Жаңаарқа ауданынан батысқа қарай 25 шақырым қашықтықта орналасқан. Ескене — аласа шоқылы таулардың қатарына жатады. Оған үш таулы өңір кіреді: Жартас, Оқтөнген, Таңқы өңірлері бойынша далалық эксперименттік жұмыстар жүргізілді. Алдымен əр өңірдің өсімдіктер бірлестігінің типтері анықталып, фитоценологиялық сипаттама берілді.

Зерттеу барысында әртүрлі өсімдіктер бірлестігінде ерте көктемде гүлдейтін эфемерлер мен эфемероидтар тіркелді. Олардың көпшілігі — жазық далалық, жайылымдық жəне тау етектерінде қиыршық тасты жерлерде кездесетін көпжылдық шөптесін өсімдіктер.

Эфемероидтар негізінен көпжылдық шөптесін өсімдіктер, əдетте олар вегетациялық дәуірі қысқа жəне вегетациялық дәуірі ұзақ болып екі топқа бөлінеді. Вегетациялық дәуірі қысқа болып келетініндері ерте көктемде гүлдеп, 35-40 күннің ішінде тұқым мен жемісін беріп, күн ысыған кезде жер үсті мүшелері қурап, тыныштық дәуірге кететін, бірақ жаз бойы жерасты тамырсабақтарына қарқынды түрде қор заттарын жинайтын жəне қыстаған бүршіктері сақталатын (тамырсабақты, пиязшықты) өсімдіктер.

Қыстап шыққаннан кейін бұл өсімдіктер келесі жылы күн жылына бастаған кезде еріген қар суын қарқынды пайдаланып, бірден вегетациялық дәуірге көшеді де барлық вегетациялық дәуірдің фазаларын 1-1,5 ай ішінде өтіп, гүлдеп, тұқым мен жемісін беріп қайтадан тыныштық күйге көшеді.

Далалық эксперименттік жұмыстар байырғы Б.А. Быков [5], В.М. Понятовская [6] әдістері бойынша жəне өсімдіктердің таксономиялық ретін анықтау жұмысы «Флора Казахстана» [7-14] бойынша жүргізілді.

Анықталған өңірлер бойынша зерттеу нәтижесінде барлық өсімдіктер бірлестігінде көп кездескені — бұршақ тұқымдастарының 4 туысқа жататын 5 түр, оларға таспа туысынан: Astragalus puberulus L. — түкілпе таспа (астрагал пушистый); жоңышқа туысынан: Vicia cracca L. — тышқансиыр жоңышқасы (горошек мышиный), əйкендер туысынан: Lathyrus pratensis — шалғындық əйкен (чина луговая), Lathyrus tuberosus L. — шалғындық əйкен (чина клубневая), мия туысынан: Clycyrrhiza aspera P. — тәуір мия (солодка уральская) кездесті. Раушангүлділер тұқымдасынан 2 туысқа жататын 4 түр. Қазтабан туысынан: Potentilla reptans L. — жатаған қазтабан (лапчатка ползучая), Potentilla flagellaris L. — шырмауық қазтабан (лапчатка плетевидная), Potentilla bifursa L. — айыр қазтабан (лапчатка вильчатая). Тобылғы туысынан: Spiraea hypricifolia — шайқурай жапырақты тобылғы (зверобоелистная таволга). Күрделігүлділер тұқымдасында 3 туысқа жататын 3 түр. Таусағыз туысынан: Scorzanerna austriaceae — австрия таусағызы (козелец австрийский), түймешетен туысынан Тапасéţит vulgɑre — кәдімгі түймешетен (пижма обыкновенная), желкек туысынан: Tragopogon ruber -- қызыл қойжелкек (козлобородник красный). Шаршыгүлділер тұқымдасынан кездескен туыс саны — 2, оған жататын түр саны — 2. Жұмыртамыр туысынан: Allyssum campestre -- дала жұмыртамыры (бурачок полевой), əтеп туысынан: Syrenia sessiliflora -- отырыңқы гүлді əтеп (сирения сидячецветковая). Лалагүлділер тұқымдасынан 3 туысқа жататын 4 түр. Пияз туысынан: Allium cepa — қатпарлы пияз (лук репчатый), қызғалдақтар туысынан: Tulipa Schrenka — Шренк қызғалдағы (тюльпан Шренка), T. patens agardh — қыр қызғалдағы (тюльпан поникающий), секпілгүл туысынан: Fritillaria meleagroides Patrin -- кішкентай сепкілгүл (рябчик малый). Geraniaceae — гераниевые — қазтамақтар тұқымдасына, оның ішінде қазтамақтар туысына жататын 2 түр: G. Pratense — шалғындық қазтамақ (герань луговая), G. schrenkionum — Шренк қазтамағы (герань Шренка). Iredaeceae — ирисовые — құртқашаштар тұқымдасына, құртқашаштар туысының 3 түр: I. tenuifolia -- жіңішке жапырақты құртқашаш (касатик тонколистный), I. haematophylla — қошқылжапырақты құртқашаш (касатик кровянистолистный), I. scariosa -- қабықты құртқашаш (касатик кожистый). Boraginaceae — бурачниковые — қияршөптілер тұқымдасынан, ботагөз туысына жататын: Myosotis arvensis — дала ботагөзі (незабудка полевая), кəр⅛ыз туысынан Lepula omphaloides — кіндік тəрíздí кəр∣кыз (лепёхиниелла пупковидная). Сарғалдақтар тұқымдасынан Pulsatilla patens — ашық құндызшөп (сон трава, көптамырлы сарғалдақ — Ranunculus polyrhizos (лютик многокорневой). Тұқымдастар ішінде ең аз кездескендері: Labiatae — ерінгүлділер тұқымдасы, 1 түр: Phlomis tuberose -- түйнекті əрем (зопник клубненосный). Rubiaceae — рияндар тұқымдасының 1 түрі Calium mugosharicum —

М. қызылбояушөп. Papaveraceae — көкнәр тұқымдасы, айдаршөп туысына жататын: Corydalis schangini — Шангин айдаршөбі (хохлатка Шангина). Scrophulariaceae — норичниковые — сабынкөктер тұқымдасының, бөденешөп туысына жататын Veronica longifolia — ұзын жапырақты бөденешөп (вероника длиннолистная) кездесті.

Осы тіркелген өсімдіктердің ішінде сирек кездесетін өсімдіктерге:

Крестгүлділер тұқымдасынан — отырыңқы гүлді əтеп (сирения сидячецветковая). Шатыр- гүлділерден тырнашөп (жабрица бухтарминская) жатады.

Жойылып бара жатқан түрлер: қияршөптілер тұқымдасынан — кіндік тәрізді коріқыз (лепучка пупковидная). Күрделігүлділер тұқымдасынан — қызыл қойжелкек (козлобородник красный). Лалагүлділерден Шангин айдаршөбі (хохлатка Шангина) жəне кішкентай секпілгүл (рябчик малый) анықталды.

Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген түрлерге: сарғалдақтар тұқымдасынан — ашық құндызшөп (сон трава раскрытаяжəне лалагүлділер тұқымдасынан — Шренк қызғалдағы (тюльпан Шренка) жатады.

Сол сияқты тіркелген өсімдіктер экоморфасына жəне өмір сүру формасына байланысты жіктелді. Олардың нəтижелерí 1-ші суретте көрсетілген.

Пайдаланылуына қарай ерте көктемде гүлдейтін өсімдіктердің көпшілігі малазықтық өсімдіктер. Олардың саны — 18. Одан кейінгі орында дəрíлíк өсімдіктер — 13, сондік-қолданбалы өсімдіктер — 12, эфир майлы өсімдіктер саны — 5.

Сонымен қорыта келе, Ескене таулы өңірі бойынша үш түрлі өсімдік бірлестігі анықталып, 48 түрлі ерте көктемде гүлдейтін өсімдіктер тіркелді. Олардың басым көпшілігі көпжылдық шөптектес өсімдіктер. Тіркелген өсімдіктер экоморфосына жəне халық шаруашылығының ортүрлі саласында қолданылуына қарай жіктелді. Осы анықталған өсімдіктердің ішінде бұрын кең таралған, бірақ, өкінішке орай, антропогендік, ортүрлі жағымсыз осерлердің кесірінен көп түрлер сирек кездесетін немесе жойылып бара жатқан өсімдіктер қатарына кірген. Сондықтан сирек кездесетін жəне жойылып бара жатқан өсімдіктердің генқорын сақтаудың ең тиімді əдíсí — олардың тұқымын әртүрлі өсімдіктер бірлестігінен жинап, мəдени түрге айналдыру мүмкіндігін тауып, осы

жерсіндірілген түрлердің тұқымын қайтадан табиғаттағы өзінің байырғы өсу ортасына сеуіп, қайтадан қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Ахметжанова А.І. Ақтау таулы өңірінің кең таралған кейбір дəрíлíк жəне эфир майлық өсімдіктерінің жер беті мүшелерінің шикізат қоры / А.І. Ахметжанова, А.Н. Наурызбаева // Қарағанды ун-нің хабаршысы. Биология. Медицина. География сер. — 2017. — № 3. — 20-25 б.
  2. Ахметжанова А.І. Ақтау таулы өңірінің пайдалы өсімдіктері / А.І. Ахметжанова, А.К. Ауельбекова, Д.Қ. Қыздарова, А.Н. Наурызбаева // Қарағанды ун-нің хабаршысы. Биология. Медицина. География сер. — 2015. — № 4. — 23-32-б.
  3. Ауельбекова А.К. Орталық Қазақстанның Ортау жəне Қызылтау таулы аймақтарының пайдалы өсімдіктері / А.К. Ауельбекова, А.І. Ахметжанова, Р.А. Егеубаева // Сб. тр. ІІІ Междунар. конф., посвящ. памяти выдающихся ботаников Казахстана. — Алматы, 2006.
  4. Ахметжанова А.И. Раннецветущая флора Центрального Казахстана / А.И. Ахметжанова, Д.К. Кыздарова / Сб. науч. тр. — Караганда, 2015. — 273 с.
  5. Быков А.В. Геоботаника / А.В. Быков. — Алма-Ата, 1957. — 382 с.
  6. Понятовская В.М. Учет обилия и особенности размещения видов в естественных сообществах / В.М. Понятовская // Полевая геоботаника. — М.; Л., 1964. — Т. 3. — С. 209-299.
  7. Флора Казахстана: в 8 т. — Т. 1. — Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1956. — 354 с.
  8. Флора Казахстана: в 8 т. — Т. 2. — Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1958. — 290 с.
  9. Флора Казахстана: в 8 т. — Т. 3. — Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1960. — 485 с.
  10. Флора Казахстана: в 8 т. — Т. 4. — Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1961. — 545 с.
  11. Флора Казахстана: в 8 т. — Т. 5. — Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1961. — 515 с.
  12. Флора Казахстана: в 8 т. — Т. 6. — Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1963. — 465 с.
  13. Флора Казахстана: в 8 т. — Т. 7. — Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1964. — 498 с.
  14. Флора Казахстана: в 8 т. — Т. 8. — Алма-Ата: Наука, 1965. — 448 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.