Мақалада ақбөкен, немесе киік (лат. Saiga tatarica), жұптұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, дене бітімі ірі, қой пішіндес, күйіс қайыратын қазақ даласының киелі жануары туралы сөз қозғалған. Археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған бөкендердің сүйек қалдықтары, ертеректе Ұлыбритания аралынан Аляскаға дейінгі аралықта тіршілік еткенін аңғартты. Еліміздің солтүстік аймағында Ямышево мен Подпуск ауылды жерлерінде, Семей қаласы өңірінен, Нұра өзенінің жағалауынан, Жамбыл облысындағы Қараүңгір мен Үшбас үңгірінен ежелгі және орта антропогеннен қалған ақбөкендердің сүйектері табылған. Қазір бөкендер Монғолияда, Қалмақ даласы, Ресейде және Қазақстан территориясында мекен етеді. Бес мыңға жуық киік Қазақстан мен Өзбекстан аралығында көшіп жүрсе, ҚХР мен Түркіменстанда мүлдем жойылған делінуде. Теңіз көлі жағалауынан Бетпақдала аумағына дейінгі аймақтарда кеңінен таралған ақбөкендердің сол уақытта көптігі сонша, жолдар жағалауынан да, елді мекендер маңынанда аз кездеспейтін. Жалпы киіктер бес популяцияны құрайды. Олар Монғолияны және Ресейді, қалған үшеуі, яғни: Бетпақдала, Орал және Үстірт популяциялары Қазақстанды мекендейді. Дүниежүзіндегі ақбөкеннің 95 %-ы Қазақстанда тіршілік етеді. 2018 ж. соңғы санақ бойынша, киіктердің жалпы саны 45 %-ға өскені анықталды. Орал мен Бетпақдала популяцияларына қарағанда, Үстірт популяциясы жойылу шегінде. Яғни, 2016– 2017 жж. санақ нәтижелері бойынша, киіктердің саны 1900–2700 құрады. Ал 1980 ж. соңы мен 1990 ж. басында 250 000-нан астам киік басы саналған болатын. Бұл дегеніміз, дала еркелерінің 99 %-ға дейін азайғанын білдіреді.
Біздің эрамызға дейінгі VH-V ғасырларда, Сарыарқаның тау-тас даласында киіктің бейнелері ойылып салынған. Мәліметтерге көз жүгіртсек, сол дәуірде Еуропа мен Азия жерлерін толығымен қамтыған бөкендер қазіргі таңда Сарыарқа даласында ғана. XIV-XVI ғасырлардан бастап осы күнге дейін жеткен халық эпостарында қазақтың Арқа даласында шексіз бөкендер жайлы сөз қалдырған. Бөкендер — Сарыарқа жазығының көркі және құнды тіршілігі. Қазақтың кейбір тарихи аңыз-әңгіме- лері, ақындардың өлең шумақтары киіктер сұлулығымен, киелі қасиетімен ұштастырылғандығы белгілі. Уақытында Сарыарқа жазығынан Қара теңізге дейін мекен еткен бөкендердің төлдейтін мекені — Қазақстанның орталық жерлері. Күн суытып, қар тусе Бетпақдаланы, Арысқұмды, Қарақұмды, Үстіртті жағалап, көк шыққанда Арқа төсін толтырып, көсіле жайылып күн кешетін. Енді жойылу қауіпі төну барысында бөкен бастарын барынша сақтап қалу әрекеттерін күшейту керек деп есептейміз. Бір өкініштісі, осы жағдайға көңіл бөлу әзірше мәз емес екендігін айта кеткен жөн.
Қазақстанда ақбөкендер санының қалпына келтірілуі ХХ ғасырдың 30 жж. басталды, оның себебі қолайлы жағдайлардың жиынтығымен байланысты, яғни қарлы қыс мезгілінің азаюы, ақбөкендердің тері жамылғысының жойылуы, жыртқыштар (қасқырлардың) қысымының және қаскөйліктің азаюы [1]. 1940 ж. ортасында мыңдаған табындар барлық жерлерде кездесе бастады, 1950 ж. басында Орал — Өскемен, Атбасар, Қорғалжын, оңтүстік Түркіменстанның солтүстігінде және Өзбекстанның оңтүстік аймақтарында, Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Ертіс, Маңғыстау, Нұра алқаптарында бой көрсетті [2-4].
Ақбөкен, немесе киік (лат. Saiga tatarica), жұптұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, дене бітімі ірі, қой пішіндес, тұмсығы дөңес, күйіс қайыратын қазақ даласының киелі жануары. Кең даланы кезген бөкенсіз бұл экожүйені көз алдына елестету мүмкін емес шығар. Археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған бөкендердің сүйек қалдықтары, ертеректе Ұлыбритания аралынан Аляскаға дейінгі аралықта тіршілік еткенін аңғартты. Еліміздің солтүстік аймағында Ямышево мен Подпуск ауылды жерлерінде, Семей қаласы өңірінен, Нұра өзенінің жағалауынан, Жамбыл облысындағы Қараүңгір мен Үшбас үңгірлерінен ежелгі және орта антропогеннен қалған ақбөкендердің сүйектері табылған [5-7].
Қазір бөкендер Монғолияда, Қалмақ даласы, Ресейде жəне Қазақстан территориясында мекен етеді. Бес мыңға жуық киік Қазақстан мен Өзбекстан аралығында көшіп жүрсе, ҚХР мен Түркіменстанда мүлдем жойылған делінуде. Теңіз көлі жағалауынан Бетпақдала аумағына дейінгі аймақтарда кеңінен таралған ақбөкендердің сол уақытта көптігі сонша, жолдар жағалауынан да, елді мекендер маңынанда аз кездеспейтін.
Жалпы киіктер бес популяцияны құрайды. Олар Монғолияны жəне Ресейді, қалған үшеуі, яғни Бетпақдала, Орал жəне Үстірт популяциялары Қазақстанды мекендейді. Дүниежүзіндегі ақбөкеннің 95 %-ы Қазақстанда тіршілік етеді. 2018 ж. соңғы санақ бойынша киіктердің жалпы саны 45 %-ға өскені анықталды [8].
Орал мен Бетпақдала популяцияларына қарағанда, Үстірт популяциясы жойылу шегінде. Яғни, 2016–2017 жж. санақ нәтижелері бойынша, киіктердің саны 1900–2700 құрады. Ал, 1980 ж. соңы мен 1990 ж. басында 250 000-нан астам киік басы саналған болатын. Бұл дегеніміз дала еркелерінің 99 %- ға дейін азайғанын білдіреді [9].
2018 ж. санақ мəлíметтерíне сүйенсек, қазір Бетпақдала, Орал, Үстірт популяциясында түз жануарының саны 215100-ге жетті. Популяциялардың арасында жиі кездесетіні Бетпақдала тобы. Бұл киіктердің мекені Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл облыстарының елсіз кең жазықтықтары. Қазір еліміздегі ең үлкен популяция Орал аймағында мекендейді. Онда ақбөкендердің саны жүз мыңнан асады. Бұл көрсеткіш — киіктерді қорғау үшін мемлекет тарапынан жасалған іс-шаралардың нәтижесі. Одан кейінгі орында Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Қостанай облыстарын қамтып жатқан Бетпақдала популяциясы. Соңғы жылдары бұл өңірде киіктердің саны қарқынды өсуде.
Қазақ киелі деп санайтын түз жануарына қатысты аңызоңгімелер көп. Ақбөкеннің сонау тас дəуíрíнен бері түрлі зорбалаңнан аман қап, тұқымын сақтап келе жатқан жануар екенін көпшілік біле бермейді. Дəмдí еті, жанға шипа жəне дертке дауа шикізат — мүйізі үшін жыртқыштық жолмен бұл жабайы аңның бұрын өмір сүрген көптеген аудандарда жойылып кетуіне əкеп соқты. XVII-XIX ғғ. ақшаға ашкөздіктен бұл иесі жоқ тегін байлықты дəрíлíк шикізат есебінде пайда көрген мүйізі үшін аяусыз қынадай қырып, жыл сайын бір Ресейдің өзінен ғана оның 100 мыңдаған мүйізі шет елдерге өткізіп отырған. 1918–1920 жж. Қазақстанда ақбөкеннің саны 4–5 мыңға əзер жетіп, жойылып кету үсінде болған. 1919 жылдан бастап Кеңес Одағында бөкендерді аулауға тыйым салынды. Басқа да жедел қорғау шараларының арқасында ақбөкен саны жылдан жылға есейе түсті [10].
Жабайы жануарлар ақуыз, өнеркəсіптік шикізат көздері, экожүйелердің қажетті элементтері болып табылады. Алайда соңғы 100 жылда адамның қызметі Жер бетінен жоғары өсімдіктердің 25 мың түрі мен омыртқалы жануарлардың бір мыңнан астам түрі жойылып кету қауіп төндіруіне алып келді. Қазіргі уақытта қарқынды пайдаланылатын жəне ағымдағы экономикалық құндылығы бар түрлер ерекше назар аударуды талап етеді. Ақбөкендер осы түрлерге жатады. Біздің елде мекендейтін ақбөкен популяциялары əлемдегí ең ірілердің бірі болып табылады. Соңғы жылдары ақбөкендерді өндіру өте тиімді өндіріс болды жəне әртүрлі өнім береді. Тек Қазақстанда 1971–1976 жж. 1689,4 мың бас ақбөкен өндірілді, бұл 29750,4 т жоғары сапалы ет, 961,4 мың жұп мүйіздері, 145,4 т тілдер, 391,3 т субөнімдер берді. Мұның барлығы түр экологиясын кең зерттеуге негізделген ұтымды пайдалану жөніндегі ғылыми негізделген ұсыныстардың арқасында мүмкін болды. Ақбөкен экологиясы бойынша елеулі материал популяциялық деңгейде антропогендік əсердщ рөлін бағалауға мүмкіндік береді.
1991–1993 жж. Республика аумағында ақбөкендердің қоры 700–900 мыңға дейін төмендеп кетті, сол жылдары қысы қатты, ақбөкендердің көбісі Қарақалпақстанға қоныс аударып, тағы жартысы Сырдария өзеніне ағып кеткен. Сол ауыр кезеңдердің қарсаңында ақбөкендер адамдардың қораларына дейін кірді. 1995 ж. ғарыштық апат болып, осы күнге дейін толыққанды мəлíмет жоқ, бірақ қандай да бір зиянды заттардың жер бетіне шашылуына байланысты, тік ұшақ ұшыру немесе қону барысы киіктердің жаппай қырылуына əкелíп соқты. Осыдан кейін 1999 ж. — 348 мың, 2000 ж. — 148,5 мың, 2001 ж. — 79,3 мың, 2002 ж. — 30,5 мың, 2003 ж. — 21,2 мың, 2004 ж. — 30,7 мыңдай қалған. Тек соңғы үш жылда киік санының сəлде болса өскендігі байқалады: 2005 ж. — 39,6 мың, 2006 ж. — 47,4 мың, 2007 ж. — 54,8 мың [11, 12]. Жоғарыдағы көрсеткіштердің нəтижесíн төмендегі диаграммадан көруге болады (сур. қара).
Алайда дəлелденген мәліметтерге көз салсақ, Бетпакдаладағы киіктер популяциясын тасадан аулау жаппай етек алғандықтан, құрып бітуге шақ қалған. 2002–2007 жж. «Киік І», «Киік ІІ», «Киік ІІІ» ғылыми жобасының негізінде жүргізілген зерттеулер осыны айқын байқатты [13].
Киіктердің басым бөлігі Ақмола жəне Ақтөбе облыстарында мекендейтіні анық, ал төлдеу уақытында Қостанай облысына бет алатыны белгілі болды, сондықтан да сол өңірде жануарлар дүниесін қорғау жұмыстары күшейтілуде. Киіктерді үздіксіз əуеден бақылау, оларды сақтап қалу жұмыстары қарқынды жүргізілуде, əйтсе де, заңсыз аң аулаушылармен салыстырғанда, табиғат қорғаушылары әлі де техникалық жабдықтармен толық қамтылмаған.
Қазақстанда дала еркелерінің санын шектейтін бірнеше факторлар бар. Оның негізгісі, табиғи факторлар десек, екіншісі, антропогендік. Соның ішінде антрпогендік факторлар өте қатты əсер етіп жатыр. Табиғи факторларға тоқталатын болсақ, шөл, шөлейтті жəне далалық аймақтарда мекендейтін жануардың саны климаттық өзгерістерге байланысты азаюы мүмкін. Республиканың кейбір өңірлерінде топырақ құнарлылығының азаюы, киіктердің көшу-қонуына əсер ететін факторлардың бірі екені белгілі. Түрлі індет қауіпі де жоқ емес, бірақ біздің елде флора мен фаунаға қауіп төндіретін экологиялық апат жоқ.
Керісінше, табиғаттың биоалуандығын сақтауда мемлекет тарапынан бірнеше бағдарлама жүзеге асырылуда. Тоқтала кетсек, бүгінде ақбөкендердің толық жойылмай бастарын сақтап қалуға зор мүмкіндік бар. Мемлекеттік жəне үкіметтік емес, осыған орай елдер арасында ұйымдардың бірлескен бірқатар іс-шаралары арқасында қолға алуында. «Жануарлар әлемін қорғау жəне оларды пайдалану» туралы Заң, жануарлар әлемін ғылыми тұрғыдан тиімді пайдалану мен көбейтуді көздейді. Дүниежүзілік жануарлар дүниесін қорғау ұйымы өткен жылы өте үлкен ғылыми зерттеудің қорытындысын жариялады. Яғни, соңғы 20-30 жылдың ішінде әлемдегі бүкіл жабайы жануарлардың саны 60 %-ға дейін қысқарған. Қазіргі уақытта биосфералық ресурстарды қорғау мен оларды ұтымды пайдалану айқын көрінуде. Біздің елімізде бұл мəселеге үлкен көңіл бөлінуде. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қазандағы № 914 Қаулысымен «Су ресурстарын, жануарлар дүниесін сақтау жəне тиімді пайдалану, 2010 жылға дейін айрықша қорғалатын табиғат аймақтар желісін дамыту бағдарламасы» бекітілді, ол 2020 ж. мерзіміне дейін ұзартылды. Қазақстанның бүкіл жан-жануарын, табиғатын, орманы мен балығын 500-ге жуық мемлекеттік инспекторлар қорғайды. Киік 1995 жылдан бастап жойылып кету қауіпі бар жабайы фауна мен флора түрлерімен еларалық сауда жүргізу туралы ІІ Конвенцияның қосымшасына кірсе, ал 2002 ж. жойылып кету қауіпі бар түр ретінде МСОП «Қызыл кітап» тізіміне енгізілді (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қазандағы № 914 2010 жылға дейінгі ерекше қорғалатын аумақта су ресурстарын, жануарлар дүниесін сақтау жəне тиімді қолдану жəне желісін дамыту бағдарламасын бекіту туралы Қаулысы) [14].
2006 ж. киіктер жойылу жағдайы бар жануар ретінде ұсынылып «Қызыл кітапқа» енгізілді. Мұндай қорғау жұмыстарының нәтижесінде 2004 ж. бөкендер басы 30700-ге, 2005 ж. 39600-ға артты. Ал 2012 ж. Арқа даласын мекен еткен 137,5 мың бөкен санаққа алынса, аталған көрсеткіш 2013 ж. 36 % артып, 187 мыңға жеткен. Ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынған соңғы деректер жазық өлкені кеңінен жайлаған бөкендердің саны айтарлықтай артқанын сөзге тиек етті. Үстірттегі киіктер 2015 ж. жаппай қырылудан кейін тіптен азайған. 2015 ж. Қазақстандағы киіктердің үштен екіге жуығы қырылып қалғаннан кейін, шамамен 3 мың бас киіктер қалған.
Орталық Азияда киелі саналатын дала жануарының жаппай қырылуы соңғы рет осыдан 2015 ж. тіркелді. Бұл киік қырылған жыл болды. Даладан табылған өлі жануарларға арнайы зертханаларда зерттеу жүргізіліп, «пастереллез» деген диагноз да қойылды. Дəл сол кезде Байқоңыр айлағынан ұшырылған «Протон-М» зымыранының əуеден шығарылып, ауқымды учаскіге гептилдің төгілуі күдікті тудырған болатын. Қазір ғалымдар сол күдікті растап отыр [15].
Ақбөкендердің қырылуы осымен тоқтаған емес екені белгілі, Ақмола мен Қарағанды облыстарын мекен еткен үш мыңға жуық бөкен ешбір себепсіз қырылды. Осыған орай, жойылу қауіпі төніп тұрған бөкендердің қырылуы шығынды арттырса да, басшылар мен зерттеушілер киіктердің қырылуының басты себебін толық аша алмағаны секілді. Бөкендердің қырылуы Сарыарқа төңірегінде бұған дейін де орын алғаны белгілі. Мысалы, 1981 ж. көктем айларында Торғай маңында 100 мың киік, 1984 ж. қыс-көктем айларында Қазақстанның батыс аймағында 100 мың, 1988 ж. мамыр айында Торғай облысында 270 мың бас бөкен қырылған [16].
Ақбөкендер көп өсім беретін тұяқты жануарлар қатарына жатады. Аналық ақбөкендердің басым көпшілігінде жыныстық жетілуі өмірдің алғашқы жылы, яғни 7–8 айлық кезеңнен бастап, өсу процестерінің аяқталуына жəне толық физикалық дамуына қолжеткізгенге дейін дамып бітеді, сондықтан бұл жануарларға, неотения тəн (педаморфоз).
Сол себепті ақбөкендердің санын көбейтіп, қаскөйлікке қарсы іс-шараларды құқық қорғау органдарының көмегімен ғана емес, жергілікті халықты ақбөкенді қорғаудың маңыздылығы туралы ақпараттандыру шараларын нығайту керек, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық түрлерін кеңінен тарту қажет. Қазақстан аймағында мекен ететін ақбөкендерді сақтау жөніндегі шұғыл шараларды негіздеу, оның ресурстарын одан эрі қалпына келтіру жəне орнықты пайдалану үшін тиімді әдістердің жəне жаңа техникалық құралдардың көмегімен тұрақты түрде жан-жақты бақылауды жалғастыру қажет.
Қазақстанда ақбөкендердің санын сақтау мәселесі өте өткір жəне қалпына келтіру үшін көп жұмыс жүргізілуде. Әсіресе қысқа мерзім ішінде жүздеген мыңнан бірнеше мыңға дейінгі жалпы санының ағымдағы ауытқуы ерекше алаңдаушылық тудырады. Көптеген жағдайларда олардың санының динамикасы аң аулаумен байланысты жəне оны сақтау үшін тыйым салынған шаралар қабылданады. Сонымен қатар ақбөкендердің жыл сайынғы саны жыныстық қатынастың ішкі құрылымындағы өзгерістерге, сондай-ақ аурулар мен жыртқыш аңдардың пайда болуына, қысқы жұттың пайда болуына, сондай-ақ адамның тікелей жəне жанама əсерíне байланысты өзгеруі мүмкін екендігі белгілі. Ақбөкендердің көші-қон жолдарының кенеттен өзгеруі жəне жануарлардың белгілі мерзімде жаппай қырылуы, сонымен қатар коммерциялық жəне заңсыз аң аулау нысаны болып табылатындықтан, бұл жануарларды зерттеу айтарлықтай қиын.
Ақбөкендер тіршілік ететін аймақтарда жануарларды қорғайтын шаруашылықтар құрылуда. 2009 ж. Қазақстанды мекен ететін ақбөкендерді жəне сирек кездесетін жануарларды қорғауға шақыратын арнайы топ құрылып, халықпен жұмыс жүргізілуде, сонымен қатар аталған жануардың нақты санын жəне аймақ бойынша көшуін əуеден бақылау əрекеттерí орын алуда.
Ақбөкендердің өте төмен саны жағдайында оларды арнайы қамауға алып, кейіннен табиғатқа қайта бейімдеу, генофондты сақтау, зерттеу жəне қалпына келтірудің баламалы əдíсí болып табылады. Мұндай шараларды мемлекеттік деңгейде қолдау қажет деп есептейміз. Ерекше қорғаудағы жануарды тек ғылыми мақсатта ғана аулауға заңмен рұқсат етілген.
Ақбөкендердің өте төмен саны жағдайында оларды арнайы қамауға алып, кейіннен табиғатқа қайта бейімдеу, генофондты сақтау, зерттеу жəне қалпына келтірудің баламалы əдíсí болып табылады. Мұндай шараларды мемлекеттік деңгейде қолдау қажет деп есептейміз. Ерекше қорғаудағы жануарды тек ғылыми мақсатта ғана аулауға заңмен рұқсат етілген.
Əдебиеттер тізімі
- Проняев A.B. Постнатальный онтогенез. Рост и развитие, возрастная изменчивость черепа и других органов и систем сайгак: филогения, систематика, экология, охрана и использование / A.B. Проняев, A.A. Фадеев. — М.: Россельхозакадемия, 1998. — С. 202–205.
- Кожамкулова Б.С. Антропогеновая ископаемая териофауна Казахстана / Б.С. Кожамкулова. — Алма-Ата: Наука КазССР, 1969. — 149 с.
- Бекенов А. Қазақстан сүтқоректілері / А. Бекенов, Б. Есжанов, С. Махмұтов. — Алматы: Ғылым, 1995.
- Singh N.J. Tracking greenery across a latitudintal gradient in central Asia the saiga antelope / N.J. Singh, I.A. Grachev, A.B. Bekenov, E.J. Milner-Gulland // Diversity and Distributions. — 2010. — No. 16. — P. 663–675.
- Мырзабаев А.Б. Дала экожүйесі / А.Б. Мырзабаев. — Алматы, 2010. — 26 б.
- «Хабар» телеарнасы «Жұт қонақ» деректі фильм. [Электронды ресурс]. — Қолжетімділік тəртíбí: http://youtu.be/IKBj2mJ3BTg
- МИЯ «Казинформ». Проект по восстановлению устюртской популяции сайгаков в Казахстане. [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://abctv.kz/ru/last/proekt-po-vosstanovleniyu-ustyurtskoj-populyacii-sajgakov-z
- Кожамкулова Б.С. Позднекайнозойские копытные Казахстана / Б.С. Кожамкулова. — Алма-Ата: Наука КазССР, 1981. — 144 c.
- Мелдебеков А.М. Қазақстанның сирек кездесетін жəне жойылып кету қауіпі бар жануарлары / А.М. Мелдебеков, А. Б. Бекенов. — Алматы, 2014. — 67 б.
- Неронов В.М. Экосистемный подход и ГАП-анализ для обследования состояния популяции сайгака в северозападном Прикаспии / В.М. Неронов, Т.Ю. Каримова, А.А. Лущекина // Астраханский вестн. экологического образования. 2011. — № 2 (18). — С. 151–157.
- «Охотзоопром» АҚ Киікке санақ жүргізу есебі / «Охотзоопром» АҚ. — Алматы, 2011.
- «Бəрíбíр» сайты. Оқырманға қажет ақпарат. ∣Электронды ресурс]. — Қолжетімділік тəртíбí: https://baribar.kz
- Данилкин А.А. Млекопитающие фауны России и сопредельных территорий. Полорогие (Bovidae) / А.А. Данилкин. М.: Товарищество научных изданий КМК, 2005. — С. 101.
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қазандағы № 914 «2010 жылға дейінгі ерекше қорғалатын аумақта су ресурстарын, жануарлар дүниесін сақтау жəне ұтымды пайдалану жəне желісін дамыту бағдарламасын бекіту туралы» Қаулысы.
- Васенко Е.П. Экология и распространение сайгаков / Е.П. Васенко // Тр. Гос. заповедника «Барса-Кельмес». — Алма-Ата, 1950. — № 1. — C. 37-115.
- Айкимбаев М.А. О случаях выделения возбудителя пастереллеза от сайгаков в феврале-марте 1984 года в Уральской области / М.А. Айкимбаев, И.Л. Мартиневский, А.А. Алтухов, С.И. Иванов, В.Ф. Суров // Изв. АН КазССР. Сер. биол. — 1985. — № 4. — C. 39–41.