Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазіргі замандағы электрондық сауданың теориялық даму негіздері

Мақалада электрондық сауданың жалпылама теориялық негіздері қарастырыліан. Әлемдік тәжірибе негізінде елдің инновациялық бағытындағы ақпараттық технологиялар саласын дамытуға ерекше мəн берілген. Ақпараттық технологиялар парығышяң кәсіпкерлікті дамыту мен өркендету мәселесіне сараптамалық талдау жасалғаш. Авторлар шет елдердегі электрондық саудашың дамычу тәжірибелерін зерттеп, халықаралық үйымдардың қызметін қарастырған, әртүрлі елдердің авторларышыц бергеш ашықтамаларыш сипаттаған жəне түсішіктемелер бергеш. «Электрондық сауда» үғымы үш бағытта зерттелген: қызмечз мәмілелердің жиындығы жəне технологиялық категория түрішде. Электрондық сауда сатушылар мен сатып алушылар арасындаɪы тауарлар мен қызметтерді өткізуге баɪытталɪан ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жүргізілетіндігі дəлелденген. Электрондық сауданы жүргізу барысында колдашыла·ɪ■ыш мәмілелердің жиышығы топтаст^ірылған. Электронды қүжатпен алмасу, электронды капиталдың қозғалысы, электрондық ақша, электрондық маркетинг, электрондық банкинг жəне электронды сақтандыру қызметтерін жүзеге асырудағы электрондық сауданың мәні ашылɪан. Электрондық сауда түж^ірымдамасын^ің даму тарихы қараст^ірылған. Сонымен қатар авторлар Қазақстан Республикасындаɪы электронды сауданың даму кезеңдеріне қысқаша шолу жасап, электрондық коммерция ор^талывыныи негізгі қызмет бағыттарына тоқталған. Сонымен қатар электрондық сауда саласында қалыптасқан кемшіліктер мен артықшылықтардың шарттары мен үйымдастырылу тетіктері жан-жақты сараланɪан.

Қазіргі кезде әлемдік экономиканың дамуында жаңа экономиканың негізі қаланып келе жатыр, ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар арқасында базалық сала болып табылатын электрондық сауданың пайда болуына әкеліп соқты. Бүгінгі таңда елімізде электрондық сауданың заңдық негізі қалыптасуда, алайда көптеген халықаралық ресми қүжаттарда бүрыннан қолданылып келеді.

Отандық экономикада электрондық сауданың дамуына 2017 жылɪы 31 қаңтар айында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бəсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы себеп болды. Онда Елбасы: «Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы қүрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бүл — маңызды кешенді міндет. Елде 3D- принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын жəне басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бүл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының қүрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты. Осыған орай Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді жəне қабылдауды тапсырамын», — делінді [1].

Əрине, цифрлық индустрияны дамыту барлық салаларға, әсіресе электрондық сауданың дамуына серпін береді. Сондықтан Қазақстан Республикасының Үкіметі ақпараттық технологиялар саласын дамыту мәселесін ерекше бақылауда үстауы тиіс.

«Электрондық сауда» үғымының теориялық дамуы көптеген пікірталастар туғызады. Оны, зерттеуші-ғалымдардың айтуы бойынша, «электрондық сауда» түсінігін бірінші ретте бірегейлі үғымға айналдыруымыз керек.

Ресейлік экономист-ғалым О.А. Кобелеваның көзқарасы бойынша, электрондық сауда түсінігі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырып, коммерциялық операциялардың электрондық қүралдарын пайдалана отырып, деректерімен алмасу. Жаңа ақпараттық технологияларды жасауда коммерциялық операциялар жəне өндірістік басқару үдерісінде электрондық қүралдарды қолдана отырып, деректермен алмасу электрондық коммерция негізінде жатыр [2].

Бүл үғымға неғүрлым толық анықтама берген А.В. Юрасов: «Электрондық сауда дегеніміз — экономика саласының бір бөлігі, ол өзіне барлық қаржылық жəне саудалық транзакцияларын қоса отырып, компьютерлік желілердің көмегі арқылы бизнес үдерістерді жүргізуге бағытталған» [3].

О.Д. Скибаның айтуы бойынша, электрондық сауда ұғымы ағылшын тілінің сөзбе-сөз аудармасы «Electronic Commerce» сөз тіркесінен құралған жəне бұл ұғымды 1993 жылдан бастап бұқаралық ақпарат құралдарында қолдана бастаған, одан кейін кəсíби əдебиеттерде экономикалық қызмет ретінде жазыла бастады [4].

Негізі электрондық сауда жайлы көптеген пікірлер бар, айталық, бұл ұғым алғаш рет ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында қолданысқа ие болған. Бұл кезде көптеген үлкен ұйымдар бір- бірімен электрондық транзакцияларды айырбастау технологиялық мəлíметтерíмен (Electronic Data Interchange), ал банктер болса, электрондық ақша қаражаттарын аударғанда қолданған (Electronic Funds Transfer). Алайда бұл ұғым «electronic commerce» ретінде заңдық құжаттарда 1990 жылдары қолданысқа енген [5].

Электрондық сауданы зерттейтін ғалымдардың ғылыми еңбектері жəне нормативті-құқықтық актілер бұл ұғымды үш бағытта қарастырады, яғни

– қызмет түрі;

- мəмíлелердщ жиынтығы;

– технологиялық категория ретінде.

Осы бағыттардың мəнí мен мазмұны төмендегі кестелерде топтастырылды (1-3 кестелер).

1-кесте Электрондық сауданың қызмет түрі ретіндегі ерекшеліктері

Авторлар, дерек көзі

Анықтамалар

Қолданылған мемлекеттер

Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңы

Электрондық сауда — ақпараттық технологиялар арқылы жүзеге

асырылатын тауарларды өткізу жөніндегі кəсíпкерлíк қызмет

Қазақстан

АҚШ жəне Жапонияның өнеркəсіптік жəне сауда

бойынша Кеңестер комиссия- ларының электрондық сауда бойынша сұрақтардың бірлес- кен мəлíмдемелерí

Кəсíпкерлíк қызмет, электрондық

коммуникация құралдары арқылы жүзеге асырылады

АҚШ жəне Жапония

Брагина Л. А.

Кез келген бизнес саласындағы коммерциялық қызмет, ақпараттық жəне телекоммуникациялық технология- лар мен жүйелер көмегімен жүзеге асырылады

Ресей

Франция Республикасының «Сенім туралы сандық экономика туралы» Заңы

Қызмет жəне тауарларды сатып алуды көздеп растайтын немесе иеленуді ұсынатын электрондық байланыс арналар көмегімен жəне қашықтық экономикалық қызмет көрсететін т¥лғa

Франция

Өзбекстан Республикасының «Электрондық сауда туралы» Заңы

Ақпараттық жүйелерді қолдануды

қамтамасыз ететін, қызмет көрсететін жəне жұмыстарды орындайтын, тауар- ларды сату бойынша кəсíпкерлíк қызмет

Өзбекстан

Ескерту. Авторлармен [6–10] əдебиеттер негізінде құрастырылған.

Жоғарыдағы кестеде көрсетілген әртүрлі елдерде электрондық саудаға берілген анықтамалар, электрондық сауданы ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, қашықтықтан сауда-саттық операцияларын жүргізетін кəсíпкерлíк қызмет түрі екендігін дəлелдейдí. Сонымен, электрондық сауда сатушылар мен сатып алушылар арасындағы кері байланыстар негізінде тауарлар мен қызметтерді өткізуге бағытталған ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

2-кесте

Электрондық сауданың мәмілелердің жиынтығы ретіндегі сипаттамасы

Авторлар, дерек көзі

Сипаттамасы

Қолданылатын мемлекеттер

Үндістанның қаржы министрлігінің салық салу бойынша электрондық сауда баяндамасы, 2001 ж.

Электрондық байланыс құралдар көмегімен шығарылатын акцепт жəне офертадағы мəмíле. Оферта — сатушының сатып алушыға белгілі бір шарттар бойынша тауарлар тобын сататыны туралы жіберген жазбаша ұсынысы. Акцепт — шот арқылы төлеуге берілген ризалық жəне төлеу қағаздарына риза болып қойылған қол

Үндістан

Ильичев С. К.

Ақпараттық желілілер көмегі арқылы өткізілетін, іскерлік мəмíлелердщ әртүрлі формалары

Ресей

«Интернеттің салық салудан босатылуы туралы» АҚШ- тың мемлекеттік заңы

Интернет арқылы мүмкіндік ұсына отырып, бұл ұғымды қоса отырып, тегін немесе ақысына келісім бойынша ақпаратты немесе қызметті, тауарларды, мүлікті жеткізуді немесе офертаны, лицензиялауды, жалға беруді, сату- сатып алуды қоса алғанда, Интернетті пайдалана отырып, немесе Интернет арқылы, әртүрлі мəмíлелер жасалынады

АҚШ

Ескерту. Авторлармен [11-13] əдебиеттер негізінде құрастырылған.

Жоғарыдағы 2-кестеден көріп отырғанымыздай, ақпараттық жүйелер көмегі арқылы электронды саудада сату-сатып алу, оферта жəне акцепт, тауарлар мен қызметті жеткізу жəне тағы басқа мәмілелерді жүргізуге болады. Көбінесе электрондық сауда мәмілелердің жиынтығы ретінде көптеген мемлекеттерде Интернет көмегі арқылы өткізілетін сауда-саттық, жалға беру бойынша іскерлік мәмілелер жасалынады.

3-кесте

Электрондық сауда технологиялық категория ретінде

Авторлар, дерек көзі

Сипаттамасы

Қолданылған мемлекеттер

1

2

3

Жапонияның өжркәсі6і

жəне халықаралық сауда министрлігі

Интернет-технологияларды қолдана отырып, электрондық құралдар көмегімен (тауарлармен алмасу, қызметтермен, ақпаратпен жəне ақша қаражатын жеткізушілер арасында жəне тұтынушыларға тауарларды жеткізуін жүзеге асыру мақсатында коммерциялық негіздегі субъектілердің экономикалық қызметін) коммерциялық мəмíлелердí өткізу

Жапония

АҚШ үкіметі

Компьютерлік желілерді қолданануда

қорытындылау, қызметтер немесе тауарларды қолдану құқығы немесе меншік құқығы бойынша кез келген мəмíле.

Телекоммуникациялық арна желісі бойынша интерактивті режимдегі ақпараттармен

алмасуды жүргізетін, электрондық түрде құрылғыларымен біріктіріле алатын

компьютерлік желі ұсынылады

АҚШ

3-кестенің жалғасы

1

2

3

Канада үкіметі

Компьютерлік технологиялар жəне теле- коммуникациялық өзге де мəмíлелер арқылы сату жəне сатып алу кəсшкерлíк қызметін жүргізеді. Мұнда кіретіндер мəмíлелер, телефон арқылы қолдану, факс, ABM, несиелік карта, дебиттік карта, EDI жəне Интернет

Канада

Францияның өжркәсі6і жəне қаржы, экономика министрлігі

Электрондық мəлíметтермен алмасу бойынша операциялар жиынтығы, қызметтер немесе ақпараттарды берудегі кəсшкерлíк қызметті жүзеге асыруға байланысты

Франция

Ескерту. Авторлармен [14-17] əдебиеттер негізінде құрастырылған.

Қазіргі уақытқа дейін электрондық саудаға анықтама беру даулы мəселе болып келе жатыр. Бұл ұғымға кең таралған анықтамалар келесідей негізгі құралдардан тұрады: телефон, факс, теледидар, электрондық төлемдердің жүйелері жəне ақшалай аударымдар, электрондық алмасу деректері (EDI), Интернетті қосқандағы компьютерлік желі.

Электронды құжатпен алмасу, электронды капиталдың қозғалысы, электрондық сауданы, электрондық ақша, электрондық маркетинг, электрондық банкинг жəне электронды сақтандыру қызметтерінің барлығын электрондық сауда қамтиды.

Электрондық сауда тұжырымдамасының тарихи дамуына назар аударайық. Электрондық сауда тұжырымдамасын жүзеге асырудың бірінші əрекеттерí 1950-1960 жж. электронды есептеуіш машина пайда болғаннан бастап ене бастады. 1960 жылдары Американың ең ірі авиакомпаниясы қарапайым халық үшін əуеде ұшуға анағұрлым қолжетімді етіп, American Airlines программистері, өндірушілері жəне аппаратты жеткізушілермен IBM трансұлттық корпорациясымен бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы SABRE (Semi-Automatic Business Research Environment) əуе рейсіне рəсíмделуíн резервтеу жүйесін құрды. Автоматтандыру арқасында тарифтердің есептеу үдерісі негізінде орынды резервтеу сияқты қызмет бағасы анағұрлым арзандаған.

1965 жылдың өзінде SABRE, Брайэрклифф Мэнор кеңейтілген деректер орталығында толығымен интерактивті болды, ал туындалған ықтимал қателіктер резервтеу кезінде 1 % аспаған. Ол круиздерді ұйымдастыру жəне паромдардың иелерін, оншақты теміржол компанияларын, қаншама туристік агенттерді, 35 мың отельдерді, автокөліктерді жалға берушілерді, 50 шақты фирмаларды, 400-дей əуе жолдарын, 3 млн клиенттерді тіркеу, 30 мыңнан астам транспорттық агенттіктерді біріктірді [18].

1970 жылдың орта шеңінде қаржы құралдарының (EFT – Electronic Funds Transfer) электрондық аударымдары жəне электрондық айырбас деректері (EDI – Electronic Data Interchange) бірінші рет қолданыла бастады. Алғашқы жүйелердің жетіспеушілігі келесідей: бағаның жоғары болуы жəне аппараттық компоненттері мен бағдарламалардың стандартсыздығы. Тек бірнеше банктер мен ірі кəсшорындар ғана жабдықтарды сатып алуға бастапқыда айтарлықтай шығындала отырып жəне жеке желілерді пайдалана алған [19].

Сонымен қатар 1970-ші жж. еуропалық елдерде ұқсас процестер басталды – деректермен алмасуда стандартты шешімдерді іздеу үшін, нəтижесíнде халықаралық стандарттар GTDI (GeneralPurpose Trade Data Interchange Standards) бағдарланған сауда үдерісі жаңа жүйе пайда болды. Осылайша екі жүйелік стандарты қалыптасқан. Біреуі америкалық, екіншісі еуропалық, осы екі стандарт қозғалысы біріктіріліп, бірнеше ондаған жылдар бойы жалғасын тапты.

1990 жылдары Интернеттің қауырт өсуімен web-технологиялардың пайда болу нəтижесíнде Интернет арқылы бизнестің жаңа түрі — бөлшек сауда пайда бола бастады.

1997 жылы тағыда бір стандарт — OBI (Open Buying on the Internet) пайда болды, ұйымдардың ортасында өзара іс-қимылдарды қозғайтын айтарлықтай үлкен мəселелердщ барлығын стандарттайтын, ашық жүйеге бағдарланған толық циклді тарта отырып, сатып алу-сату-жеткізу оның басты идеясы болып табылады. Ақырында, 2003 жылы тағы бір формат қалыптасты AS-2, EDI жəне Интернет бірікті. Ол сандық деректер арқылы хаттама http алмасуға мүмкіндік береді, əдетте web-беттерді (страница) көру үшін пайдаланылады.

Жалпы елімізге келетін болсақ, тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасында жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу үрдісі басталды. Алдымен экономикалық реформалар жүргізілді. Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформалар республика органдарының экономикалық басқарудағы рөлін, орны мен қызметін түбегейлі өзгерту жолдарын қарастырды. Министрліктердің ендігі міндеттері - басқару емес, өнеркәсіптердің техникалық дамуына, салааралық өркендеуіне дұрыс бағдар таңдау жұмыстарымен айналысу.

Қазақстан Республикасының «Электрондық коммерция орталығының» құрылу кезеңдері:

  1. 2003 жылы ҚР Үкіметінің Қаулысы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау жəне мемлекеттік сатып алу комитеті «Электрондық коммерция орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны құрылды.
  2. 2007 жылы «Электрондық коммерция орталығы» РМҚК «Самғау» ұлттық ғылыми- технологиялық холдингі құрамына еншілес компания ретінде кірді жəне «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС болып қайта құрылды.
  3. 2008 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Орталық электрондық мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай оператор болып анықталды. Сол жылы Орталық құрылған «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі құрамына кірді.
  4. 2009 жылы «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС «Қаржылық жүйелерді ақпараттандыру орталығы» ЖШС біріктірілді.
  5. 2010 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС ақпараттандыру саласында ұлттық оператор мәртебесіне ие болады. Бүгін компания мемлекеттік құрылымдар үшін ақпараттық технологиялар саласындағы ірі масштабты шешімдерді іске асырып келеді.
  6. 2013 жылы «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС Ақпараттандыру саласындағы оператор болып құрылды.
  7. 2013 жылы «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС республикалық меншікке берілген.
  8. 2014 жылы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС мемлекеттік қатысу үлесіне иелік ету жəне пайдалану құқықтарын қабылдады.
  9. 2016 жылы «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС — Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор (ҚМ 100 %). «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС «Электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай операторды анықтау туралы» ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 243 бұйрығына сəйкес Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор болып қалыптасты.
  10. 2017 жылы «Электрондық коммерция орталығы» АҚ болып құрылды.

Электрондық коммерция орталығының негізгі қызмет бағыттары:

  • электрондық мемлекеттік сатып алу ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік сатып алу саласында бағдарламалық қамтамасыз ету жəне ақпараттық жүйелерді дайындау, енгізу жəне сүйемелдеу;
  • қаржылық ақпараттық жүйелер жəне қорлар бойынша ҚР «Электрондық үкімет» инфрақұрылымы жобалық интеграторының қызметтерін орындау;
  • қаржылық ақпараттық жүйелер жəне қорлар бойынша ҚР «Электрондық үкіметін» қалыптастыру кезінде жобаларды басқару жəне техникалық сүйемелдеу;
  • электрондық мемлекеттік сатып алу бойынша оқытуды ұйымдастыру, семинарлар, тренингтер жəне конференциялар өткізу болып табылады [20].

Электрондық сауда — ақпараттық желі көмегі арқылы жасалатын іскерлік келісімнің қандай да бір формасы. Яғни бұған мысалдар көп, банк карточкасы арқылы сауда жасау, онлайн-дүкен аралау, электронды сақтандыру, электронды мемлекеттік сатып алу, қарапайым тілде айтсақ, сатып алу, сату, қызмет көрсету компьютерлік жүйелерді пайдалана отырып, маркетингтік шаралар өткізу мүмкіндіктерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Электрондық коммерция жүйесі қайда бағытталса, сол электрондық коммерцияның басты нысаны болып табылады. Олардың қатарына тауар, қызмет жəне ақпаратты жатқызуға болады.

Қорытындылай келе, электрондық сауда-саттықтың елдің экономикасына алып келетін артықшылықтары мен маңызы зор екендігі айқын. Ол тұлғалардың бəсекеге қабілеттілігін арттырады, жұмыс күшін азайтады жəне шығындардың азаюына мүмкіндік береді. Ал, тұтынушылар, біріншіден, уақытын үнемдейді, екіншіден, ақшасын үнемдеп, кезек күтуден құтылады, тәулік бойы қызмет көрсетуге қолжеткізе алады. Экономикада электрондық сауданың үлесін арттыруымыз керек,демек, көлеңкелі экономиканың үлесі азаятынын көптеген дамыған елдердің тəжíрибесí көрсетіп отыр. Себебі мұнда барлық операциялар жариялы түрде жасалып, саудагерлер салықтан жалтарудың түрлі амалдарын қарастыра алмайды жəне азаматтарың виртуалды сауаттылығын арттыра түседі.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2017 жылғы 31 қаңтар «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бəсекеге қабілеттілік». [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тәртібі: http://www.akorda.kz.
  2. Кобелева О.А. Электронная коммерция: учеб. пос. / О.А. Кобелева; под ред. проф. С.В. Пирогова. — 2-е изд., перераб. и доп. — М.: Издательско-торговая корпорация «Дашков и Ко», 2006. — С. 14.
  3. Юрасов А.В. Основы электронной коммерции: учеб. пос. / А.В. Юрасов. — М.: Горячая линия-Телеком, 2007.
  4. Скиба О.Д. Правовое регулирование электронной коммерции в международном праве / О. Д. Скиба // Молодой ученый. — 2014. — № 11.1. — С. 58–62. [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://moluch.ru/archive/70/12019/ (дата обращения: 26.01.2018).
  5. Васильева Н.М. Электронная коммерция как правовая категория / Н.М. Васильева. [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://ecommercelaw.ru / elektronnaya-kommerciya-kak-pravovaya-kategoriya. html.
  6. Сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сəуíрдегí № 544 Заңы. [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тәртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z040000544_.
  7. Joint Statement on Electronic Commerce, Committees of U. S. — Japan Business Council, Inc. and Japan — U. S. Business Council. 07.1999.
  8. Электронная коммерция: учеб. пос. / под общ. ред. Л.А. Брагина. — М.: Экономистъ, 2005. — С. 14.
  9. No. 2004–575 Loi du 21 juin 2004. Loi pour la confiancedansl' economienumerique (1) // JORF от 22.06.2004.
  10. Закон Республики Узбекистан от 29 апреля 2004 г. N 613-II «Об электронной коммерции» // Собрание законодательства Республики Узбекистан. — 2004. — № 20. — С. 232.
  11. E-commerce and taxation report by Ministry of Finance of India. 2001. [Electronic resource]. Электронный портал «E-commerce law» Official site Rashmin Sanghvi & Associates. — Access mode: http://www.rashminsanghvi.com/articles /taxation/electronic_commerce/finmin. html.
  12. Ильичев С.К. Особенности налогообложения в сфере электронной коммерции / С.К. Ильичев. — М.: «Маркет» ДС, 2004. — 188 с.
  13. Sec. 1104 (3) of the Internet Tax Freedom Act, Public Law 105-277 of October, 21, 1998.
  14. Towards the Age of the digital Economy — for Rapid Progress in the Japanese Economy and World Economic Growth in the 21stCentury. Ministry of International TradeandIndustry, Government of Japan. — 1997.
  15. Measuring Electronic Business Definitions, Underlying Concepts and Measurements Plans. Government of the United States of America. 13.10.1999
  16. Government of Canada. Electronic Commerce in Canada: Priorities for Action. 1998 // Official site Canadian e-Policy Resource Centre (CePRC) Электронный портал «E-commerce law». [Electronic resource]. — Access mode: http://www.ic.gc.ca/eic/site/ceprc-ccrcp. nsf/eng/00025. html.
  17. Commerce electronique: Une nouvelle donne pour les consommateurs, les entreprises, les citoyens et les pouvoirs publics, Rapport Du Groupe De Travail Preside Par M. Francis Lorentz, Ministere de l'Economie, des Finances et de l'Industrie. — 1998.
  18. Гофф Л. (Lesley Goff). SABRE идет на взлет / Л.Гофф // Computerworld Россия. — № 43. — М.: Изд-во «Открытые системы», 1999.
  19. Тутаева Ю.Р. Проблемы и перспективы развития электронной коммерции. [Электронный ресурс] / Ю.Р. Тутаева. — 2012. — Режим доступа: sdo.rea.ru/cde/conference/1/file.php?fileId=42.
  20. Электрондық коммерция орталығы. [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тәртібі: https://ecc.kz/company/histoiy.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.