Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстанның экологиялық жəне табиғи туризмі неміс тұтынушыларына ұсыныс ретінде

Бүкілəлемgік туристік үйым зерттеулері Қазақстанда туризмнің неғұрлым əлеуеттı түрлері ретінде анықталған табиғи жəне экологиялық туризмнің өсіп келе жатқан •іапымалдығып атап өтті. Мақалада экологиялық туризмге қызығушылықтың арту себептері қарастырылды жəне қызығушылықтың өсуінің негізгі уəждемелерí терең зерделенді. Авторлар табиғи жəне экологиялық туризмге анықтама беріп, олардың арасындағы айырмашылықтарды тиянақтады. Мақалада экотуризмнің мақсатты тобы ретінде анықчалғап Германияның тұрғындары сипатталды, туристер түрлерінің сипаттамалары олардың қажеттіліктерш ашяқтаумеіі қатар берілді. Германияның туристік нарығын дамытудың ерекшеліктері атап өтілді, ол ақпарат қазақсчандық туристік қызметтерді орналастыру жəне қазақстандық туристік үсынысқа адалдығын қалыптастыру кезінде қажет болады. Авторлар неміс эко- туристерінің əлеуметтíк-демографиялык; сипаттамаларын сандық бағалауға мүмкіндік беретін негізгі критерийлерді аиықтады. Ресми статистикалық деректер, сондай-ақ бүрын шетелдік ғалымдар жүргізген зерттеулер негізінде авторлармен Германия, Австрия жəне Швейцария мемлекеттеріндегі экологиялық туризмнің нарықтық əлеуетí, сондай-ақ туристердің келу боджамы есептелді. Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында экотуризмді үйымдасдырудың нақты мысалы негізінде авторлар кіру туризмін қалыіпастыру үдерісін жылдамдатуға ықпал етуші туризмді дамытумен айналысатын мемлекеттік, қоғамдық жəне жеке қүрылымдардың өзара əрекеттесуíн қарастырды.

Қазақстанда туризмді дамыту басымдықтарының біріне экологиялық жəне табиғи туризм жатқызылады. Әлемдік туризм мониторинга халықаралық консалтингтік тобының мәлімеддері бойынша (International Tourism Consulting Group, World Travel Monitor Company, əрí қарай — IPK Groop) елге саяхаттаудың басты уəждемелерíне табиғи ландшафттардың көптүрлігі (кең далалардан қарлы таулы шыңдарға дейін) мен байырғы түрғындар жатады [1]. Туристер үшін Қазақстан да тартымды болып табылады:

  • – еркін / жабайы табиғат (74 %);
  • – түзды жəне түщы көлдері бар далалар (69 %);
  • – шексіз шығындар мен ландшафттар (68 %);
  • – көшпенділер мəдениетí (63 %);
  • – таулар (59 %);
  • – адам қолы тимеген табиғат (58 %).

IPK Groop анықтауы бойынша, Қазақстан үшін əлеуеттí болып табылатын неміс нарығы экологиялық жəне табиғи туризм түжырымдамасын жəне неміс түтынушыларының таңдауының ерекшеліктерін ескеруді талап етеді.

Дүниежүзілік туристік үйымның мамандары экологиялық туризмді негізгі ынтасы табиғатты, сондай-ақ табиғи жəне əлеумедτік-мəдени қоршаған ортаға теріс əсердщ азайту кезінде пайда болатын табиғи аумақтарда басым дəстурлí мəдениедτерді бақылау жəне түсіну сияқты болып табылатын туризм түрі ретінде анықтайды. Табиғи туризм табиғи жағдайды қызметтің орны, соның ішінде демалыс, экстремалды немесе түтыну (мысалы, жағажай демалысы, жүзу, альпинизм, аң жəне балық аулау сияқты) орындары ретінде қолданатын кең ауқымды іс-шараларды қамтиды [2; 25].

Германияның Экономикалық ықпалдастық жəне дамыту федералды министрлігінің жүмыс тобымен (Arbeitsgruppe Okotourismus of the Bundesministerium fur wirtschaftliche Zusammenarbeit und Entwicklung (BMZ)) табиғи туризм мен экотуризм арасындағы негізгі айырмашылық анықталды. Табиғи туризм (нем. «naturtourismus») тартымды табиғи шарттардағы, басым жағдайлардағы қорғалатын аймақтардағы әрдүрлі əрекедτерді таңдайтын нарық сегментіне жатады. Бұл жағдайда іс- əрекеттер түрлері ғылыми туризм, жабайы табиғатты тамашалау мен суретке түсіруден бастап балық аулаушылық пен аң аулаушылық, сонымен бірге спорттық жəне шытырман оқиғалы туризмге дейін барады [3].

Экологиялық туризм (нем. «okotourismus») қоршаған орта мен әлеуметтік-мәдени факторларға жағымсыз əсер етуді азайтуға, ерекше қорғалатын табиғи территорияларды қаржыландыруға, сонымен қатар жергілікті тұрғындарға табыс көздерін қалыптастыруға бағытталған табиғи туризмнің түріне жатады [4; 3, 4].

Осылайша, табиғи туризм тірі табиғатты бақылау аясынан шығып, өзіне табиғи жағдайлардағы барлық дерлік туризм түрлерін біріктіреді.

Екінші жағынан, экотуризмді түсінудегі «немістік» көзқарас, əдетте, «тұрақты туризм» деп аталатын туризмнің аспектілерін қамтиды: адамдарға жəне қоршаған ортаға жағымсыз әсерді барынша азайту жəне тиісті экономикалық пайда алу. А. Виегас анықтамасы бойынша: «Экотуризм — ақпаратқа жəне білімге ерекше назар аудара отырып, табиғатқа бағытталған немесе қоршаған ортаға бағытталған демалыс, немесе бос уақыт ...» [5; 3].

В. Страздас бойынша, табиғи жəне экотуризм арасындағы айырмашылықты келесідей анықтауға болады: табиғи туризм туристік нарықтың нақты сегментіне жəне табиғи территорияларға, яғни табиғат координациялық орталық болатын аймақтарға, саяхаттауды білдіретін туристік пакеттің нақты түріне жатқызылады [6; 2, 3]. Қоршаған ортаға əсер жағымды да, жағымсыз да болуы мүмкін. Осы ретте, зерттеушінің пікірінше, экотуризм қоршаған ортаға жағымсыз әсерді азайтуға не толық жоюға бағытталған.

Соңғы жылдары экологиялық туризмге деген қызығушылықтың жоғарылауы себептеріне байланысты ДТҰ мамандары мыналарды жатқызады:

  • жіберуші елдерде экология тақырыбының маңыздылығының жəне/немесе күнделікті өміріндегі аталған мәселелердің өсіп келе жатқан маңызы;
  • балаларға экологиялық бағдар беруді нығайту;
  • мақсатты елдерде тұрақты туризмді қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігерді жандандыру.

Неміс тұрғындарының арасында мұндай саяхаттың себептерінің ішінде табиғи орта жəне қоршаған орта сияқты көрсеткіштердің үлесі өте жоғары болып табылады [7; 94]:

  • неміс демалушылардың арасында «табиғатты аялауды» таңдағандардың үлесі — 59,3 %;
  • 54,2 % немістер үшін ең маңыздысы «ластанған қоршаған ортаны қорғау» мотиві;
  • қоршаған ортаға əсер етудің басқа да көрсеткіштерімен салыстырғанда экологиялық себептердің жоғары өсу қарқыны байқалады;
  • демалушылар үшін табиғаттың шынайылығы (32,4 %) жəне флора мен фаунаны зерттеу (34,3 %) маңызды;
  • 27,2 % туристер үнемі, ал 49,3 %-ы кейде экотуристік сапарларды ұйымдастырады.

Экотуризмнің мақсатты топтарын, олардың қажеттіліктері мен мінез-құлықтық үлгісін сипаттау, неміс демалушыларын экотуристердің әлеуметтік-демографиялық сипаттамаларын сандық өлшеуге мүмкіндік беретін жіктеменің төрт типіне Д.фон Лаберг жіктемесіне сəйкес жүргізіледі [4; 100].

Бірінші түрі: білім деңгейі төмен жастар, ең алдымен, білім алушылар, неміс халқының шамамен 26 % құрайды. Туристердің осы санаты үшін туроператормен турды ұйымдастыру жөніндегі талаптары жоғары емес, туристік ресурстар соншалықты маңызды емес, туроператорлардан экологиялық менеджмент шараларын күту шамалы деңгейде болып табылады. Əдетте, бұл түр табиғаттың сақталуына жеке үлес қосуға дайын.

Екінші түрі: негізінен білім жəне табыс деңгейі төмен əйелдер, басым бөлігінде баласы жоқ зейнеткерлерді біріктіреді, неміс халқының 29,0 % құрайды. Бұл санатта демалыс орнына қоршаған ортаны қорғау іс-шараларын төлеуге дайын емес, экологиялық аспектілерге өте немқұрайлы көзқарасын көрсетеді.

Үшінші түрі: негізінен білім деңгейі мен табыс деңгейі жоғары орта жастағы адамдар, демалыста экологиялық аспектілердің әлеуметтік жауапкершіліктің жақтаушылары, Германия халқының 14,7 % құрайды. Олар үшін табиғатты сақтау ғана емес, сондай-ақ жергілікті тұрғындардың өмір салты мен gəстүрлерін құрметтеу маңызды.

Төртінші түрі: ортадан жоғарыға дейінгі білімі бар, таза табысы орташадан жоғарыға дейін болатын, жиі кішкентай балалары бар (14 жасқа дейінгі) орта жастағы адамдар (30-59), неміс халқының 30,0 %-ын құрайды. Бұл түр жануарлар дүниесінің мониторингі табиғи ресурстар жəне олардың мүмкіндіктері сияқты аспектілерге қызығушылық тудырады. Олар, əдетте, жергілікті тұрғындардың мəдениетí мен дəстурлерíн өте құрметтейді. Табиғат пен қоршаған орта саяхатқа қанағаттануына қатты əсер етеді.

Экологиялық туризм үшін артықшылықты 14-19 жəне 30-59 жастағылар береді. Жынысы бойынша бөлу көрсеткендей, туроператорлармен ұсынылатын табиғаттағы демалысқа əйелдер басымдық береді (66 % қарсы 34 %- ға) [3].

Зерттеу көрсеткендей, білім критерийі маңызды болып табылады. Экотуризм жоғары білімі бар адамдар мен жоғары табыстары бар адамдарға қолайлы екенін атап өтіледі. Білім сипаты экотуристер арасында кездесетін кәсіби топтарда да көрініс табады. Үлкен үлесті мұғалімдер алатыны байқалды, бұл, біріншіден, аталған сапарларға мұғалімдердің уақытының жеткілікті болуымен, екіншіден, аталмыш саяхаттарды биология жəне география мұғалімдері қосымша білім алу құралы ретінде пайдалануымен сипатталады.

Экотуризм тұтынушыларынан түсетін таза айлық табыс 1533,9 еуродан 2555,9 еуроға дейін жетеді, бұл экотуристер халықтың ауқатты сегменттеріне тиесілілігін растайды.

Қоршаған орта мен жануарлар əлемíн бақылау мүмкіндігінің маңыздылығына қарамастан, аталған басымдылықтар саяхаттаушылардың үштен бір бөлігіне ғана өзекті, экотуристердің көпшілігі (48,9 %) демалысты басқа да əрекеттермен бірлестіріп өткізуді қалайды, ал 19,5 % турист үшін экотуризмнің бірнеше күнмен шектелуі тиімді болып табылады.

Өңірлерді (еуропалық елдер, еуропалық емес елдер, алыс үшінші əлем елдері, жақын үшінші əлем елдері жəне еуропалық емес өнеркəсібі дамыған елдер) бөлуге сəйкес респонденттердің 51 % жақын дамушы елдерге сапарларға қызығушылық танытады. Бұл факт неміс нарығын Қазақстан үшін əлеуеттí ретінде анықтау үшін жағымды болжам жасауға мүмкіндік береді. Бұл ықтималдылықты растайтын фактілер анықталды.

Мысал ретінде Қарағанды облысы Шабанбай би ауылында далалық қонақ үйлерді ұйымдастыру тəжíрибесíн келтіруге болады. Аталмыш кішігірім мекендегі 2010 жылдан бастап Қазақстан туристік қауымдастығымен сертификатталған қонақ үйлер қызмет атқарады. Шетелдік туристер бұл жерге табиғи ландшафттарды тамашалау ғана емес, сонымен бірге шынайы қазақ отбасында өмір сүру үшін, оның ішінде бие сауу, бешбармақ дайындау, өз қолымен қымыз, талқан, құрт, ірімшік дайындауға, киіз тоқуға қатысуға, аңшылыққа шығуға, жергілікті тұрғындармен пікірлесуге жəне т.б. үшін келеді. Алғашқы жылдардағы ыңғайлылықтардың болмауы да таныстар мен достарға аталмыш орынды демалыс орны ретінде кеңес беруге кедергі болған жоқ, туристер легі жылдан жылға көбеюде.

ДТҰ сарапшыларының пікірінше, тұтынушылардың тілектерін білу өнім саясаты үшін аса маңызды. Турдың маңызды талаптары туралы сұраққа жауап берген төрт маңызды артықшылықтан тұратын экотуристердің нақты құрылымы қалыптасты:

  1. 50 % жергілікті тұрғындар жүргізетін кішігірім ғимараттарда тұруды таңдайды.
  2. 45,6 % нақты ақпараттың болуы шарттарында өздігінен жүруді қалайды, 14,7 %-ы гидпен экскурсияларға басымдық береді.
  3. 41,2 % жергілікті өнімдерден жергілікті асхананы пайдалануға ниетті.
  4. 41,2 % қонақжайлылықты күтуде, олар өздерін көптен күткен қонақ ретінде сезінгісі келеді [3].

Зерттеуге сəйкес экотуризмге барудың орташа ұзақтығы:

  • – Германия аумағында сапар шегу үшін — бір аптадан аз;
  • – Еуропадағы сапарлар үшін, əдетте, екі апта;
  • – бүкіл əлем бойынша сапарлар үшін — үш апта, кейде тіпті одан да көп.

Көптеген неміс туроператорларының пайымдауынша, экологиялық туризмнің мақсатты топтарын келесідей құраммен сипатталады:

  • – белсенді спортшылар мен əйелдер (20 туроператор);
  • – табиғатты жақсы көретін жəне бағалайтын адамдар (20 оператор);
  • – командалық рухпен сипатталатын адамдар (13 оператор);
  • – мəдениеттер мен коммуникацияларды жинауға мүдделі адамдар (13 оператор).

Əдетте, бұл туристер толерантты, бейтарап, артық заттарды талап етпейтін, білімге ұмтылатын, ашық, икемді жəне ынтымақтастыққа қабілетті.

Туроператорлардың пікірінше, тұтынушылар жергілікті здет-ғүрыптарға бейімделіп, бейресми мəдениетпен танысу үшін ашық болуы керек. Мақсатты топтардың клиенттері дәстүрлі бұқаралық туризмді таңдамайды жəне экологиялық жəне əлеуметтíк жағынан ыңғайлы аймақтарда саяхат жасауды қалайды.

Экотуризм мамандандырылған туроператорлардың нарығына жақсы мүмкіндік береді. Зерттеу қорытындысы бойынша респонденттердің 47,6 % демалыстарын үнемі өздері ұйымдастырады, ал34,7 % туроператорлардың қызметін пайдаланады. Салыстыру үшін: бүкіл Германияда барлық сапарлардың шамамен 54 %-на жеке тапсырыс беріледі, ал 46 %-ы турагенттер немесе туроператорлар арқылы рəсімgелеgі [8]. Бұл факт туристік ілгерілетуде туроператорлардың белсенді рөлін дəлелдейді жəне қазақстандық мамандармен есепке алыну керек. Ел үшін жаңа бағыт ретінде экологиялық туризмді құруға туризмді дамытумен айналысатын мемлекеттік, қоғамдық жəне жеке тұлғалардың күш-жігерін біріктіру маңызды.

Мысалы, Орталық Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуына табиғат қорғау жəне 6иоәртүрлілікті сақтау неміс одағы (NABU), Қарағанды облыстық экологиялық мұражайы, «Nomadic Travel Kazakhstan» компаниясы, Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамы, «Ақтоғай ауыл шаруашылығы орман жəне жануарлар дүниесін қорғау» «Avalon» тарихи-географиялық қоғамы КММ / «Авалон» қоғамдық қоры қатысады. Еуропалық комиссия, «Қазақмыс» корпорациясы, Қарағанды облысының кəсшкерлíк басқармасы қолдау көрсетеді [9].

Шабанбай би ауылындағы ерекше қорғалатын аймағындағы жергілікті халық жəне қызметкерлер үшін экологиялық туризм саласындағы қызметтерді ұсыну теориясы мен тəжíрибесí бойынша оқыту семинарлары ұйымдастырылады. Қызыларай қорғалатын аймағына автокөлікпен жету мүмкіндігі қарастырылған тұрақтар орналасқан (оның бір бөлігі — туристік соқпақтар бастапқы нүктесі болып табылатын тау-орман оазисі).

Орталық Қазақстандағы экотуризмді дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес экосайтты басқаруға көмектеседі. Дерек қорына жергілікті жəне шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары мен жарнамалық буклеттердегі Орталық Қазақстанның туристік əлеуетí туралы басылымдарда көрініс тапқан туристік көрікті жерлердің көп бөлігі анықталып, сипатталған жəне енгізілген. Жергілікті жəне шетелдік туристік бизнес жəне БАҚ өкілдері үшін Қызыларайға ақпараттық турлар ұйымдастырылады. Қарағанды облысының туристік көрікті жерлері Қазақстанға қатысты танымал ағылшын тіліндегі («Lonely Planet Central Asia» жəне «Brand Kazakhstan») жəне атақты неміс тілді («Kasakhstan Entdecken») жолсілтемелерде сипатталған. Қызыларай жəне Ұлытау туралы ақпарат танымал «Wikitravel» онлайн- жолсілтемесінің ағылшын нұсқасында жəне «Tripadvisor» веб-ресурсында орналасқан.

Жергілікті қауымдастықтар мен туристер арасындағы байланыстырушы буын болып табылатын «Nomadic Travel Kazakhstan» туроператорымен «Сарыарқаның қола шеңбері», «Қызыларай – биіктік пен тарих», «Орталық Қазақстан бойынша шолу туры», «Ұлытау – ұлт бесігі», «Ұлытаудағы демалыс туры», «Оңтүстіктегі «Ақсораң» жəне басқа туристік маршруттар дайындалған.

Бүкілəлемдік туристік ұйымның мамандарының байқауларына сəйкес, Германиядағы туристік нарықтың дамуы мынадай ерекшеліктерге ие [3]:

  1. Жол жүру жиілігімен қатар, саяхат сапарларының өсуі жалғасуда.
  2. Әлеуметтік-демографиялық құрылымдық өзгерістер мақсатты топтар арасында басымдықты бағыттардың ауысуын туғызады: отбасылардың санын азайту, отбасылардың ауқымын азайту; егде жастағы адамдар санының күрт артуы; туристердің шағын топтарының бірлестігі.
  3. Әртүрлі мақсатты топтардың туристік мотивациясы дифференциацияға ұшырады.
  4. Туристік бағыттарға қатысты: ұзақ сапарлардың үлесінің 10-15 %-ға дейін артуы, тұрақты 35 % көрсеткішіне ие «Жерорта теңізі» бағытынан басқа ішкі жол жүрулердің 20-25 %-ға дейін төмендеуі.
  5. Демалыс түрлері бойынша: таңдауларда, бір сапар кезінде түрлі іс-шараларға қатысу дəрежесíнде белсенділіктің төмендеуі байқалады.
  6. Туристік сапарлардың орташа ұзақтығының төмендеуі.
  7. Маусымдық ауытқулар біршама аз өзгерістермен сипатталады, себебі егде жастағы адамдарға маусымаралық кезеңде əр түрлі климаттық аймақтарға бару саны артады; жылына екінші жəне үшінші сапарлар саны артып келеді.
  8. Туроператорлар ұйымдастырған сапарлардың нарықтық үлесі 58 %-ға дейін өсті; шетелге сапарлардың саны артып келе жатқан пакеттік турларының үлесі 66 %-ға дейін өсті; ішкі турлар үлесі — 30 % дейін; тұтастай алғанда клиенттер саяхатқа оң əсер етеді.
  9. Əуе сапарларының артуы алыс қашықтыққа саяхаттардың артуына байланысты.
  10. Жоғары сапалы, жайлы тұрғын үйлерге деген қажеттілік өсіп келеді.
  11. Жаңа медиақұралдары (ғаламтор) тұтынушыларды хабардар етуде жəне брондауда маңызды рөл атқарады, алайда бұл дəстýрлİ бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін төмендетпейді.
  12. Бағаларға деген сезімталдық артуда: немістердің халықаралық сапарларының тəжíрибесí қызметтер құнының маңыздылығын сипаттайды.

В.Д. Лабергтің айтуы бойынша, деректер жиналғаннан бері айтарлықтай уақыттық мерзімдерге қарамастан, бүгінгі күні үрдістер әлі де жарамды деп есептеуге болады. Іргелі құрылымдық өзгерістердің белгілері жоқ [7]. 2000 жылы 14 жəне одан жоғары жастағы 48,8 млн неміс туристке жүргізілген транспозицияға сəйкес экотуризмнің əлеуеттí нарығы 14,5 млн адамды құрайды (1-кесте).

1-кесте

Германия экологиялық туризмінің нарықтық әлеуетін есептеу

Көрсеткіштер

2000 ж.

2016 ж.

Германия халқы, млн адам

82,2

 

81,3

14 жəне жоғары жастағы, млн адам

63,8

53, 7

Барлық демалушылар, млн адам

48,4

Тұрғындардың 75.9 %-ы (14 жəне жоғары)

40,8

Табиғи туризмнің нарықтық əлеуетí, млн адам

28,7

Демалушылардың 59.3 %-ы

24,2

Экологиялық туризмнің нарықтық əлеуетí, млн адам

14,5

Демалушылардың

~30 % -ы

12,2

Ескерту. Дерек көздері: [7, 10].

Ағымдағы үрдісті сақтау экологиялық сезімталдықтың артуымен ғана ерекшеленетінін ескере отырып, 2016 жылы экологиялық туризмнің нарықтық əлеуетí 12,2 млн турист деп есептеуге болады [11].

IPK Groop зерттеулерінің нəтижелерí бойынша, Германияда 3,9 млн адам Орталық Азияға ықтимал қызығушылық танытып отыр, олардың 48 %, яғни 1.87 млн адам, Қазақстанға туристік бағыт ретінде қызығушылық танытты. Экотуризмнің нарықтық əлеуетí саяхатқа шыққысы келетіндердің жалпы санының шамамен 30 %-ын құрайтынын ескере отырып, экотуризмнің неміс нарығының əлеуетí 560 мың адам деп есептеуге болады. IPK Groop зерттеуінің жоғары деңгейіне сенім білдірсек (10 000 адам), алынған нəтижелердщ айтарлықтай жоғары екендігі туралы мəлíмдеуге болады, бұл ықтималдылық коэффициентін (0,5–1 диапазонында — орташа 0,75) пайдалану мүмкіндігін береді. Одан басқа, А.Виелхабер пікірі бойынша, неміс, швейцария, австриялық нарықтардың бағалаулары бірі-бірінен қатты айырмашылық жасамайды, аталған жағдай əлеуеттí нарық есептемесіне аталған елдерді қосу мүмкіндігін білдіреді [11]. Бұл жағдайда келу болжамы агрессивті маркетингтік стратегияны іске асыру жағдайында жылына 420 мың адамды құрайды.

Осы елдердің статистикалық деректерін пайдалану жəне А.Виелхабердің осы халықтардың ділдерінің ұқсастығы туралы пікірін ескере отырып, Швейцария мен Австрия экотуристерінің келу болжамын есептеуге болады (2-кесте).

Бұл жағдайда оқиғалардың төмен деңгейіне сəйкес келетін 0,05 ықтималдық коэффициентін қолданамыз, IPK Groop зерттеуіне сəйкес, Германияның əлеуетí Австрия мен Швейцарияның əлеуетíмен салыстырғанда 15-ке қарсы 1-ге тең (0,75 / 15 = 0,05). Осылайша, үш елдің келуінің жалпы болжауы 460 мың адамға жетіп, 10 күндік тұру үшін адамға ең төменгі шығын 1500 еуро болған жағдайда, сəйкесíнше, 690 мың еуро табыс əкелуí мүмкін.

2-кесте

Австрия жəне Швейцария экологиялық туризмінің нарықтық әлеуетін есептеу

Мемлекет

Халық

саны, млн адам

(2016 ж.)

15 жəне жоғары жастағы халық,

млн адам

Демалушылар, барлығы (15 жəне жоғары жастағы халық 75,9 %-ы), млн адам

Экологиялық туризмнің нарықтық əлеуетí (демалушылар- дың~30 % -ы), млн адам

Қазақстандық нарық əлеуетí (демалушылар- дың~30 % -ы), млн адам

Ықтимал- дылық

Келу болжамы,

адам

Австрия

8,6

5,8

4,4

1,32

0,40

0,05

20

Швейцария

8,4

5,6

4,3

1,29

0,39

0,05

~20

Ескерту. [12, 13] маліметтерінің негізінде есептелген.

Сұраныстың тұрақтылығы, экологиялық туризм өсу үрдісін сақтау, алынған қызметтер мен клиенттердің қанағаттануының жəне Қазақстанның туристік əлеуетí туралы мақсатты клиенттер арасында хабардарлықты арттыру шарттарын сақтай отырып, сұраныстың сызықтық тәуелділігін есептеуге болады, бұл, өз кезегінде, туристік келулер санының өсуі мен брендтік туристік өнімнің қалыптасуына ықпал етуі тиіс.

Əлеуеттí тұтынушылардың үміттерінің ерекшеліктерін есепке алу Қазақстанға туристік ұсынысқа қойылатын адалдықты қалыптастыруға қосымша ынталандыруды қамтамасыз етуі тиіс.

Неміс туристік нарықтың ерекшелігі қазақстандық аймақтық туризм стратегияларын қалыптастыруда, туристік ұсыныстар өлшемдерін дайындауда, мемлекет, оның тарихы мен дамуы, мəдени құндылықтартары мен заманауи мүмкіндіктері туралы бірегей ұсынысты жасауға жəне оған оң көзқарас қалыптастыруға ықпал ететін БАҚ, ғаламтор, əлеуметтíк желілер, жарияланымдар сияқты қолданыстағы арналар арқылы ақпараттық камсыздандыруды белсенді кеңейтуде ескерілуі жəне қолданылуы тиіс. Алдында қабылданған қызметке туристердің көзқарасын зерттеу негізінде əлеуеттí туристердің қызығушылығын сақтау жəне ұлттық туристік брендті жылжыту бойынша ауқымды бағдарламаны əзíрлеу мақсатында жаңа туристік өнімдер мен бағдарламаларды құруға болады.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. World Travel Monitor® Data // International consulting group on tourism research, 2010. [Electronic resource]. — Access mode: www.ipkinternational.com.
  2. Тлеубердинова А. Т. Учет потребностей экологического туриста США при использовании природно-рекреационных ресурсов Казахстана / А.Т. Тлеубердинова, Д.М. Салауатова // Туризм: право и экономика. — 2014. — № 2. — С. 25-30.
  3. The German Ecotourism Market. Special Report, Number 10. Capitan Haya 42, 28020 Madrid. www.world-tourism.org.
  4. Federal Ministry for Economic Co-Operation and Development (ed.): Ecotourism as an Instrument on Nature Protection? — Bonn, 1995.
  5. Viegas A. 0komanagement in Tourismus / A.Viegas. — Munich/Vienna, 1998.
  6. Strasdas W. Ökotourismus in der Praxis – zur Umsetzung der so∕i<>-<>kon<>mischen und naturschutzpolitischen Ziele eines anspruchsvollen Tourismuskonzrptes in Entwicklung slɑndern; Schriftenreihe fur Tourismus and Entwicklung; Studienkreis fur Tourismus and Entwicklung e.V. (Hrsg.), Ammerland, 2001 / W.Strasdas. [Electronic resource]. — Access mode: http://www.studienkreis.org/deutsch/publikationen/ pdf.
  7. von Laβberg D. Holiday travel and Environment. A survey on the attitude of German Population regarding aspects of nature and environment in the context of holiday trips / D. von Laβberg. By order of Federal Ministry for the Environment: Studienkreis fur Tourismus and Entwicklung e.V. (Hrsg.), Ammerland, 1997.
  8. F.U.R. (Research Group holiday and travel) (ed.): The Travel Survey 2000 (Reiseanaluse), annual publication, Hamburg 2000; Reiseanalyse 2001: first Results, ITB 2001.
  9. [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртíбí: http://www.guide.kz/ru/embodied.shtml.
  10. [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртíбí: http://countrymeters.info/ru/Germany.
  11. Vielhaber, A. Long-distance Travel 2005; a delphi study in Germany, Austria and Switzerland, Studienkreis fur Tourismus und Entwicklung e.V. (ed.) / A.Vielhaber et al. Ammerland 1997.
  12. [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртíбí: http://countrymeters.info/ru/Austria.
  13. [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртíбí: http://countrymeters.info/ru/Switzerland.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.