Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Халықаралық инвестицияның мәні жəне Қазақстан Республикасы экономикасындағы рөлі

Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасының өсуі қалыпты. Бұған бірден бір себепші жоспарлық- әкімшілдік жүйенің өзгерістері, экономикаға келесідей нарықтық механизмдердің əсерí: еркін бағалар, меншікті мемлекет иелігінен алу, экономиканы демонополияландыру, бəсекелестíктщ дамуы, сырткы экономикалык əрекеттщ ырықтануы, банктік-каржылык жүйенің реформалануы, қор нарығының пайда болуы жəне инвестициялық əрекеттщ өсуі қатты əсерíн тигізді. Қазақстан экономикасының қазіргі сəттегí даму барысында халықаралық инвеслициялардың маңызы өте зор. Еліміздің 'гәуелсіздік алғанынан бері халықаралық инвестициялардың көлемінің айтарлықтай өсуін байқаймыз. Экономиканың қазіргідей тұрақты даму деңгейінде халықаралық инвестициялардың қарқынды өсуі байқалады, оның даму каркыны халықаралық сауда өсуінің даму каркынынан да әлдеқайда жоғары. Əлем елдері экономикалық даму деңгейіне қарамастан, экономикалық өсімге жету үшін шетел инвестицияларын тартудың тәсілдері мен амалдарын жетілдірумен айналысады. Сауда ағымдарының шетел инвестицияларының ағымдарының жəне технологияның айырбасының либерализациясы деңгейінде кәсіпорындардың нарықтағы күресі бүдан да агрессивті болып бара жатыр. Капитал, инновациялық қызмет технологиялармен, квалификацияланған адам ресурстарымен қамтамасыз етілуі жəне тиімді үйымдастырушылык жəне баскарушылык тәжірибесі — осы факторлардың барлығы кəсшорынньщ бəсекеқабілелтілігін қамтамассыз етуде маңызды рөл атқарады жəне сəйкес макроэкономикалық жағдайларда қабылдаушы елдердің экономикалық даму көрсеткіштерін өсіруге көмектеседі. Бірақ көптеген елдер инвестиция тартқысы келетінін жəне оған деген жоғары бəсеке деңгейінде екендігін ескеру керек. Сондықтан да шетел инвестицияларды тартуды зерттеу осы таңда өзекті мəселелердщ бірі деп айтуымызға əбден болады. Мақаладағы қорытындылар мен үсыныстар теориялық жəне тəжíрибелíк маңызға ие: каржы-несие қатынастарын реттеу үшін; инвестициялық қызметті дамытуға үсыныстар беріледі.

Халықаралық инвестиция – шетел инвесторы тікелей қатысатын инвестиция. Бүкіл экономикалық жүйелердің жаһандануы кезінде Қазақстан Республикасының тəуелсİздİкке қолжеткізуі жəне ашық экономиканың дамуына байланысты халықаралық инвестиция қажеттілікке айналды. Экономикалық өсу жəне нарықтық өзгерістерді қаржыландыру үшін елдің өз қорларының жеткіліксіздігіне байланысты оның маңызы артты. Халықаралық инвестиция деген тікелей шетелдік инвестиция (яғни инвестицияны фирмалардың жарғылық қорына немесе акцияларына бөлу), қоржындық инвестиция, сыртқы қарыздар, дамуға ресми көмек, гуманитарлық көмек кіреді. Нарықтық экономиканың даму жағдайында халықаралық инвестиция тек ақшалай ғана емес, сондай- ақ шетелдік технологиялар, басқару тəжİрибесİ де тартылуын қамтамасыз етеді, тиімді нарықтарды ашады, ірі өзгерістерге, нарықтық инфрақүрылымның қалыптасуына, инновациялық үрдістердің өсуіне, экономиканың жекеше секторының қалыптасуына əкелíп соғады. Қазақстанға тікелей халықаралық инвестиция өте тиімді. Ол елдің шаруашылық қызметінде инвесторды үзақ мерзімге қамтамасыз етеді жəне сыртқы борышқа жатпайды [1].

Қоржындық инвестиция – үзақмерзімді міндеттемелерге мен бағалы қағаздар нарығына бөлінеді; капиталға салынады жəне салынған капиталдың мөлшерінен сəйкесíнше табыс алуды қарастырады. Дүниежүзілік тəжíрибеде капитал қоры жəне елдің жинаған қаражатының басым үлесі бағалы қағаздар жəне түрлі қаржы қүралдарымен жанама түрде өндіріс процесін инвестициялауға бөлінеді. Мысалы, дүниежүзілік инвестициялық байлықтағы қаржы байлығының үлесі көп – 57,7 %. Халықтың ақша түріндегі қорына келер болсақ, мысалға, Америкада бағалы қағаздарға (көбінесе, акциялар) салынған инвестицияның жалпы көлемдегі үлесі 50 %-дан да көп. Шетелдік тікелей инвестицияның өсу себептері жəне күтілетін нəтижелерí жайлы айтатын болсақ, халықаралық капитал жылжуының басты қатысушылары жеңілдікті инвестициялық режиммен ерекшелінетін мемлекеттерге емес, нарығы жақсы дамыған елдерге салынады. Бүған себепші келесілер болып табылады: бəсекенщ қысымы, жаңа технологиялар, жекешелендіру, мемлекеттің қолдауы. Соныменқатар инвестициялар тартатын белсенді əсерлí аймақтық елдерді атай аламыз: ЕО, НАФТА, АСЕАН, АТЭС, МЕРКОСУР. Өйткені олар бизнестің жаһандануына, кез келген жағдайда салыстырмалы инвестициялық режим дайындау жəне іске асыруға жұмыс жасайды [2].

Қазақстан тəуелсíздíк алғалы 25 жыл ішінде салынған тікелей халықаралық инвестициялар көлемі 255 млрд долл. асыпты. Бұл уақытта мемлекетіміз ірі трансұлттық компаниялармен тиімді қарым-қатынас орнатып, дүние жүзіне атақты біршама алпауыттардың сеніміне енді. Негізінде халықаралық инвестиция болашағына нық сенімді, əсíресе қазіргі уақытта болашақ көкжиегі барынша жарқын жаққа қарай көбірек салынады. Бұның өзі Қазақстанның реформаларына халықаралық көзқарастың оң екенін білдіреді [3].

Елдегі басты капитал көздерінің ең үлкен инвестициялық жобалары деп төмендегілерді атауға болады:

  • Нидерланды – 580 млн АҚШ долл. («ИспатКармет» ААҚ);
  • Корея – 25.1 млн АҚШ долл. («LG ELECTRONICS» компаниясының ірі жобасы);
  • Түркия – 39 млн АҚШ долл. («Эфес – Қарағанды сыра жасау зауытының» ірі жобасы);
  • Лихтенштейн – 17 млн АҚШ долл. («АБС орталығы» ААҚ);
  • Ұлыбритания – 11.7 млн АҚШ долл. («Лосан – Мардон» ЖШС-нің ірі жобасы).

Бірақ халықаралық инвестицияларды тарту кезінде де көп кедергілер кездеседі. Төменде атап өтсек:

  • – қазақстанның нарығындағы іскерлік белсенділіктің төмендігі;
  • – реттеуші шаралардың толық орындалмауы;
  • - өтімді қаржы құралдарының азаюы, төлем күші əлсíзденуí, дағдарыстың орнауы;
  • – нақты ақпараттардың жетіспеушілігі.

Инвестициялық саясаттың тиімді жүйесін қалыптастыру үшін мемлекет Даму бюджеті, Ұлттық мұнай-газ қоры, мемлекеттік несие ұйымы секілді қаржылық механизмдер мен əдíстерге мəн беруіміз керек [4].

«2015-2016 жылдарға арналған жаһандық бəсекеге қабілеттілік» Бүкілəлемдік экономикалық форумның есебінде дүние жүзінің 140 елінің ішінде макроэкономикалық ортада Қазақстан 25-ші орында, мемлекеттік саясат айқындылығы бойынша 30-шы орынды алады.

Еліміздегі инфляция деңгейі бірқалыпты болып тұр (ХВҚ: 2012 ж. — 5.1 %; 2013 ж. - 5.8 %; 2014 ж. - 6.7 %), сонымен қатар жұмыссыздық деңгейі жыл сайын төмендеп келеді (ХВҚ: 2010 ж. - 5.8 %; 2013 ж. - 5.2 %; 2014 ж. - 5.0 %), 2016 жылы инфляция (2016 ж. желтоқсан 2015 ж. желтоқсанмен салыстырғанда) 8,5 %-ды құрады. Азық-түлік тауарлардың бағасы 9,7 %, азық-түлік емес тауарлардың - 9,5 %, ақылы қызметтердің - 6,1 %-ға өсті, 2017 ж. сəуíр 2016 ж. желтоқсанмен салыстырғанда) тұтыну тауарлары мен қызметтерінің бағалары мен тарифтері 2,7 %, оның ішінде азық-түлік тауарларының бағалары - 3,8 %-ға, азық-түлік емес тауарларының бағалары жəне ақылы қызметтердің тарифтері 2,1 %-ға өсті.

2015 жылы еліміз «100 нақты қадам — Ұлт жоспарын» қабылдады. Бұл шаралар дүниежүзілік экономикалық жəне саяси белгісіздіктерде Қазақстанымыздың экономикалық, институционалдық жəне əлеуметтíк ортасын нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар 2017 жылы Астана қаласында Халықаралық қаржы орталығы ашылды, бұл еліміздің дүниежүзілік экономикаға жəне əлемдíк қаржы жүйесіне енуге мүмкіндік туғызып отыр. Халықаралық қаржы орталығы халықаралық сот төрешілерін тартып, сот ісін жүргізуде ағылшын тілі мен ағылшын құқығын пайдалана отырып, қаржы мен инвестиция таластары үшін жаңа сотты қамтиды.

2014 жылы номиналды ЖІӨ 38,033 трлн тг болған. Бұрын белгілі болғандай, 2014 жылы 4,3 % деңгейіндегі ЖІӨ өсімі болып табылған. 2013 жылы Қазақстан ЖІӨ 6 %-ға артқан. ЖІӨ-нің нақты өсуі 2015 жылы 5,0 % болды, ал 2016 жылы — 5,6 %, 2017 жылы — 6,8 %, 2018 жылы — 5,8 %-ды жəне 2019 жылы 6,5 %-ды деңгейде болады деп күтіліп отыр (1-сур.).

Тікелей халықаралық инвестициялар қазіргі кезеңде жаһанданып жатқан экономиканың өндірістік негізі халықаралық өндіріс жүйесін, көптеген ұлттық экономикаларды байланыстыру арқылы маңызы артуда. Жалпылай алғанда, инвестиция — экономикалық дамудың тірегі. Сондықтан Үкімет инвестициялық белсенділікті дамыту арқылы экономикалық өсімнің оң қарқынына жету жолдарын барынша назар аударып келеді. Инвестициялар жəне даму министрлігінің мәліметтеріне сəйкес, 2016 жылдың 9 айында Қазақстанға тікелей инвестицияның жалпы ағыны 27,3 %-ға өсіп, 14,5 млрд АҚШ долл. құраған. Бұл 2015 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштерімен салыстырғанда 3 млрд долл. көп (2-сур.). Яғни, дүниежүзілік дағдарысқа қарамастан, Қазақстан соңғы кезде экономиканы инвестициялау жөнінен оң динамика қарқынын ұстап келеді. Айта кетсек, келесі орында Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымы стандарттарына сай инвестициялық климатты дамыту жұмыстарын жалғастырмақ. Айта кетерлігі, былтырғы 2016 жылдың қазанында ЭЫДҰ Инвестиция жөніндегі комитеті Ұйымның кеңесіне Қазақстанды қатысушы ретінде шақыру жайлы шешім қабылдаған болатын. Бұл да қазақстандық дамудың бір мысалы. «Барлық инвесторлар үшін «Бір терезе» қағидасы енгізіліп, онда 300-ден аса мемлекеттік қызметтер көрсетіліп жатыр. Бүгінде бұл үлкен сұранысқа ие екен. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, 5500-ден аса өтініш келген жəне 8000 шақты мемлекеттік қызмет көрсетілген», — дейді инвестициялар жəне даму министрі Жеңіс Қасымбек. Оның айтуына қарасақ, қазіргі кезде инвесторларды қолдайтын автоматтандырылған жүйені дайындау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар алдағы уақытта Инвестициялық омбудсмен институты да қызметке кіріспек. Министрдің сөзінше, Елбасы жүктеген міндеттер аясында инвестиция тарту үшін жұмыстар жоғарғы деңгейде күшейтілуде. Атап айтсақ, басымдыққа ие 10 елде (АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Оңтүстік Корея, Иран, Жапония,

Германия, Франция, Қытай, Үндістан) инвестиция тарту үшін арнайыланған кеңесшілер белгіленген. Сонымен қатар, «Kaznex Invest» АҚ-ның шетелдерде, әсіресе, АҚШ, Германия, Түркия, БАƏ жəне Қытайда 5 аймақтық фронт-офисі ашылған. Ал аймақтық деңгейде облыс әкімдерінің басшылығымен Инвестиция тарту жөніндегі кеңес құрылған. Елбасымыз Жолдау барысында инвестиция тарту жүйесін қайта форматтау үшін бірнеше міндеттер жүктеген. Осы бойынша Инвестициялар жəне даму министрлігі бес басты бағытта айқындалған. «Біріншіден, биыл маусым айының соңына дейін инвестиция тарту бойынша Ұлттық стратегия әзірленеді. Онда инвесторлар тарту үшін перспектива- лы жəне басымдыққа ие салалар анықталады. Инвестиция тартудың механизмі мен инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша кешенді шаралар жетілдіріледі. Бұл жұмысқа біз Дүниежүзілік банк са- рапшыларын шақырдық», — деген министр Жеңіс Қасымбек. Екінші міндет — «Kaznex Invest» АҚ базасында Инвестиция жөніндегі «Kazakh Invest» мамандандырылған ұлттық компаниясын құру қарастырылған. Ұлттық компания Үкіметтің атынан мақсатты түрде трансұлттық компаниялармен мен ірі инвесторлармен келіссөздер жүргізбек. Министрлік қайта ұйымдастыру мен ұлттық компания құрудың барлық үрдістерін ақпан айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Үшінші міндет — инвестиция тарту саласы бойынша мемлекеттік органдардың, әкімдіктердің, ұлттық компаниялардың қызметін үйлестіру үшін министрліктің жұмысы күшейтілмек. Ол инвесторларға ұсынылатын нақты жобалар бойынша бірлескен жұмыстарды қамтиды. Осыған байланысты биыл ақпан айының аяғына дейін тиісті салалар мен аймақтарда қаржыландыруға мұқтаж перспективалы жобалар тізімі əзíрленбек. Ал биылғы мамыр айының соңына дейін аталған жобалар халықаралық стандарттарға сай рəсíмделетíн болады. «Төртіншіден, ірі инвесторлар мен трансұлттық компаниялар тарту бойынша жұмыстарды жалғастырып, Мемлекет басшысының тапсырмасына сəйкес, осы бағыттағы жұмыстар барынша күшейтіледі. Атап айтсақ, Елбасымыздың инвесторлармен жасаған бүкіл келісімдерді бақылап, оларды жүзеге асыру үшін нақты мониторинг жасалады. Сонымен қатар жобалар бойынша жұмыс істейтін мақсатты трансұлттық компаниялар тізімін анықтап, олармен келіссөздер жүргізудің биыл жыл соңына дейінгі кестесі əзíрленедí.

Сондай-ақ Қытай жобалары (51 жоба) бойынша жұмысты күшейту керек. Олардың ішіндегі 6 жоба бойынша биыл құрылыс жұмыстары басталады», — деді министр. Оның сөзіне сенсек, басқа да мемлекеттермен осы сияқты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мысалы, Ресеймен 18 жоба, Иранмен 16 жоба, Франция жəне Жапония елдерімен 8 жоба, Оңтүстік Корея жəне Польша елдерімен 7, Италия жəне АҚШ елдерімен 6 жобадан жасалу үстінде. «Бесінші маңызды мəселе — инвестициялық ахуалды ЭЫДҰ стандарттарына сай дамыту. Бұл жерде мүдделі мемлекеттік органдармен жəне шетелдік бизнес-қауымдастықтармен ЭЫДҰ (АТП, ЕВРОБАК, АКСИИ жəне т.б.), бірге іс- шараларды көбейту керек. Бұдан басқа, біз қазір жекешелендіру бағдарламасын ілгерілету жұмыстарын жүргізіп жатырмыз жəне Арнайы экономикалық аймақ пен Индустриялық аймақтар қызмет тиімділігін одан əрí арттыру бойынша жұмыстар жалғасады», — дейді Инвестиция жəне даму министрі. Негізінде Қазақстан соңғы кезде инвестициялық ахуалды дамыту үшін бірнеше кешенді шараларды атқармақ. Инвестициялық тартымдылықты арттыруға бағытталған «Шетелдік мекемелер – орталық – өңірлер» қағидаты бойынша шетелдік инвесторлармен жұмыс істеудің тікелей шоғырландырылған жүйесі құрылды. Өңірлік деңгейде инвесторларды қолдау үшін Инвесторларға қызмет көрсету орталықтары ашылды. Мемлекеттік органдар мен инвесторлар арасында инвесторлар өз ұсыныстарымен тікелей бөлісе алатын диалогтық алаңдар көбейді. Бұдан басқа 11 млн еуро жəне одан да көп инвестиция бөліп, экономиканың басымдық берілген салаларында жұмыс істейтін инвесторларға жеңілдіктер қарастырылған. Олар корпоративтік жəне табыс салығынан, 10 жылға дейінгі мерзімге жер салығынан, мүлік салығынан сегіз жылға дейін босатылады. Бұдан бөлек, инвесторлар үшін жобаларды жүзеге асыру кезінде жəне оны іске қосқаннан кейінгі бір жыл ішінде қандай да бір квоталарсыз, рұқсаттарсыз шетелдік жұмыс күшін тартуға да болады. Инвестициялық ахуалды дамытудың жəне бір мысалы жеке инвестициялық сот өндірісінің құрылуы. Бұл ретте Жоғарғы Соттың мамандандырылған Сот алқасы мен Жоғарғы Сот жанындағы Халықаралық кеңестің жұмыс істеуі Қазақстандағы инвестициялық ахуалдың дамуына үлкен үлес қосып отыр. Мысалы, Бүкілəлемдік банктің бизнесті жүргізу жəне инвестициялық ахуалды жақсарту рейтингісі бойынша Қазақстан былтырғы жылы 190 елдің арасында 9-шы орынды иеленген. Тура осы жайттар Қазақстанды «инвесторлар үшін жұмақ» алаңына айналдырды десек болады. Айта кетерлік жайт, мұндай жұмақтар көптеген дамыған елдерде баршылық. Тіпті əлем елдеріне даму бойынша барынша үлгі көрсетіп отырған Сингапурдегі макроэкономикалық тұрақтылықтың бір тірегі — халықаралық инвестиция. Елдің іргесі қаланған алғашқы жылдары-ақ Сингапур шетелден инвестиция тартуғабарын салған болатын. Тіпті Сингапурдың негізін қалаған Ли Куан Ю былай деп еске алғаны бар: «Біз барынша инвесторлардың көңілін табуға тырыстық, олардың асты-үстіне түсіп, тіпті табанын жалағандай болдық». Нəтижесíнде Сингапур əлемнщ алдыңғы қатарлы дамыған еліне айналды. Инвестицияға қатысты аса қолайлы жағдайлар мен кеңінен мүмкіндіктер болғандықтан, бүгінде мұнда үш мыңнан аса дүние жүзіне танымал корпорациялардың бөлімшелері жұмыс істейді. Жылына Сингапур экономикасына шет елдерден ¡0 млрд астам долл. инвестиция құйылып отырады. Түйіндейтін болсақ, бүгінде болашағына алаңдаған əр ел өзіне жұмақ жасаумен шұғылданып жатыр. Сол үшін де инвестиция үшін бəсекелестíк арта түседі. Тек белді бекем буынған ғана бұл бəсекеде топ жара алатыны белгілі [5].

Инвестициялық қызмет үшін жағымды жағдайлар қалыптастыру үшін мына мəселелердí қолға алу керек:

  • – салық жүйесін, амортизациялық аударымдарды пайдалану жəне амортизацияны есептеу тетігін жетілдіру;
  • инвестициялық қызмет субъектілеріне арнайы салық тəртíбíн белгілеу;
  • – инвесторлардың мүдделерін қорғау;
  • инвестициялық қызмет субъектілеріне жерді, басқа да табиғи ресурстарды пайдалану жеңілдіктерін беру;
  • инвестициялық қызмет субъектілеріне рейтинг өткізетін жəне рейтингтік бағаларды жариялайтын ақпараттық-сараптама орталықтарын құру жəне дамыту;
  • монополияға қарсы шараларды қабылдау;
  • несиелендіруді жүзеге асыруда кепілдерді қолдану мүмкіндігін кеңейту;
  • инвестициялық қызмет субъектілерінің меншікті инвестициялық қорларды құруына мүмкіндік жасау;
  • инфляция қарқынына байланысты негізгі қорларды қайта бағалауды жүргізу [6].

Келешекте қолайлы инвестициялық белсенділікті күшейту үшін келесі шаралар ұсынылады:

  • шетел фирмаларымен біріккен жобаларды дайындау жəне жүзеге асыруды үйлестіру;
  • дамыған елдер үкіметтерімен мақсатты займдар жəне халықаралық қаржылық ұйымдармен бірге сауда-экономикалық байланыстар бағдарламалары жəне жобалары шеңберінде өндіруші жəне өңдеуші өнеркəсіптің басымдықты салаларына инвестиция тарту бойынша жұмыстарды жалғастыру;
  • негізгі капиталды инвестициялауға бағытталған табыстың бір бөлігін салық салудан босату.

Қазіргі кезде Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларының келуінің жаңа перспективалары ашылып жатыр. Бірінші, ең негізгі шетел капиталын тарту бағыты оның көмегімен Қазақстанның алынбаған ғылыми-техникалық əлеуетíн меңгеру, əсíресе машина жасаудың конверсияланатын кəсíпорындарында. Екінші, Қазақстанның экспорттық потенциалын кеңейту жəне диверсификациялау. Үшінші, импорт алмастырушы өндіріс құру, халық тұтыну тауарларының, азық- түлік тауарларының, дəрí-дəрмектщ, машина жасау өнімдерінің, тағы басқа өндірісін дамыту. Төртінші, транспортпен байланыс, өңдеуші салалар мен инфрақұрылым сфералары. Бесінші, бай табиғи қорлары бар, еңбегі мол аймақтарға (бірінші кезекте оңтүстік, батыс жəне орталық) шетелдік инвестицияның келуіне ықпал ету [7]. Ішкі инвестициялық ресурстар өте тапшы бүгінгі экономикалық жағдайда экономиканы тұрақтандыруға, реформаларды тереңдету жəне құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру шетел капиталын тартпайынша мүмкін емес.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Экономикалық дипломатия [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тәртібі: www.mfa.kz/ekonomikaly-diplomatiya (жүгіну уақыты: 26.0¡.20¡7).
  2. Инвестиция [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тәртібі: http://www.inform.kz/kz/investiciya-ekonomikalyk- turaktylyk-kepili_a3002804 (жүгіну уақыты: 26.0¡.20¡7).
  3. Экономикалық көрсеткіштер [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тәртібі: stat.kz (жүгіну уақыты: 26.01.2017).
  4. Есқалиев М.Д. Қазақстан нарық кеңістігінде / М.Д. Есқалиев. — Алматы, 2000. — ¡45-¡49-б.
  5. Мұсабеков С.М. Экономикалық теория / С.М. Мұсабеков. — Алматы: Юрид. лит., 2015. — 223-231-б.
  6. Жеңісбек А. Əлемдíк қаржылық дағдарыс жаɪдайыɪɪ‚да инвестициялық саясатты жетілдіру бағыттары / А. Жеңісбек. — Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2009. — 84-87-б.
  7. Тастанбекова М.А. Шетел инвестицияларын тарту мɔселелерí жəне оларды шешу жолдары / М.А.Тастанбекова // Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті хабаршысы. Экономика сер. — 2009. — № 3 (21). — 73-78-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.