Қазақстан Республикасының тұрғындарға медициналық көмек көрсету бойынша қазыргі заманғы денсаулық сақтауды уйымдастырудың перспективті бағыттарының бірі – стационар алмастырушы хирургиялық технологиялар (амбулаториялық хирургиялық жәрдем, амбулаториялық хирургия орталықтары, бір күндік стационар және т.б.) дамыту. Амбулаториялық хирургия технологияларды стационардан поликлиникалық жағдайға көшіруді қарастырып, сол арқылы экономикалық жоғарғы шығын болып табылатын кликалық-стацинарлық төсек күнін қысқартатын жаңа форма негізінде дамуда. Жаңа амбулаториялық хирургия орталықтарының технологиялық моделінің схемасы төмендегідей негізгі бағыттарды қарастырады: ұйымдастыру, емдеу, ғылыми және оқыту.
Қазақстан Республикасының тұрғындарға медициналық көмек көрсету бойынша қазыргі заманғы денсаулық сақтауды уйымдастырудың перспективті бағыттарының бірі – стационар алмастырушы хирургиялық технологиялар (амбулаториялық хирургиялық жәрдем, амбулаториялық хирургия орталықтары, бір күндік стационар және т.б.) дамыту. Амбулаториялық хирургия технологияларды стационардан поликлиникалық жағдайға көшіруді қарастырып, сол арқылы экономикалық жоғарғы шығын болып табылатын кликалық-стацинарлық төсек күнін қысқартатын жаңа форма негізінде дамуда. Жаңа амбулаториялық хирургия орталықтарының технологиялық моделінің схемасы төмендегідей негізгі бағыттарды қарастырады: ұйымдастыру, емдеу, ғылыми және оқыту.
Амбулаториялық-поликлиника құрамына стационар алмастырушы технологияларды енгізу жоғарғы медициналық және әлеуметтік-экономикалық ынғайлы нәтиже береді (7,8,17). Мұндай ем әдісінде пациенттің өмір сүру жағдайының әдеттегі деігейі сақталады; медико-әлеуметтік реабилитация жылдамдығы артады. Хирургиялық науқастардың айтарлықтай бөлігі амбулаториялық жағдайда операциялық қызметтің кеңейтілуі есебінен оталана алады (18,19).
Операциядан кейінгі жане ауруханаішілік инфекциялар саны күрт азаяды. Емдеуге жұмсалатын шығын 1,5-4 есеге азаяды. Еңбекке жарамсыздық пен біріншілік мүгедектікке шығу мерзімі қысқарады (1,6,20).
Батыс елдері мен АҚШтың хирургиялық орталықтарын құруда тәжірибелері айтарлықтай үлкен. АҚШта ең бірінші амбулаториялық хирургия орталығы 1969 жылы құрылды (12). Қазір олардың саны 1250 дан асады, амбулаториялық хирургия көлемі 77%-ға артты (15,17). Жылдық үнемдеу 400 млн. АҚШ долларын құрайды (21,22).
Ал көрші Ресейде осыған ұқсас мәліметтер жоқ.
Қаржылық үнемдеу негізінен тура және жанама унемдеуден тұрады (5,7,8).
Тура үнемдеу: 1) повышается оборот койки дневного стационара күндізгі стационардың төсек айналымы артады (тәліктік стационарда бір тосекте бір ғана пациент ем алатын болса, күндізгі стационардың бір тосегінде бір күнде екі-үш пациент ем ала алады); 2) коммуналды қызметтер мен клиникалық бөлімдердегі инфрақұрылым эксплуатациясына жұмсалатын шығындар азаяды амбулаториялық хирургия орталықтарында жумыс уақыты күніне 8-10 сағат (ал стационарларда 24 сағат); 3) тәуліктің түнгі уақытында жұмыс тоқтатылады, сол себептен, түнгі уақыт үшін еңбек ақысының қажеттілігі болмайды(5).
Жанама үнемдеу: 1) госпитальды стационардың қымбат тосек орындары ауыр науқастар үшін босайды; 2) жоспарлы операциялар үшін кезек қысқарады; 3) күндізгі стационарлардакөмек ерте кезеңда көрсетіледі. Бұл аурулардың ауыр формалары дамуы мен олардың асқынуларының алдын алады.
Мысалға Ақтөбе қаласы №1 қалалық поликлиникасында жасалған кіші операциялар талдауын келтіруді жөн көрдік.
№ |
Операции түрі |
2010 |
2011 |
2012 |
1 |
Герниотомия |
16 |
10 |
8 |
2 |
Иваниссевич операциясы |
44 |
120 |
131 |
3 |
Палом операциясы |
5 |
7 |
8 |
4 |
Винкельман операциясы ( гидроцеле) |
9 |
8 |
2 |
5 |
Ен қосалқылар кисталарын кесу |
- |
9 |
4 |
6 |
Бастың, беттің және мойынның тері асты шел майы мен май қабаты қатерсіз ісіктерін жою |
37 |
14 |
29 |
7 |
Құлақ маңы фибромасын жою |
- |
2 |
- |
8 |
Мюллер операциясы (минифлебэктомия) |
- |
9 |
1 |
9 |
Гинекомастияны жою |
- |
2 |
3 |
10 |
Мұрын полипін жою |
- |
3 |
- |
Барлығы |
111 |
184 |
186 |
Әдебиет көздері
- Белевитин А.Б., В.В. Воробьев, А.В. Безуглый и др. Возможности амбулаторной хирургии / // Хирургия. 2010. №3. С. 49-51.
- Воробьев В.В., Перспективы совершенствования специализированной амбулаторной хирургической помощи / В.В. Воробьев, А.В. Безуглый // Амбулаторная хирургия. 2002. №4. С. 8-9.
- Галстян, Г.Р. Организация помощи больным с синдромом диабетической стопы в Российской Федерации / Г.Р. Галстян, И.И. Дедов // Сахарный диабет. 2009. №1(42). С. 4-7.
- Гурьева, И.В. Профилактика, лечение, медико-социальная реабилитация и организация междисциплинарной помощи больным с синдромом диабетической стопы: Дис… докт. мед. наук / И.В. Гурьева; Рос. мед. акад. последипломного образования. Москва, 2001. 278с.
- Карташов, В.Т. Механизм перераспределения ресурсов с госпитального звена на амбулаторное / В.Т. Карташов, В.А. Жуков // Экономика здравоохранения. 2000. №12. С. 25-29.
- Мосиенко Н И, Кутин А. А, Магомадов Р. X., Наумов С С. Медицинская и экономическая эффективность работы центра амбулаторной хирургии / Н.И. Мосиенко, А.А. Кутин, Р.Х. Магомадов, С.С. Наумов // Российский медицинский журнал. 2001. №5. С. 9-11.
- Низамов, Ф.Х. Хирургия поликлинического врача / Ф.Х. Низамов. Тюмень: Изд-во Тюменской гос. мед. акад., 2002. 280с.
- Раннев И.Б., С.С. Наумов, Р.Х. Магомадов, Б.Н. Башанкаев Анализ работы амбулаторных хирургических отделений и перспектива их развития / // Здравоохранение. 2005. №11. С. 36-40.
- Сидорович, И.А. Возможности дневного стационара амбулаторно-поликлинического учреждения в лечении больных хирургического профиля / И.А. Сидорович // Военно-медицинский журнал. 2002. №8. С. 9-11.
- Экономические аспекты сахарного диабета и его осложнений / Н.П. Маколина, И.И. Клефортова, М.Ш. Шамхалова, М.В. Шестакова // Сахарный диабет. 2008. №2. С. 70-76.
- Agbakwuru EA, Faponle AF, Adesunkanmi ARK, Ogundoyin OO. Practice and Acceptance of Day-case Surgery in a Semi-Urban Nigerian hospital / E.A. Agbakwuru, A.F. Faponle, A.R. Adesunkanmi, O.O.Ogundoyin // East Afr. Med. J. 2001. Vol. 78(4). P. 170-173.
- Castoro, C. Ambulatory Surgery: Current Status and Future Trends / C. Castoro // East and Centr. Afr. J. Surg. 2006. Vol. 11(1). P. 67-68.
- Dornette, W.H.L. Planning tomorrow's hospital today / W.H.L. Dornette // J. Amer. Soc. Anaesthesiol. 1968.
- Dunn, D. Pre-operative assessment criteria and patient teaching for ambulatory surgery patients / D. Dunn // Journal of Perianesthesia Nursing. 1998. Vol. 13(5). P. 274-91.
- Jarrett, P.M. The development of ambulatory surgery and future challenges / P.M. Jarrett, A.Staniszewski // International Association for Ambulatory Surgery: Day surgery development and practice. – London, 2006. – P. 89-124.
- Lemos, P. The economic benefits of ambulatory surgery relative to inpatient surgery for laparoscopic tubal ligation / P. Lemos, A. Regalado, D. Marques // Ambul. Surg. – 2003. – Vol. 10. – P. 61–65.
- Mussa, A. The Importance of a Day-Surgery Unit in the Organisation Model of a Specialistic Surgical Division / A. Mussa // International Congress on Ambulatory Surgery. – London, 1997. – P. 1970-1975.
- Noldeke, St. Surgical Efficiency and Economy (SEE) / St. Noldeke // Proceedings of the 3rd World Conference. Kiel, 1997. – P. 190.
- Orkin, F. K. Growth and Location of US Ambulatory Surgery / F.K. Orkin // International Congress on Ambulatory Surgery. – London, 1997. – P. 1980-1995.
- Toftgaard, C. International terminology in ambulatory surgery and its worldwide practice / C. Toftgaard, G. Parmentier // International Association for Ambulatory Surgery: Day surgery development and practice. – London, 2006. – P. 35-60.