Қанайналым жүйесі ауруының мәселесінің өзектілігі бүкіл әлемнің медициналық ғылымында кеңінен талқыланады. ҚЖА өлім-жітімнің төмендеуі бойынша іс шараларды іске асыру, кадрларды дайындау сұрақтары бойынша, ұйымдастыру-әдістемелік практикалық және кеңестік жұмысты облыстық орталықтың телемедициналық байланысын пайдалана отырып, республикалық кәсіптік ұйымдардың кураторлық көмегі белсендірілді.
Қанайналым жүйесі ауруының мәселесінің өзектілігі бүкіл әлемнің медициналық ғылымында кеңінен талқыланады, аурудың жоғарғы көрсеткіштеріне, мүгедектік және халықтың өліміне байланысты медицинаның позициясы осы бағытта белсендіреді.
2006 жылдың ДДҰ-ң деректері бойынша ҚЖА салдарынан халықтың алдын ала өлу көрсеткіші (0-64 жас аралығы) Қазақстанда Еуропа аймақтары елдерінің арасында аумағы бойынша екінші болып табылады, және Батыс Еуропа елдеріндегі орта деңгейден 5-6 есеге жоғары. Ерекше қауіпті еңбекке қабілетті халық арасында ишемиялық аурулар мен артериялық гипертензия кеңінен таралғаны қауіп тудырады, ерте мүгедектік және өмір сүру ұзақтығының төмендеуі.
2011-2015 жылдарға «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты – халықтың жалпы өлім-жітімдігін төмендету жолымен елдің әлеуметтік -демографиялық дамуын нақты қамтамасыз ету үшін ҚР азаматтарының денсаулығын жақсарту, күтілетін өмір сүру ұзақтығын ұлғайту және негізгі әлеуметтік маңызы бар аурулардан ҚР халқының мүгедектігін төмендету.
Қазақстанда халықтың өлім-жітім құрылымында бірінші орында қанайналым жүйесінің аурулары (ҚЖА) тұр – 100 мың халыққа 403,9, бұдан әрі қауіпті жаңа пайда болған аурулар тұр – 109,8, ал үшінші орында жарақаттар, улану және жазатайым болған жағдайлар – 108,7. Халықтың мүгедектігін ұлғайту жағына мықты тенденция байқалды. ҚЖА, жарақат, ас қорыту және дем алу жүйесі ауруларынан өлім -жітім 67,5% құрайды. Қойылған мақсатқа жету үшін түрлі хирургиялық ауруларды және олардың асқынуларын емдеуде дамыған елдердің тәжірибесімен алмасым жасай отырып, медицинаның заманауи жетістіктерін енгізу қажет, хирургиялық инновациялық алаңдар желісінен тұратын көп кәсіпті хирургиялық қызмет және профилактикалық, диагностикалық және емдеу іс шараларын біріктіруді қамтамасыз ететін халыққа хирургиялық көмектің заманауи стандарттарын жасау қажет.
Қазақстан Республикасында өлім -жітім құрылымы әлемдіктен еш айырмашылығы жоқ: өлімнің әлдеқайда маңызды бір себептерінің бірі ол - жүрек ауруы болып табылады.
Жүрек -қан тамыр ауруының негізі себебі, әдетте атеросклероз болып табылады, жылдар бойы бірте-бірте дамитын артериялық қан тамырларының созылмалы ауруы және белгілерінің пайда болу сәтіне әдетте бұрынғы сатыда болады.
Жүрек ауруының негізгі асқынулары – өлім, миокарда инфаркты және инсульт – аяқ астынан болатын аурулар, сондықтан көптеген емдік көмектер көмектеспейді немесе тек шамалы, уақытша әсер береді. Сондықтан ерте анықталған жүрек – қан тамырлар аурулары мен олардың қауіп факторларына профилактикалық тексерістердің (скрининг) әсері тиімді болады.
Қауіп факторын өз уақытылы жою немесе төмендету, сондай-ақ ЖҚА ерте сатысында рационалды емдеу жүрек -қан тамырлары ауруларының және өлім -жітімнің төмендеуін көрсетеді.
Скрининг –зерттеу ауруларды ерте анықтаудың негізгі принциптерінің бірі болып табылады.
Кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті және 2011-2015 жылдарға «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын дамыту бойынша салалық бағдарламаны іске асыру нәтижесі ҚЖА аурушаңдығының өсуінің, оны анықтау мақсатында ерте сатыда профилактикалық скринингтік жолмен халықтың 11 жылға (2000-2012) мақсатты топтары 2 есеге тексерілді және өлім-жітім 50% төмендеді.
Республика бойынша өлім-жітім көрсеткіші 3 жылда - 37%, ал 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда - 18,7% төмендеді.
Қостанай облысында қанайналым жүйесі ауруларынан (ҚЖА) боған өлім-жітім және аурушаңдық жағдайы сұрақтары өзекті мәселе болып табылады. Саланы тұрақты қаржыландыру арқасында жоғарғы технологиялар мен диагностикалаудың жаңа әдістерін енгізу басталды.
Облыс бойынша 2013 жылдың 1 тоқсанның қорытындысы бойынша және өткен жылмен салыстырғанда ҚЖА -356,8 (3142), (258,6(2277)); ЖИА алғашқы ауру -54,1 (367); (67,1 (455)); МЖИ алғашқы ауру -13,4 (91); (9,4(64)); АГ ауруы -186,7 (1644); (112,5(991)); ҚЖА өлім -жітім - 48,7 (429); (46,2(408)); ЖИА -19,8 (174); (20,6 (140)); ГА -1,9 (17); (3,1(27)); мидың қан тамырларының зақымдануы – 12,4 (109); (10,9 (96)).
Қанайналымның жіті бұзылуы (МҚЖБ) бар науқастарға медициналық көмекті жақсарту мақсатында 2011 жылдан бастап заманауи құралмен жабдықталған инсульт орталығы ашылды және МҚЖБ науқастарғаздоровье для всех: хронические заболевания. проблемы. решения жедел көмек көрсету бойынша мультитәртіптік бригада кадрларын дайындау жүргізіледі.
ҚЖА өлім-жітімнің төмендеуі бойынша іс шараларды іске асыру бойынша, кадрларды дайындау сұрақтары бойынша, ұйымдастыру-әдістемелік практикалық және кеңестік жұмысты облыстық орталықтың телемедициналық байланысын пайдалана отырып, республикалық кәсіптік ұйымдардың кураторлық көмегі белсендірілді.
Бекітілген жоспарға сәйкес, барлық ЕАҰ-да ҚЖА бойынша жауаптылар тағайындалды (28 адам). Апта сайын әр сейсенбіде ҚОӘДСБ орынбасарының қатысуымен (селекторлық тәртіпте БМСК барлық ұйымдарымен) ЖКС барлық жағдайларына клиникалық талқылау жүргізіледі, яғни өлім-жітім бойынша және ЖКС бар науқастарға медициналық көмекті тиісті түрде көрсете алмау, телеконференциялар жүргізіледі. Ай сайын әр сенбіде Қостанай қаласының жедел көмек стансасы базасында жедел көмек көрсету стансасының және қала бөлімшелерінің дәрігерінің қатысуымен ЖКС бар науқастарға жедел медициналық көмек көрсету сапасына сараптама бағалау жүргізіледі.
Барлық ЕАҰ-да ЖКС, МҚЖБ ауруы бар науқастардың қозғалу маршруты әзірленді, скрининг өткізу туралы стенд бар.
2012ж. 17.04. №8 Сараптама Кеңесінің Хаттамасымен бекітілген барлық БСМК ұйымдарында ЖКС, МҚЖБ бойынша алгоритмдер бар, оның ішінде жеке мекемелерде оларды оқыту бойынша семинарлар жүргізілді.
Облыста ЖКС бар науқастарға амбулаторлық, стационарлық, госпитальге дейінгі ем көрсету әрекетінің алгоритмдеріне сәйкес, мамандарды одан әрі оқыту жұмысы жалғасып жатыр. Облыстық аурухананың оқу базасында анестезиологтар –реаниматологтар, ЖМКС дәрігерлері, терапевтер, кардиологиялық кәсіптегі дәрігерлер оқытылды. Аудандық және қалалық ЕАҰ-да ҚЖА бойынша жауапты дәрігерлер оқытылды және фельдшерлер аттестаттаудан өткізілді.
БМСК ұйымдарының бекітілген жоспарына сәйкес, облыстық аурухана мамандарымен дистанциондық ЭКГ нәтижелері бойынша кеңес брулер жүргізіледі.
Терапевтік қоғам отырысы өткізіледі, бұнда ЖКС, МҚЖБ бар науқастарға алгоритмдер және миокарданың жіті инфаркты кезінде ЭКГ диагностикалау қарастырылады.
Облыстың ЕАҰ-жанында 154 денсаулық мектебі жасалған және олар жұмыс істейді, оның ішінде АГ және ЖИА мектебі – 13. Бұқаралық ақпарат құралдарында, телеарнада, республикалық және облыстық маңызы бар газеттерде алдын алу жұмыстары жүргізіледі.
Жүрек -қан тамыр аурулары бойынша ақпараттық —білім беру материалдары таратылады. Көрмелер, денсаулық бұрышы ұйымдастырылады.
Облыста аурушаңдықтың көрсеткішін, қанайналым жүйесі ауруларының және мүгедектікті төмендету үшін облыстың денсаулық сақтау мекемелерінің медициналық жұмыскерлерімен өткізілетін диагностикалық, емдік және профилактикалық іс шаралар жолымен, сондай-ақ халықтың өз денсаулығына үлкен жауапкершілікпен қарайтын резервтер бар.
Дегенмен, кардиологиялық қызметті жақсарту мақсатында мамандарды үзбей оқытуды жалғастыру, шебер-кластарын өткізу, материалдық-техникалық жағынан жабдықтау және медициналық ұйымдарды медикаменттермен қамтамасыз ету қажет, жедел көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде ҚЖА емдеу және диагностика алгоритмдерін бұлжытпай сақтау: БМСК ұйымдары, жедел медициналық көмек және стационарлар.
список литературы
- Лисицын Ю.П. — Общественное здоровье и здравоохранение: М.: ГОЭТАР-Медиа.2007 — 512 с.
- Пузин С.Н. М - Медико-социальная экспертиза М.: ООО «Медицинское информационное агентство», 2008 — 408 с.
- “Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған “Саламатты Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасы