ТМД елдері мен Қазақстан үшін бұрынғы денсаулық сақтаудың ерекшелігі - оның монополист ретінде таза бюджетпен қаржыландырылуы болып табылады. Қазіргі таңда мүмкіндігінше, медициналық салаларды жүйелі түрде қаржыландыру, таза бюджетпен қоса, әртүрлі деңгейдегі бюджеттік мекемелердің бюджеттен міндетті медициналық сақтандырудан қаражаттануына ауысуымен сипатталды. Сонымен қатар қаржыландыру көзі бюджеттіктен басқа да қосымша қаржыландырумен де сипатталады, бұл еркімен сақтандыру жəне ақылы қызмет көрсетуден түскен қаражаттармен де қамтамасыз етілу мүмкіндігі.
Басқа дәстүрлі-ақылы қызмет салаларымен /тұрмыстық, коммунальдық/ салыстырғанда денсаулық сақтау мекемелері 90 жылдардың басына дейін, толықтай бюджеттік қаржылануда болды. Жəне бұған дейін, медициналық қызметтің негізгі бөлігіне баға есептеп шығарылмаған.
Жалпы, баға (құны) жөнінде айтатын болсақ, ең маңыздысы, медицинада көмек пен қызмет деген екі түрлі түсінік бар екенін естен шығармауымыз тиіс. Көбіне біз ойлағандай барлық медицина қызметкерлері бұған аса мəн бере бермейді. Дегенмен, біз бұл мəселеге арнайы тоқталуды жөн көрдік.
Медициналық қызмет дегеніміз медициналық іс- ша- ралар немесе бірнеше медициналық іс – шаралар жүйесі. Олар өзбетінше қорытынды мәні бар жəне белгілі бір бағадан (құн) тұратын, әртүрлі ауруларды алдын алуға, диагноздауға, емдеуге немесе қайта жандандыруға бағытталған іс-әрекеттермен сипатталады.
Медициналық қызмет үш түрге бөлінеді:
- қарапайым («науқас + маман = емдеу, диагноздау немесе алдын алудың бір элементі» деген формуладан тұратын бөлінбейтін қызмет. Мысалы, қан қысымын өлшеу.),
- күрделі (емдеу мен диагноздаудың аяқталмаған этапынан тұратын қарапайым медициналық қызметтер жиынтығы. Мысалы, біріншілік дәрігерлік қарау.) жəне
- жүйелі (емдеу мен диагноздаудың аяқталмаған этапынан тұратын қарапайым жəне күрделі медициналық қызметтер жиынтығымен сипатталады. Мысалы, антифосфолипидтік синдром кезіндегі комплексті диагностика).
Медициналық көмек – аурудың дамуы кезінде уақытша сипатталған медициналық көмек пен ұйымдастыру – техникалық іс- шаралар жиынтығы. Мысалы, пневмония кезіндегі стационарлық көмек.
Ал енді тақырыпқа оралатын болсақ, жалпы алғанда, медицина мекемелері үшін бағаны есептеп шығару әдісі мен тәжірбиелері туралы сұрақтарды анағұрлым кеңейтіп қарастыруымыз қажет.
Мысалы, көрші Ресей елінде міндетті медициналық сақтандыру /ММС/ қаражатымен сақтандырылған азамат- тар осы бағдарламамен қарастырылған медициналық жəне дәрі-дәрімектік көмек алуға құқылы. Осы бағдарламаның аясында «жедел жəрдем», емхана мен стационарлық, стоматологиялық емдеу, дәрі-дәрімектермен қамтамасыз ету сияқты қызмет түрлері қаржыландырылады. Денсаулық сақтау мекемелеріне сонымен қатар коммерциялық əрекет яғни, ақылы қызмет көрсетуде рұқсат етілген.
Емхана мен стационарда көрсетілетін қызмет құнын есептеп шығарудың бірнеше тәсілдері бар екенін ескерген жөн.
Сонымен, амбулаторлы-емханалық мекемелер үшін келесі тәсілдер ұсынылады:
жекелеген қарапайым қызметтер үшін /қарау, манипу- ляциялар, медициналық шаралар/;
біріңғай тарифтер жүйесі бойынша баллмен өлшенген жекеленген қызмет үшін;
жүйелі қызмет үшін /емханалық қызмет/;
«адам басына» принципі бойынша /жынысы, жасы т.б параметрлер бойынша ерекшеленген осы мекемеде қызмет көрсетілетін 1 «науқас басына» бойынша/;
ММС жүйесі бойынша амбулаторлы-емханалық қызмет көрсету саласында баға /құнын/ анықтау, мына формулаиен есептеледі:
Б = Е + Д + И + Ш + Х + Қ .
Яғни: Е – емханадағы «1 жағдайда» қызмет көрсетілетін мед.персоналдың еңбек ақысы;
Д - дəр¡-дəр¡мектер бағасы;
И – жұмсақ инвентарьлар шығыны ;
Ш – ƏШБ /АХЧ/ жəне жалпы емханадағы персоналдардың еңбек ақысына кететін шығын;
Х – концелярлық, шаруашылық, іс-сапар т.б шығындар;
Қ – қосымша емдеу-диагностикалық қызмет шығындары.
Бұл формуладағы барлық белгілерді анықтау- емхананың, бір науқасқа қызмет көрсетуге жұмсалған уақыттын ескере отырып, əр бөлімшелер бойынша шығын сметасының статьясы бойынша есептеледі.
Ал, стационарлық қызмет көрсету құны осы схема бойынша төмендегідей негізде есептеледі:
- госпитализациялау жағдайы бойынша /профиль, бөлімше немесе ауру бойынша ажырату/;
- клинико-статистикалық топ /КСТ/ бойынша – екі түрлі көрсеткіштермен /яғни, емдеудің орташа мерзімі мен оған жұмсалған қаражат ауқымы/ сипатталған клиникалық, медико-демографиялық жəне экономикалық парамет- рлер бойынша ұқсас ауруларды госпитализациялау үшін топтастыру;
- медико-экономикалық стандарттар негізінде /емдеу, зерттеу, процедуралар протоколы/.
ММС жүйесінен ақылы медициналық қызмет көрсету құнының айырмашылығы сол, ақылы медициналық қызмет көрсету еркін әрі, емдеу мекемелерінің өздерімен өңделіп бекітіледі. Бұл жағдайда баға /құн/ есептеу мына формула бойынша жүргізіледі.
Б = Е + Ə + Т + Н + Ж + Қ + О.
Яғни: Е – мед.персоналдың орташа еңбек ақысы / қалыпты уақытқа есептелген /;
Ə - əлеуметтı'к қажеттіліктерге кеткен аударымдар;
Т – 1 науқасты зерттегенде жұмсалған материалдарға кеткен
/тура/ шығындар;
Н – негізгі фондтарды амортизациялауға жұмсалған шығындар;
Ж – жанама шығындар көлемі;
Қ – басқа да /қосымша/ шығындар;
О – табыс /олжа/.
Ақылы медициналық қызмет көрсету құны – оның са - палы көрсеткіштеріне байланысты /дəрíгердщ біліктілігі, жабдықтардың сапасы, қызмет көрсету ыңғайы /комфорт/, шығын материалдар сапасы/. Сондықтан, бірдей қызмет үшін де әртүрлі баға тағайындалуы мүмкін.
Əсíресе, бұл стоматологиялық қызмет жағында қатты байқалады. Баға тағайындау жүйесінде нарық құрамы яғни структурасы да есепке алынады – конкуренттер, тұрғындардың пайда көру деңгейлері, мекеменің емдеу стратегиясы мен тактикасы т.б.
Денсаулық сақтау саласында пайда мен тиімділікті максимализациялау үшін экономикалық бағалау жүргізілуі міндетті. Ол, əрекеттердщ альтернативті жолдарын тал- дауды сипаттайды. Біз кез-келген жағдайда, кез-келген уақытта медициналық қызмет көрсете алуымыз үшін таңдау жасауымыз қажет, себебі əлемде медициналық ресурстар əрқашан шектеулі.
Денсаулық сақтау ресурстары- ақшалай сипаттағы адамдар, уақыт, əдíс тəсíлдер, мекеме, құрал-жабдықтар, білім мен қаражат. Денсаулық сақтау саласында қол жеткізген шектеулі ресурстарды белгілі бір мөлшерде қолданады, басқару жəне жоспалау мекемелерінің міндеттері - осы шектелген ресурстарды барынша ұқсатып, тиімді қодану.
Экономикалық баға беруде бағдарламаға (жоспарға) кеткен қаражат (шығын) өзгерістері мен альтернативті емдеу əдīстерīнщ пайдалылығының өзгерістері салыстырылады.
Экономикалық тиімділік деп отырғанымыз:
- құрал-жабдықтарды үнемдеу қажеттілігі
- емнің тиімділігі
- емнің қауіпсіздігі
- пациенттің емнен кейінгі өмір сапасы
- медициналық қызмет көрсетуінің перспективалары
- сақтандырушының перспективалары
- қоғамның пайда үлесі.
Денсаулық сақтау саласындағы жобаларды бағалауда ресурстарды үлестіру үш кезеңге бөлінеді: клиникалық тиімділік, технологиялық-экономикалық тиімділік жəне экономикалық тиімділік. Бұл жерде қорлар (медициналық персонал мен дəрí-дəрмектер), үрдістер /емдеу үрдістері/ жəне қорытындылар /емделіп шығарылған пациент/ арасындағы айырмашылықты аңғара білу маңызды. Клиникалық бағалау ресурстарды соңғы нəтижелерге үлестіру жəне айналдыру үрдістерінің жұмыстарын меңгеруге бағытталған. Ереже бойынша клиникалық бағалау екі жақты түсінік береді: іске асырушы яғни, ем «өте жоғары» лабораторлық жағдайда тестілінеді жəне тиімді ягни, емдеу технологияларын қалыпты жұмыс жағдайында сынап көреді. Тиімділік басқа да факторларға байланы- сты болады. Мысалы, нашар жүргізілген емнен немесе науқастардың дəрíгер ұсынысын дұрыс қадағаламаунан төмен нəтиже беруі мүмкін.
Технологиялық -экономикалық бағалау жүргізгенде белгілі бір ауруды емдеу үшін, бəсекеге қабілетті қандай да бір емдеу əдíсмтерíн қодануға болатыны жөнінде шешім қабылданады. Егер барлық емдеу шараларын нəтижесí бірдей болған жағдайда шыгынды үнемдеу анализі жүргізіліп, ең арзан емдеу əдíстерí таңдалынып алынады. Мысалы, егуді үй жағдайында немесе арнайы орталықтандырылған мекемелерде жүргізілуі туралы .
Ал егер нəтижелерí әртүрлі емдеу тəсíлдерíн алатын болсақ, шығын тиімділігі анализі қолданылады. Мұнда емдеу тиімділігі мен емдеуге жұмсалған қаражат мөлшері де есепке алынады. Мысалы, бүйрек жеткіліксіздігі кезінде қандай ем тиімді, ұзаққа созылған диализ бе, əлде бүйрек трансплантациясы ма?
Экономикалық тиімділік – шектеулі ресурстарды ба- рынша ұтымды қолдану жөнінде шешім қабылдау үшін бірнеше аурулардың емдеу нəтижелерíн салыстырудан тұрады. Мысалы, бүйрек жеткіліксіздігінен зардап шеккен науқастарға қарағанда жатыр қатерлі ісігімен ауыратын науқастарға жəрдем беруде көп қаражат жұмсалады ма? Бұл таңдауда ресурстарды үлестіру – экономикалық тиімлілікпен сипатталған. Егер салыстырылып жатырған екі емдеу əд^терЫщ екеуі де тиімді яғни, науқас өмірлерін сақтау қалатын болса, «шығын тиімділігі» анлизін жасай салу жетіп жатыр. Ал егер емдеу нəтижелерí əр түрлі болса, толығырақ анализдер жүргізуге тура келеді: пайда анализы /анализ выгодности/ немесе шығын пайдасының анализі / анализ полезности затрат/.
Шығынның пайдалылық анализі /анализ выгодности затрат/
Емнің тиімді екендігін дəлелдегеннен кейін, оның шығынын қарастыру қажет. Шығынның пайдалылық анализі дегеніміз – барлық шығын түрлерін /ресурстар мен емдеудің барлық əдíстерí/ ақшалай түрде сипаттау.
Шығынды үнемдеу – емдеу технологияларын немесе үрдістер нəтижелерíн бірдей деп жобалайды. Сондықтан, берілген ауруды емдеудің ең арзан турін таңдайды. Бұл тапсырма бірнеше сатыларға бөлінуі мүмкін:
- іске қосылған /еңгізілген/ шығындарды анықтау;
- курс жүргізгендегі уақыт аралықтарын ескере отырып, əрбíр емдеу əдíстерí үшін барлық маңызды шығындарды үлестіру;
- емдеу үрдісіндегі басқа да íс-əрекеттер.
Қандай шығындарды енгізу керек? Медицинадағы экономикалық анализ кез-келген саладағы перспекпивті шығындардың кең спектрін жобалайды. Бұл тек қана бір ауруханадағы немесе бөлімшедегі медициналық процедуралардың орындалуына кететін шығындар ғана емес барлық денсаулық сақтау жүйесіндегі бағаларды қарастырады /персоналдардың білімін жетілдіру, қолдану, бақылау т.б /.
Шығын мен пайда үш категорияға бөліне алады:
- тікелей - яғни, денсаулық саласымен /дəрíгерлердщ еңбек ақысы/ немесе науқастармен /дəрí-дəрмектердщ құны/ негізделген -емдеу кезіндегі шынайы төлемдер.
- жанама - яғни, тікелей төленбейді бірақ, демалуданбас тарту немесе еңбек ету уақытысын жоғалту сияқты материалды алтернативті шығындар. 3.материалды емес сипаттағы /уайымдау,ауырсыну,қорқыныш, т.б/. [3,45]
Бірінші категориядағы шығынды есептеу оңайырақ себебі, ол еңгізілген ресурстардың /штат,материалдар,журнал- жабдықтар т.б/ нарықтық бағасына негізделеді.
Екінші категориядағы шығын көлеңкелі бағаларды есептейді. Мысалы, егер еңбек ақы жұмыстың сағатына байланысты төленетін болса, жұмыс уақытында жоғалтқан /яғни, бекер кеткен/ сағаттарды есептейді. Бірақ, мұндағы айта кететін жайт, егер еңбек ақы төмен болып, жұмыссыздық бас алып тұрса, əрине ол ауыр жұмыс болғанымен сағаты аз болса да ауысатын адам табылады. Бұл еңбек уақытысындағы ұтыстың бағасын қысқартады.
Үшінші топ, топ арасында анықталатын сезімдер мен таңылымдарды ақшаға шағып санау болатындықтан, ол əлде қайда күрделірек. Бұл жерде «шығынның пайдалылық анализі» қажет. Бұл мəселе басқа да сұрақтарды көтереді. Шығынды анықтау кезінде орташа баға немесе өспелі / көбеймелі/ бағаға мəн беру қажет пе? Орташа баға бар болғаны жалпы шығынның – емделген бірлік санына қатынасын білдіреді. Керісінше, өспелі шығындар барлық шығындарды негізделген /фиксированный/ жəне ауыспа- лы /переменный/ деп екіге бөледі. Негізделген шығындар жұмыс көлеміне байланысты өзгермейді. Мысалы, медициналық құрал-жабдықтар барлық жұмыс көлеміне бірдей, тек оларды жаңа құрал-жабдықтарды сатып алумен ғана алмастырасын. Ал, ауыспалы шығын жұмыс көлеміне байланысты /дəрİ-дəрмектер/ болады.
Еңбек ақыны жартылай ауыспалы шығындарға жатқызады. Теория жүзінде ол жұмыс көлеміне байланы- сты, ал тәжірбиеде жұмыс көлемінің деңгейін жинақтап- азайтып өзгерту қиын. Егер қызмет көлемін қысқарту немесе ұлғайту сияқты өзгерістер қолданылатын болса, шығындар өспелі болып саналады. Ал, негізделген шығындар барлық шығындардың көп бөлігін қамтитын болса, онда өспелі шығындар /икемді шығындар/ сәйкесінше аз болады.
Шығындарды үлестіру. Шығындар екі түрге бөлінеді: ағымды шығындар /үнемі болып тұратын шығындар/ жəне капиталды шығындар /сирек жұмсалатын шығындар/. Капиталды шығындар қымбат медициналық жабдықтар, құрылыс материалдарына жұмсалады. Ағымдағы шығындар штат, күнделікті пайданылатын материал- дар, ғимараттар мен медициналық құралдардың жұмыс қабілетін қалыпқа келтіру үшін жұмсалады.
Біз бұл мақалада «медицинадағы баға белгілеу» жəне осы баға белгілеудегі экономикалық тиімділіктер жайында қысқаша шолу жасадық.
Əрине, бұндай жұмыстар әлі де терең меңгеру, зерттеу жұмыстарын қажет етеді. Дегенмен, қандайда медико-экономикалық зерттеулерге жүгінер алдында осы тақырыптың маңызды, әрі басты қағидаларын білген абзал.
Қолданылған əдебиеттер тізімі:
- Кадыров Ф.Н. Ценообразование медицинских и сервисных услуг учреждений здравоохранения.- М.: Гранть,2001.
- Кузьменко М.М., Баранов В.В. Финансовый менеджмент в здравоохранения России . – М.: Медицина,1995.
- Шипова В.М., Лебедева Н.Н. Стоимостные оценки медицинских услуг. (Методика расчета).-М.:Гранть,2000.
- Лебедева И.В., Екимов А.К., Шурабура И.Д. Анализ ценообразования в системе ОМС и платных услуг. // Экономика здравоохранения,2000.-№4/44.
- С.А. Мартынчик, О.М. Хромченко. Роль цены в управлении процессом предоставления медицинских услуг в условиях инфляции. // Здравоохранение № 2, 1999,с.25-37.
- Шейман И.М. Реформа управления и финансирования здравоохранения.- М.: Издатцентр.-1998.
- Кадыров Ф . Н . Экономическая служба лечебнопрофилактических учреждений. М.: Гранть,2000.
- Усатаев М.М. Методические подходы к расчету стоимости медицинских услуг.// Проблемы социальной медицины и управления здравоохранением , 1997.- № 5.
- Ким С.В. Подходы к определению стоимости медицинской помощи.// Проблемы социальной медицины и управления здравоохранением, 2000.- №15.
- Кокотов Д.В . «Понятие о сущности лечебнопрофилактического учреждения в современных условиях» - журнал « Экономика Здравоохранения » № 4, 1997.
- Шамшурина Н.Г. «Ценообразование и прибыль» - журнал «Здравоохранение» №1, 1998.
- Герасименко В.В. Эффективное ценообразование: рыночные ориентиры. – М.: Международный центр финансовоэкономического развития, 1997.
- Чубаков Г.Н. Стратегия ценообразования в маркетинговой практике предприятия. – М.:ИНФА-М, 1996.
- Малахова Н.Г. Маркетинг медицинских услуг. – М.: Книжный мир, 1998.