Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан қоғамында мемлекеттік қызметтің дамуына талдау

Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы Жарлығында Н.Ә. Назарбаев жүйені реформалаудың негізгі қағидаттарын белгілеп берді. Мемлекеттік органдар құрылымын жетілдіру барысында Үкімет кейбір аралық буындарды алып тастау арқылы биліктің барлық деңгейіндегі лауазымдық сатыларды қысқартуы тиіс. Басқару шешімдерін қабылдаған кезде мемлекеттік органдар жұмысының кешенділігі қамтамасыз етілгені жөн. Мемлекет басшысы Парламентте сөйлеген Әкімшілік реформа мәселелеріне қатысты сөзінде:

«Мемлекеттік басқаруды жаңарту, саяси реформаларды жүргізу біздің қоғамымыздың топтасуына, Қазақстанның әлемдік қауымдастық алдындағы беделі мен абыройын өсіре түсуге жәрдемдесетіні сөзсіз» деген болатын. Елбасының осы айтқаны мемлекеттік қызметшілердің саяси беделінің артуы үшін негіз болып табылады [1]. 2015 жылдың барысында мемлекеттік қызмет мәселелерінің бірнеше бағыт бойынша жоспарлы және жүйелі жұмыс жүргізілді.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының аясында кәсіби мемлекеттік аппарат құрастыру бойынша бірінші институционалдық реформаны жүзеге асыру – модернизация жөніндегі ұлттық комиссияның отырыстарында мақұлданған Ұлт жоспарының алғашқы 15 қадамын енгізу ойынша жаңа әдістер әз ерленді.

Бірінші институционалдық реформаның құқықтық негізін қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» жаңа заң және оған ілеспе заң әзірленді.

Жаңа заңды әзірлеуге ғалымдар, соның ішінде Назарбаев Университетінің Мемлекеттік саясаттың жоғары мектебінің, сондай-ақ әлемнің рейтингтік университеттері – Сингапурдың ұлттық университеті (СҰУ) және АҚШ Корнель университетінің профессорлары қатысты. Ол үшін Мемлекеттік басқарудың Азиялық ассоциациясының төрағасы Пан Сук Ким, СҰУ Мемлекеттік саясат жоғары мектебінің деканы Кишор Махбубани, СҰУ жетекші профессорлары Эдуардо Арарал, Дональд Лоу және т.б. жұмыс кездесілері ұйымдастырылды.

«А» және «Б» корпустарының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервін құру және мониторинг жүргізу «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне талдау жасайтын болсақ, 2013 жылдан бастап «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне жалпы 1254 адам қабылданды, соның ішінде 2013 жылы – 940, 2014 жылы – 149, 2015 жылы – 115 адам.

Үш жыл ішінде резервке қабылданған барлық резервисттерді есепке алғанда, резервте 191 адам бар, олардың 158 – мемлекеттік қызметшілер, 31 – мемлекеттік қызметші болып табылмайды, 2 – жұмыссыз.

Гендерлік тұрғыдан резервисттердің жалпы санынан: ерлер – 166 адам (87%), әйелдер – 25 адам (13%).

Бүгінге «А» корпусының 513 лауазымының 12 бос болып табылады, оның 4 орталық атқарушы органдарға жатады.

«Б» корпусының кадр резерві институты таратылады.

2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін мұндай резервке алынған тұлғалар резервте болудың бір жылдық мерзімі аяқталғанға дейін «Б» корпусының лауазымдарына конкурс өткізбей тағайындала алады. Бұл ретте мұндай азаматтар оларды қай мемлекеттік органның ұсынысы бойынша резервке алғанына тәуелсіз, тиісті санатқа сәйкес кезкелген мемлекеттік органдағы лауазымға орналаса алады.

  1. Ауысу тәртібімен әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді тағайындауды келісу ағымдағы жылдың 19 желтоқсанындағы жағдайға сәйкес ауысу тәртібімен әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді тағайындауды келісу үшін 1951 мемлекеттік қызметшіге өтініш келіп түсті, соның ішінде: 1776 келісім берілді, соның ішінде жоғары тұрған лауазымға – 1226, тең – 526, төмен тұрған – 124, ал 175 үміткерге келісім берілмеді.
  2. Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді тестілеуді ұйымдастыру жыл басынан бері тестілеуге 5579 адам қатысты, олардың ішінде: 18447 адам (33,1 %) шекті мәннен өтті; 37199 адам (66,7%) шекті мәннен өтпеді; 144 (0,2%) тестілеу рәсімін бұзғаны үшін тоқтатылды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің мәліметтеріне сәйкес 2015 жылдың мәліметтеріне сүйенсек, республикада мемлекеттік лауазымдардың штаттық бірлігі 98 886 құрады, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 1047 бірлікке артқанын 10 суреттен байқаймыз. Аталған мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызмет кадрларының мониторингіне талдау жасайтын болсақ, жалпы әкімшілік бірлік («А» корпусы мен «Б» корпусы) 98464 бірлікті құрайды. Орталық мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметшілерге келетін болсақ, орталық аппараттарда 9713 адам, 317 саяси, 197 «А» корпусын, 9199 «Б» корпусын және 43085 мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің «Б» корпусындағы бірліктер құрайды. Яғни мұны 2013 жылдың көрсеткіштерімен салыстыратын болсақ, саяси қызметшілер 122 бірлікке, «А» корпусы 342 бірлікке, мемлекеттік органдардың территориалды бөлімдерінде 1402 бірлікке азайған [2].

Сурет 1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметкерлер саны мен құрамы

2015 жылы мемлекеттік қызметшілер саны 98886 блоса, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің 55 пайызы әйелдер, 45 пайызы ер адамдар болып келгенін 1 суреттен көре аламыз. Бұл көрсеткіштен көріп отырғанымыздай айтарлықтай айырмашылық жоқ. Әйел адамдар мемлекеттік қызметте ер адамдармен салыстырғанда үлесі жоғары.

Мемлекеттік қызметшілердің орта жасы 38,9 жасты құрап отыр, бұл ретте мемлекеттік саяси қызметшілердің орта жасы 48,3 жасты, ал «А» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің орта жасы 46,6 жасты, «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің орта жасы 38,9 жасты құрайды. Мемлекеттік қызметке конкурс бір орынға 5,22 адам құрады [3].

Мемлекеттік қызметшілерді жас топтары бойынша бөлу:

29 жасқа дейін – 21401 (25,7%);

  • 30-дан 39 жасқа дейін – 26045 (31%);
  • 40-тан 49 жасқа дейін – 19358 (21,4%);
  • 50 жастан асқан – 20083 адам

(21,8%) (Сурет 2).

Жоғарыда көрсетілген мәліметтер қазақстандық мемлекеттік қызметтің жоғары әлеуетінің көрсеткішінің көрінісі, әсіресе, мемлекеттік қызметке қазіргі заманауи білімі бар, патриот жастардың келуі қуантарлық.

50

 
 
     
     
             
         

40

30

20

10

0

29 жасқа дейін

30-дан 39

жасқа дейін

40-тан 49

жасқа дейін

мемлекеттік қызметшілер

50 жастан асқандар

Сурет 2. Мемлекеттік қызметшілерді жас топтары бойынша бөлу

Мемлекеттік қызметшілердің көп мөлшерін экономикалық (28938), заңдық (15170), техникалық 8088) және педагогикалық (6667) мамандықтар құрап отыр, яғни мемлекеттік қызметшілердің жартысынан көбі 67,7% құрайды.

Мемлекеттік қызметшілердің ауысуы (тұрақтамауы) 11 259 адамды немесе мемлекеттік қызметшілердің нақты санының 12,34%-ын құрайды. Мемлекеттік қызметтен кету 4 478 адамды немесе мемлекеттік қызметшілердің нақты санының 5,17 %-ын құрайды. Мемлекеттік қызметке кіру бойынша мемлекеттік қызметке кіру бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға конкурстық іріктеу арқылы және кадр резервінен жүзеге асырылады. Республика бойынша барлығы 2 967 бос мемлекеттік әкімшілік лауазым жарияланды, оларға орналасуға 14

467 адам үміткер болды. Конкурстардың нәтижелері бойынша 2 453 адам мемлекеттік лауазымдарға тағайындалды. Бір бос лауазымға конкурс бір орынға 4,88 адамды құрады. Кадр резервінен 1 233 адам тағайындалды. Мемлекеттік қызметке барлығы 3 686 адам кірді. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді ауысу тәртібімен тағайындалуға келісім беруде агенттікке және оның аумақтақтық бөлімшелеріне ауысу тәртібімен тағайындауға келісім беру үшін 11 367 мемлекеттік қызметшінің құжаттары келіп

түсті, оның ішінде: 365 кандидатура бойынша келісім беруден бас тартылды; 11 002-не келісім берілді; оның ішінде жоғары тұрған лауазымға – 4 564; тең деңгейдегі лауазымға – 4 974; төмен тұрған лауазымға

  • 1 464. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруда қысқа мерзімді семинарлардың басты мақсаты мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелер бойынша теориялық және практикалық құзыреттігін жаңарту болып табылады. Оқыту түрі – ұзақтығы 40 академиялық сағатқа дейін қысқа мерзімді мамандандырылған семинарлар. Бағдарламалардың негізгі бағыттары: мемлекеттік және жергілікті басқару, қаржы және экономика, менеджмент, мемлекеттік тілде іс жүргізу, қазіргі ақпараттық технологиялар, әлеуметтік-саяси бағыт, құқықтық бағыт.

Мемлекеттік қызметтің орташа еңбек өтілі 10,2 жыл, бұл жерде саяси мемлекеттік қызметкерлердің орташа өтілі 12,4 жыл, ал әкімшілік қызметкердікі – 10,1 жылды құрады. 6959 (8%) мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік қызмет өтілі – 1 жылға дейін, 19760 (22,7%) – 1-5 жыл, 23623

(27,2%) – 5 10 жыл, 15013 (17,3%) – 10 -

15 жыл, 9148 (10,5%) – 15-20 жыл, 12384

адам (14,3%) – 20 жылдан жоғары болып табылатынын 3 суреттен көре аламыз.

30,00%

27,2%

20,00%

22,7%

14,3 %

10,00%

8%

10,5%

0,00%

17,3%

 

1 жылға дейін

1-5 жыл

5-10 жыл

10-15 жыл

15-20 жыл

20 жылдан

еңбек өтілі

8,00%

22,70%

27,20%

17,30%

10,50%

14,30%

Сурет 3. Мемлекеттік қызметтің орташа еңбек өтілі

Орталық атқарушы органдардың штат санының төмендеуі, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың штат санының көбеюі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 29 сәуірдегі № 411 «Министрліктердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың штат саны лимиттерінің кейбір мәселелері және кейбір мемлекеттік мекемелерді тарату туралы» қаулысына сәйкес орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының штат санына лимитіне енгізілген өзгерістерге байланысты болды. Жалпы республика бойынша нақты саны 86734 мемлекеттік лауазым орналастырылған, бұл жалпы штат санының 88,6% құрайды, оның ішінде 439 саяси мемлекеттік лауазымдарынан 431 (98,2%) ауыстырылды, 97400 әкімшілік лауазымдарынан – 86303 (88,6%) орналастырылған. «А» корпусының 539 әкімшілік лауазымынан 522 немесе 96,8% және «Б» корпусының 96861 лауазымынан 85781 немесе 88,6% ауыстырылды. Бекітілген ережелерге сай, «А» корпусына кадрлық резерв іріктеу жұмысы құжаттарды тексеруді, арнайы тестілеуден өткізуді, Ұлттық комиссияда әңгімелесуді қарастырады.

Конкурстық іріктеуді лауазымға тағайындау құқығы бар тұлға (министр, әкім) тек Ұлттық комиссия қалыптастырған «А» корпусының кадрлық резерві есебінен ғана жүргізеді. Алдағы алты айдың ішінде Ұлттық комиссия «А» корпусы резервіне іріктеу өткізеді.

«А» корпусы – стратегиялық шешімдер қабылдау мен оларды орындау арасындағы өзара байланысты, сондай-ақ мемлекеттік органның кадр саясаты мен ұзақ мерзімді міндеттерін іске асырудағы сабақтастықты қамтамасыз ететін мемлекеттік қызметтің басқарушы буыны.

Бүгінгі таңдағы мемлекеттік қызмет жүйесіне енгізілген реформа, әсіресе, «А» басқарушы корпусы, ұлтқа, қоғамға қызмет етуді насихаттайды. Мемлекеттік қызметтің транспаренттігін, халық алдында есеп беруін, сапалы қызмет көрсетуін талап ететін түбегейлі өзгерістер бұл салада кәсіби деңгей, адалдық пен ар-намысты жоғары қоятын қызметшілердің қатарын көбейтуге бағытталып отыр.

А – авангард, Б – база, яғни «А» корпусы алдыңғы қатардағы, саяси тағайындалатындармен тікелей жұмыс істейтін, оларға еліміздің қаржы және адами ресурстарының көлемі мен сапасын ескере отырып, шешім қабылдау үшін кеңес және сараптамалық пікір беретін мемлекеттік қызметшілер болса, «Б» корпусы сол шешімдерді жүзеге асыратын, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсететін негізгі мемлекеттік қызметшілер болып табылады. Сонымен қатар саяси тағайындалатындар ауысқан кезде «А» басқарушы корпус қызметшілері мемлекеттік органдағы тұрақтылық пен үздіксіз жұмысты қамтамасыз етуге тиіс. Ашық іріктеу – халықтың сенімін арттырды және мемлекеттік қызметті жаңартты.

Біздің қоғам өтпелі кезеңді өткеріп, мемлекет болып қалыптасты. Мемлекет тұрақты даму үшін, заң үстемдігі орнауы керек, ол үшін заңды қолданатын мемлекеттік қызметкерлер оны білуге тиіс.

Мемлекеттік қызметшілерге білім беру стратегиясы – кәсіби мемлекетті қалыптастырудағы маңызды бөлік болып табылады [2].

Көп жағдайда бұл фактордан басқару тиімділігі, билік мәртебесі, жалпы қоғамның мемлекетке сенімі тәуелді. Сондықтан да стратегиялық басымдықпен кәсіби мемлекеттік құру қаралып, Елбасымен Қазақстандық мемлекеттік қызметтің заман талабына сай корпусын құруға бағытталған, ел ықыласына тиімді басқару шешімін жүзеге асыратын мемлекеттік қызмет істері министрлігі құрылды. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 128 Жарлығымен құрылды.

Министрлік мемлекеттік қызмет саласында басшылықты, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау мен бақылауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу мен тергеу бойынша салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің 2014–2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары 3 стратегиялық бағыттан тұрады:

1-стратегиялық бағыт. Кәсіби мемлекеттік қызмет жүйесін қалыптастыру;

2-стратегиялық бағыт. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру;

3-стратегиялық бағыт. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл.

1 кәсіби мемлекеттік қызмет жүйесін қалыптастыру:

1.1) мемлекеттік қызмет жүйесін дамытудың негізгі параметрлері.

«Қазақстан–2050» Стратегиясында халыққа және мемлекетке қызмет ету барлығынан жоғары тұратын кәсіби мемлекеттік аппаратты құру қажеттігі белгіленген. Осы қағидатты іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 119 Жарлығымен бекітілген Тұжырымдамаға негізделген қазақстандық мемлекеттік қызметтің жаңа моделі 2013 жылдан бастап заңнамалық деңгейде жұмыс істей бастады.

2013 жылдың 26 наурызында «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдағы мемлекеттік қызметтің жаңа моделін жүзеге асыруға қатысты өзгерістер қолданысқа енгізілді. Мемлекеттік басшысының мемлекеттік қызмет саласындағы 18 жарлығы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, 17 нормативтік құқықтық актілер қабылданды.

Жаңа модельде мемлекеттік әкімшілік қызмет құрылымында мемлекеттік саяси қызметшілер қалыптастыратын саясатты іске асыруды және стратегиялық шешімдер қабылдау мен оларды орындау арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін «А» басқарушылық корпусы құрылды.

Сондай-ақ мемлекеттік орган жұмысындағы сабақтастықты сақтау мақсатында «А» корпусының қызметшілері мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының лауазымында (оның қатарына орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары және облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың әкімдері жатқызылды) болу кезеңіне қарамастан тағайындалатын мерзім белгіленді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметтің «Б» атқарушылық корпусына атқарушы лауазымдардағы мемлекеттік қызметшілер («А» корпусына жатпайтын лауазымдар) енгізілді. «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілерінің негізгі міндеті «А» басқарушылық корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің талаптарына сәйкес мемлекеттік саясатты іске асыру (атқарушылық қызмет) болады.

Мемлекеттік қызметке кандидаттарды іріктеудің ашықтығын арттыруға бағытталған процестер жетілдірілді және оның институттары заңды түрде енгізілді.

Мемлекеттік қызметке кандидаттарды тестілеуді ұйымдастыруға қатысты тәсілдер өзгертілді. Оның ішінде тестілеу мемлекеттік органдардағы конкурстарға байланыссыз, азаматтардың өтініші бойынша кез келген уақытта өткізіледі. «Электрондық үкімет» интернет-порталын қолдану арқылы тестілеу қызметтерінің қолжетімділігі артты. Азаматтарға бір жыл ішінде конкурстық іріктеуге қатысу құқығын беретін сертификат беріледі.

Тестілеу рәсімін мемлекеттік органда конкурс өткізуден бөлу арқылы оның ұзақтығын үш-төрт есе – 30-40 күннен 10-15 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Тестілеу рәсімін техникалық қорғау жүйесі күшейтілді, оның тестілеу бағдарламасы қиындатылды. Мемлекеттік органдардың конкурстық рәсімдерді өткізу уақыты 3 есеге қысқарды.

Сондай-ақ мемлекеттік қызмет жүйесінің динамикалығы мен оның тұрақтылығы арасындағы баланс айқындалды және заң жүзінде бекітілді.

Осы бағытта, мемлекеттік органның бірінші басшысы ауысқан кездегі «командалық орын ауысулар» деп аталатындар үшін заңнамалық деңгейдегі конкурстардың рөлі артты және ауысу тәртібімен тағайындаулар үлесі барынша қысқарды. Жаңа модель ашық бәсекелестік пен іріктеудің айқындығы қағидаттары негізінде мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасу мүмкіндігін айтарлықтай күшейтті.

Нәтижесінде, егер 2013 жылы 30 мың тағайындаудың 70%-дан астамы ауысу тәртібімен жүзеге асырылса, 2014 жылы ауысу тәртібімен тағайындаулар 25%-дан аз, 2015 жылы – 29% болды.

Мемлекеттік қызметтен тыс кадрлардың келуі ұлғайды: конкурс қорытындысы бойынша лауазымдарға тағайындалған, мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын тұлғалар үлесі екі есеге артты.

Мемлекеттік қызметшілерді оқыту жөніндегі тәсілдер жетілдірілді. Мемлекеттік қызметшілерді оқыту Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында, сондай-ақ өңірлік қайта даярлау және біліктілікті арттыру орталықтарында жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның жанындағы оқытуды жүйелік басқаруды қамтамасыз ету үшін Үйлестіру кеңесі, ал Академия жанынан – Ғылымиәдістемелік кеңес құрылды. Бұдан өзге, «А» және «Б» корпустарын оқыту процестерін қалыпастытуға қатысты тәсілдер сараланды.

Сонымен бірге халықаралық сарапшылардың оң бағасын алған, мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру бағытындағы айтарлықтай ілгерілеуге қарамастан, жаңа модельді практикалық бейімдеу барысында оның мынадай әлсіз жақтары да белгілі болды:

  1. енгізілген модель мемлекеттік қызметшілер арасындағы жеткілікті жоғары ауысушылық (мемлекеттік қызмет жүйесінен кету) мәселесін шешпеді. Егер 2013 жылы бұл көрсеткіш 11%-ды құраса, 2014 жылы ол 12,3%-ға дейін өсті, 2015 жылы 11,3%-ды құрады;
  2. мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін бағалаудың нәтижеге бағдарлануы жеткіліксіз болды және материалдық (монетарлық) ынталандыру жүйесімен өзара байланысы болмады;
  3. тәлімгерлік және жас мамандарды бейімдеу институты қажетті деңгейде дамымады;
  4. модель «Б» корпусы қызметшілерінің басшылық құрамына қатысты қажетті ротацияны өткізуге мүмкіндік бермеді, бұл олардың қосымша кәсіби дағдыларды игеруін шектеді;
  5. мемлекеттік қызметке іріктеу жүйесі тиімді жұмыс үшін талап етілетін белгілі бір білік дағдыларды қосымша ескермей, кандидаттардың білімін айқындауға бағдарланды;
  6. «Әлеуметтік лифт» жүйесі мемлекеттік аппараттың тез «жаңаруына» жәрдемдескеніне қарамастан, алғаш рет тағайындалған кейбір басшылардың мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жұмыс тәжірибесінің жеткіліксіз болуы тиісті түрде ойластырылмаған басқарушылық шешімдердің қабылдану қаупін ұлғайтты.

Аталған кемшіліктерге талдау жүргізілді және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде елдің 30 дамыған мемлекеттер қатарына енуі және жаһандық тегеурінді талаптарға қазақстандық жауап ретінде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы жаңарту барысында ескерілді.

Бес институционалдық реформаның ішінде маңыздылығы бойынша бірінші – экономикалық реформаларды сапалы іске асыруды және мемлекеттік қызметтер ұсынуды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы, кәсіби және дербес мемлекеттік аппаратты құруға бағытталған реформа айқындалды.

Сонымен бірге 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап құқық қорғау қызметіне алғаш кіретін азаматтар Министрлікте олардың жеке қасиеттерін бағалауды қоса алғанда, тестілеуден өтуі жаңашылдық болып табылады.

Конкурстан сәтті өткендер үшін тәлімгерлерді бекіте отырып, 3 айдан 6 айға дейін сынақ мерзімі (3+3 формуласы бойынша үш айдан соң сынақтан өтетін адамның сәйкестігін тексеру) белгіленді. Қызметші сынақтан өтпеген жағдайда Министрлікпен келісе отырып жұмыстан босатылуға жатады.

Мемлекеттік қызметшілердің мансаптық жоғарылауы тек конкурстық негізде ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте, біліктіліктен өзге, төменгі лауазымдардағы жұмыс өтілі талап етіледі.

2016 жылдан бастап нәтижелер бойынша еңбекке ақы төлеу енгізілді, бұл тең еңбек үшін тең төлемақы қағидатын қамтамасыз етеді. Бонустарды төлеу тек нәтижелі қызметшілерге жүргізілетін болады.

Қызметтік этиканы сақтау бойынша мемлекеттік қызметшілерге қойылатын негізгі құраушы талаптар белгіленді. Этикалық мінез-құлық өлшемдері мемлекеттік қызметшілердің жаңа Әдеп кодексінде бекітілді. Бұл мәселелерді үйлестіру әдеп жөніндегі уәкілге жүктелді.

Аттестаттауға қатысты тәсілдер қайта қаралды, оған сәйкес аттестаттау тәртібін, мерзімдерін және аттестаттауға жататын қызметшілерді Мемлекет басшысы айқындайды.

Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңнаманың қолданысқа енгізілуіне байланысты «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заң негізінде 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап оның қолданылу практикасын толыққанды талдау 2016 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша мүмкін болады. Бұл ретте, заңнаманың қолданылуы бойынша бұрын жүргізілген талдау нәтижелері, мемлекеттік қызмет туралы заңнама айтарлықтай түзетілгендіктен, жарамсыз болып табылады.

2-стратегиялық бағыт. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру:

2.1) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласын дамытудың негізгі параметрлері.

«Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясына сәйкес Мемлекет басшысы мемлекеттік органдардың халықпен өзара қарым-қатынасында бір жақты билік тәсілдерінен азаматтарға тиімді мемлекеттік қызмет көрсетуге көшу міндетін қойды.

Бұл ретте барлық мемлекеттік органдардың қызметінің өзегі азаматтардың әлауқаты деңгейін арттыруға, мемлекеттік қызметтердің ашықтығын күшейтуге, олардың адамдар мен бизнестің қажеттілігі және мүдделеріне «жауап беруіне» бағдарлануы тиіс.

Мемлекеттік басқару жүйесін ауқымды жаңғырту нәтижесінде мемлекеттік қызметтер ұсыну саласында түбегейлі өзгерістер болды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен мемлекеттік қызметтің 739 түрін қамтитын мемлекеттік қызметтер тізілімі бекітілді. Мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтер ұсынуы бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес жүзеге асырылады.

2015 жылы 150 млн. мемлекеттік қызметтер ұсынылды, 2014 жылға қарағанда, 10,9 млн. және 2013 жылға қарағанда 55,8 млн. мемлекеттік қызметке көп.

Оның ішінде, орталық мемлекеттік органдар – 55,4 млн. (2014 жылы –55,3 млн., 2013 жылы – 28,2 млн.), жергілікті атқарушы органдар – 94,6 млн. (2014 жылы – 3,8 млн., 2013 жылы – 66 млн.).

Мемлекеттік қызметтердің көп бөлігі 104,6 млн. (70%), бұрынғысынша дәстүрлі тәсілмен мемлекеттік органдарда және олардың ведомствоға қарасты ұйымдарында тікелей көрсетіледі. Әрбір бесінші қызмет электрондық форматта – 31,6 млн. (21,1%) көрсетіледі. ХҚКО арқылы тек 9,2%, немесе 13,8 млн. қызметтер.

2014 жылдан бастап жыл сайын Қазақстанда мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізіледі. Мониторингтің мақсаты – азаматтардың қанағаттану дәрежесін және мемлекеттік қызметтердің қол жетімдігін анықтау болып табылады.

2015 жылы мониторинг мемлекеттік қызметтің 39 түрін қамтыды, бұл 2014 жылға қарағанда 15,4%-ға көп. Қазақстанның 16 өңірінде, қалалық (облыстық, аудандық маңызы бар қалалар), сондай-ақ ауылдық жерлерде (аудан орталықтары) социологиялық сауалнама жүргізілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жалпы қанағаттанушылық алты көрсеткіш бойынша айқындалды: мемлекеттік қызметтердің қол жетімділігі, қызмет көрсету сапасы, рәсімдер (қағаз құжаттарын алу кезінде), ақпарат, мемлекеттік қызметтер нәтижесі, электрондық нысанның бағасы (электрондық түрде алуға болатын мемлекеттік қызметтер бағаланды). Орташа алғанда, көрсетілетін қызметтерді алушылардың мемлекеттік қызметтер сапасына қанағаттанушылығы 2015 жылдың қорытындысы бойынша 79%-ды құрады.

Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесіне сәйкес Министрлік «Мемлекеттік қызметтер көрсету» бағыты бойынша мемлекеттік органдарды бағалауды жүзеге асырады. Аталған бағыт шеңберінде мемлекеттік қызметтер саласындағы мәселелерді айқындау бойынша бағалау және мемлекеттік органадардың ішкі процестерін ұйымдастыру әдістері көзделді.

Бағалау мемлекеттік органдарды мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыруды және автоматтандырууды өткізуге, оларды уақытылы және сапалы ұсыну үшін ішкі тәртіпті көтеруіне ынталандырады.

Осылайша, бағалау жылдары 2011 жылдан бастап мемлекеттік органдардың орташа тиімділігі 12,3 баллға көтерілді, сонымен бірге 2014 жылы бұл көрсеткіш 100 ықтимал баллдың 53,9 баллын құрады (5,7 баллға жақсару).

Сондай-ақ мемлекеттік органдарға келіп түскен мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты негізделген арыз-шағымдар санының төмендеуі бойынша оң өзгеріс байқалады, 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы 8,7%-ға төмендеді (115-тен 105ке дейін).

3-стратегиялық бағыт. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі параметрлері.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №986 Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бекітілді. Мемлекеттің жаңа бағдарламалық құжаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стратегиясынайқындайды, оның негізгі рөлі – сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күресуді емес, оның көрініс табуының алғышарттарын жою арқылы сыбайлас жемқорлық деңгейін түпкілікті деңгейде қысқартуға қабілетті, превентивтік сипаттағы кешендік іс-шараларды құру болып табылатын.

Осыған орай, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың қызметіндегі жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңінен білім беру, халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейінің қалыптастыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған іс-шаралар негізгі болып танылды.

Мемлекеттік органдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қатерлердің талдауы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға мүмкіндік беретін себептер мен жағдайларды жою бойынша ұсыныстарды орындау мониторингі жүйелі түрде жүргізіледі.

2015 жылы сыбайлас жемқорлық қатерлерін талдау Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, ауыл шаруашылығы, мәдениет және спорт, білім және ғылым министрліктерінде, Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінде жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық қатерлерін жою бойынша нақты ұсыныстар берілді .

Министрлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие беру бойынша білім беру бағдарламаларын, ақпараттық және түсіндірме қызметін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындауын жүзеге асыруда әдістемелік көмек көрсетеді. Осылайша, 2016 жылы әлеуметтік тапсырыс аясында «Азаматтық бақылау» (азаматтарды халықтық қабылдау пункттері) пилоттық жобасын іске асыру жоспарланған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жетілдіру мақсатында Мемлекет басшысының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы Жарлығымен Министрліктің құрылымынд.а Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл ұлттық бюросы құрылды, оның негізгі функциялары сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, бұлтартпау, ашу және тергеу болып табылады.

2015 жылдың қорытындысы бойынша 1 963 сыбайлас жемқорлық қылмыс тіркелді (2014 жылы 1 708, 2013 жылы 1 847). Ауыр және өте ауырларға – 752 қылмыс жатқызылды, бұл жалпы тіркелген саннан 38% құрды (2014 жылы – 759 немесе 46%, 2013 жылы – 768 немесе 42%). Іс жүргізуде болған сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы 2 359 қылмыстық істердің 53% немесе 1 247 іс сотқа жіберілді (2014 жылы – іс жүргізуде болған сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы 2 174 қылмыстық

істердің 74,4% немесе 1 617 іс сотқа жіберілді, 2013 жылы – іс жүргізуде болған сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы 2 133 қылмыстық істердің 61% немесе 1 304 іс сотқа жіберілді) [2,4].

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат негізінен бір жолғы акциялармен және науқандармен, бұқаралық ақпарат құралдарындағы шаблон түріндегі сөздермен шектеледі, интернет-кеңістік жеткіліксіз пайдаланылады.

Іс жүзіндегі ақпараттық өріс сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруда қоғамды шоғырландыруға әрдайым ықпал ете бермейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін жетілдіру үшін 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияда жаңа әдістер енгізілген ескеру керек, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын жою.

Сонымен қатар, 2010-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасының басымдықтарын ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттің қылмыстық-құқықтық жүйесін жетілдіру керек.

Бұл ретте, бұндай іс-шаралар жазалау мақсаттарын ғана емес, сонымен бірге азаматтарды, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді заңға бағынушылық мінез-құлқына ынталандыруды және олардың кез келген сыбайлас жемқорлық көріністерін тұрақты түрде қабылдамауын қалыптастырудынегізге алуы тиіс. Сондықтан мемлекеттік аппараттың және ең алдымен Министрліктің жұмысында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға аса көңілбөлінуде, бұл ретте қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары, әдеттегідей превентивті тетіктердің әлеуеті таусылғаннан кейін қолданылуы тиіс.

ҚР-да мемлекеттік қызмет үлгісінің қалыптасуын талдау мен жүргізген сараптама, мемлекетте оның тиімділігін арттыру бойынша жүзеге асыруға болатын мәселер:

  • реформаларды жүргізу бойынша ортақ дұрыс әрекеттер терімі жоқ, тек, жағдай мен нақты мәселелерге байланысты қолданыла алатын, кейбір идеялар, қағидалар, құралдар мен үрдістер бар. Сондықтан, трансформация стратегиясын, мазмұнын, басқару стилі мен тактикасын Қазақстан қоғамының саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және ұлттық дәстүрлеріне бейімдендіру қажет;
  • қысқа және ұзақ мерзімге қойылатын мақсаттар, мәселелер мен қадамдар, сонымен қатар олардың тиімділігі бойынша жүйелі, ашық және қолайлы ақпараттандыру және кәсіби әкімдік бағдарламасын іс жүзінде барлық өңірлерге енгізу;
  • азаматтық қоғам мүдделерін қорғайтын және мемлекеттік мәселелерді шешуді қамтамасыз ететін, жоғары кәсібилік мамандар ретінде, мемлекеттік қызметтің имиджін арттыру;
  • қоғам мемлекеттік қызмет жұмысының нәтижелігін бағалай алатын және сәйкесінше олардың тиімділігін ынталандыратын, көрсеткіштерді жасау;
  • мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және құзыретті корпусын қалыптастыру;
  • ауысу институтын жақсарту;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру.

Осылайша, ҚР-да саяси конъюктурадан тәуелсіз, кәсіби, тұрақты мемлекеттік қызмет институты қалыптасуының саясиқұқықтық негіздері салынды деп қорытындылауға болады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. ҚР Президентінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы Жарлығы // 13.01.2007.№273.adilet. zan. kz
  2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің 2014–2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары / Ресми интернет ресурс: ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі. http: // kyzmet.gov.kz/kk.
  3. www.stat. kz
  4. Иватова Л.М. Совершенствование механизма формирования кадрового резерва государственной службы и методов работы с ним.Астана, 2012.С. 20-21.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.