Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Пенитенциарлық жүйедегі кешкі мектептерде цифрлық білім беру ресурстарын қолдану мүмкіндіктері

Қоғамды ақпараттандыру, есептеу техникасының құралдары мен ақпараттық технологияларды адам өмірі мен қызметінің барлық салаларына кең түрде енгізуді алға қояды. Ол қоғамның барлық құрылымдарын өзгертеді және білім беру жүйесіне үлкен ықпал етеді.

Оқу үрдісіне компьютерлік технологияларды қолдану проблемасының көпжақты мәселе екені белгілі. Сондықтан педагогикалық әдебиеттерде келесі бағыттар қарастырылады: біріншісі – информатика курсындағы компьютерлік технологиялардың әдістері мен құралдарын оқып үйрену, екіншісі –компьютерлерді әр түрлі пәндерді оқыту үрдісінде қолдану.

Екінші бағыт аясындағы компьютерлерді оқушыларды әр қилы оқыту, тәрбиелеу және дамыту мәселелеріне қолдану қазақстандық (Б. Баймұханов, Г.Қ. Нұрғалиева, Е.Ы. Бидайбеков, Ж.А. Қараев, Е.Ө. Медеуов, С.Е. Чакликова, Д.М. Джусубалиева, А.К. Қозыбай және т.б.) авторлардың көптеген зерттеулерінде негізделген.

Қазіргі кезде компьютерлік оқыту құралдарын мектеп оқушыларын пәндерді оқытуға тиімді түрде қолданудың әдістемесі мен мүмкіндіктерін ашып көрсетуге арналған бірқатар зерттеу жұмыстары орындалуда.

Республикамыздың кейбір жоғары оқу орындарында оқытушыны білім беруді ақпараттандыру жағдайында дайындау туралы ғылыми зерттеулер жүргізілуде, атап айтқанда, Абай атындағы КазҰПУ-де «Информатика мен есептеу техникасын мектепте және педагогикалық жоғары оқу орнында енгізудің негізгі бағыттарын әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету мен мазмұнын жасау» атты тақырыпта, ал І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-да «Компьютерлік техниканы оқыту үрдісінде пайдаланудың дидактикалық негіздері» деген тақырыпта ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Бұл зерттеулер компьютерлік технологияны қолданып оқытудың көрнекілігін арттыруға, оқу әрекеттерін даярлау арқылы олардың белсенділігін арттыру мәселелеріне қатысты проблемаларды шешуге жағдай жасайды.

Қазіргі кезде көптеген мектептерде қазақ тілі және қазақ әдебиетін оқытудың сапасын арттыруда компьютерлік технологияны қолданудың қажеттігі мен оның жеткілікті дәрежеде шешімін таппай отырғандығы, компьютерлік оқыту бағдарламаларын жасаудың ғылыми негізінің анық талмауының және олардың әдістемелік жағынан қамтамасыз етілмеуі арасында қарамақайшылық туындап отыр. Осы қарамақайшылықты жою жобаның көкейкестілігін анықтайды.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, жобамның проблемасы былай анықталды: орта мектептің сыныптарында қазақ тілі және қазақ әдебиетін оқыту барысында компьютерлік технологияны қолдануды теориялық жағынан негіздеп, оның әдістемесін жасаудың жолдарын анықтау.

2011-2020 жылдарында Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыты болып электрондық оқыту қабылданған. Оқып үйренетін пән бойынша білім мен біліктілікті меңгеруде электрондық оқыту есебінен танымдық іс-әрекеттегі дәстүрлі оқу үрдісінде, сондай-ақ ақпараттық қоғамда тұлғаның толық құнды өмірі мен іс-әрекетіне қажетті ақпараттық мәдениеттің бөлігі болып саналатын ақпараттық өзара әрекеттің нақты тұрмыстық міндеттерін, тәсілдерін шешу үшін әмбебап ақпаратты іздестіру, сұрыптау, талдау және алынған ақпаратты пайдалану мен ұсынуда өзгерістер болады. Электрондық оқыту жүйесін (е-learning) құру жеткілікті түрде өзекті міндет болып саналады. Жүйенің мақсаты – жаппай сапалы білім беруге бағытталған жақсы білімдік ресурстар мен технологияларға білімдік процестің барлық қатысушыларының тең қатынас құруын қамтамасыз ету. Цифрлық білімдік ресурстарды педагогтар сабақ жүргізу үшін де, оқушылар оны өз беттерімен сабаққа дайындалу үшін және анықтамалық материалдар ретінде де пайдаланыла бастады (күндізгі мектептерде). Цифрлық білім ресурстары оқытушыларға оқытудың әр турлы мақсаттары үшін оқу материалын қалыптастыруға мүмкіндік беруге бастады. Жалпы орта білім беру мекемелеріндегі электрондық оқыту жүйесі үшін цифрлық білім ресурстарын дайындау стандарты мен ережелері құрылды.

Цифрлық білім беру кешендерінің мазмұны:

  • Ақпарат алу блогы: ғылыми мақалалар, мәтіндер, оқулықтағы мәтіндерден үзінді, иллюстрациялар, анимациялар және тағы да басқа мультимедиалық құрылымдар, мультимедиалық презентациялар.
  • Виртуалды галерея: видеофрагменттер, анимация, шынайы и иллюстрациялы суреттер, дыбыстық объектілері.
  • Виртуалды зертханалар: интерактивті модельдер, интерактивті анимациялар, виртуалды зертхана;
  • Анықтамалық материалдар: графиктер и диаграммалар, ғалымдардың өмір деректері, аннотациялы Интернет–сілтемелер.
  • Терминдер, анықтамалар сөздігі.
  • Аттестация: зерттеу жұмыстарына арналған сұрақтар мен тапсырмалар, есептеулер.
  •  

Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндерінен цифрлық білім ресурстарын дайындау барысында сәйкес стандартар мен ережелер толық қамтылған. Әрбір тақырыптың интерактивті тапсырмаларының берілуі былай көрсетіледі:

1 сурет. ЦБР түрі

Берілген суретте тапсырма нөмірі, ЦБР нөмірі, тақырыбы, қысқаша сөйлемдер, сұрақ және сол сұраққа жауап беретін тірек сөздер көрсетілген.

2 сурет. Тапсырма нөмірі, ЦБР нөмірі

Келесі суретте тапсырма нөмірі, ЦБР нөмірі, тапсырма нұсқалары және осы нұсқаларды өз ойыңыз арқылы жеткізу жолы көрсетілген.

3 сурет. Тапсырма нұсқалары

Цифрлық білім ресурстарын дайындаудың негізі видео-мультимедиалық түсіндіруге сүйенеді. Кез келген тапсырма диалог ретінде көрсетіледі.

4 сурет. видео-мультимедиалық түсіндіру

Осы қағидаларды толық қолдана отырып жасалған цифрлық білім беру ресурстарына мысал:

  1. 9 сыныпқа арналып: Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық әдеби тілі. Қазақ тілінің қоғамдық мәні. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі қызметі, қолданылатын орындары және тағы басқа 46 тақырып;

  1. сурет. ЦБР №954
  2. 10 сыныпқа арналып: Cөз мәдениеті. Тіл – рухани қазына. Сөз – адам болмысының айнасы, өмірлік әрекетінің негізгі құралы. Адам өміріндегі сөз мәдениетінің рөлі. Сөз мәдениеті пәніне қатысты ұғым-

дар. Тіл – жалпы адамзаттық құндылық. Тіл – этностың рухани мәдениетін жасаудың, дүниені тануының, өзін-өзі сақтауының құралы және тағы басқа 115 тақырып;

  1. сурет. ЦБР №4853
  2. 11 сыныпқа арналып: Сөз мәдениеті және шешендік өнер. Шешендік өнердің тарихы. Шешендіктің өнер, ғылым ретінде дамуының бастаулары.

Шешендік – жалпы адамзаттық құн-

дылық. Ежелгі Греция мен Ежелгі Римдегі шешендік тану арналары. Ежелгі Греция – шешендік танудың отаны. Шешендіктің дамуының алғы шарттары тағы басқа 102 тақырыптары бойынша жасалған.

  1. сурет. Мультимедиа

Цифрлық білім беру ресурстарын сабақтың барлық кезеңдерінде қолдануға болады: өткен тақырыптағы білімді еске түсіру, оқушылардың білім, білік, дағдыны есепке алу және бағалау, үй тапсырмасын тексеру.

ЦБР – оқу процесін ұйымдастыруда көмекші құрал.

  • Әртүрлі сандық объектілерді пайдалана отырып, сабақты құрастыру және модельдеу.
  • ЦБР кешендерінен қажетті ақпаратты тез іздестіріп табу.
  • Бақылау және өздік жұмыстарды дайындау;
  • Шығармашылық тапсырмалар құрастыру.

ЦБР-ның сабақты өткізудегі тиімділігі:

  • Сабақ барысында дайындалған цифрлік объектілерді мультимедиялық проектор арқылы демонстрациялау;
  • Білімді тексеруде компьютерлік тестілерді қолдану;
  • Сабақ үстіндегі оқушылардың ЦБР арқылы жеке зерттеушілік және шығармашылық жұмыстары.

ЦБР – оқушылардың үй тапсырмасын орындаудағы тиімділігі.

  • Үй тапсырмасын орындаудың және оған жауап берудің жаңа формасы арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады. Қабілеті төмен оқушылардың сабаққа қызығушылығы жоғарыласа, қабілетті, дарынды оқушылардың оқытудың зерттеушілік ізденушілік деңгейі көтеріледі.
  • Кез – келген уақытта оқушылар өздерінің білімдерін автоматты түрде тексере алады. Сонымен қатар, оқушы өз біліміне автоматты бақылау құрылғы жақсы, өте жақсы бағаларын қойса, қызығушылығы одан әрі жоғарылайды.
  • Баяндама, ғылыми жоба, конференция, презентациялар дайындауда пәндік объектілердің үлкен жинағы болып табылады. Оқушы сабаққа, сыныптан тыс жұмыстарға қажетті қызықты мәліметтер мен деректер жинақтай алады.
  • Энциклопедиялық бағыттағы сұрақтарға жауап ала алады.
  • Мультимедиялық анықтамалық – сөздіктерді, анықтауыш – атластарды пайдаланып, зерттеу жұмыстарын жүргізуге, оқушылардың шығармашылық потенциалын арттыруға мүмкіндік береді.
  • Оқушының өз мүмкіндігі мен материалды меңгеру мен қабылдау ерекшелігін
  • ескере отырып, жаңа білімді оқып-үйренеді.
  • Оқушыларды қазіргі ақпараттық – технологиялармен жұмыс жасай білуге үйрету.

Оқу процесі барысында цифрлік білім ресурстарының көптеген түрлері қолданылады: анимациялар, интерактивті суреттер мен схемалар, интерактивті тапсырмалар. Сабақ кезеңдерінде олардың әрқайсысын жан-жақты пайдалану қажет. Цифрлық білім беру ресурстары табиғи объектілері мен көрнекі құралдарды толықтырып отырады. Бұл кезде мұғалімнің оқыту барысында белгілі бір жағдайға бейімдеуге, оқушылардың дайындық деңгейін ескеріп, оқушылардың жеке шығармашылық потенциалын ашуға мүмкіндіктері мол.

Интерактивті суреттер – интерактивті модельдердің қарапайым түрі. Ол суреттер екі режимде жұмыс жасайды. Бірінші режим – демонстрациялық, екіншісі – тестілік. Демонстрациялық режимде суреттермен жұмыс жасаған кезде үш опциямен басқарылады: «Көмек»«Көрсету»«Жасыру».

«Көмек» опциясында оқушы суреттің белгілі бір бөлігін ғана көре алады. Мұғалім оқушылардың назарын биологиялық объекті құрылысының қажетті бөлігіне аударып, жаңа материалды түсіндіреді немесе оқулықпен өз бетінше жұмыс жасайды, тақырып бойынша білімді тексеруге арналған тапсырмаларды орындайды. Оқушы нақты объект бойынша белгілі бір сұраққа жүйелі жауап бере алады. Сонымен қатар, суреттердің үстіне курсорды апарған кезде, экраннан әрбір құрылымның қысқаша сипаттамасы көрінеді. Интерактивті суреттер арқылы сыныптағы барлық оқушылармен фронтальды жұмыстар, компьютерде оқушының жеке жұмыстары ұйымдастырылады.

«Көрсету» опциясын басқанда сурет толық беріледі. Мұны жаңа сабақты қорытындылау мен бекітуде, зертханалық жұмыс жасағанда қолдануға болады.

«Жасыру» опциясында суреттің сипаттамасы жасырын тұрады, жаңа сабақ бойынша сурет арқылы биологиялық объектілердің құрылысын түсіндіруге, оқушының білімін тексеруге мүмкіндік береді.

Тестілік режимнің тиімділігі – оқу материалын бекітуде, оқушы суретке берілген сипаттамалардың ішінен дұрыс жауапты таңдауы тиіс. Тапсырма орындалған соң, автоматты түрде тапсырманың жауабы тексеріледі. Оқушы білімін сыныпта, үйде дербес компьютерде интерактивті суреттермен жұмыс жасай отырып, тексере алады.

Цифрлық білім беру ресурстарының қорынан барлық салалар бойынша flash – анимацияларды табуға болады.

Flash-анимациялар – оқытылатын тақырыпқа байланысты берілетін ұғымдар мен түсініктерді қозғалмалы суреттер, сызбалар, жазбалар мен диктордың оқыған мәтіні арқылы берілетін оқу роликтері. Flashанимациялар арқылы ақпарат белгілі бір көлемде және мұқият ойластырылған дикторлық мәтінмен беріледі. Анимацияларды қараудың ұзақтығы – 30 секундтан 20 минутқа дейін.

Сабақты компьютерлік сыныпта өткізген кезде оқушыларға әртүрлі күрделіліктегі тапсырмаларды орындатуға болады: құбылыстар мен процестерді сипаттау, анимациядағы сұрақтарға жауап беру, анимацияларға сүйене отырып, тірек – конспектілер мен сұрақтар дайындау. Қазіргі кездегі сабақтардың көрнекі құралдарына оқу видеофильмдері ерекше орын алады. Видеофильмдер көрсетілмес бұрын оқушыларға сұрақтар қойылады, оқушылар ол сұрақтарға видеофильмді көріп болған соң жауап береді. Бұл оқушылар бойында алдына мақсат қойып, сабақтың тақырыбына деген оқушылардың қызығуын туғызады. Видеофильмдердің дауысын басып қойып, оқушылар жүріп жатқан көріністерге өздігінен комментарий жасайды.

Оқыту барысында қолданылатын әдістемелерді дұрыс таңдап, оқыту үрдісі мақсаттары мен талаптарына сай жетілдіріп, қарқындылығын арттыра түсу қажет. Ақпараттандырған оқыту барысында сандық оқыту құжаттары, компьютерге арналған ойындар, мерзімді электрондық құралдар, оқу құралдары мен оқу порталдарын құрастыру көзделуі керек. Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы

азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу. Тәуелсіз еліміздің болашағы болып табылатын жас ұрпаққа сапалы білім беріп, жеке тұлға етіп қалыптастыруда электрондық оқыту жүйесі мен оның берер мүмкіншілігі мол болары сөзсіз.

Қазіргі заманғы озық технологияларды құрастыру және пайдалану негізінде

Ұлттық ақпараттандыру орталығында (ҰАО) орта мектепте оқытылатын пәндер бойынша Қазақстан республикасының жалпыға ортақ білім беретін және жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына сай электрондық оқулықтар дайындалып, қолданысқа беріліп отыр.

Осы тақырып бойынша менің ізденіс жұмысымды 3 кезеңге бөлуге болады

Бірінші кезең (2010 – 2012 ж.ж.) қойылған проблемаларға байланысты психологиялық педагогикалық, әдістемелік әдебиеттер зерделеніп, оларға талдау жасалды және 9-11 сыныптарда қазақ тілі және қазақ әдебиетін оқыту үрдісінде компьютерлік технологияны іс жүзінде қолдану тәжірибелері зерттелді. Қазақ тілі және қазақ әдебиетін оқыту сапасын арттыруда цифрлық білім беру ресурстарының мүмкіндіктері және оны қолдану кезеңдері анықталды.

Екінші кезең (2013 2014 ж.ж.) қазақ тілі және қазақ әдебиетін оқытуда компьютердің атқаратын рөлі мен қызметі анықталды және компьютерді тиімді пайдалану арқылы меңгерілетін оқу материалдарының ішкі байланысы айқындалды. Іздеу эксперименті жүргізілді.

8-ші суретте «Усть-Каменогорск» газетінің №7 номерінде цифрлік білім беру ресурстарын біздің мектепте ЦБР-дің авторларының бірі Испаев Т.Т. бастауымен Қазақстанда алғаш болып қолданыла бастағаны туралы жазылған болатын.

  1. сурет

Үшінші кезең (2015-2017 ж.ж.) мектепте қазақ тілі және қазақ әдебиетін компьютермен оқытуда цифрлық білім беру ресурстарын қолдануды жалғастыру, ЦБРді қолдануды мектеп тәжірибесіне енгізу.

Мектеп бойынша қазақ тілі және қазақ әдебиетін оқыту үрдісінде компьютерлік технологияны қолданудың дидактикалық аспектілері айқындалды.

  1. Зерттеу барысында компьютердің барлық мүмкіндіктерін қолдануға болатындығы дәлелденді.
  2. Материалды оқып-үйренудегі компьютердің артықшылықтары оның келесі мүмкіндіктеріне байланысты. Олар: ақпараттың көрнекі түрде бейнеленуі; иллюстрациялардың динамикалық сипаттамасы; іс-әрекеттің бірнеше рет қайталануы және басқарылуы; оқытудағы жеке – дара тәсілдің жүзеге асуы; оқытудың репродуктивті ғана емес, проблемалық және т.б. әдістерін қолдану.
  3. 9-12 сыныптарда қазақ тілі және қазақ әдебиетін оқытуда компьютерлік технологияны қолданудың әдістемесі жасалды және оның тиімділігі тәжірибелік – эксперимент арқылы тексерілді. Нәтижесінде, компьютерлік технологияны қолданудың әдістемесі оқушылардың танымдық іс-әрекетінің 10-13%-ға артқандығын көрсетті.

«№3 кешкі мектебі» КММ қазақ тілі және қазақ әдебиетін оқытуда цифрлық білім беру ресурстарын қолданудағы оқу сапасының салыстырмалы кестесі

Зерттеу жұмысының нәтижелері кешкі мектептің қазақ тілі және қазақ әдебиеті курсын оқытуда компьютерлік технологияны қолдану оқушылардың білімге деген ынтасының артқандығын дәлелдеді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Баймұханов Б. Использование персональных компьютеров при обучении учащихся //«Қазақстан және ТМД елдеріндегі білім беруді ақпараттандыру» ІV Халықаралық форум. – РБАО, Алматы, 2006.– Б. 281-283.
  2. Шәклікова С.Е. Қазақ тілінде білім беретін мектептерде оқыту мазмұны мен әдістерін жетілдіру. Жалпы орта білім беруді жүзеге асырудың теориялық және тәжірибелі педагогикалық жағдайлары. – Астана, 2012.
  3. Ұлттық ақпараттандыру орталығының материалдары: «Болашақ мұғалімдердің зерттеу қызметіне ақпараттық технологиялардың ықпалы» (Р.Ч. Бектұрғанова), «Ақпараттандыру жағдайында студенттердің кәсіптік бағыттылығы мен құндылық бағдарын қалыптастыру» (С.С. Тауланов, Г.Б. Ахметова, Е.В. Артықбаева); «Электронды оқұлықтарды құрастырудың педагогикалық принциптері» (Тәжіғұлова Ә.І.), «Ақпараттықоқыту ортаны, кәсіби-бағдарлау және ақпараттық-аналитикалық жүйені жасау әдістемесі» (А.Ж. Арыстанова, А.А. Бейсенбаева, О.З. Иманғожина, А.Т. Шәклікова), «Қашықтан оқыту формасының тұжырымдамасы» (Түсібаева Ж.М.); «Білім беруді ақпараттандыру жағдайында студенттердің кәсіби дайындығының түрлі аспектілері» (Тусельбаева Ж.А., Сагимбаева Д.Е., Нурманалиева У.Т., Бактыбаев Ж.Ш.) және т.б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.