Студент тек толығынан беріліп еңбектеніп қоймай, оқу әрекетін іске асыруда өзінің даралық мәнін түсінеді. Оқытушы мен студенттің бірлесе жұмыс істеуі студенттің білім деңгейінің жоғарылап, дара тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік берері сөзсіз. Студент пен оқытушының ынтымақтастықта жұмыс істеуі негізінде кері байланыс орнап, белгілі бір оқу әрекеті белсенді түрде орындалып, орындалған әрекеттер бақылау мен өзіндік бақылау арқылы бекітіледі.
Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында субъект-субъект қатынасы жүзеге асып, оқытушы мен студент арасындағы кері байланыс күшейе түседі. Оқытудың репродуктивті сипаты қарқынды, шығармашыл сипатқа ие болады.
Мазмұндық компонент педагогиканы тереңдетіп оқытуда өзіндік жұмысты ұйымдастыру мазмұнын анықтайды. Студенттердің кредиттік оқыту жүйесі жағдайында өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың әдістемелік жүйесін құру үлгінің негізгі мақсаты болады. Мазмұндық компонент өзіндік жұмыс негізінде студенттің дара тұлға ретінде өсуіне мүмкіндік береді. Студенттерге педагогикадан терең білім беру процесін нәтижелі ұйымдастыру пәннің әдістемелік қамтылуын қандай дәрежеде әзірлегенге байланысты болады. Пәннің әдістемелік қамтылуына оқу бағдарламасын, оқу жұмыс бағдарламасын, студенттің оқу-әдістемелік кешенін құру жатады. Аталған оқу-әдістемелік кешендер Қазақстан Республикасы білім беру стандартына, Қазақстан Республикасы жоғары білімін дамыту бағдарламасына, типтік бағдарламаға сүйеніп құрылады. Мазмұндық компонент пәнді оқыту құралдары толық болып, оқытудың ұтымды әдіс-тәсілдері қолданылуын керек етеді. Студенттерді әр түрлі оқыту формаларын (дәріс, семинар, зертханалық жұмыс, сарамандақ сабақ), СӨЖ және СОӨЖ-ын дұрыс ұйымдастырудың да маңыздылығы кем емес.
Мазмұндық компонентте ең алдымен студенттердің өзіндік жұмысының жоспары құрылып, орындалу кестесі іске қосылады. Өзіндік жұмыс кестесі студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен силабуста беріледі. Өзіндік жұмыс жоспары мен кестесі оқытушы тарапынан өткізілетін кеңестер кестесімен толықтырылады. Студенттің қолында осындай оқу-әдістемелік кешеннің болуы студенттің өзіндік ұйымдасуын тездетіп, уақытын үнемді пайдалануына жағдай туғызады.
Процессуальды әрекеттік компонент оқытушының оқыту іс-әрекеті мен студенттің танымдық әрекетінің бірлесуінен тұрады. Оқытушының педагогикалық іс-әрекеті жоғары оқу орнының педагогикалық процесінде оқытуға, студенттің дара тұлға ретінде қалыптасуына, шығармашылықпен дамуына тиімді жағдай туғызуға бағытталады. Педагогикалық әрекеттің негізгі функциялары:
- оқытушылық, білім беру мазмұнын жүзеге асыруда көрінеді;
- тәрбиешілік, жалпы адамзаттық және кәсіби мәдениетті таратушы ретінде;
- ұйымдастырушылық, оқу – танымдық процесті ұйымдастырып, жобалап, жоғары білім беру мақсаты мен мазмұнына сәйкес оқытудың әдіс, құрал және формасын таңдаушы ретінде;
- зерттеушілік, кәсіби іс-әрекеті мәселесінің теориялық және іс жүзіндегі мәселелерін зерттеуші, оларды шешудің тиімді жолдарын іздестіруші ретінде көрінеді.
Оқытушы мен студенттің іс-әрекеті оқу жұмысының әр түрін іске асыруға бағытталады. Жоғары оқу орындарында оқу жұмысын ұйымдастыру формаларына дәріс, сарамандық сабақ, зертханалық жұмыс, семинар, студенттің оқытушы қатысында өтетін өзіндік жұмысы жатады. Оларды дәрісханалық, дәрісханадан тыс деп жіктейміз. Сонымен бірге кез келген оқыту формасында өзіндік жұмыс түрін ұйымдастыру кредиттік оқыту жүйесінің негізгі құрам бөліктерінің бірі болып есептеледі.
Дұрыс құрылған дәріс сабағы басынан аяғына дейін студенттің белсенді ширыққан еңбегін қажет етеді. Дәріс сабақтарының деңгейі оқыту жүйесінің барлық дерлік ұйымдастыру әдістері мен формаларының тиімділігін анықтайды. Оқытушы студентті дәріс үстінде жұмыс істеу ерекшелігімен таныстыруға міндетті, студент негізгі ойды түйіндеп, қысқаша, рет-ретімен жазуға, материалды өңдеп, толықтыруға үйренеді.
Сарамандық сабақтар. Өзіндік жұмыстың сарамандық сабақта ұйымдастырылуы дәріспен байланысты және сарамандық икемділіктерді толықтыруы керек. Олар оқытушы мен студенттердің бірлескен әрекеті арқылы іске асырылады. Мұнда студенттің дербестік деңгейі жоғары болғандықтан, оның үлесіне тиетін жұмыс көлемі айтарлықтай деңгейде болады.
Студенттердің сарамандық сабақ үстінде өзіндік жұмыс орындауын келесідей нақты мысалмен көрсетуге болады. Бірінші курста студенттер «Атом құрылысы. Атом ядросы протонды-нейтронды жүйе. Радиоактивтілік» тақырыбын өтеді. Осы тақырып көлемінде студенттер келесідей өзіндік тапсырмаларды орындайды:
- атом деген түсініктің анықтамасы, мәні, мектеп бағдарламасы бойынша атом құрылымы студенттерге өзіндік жұмыс ретінде беріледі;
- изотоптар, изобарлар, изохорлар туралы түсінікті өз беттерімен талдау;
- мектеп бағдарламасы бойынша физика курсында өткен сутек атомының спектрін естеріне түсіріп, түсіндіре білу;
- атомның Томсон, Резерфорд моделі бойынша тақырыпты өз беттерімен оқып, алгоритмдеу.
Оқытушы қалған сұрақтарды, яғни Мозли заңын, Бор теориясын, Шредингер теңдеуін, радиоактивтілік құбылысты дәрісте оқытудың белсенді формалары арқылы береді.
Бірінші курста студенттердің жинақтаған білім қоры екінші курста «Бейорганикалық педагогикадан қиындатылған есептер шығару әдістемесі» пәнінде бастапқы білім көзі болып саналады. Яғни де Бройль теңдеуі, Гейзенбергтің анықталғыштық теориясы, Шредингер теңдеуі, Бор постулаттары, Бор-Зоммерфельд теориясы, радиоактивтілік тақырыптары аталған арнайы курста өзіндік жұмыс ретінде алынады. Студенттердің осы аталған тақырыптар бойынша білім негізін жетілдіріп, бекіту үшін әр деңгейлі тапсырмалар ұсынамыз.
Өзіндік жұмыстың меңгерілу дәрежесі бақылау тапсырмалары арқылы анықталады. Студенттің өзіндік жұмысын тексеруге берілген тапсырмалар қиындығы бойынша сараланып беріледі. Тапсырмалардың деңгей бойынша сараланып берілуі де гуманистік сипатта оқытудың негізгі құрам бөліктерінің бірі болып табылады. Осы жағдайды ескере келіп оқытушы тапсырмаларды екі деңгейге жіктеп береді. Деңгей бойынша сараланған тапсырмалар қосымшада берілген. Арнайы курста деңгеймен берілген тапсырмаларды орындау нәтижесін талдау да жоғарыда айтылғандарға сәйкес келді. Аталған жұмыстарды орындау барысында студенттердің жоғары рейтингтік көрсеткішке ұмтылатынын байқадық.
Зертханалық жұмыстар. Зертханалық жұмыстар сарамандық сабақтар мен дәріс сабақтардың логикалық жалғасы болып табылады. Өзіндік жұмыс негізінде студенттер стандартты емес жағдайда, іс жүзінде өзіндік жұмыстың белгілі тәсілдерін меңгеріп, белгілі дағдыларды қабылдайды. Осының барлығы тек студенттердің күшімен және әрекетімен іске асырылады.
Зертханалық сабақтардың мақсаты курстың теориялық негізін іс жүзінде қолдана білу икемділігін қалыптастыру. Зертханалық жұмыстың орындалуы студенттердің өз бетімен істеледі. Оқытушы мен оқу мастері бақылап, арасында түзету енгізіп отырады. Зертханалық жұмыс соңында студенттерге 5-10 минутке арналған тест тапсырмасын орындау тапсырылады.
Cеминар сабақтар. Семинар сабақ негізінен студенттердің белсенділік деңгейі айқын білінетін сабақ түріне жатады. Студенттер өз бетімен дайындалып келген оқу материалын семинар сабақта ашып көрсете білуі керек. Сондықтан негізгі теориялық сұрақтарды талқылау, жаттығу орындау, есеп шығару семинар сабақтарында іске асырылады. Студент В және А бағаларының бірін иеленеді. Баға саясатының осылай құрылуы студентті жеке бағыттаушы өзіндік жұмыс жағдайында үнемі тек алға ұмтылуға итермелейді.
«Бейорганикалық педагогиканың таңдаулы тараулары» пәні бойынша жүргізілген семинар сабаққа қысқаша тоқталайық. Семинар тақырыбы: «Комплексті қосылыстарды кристалдық өріс теориясы әдісімен сипаттау». Алдымен студенттер өзіндік жұмыс тапсырмасы ретінде берілген комплексті қосылыстарды валенттік байланыс әдісімен сипаттауды еске түсіреді. Валенттік байланыс әдісімен комплексті қосылыстың гибридтелу типі, кеңістік конфигурациясы анықталады. Осы айтылған деңгейін анықтау үшін минибақылау тапсырмасы беріледі. Студенттер тақтада жаттығулар орындайды. Мысалы, калийдің гексацианорутенатын, мырыштың тетраамин хлоридін, мыс сульфатының кристаллогидратын, кобальттың гексаамин хлоридін валенттік байланыс әдісімен сипаттау. Студенттерге дайын формула емес комплексті қосылыстардың аты беріледі.
Студент комплексті қосылыстың бірінші курста өткен номенклатурасын есіне түсіреді. Тапсырмалар деңгей бойынша құрылған (қосымша). Осылайша студенттердің өзіндік жұмысын семинар сабақта белсендіруімізге болады.
Оқытушы қатысында жүргізілетін СӨЖ кредиттік жүйе жағдайында енгізілген оқыту формасы ретінде сабақ кестесіне қойылады. Сабақтың осы түрін де әр қилы белсенді әдістерді қолданып өткізген жақсы нәтиже береді. Сабақтың осы айтылған формаларын оқытудың белсенді әдістерін қолданып жүргізу әдістемесі 2.2 тарауында толық берілген.
Студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыру тиімділігін арттыру әр алуан әдістерді қолдануға тікелей байланысты. Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруда арнайы құрылған белсенді оқу материалдарын қолдану олардың пәнді терең меңгеруіне мүмкіндік береді.
Жоғары оқу орнында студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда қолданылатын құралдарға оқу карталарын жатқызуға болады.
Оқу карталарын жоғары оқу орындарында қолдану оқу пәнін оқу процесі кезінде оқытушы тарапынан көмек мардымсыз, ал студент дербестігі жоғары болғанда білімді меңгеруге жағдай туғызады [7].
Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда сын тұрғысынан оқыту элементтерін, «миға шабуыл», «пікір талас», «қарлы тоқпақ», «нақты жағдаят», «іскер ойын» сияқты интерактивті әдістер қолданылады.
Білімді бақылап, бағалаушы компонент. Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында студенттердің өзіндік жұмысын орындаудың жеке траекториясы белгіленеді. Ол траекторияның жүзеге асуы блокты рейтингті бақылау жүйесінің бағдарламалық қамтылуына, білімді бақылауға арналған тест тапсырмаларының жеткілікті мөлшерде жиынтығы болуына, электрондық оқытушы тексеруші бағдарламалардың болуына және оқытушы тарапынан көмек пен бақылаудың ұйымдастырылуына тікелей байланысты.
Кредиттік оқыту технологиясы жағдайындағы білімді бақылау жүйелі, объективті, жариялы болғаны абзал. Бақылау, оқыту нәтижесін тексеру дидактикада педагогикалық диагностика деп белгіленген. Соңғы кезде «бақылау», «диагностика» деген түсініктердің орнына «мониторинг» деген түсінік жиі қолданылып жүр. «Педагог
- білім алушы» жүйесінде мониторинг дегеніміз – үнемі бақылаушы диагностикалаушы шаралардың жиынтығы. Бұл шаралар оқыту процесі мақсатымен келісіліп, студенттің материалды меңгеру процесінің динамикасын және оның түзетілуін қамтиды. Мониторингтің үш түрлі формасын атап өтуімізге болады:
- старттық диагностика. Білім беру процесіне коррекция жүргізу үшін психологиялық қызмет көрсетуші мамандар арқылы іске асырылады.
- экспресс диагностика. Оқу-тәрбие әрекетіне әрі қарай диагностика жүргізу үшін психологтар жүзеге асырады.
- мәрелік диагностика. Оқу орнын бітірушілердің білім, білік, іскерлік дағдысын анықтау мақсатында жүргізіледі [8]. Әрбір өзіндік жұмыстың бақылау тапсырмалары болады және оларды құру белгілі схемаға орай жүргізіледі. Алдымен алынған тақырыптың тексеруге жататын негізгі түсініктері мен фактілері, олардың қабылдау дәрежесі анықталады. Сонымен бірге тақырып бойынша меңгерілетін іскерлік пен дағдылар айқындалады. Ал бақылау мақсатын анықтау – бүкіл бақылаудың міндеті. Бақылау тапсырмалары тақырып оқылып біткенде студент нені біліп, нені игеру керектігін анықтауға мүмкіндік береді.
Рейтингтік жүйе жинақтаушы типті бағалау жүйесі рейтингтік өлшеулерге негізделіп, студенттер үлгерімін, шығармашылық деңгейін анықтайды [9].
Рейтинг деген сөзді ағылшын тілінен аударғанда – баға, бағалау (немесе белгілі бір класқа, разрядқа бөлу) деген мағынаны білдіреді [10].
Рейтингті жүйе негізінде жатқан қағидалар жоғары оқу орнындағы оқытудың дәстүрлі принциптерін жоққа шығармайды (саналылық, бір ізділік, жүйелілік және т.б.). Сонымен бірге олардың кейбіреулері орнынан ығысып, басқалары енгізіліп, жүйе жаңартылады деуге болады. Сонда келесідей принциптерді көбірек маңызды дегендердің қатарына қосамыз:
- белсенділік – білім алушының белсенді жеке тұлға ретінде қалыптасуын көздеп, оның бойында шығармашылық ойлаумен зияттылық қабілеттердің дамуын қамтамасыз етеді;
- түсініктілігі – оқушылардың барлық контингентінің қызығушылығын қанағаттандыратындай әр деңгейлі тапсырмаларды құру. Міндетті және таңдап жауап беретін тапсырмалардың бірге кездесу мүмкіндігін болдыру;
- мадақтау – белгілі бәрі ұпайға сәйкес келетін студенттің орындаған тапсырмасын, оқу әрекетін бағалау. Жинаған ұпайына сәйкес студенттің басымдылық алуы немесе оны жоғалтуы арасындағы қатаң тәуелділік жағдайында жазалаудың болмауы;
- ақпаратталық – семестр басында рейтингтік баға шарттары туралы студенттің хабардар болуы және жинаған ұпайының мөлшері жайлы студенттің үнемі ақпарат алып отыруы.
Рейтингтің инварианттығы оның ерекшелігін айқындай отырып, келесідей мүмкіндіктерді туғызады:
- үздіксіз білім бақылау процедурасын қарапайымдауға жағдай туғызады;
- әлеуметтену процесін, студенттің кәсіби даралану процесін жеделдетпеуі;
- бүкіл оқыту кезеңінде маманды әзірлеу сапасын меңгеруге мүмкіндік туғызады;
- рейтингті жүйе әмбебап болғандықтан, кез келген пәнді оқытуда қолданылады;
- студенттердің оқудағы, қоғамдық өмірдегі белсенділігі, ұйымдастыру мүмкіндігі артады;
- мадақтау мен стимулдау кешенін оперативті түрде икемдеуге жағдай туады. Кейбір уақытша кезеңдердегі студенттердің білім деңгейін дәл болжауға мүмкіндік береді. Үздік студенттерді анықтап, лидерді айқындауға, студенттің білімді белсенді түрде қабылдауын мадақтауға, еңбегін стимулдауға жағдай туғызады;
- студент статусын бірге оқитын топтастыра, оқытушылар мен оқу орны басшылары арасында анықтауға жағдай туғызады;
- оқу процесінде компьютер жүйесін тиімді қолдануға, есептегіш және ұйымдастырғыш техниканы қолдануға мүмкіндік береді;
- білім беру процесіне қатысушылардың еңбек өнімділігінің артуына себепші болады;
- тиімді әдістемелік оқытуды құруға қажетті ортаны ұйымдастыруға жағдай жасайды;
- студенттердің қабілеті мен қызығушылығын, білім деңгейіне орай дайындау бағытын таңдауға еркіндік береді (оқыту процесін демократияландыру).
Жоғарыда аталған компоненттердің барлығы студенттерді терең білімді дара тұлға ретінде қалыптастыруға жағдай туғызады.
Оқытушының студент білімін бақылауы тек оның жеткен жетістігін анықтап қоймай, оқу процесін тиімді меңгеруге де жағдай жасайды. Білім беру процесінің ағымдағы жағдайын талдау оқытудың мазмұны мен формаларын жетілдіруге мүмкіндік беріп, білімді бақылау процесін жекешелендіреді. Мысалы, төмендегі тапсырманы алайық.
K3[Fe(CN)6] комплексті қосылысын ВБ әдісімен сипаттап, кеңістік конфигурациясын, гибридтелу типін анықтаңдар.
Осы тапсырманы орындау үшін орындалатын операциялар:
А) Педагогикалық байланысты түсіндіретін валенттік байланыс әдісінің теориясын білу керек.
Б) Теорияны іс жүзінде қолдануды және ВБ әдісімен комплексті қосылысты сипаттау үшін оны сипаттау ретін білу қажет (біліктілік, икемділік дағдылары).
В) Тапсырманы дұрыс орындап, нақты жауабын рет-ретімен беру.
Тапсырманы орындаудағы әрбір қадамның мәніне орай тапсырма салмағы анықталады: 1 балл + 0,75 балл + 0,25 балл = 2 балл. Яғни тапсырма салмағы екі балмен анықталады.
Студент осылайша әрбір орындаған жұмысының нәтижесі жайлы рейтингті білімді бағалау жүйесі негізінде хабардар болып отырады. Осыдан студент өз рейтингін көтеру үшін берілген тапсырмаларды уақытында, сапалы орындауға ұмтылады. Студенттерге бақылау тапсырмалары деңгейге бөлініп беріледі.
Алынған бақылау жұмыстарының нәтижесі студенттердің жоғарғы деңгей тапсырмасын орындауға көбірек ұмтылатынын көрсетеді.
Қорыта келгенде, кредиттік оқыту технологиясы жағдайында студенттің оқытушы қатысында өтетін өзіндік жұмысы мен өзіндік жұмысының ақтық нәтижелері оқытушының тікелей бақылауы арқылы шығарылады. Оқытушы студенттердің қалауы бойынша жоғарыда келтірілген соңғы нәтижені бақылау әдістерінің кез келгенін қолдана алады.
Сонымен, біз кредиттік оқыту технологиясы жағдайында педагогикадан СӨЖ және СОӨЖ-ын іске асыру үлгісін құрып, оны сипаттадық.
Оқытушының бақылауымен студент:
- Зерттеушілік іскерлігімен дағдысын қалыптастырады;
- Өткен материалдарды жалпылай алу және қайталау;
- Алған білімді қолдану, оларды толықтыру, кеңейту дағдысын қалыптастырады;
- Оқытушы студенттің психофизиологиялық және академиялық үлгерімін ескере отырып, өз бетімен жұмыс жасауға бағыт-бағдар беріп, олардың дербестігінің дамуына мүмкіндік жасайды.
- Студентпен бірлескен іс-әрекет барысында оқытушы – студенттің уақытын тиімді пайдалануға беретін түсіндірмеліиллюстративті (схема, таблица, тезис, т.б.) материалдарды қолдануды үйрету, қажетті әдебиетті іздеу жолдарын көрсету;
- Өзіндік белсенділігін, дербестігін дамыту үшін проблемалық баяндау, шығармашылық ізденіс әдістерін қолданған дұрыс.
- Оқытушы студентке жеке тапсырма таңдауға (курстық жұмыс, реферат, ғылыми баяндама, үлгі сабақ жоспарын құруға) көмектеседі.
- Әдебиеттермен қамтамасыз болуға, олармен жұмыс жасай білуге;
- Тиімді әдіс-тәсілдер, тапсырма орындау жолдарын қолдана білуге үйретеді;
- Жеке не бірнеше студентке кеңес береді, студенттердің бір-бірімен жұмыс жасауын үйлестіреді.
Жоғары оқу орындарындағы студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ) барлық оқу бағдарламасының басым бөлігін құрағандықтан, оның тиімді болуы маманның кәсіби бағыттылығының талаптарына сай жасалған өздік жұмысты ұйымдастыру үлгісінің дұрыс құрылуына байланысты болады. Алайда студентке қойылатын негізгі талаптар төмендегідей жік телініп көрсетіледі:
- Студенттің шығармашылық потенциалын белсендіру: студент оқу тапсырмасын өз бетінше орындау барысында ғылыми әдебиеттермен, әдістемелерді талдаумен танысу және шығармашылық технологиясын меңгеруді жүзеге асырады.
- Өз бетінше білім алу және өзіндік дамуға ынтасын тәрбиелеу: шығармашылық белсенділігін қабілетін белсендіру, кәсіби даярлық қасиетін жоғарылату, кәсіби тапсырмаларды шешу барысында шығармашылық бағытын дамыту, жалпы және жеке дара зерттеу әдіс-тәсілдерін меңгеру т.б.
- Оқу іс-әрекетке деген мотивациясын жоғарылату: білім беру процесінде тұлғаның позициясын белсендіру, субъективті жаңа білімдердің негізгі қатынасы, яғни білімді өз бетінше алу функциясы, нақты студент үшін жаңа және тұлғалық маңыздылығы.
- Танымдық белсенділікті дамыту: өз бетінше ойлауға талпынысы, қандай да бір тапсырманы немесе мәселені шешуде өзіндік бағытты табу, өз бетінше білім алуға тырысуы, пікірлерді сыни тұрғыдан қалыптастыру, оқу процесіндегі оқу-танымдық процесс белсенділігінде студенттердің оқыту әдісінің белсенділігі жанама қызығушылығымен басымдылық танытып, жүзеге асады.
Студенттердің өзіндік жұмыс жасаудағы қабілеттерін қалыптастыру міндетін орындауда бүкіл педагогикалық ұжым үшін проблема туындайды. Ол осы жұмыс мазмұнына оқушыларды мақсатты түрде, әсіресе студенттерді оқытуда болып табылады. Мұндай оқыту оқу іс-әрекетінің өзінің модельдеу тәсілдерін қалыптастыруды, студенттердің ең қолайлы күн тәртібін анықтауларын, оқу материалымен жұмыс істеудің ұтымды тәсілдерін саналы аңғаруын және оны кейіннен өңдеуін, терең, сонымен бірге тез оқу амалдарын игеруді, түрлі әрекеттердің, конспектілердің, оқу - практикалық міндеттерді қою мен шешудің жоспарын құруды қамтиды. Осы тұрғыда А.К. Маркова ұсынған оқу жұмысының тәсілдері үлкен қызығушылық тудыруы мүмкін:
- «мәтінді мағыналық қайта өңдеу тәсілдері, оқу материалын үлкейту, оның ішінен бастапқы идеяларды, принциптерді, заңдарды бөліп көрсету, міндетті орындаудың жалпыланған тәсілдерін саналау, мектеп оқушыларының белгілі бір санаттағы міндеттер жүйесін өз бетінше құру;
- оқу мәдениетінің (мысалы, ірі синтагмалар мен «динамикалық оқу») және тыңдау мәдениетінің тәсілдері, қысқа және неғұрлым ұтымды жазу тәсілдері (жазып алу, жоспарлар, тезистер, конспект, аннотация, реферат, рецензия, кітаппен жұмыстың жалпы тәсілдері);
- есте сақтап қалудың жалпы тәсілдері (оқу материалын құрылымдау, бейнелі және есту естеріне сүйене отырып мнемотехниканың ерекше тәсілдерін қолдану);
- зейінді шоғырландыру тәсілдері, яғни мектеп оқушысының өзіндік қадағалаудың әр түрлерін пайдалануына, өз жұмысын сатылап тексеруге, тексеру тәртібін, «бірліктерін» бөлуге сүйенетін;
- қосымша ақпаратты іздеудің жалпы тәсілдері (библиографиялық материалдармен, анықтамалар, каталогтар, сөздіктер, энциклопедиялармен жұмыс) және оларды үйдегі кітапханада сақтау;
- емтиханға, сынаққа, семинарларға, зертханалық сабақтарға дайындалу тәсілдері; уақытты ұтымды ұйымдастыру, оны есептеу мен жұмсаудың, еңбек пен оқуды, ауызша және жазбаша қиын тапсырмаларды дұрыс кезектеп отыру, еңбек гигиенасының жалпы ережелерінің (режим, серуен, жұмыс орнындағы тәртіп, оның жарықтығы, т.б.) тәсілдері». Бұл жерде ақылой еңбегін ұйымдастырудың жалпы тәсілдері де, оқу жұмысының нақты тәсілдері де, мысалы, мәтінмен жұмыс істеу келтірілгені айқын.
Соңғылардың қалыптасқандығы студенттердің барлық оқу пәндері бойынша өзіндік жұмыстарының негізгі алғышарттарының бірі және де негізі болады.
Тағы атап өтейік, жалпы студенттердің өзіндік жұмысы оқу іс-әрекеті тұрғысынан, сыныптық оқу іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыруға негізделеді. Соның ішінде бұл оқытушының сыртқы қадағалауынан студенттің өзін-өзі қадағалауына және де сыртқы бағалаудан оның өзін-өзі бағалауының қалыптасуына өтуі мен олардың байланысына қатысты және бұл, өз кезегінде, оқытушының бақылау мен бағалауды жетілдіруін ұйғарады.
Өздік жұмыстың тиімді ұйымдастырылуы тек өздік жұмыстың жүйесіне ғана емес, сонымен қатар педагогикалық шарттардың орындалуына да байланысты:
- Студенттің аудиториядағы және өздік жұмысының көлемінің дұрыс үйлесімі, студенттің оқу жүктемесінің тиімді болуы, сабақ кестесінің дұрыс құрылуы, оқытушының өздік жұмыстың күрделілігін анықтауда студенттің уақытын, орындау мүмкіндігін, оқу әдістемелік әдебиетпен қамтылуын ескеруі студенттің өздік жұмыс нәтижесіне үлкен әсер етеді.
- Әдістемелік тұрғыдан студенттің аудиториядағы және одан тыс өздік жұмысын дұрыс ұйымдастыру, өздік жұмысты орындауға оқу орынның материалдық-техникалық базасының, оның қызметкерлерінің лайықтылығы. Студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыруға қатысушылардың өз қызметтерін дұрыс атқаруы.
- Студенттердің өздік жұмысының процесін шығармашылық процеске айналдыру мақсатында студентті қажетті әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету. Оқу орынның кітапханаларында қажетті оқу әдебиеттерінің қорының, электрондық оқу құралдары мен электронды оқыту бағдарламасының және қазіргі таңдағы мықты ақпарат көздерінің бірі – интернеттің болуы. Оқу процесінің компьютерлеуі студенттің өздігінен білім алуына және ақпарат көздерімен жұмыс жасауына, өзіндік бақылау жасауына, уақытын үнемді пайдалануына жағдай туғызады. Сондықтан өздік жұмысты тиімді қолдануда мазмұнды динамикалық түрде өзгертуге және соңғы ғылыми жаңалықтармен жаңартуға болатын, әрі қолданысқа икемді электронды оқулықтардың маңызы зор.
- Студент пен оқытушы арасындағы қатынасты студент белсенділігімен оның өз бетімен білім алуға ұмтылуы бағытына өзгерту жұмыстарын ұйымдастыру, сондайақ соған сәйкес студенттің өздік жұмысын ұйымдастырудың тиімді әдістерін, формаларын, түрлерін, құралдарын дұрыс таңдау және қолдану студенттің өздік жұмыс нәтижесіне ықпал жасайды. Студенттердің өздік жұмысының тиімділігін және оны орындауға студенттің ынтасын арттыруда дидактикалық құралдары мен жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы зор. Әр өздік жұмыстың мақсаты айқын, түсінікті, оның көлемі мен мазмұны оқу мақсатына сай, студентті орындауға ынталандыратындай жасалып, оны орындауға студенттің жағдайы мен мүмкіндігі болуы тиіс. Студенттің өздік жұмысының тапсырмалары алған білімді жаңа жағдаятта қолдануды, жаңадан өздігінен білім алуды қажет ететіндей, студенттің танымдық қабілеттерін арттыратындай болуы қажет.
- Студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыруға, яғни оқу формасына (күндізгі, сырттай), білім деңгейіне, оқу курсына, мамандыққа, пәнге, орындалу орнына байланысты ерекшеліктерді ескеру.
- Студенттің өздік жұмыс мәселелерін шешуде білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ашуға, ой қабілеттерін дамытуға жағдайлар жасау. Мұның өзі студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыру үлгісін жүзеге асырумен тікелей байланысты. Нәтижесінде өздігінен жұмыс жасау, өз бетінше білім алу, өз кәсіби әрекетінде ғылыми ізденіс жасау іскерлігі мен дағдысы, аналитикалық ойлауы қалыптасқан, өз әрекетін басқара алатын, өз жұмысының нәтижесінде өзіндік бақылау жасайтын студенттің шығармашылық тұлғасы қалыптасады.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Бурибаев Б., Дузбаева Р. Учебно-ме-тод. комплекс дисциплины в условиях КСО // ВШК, 2006. – №2. – С. 19-23.
- Кузнецов Н.И. Методика подготовки и оформления. – Минск., 2000. – 544 с.
- Смирнова И.Э. Модели обучения в системе высшего образования // Инновации в образовании, 2006. – №1. – С. 5.
- Шкутина Л.А., Плотников В.М., Егоров В.В. Основы исследовательской работы в профессиональной педагогике. – Алматы: «Ғылым», 2000. – 192 с.