Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Әр түрлі ұлт өкілдерінде психофизикалық бұзылыстары бар балаларға деген ата-ана қатынасының ерекшеліктері

Қазіргі уақытта психологияда жанұя мен жанұялық қатынастарды зерттеуге арналған маңызды тәжірибелер жүйелі түрде әсіресе әлеуметтік-психологиялық фактордың әсерінен жинақталып келеді. Көріп отырғанымыздай, қазіргі кезде әлеуметтікпсихологиялық фактордың негізін салушылар Одақтастық мемлекеттегі полимәдени кеңістіктегі бірлестік болып саналады. Полимәдени кеңістіктегі бірлестік бір мемлекеттегі түрлі халықтардың мінезқұлқын, құндылықтары мен жалпы көзқарастарын қалыптастырады. Бірақ та, ТМД елдеріндегі мәдени және тілдік байланыста бірінші орында, ұлттық-психологиялық айырмашылық, когнитивті, мінез-құлықтық және эмоционалды әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктер орын алады [1, б. 131].

Әсіресе қазіргі жанұялар үшін өзекті мәселелердің бірі бала-ата-ана қатынасы болып отыр. Бала-ата-ана қатынасының аймағындағы зерттеулердің санының көптігіне қарамастан, қазіргі уақытта бұл мәселе жан-жақты толығымен зерттелуде. Көптеген зерттеулер, бала-ата-ана қатынасының өзара әрекеттесу жағдайын талдауға байланысты болып келеді. Сонымен қатар, қазіргі кезде ата-аналардың әлеуметтік-психологиялық мәдениеті төмен деңгейде диагносталып, жеткіншектік жастағы девиантты мінез-құлықтың өсуіне, ата-аналармен қақтығысуға, баланың үйден кетуіне, балалардың суицидтік жағдайының өсуіне, қатыгездік пен агрессивті мінез-құлықтың белең алуына, жанұялық қатынастар жүйесінің және бала тұлғасының дамуындағы бұзылыстарға негіз болып отыр. Бұл жағдай ата-аналармен әлеуметтік-психологиялық жұмысты жоспарлы және арнайы жүргізуді талап етіп отыр [2, б. 7].

Аталған мәселе бойынша көптеген зерттеулер жүргізілуде, әсіресе ұлттардың арасында бала-ата-ана қатынасы зерттеу нысанына айналып отырғандығы айқындалды. Ұлттық психологияның ерекшеліктерін ескеретін болсақ, жанұя дамуының өзектілігі үшін қазір әлеуметтік психологтар, зерттеушілер мен халықаралық деңгейдегі практиктер бұл мәселемен айналысып жатыр. Әсіресе бұл ТМД елдері үшін, соның ішінде Қазақстан Республикасы үшін маңызды болып отыр [3, б. 77].

Бұл мәселе тұрғысынан қазақстандық ғалымдар С.М. Джакупов, М.П. Кабакова, Н.А. Ладзина, И.К. Мацкевич, Л.С. Назырова, З.Ж. Жаназарова, М. Елюбаева және тағы басқа ғалымдар өз зерттеулерін жүргізді.

Атап айтатын болсақ, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің «Психология және коррекциялық педагогика» кафедрасының аға оқытушысы Е.Г. Грищенко өзінің кандидаттық диссертациясын бала-ата-ана қатынасына (қазақ және орыс ұлт өкілдерінің жанұяларына) арнап, өз зерттеулерін жүргізді. Және оның жетекшілігімен осы тақырыпта бірнеше бітіру жұмыстары да зерттелді.

Қазақстан Республикасында ұлттық айырмашылықтар институционалды және тұрмыстық деңгейде айқын байқалды. Жанұялық қатынаста ішкі және сыртқы мотивация, ұлттық дәстүрдегі мінез-құлық критерийлердің ерекшеліктері көрінді. Қазіргі уақытта жанұя мен бала-ата-ана қатынасының екі аспектісі бөліп көрсетілген. Оған ұлттық-психологиялық ерекшеліктер мен ТМД елдеріндегі полимәдени кеңістіктегі бала-ата-ана қатынасының әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері болып табылады. Жүргізілген зерттеулер, қазіргі жанұяда және бала-ата-ана қатынасын теориялық тұрғыда анықтауда, этнофактор мен полимәдени кеңістіктің бірегейлік факторы болып отыр [4, б. 239].

Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасында бала-ата-ана қатынасының ерекшеліктерін ұлттық айырмашылықтар тұрғысынан зерттеу өте аз. Сондықтан да біздің зерттеу жұмысымыз ұлттық психологияның зерттеу саласына айналып, әр түрлі ұлт өкілдерінің балаға деген ата-ана қатынасының ерекшеліктерін зерттеудің негізі болып отыр. Аталған мәселені зерттеу барысында біз, әрбір ұлттың яғни қазақ және орыс ұлт өкілдерінің ата-ана қатынасы мен бала тәрбиесіне тоқталуды жөн көрдік. Бұл мәселе бойынша, әрбір ұлттың бала тәрбиесінде ұстанатын қағидалары бар. Дүниеге келген сәби өзінің ертеңгі болашағы екенін түсінетін кез келген адам тәрбие жолында әрбір құбылысты қалт жібермесе керек. Өйткені, кім де болса баласының жақсы болып ержеткенін қалайтыны сөзсіз. Осы ретте өзге ұлттардың бала тәрбиесінде ұстанатын қағидалары мен ерекшеліктеріне тоқталуды жөн көрдік [5, б. 31].

Сол себепті қазақ және орыс ұлт өкілдерінің әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін, ұлттық менталитеттерін негіздейтін жанұяға және балаға қатысты мақалмәтелдерді контентін талдау арқылы олардың балаға деген қатынастарын зерттедік.

Кесте 1. Қазақ және орыс ұлт өкілдерінің жанұяға және балаға деген қатынасына қатысты мақал-мәтелдер жиынтығы

Қазақ ұлт өкілдерінің матал мәтелдері

Орыс ұлт өкілдерінің матал мәтелдері

1) Жалғыз баласы атқа шапса,

Атасы ауылда тұрыпТақымын қысады.

1) Не та матьчто родилаа тачто выходила.

2) Ана жақсылығын, Ауырсаң білерсің. Қайын жақсылығынҚыдырсаң білерсің.

2) Не тот отецматькто родила тоткто вспоилвскормилда добру научил.

3) Ананың ойы ұядаБаланың ойы қияда.

3) Добро по миру не рекой течета семьей живет.

4) Өз балаң, Өзекке тепсең де кетпейдіКісі баласыКісендесең де тұрмайды.

4) Добрая семья прибавит разума-ума.

5) Қарға баласын «аппағым» дейдіКірпі баласын «жұмсағым» дейді.

5) При солнышке теплопри матушке добро.

6) Бала өз несібесін ала туады.

6) Семья сильнакогда над ней крыша одна

7) Бір балаатаға жете туадыБір балаатадан өте туадыБір балакейін қарай кете туады.

7) Вся семья вместетак и душа на месте

8) Ананың сүйген жері:

Отқа күймейдіОқ та тимейді.

8) Родительское благословение в воде не тонет в огне не горит

9) Баласыз ана — гүлсіз алма.

9) Где любовь и советтам и горя нет

10) Анаңа ауыр сөз айтпа Атыңа ауыр жүк артпа

10) В семьегде нет согласиядобра не бывает

11) Өлетін бала молаға қашады

11) Когда нет семьитак и дома нет

12) Көргенсіз бала — көкірек,

Өнерсіз бала — өкірек.

12) Каков приветтаков ответ

Енді қазақ халқының тәрбиесіне келсек. Біздің қазақ халқы да баланы тәрбиелеуде ешкімнен кем түспейді. Жұртта бар дәстүр, әдет-ғұрып бізде де бар. Кішкентайынан баланы бесікке салып, тұсауын кесіп, сүндетке отырғызу. Қазақ халқының бұлжымас салты, заңы десе де болады. Ал қазақ халқы осы қағидалар мен салт дәстүрлерді ұстану арқылы келесідей тәрбиелеу стильдерін және бала деген қатынасты жүзеге асырады

В.С. Мухина ұсынған тәрбиелеу стильдерінің үш типі де қазақ халқының кез келген жанұясында кездеседі. Демек қазақ отбасыларындағы ата-аналар либералды, демократиялық және авторитарлы стилдерді ұстанады. Бұл дегеніміз қазақ отбасыларындағы ата-аналардың кейбірі либералды стильді қолдану арқылы балалармен қатынаста барлығына рұқсат береді. Осыдан барып балалары тәртіпсіз және жауапкершілігі жоқ болып өседі. Ал кейбір ата-аналар демократиялық стилді ұстану арқылы балаларына бостандық бе-

реді. Яғни ата-аналары балаларының пікірімен санасады. Балалардың өзіндік пікірлерін дамыту арқылы, позицияларын силап, өздерінің істері мен талаптарын жүзеге асырады. Нәтижесінде қазақ балалары атааналарын жақсы түсінеді, тіл алғыш, бастамашыл, тәрбиелі, өзіндік қасиеті дамыған болып өседі. Қазақ отбасыларындағы атааналар бұл стилді ұстануда басымдылық көрсетеді. Сонымен қатар авторитарлық стиль де қазақ отбасыларындағы ата-аналар үшін де маңызды болып келеді. Демек кейбір ата-аналар бұл стильді ұстану арқылы балаға қатаңдық танытады. Тіпті жазалау шараларында қолданады. Авторитарлық стилді ұстанған ата-аналардың балалары өздеріне сенімсіз болып келеді. Жоғарыда аталған үш тәрбиелеу стилдері арқылы біз қазақ отбасыларының ата-ананың балаларына деген қатынасын көре аламыз.

Сонымен қатар қазақ отбасыларында көбінесе ата-ана тарапынан аса қолдау ерекшеліктері де басымырақ болады. Аса қолдау кезінде балада өз беттілік және өзіне деген сенімсіздік байқалады.

Келесі кезекте орыс ұлт өкілдерінің ата-ана қатынасына сипаттама беретін болсақ, оларда демократиялық стиль маңызды болып келеді. Орыс ұлт өкілдерінің атааналары мен балалары арасында әріптестік қатынас маңызды болады. Олар өз балаларының пікірлерімен санасады. Орыс ұлт өкілдерінің балалары өзіндік талдау мен тәуелсіздікке құқылы болады. Ата-аналары балаларын тәуелсіз екендерін көрсетіп ғана қоймай, оны қолдануға тырысады. Тіпті кей сәттерде ата-анасына өз ойымен санасуға мәжбүрлейді. Баладағы бұл мінез-құлық ерекшеліктері осы сәтте атаананың қолдауымен ерекше маңызға ие болады. Осыдан орыс ұлт өкілдерінің балалары өз пікірінің бағалы екенін сезінеді. Және де ата-аналары балаларын толыққанды әріптес ретінде санайды. Осы кезде балада сенімділік және жалпы мақсатқа жету инициативасы байқалады. Қорытындылайтын болсақ, орыс ұлт өкілдерінің атааналары бұл стилді ұстану арқылы балаларының өзіндік бағалау критерийін қалыптастырады.

Жалпы алғанда орыс ұлт өкілдерінің ата-аналарының балаларына деген қатынасы әріптестік позицияда болады. Олар өздерінің балаларын сәбилік кезден-ақ өздерімен тең дәреже ұстайды. Және де балаға ешқандай тиім салмайды. Сол себепті де орыс ұлт өкілдерінің балалары өздеріне сенімді және өз беттілік қасиеттері басымырақ болады. Ал қазақ отбасыларында тәрбиеленген балаларда аса қолдау басым болады. Осыдан барып, қазақ балалары өздеріне сенімсіз, үнемі үлкендердің қолдауын қажет етеді.

Сонымен жалпы қорытындылайтын болсақ, қазақ және орыс ұлт өкілдерінде ата-ананың балаға деген қатынасы ұлттық менталитетке және әдеп-ғұрып пен салтдәстүрлерге байланысты түрліше формада жүзеге асады. Және де түрлі сипатта көрініс береді Демек осы жағдайларды ескере келе, әр түрлі ұлт өкілдерінің психофизикалық бұзылыстары бар балаларға деген ата-ана қатынасының ерекшеліктерін қарастыратын болсақ, бұл ұлттық тұрғыда өте маңызды мәселе болып отыр. Осы мәселе төңірегінде әсіресе қазақ және орыс ұлт өкілдеріне қатысты мағлұматтардың жоқтың қасы. Ал біз осы мәселені қарастыру барысында олардың ұлттық менталитеттеріне, әдеп-ғұрпына, салт-дәстүрлеріне байланысты психологиялық ерекшеліктерін талдаймыз. Жалпы алатын қазақ отбасыларында психофизикалық бұзылысы бар бала дүниеге келген жағдайда, ата-аналары баланы Алланың сыйы деп қабылдап, оны отбасы жағдайында тәрбиелеуге бел бутындардың саны басым. Ерекше қажеттілігі бар бала туу нәтижесінде осы уақытқа дейін аялап келген асыл армандары мен үміті, барлық жоспары бір күнде күл-талқан болғанына қарамастан, шындыққа тура қарап, алдағы қиындықтарға мойымастан баланы өздері тәрбиелеуге бел буған атааналар шын мәнінде «ерекше» екені даусыз. Әрине, психофизикалық бұзылыстары бар балаларды тәрбиелеу өте қиын. Бірақ бұл дегеніміз әрқашан қиындықтарға тап болу дегенді білдірмейді. Бүгінде қиын деп отырған мәселелер ертең жеңіл немесе кем дегенде үйреншікті болып кетуі мүмкін. Қазақ отбасыларындағы ата-аналар ерекше баланы тәрбиелеу арқылы одан үміт те күтеді. Және олар өз балаларын өмірінің соңына дейін бағып қағуға бел буады. Бірақ айта кететін жайт, кейбір қазақ отбасыларындағы ата-аналар психофизикалық бұзылыстары бар балаларын арнайы мекемелерге де тапсырып жататындар кездеседі. Алайда мұндай жағдайлар өте аз болады.

Ал орыс ұлт өкілдерінің ата-аналарының алдында психофизикалық бұзылыстары бар бала дүниеге келгенде оны арнайы мекемеге беру керек пе, әлде үй жағдайында қарау керек пе деген таңдау шығады. Осы таңдауды жасауда орыс ұлт өкілдерінің ата-аналары психофизикалық бұзылыстары бар балаларын арнайы мекемелерге тапсырып жататындары да кездеседі. Бұл мәлімет статистикалық тұрғыда тексерілген.

Сонымен қорыта келе, әдебиеттерді талдау нәтижесінде және контенттік талдау барысында әр түрлі ұлт өкілдеріндегі психофизикалық бұзылыстары бар балаларға деген ата-ана қатынасының ерекшеліктері талданып өтілді.

Ендігі кезекте, әр түрлі ұлт өкілдеріндегі психофизикалық бұзылыстары бар балаларға деген ата-ана қатынасының ерекшеліктеріне эксперименталды зерттеу жүргізіп, А.В. Варга мен В.В. Столинның «Атаананың балаға деген қатынасы» сұрақтамасы; И.Л. Соломиннің «Түстік метафоралар» әдістемесі; «Аяқталмаған сөйлем» әдістемесін қолдану арқылы зерттеу нәтижелерін алдық.

Бұл мәселе төңірегінде өз көзқарасымызды білдіріп, эксперименталды зерттеу нәтижесін ұсындық.

Жүргізілген бірінші әдістеме А.В. Варга мен В.В. Столинның «Ата-ананың балаға деген қатынасы» сұрақтамасы бойынша алынған нәтиже қорытындылары төмендегідей сипатта болды.

Қабылдау–қабылдамау шкаласы бойынша бірінші топтың ата–аналарына қарағанда, екінші топтың ата–аналарында өз балаларын қабылдау жоғары дәрежеде болды. Яғни екінші топтың ата–аталары өз балаларын олар қандай солай етіп қабылдайды. Сонымен қатар баласына көмек беруге тырысады. Ал бірінші топтың ата– аналарында қабылдау шкаласы төмен болып шықты. Аталған топтың ата–аналары өз балаларын қабылдауға дайын емес. Кооперация шкаласы бойынша бірінші топтың ата-аналары үшін балаларымен қатынасқа түсу орташа дәреже болды. Ал екінші топтың ата-аналарында жоғары пайыздық қатынас орын алды. Екі топ үшін де бұл шкала маңыздылығын жоғалтпады. Симбиоз шкаласы бойынша бірінші топтың ата-аналарында пайыздық қатынас төмен болса, ал екінші топтың ата-аналарында орташа және жоғары деңгейдегі қатынас орын алды. Демек екінші топтың ата-аналарында балаларына деген психологиялық жақындық байқалады. Балаларының барлық талап тілектерін орындауға тырысады. Ал бірінші топтың ата-аналарында бұл көрсеткіш аса жоғары пайызды бермеді. Бақылау шкаласы бойынша бірінші топтың ата-аналары төмен пайыздық қатынасты берді. Бұл дегеніміз аталған топтың ата-аналары шектен тыс бақылау жасамайды. Балаға бостандық береді. Ал екінші топтың ата-аналарында бұл көрсеткіш түрлі деңгейде орын алды. Демек бұл топтың ата-аналары бақылау формасын кей кездерде ғана жүзеге асырады. Балаға аса қысым көрсетпейді. Баланың тәрбиесі мен болашағы олар үшін аса маңызды. Бала үнемі бақылау, қадағалау, қысым көрсетуге төзе алмайды. Сол себепті бала тәрбиесінде бақылаудың шегі болу керек деген ойдамыз. Алайда ең соңғы шкала баланың сәтсіздіктеріне деген қатынас шкаласы бойынша бірінші топтың ата-аналары жоғары пайызды берді. Олар балаларына сәтсіз адам ретінде қарайды. Десек те екінші топтың ата-аналарында бұл көрсеткіштер төмен болды. Бұл дегеніміз ата-аналардың көбісі өз балаларының сәтсіздіктеріне көз жұма қарайды. Баланың сәтсіз орындалған әрекеттеріне қысымшылық жасамауынан көрінеді. Балаларына сенеді және қолдау көрсетеді.

Сонымен зерттеу жұмысында қолданылған екінші әдістеме И.Л. Соломиннің «Түстік метафоралар» әдістемесі болды. Аталған әдістеме зерттеуге қатысқан екі топқа жүргізіліп, зерттеу нәтижелері алынды. Оларға жеке-жеке талдау жасалып, сипаттама берілді. Алынған нәтиже көрсеткіштері бойынша бірінші топтың атааналары балаларының психофизикалық бұзылыстарын сәтсіздік деп көрсетті. Және де үміттері әлі де болса үзілмеген. Бірақ та өз балаларына қызмет көрсетіп, оларды қабылдауға, қарым-қатынаста жұмсақтық таныта қоймайды. Ал екінші топтың ата-аналарында балаларының бақыты үшін қорқыныш сезімдері туындаған. Олар балаларына қызмет көрсетіп, қарым-қатынаста жұмсақтық танытады. Сонымен қатар балалары қандай болса,солай етіп қабылдауға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда зерттеуге қатысқан екі топтың ата-аналары арасында айырмашылықтар байқалды.

Соңғы әдістеме «Аяқталмаған сөйлем» әдістемесіне қорытынды жасайтын болсақ, зерттеуге қатысқан екі топтың арасында айырмашылықтар байқалды. Яғни дамуында ауытқуы бар бала толыққанды дамымайды, түсінушілік пен сенімділікті қалайды, дені сау қоғамда өмір сүруі керек деп бірінші топтың ата-аналары аталған жауап нұсқаларын орташа деңгейде берсе, ал екінші топтың ата-аналары дамуында ауытқушылығы бар бала түсінушілік пен сенімділікті қалайды деген. Бірінші топтың ата-аналары дамуында ауытқуы бар баламен қарым-қатынас жасау өте қиын деген жауап нұсқасын таңдаған. Екінші топтың ата-аналары дамуында ауытқуы бар баламен қарым-қатынас жасауда шыдамдылық таныту керек деген. Сонымен қатар балаларының қаншалықты қиындық туғызатындығынан қарамастан, бұл жағдай қиындық туғызбайды дейді. Бірінші топтың ата-аналары үлкен қамқорлықты талап ететіндігін төмен пайыздық қатынаста көрсетті. Дамуы ақырын, толымсыздық сезімі басымырақ, ерекше күтім қажет ететіндігін орташа деңгейде берді. Екінші топтың ата-аналары толымсыздық сезімдері болатындығын төмен дәрежеде көрсетіп, ал қалған үлкен қамқорлықты талап ететіндігін, дамуы ақырын, ерекше күтімді орташа дәрежеде берді. Бірінші топтың атааналары әрбір дамуында ауытқуы бар бала өзін толыққанды адам ретінде санамайды деген жауап нұсқасына жоғары пайыздық қатынасты көрсетсе, керісінше екінші топтың ата-аналары әрбір дамуында ауытқуы бар бала өзін қажет екендігін сезіну керек деген жауапты жазған. Бірінші топтың атааналарының ойынша, бұзылысы бар бала қалыпты дамудағы балалар сияқты өмір сүру керек деген. Екінші топтың ата-аналары үшін бұзылысы бар бала жай ғана өмір сүріп қоймай жетістікке де жету керек. Екі топтың да ата-аналары дамудағы бұзылыстың нәтижесі экологияның әсері деп қарастырған. Бірінші топтың ата-аналары дамуында ауытқуы бар бала көбінесе дарынды болып келеді деп ойлайды. Екінші топтың ата-аналары дамуында ауытқуы бар бала өзінің жетістіктерімен де көзге түседі дейді. Екінші топтың ата-аналары дамуында ауытқуы бар балада қалыпты бала сияқты өзінің құқықтары бар және өмірдің құндылығын түсіне алады деп көрсеткен.

Сонымен қорыта келе біз мынадай қорытындыға келдік. Дамуында психофизикалық бұзылыстары бар балаларға деген ата ананың қатынасы қазақ және орыс ұлт өкілдерінің мәдени-тарихи өмір сүру жағдайына, ұлттық-психологиялық ерекшеліктеріне, салт-дәстүр мен әдеп-ғұрыптарына байланысты болады.

Жалпы алғанда мұндай зерттеулер қазіргі қоғамда Қазақстан үшін әлеуметтік маңызды және өзекті мәселелер қатарына еніп отыр. Әсіресе дамуында психофизикалық бұзылыстары бар балалардың қатары өсіп келеді. Бұл жағдай өте күрделі мәселелердің біріне айналып отыр. Психофизикалық бұзылыстары бар балаларға деген ата-ана қатынасының ерекшеліктерін анықтау біздің зерттеу жұмысымыздың басты мақсаты болды. Алдымызға қойылған барлық міндеттерді орындалды. Практикалық тұрғыда психология және дефектология ғылымы үшін өте қажет. Және де осы салада жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстарын толықтыра түсетін бастамалардың бірі. Аталған зерттеу жұмысын ары қарай толықтырып, жаңа көкжиектерден көріне беретіндеріңізге сенім білдіреміз.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Шнейдер Л.Б. Семейная психология: уч. пособие для вузовМ., 2005. – 131 с.
  2. Варга А.Я. Системная семейной психотерапия // Журнал практической психологии и психоанализа. 2002. № 2. – 7 с.
  3. Ибраимова Л. Қазақ халқының отбасылық тәрбиесіАлматы, 1998. – 77 б.
  4. Проблемы детско-родительских отношений в семьях с детьми-инвалидами – М.: НИИ семьи и воспитания, 2004. – 239 с.
  5. Жүнісова-Елшібаева Қ.Ғ. Қазақ отбасы мәселелерінің психологиялық аспектілері. – Алматы, 2010. – 31 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.