Туризм қазіргі таңда әлем экономикасына қарқынды үлес қосуда. Туризм әлемнің 150 еліне табыс әкелуде, соның ішінде 60 ел бірінші орында тұр.Оған себеп, туризмнің көптеп дамып келе жатқан түрлері. Қазақстанда туризмді дамыту бағдарламасына сәйкес көптеген іс-шаралар жоспарлануда.
Қазақстан Республикасы туристік индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасында маңызды жоспарлар атап көрсетілген. Солардың бірі тау шаңғысы туризмінің инфрақұрылымын жасау. Осыған орай Жамбыл облысында «Көксай», Оңтүстік Қазақстан облысында «Қасқасу» тау шаңғысы базасын салу жоспарланған.
Біздің облысымызда бағдарламада атап көрсетілмесе де,Риддер қаласында бой көтеретін «Анатау» тау шаңғы кешеннің құрылысы жоспарлануда. Кешен алматылық Шымбұлақ пен ресейлік Шерегеш курорттары сынды миллиондаған туристерді қарсы алады деп жоспарланып отыр.
ШҚО-да туризмнің дамуына көптеген мүмкіндіктер бар. 2014 жылы шетелге демалушы туристер 7322 адамға азайып (37,8%), сондай-ақ аймаққа келіп демалушылар 162833 адамға (9,0 %) артқан. Бұл көрсеткіш ШҚО демалыс орындарындағы сервис қызметінің сапасының артып отырғанын көрсетеді. Жалпы ШҚО өзінің географиялық ерекшелігімен белгілі. Оған дәлел ретінде қарастырсақ ТМД бойынша ШҚО табиғатының байлығына, атап айтсақ жануарлар мен өсімдіктер әлемінің әр түрінің кездесуіне байланысты Кавказ бен Қиыр Шығыстың оңтүстік аймағынан кейін орын алады.Қазақстанда ШҚО географиялық жағдайынан алатын орны ерекше. Себебі, бұнда Еуразияның географиялық орталығы орналасқан.Шығыс Қазақстан облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасындағы деректерге сүйенсек, облыс аумағы су ресурстарына бай, жерінен 800 өзен ағып өтеді, олардың жалпы ұзындығы 10 мың км-ден артық. Басты күретамыры өзінің көп сулы салалары – Үлбі, Үбі, Қарақаба, Қалжыр, Күршім, Нарын, Бұқтырма және басқа да таулы өзендері бар Ертіс өзені болып табылады. Облыста Зайсан, Марқакөл, Алакөл, Сасықкөл сияқты ірі көлдер бар. Мұнан бөлек көп ұсақ көлдер, су қоймалары бар, олардың ең ірісі Бұқтырма су қоймасы болып табылады.Өңір туристік мүмкіндіктері бойынша тартымды және перспективалы болып табылады. Облыс шегінде бірнеше рекреациялық аймақ бар: Бұқтырма жағалауы, Сибина көлі, Алакөл көлі, Катонқарағай, Глубокое ауданы, Риддер, Өскемен қаласының маңы.
Облыс аумағында қазіргі уақытта 108 туристік ұйым, 16 туризм инструкторы, 117 орналасу орны, 84 демалыс аймағы, 34 шипажай сауықтыру объектісі, 14 ерекше қорғалатын табиғи аумақ тіркелген.Өңірде инновациялық инфрақұрылым құрылған және: технопарк және индустриялды аймақ Алтай-Саян экологиялық аймақтың бөлігі болып табылатын Қазақстан Алтайының аумағы ерекше көңілге лайық. Өзінің бірегей жер бедеріне және биологиялық әртүрлілігі арқасында, аталған өңір «WWF Living Planet» Халықаралық Ұйым анықтаған екі жүз (200) басым глобалды экологиялық аймақтарға кіреді.
Облыстың өңірлеріне тән 5 басты туризм түрлерін ерекше атап өтуге болады:
- экологиялық туризм (Катонқарағай, Күршім аудандарында және Риддер қаласында);
- мәдени – танымдық (Семей қ., Абай және Ұлан аудандары);
- емдеу сауықтыру (Катонқарағай, Үржар аудандары);
- жағажай (Зырян, Ұлан, Күршім аудандарында);
- тау шаңғысы (Глубокое, Зырян аудандары және Риддер қ.);
- тар жұмыс істейді.
Туристік қызметтердің әлемдік нарықтарында облыстың тартымды туристік имиджін қалыптастыру және жылжыту мақсатында, жыл сайын ішкі туризм бойынша облыстық имиджді іс-шаралар өткізіледі, халықаралық туристік көрмелерге, жәрмеңкелерге, биржаларға қатыстырылады бірнеше тілде жарнама ақпараттық өнімдер шығарылады, республикалық бұқаралық ақпарат құралдары және туроператор өкілдері үшін ақпараттық турлар жүргізіледі.
Туристік кадрларды дайындау деңгейін арттыру мақсатында оқыту семинарлары, курстары өткізіледі. Шығыс Қазақстан облысында «Туризм» мамандығы бойынша 4 жоғары оқу орындары және 5 колледж «Туризм» және «Қонақ үй шаруашылығын және туристік кешендерді ұйымдастыру» мамандығы бойынша оқытады, сонымен қатар «Гидтер – экскурсия жетекшісі» мамандығы бойынша оқулар жүргізіледі.
Сондай – ақ туристерге қызмет көрсету және ауыл туризмін дамыту үшін қонақ үйлерді, кәдесый өнімдерін, азық-түлік сату арқылы жергілікті тұрғындарды тарту жұмыстары белсенді жүргізілуде.
Облыстың қолөнершілеріне және қолданбалы өнер шеберлеріне қолдау көрсету мақсатында демалыс базалары мен үйлерінде, қала саябақтары мен мұражайларында көрме-саудалар өткізіледі.
Туризмнің басым түрі, тұрақты дамудың факторы, экологиялық туризмді дамыту мақсатында, аса қорғалатын табиғат аумақтарында экологиялық бағыттар және соқпақтар, туристерді тарту мақсатында облыстың мәдени, тарихи, табиғи әлеуетін сақтауға және дамытуға мүмкіндік беретін трансшекаралық бағыттар әзірленіп бекітілген.
Жүргізілген талдау бірнеше проблемалық мәселелерді анықтады, олардың шешімі Шығыс Қазақстан облысында туризм индустриясын тұрақты дамыту – қойылған мақсатқа жетуге мүмкіндік береді:
- орналастыру объектілерінің, яғни қонақ үйлерінің, пансионаттардың, демалыс үйлері мен базаларының, сонымен қатар сауықтыру курорт мекемелерінің материалдық базасы тозудың жоғары дәрежесімен сипатталады;
- бүгінгі күні туристер үшін туризм масштабтары, түрлері, орналасу орындарының сапасы және оларды ұсыну халықаралық стандарттарға сай келмейді;
- туристік объектілері жоқ жерлерді және бағыттардың соңында туристерді орналастыру жағдайының болмауы;
- құнды және тартымды экскурсия объектілеріне немесе әдемі жер бедерлеріне апаратын көлік жолдарының нашар болуы немесе жоқ болуы;
- шалғайдағы аудандарда бағыттың өтуін бақылау және шұғыл жағдайда жедел көмек көрсетуге арналған сенімді мобильді байланыс үшін қаражат пен мүмкіншіліктің болмауы;
- экскурсия объектілері жағдайының нашарлығы қолайлы қарау алаңдарының, ақпарат қалқандарының, жабдықталған және қауіпсіз соқпақтардың, демалыс базаларының болмауы;
- Катонқарағай және Күршім аудандарындағы трансшекаралық бағыттардың даму проблемасы (шекара маңы зонасына рұқсатнама рәсімдеу тәртібінің ұзақтығы);
- рекреациялық зоналардың экологиялық жағдайы проблемасы (антропогенді жүктеме, жағажай зоналарының бұзылуы).
Туризмнің дамуына кедергі келтіретін негізгі проблемалардың бірі қызмет көрсететін салада мамандандырылған туризм кадрларының болмауы болып табылады. Бұл туризм индустриясы объектілеріндегі білікті мамандардың болмауы проблемасына ғана емес, сондай –ақ туризм саласы үшін кадрларды дайындау сапасына да қатысты.
Қызмет көрсететін саладағы төмен сапа, туризм индустриясы объектілерінде көрсетілетін қызметтердің төмен сапасына әкеледі. Сонымен қатар ауылды аудандардың жергілікті тұрғындары экономикалық пайда көрмейді және туризмнің дамуына қызығушылық білдірмейді.
Саланың даму жағдайын SWOT талдау:
Күшті жақтары
- Облыстың тиімді экономикалық – географиялық жағдайы;
- Жер бедерлерінің алуан түрлілігі, бірегей табиғи, мәдени және тарихи ескерткіштердің болуы;
- Отандық және шет елдер инвесторларының қызығушылығы;
- Туризмнің басым бағыттарын дамыту: экологиялық, емдеу-сауықтыру, мәдени-танымдық, жағажай, тау шаңғысы туризмін.
Әлсіз жақтары:
- Туризмнің дамыған инфрақұрылымының болмауы, оның ішінде туристік объектілерге апаратын жолдардың жамандығы;
- Білікті басқару және қызмет көрсететін қызметкерлердің болмауы;
- Өңірдің туристік өнімінің кәсіби маркетингінің болмауы;
- Туризмді қолдаудағы шектеулі қаржылық мүмкіншіліктер, өз қаражатының және инвестициялық ресурстардың тапшылығы;
- Туристік бизнестегі төмен кәсіби деңгей, көрсетілетін туристік қызметтер бағасына қызмет көрсету сапасы және деңгейінің сәйкес келмеуі.
Мүмкіндіктер:
- Туризмнің бәсекеге қабілетті инфрақұрылымын құру мүмкіндігі;
- Қосымша жұмыс орындарын құру арқылы халықты жұмыспен қамтамасыз ету;
- Кіру және ішкі туризм бойынша туристер ағымын, туристік қызметтердің көлемін, кірістердің өсуін, бюджетті көбейту.
- Шебер жоспар түрінде кең көлемді зерттеуді әзірлеу, облыстағы туризм кластерін құру және дамыту.
Қауіптер:
- Саланың тоқырауы;
- Қорғау шараларын қолданбаған жағдайда, қолданыстағы объектілері мен ресурстарды жоғалту қаупі;
- Туристік және көліктік инфрақұрылымды дамытудың жетіспеушілігі;
- Кадрлардың дайындығының, қайта даярлаудың және біліктілігін арттырудың нашар деңгейі және туризмнің ғылыми базасының болмауы;
- Әлемдік нарыққа облыс имиджінің қозғалысының жетіспеушілігі, Шығыс Қазақстанның туристік әлеуеті туралы жарнамалық ақпарат көлемінің жеткілікті болмауы.
- Туристік индустрияда ұсынылатын қызмет сапасының төмендігі.
- Бұқаралық және балалар-жасөспірімдер туризмінің нашар дамуы.
ШҚО аймағында туризмнің алуан түрлерін дамытуға мүмкіндік бар. Облыста 3,8 млрд. теңгелік 44 жобаны жүзеге асыру қолға алынды. Бұл қаржы жоспарланған нысандарды көтеріп, сервистік қызметтің сапасын арттыруға жұмсалмақшы.Табиғи жағдайының ерекшелігіне қарай альпинизм, тау туризмі, ат туризмі, спорттық балық аулау, аңшылық, танымдық т.б. туризмнің түрлерін дамытуға болады. ЮНЕСКО бойынша әлемдегі 200 табиғи эталон аймақтарының бірі ретінде АлтайСаян эко аймағы бөлінді.ШҚО-да туризмді дамытуға себеп оның керемет табиғаты. Атап айтсақ, аймақ табиғи қорықшаларға бай. Олар: «Алет», «Қаратал құмдары», «Құлжа», «Рахман қайнары», «Солдат панасы», «Тарбағатай», «Төменгі тұрғысын», «Үржар». Обылыс мәдениет және тарих ескерткіштеріне де бай.Олар жай ғана ескерткіштер емес, әлемдік маңызы бар тарихи орындар. Атап өтсек, «Синегорск» шоқ самырсыны, «Тархан» геологиялық қиығы, «Зайсан қазаншұңқырында» динозавр қалдығының табылған жері, «Көккөл сарқырамасы», «Берел қорғаны», «Ашутас», «Қиын Керіш», «Алаулы адырлар».
Облыста туристік саланы дамытуда көптеген іс-шараларда өткізілуде. Өскеменде Еуропадан келген туризм саласының мамандарымен халықаралық конференция өтіп, болашақта облысымызда туристік кешендерді дамытуға серіктес болмақ.
Облысымызға қызығушылық танытып келем деушілерге, Visiteast.kz сайты да ашылды. Отандастарымыз бен шетелдік қонақтар арнайы сайтқа кіріп, демалатын орындарын таңдау мүмкіндіктері бар.
Облысымызда туризмнің түрлерін дамытуға болатын орындар жеткілікті. Тек оның насихаттау, жүзеге асыруда атқарылып жатқан жұмыстар әлі аздық етеді. Мәселен, облысымызда танымдық – экскурсиялық туризмнің түрін дамытуға мәдени-тарихи ескерткіштеріміз көп. Атап өтсек, ерте заманнан қалған көне орындарға бай. Ұлан ауданында, Бозанбай ауылынан 15 км қашықтықта орналасқан Аблайкет – ғибадатханасы (1654 ж.), Абай ауданы Жидебайдағы Абай мұражайы және «Абай-Шәкәрім» мемориалды кешені, Шілікті қорымы (5–7 ғ.), «Қозы Көрпеш –Баян Сұлу» (9-10 ғ.), «Мұхтар Әуезовтің мұражайы», «Берел қорғаны» (3-4 ғ.).
Қазіргі таңда бәсекелес заманда әр ел экономикасын дамытуда көптеген жаңашыл дүниелер ойлап табуда. Біз бар байлықтарымыз бен жетістіктерімізді дұрыс көрсете білуіміз қажет.
Облыста туризмнің түрлері көптеп дамуда. Бірақ, туристерді бар байлықтарымызбен аса қызықтыра алмай отырмыз.
ШҚО-да туризмді дамыту жолдарының бағыттары:
- Жолды жақсарту;
- Сапалы қызмет көрсету;
- Жарнама түрлерін арттыру;
- Көрмелердің санын арттыру;
- Халықты өз өлкесін насихаттау мақсатында іс-шаралар өткізу;
- Оқушылар мен студенттер арасында туризмге баулу іс-шараларын арттыру қажет.
Облыста дамытуға болатын туризмнің түрлері:
- Тау туризмі оның ішінде: тау – шаңғысы, маутинбайк, альпинизм;
- Танымдық экскурсиялық: мәдени-тарихи ескерткіштер;
- Велотуризм;
- Ат туризмі;
- Су туризмі оның ішінде рафтинг;
- Этнотуризм;
- Жаяу туризм: треккинг;
- Спелеотуризм; 9.Экологиялық туризм;
- Емдік-сауықтыру туризмі;
- Балалар туризмі;
- Экстремальді туризм.
Қазіргі таңда осы туризмнің түрлерімен жұмыс жасап отырған туристік фирмалар мен демалыс орындары жетерліктей. Бірақ, әліде жақсарта түсу үшін, аудандарда демалыс орындары мен қонақ үйлер аз. Осыған қарамастан басқа елдерде«Гостевой дом» ұғымы кең таралуда. Ол дегеніміз аудан, ауылдардағы тұрғындар өз үйлерінен бөлме босатып, қонақтарды түнетуге және ақша табуға мүмкіндік бар.
Сонымен қатар, әрбір туристік фирма немесе демалыс орыны қызмет көрсету сапасын жақсартуда қызметшілерге бірдей униформа ойластырса, өз кәдесыйларын ойластырып тапса, тіпті басқа шет елден келушілерге Қазақстанның кәдесыйларын ойластыру.
Демалыс орындарында туристерді қызықтыру мақсатында әр түрлі сапалы маршруттар құрау. Туристерге күндізгі және кешкі уақыттарда анимациялық бағдарламалар ұйымдастыру. Өнімнің бағасы сапасына сай болу.
Облыста туризмді дамыту іс-шараларын насихаттау жұмыстарын көптеп жүргізу арқылы, жастарды жаңашыл идеяларға тарту аясында сайыстар өткізу.
Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді.
Туризм жеке және ұжымдық жетілдіру құралы ретінде жоспарлануы және тәжірибеде іске асырылуы тиіс демалыспен, бос уақытты өткізумен, спортпен, мәдениетпен және табиғатпен тікелей араласуға байланысты қызмет. Мұндай жағдайда, ол өз бетімен білім алудың, толеранттықты және халықтармен олардың әртүрлі мәдениеттерінің арқасындағы олардың өзгешеліктерін танып-білудің бірден бір факторы болып табылады.
Туризмнің жылдам және тұрақты өсуі, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық секторларымен қоғамның әл-ауқатына күшті әсерін назарға ала отырып, үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімдік даму бағдарламасында туристік саланы басымдық ретінде белгіледі.
Осы тұжырымдама туризм саласында тұтас мемлекеттік саясатты қалыптастыруда, Қазақстанда қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті туризм индустриясының құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздері қалыптастыруды көздейді.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Гуляев В.Г. Организация туристской деятельности. М.: «Нолидж», 1996.
- Браймер Р.А.. Основы управления в индустрии гостеприимства. М.: «Аспект Пресс», 1995.
- Маркетинг в турфирме. / Сост. Борисова Ю.Н. М., РМАТ, 1996.
- Экономика туризма. / Сост. Борисова Ю.Н. М., РМАТ, 1996.
- Шиповал Г.Ф. История туризма. – Минск: «Экспертиза», 1999.
- Квартальнов В.А. Основы менеджмента туризма. М.: РМАТ, 1996.
- Квартальнов В.А. Менеджмент туризма. М.: РМАТ, 1996.
- Уокер Д. Введение в гостеприимство. - М.: ЮНИТИ, 1996.
- Святославский А.В. Городская экскурсия. – М.: ЦПТК, 2001.
- Биржаков М.Б. Введение в туризм. – СПб.: «Герда», 2000.
- Чудновский А.Д. Гостиничный и туристский бизнес. М.: КМДС, 1998.
- Ердавлетов С.Р. География туризма. –Алматы, 2000.