Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақтың ұлттық ойындарының тәрбиелік маңызы

Тәуелсіздік алған егемен еліміздің қазіргі жағдайында халқымызды дене тәрбиесі оның ішінде ұлттық спорт пен ойындар арқылы салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру, денсаулығын жақсарту, бұқаралық спортты дамыту, салт-дәстүрді сақтау, елін-жерін сүюге тәрбиелеу жас ұрпақ тәрбиесінде өте өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл жұмыстарды іске асыру Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 30 қаңтар 2010 жылғы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген «Қазақстанда бұқаралық спортты дамытуды 2020 жылға дейін 30 пайызға көтеру қажет» деген тапсырмасын орындауға бағытталып отыр. Дене тәрбиесі басқа да тәрбие құралдары сияқты жас баладан бастап, барлық жастағы адамдар тәрбиесінде кеңінен қолданылады. Дене тәрбиесін игеру кезінде оның теориялық және тәжірибелік бағыттары негізге алынып, оқу-жаттығу жұмыстарының жоспарлары мен бағдарламалары түзіледі. Осы бағдарламалар негізінде педагогикалық жұмыстардың принциптері мен әдістемелері жасалады. Қазіргі дене тәрбиесі және спорт саласындағы қолданылып жүрген жаттығулар, ойындар, спорт түрлері бойынша отандық және шетелдік мамандар мен ғалымдар теориялық және педагогикалық бағытта үлкен зерттеулер мен ұсыныстар жасаған. Қазақ халқының көне ғасырлар қойнауынан бастау алатын ұлттық ойындары мен спорт түрлері бойынша осы кезге дейін ғылыми ізденістер аз жүргізіліп келді. Қазақстан Егеменді ел болысымен Республикада тұратын халықтардың төл мәдениетінің өркендеуіне үлкен жол ашып отыр.

Дәстүрлі халық мәдениетінің ажырамас бір бөлігі болып саналатын ұлттық ойындар мен спорттың қоғамдағы атқаратын пайдалы орнын анықтау, оны теориялық-педагогикалық тұрғыдан негіздеу, алдымен, ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің осы уақытқа дейін толыққанды тәрбие құралы ретінде танылмай жүрген олқылықтарын жоюға, оқу-тәрбие және спорттық жаттықтыру жұмыстарында басқа дене тәрбиесі құралдары сияқты өзіне тиісті орнын алуға жол ашады. Ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің жалпы педагогикада алатын орнын анықтау, қазақ халқының ұрпақ тәрбиесі ішінде дене тәрбиесіне өте үлкен мән бергендігін, оған ұлттық ойындарды ұтымды қолдана білгендіктерін көрсетіп, жалпы тәрбиенің сансаласына өзіндік үлкен үлестерін қосқан ойшылдар, ағартушылар еңбектерінің көп екендігін, оларға қазақ халқының руханитәрбие көсемдері Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет, Бұқар жырау, Тәуке, Әйтеке, Қазыбек, Төле билердің педагогикалық көзқарастары, оның ішінде дене тәрбиесіне байланысты еңбектері әлі зерттемегендігін атап өту керек. Сонымен қатар, этнопедагогикалық ойдың дамуына үлкен үлестерін қосқан ұлы ғұламалары ал-Фараби, А. Құнанбаев, Ш. Уалиханов, Ә. Диваев, С. Торайғыров, Ы. Алтынсарин, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Х. Досмұхамедов т.б. халқына тәрбие құндылықтарын, оның ішінде дене тәрбиесіне байланысты айтқандарын ашу да осы еңбектің өзектілігін айқындайды.

Қазіргі заман талабына сәйкес дене тәрбиесі және спорт саласында ұлттық ойындар мен спорт түрлерін ұтымды қолдана білу жолдарын қарастыру, тарих толқынында жоғалған, шеттетілген, ұмытылған дәстүрлі ұлттық ойындарымызды халқымыздың мәдени, рухани құндылықтары негізінде қайтадан қалпына келтіру де осы жұмыстың өзекті тақырыбы болып саналады.

Қозғалмалы ойындар мен спорттық ұлттық түрлерін дене тәрбиесі сабақтарында жүргізу мен ұйымдастырудың ғылыми әдістемесіне тоқтала кетсек. Қозғалмалы ойындар мен эстафеталарды жүргізу үшін төмендегі үлгіні қолдануға болады:

  • ойын таңдауы ең алдымен сабақ алдында қойылған міндетке байланысты (осы жерге сабақты жүргізу орны мен инвентарьді даярлау, алаңды даярлау кіреді);
  • ойын мен эстафетаны түсіндіру; ойындар көп жағдайда түсіндіру дәрежесіне тікелей байланысты неғұрлым ойын мақсатын дұрыс түсіндірсе, соғұрлым жақсы өтеді. Ойын түсіндіруге байланысты, түсіндіру қысқа да нұсқа болу тиіс.

Ойынды түсіндіру.

Ойынды түсіндіру кіші мектеп жасында толығымен жүзеге асырылу керек, түсіндіру логикалық және шартты болу керек.

Төмендегі мазмұнды жоспарды ұстану ұсынылады:

  • ойын атауы;
  • ойыншылар ролі мен олардың орын алуы;
  • ойын барысы;
  • мақсаты;
  • ережелер.

Ойынды түсіндіру барысында оқытушы ойыншыларды сапқа тұрғызу керек. Ойын барысында жүргізу талап етіледі. Жүргізушілерді сан қилы әдістермен анықтауға болады:

  • әдіс оқытушы еркі бойынша тағайындалады (осы әдіс жаттығушылар бір-бірін аз таныған жағдайда немесе мүлдем танымаған жағдайда қолданылады);
  • әдіс жеребе бойынша (есептеу, сан қилы балалық есептеуіштер, нысананы көзде және т.б.);
  • әдіс ойыншылар таңдауы бойынша;
  • әдіс алдыңғы ойындар нәтижесі бойынша болады.

Осындай барлық әдістерді алдына қойған міндеттерге, шарттарға, ойын сипатына және ойыншылар санына байланысты алма-кезек пайдаланып отыру керек.

Ойыншылардың топтарға бөлінуі:

  • басқарушы ойынша (топтарды күш бойынша құу керек кезде, аз уақыт кезінде және кіші мектеп жасындағы оқушылармен);
  • есептеу бойынша;
  • фигуралық маршировка тәсілі бойынша;
  • келісу арқылы;
  • капитандарды анықтау бойынша;
  • тұрақты топтардың болуы.
  • капитанды тағайындау:
  • ойыншылардың өздері анықтайды;
  • басқарушы таңдауы бойынша болады.

Ойын процессімен басқару:

  • ойынды оның басын созбай ұйымдастырылған күйде бастау керек. Кешіктіру жаттығушылардың ойын алды күйін төмендетіп, ойынға деген дайындығын жоққа шығарады. Кешіктіру тек топтарға алдын ала топтағы келесі әрекеттерді талқылау керек кездерінде ғана бола алады. Ойын арнайы шарттан мысалы, ысқыру немесе қомен шапалақтаған сәттен немесе т.б. әдістерден басталады. Сан қилы командалар мен сигналдарды қолдану ұсынылады, мұндай жағдайларда ойыншыларды сан қилы бұйрықтарға нақтылық пен жылдамдық қалыптастырылады. Ойын басының әдісі турады нақты түрде хабарланады.
  • Ойын басталған сәттен кейін ойын барысы және ойыншылар мінезі мен олардың әрекеттерінің бағыттылығына назар аударып отыру керек. Ойынды жүргізу барысында балаларды саналы түрде ойын ережелерін сақтауды үйрету керек. Ойын барысында ескертулер жасауға болады. Бірақ бірнеше бала қателік жасаған кезде, басқарушы ойынды айқаймен емес «Назар аудар!» командасы немесе ысқырықпен тоқтатады. Ойын процессі барысында ойыншылардың шығармашылық инициативтілігіне жол беру қажет. Ойынмен ол қандай да қанағат әкелетіндей басқару керек. Ол ойыншылар ойын барысында барлық шығармашылық белсенділігін, инициативтілігін танытқан кезде ғана жүзеге асырылады. Балаларда ойынға деген қызығушылық тудыру керек. Ол үшін балалардың қызығушылықтары мен шамасына қарай; көңіл-күйі мен тілектеріне қарай; ойынмен педагогикалық тұрғыдан дұрыс басқарып, ал кей жағдайда ойынға қатысып отыру керек. Ойын процессінде ойыншылардан саналы тәртіп сақтау мен ережелер мен міндеттерді адал ұстануды талап ету керек.

Жастар мен жасы үлкен тұрғындарына арналған қозғалмалы ойындар ұйымдастыру. Қозғалмалы ойындар кезінде төрайымдылық ұйымдастыру төмендегідей жұмыстардан тұрады: а) Төрайымдылық негіздері. ә) Ойын кезіндегі жүктеме деңгейі. б) Ойын нәтижесін шығару Төрайымдылық. Кез келген ойын объективті төрайымдылықты талап етеді. Ойынды қатал бақыламаған кезде және оған барлық назар аудармағн кезде, ойынның барлық педагогикалық құны жоғалады. Объективті және қатал төрайымдылық әсіресе топтар жеңіске деген қызығушылығы бай қалқан кездегі ойындар топтарға бөлініп, ойын жарыстық сипатқа ие болған кезде маңызды болады. Сот төрайымы топтардағы қатысушылар саны және күші жағынан сонымен қатар қолданылатын инвентарьдің тең келуін қадағалау керек. Объективті және әділ бағалау үшін ыңғайлы орын табу маңызды. Сот төрайымы ескертулерді корректілі жасап, ешбір жанжалдасуға түспеу керек себебі сот төрайымынан ойыншылардың мінезі тікелей байланысты болып тұрады. Қозғалмалы ойындардағы дұрыс төрайымдық балалардың бойында сот төрайымы және ойын ережелеріне деген адалдықты қалыптастыруға жол береді.

Ойын кезіндегі жүктеме деңгейі.

Ойынды бастамас бұрын алдын ала жасалған жұмысының сипаты мен балалардың көңіл-күйін ескерген жөн. Егер ойын көптеген физикалық немесе ойлауды күштерін талап еткен жұмыстардан кейін жүргізілген кезде, аз қозғалмалы ойындарды ұсыну керек. Сабақ барысында жоғары интенсивті ойындарды аз қозғалмалы ойындармен алмастырып отыру міндетті. Ойын барысында ойыншылардың эмоционалды күйі жоғарлаумен қатар ауырт-пашылық деңгейі де жоғарлайтынын естен шығармау керек. Ойыншылар өз күштерін жоғары бағалап, шаршауды сезбейді. Ауыртпашылықты өзгертуің бірнеше әдістемелік тәсілдері бар:

  • ойын барысында қысқа үзілістерді жасап отыру;
  • ойын созылмалығын қысқарту;
  • қайталау жиілігін тоқтату;
  • ережелер санын қысқарту;
  • ойын темпін бәсеңдету;
  • қозғалыстар интенсивтілігін босату;
  • көлем мөлшерін қысқарту.

Осы тәсілдерді қолдана келе ауыртпашылықты жоғарлату мүмкін. Уақыт өте жүргізушілерді ауыстырып отыру ұсынылады. Жеңілгендерді ойыннан шығармай, тек олардан қандай да ұпайларды алған жөн болады. Таза ауада ойындарды жүргізу барысында ойыншылар организміне деген физиологиялық әсер жоғарлай түседі.

Ойын аяқталуы.

Ойын созылмалығы ойын сипатына, жаттығушылар құрамына, қатысушылар санына, олардың жасына, ойын мазмұнына, және басқарушы тәжірибесіне тәуелді болады. Ойынды қатысушыларға төмендегідей әсер етулер байқалған кезде тоқтату ұсынылады:

  • көптеген қатысушылармен ойын ережелерін бұзу;
  • шашыранды зейін;
  • жаттығуларды орындаудағы нақтылықсыз;
  • қызығушылықтың төмендеуі;
  • мақсатқа жетуге деген ынтаның жетіспеуі;
  • қатысушылардағы жиі тыныс алудың байқалуы.

Ойын аяқталу жөнінде 1-2 минут бұрын ескерту керек. Ойынның аяқ астынан тоқтатылуы балалар бойында жағымсыз реакцияны тудырады. Ойын нәтижелерін шығару (ойын нәтижесі, ойынды талдау).

Ойынды талдау барысында ойыншылардың өздері қатысқаны міндетті. Еш уақытта ойыншылардың сот төрайымымен жанжалдасуға жол беруге болмайды.

Ойын аяқталған кейін басқарушы ойын нәтижесін жариялайды.

Ойын нәтижесі:

  • нақты нәтижелерден
  • ойын талдауынан тұрады.

Басқарушыларға, тәжірибешілерге және студенттерге бірнеше ұсыныстар:

  • меңгермеген ойынды жүргізсеңіз.
  • ойынның қатал ережелерін ұстануды қадағалаңыз. Шыдамдылық, батырлық жақсы қасиеттер, бірақ аса күшті ойыншыларға өздерінің «менін» көрсетіп, басқа ойыншыларды «басуға» жол бермеңіз. Топтарда «Біреу барлығы үшін, барлығы біреу үшін» атты заң жүзеге асырылады. Бір ойыншының жеңілуі топ жеңілуін көрсетпейді. Ойын қандай да қатал жағдайлар болмасын нәтижесіне дейін жалғаса береді. Әр топ, әсіресе жеңілген топ, қарсылас топ күштерін бағалап, сот төрайымын оның еңбегі үшін вахтерін айтады.

Кез келген ойында жеңілгендерді ойыннан шығармай, тек олардан ұпайларды алу тәсілімен жазалауды қолдану керек.

Жаттығушылардың сүйікті ойындарын жақсы есте сақтап, ойындар мен мейрамдарды ұйымдастыруға ат салыстыру керек. Оны ең алдымен барлық отряд, сынып, топта қолданбас бұрын бірнеше балалармен жүзеге асыру керек. Ойын аяқталуында ең жақсы ұйымдастырушыларды және олардың көмекшілерін атап өтіп, қалған қатысушыларды өз қабілеттіліктерін жетілдіруге баулу керек. Кіші балалармен ойындарға қатысу мүмкіндігінен айырыл маңыз. Жеткіншектерге өздерін тәрбиеші ретінде қабылдау ұнайды.

Әрбір ұлттық ойындардың пайда болу ерекшелігі сол халықтың басынан кешірген тарихи әлеуметтік, шаруашылық, қоныстанған жерінің табиғи ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі болып келеді. Осыған байланысты түркі халықтары арасында ұлттық ойындар ұқсастығы жиі кездеседі. Оған мысал ретінде көкпар тарту, қыз қуу, аударыспақ, бәйге, күрес, садақ ату, т.б. түрлерінің қазақ, қырғыз, өзбек, түркімен, татар, бурят, т.б. көптеген халықтар арасында таралуын алуға болады.

Қазақ халқының ұлттық ойыны болып табылатын қазақ күресі, ат спорты, тоғызқұмалақ, саятшылық түрлері қазір ұлттық ойын түрлерінен халықаралық жарыстар өтетін спорт түрлеріне айналды.

Енді осы ұлттық ойындардың спорт түрлеріне айналуына қандай алғышарттардың әсер ететіндігін қарастырамыз. Жалпы қандай да болмасын халық арасында таралған ойынның спорт түріне айналуы үшін төмендегідей жағдайлардың болуы қажет. Оларға:

  • спорттық ойын түрінің бекітілген ережесінің болуы;
  • мемлекеттік дәрежедегі спорттық мекеменің сол спорт түрін танып, жарыс күнтізбесіне енгізуі;
  • спорт түрін дамытуға арналған қоғамдар немесе федерацияның болуы.

Қазіргі замандағы ең үлкен және өзінің дүниежүзілік елдер арасында маңыздылығымен ерекшеленетін спорттық жарыстар қатарына Жазғы және Қысқы Олимпиадалық ойындар енеді. Осы олимпиадалық жарыстарды ойындар деп атау оның тарихының көнелігін көрсете отырып, олимпиада ойындары бағдарламасына енген спорт түрлерінің барлығының кезінде белгілі бір халықтың арасында болған ұлттық ойын түрі екендігін көруге болады.

Ұлттық дене тәрбиесі деп халықтың (этностың) тарихи-әлеуметтік өмір сүру ерекшелігіне байланысты қалыптасқан адам денсаулығын шынықтыру, жетілдіру мақсатында ұлттың тарихи жинақтаған дене жаттығулары түрлері мен әдістемелерін айтады дедік. Дене мәдениеті жалпы ұлттық мәдениеттің бір бағыты болып саналады. Ұлттық дене тәрбиесі құрамына: ұлттық ойындар, ұлттық спорт және халықтық дене жаттығулары енеді.

Ұлттық ойындар дене тәрбиесінің құралы болып саналады. «Ұлттық ойындар – ежелгі заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын сауық түрлері. Ұлттық ойындарды меңгеру барысында балалар мен жасөспірімдер әртүрлі жаттығулар жасау арқылы денесін шынықтырады, ой-өрісін дамытады. Қазақтар ұлттық ойындарды дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде дамытып отырған.

Ұлттық ойындардың негізі, оның шығу тегі көшпенді шаруашылық қаракеттерден басталады. Ойындардың басты тәрбиелік мәні – болашақ ұрпақты келешек кәсіптерге баулу, мамандандыру, яғни олар дәстүрлі ұлттық педагогиканың бір саласы болып табылады» деп Қазақ энциклопедиясында анықтама береді.

Ұлттық спорт туралы анықтама осы кезге дейін қалыптаспаған. Біз өз тарапымыздан ойынның ұлттық спорт түрі болып танылуы үшін төмендегідей шарттардың болуы қажет деп санаймыз: халықтардың тарихи қалыптасқан дәстүрлі ойындарының спорт түрі болып танылуы үшін, осы ойын түрінің республикалық дәрежедегі федерациясының болуы, ережесінің бекітілуі және осы ойын түрінің республикалық спорттық жарыстар күнтізбесіне енгізілуі спорт түрі болып саналуына негіз бола алады деп санаймыз. Дене тәрбиесі және спорт саласында спорт түрлері мен ойындарды, жаттығуларды жүйелеу, оларды топтарға бөлу, атау беру жиі қолданылады. Осылай жасау алдымен жаттықтырушылар мен педагогтар даярлау жұмыстарында, спорттық жарыстар өткізу кезінде, заңдар мен шешімдер қабылдауда, спорттық арбитраж жұмыстарында бірізділікті қамтамасыз етіп, мамандар арасында ортақ түсіністік қалыптастырады.

Қорытындылай келе, Ұлттық ойындар мен спорт түрлері де қазақ халқының сан-салалы мәдениетінің бір түрі ретінде даму тарихы өте ерте уақыттан бастау алатындығын көруге болады. Осы деректерге сүйене отырып ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің теориялық және педагогикалық негізі өте көне уақыттан бастау алады деп тұжырым жасауға болады. Археологиялық қазбалар нәтижелері тарихи деректер бойынша ойындар тас ғасырларынан бастау алып, алғашқы қауымдық құрылыстан бастап адамдарды тәрбиелеу құралы ретінде көрініс бере бастайды;

Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, ерекшелігі адамдар денсаулығына және оның мықты, күшті болуына үлкен талап қойғандығын көреміз. Осындай өте үлкен дәрежеде мән беру үшін және оны іске асыру үшін халық арасында арнайы жаттығулар мен ойындар жүйесінің қалыптасуы қажет болды, яғни ұлттық ойындар мен арнайы жаттығулар осы талаптарды іске асырушы жүйе болып саналды. Сондықтан қазақ халқының арасында дене тәрбиесіне бағытталған арнайы жүйе болған деп айтуға толық дәлел бар. Ұлттық ойындар мен спорттың ғылыми-педагогикалық негізінің қалыптасып, ғылыми айналысқа енуі Қазақстан тәуелсіздік алуы уақытынан бастау алады деп тұжырым жасауға негіз бар. Өйткені, қазақ халқының арасында ұлттық ойындардың спорт түріне айналуына себепші болған және спорт ойындарының негізгі бір талабы болып саналатын жүлде беру салтының болуы. Ерте уақыттан бастап қазақ халқы арасында өткізілген қандай да болмасын жарыстар, ас беру, тойларда жеңген жаққа жүлде тағайындау оны салтанатты түрде беру сияқты дәстүр қалыптасқандығы негіз бола алады.

Қысқасы, қазақ сөзінің түбірі «қаз» тұру, тік тұру, мықты, берік тұруды білдіреді. Кішкене балалар жүруге ұмтылып аяғын тәй-тәй басып келе жатқанда қазақтар «қаз, қаз», «қаз тұр» деп тікесінен тік тұрғызады. «Қаз» -ға қосып айтылатын «ақ» сөзі – күшейтілген жалғау екендігін академик атақты тарих ғалым Ә. Марғұлан дәлелдейді. Осы деректерге сүйене отырып, біз қазақ халқы оның тұрмыс-тіршілігі, ерекшелігі адам денсаулығына, оның мықты, күшті болуына үлкен мән бергендігін көреміз. Адамның мықты, күшті болуына осындай үлкен дәрежеде мән беру, тіпті бір этностың атын қою үшін және оны іске асыру үшін халық арасында күшті арнайы жаттығулар мен ойындар жүйесінің қалыптасуы қажет болды, яғни ондай жүйені қазақтар пайдаланды деп айтуға толық дәлел бар.сонымен қоса, бұл болашақ ұлттың тағдырына тікелей әсер ететін ұрпақ тәрбиесінде үлкен маңызға ие деп айтуға әбден болады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Төтенаев А.Г. Қазақтың ұлттық ырықты және спорттық ойындары. – Алматы: «Мектеп», 1995. – 83 б.
  2. Харабуги Л.М. Теория и методика физического воспитания. – М.: «Ф и С», 1991. – 58 с.
  3. Ляха В.И. Физическое воспитание учащихся. – М.: Академия, 2001. – 9 с.
  4. Төтенаев А.Г. Салт-дәстүрлер мен әдетғұрып. – Алматы: РИК, 1996. – 40 б.
  5. Левшин А.И. Подвижные игры: учебное пособие для инвалидов. – М.: «Физкультура и спорт», 1974. – 208 с.
  6. Клещев Ю.Н. Спортивные игры: учебное пособие для вузов. – М.: «Высшая школа», 1980. – 142 с.
  7. Төтенаев А.Г. Спорттық Қазақстан. – Алматы: Қазақстан, 1969. – 260 б.
  8. Төтенаев А.Г. Наурыз: жаңарған салтдәстүрлер мен әдет-ғұрыптар. – Алматы: РИК, 1996. – 40 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.