Бүгінгі студент ертеңгі маман. Оқыту үрдісін басқарудың педагогикалық-психологиялық мәселелерін анықтауда педагог пен оқушылардың арасындағы қарым-қатынастарды ұйымдастыру мұғалімнің теориялық білімінің болуын қажет етеді. Болашақ маманның кәсіби педагогикалық функциялары: конструктивтік, ұйымдастырушылық, қарым-қатынастық, дамытушылық, ақпараттық, зерттеушілік. Жоғары оқу орнында дайындықтан өткен мамандардың білімі жоғары дәрежеде болуы керек. Өйткені, бұл талап әрбір мамандық бойынша білім беру мазмұнын салыстырмалы түрде біртұтас білім саласы ретінде анықтауы керек. Білім берудің күрделі мазмұнын меңгеруде, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың қазіргі кездегі ұстанымдарын жүзеге асыруда, педагогикалық үрдіс, яғни, оқытушылар мен студенттердің өзара байланысқан және өзара келісілген іс-әрекеті басты міндет атқарады. Сондықтан, қазіргі кездегі жоғары білім беру алдында студенттер мен оқытушылардың жұмыстарының түрлері мен әдістерін жүзеге асыру мәселесі тұр. Бүгінгі таңда еліміздің білім беру саласында бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу үшін маңызды міндеттерді шешуге бағытталған күрделі бетбұрыс жасалуда. Мұғалімнің кәсіби мүмкіндігі оның бойындағы өзін-өзі дамытып отыру дайындығына тікелей байланысты. Бұл мәселеге әлеуметтікпедагогикалық тұрғыдан келу үшін мұғалімнің субъект ретіндегі алдына қойған міндеттерін орындауға деген әзірлік деңгейіне көз жеткізу қажет. Әрине, оның кәсіби өсуі жеке тұлға ретіндегі ерекшелігіне әбден қатысты. Сондықтан бұл жерде даралық-тұлғалық қалыптасу, іскерлік-әдістемелік жетілдіру, кәсіптік-пәндік білімін толықтыру компоненттерінен өз қажеттілігін тани алу мүмкіндігі туады. Бұл жердегі «өз қажеттіктерін сезіну» кәсіби қызметтің негізі. Өйткені, ол өзінің әлеуметтік бар мүмкіндігін дамытудың жолдарын білу деген.
«Еліміздің саяси, экономикалық, мәдени, қоғамдық өміріндегі өзгерістерге сай жоғары оқу орындарының үлкен жауапкершілікті сезініп, білікті, өз ісінің шебері, бәсекеге қабілетті, кең ауқымды, жан-жақты дамыған маман дайындауға ұмтылуы, өзінің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының мазмұны мен сипаттарының өзгеруіне және еңбек сапасына талаптың жоғарылауына байланысты өз ісін жетік білетін, кәсіби білігі мол мамандарды қажет етеді». Кәсіби білімді маманның құзіреттілігі сол маманның жеке тұлға ретіндегі қасиеттерінің және ішкі психикалық жағдайларының күрделі жүйесі, оның кәсіби қызметі мен қабілетін іске асыру.
Құзіреттілік – қызмет атқарушының жеке мүмкіншілігі оның квалификациясы (білімі мен тәжірибесі), шешім кабылдай алуы немесе белгілі бір білім мен дағдыларына сәйкес шешім қабылдауы. Құзіреттілік жеке тұлғаның теориялық білімі мен практикалық тәжірибесін белгілі бір міндеттерді орындауға даярлығы мен қабілеті. Ол жансыз жаттанды білім түрінде емес жеке тұлғаның танымға, ойлауға қатысын және әрекетке, белгілі мәселелерді ұсынып, шешім жасауға, оның барысы мен нәтижелерін талдауға, ұдайы түрде ұтымды түзетулер енгізіп отыруға деген икемділігінің белсенділігінен көрінеді.
Құзіреттілік бірінші орынға білімгердің ақпаратты сауаттылығын емес, оның мәселені дұрыс шеше білу қасиетін қояды. Егер болашақ педагогтың құзыреттілігінің қалыптасуын орта кәсіби білім беру жүйесінің аумағында қарастырсақ, онда білім, білік, дағды мүмкіншілігі, яғни, бір сөзбен педагогикалық қызметке маманның қаншалықты дайын екендігі туралы айтуға болады. Кәсіби құзіреттілік деп педагогтың жеке бас сапалары мен оның психологиялық-педагогикалық және теориялық білімінің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арнада тоғысуы деуге болады. Болашақ маман өз ісінің шебері, жақсы мұғалім болу үшін мамандығына қажетті қабілеттерді және жалпы әлемдік мәдениетті, өз елінің мәдениетін, қарым-қатынас мәдениетін, тіл мәдениетін кіші.
Жоғарыда аталған міндетті шешу жә-игеріп, интеграциялық үрдістерді меңгеріп, әлемдік білім кеңістігінің өресінен шыға алуға талпынуы керек.
Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру жеке шығармашылық қабілетті дамытуды, педагогикалық инновацияларды дұрыс қабылдауы, күнделікті өзгеріп жататын педагогикалық ортаға тез бейімделуді қажет етеді.
Болашақ маман дайындау мәселесі оның тұлғалық сапалары мен қасиеттерін қалыптастырудың маңызын көрсетеді. Тұлғалық-бағдарлық бағытта білім беру нәтижесі білім, біліктілік және дағды жүйесінде, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесіне және эмоционалды көңіл-күйді көрсете білуге, ерікті қарым-қатынасқа педагогикалық бейімделген тұлғаны қалыптастыру ретінде түсіндіріледі.
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда педагогикалық практика үлкен рөл атқарады. Педагогикалық практиканы өту кезінде студенттің педагогикалық іскерлігі мен дағдылары жылдам қалыптасады. Оның шығармашылық және педагогикалық құбылыстарды зерттеуге деген қабілеті дамиды, педагогикалық шеберліктің негіздері қаланады. Мұғалім кадрларын кәсіби оқыту жүйесінде педагогикалық практика өте маңызды орын алады. Ол жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үрдісінің басты бір бөлігі болып табылады да, болашақ мұғалімдердің теориялық дайындығы мен практикалық іс-әрекетін біріктіруін қамтамасыз етеді. Педагогикалық практика үрдісінде келесі міндеттер шешімін табады:
- студенттерді мұғалім мамандығына деген қызығушылық пен сүйіспеншіліктің тұрақтылығына тәрбиелеу;
- нақты педагогикалық міндеттерді шешу барысында психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерді пайдалану үрдісін тереңдету, бекіту;
- болашақ мұғалімдердің кәсіби іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту: педагогикалық қызметке шығармашылық, зерттеушілік ыңғайға бейімдеу.
Педагогтың кәсіби – құзыреттілігі - өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие көрсетне қазіргі кезде білім берудің мемлекеттік стандарттарының жасалуы, оқушылардың стандарт деңгейінен кем емес білім алуының талап етілуі оқытудың дәстүрлі әдіс тәсілдерін өзгертіп, озық технологияларды қолдануды, мұғалімдердің әдістемелік даярлықтарына қойылатын талаптар деңгейін көтеріп, олардың оқытудың жаңаша әдіс тәсілдерін, жаңа технологияларын меңгеруін қажет етеді.
Ал, жаңа технологияны меңгерудің қажетті шарттарының бірі – мұғалімнің кәсіптік білімін жетілдіру болып табылады. Мұғалімнің өздігінше кәсіби білім көтеруі
- жалпы мәдениет пен кәсіби тілектерін өтеу, танымдық мүддесін қанағаттандыру мақсатында арнайы жүйелі түрде ұйымдастырылған, жан – жақты, жеке және кәсіби маңызды танымдық қызмет. Бұл мұғалімнің шығармашылық қабілеті мен кәсіби шеберлігінің қалыптасуына тығыз байланысты, оның кәсіби өсуі мен педагогикалық қызметінің қорытындысына тікелей бағытталған көп сатылы қызмет болып табылады. Түптеп келгенде, бул тәрбиеленушілердің жеке тұлға болып қалыптасуына игі әсерін тигізері сөзсіз. Мұғалімнің өз бетімен кәсіби білім жетілдіруге дайын болуы білім жетілдіру қызметін жүзеге асыру үшін қажетті іс әрекет пен амалдарды қолдана отырып, өз кәсібі мен тәрбиеленушісіне деген эмоционалды бағалау қарым – қатынасын айқындайтын деңгейі арқылы анықталады. Өзі жеке тұлға болып қалыптасқан адам ғана езгеден де соны керіп, дамыта алады. Өзін маман әрі жеке тұлға ретінде көрсете алатын мұғалім еш уақытта өзінің жақсы қасиет, қабілеттерін саналы түрде дамытып, жетілдіруден жалықпайды. Жеке тұлғаның өз «менін» қалай көрсете білуі, оның қаншалықты саналылығын және жетілу деңгейін байқатады. Педагогикалық рефлексия – бұл тек өзіне және өзінің іс әрекетіне баға беру ғана емес, сонымен бірге педагогикалық, қарым
- қатынасқа түскен өзге жандардың да өз - өздерін қалай түсінетіндіктерін байқау, өзін өзі тану, өзінің әлсіз жақтары мен потенциалдық мүмкіндіктерін аша білу үшін қажет.
Өзіндік талдау жасаудың маңызы мұғалімнің мінсіздікке жетуге ұмтылу факторы ретінде қаралатындығыда. Өзін өзі тексеру деп мұғалімнің өз іс-әрекеті мен жалпы педагогикалық қызмет құбылыстарын салыстыра отырып, өзінің педагогикалық, қызметіне жасаған талдауын айтуға болады. Өз кызметіне талдау жасап отыру мұғалімге қызмет бабында туындап отыратын қиындықтарды сезініп, оларды шешудің мақсатқа жеткізер кәсіби жолдарын табуына көмектеседі. Қиындықтар мұғалімнің дайындық сипатының жеке ерекшелігіне, оның кәсіби бағыттылығына, сынып пен жеке балалардың ерекшеліктеріне байланысты педагогикалық процестің кез келген буынында пайда болып отырады. Қиындықтардың туу себептерін анықтай білу мұғалімге өзінің педагогикалық қызметінің барысында өз білімін жетілдіру мен өзін өзі тәрбиелеу жолдарын белгілеуге жәрдемдеседі. Педагогтың өз бетімен білім жетілдіру қызметі әр түрлі мазмұндық және функционалдық құрамдас бөліктерден тұрады. Мазмұндық құрамдас бөлікке жалпы мәдениеттілік, пәндік, психологиялық – педагогикалық және әдістемелік жағынан өз білімін көтеруі жатады. Педагогтың жалпы мәдениеттілік білім көтеруі жалпы педагогикалық құндылыққа толы ақпаратты қабылдау, соған ие болуға арналған. Ал, өз білімін психологиялық – педагогикалық жағынан көтеруі – педагогикалық және психологиялық әдебиеттермен тереңірек танысып, оқып үйрену болып табылады. Осы бағытты арнайы зерттеу мен одан алынған нәтижелерге сүйене отырып, бұл аспектінің бі-лім көтерудің өте бір әлсіз буыны екеніне көзіміз жетті.
Мұғалімнің әдістемелік жағынан білім көтеруі пәннің оқытылу әдістемесін одан әрі тереңдету, нақтылау, өңдеу, кеңейту болып табылады. Бұл арнайы әдістемелік әдебиетті, оқулықтарды, педагогикалық тәжірибені оқып үйрену арқылы, өз кызметін талдап қорыту арқылы жүзеге асырылады. Бұл бағыт көптеген мұғалімдерде жиі байқалады, бірақ барлық жағдайда бірдей алынған ақпарат саналы түрде шығармашылық тұрғыдан өңделмей, сын тұрғысынан талданбай, тек еліктеушілік сипатта қала береді. Кәсіби шеберлігі шыңдалып қалыптасқан мұғалім үшін бұл да оның өмірінің кәдімгі үйреншікті тірлігіне айналады. Кәсіби перспективтік өздігінше білім алу бұл мұғалімнің өзінің педагогикалық қызметінің нәтижесін талдау негізінде пайда болған белгілі бір психологиялық педагогикалық немесе әдістемелік мәселе төңірегінде ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуі. Өзектілік тұрғысынан педагогикалық өздігінше білім алу дегеніміз бұл тез шешім қабылдауды қажет ететін педагогикалық қызметтегі кейбір елеулі, маңызды, бірақ жекелеген қиындықтармен жұмыс. Жас мұғалімдердің ұстаздық қызметке тән іс-әрекеттің негізгі түрлерін (құрамды бөліктерін) жете меңгере алмағандығын ерім көрсетіп отыр.
Оған мыналар жатады:
- ұстаз қызмегіңдегі мақсат қоя білу ісі;
- білімнің мазмұнын игеру ісі;
- оқушылардың білім алуға деген мүмкіндіктері мен психологиялық ерекшеліктерін анықтау (диагностикалау) ісі;
- сабақ өткізудің әдістемелік жагын ұйымдастыра білу ісі;
- оқушылармен жақсы қарым – қатынас жасай білу ісі (коммуникативтік әрекет);
- оқушыларды білімге ынталандыру, қызықтыру іс-әрекеті;
- оқушылардың білім, дағдыларын бақылау және бағалау іс-әрекеті.
Жас мұғалімдердің қызметінде кездесетін дидактикалық қиындықтардың көбірек орын алатындары мыналар:
- оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық әрекетін, логикалық ойлау қабілетін қалыптастырудағы қиындықтар;
- оқушылардың оқу әрекетінің дағдыларын қалыптастырудағы қиындықтар; дарынды балалармен және үлгермейтін оқушылармен жекелеп жұмыс істеудегі қиындықтар.
Мұғалімдері қандай болса, қоғамы да сондай деген бұлжымас заңдылық ерте уақыттардың өзінде-ақ белгілі болды. Адамзат өркениетінің даму тарихында жақсы мектебі мен мұғалімдері бар мемлекеттер ғана алға озып шыққан. Мұғалімнің рөлін төмендету қашанда болмасын мемлекетті аздырып, әдет – ғұрыптарды нашарлататын қынжылтарлық жағдайлармен аяқталып отырған.
Алғашқы талап педагогикалық қабілеттіліктің болуы оқушылармен жұмыс жүргізуге бейімділіктен; балаларға сүйіспеншіліктен; олармен қарым – қатынаста қанағаттанудан кернетін тұлғалық сапа. Мәселен, В.А. Сластенин қабілеттердің мынадай негізгі топтарын бөліп көрсеткен:
- Ұйымдастырушы: мұғалімнің оқушыларды топтастыра алуы, оларды іске араластыру, міндеттерін бөліп беру, жұмысты жоспарлау, атқарылған істің қорытындысын шығару және т.б. біліктерінен байқалады.
- Дидактикалық: оқу материалын көрнекілік, құрал – жабдықтарды іріктеу және дайындау; оқу материалын ұғынықты, анық, мәнерлі, сенімді және бірізділікпен баяндау; танымдық қызығушылықтар мен рухани қажеттіліктердің дамуын ынталандыру, оқу танымдық белсенділігін арттыру және т.б.
- Рецептивтік: тәрбиеленушілерін рухани әлеміне ене алу, олардың эмоциональдық көңіл – күйін объективті бағалау, психика ерекшеліктерін анықтау біліктерінде көрініс береді.
- Коммуникативтік: мұғалімнің оқушылармен, олардың ата-аналарымен, әріптестерімен, оқу орнының жетекшілерімен педагогикалық мақсатқа сәйкес қарым – қатынастар орната алу білігінен байқалады
- Суггестивтік: оқушыларға эмоциональды – еріктік ықпал жасаудан корінеді.
- Зерттеуіштік: педагогикалық ситуациялар мен процестерді танып білу және объективті бағалау білігінен көрініс береді.
- Ғылыми – танымдық: мұғалімнің педагогика, психология, әдістеме салаларындағы жаңа ғылыми білімдерді меңгеруге қабілеттілігіне саяды. Педагогикалық кабинеттерді (талант, икемділік, бейімділік) педагогикалық алғышарты деп есептеуге тура келеді, алайда олар тіпті де шешуші кәсіби сапа емес. Мұғалім ол қашанда ұлы еңбеккер. Гуманизм бұл мұғалім үшін міндетті сапа, яғни, өсіп жетіліп келе жатқан адамға жер бетіндегі жоғары құндылық, ретінде қарым – қатынас жасау, бүл қарыш – қатынасты ол нақты істер мен қылықтарында көрсетеді.
Мұғалім мамандығында тұлғалық сапалар кәсіби сапалардан ажыратылмайды. Кәсіби сапалар арнайы білімдер, біліктер, ойлау жолдарын, әрекет әдістерін игерумен байланысты. Өзінің кәсіби еңбегіне сүйіспеншілік өз ісіне адалдық пен аямай беріл тендік, тәрбие нәтижелеріне қол жеткізгенге қуану, өзіне, өзінің педагогикалық мамандығына ұдайы арттырып отыратын талап қоюшылық деп санаймыз. Өзге мамандықтарға дол осы мұғалімдік секілді соншалықты жоғары талаптар қойылмайды.
Жақсы мұғалім бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғанмын ең озық бөлінін бірі деп есептеледі. Және солай болуға тиіс, Жоғары оқу орнында білікті мұғалімді даярлау үшін оқытушының да, студенттің де қажымас еңбегі қажет. Педагогикалық практика мұғалімді кәсіби даярлау жүйесінде басты элемент болып табылады. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдармаласынын педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру саласында "педагог кадрларды даярлау бағдарламаларына оқытудың бүкіл жылдар бойы үздіксіз педагогикалық және психологиялық педагогикалық практиканы енгізу" қажеттігі көрсетілген.
Бүгінгі Қазақстанға қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешім қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл адамдар қажет. Сондықтан сабақтарда білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастырған жөн. Ол үшін сабақтарда түрлі қызықты ойындар, ойын есептер, шығарым тапсырмалар, логикалық жаттығулар пайдаланудың мәні зор.
Бастауыш мектеп жасындағы танымдық іс-әрекеті оқыту үрдісінде жүзеге асады. Осы жаста қарым-қатынас шеберінің кеңеюінің маңызы артады. Баладағы өтіп жатқан осы өзгерістер педагог терден бүкіл оқыту-тәрбиелеу жұмысын нақты мақсатқа бағыттауды талап етеді. Негізгі іс-әрекет түрі – оқу. Осы оқу арқылы олардың таным үрдісі (қабылдау, зейін, ес, қиыл, ойлау) дамиды. Бастауыш сынып оқушысының қабылдауы тұрақсыз және ұйымдастырумен ерекшеленеді, сонымен қатар оларда «білуге құмарлық, әуестік те» байқалады. Олар өздеріне күнделікті жаңа бір нәрсені ашып отыратындықтан қоршаған ортаны қызығумен қабылдайды.
Олардың зейіні де еріксіз, тұрақсыз болып келеді. Сондықтан бастауыш мектепте балаларды оқыту мен тәрбиелеу үрдісі, негізінен, зейінді тәрбиелеуге бағытталады. Мектеп өмірі балалардан ерікті зейінін жаттықтыруды, назарын бір орталыққа біріктіру үшін ерік күшін жинақтау талап етеді. Балалардың ерікті зейіні оқу мотивтерімен бірге дамиды (оқу іс-әрекетінің табысты болуына деген жауапкершілік).
Мектеп құрамындағы оқушылардың мінез-құлықтары әр түрлі болғандықтан педагогтармен жұмыс жасағанда келіспеушілік жағымсыз қатынастар пайда болуы мүмкін. Мұғаліммен қарым-қатынас сипаты оқушының әсіресе жеткіншек оқушының психологиялық келбетінің қалыптасуына, мектепке бейімделуіне, әлеуметтенуіне, оқушылармен қарым-қатынасы орнауына, іс-әрекеттерге қатысты қалыптасуына ықпал ететін басты факторлардың бірі деп кезінде Д.Н. Исаева көрсеткен.
Педагогтың балаға жағымсыз қатынасын айтпастан бұрын, педагогтың жеткіншек оқушыны бағалауы жөнінде сөз қозғау қажет. Үлгерім жөніндегі баға туралы айтылып жатыр. Бұдан туатын заңды сұрақ: бағамен не бағаланады? Оқушы жауабының деңгейі ме, әлде қандай амалмен болса да алынған бақылау жұмысының сапасы ма? Негізінен әрбір жауап үшін емес, өткен сабаққа қарағандағы жетістігі үшін қойылған дұрыс еді. Балалар психиатриясы оқулығының авторы Р. Лемп былай деп айтқан: «Әдеттегі бестігін алған оқушыға қарағанда, екіге оқитын оқушының үштік бағаны алуы оның ілгері қадам жасауы. Дегенмен үштік баға төрттік бағасына қарағанда бағалау иерархиясында төмен тұрғандықтан бағаны жақсартудың нақтылы эффектісі төмендеп өзіндік бағасын жоғалтады» [1].
Педагог-психологтар оқушылар мен педагогтардың арасында осындай келіспеушілік жағдайын тудырмау үшін және оқушылардың мінез-құлықтарына, өзіндік ерекшеліктеріне байланысты кеңес беру жұмыстарын атқарады.
Педагогикалық-психологиялық қызметте кеңес беру бағыты бойынша қызметкерлер нақты мынадай міндеттерді шешеді:
- Оқу-тәрбие мекемелерінің әкімшілігіне, мұғалімдерге, тәрбиешілерге, атааналарға, мастерлерге балаларды оқыту мен тәрбиелеу және бірлесіп жұмыс істеу мәселесі бойынша кеңестер береді.
- Балаларға оқу, жетілу, өмірлік және кәсіби өз-өзін анықтау, ересектермен және құрбыларымен өзара қарым-қатынас, өз-өзін тәрбиелеу және т.б. мәселелері бойынша жеке және топтық кеңес беріледі.
- Жеке және топтық кеңес беру арқылы педагогикалық кеңестерге, әдістемелік бірлестіктерге, жалпы мектептік және кластық ата-аналар жиналысына қатысып, дәріс оқу арқылы педагогтардың, атааналар мастерлердің, қоғамдық өкілдердің психологиялық мәдениетінің жоғарлауына септігін тигізеді.
- Бала тағдырында мүмкін болатын өзгерістерді (арнайы оқу-тәрбие мекемелеріне жіберу, ата-ана құқығынан айыру, бала асырап алу және т.б.) анықтауға байланысты сәйкес инстанциялардан дұрыс шешім шығару мақсатында, халықтық соттың, қамқорлық көрсету ұйымдарының сұранысы бойынша баланың психикалық даму ерекшеліктері туралы сұрақтар бойынша шешім қабылдаған кезде кеңесші – сарапшы ретінде кеңес береді.
- Өзін өзі басқаруды ұйымдастыру сұрақтары бойынша нақты балалар мекемесіндегі тәрбиелеу жағдайларын балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкестендіріп, педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерінің негізінде оқу-тәрбие шараларын жоспарлауға кеңесші ретінде қатысады.
Сонымен қатар педагог-психологтар Жетілдіру және педагогикалық-психологиялық түзету жұмыстары да атқарады.
Бұл бағыт баланың жеке тұлғалық және даралық қалыптасу процесіне педагог-психологтың белсенді әсер етуін білдіреді. Оның міндеті әр баланың жас ерекшелік нормативтерінің сәйкестілігін қамтамасыз ететін, балаларды жеке оқытып, тәрбиелеуде, олардың қабілетін, бейімділігін дамытуда педагогикалық ұжымға көмек беретін педагогикалық қызмет бағыты болып табылады. Бұл бағытта балалардың мінез –құлқындағы және оқуындағы өзгерістер мен бұзылуларды, дамуындағы ауытқуларды түзету жұмыстары ерекше орын алады [2].
Психологиялық талдау барысында анықталған және қатаң индивидуалды, нақты өзгешелігі бар баланың жас ерекшелік және дара ерекшеліктері бойынша жетілдіру және педагогикалық психологиялық зерттеу жұмыстарының бағдарламалары мен жоспарлары құрылады.
- Баланың әр жас ерекшелік кезеңінің дамуын есепке алғанда, психикалық дамудың бөлек жақтарын және жеке тұлғаның толықтай дамуына бағытталған бағдарламаларды өңдеп жүзеге асырылады.
- Психолог баланың психикалық дамуында ауытқуларды болдырмау бағытында түзету бағдарламасын өңдеп жүзеге асырады.
- Жетілдіру және педагогикалық – психологикалық түзету жұмыстарының бағдарламасына психологикалық және педагогикалық бөлімдері кірістіріледі . Психолог психологикалық бөлімді жоспарлап, жүзеге асырады. Педагогикалық бөлімді мұғалімдермен, тәрбиешілермен, ата-аналармен бірігіп өңдейді және оны психолог көмегімен жоғарыда аталған адамдар орындайды. Жұмыстың бөлек формаларына ересек балаларды, қоғамдық өкілді және т.б. адамдарды кірістіруге болады.
- Жетілдіру және педагогикалық – психологиялық түзету жұмыстарын төмендегі бағыттар бойынша кірістіруге болады:
- жеке балалармен арнайы жұмыс жүргізу процесінде;
- балалар тобымен арнайы жұмыс жүргізу процесінде;
- тәрбиелік іс-шаралар бағытында;
- баланың ата-анасының және басқа туыстарының қатысуын қажет ететін формада өткізуге болады.
Ауытқулармен бұзылулар орталық жүйке жүйесінің немесе психологиялық аурулардың ағызалық зақымдануы болып табылмайтын жағдайда ғана педагогикалық психологиялық түзету жұмыстары жүзеге асырылды және саралау диагностикасының барысында белгілі болатын әкімшілік – тәрбиелік сипаттағы қатаң шараларды қолдануды талап етпейді. Айқын ауытқулар кезінде, көбінесе патопсихологикалық, дефектологиялы жақтары жақтары немесе ашық байқалғанда және де психолог хабардарлығының шекарасынан асып кеткен жағдайда ол тек сарапшы немесе кеңесші ретінде сәйкес салалардағы мамандармен тартылады [3].
Мектептегі педагогикалық-психологиялық қызметті бірі баланың психикалық саулығына яғни, жандүниелік, физиологиялық дамуына және ортада қолайлы микроклимат қалыптастыру. Бастауыш мектептен 5-сыныпқа өткенде, орта буын сыныбындағы дағдыға бейімделу кезінде балада дағдарыс сипаттары болады. Орта буын оқуындағы өзіндік қиындықтар, шәкірт психикасының өзгеруіне, эмоционалдық сферасын игерудегі қиналыстар, оқу үлгеріміне, психикалық саулығының төмендеуіне әсер етеді. Әр түрлі ұстаздардың дәріс жүргізу әдіс-тәсілдерінің түрліше болуы, мектеп ережесіне үйренуі, оқу үлгерімінің төмендеуі салдарынан ата-аналарының баланың жас ерекшелігіндегі құбылыстарын ескерместен наразылық тудыруы; бала болмысында аффектілі мінездердің көрініс беруі, қарым-қатынас барысында эмоциялық реакциялар, невротикалық күйзелістер байқалады. Бейімделу кезеңіндегі баланың дағдарыстан шығу жолдарын зерттеудің бір объектісі – отбасы болып табылады. Баланың жалпы интеллектісінің арнайы, шығармашылық қабілетінің дамуында жанұяның микроортасы негізгі фактор болады.
Мектептегі педагог-психологтың қызметін атқару үшін жан-жақты білімі бар сол кәсіпті бірінші өзі жете түсінуі қажет, сол кәсіп жайында мағлұматтары болып кәсіби даярлығы болуы керек. Себебі педагог-психолог маманының адаммен қалай жұмыс жасау керектігін қыр сырын түсінген бойында адаммен тіл табыса білу қабілеті, қалай жұмыс жасай білу шеберлігі, сөйлесу мәдениеті, өзін-өзі ұстай білу және адамдармен араласқанда орларды өзіне қарата алушылық және сол сөзіне иландыра алу, ұйымдастырушылық қабілеті болуы керек [4].
ӘДЕБИЕТТЕР
- Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030: стратегиялық бағдарламасы. – Алматы: Білім, 1998. – 96 б.
- Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан: Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан. – 2007. – 1 наурыз.
- Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқының әлауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты: Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан. – 2008. – 6 ақпан.
- Назарбаев Н.Ә. Дағдарыстан жаңару мен дамуға: Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан. – 2009. – 6 наурыз.
- Дорофеев А. Профессиональная компетентность как показатель качества образования // Высшее образование в России. – 2005. №4. – С. 30-33.
- Кульневич В.С. Парадигмально компетентностный подход к разработке содержания педагогической деятельности. – М., 2005. 98 с.
- Селевко Г. Компетентность и их классификация // Народное образование. – 2004. №4. – С. 138-141.
- Петровская Л.А. Компетентность в общении. – М., 1989. – 138 с.
- Исаева Т.Е. Классификация профессионально-личностных компетенций вузовского преподавателя // Педагогика. – 2006. №9. – С. 55.-61.10
- Хуторской А. Ключевые компетенции как компонент личностно ориентированной парадигмы образования // Народное образование. 2003. № 2. – С. 4047.
- Кузьмина Н.В. Профессионализм личности преподавателя и мастера производственного обучения. М., 1990.
- Маркова А.К. Психология труда учителя. – М., 1993. – 194 с.
- Шадриков В.Д. Новая модель специалиста: инновационная подготовка и компетентностный подход // Высшее образование сегодня. – 2004. №8. – С. 32-34.
- Менлибекова Г.Ж. Социальная компетентность: сущность, структура, содержание // Высшая школа Казахстана. – 2001. №4. – С. 153-159.
- Кенжебеков Б.Т. Сущность и структура профессиональной компетентности специалиста // Высшая школа Казахстана. – 2002. №2. – С. 81-84.
- Равен Дж. Компетентность в современном обществе. Выявление, развитие и реализация. – М., 2002. – 126 с.
- Ферхо С.И. Формирование профессиональной компетентности учителей по использованию электронных учебных изданий в процессе обучения: автореф. ... канд. пед. наук. – Караганда, 2005. – 26 с.