Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бастауыш мектеп жасындағы дарынды балалармен жұмыс жүргізу ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интелектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отыр. Себебі ғылым мен техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті мамандар қажет.

Сондықтан, қазіргі кезеңде мектептің негізгі жұмыстарын баланың жан-жақты дамуы мен қалыптасуына, олардың белсенділіктерін, жауапкершіліктерін арттыруға, мұғалімдердің шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыруға, озат тәжірибені жинақтауға, ғылыми негізде білімді тәжірибемен ұштастыру қажет.

Жалпы осы мәселе төңірегінде ғасырлар бойы жинақталған көптеген зерттеулер бар. Дегенмен бұл мәселе өз шешімін тапты, енді оның нақты жолдары мен әдіс-тәсілдері бар деп айта алмаймыз. Себебі дарындылық жан-жақты, түбегейлі зерттелгенімен ары қарай дамып, тоқтаусыз өзгеріп отыратын категория десек те болады. Дарындылық – адам бойындағы тума қасиет деп есептеледі. Талантты, дарынды балалар жөнінде 1975 жылы дүниежүзілік Кеңес құрылды. Көптеген елдерде дарынды балаларды әлеуметтік, психологиялық жағынан қолдау мақсатында арнайы бағдарламалар жасақталды. Осы мәселені зерттеуге педагогика мен психология ғылымының ғалымдары ат салысты. Бір-бірін толықтырып отыратын бұл ғылымдардың нәтижелерін қазіргі таңдағы білім беру мен оқыту, тәрбиелеу үрдістерінде байқауға болады десек те болады.

Өркениетті қоғамда дарынды балаларды бөлектеп оқыту ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында басталып, оқытудың саралап, даралап білім беру принципіне көшкені мәлім. Көптеген шет елдердің білім беру жүйесінде қазір жоғары деңгейде жүргізілуде. Қазақстан Республикасында бұл мәселенің көптеген шешімдерінің бірі ретінде «Дарын» орталықтары ұйымдастырылып жүр. Мұндай орталықтардың жетіп жатқан жетістіктері де ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже беріп отыр десек те болады.

Әлемдік тәжірибеге сүйенсек мектеп жасындағы балалардың 20 пайызы осы топқа жатқызылады екен. Біз дарынды деп белгілі бір қабілеті көпшіліктің орташа қабілетінен ерекшеленетіндерді айтып жүрміз. Өмір сүретін орта, берілетін тәрбие осы ерекшеліктің одан әрі дамуына көмектеседі немесе оны мүлдем жоқ қылады. Мәселен, саусағынан бал тамған зергердің табиғи алмазды бриллиантқа айналдырғаны сияқты, қолайлы ахуал, тамаша кәсіби ұстаздық кез келген қабілетті оқушыны дарынға айналдыра алады. Міне, осы бір айдай анық мәселе педагогика мен психологияда көптеген қиыншылықтардан өтіп, өз жолын енді тауып келеді.

Әлбетте, дарындылықтың тұқым қуалайтындығы, ұрпақтан ұрпаққа берілетіндігі сөзсіз. Дарындылықты немесе ерекше қабілеттілікті балалық шақта жалпы, универсалдық тұрғыдан қарастырған жөн. Ал уақыт өтісімен, тұлғаның есеюімен бұл қабілет өзінің арнаулы қырларын көрсетеді, пәндік дәрежеге, мазмұнға ие болады.

Дарынды балалар мектеп бағдармаламасын жылдам меңгереді. Зеректік, байқағыштық қасиеттері жоғары болады. Олардың көпшілігі өз уақыттарын шығармашылық жұмысқа арнайды. Сурет салады, өлең жазады. Дарын өкілдерінің қуат – қабілетінің шарықтайтын шегі болады. Мұндайда олардың санасы барынша өткірленіп, мейлінше айқындалады, байқампаздығы онан сайын арта түседі.

Әрине адам өмірге өзіндік нышанмен, табиғи қасиеттерімен келеді. Ал баланың бойындағы нышан мен туа біткен қасиеттерді дамытатын – ұйымдастырылған оқыту мен тәрбие үрдісі деп ойлаймыз.

«Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады.

Бала бойындағы ерекше қасиеттерді, оған жақын жасы үлкендер дұрыс жеткілікті бағаламаса, оның «өзгелер сияқты болып қалып қоюы мүмкін», дейді америкалық ғалымдар.

Жалпы білім беретін орта мектептерде оқушыларға білім берудің тиімді жолдарын іздестіру, жаңа технологиясын ойластыру қазіргі заманның көкейкесті мәселесіне айналған.

Баланың шығармашылық, ізденгіштік қабілеттерін дамыту өте ерте кезден бастап қолға алуды қажет етеді. Шығармашылық үшін икемді жас – орта буын. Бұл жастың ерекшелігі ойлау процесінің өзіндік ерекше стилі қалыптасады, түрлі болжамдар, ой, қиял, сезім шапшаңдығы көркем шешім таба алады. Бұл жастағы балалардың жан дүниесі нәзік, қаламы тез төселеді.

Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің әлемдік тәжірибелері, ғылыми бағыттары ескеріліп, негізгі төмендегі идеялар басшылыққа алынады:

  • дарынды балаларды әлеуметтік және құқықтық қорғаудың ізгілігі мен бұқаралығы;
  • дарынды балаларды іріктеу және олармен жұмыс істеуде биологиялық және әлеуметтік факторларды ескеру;
  • дарынды балалармен үздіксіз, жүйелі жұмыс жүргізу;
  • дарынды балаларды іріктеу үшін диагностикалық әдістердің жиынтығын қолдану;
  • жеке тұлғаның дарындылық деңгейінің қалыптасуына орай оқу мен оларды одан әрі жетілдіруде арнайы жасақталған бағдарламалардың сәйкестігі;
  • дарынды балалар мен оқытатын мұғалімдерді арнайы дайындау;
  • инновациялық технологиялар мен әдістерді пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту;
  • дарынды балалармен жұмыс істейтін жеке бағдарламалар дайындау.

Дарынды оқушылардың білімге деген талпынысы басқа оқушылардан өзгеше болып келеді. Дарынды оқушылар білім мазмұнын тез әрі терең түсініп, оған талдау жасай біледі. Дарынды оқушылармен жұмыс істеу үшін психолог мұғалімдер, сынып жетекшілері, тәрбиешілер арнайы дайындықтан өтуі қажет.

Дарынды балаларға арналған бағдарламада мынадай ерекшеліктер бар:

  • қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттар;
  • жүйелі бағдарламада (кезеңдермен);
  • мектептің жалпы бағдарламаны толықтыратын бөлшегі;
  • бағдарлама жеке-жеке және үзіліссіз жүргізіледі.

Мұғалімдер мен ата-аналарды педагогикалық-психологиялық білімін жетілдіру жөнінде теориялық, практикалық семинарлар жүйелі түрде өткізіліп отыруы тиіс.

Көбінде балалық шақта байқалатын табиғи нышандардың ойдағыдай қиысып келуінен туындайтын қабілеттің жоғары түрі дарындылық деп аталады. Қабілеттің осы түрінің сыры ғылымда әлі толық зерттелмеген. Дегенмен, дарындылық жоғары жүйке қызметінің тума типімен (мида жүйке байланыстарының шапшаң қозғалысқа түсе алуы, аса икемділікпен өзгергіштігі, сезім мүшелерінің ойдағыдай жетілуі т.б.) байланыста болып келетіндігі анықталып отыр.

Дарынды бала (ғылымда бұларды вундеркиндтер) мәселесі жөнінде әлемдік психологияда жазылған еңбектерде жинақталған нақты деректер аз емес. Өкінішке орай, оларды іздестіріп тауып алу, сондайақ, оқытып-тәрбиелеу жағы қазақ жұрты бүгінге дейін жөнді көңіл бөлінбей келе жатқан мәселе. Қазақ мектептерінің жағдайында осы жайттың ойдағыдай жүзеге асуына оралғы болатын факторлар да жеткілікті. Соның бірі көптеген мұғалімдер мен тәрбиешілердің психологиялық, педагогикалық білім жүйелерінің саяздығы, олардың жұмыс басшылығы, қабілетті шәкірттермен дербес жұмыс жүргізуге уақыт бөлмеу т.б. Осы айтылғандар әр ауыл мен мектептен ұшырасып қалатыны белгілі.

Ерекше қабілетті балаларға қамқорлық жасалып жатқан қазіргі кезеңде республикамыздағы көптеген колледждер мен лицейлер негізінен дарынды балалар үшін ашылған оқу орны әрине, мұндай оқушылар ел болашағы, оның интеллектін (ақыл-ой) қуатының баға жетпес резерві. Сондықтан да жер-жерден бұларды іздеп табу аса мәнді де адамгершілікті іс. Оларды баулып, қамқорлыққа алу – баршамызға ортақ, халықтық шара, өйткені таланттар қай кезде де қандай қоғамның болса да іздесе таптырмайтын ұлттық рухани байлығы.

Дарындылық – адамның ой-өрісінің деңгейі мен өзіндік ісәрекеттің ерекше өрістеуіне себепкер болатын адамның жанжақты дамуының қайнар көзі, арнаулы қабілеттердің ойдағыдай дамуының нәтижесі.

Ерекше зейінділік, жинақылық, күрделі ақыл-ой жұмысына әрқашан да әзір тұру еңбекке ұмтылудың табандылыққа ұласуы, демалыспен есептеспей, қажымай – талмай еңбектену – дарынды балалардың басты ерекшеліктері. Бойкүйездік пен жалқаулыққа бой алдырмай, қолайсыз жағдайда да жұмыс істей алу, әр істі соңына жеткізбей тынбайтын табандылық, ауыр еңбектен ләззат алу, әр нәрсені талдау мен жинақтай алуға ерекше икемділік, таным аясының кеңдігі, ойлау белсенділігінің аса тұрақтылығы ерекше балалардың өзін өзі басқара алу қабілетінің басты көрсеткіші болып табылады.

Әр жерден оқта-текте кездесіп қалатын дарынды балаларды ұстаздық қырағылықпен көре біліп, оны арнаулы оқу орындарында оқытып-тәрбиелеу үлкен жауапкершілікті қажет ететін іс. Үйде де, түзде де дарынды баламен жұмыс жүргізетін тәлімгердің жан-жақты білімді, әсіресе, бала жанын жазбай танитын сезімтал психолог болуы керек.

Дарындылық – ең алдымен сана мен жүйкенің сапалық көрінісі. Ол өзіне танымдылық, ерік-жігерлік, жеке дамулық ерекшеліктерді білдіреді. Сондықтан табиғаттың бұл дара құбылысын тани білу тек жүйелілік деңгейде, өзін қоршаған ортамен тығыз байланыста, ерекшеліктерін екшеуде жас мөлшері, қабылдау деңгейі көлемінде жүзеге асырылуы керек.

Дарындылық дегеніміз – үш байланыстың үйлесімділігі: жоғары ақыл-ой, креативтілік және нәтижеге жетудегі ынталылық. Осы үш қасиеттің біреуі болмаса адам дарын ретінде қалыптаспайды. Ақылойдың жетіспеуінен адам жақсы нәтижеге жете алмайды. Нәтижеге жетем деген ынтасы болмаса нәтиже де болмайды. Ал креативті қасиеті нашар болса, ондай адам тек орындаушылық қасиетпен шектеледі.

Адам сүйіспеншілікпен, жанымен қалап істеген ісін үнемі дамытып отырады. Бала өз қалауымен бастаған ісін жетілдірсе, дамыта ұйымдастырса, ол – шығармашылық, яғни дарынды баламен жұмыс істеуде алдымен нәтижеге жету ынтасын қалыптастыру, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету өте маңызды. Дарындылықты анықтау үшін әр түрлі деректерді, бақылау бағалау нәтижелерін, тест, трекинг әдістерін қолдануға болады. Дарынды балаларды анықтау үшін пән мұғалімдері балаларды сабақ үстінде, әр түрлі істермен айналысу барысында бақылау, ата-анасымен әңгімелесу, жолдастарымен әңгімелесу арқылы, тест, тренинг қорытындысына қарай анықтайды. Әр пән мұғалімдері әрбір оқушыға арналған педагогикалық-психологиялық карта жүргізіп, осы картаны толтыру барысында диагностикалық жұмыстар жүргізіп, әрбір оқушының зейінін, есте сақтау қабілеті, логикалық ойлауы, интеллектуалды, шығармашылық жұмысқа бейімділігі бағаланады. Осы зерттеу жұмыстары қабілетті және дарынды оқушыларды іріктеп топтастыруға ықпалын тигізеді. Сонымен қатар оқушы дарындылығын, ізденімпаздығын тудыруда оқушылардың ғылыми зерттеушілік қабілетін арттырудың маңызы өте зор.

Жалпы, дарындылықты анықтау, дамыту аса шеберлікті қажет етеді. Бақылауда асығыстық жасауға болмайды. Зерттелетін объектіні айқын белгілеу үшін белгілі педагогикалық-психологиялық әдістер қолданылады. Қай әдісті алсақ та бала табиғатын ұқпаған кісі, оны қанша әурелегенмен еш нәтиже шығара алмайды. Яғни, мұғалім үшін бала жанын түсіну үлкен өнер, ол дәрігердің адам денесін, ұстаның ағаш және темірді білгеніндей өте қажет. Оқушыны алдымен қабілетіне қарап сыныптан шартты түрде даралаймыз. Бұл даралауда құпиялылық сақталады. Ол оқушының зерттеу объектісінде тұрғанын өзі және сыныптастары білмеу керек, яғни, бақылау табиғи түрде жүргізілуі керек. Оның сыныпта тапсырмаларды орындауға белсенділігі, ұтқыр жауаптары, жаңа сабақты жылдам меңгеруі, үй тапсырмасын орындаудағы тиянақтылық, қайталау сұрақтарына мүдірмеуі, т.с.с. есепке алынады. Зерттеу жүйелі жүргізуді талап етеді. Бақылау немесе байқау әдісі арқылы бала ерекшеліктеріне, жалпы әрекеттеріне бақылау жүргізіледі. Әдіс шарттары:

  1. байқау, ұзақ мерзім жүргізіледі;
  2. мақсатқа жетуге айқын көрсеткіштер жинақтау, мысалы, мысалы жаттығуды орындауда неге мән береді;
  3. бақылау құралдарының жеткілікті болуы және оның дер кезінде қағазға түсуі.

Сонымен қатар бала дарындылығын анықтауда әңгімелесу әдісін қолдануға болады. Мұнда алдын-ала жоспарланған сұрақтарымен қатар жанама сұрақтар рөлі ерекше. Әңгіме желісі кезінде оқушыны үнемі мәселені шешуге әкеп соқтырып отыру керек.

Ал дарынды балалардың потенциалды мүмкіндіктерін анықтауда тесттер қолданылады. Тестті топқа және жеке оқушыға жүргізуге болады. Осы кезде баланың есте сақтауы (аз уақыт аралығында сөзді есте сақтауы. Айтылатын сөздер тізбегі балаға таныс болуы тиіс. Аралығы жарты секунд. Жауапты балмен қорытындылайды) мен көзбен шолып анализ-синтез жасауы (балаларға 4 суреттен беріледі. Осылардың ішінен артық сурет сызылып тасталады. Баланың бейнемен таныстығы да ескеріледі. Балдық жүйемен бағаланады), көзбен салыстыруы (бірінші баған 2-ге бөлінеді. Оның біреуіне өзара сәйкестігі бар екі сурет салынып, сұрақ белгісі қойылады. Мысалы, тауық. Ал екінші бағанда мүмкін болатын суреттер тұрады. Мысалы, үйрек, әтеш, балапан, күшік. Бала сұрақ орнына қойылатын суретті іздейді. Мұндай салыстыруларды әр түрлі тақырыптардан алған дұрыс), сөзден тікелей анализ-синтез жасауы (4-5 сөз айтылады. Осылардың ішінен басқалармен сәйкестігі жоғын алып тастау керек), салыстыруы (бірінші екі сөз айтылады. Мысалы, сағат-уақыт, екінші бір сөз айтылады. Мысалы, градусник-? Содан кейін мүмкін сөздер тізбегі беріледі. Мысалы, сырқат, әйнек, төсек, температура, дәрігер), ойлауы (5-тен кейін қандай сан тұруы керек? 1, 3, 5... ? 4, 6, 7. Немесе ауызша айтылған сөздер ішінен ұзынын немесе қысқасын табу керек. Бірақ, айтылған сөздерде 2-3 әріпке айырмашылық болсын), пікіріндегі дәлдік, толықтық, жүйелілік (сұраққа жауап беруінде немесе әңгімелесу кезінде әрбір сөйлемге мән беруі, орынды пайдалануы, сөйлемді толық құруы) ескеріледі.

Жеке ерекшеліктері анықталып болған соң оларды дамыту жұмыстары басталады. Яғни, баланың мүмкіндігін толықтыру, жүйелеу, ғылыми негіздеуге жоспар құрылады.

Дарынды балалармен жұмыс жүйесіндегі негізгі тұлға – мұғалім. Мұғалім баланың ата-анасымен бірге оның дарынын алғаш байқаушы, дамытушы. Балаға білімін тереңдетуде, өз бетімен білімін көтеруге ақыл-кеңестерін береді, көмектеседі, көп жағдайда оқушының болашақ кәсіптік тағдыры мұғалімге байланысты деуге болады. Қазіргі кезде дарынды балаларды анықтауға, қолдауға, дамытуға көп мән беріліп отырғанына қарамастан мұғалімдерді дарынды балалармен жұмыс істеуге дайындау мәселелері қарастырылмаған. Мектептерде мұғалімдердің бұл мәселеде тәжірибелері аз, тіпті жоқ деуге болады. Ғылыми әдістемелік әдебиеттер өте аз. Сондықтан әр мұғалімнің дарындылықты анықтау, дамыту, зерттеуде өз көзқарас астары қалыптасқан.

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей арнайы дайындықтан өтпеген мұғалімдерге тән кейбір педагогикалық-психологиялық жағдайлар:

  • Мұғалімдер дарынды балалардың ішкі дүниесіне үңілмейді, немқұрайлы қарайды.
  • Тіпті кейбір дарынды баланы жақтырмайды, себебі ол мұғалім беделіне қауіп төндіреді.
  • Олардың ерекшеліктерін, диагностикалау әдістерін білмегендіктен дарындылықты анықтауда төмен көрсеткіштер көрсетеді.
  • Дарынды балаларға көңіл аударғанымен, жұмысты ұйымдастыру әдістерін білмейді, тапсырманың санын көбейту тактикасын қолданады.

Бастауыш мектептерде дарынды балаларды оқыту барысында мұғалімдер заман талабына сай оқушыларды жан-жақты тұлға ретінде дамыта отырып оқыту ісі ерекше орын алуы қажет. Білім берудегі жаңа технологияларды өз тәжірибелерінде пайдалана отырып, білім сапасын жақсы деңгейде көтеру өзекті мәселе. Мектептерде «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау», «Тәй-тәй», Ж. Қараевтың деңгейлер оқыту, М. Жанпейісованың модульдік оқыту, Ш.А. Амонашвилидің адамгершілік – ізгілік педагогикасы, дамыта оқыту педагогикасы, т.б. технологиялар мен жобаларды кеңінен пайдалану қажет. Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы кіші мектеп оқушыларының білім алуға деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға болады.

Егер мұғалімдер дарынды балаларды анықтауда үлкен жауапкершіліктерін сезініп, болашақ елдің қамы үшін талмай, таянбай еңбек етсе, ерекше қабілетке ие балаларға үлкен мән берін, жүйелі жұмыс атқарса еліміздің ертеңі, шығармашыл, белсенді, креативті тұлға, дарынды, талантты ұрпақ тәрбиелеу ісі өз кезегінде оң шешімін табады деп ойлаймыз.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Байдильданова Б. Дарындылықты дамытудағы мұғалімнің рөлі // Бастауыш мектеп, 2010. №10. – Б. 11-13.
  2. Адешова К. И. Дарынды балалармен жұмыс // Бастауыш мектеп, 2012. №10. – Б. 57.
  3. Қыдырова Н. Б. Дарынды балалармен жұмыс // Бастауыш мектеп, 2012. №10.– Б. 66.
  4. Иманғалиева А. Дарынды дамыту – ұстаз парызы // Қазақстан мектебі, 2001. № 2.– Б. 59-61.
  5. Жұмашев Қ. Дарынды тану және оқыту мәселелері // Қазақстан мектебі, 2002. -№1, 2. – Б. 23-27.
  6. Губаева М. Қабілетті оқушыны дарындағы жеткізейік // Қазақстан мектебі, 2003. №1. Б. 48-49

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.