Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері сабағында оқушылардың креативтілігін қалыптастырудың әдістемелік негізгі

Қазақстан Республикасы Орта білімді қалыптастыру тұжырымдамасында: «шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі. Өйткені, адам туынды ғана емес, тудырушы, жаратушы да. Ол өзін-өзі шынайы болмысына бастайтын жол іздеуі керек. Адам өзін-өзі жетілдіруге де, сонымен қатар жоюға да қабілетті болады. Адам өз болмысын танып ұмтылуға көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады», деп көрсеткен.

Бастауыш мектепте бейнелеу өнері пәнін оқыту Қазақстан Республикасы білім беру саласындағы орталық атқару органдары жыл сайын шығаратын ғылым негіздерін алдағы оқу жылында оқыту туралы нормативтік құжатқа сәйкес жүзеге асырылады. Бастауыш мектепте бейнелеу өнерін оқытудың басты мақсаты – оқушыларды әдемілікке, сауатты сурет салуға үйрету, негізгі түстерді ажырату, өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Өркениетті қоғам мен құқықтық мемлекеттің гүлдене түсуі өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін,еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімділігін талап етеді.

Осыған орай Қазақстан Республикасының білім беру мен тәрбиелеу саласының түбегейлі жаңару жағдайы – бүгінгі таңда халықтың дәстүрлі өнер түрлерін жинақтап,зерделеудің, оның айналасындағы тәлім-тәрбие, мол тәжірибе негізінде жас өспірімдерді тәрбиелеу қажеттігін тудырды. Сондай қажеттіліктің бірі – халықтың қолөнері, оның ішінде ою-өрнек өнерінің тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктерін қазіргі ұрпақ тәрбиесінде тиімді пайдалана білу болып табылады.

Бейнелеу өнері әлемнің барлық халықтарына тән ертеден келе жатқан халықтық мұра болып саналады. Сонымен бірге әрбір ұлттың өз тұрмыс-салтына орай өзіндік қолтаңбасы бар екендігі де даусыз. Яғни, кез келген халықтың ою-өрнек өнерін, қол өнерін зерттей отырып, оның байырғы тұрмысы мен шаруашылығын, дүниетанымын анықтау мүмкіндігіне де ие бола аламыз.

Бұл саладағы зерттеу жұмыстары жүз жылдан аса уақыттан бері жүргізіліп келе жатқандығы мәлім. Халықтың қолөнеріне әдет-ғұрып жабдықтарымен қатар аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал жабдықтар да кіреді. Бейнелеу өнері нақыштары – қолды жаттықтыруға, суретшінің ойын, қиялын ұштауға таптырмайтын құрал әдіс. Ою-өрнек суретшінің қолының икеміне әсем қимылдауын, сызықтың әдемі де айқышты болып сызылуын қалыптастырады.

Балаларды суретке үйретудің әдістемелік құралдарында әлі күнге дейін өрнек салуға оны дұрыс танып білуге онша көп мән берілмей келген. Әдістемелік құралдардың көбінде бірінші орынға долбар (набросок) салуды мақсат етіп қояды. Ал ою-өрнек Орта Азия мен Қазақстан халықтары үшін ең негізгі безендіру құралы болып саналған. Сонымен қатар сурет өнері, қолөнері дамыған Шығыс елдерінде ең алдымен ою-өрнекке, оның салу жолдарына көп көңіл бөлінген. Бейнелеу өнері қазақ елінде кеңінен өркендеді, екінің бірі оюшы, он саусағынан өнер тамған шебер болды. Әжелеріміз киіз басып, сырмақ сырғанда, сәндік кілемдерді безендіргенде жасының ұлғайғандығы, күш қуатының кемігендігінде қарамастан, өрнек нақыштарын композициялық шешімі мен түс жарасымдығын дәл, нақты, әсем етіп орындай білген. Қазіргі кездің өзінде қолы шебер ата-әжелеріміздің жасаған өнер туындыларына таңғалмай тұра алмайсың.

Қазақтың жеңіл тәсілдегі бейнелеуді дәптер бетіне түсіруден бұрын, тақтаға әр балаға салғызып, қолын жаттықтыра отырып үйрету қажет. Содан соң акварельмен не түсті бояу қарындашпен салуды бастау қажет. Әр оқушының суретке деген қызығушылығын, ою-өрнекке деген қызығушылығын арттыру үшін жеке тұлғаны дамыту үшін, үнемі салған, жасаған еңбегін мадақтап отыру міндет.

Бастауыш сыныптан бастап оқушы жаңа білім алады. Әр нәрсеге зейін қоя отырып, оларды бір-бірінен ажырата алады. Орта және жоғары сыныптарда білімді игерудің нәтижелі болуы бастауыш мектептердегі білім негіздеріне байланысты екендігін дәлелдеудің қажеті жоқ сияқты.

Білім негізі – бастауыш сыныпта. Ертеңгі ел тізгінін, ел қолына алар азаматтар бүгін мектеп қабырғасында. Оларды саналы, білімді өркениетке лайықты азамат етіп шығару, ұстаз алдындағы өрелі міндет.

Осындай мектептің алдында тұрған міндеттерді шешуге бастауыш сыныптардың қосатын үлестері көп, яғни бастауыш сынып оқушыларының табиғи материалдармен жұмыс істеу арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру және дамыту бүгінгі уақытта заман талабы. Сондықтан аталмыш тақырыптарды өзекті деп танып алдымызға төмендегідей мақсат қойдық.

Бейнелеу өнері пәнінің беделін көтеру үшін мына мәселелер жүзеге асырылады:

  • қазақ халқының қолөнер туындыларының шығу тарихы мен жасалу технологиясын зерттеу;
  • тәжірибе жүзінде меңгеру;
  • халық қолөнерін зерттей отырып, оқу-тәрбие үрдісінде оларды тиімді пайдалану, оқыту әдістемесін құру;
  • оқушыға ұлттық тәлім-тәрбие беру арқылы ұлттық санасын қалыптастыру;
  • қолөнердің бала тәрбиесіндегі қажеттілігін, тәрбиелік маңыздылығын айқындау;
  • ата кәсіпті қайта дамыту, ата мұраны қалыптастыру, мәдени дамуымызға үлес қосу;
  • қолөнер туындыларын көрме арқылы көрсету;
  • сыныптан тыс еңбек тәрбиесін ұйымдастыру;
  • өнерге дарынды және талантты оқушыларды тарту және олармен жеке дара жұмыстар жүргізу;
  • баланы кәсіби еңбек түрінде және өнертануға баулу;
  • өз білімімді күнделікті жетілдіру;
  • шығармашылық еңбекті жүйелеу мен оны белсенді түрде тұрақты түрде жүргізу;
  • жұмыс барысында әдістелік ғылыми іс-шаралар ұйымдастырып есеп беру;
  • бейнелеу өнеріне талдау жасау;
  • бейнелеу өнеріне өмір талабына сай, мектеп формасына, оқу жоспарына сәйкес жүргізу;
  • педагогикалық ізденіспен еңбек ету;
  • Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуындағы мәдени дамуына үлес қосу.

Бұл маңызды мәселелер жылдар бойы өз шешімін дер кезінде тауып, өмір арнасының ең негізгі объектісі – мектеп өміріне қызмет жасауда.

Оқушыларды еңбекке оқыту мен тәрбиелеуде алға қойған мақсаттары:

  • баланың бейнелеу өнеріне қабілеттілігін дамытып, жетілдіру, еңбекті сүюге баулу;
  • баланы бейнелеу өнеріне машықтандыру арқылы іске икемділігін, іскерлік пен шеберлікті қалыптастыру;
  • бейнелеу өнеріне табысты шығармашылықпен орындауға, ерікті түрде еңбек етуге үйрету, еңбекке қызығушылықтарын арттыру;
  • баланың өзін-өзі тану қабілетін жетілдіру және оған ықпал жасау;
  • баланың ұлттық санасын қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу;
  • білім тәжірибе негізінде еңбекті сапалы, өнімді етіп жасауға және кәсіби еңбек түрі мен өнертануға баулу;
  • ата-мұраны қалыптастыру және дамыту;
  • баланың білім деңгейін, іскерлік дағдыны игеру дәрежесін және толықтылығы мен тереңдігін, сапалығын жақсарту, оқыту жүйесін жетілдіру;
  • оқытудың негізгі ұстанымдарын анықтау және басшылыққа алу;
  • балаға білім алу үшін оңтайлы жағдай туғызу;
  • баланы жалқаулықтан сақтау;
  • бала еңбегін ынталандыру және насихаттау;
  • мұғалім мен оқушының ара-қатынасын неғұрлым жақсы жолға қойып, өзара сенім туғызу;
  • балаға бақылау жасау;
  • жұмыс орнының гигиеналық тазалығын сақтау;
  • мектеп ережесін орындауға талап қою;
  • әр оқушыға жеке әдіспен амал қолдану.

Осы мәселелерді толық жүзеге асыру арқылы ғана көп жетістіктерге жетеміз.

Ең бастысы мектептегі бейнелеу өнеріне арқылы болашақ мамандығына икемделіп бағдары да қалыптасуы мүмкін. Сонда да олар ертеңгі күні өз ісінің шеберлері атана алатыны сөзсіз. Тек бір ғана еңбек тәрбиесімен шектеліп қана қоймай, адамгершілік, эстетикалық, экономикалы тәрбиелердің де өзара байланысты болғаны абзал. Себебі өз мамандығын шебер меңгерген қандай маман болсын, қазіргі заман талабына сай экономикалық сауатты болып, адамдар арасында қызуқанды қарымқатынас орната алмаса өзі еңбек ететін ұжымында ілгері сүйрей алмайтыны түсінікті.

Оқушыларға сапалы білім берудің негізі – оқытудың әдістемесінде және оны дұрыс ұйымдастыруда.

Бейнелеу өнері сабағының маңызды мәселелерін шешу мақсатындағы әдістемелер:

  • оқыту мен тәрбиелеу үрдісін жүйелеу;
  • еңбекті мақсаткерлікке бейімдеу;
  • педагогикалық ізденіс;
  • ғылыми-зерттеу жұмыстары және зерттеу жұмыстарының ұстанымдары. Олар:
    1. қолөнер туындысының жасалу технологиясы, шығу тарихы, этнографиялық мәні, т.б.;
    2. зертханалық әдістер, зертхана жұмыстары;
    3. диагностика;
    4. талдау.
  • сыныптан тыс жұмыстар;
  • шығармашылық есептер, семинар өткізу;
  • ашық сабақтар, айлық өткізу, көрме ұйымдастыру;
  • авторлық курстар;
  • кабинет жабдықтау жұмыстары;
  • оқушы еңбектерін көрсету (бейне-фильм, көрме, альбом, ынталандыру, газеттерге жариялау т.б.).

Оқушыларды бейнелеу өнеріне тәрбиелеу және оқытудағы ең негізгі ой пікірім баланың толық білім алуына ықпал жасау. Баланың рухани және денесінің үйлесімді дамуына ой мен дене еңбегін байланыстыру. Ілім мен тәжірибені байланыстыра отырып, баланың ой-өрісін жанжақты дамыта отырып, тиянақты ғылыми негізде білім беру.

Сонымен қатар мазмұнында тоқу, өру т.б. тәсілдерін меңгертетін материалдар, табиғи материалдардан әртүрлі бұйымдар жасаудан техникалық негізін үйрететін және оқушылардың өзін-өзіне қызмет ету жұмыстары қамтылады.

Бұл жұмыстар оқушылардың ұлттық санасын оятып, ата-баба мұрасын қолданып, түсінуге ұмтылады. Оқушылар басқа пәндерден алған іскерлігін еңбек сабағында тәжірибе жүзінде пайдаланылады. Өз кезегінде елес, образ, түсінік – технологиялық сөздің нақты қоры басқа сабақтардың қорыту негізінде үрдісі болады .

Қазіргі білім мазмұнына жаңартуына байланысты халықтың қолданбалы қолөнерін еңбек сабағына енгізе отырып, ол туралы оқушыларға бірінші сыныптан бастап түсінік қалыптастыруды қажет етеді. Алғашқы еңбек дағдылары тұрақты да сенімді болып өзгешеленеді. Сондықтан да алғашқы сабақтан бастап, оқушыларға жұмыс істеу әрекеті тапсырманы дұрыс орындау, жұмыс орнын таза, мұқият ұстауға жұмсалатын материалды үнемдеуге көзделеді.

Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптарында баланы еңбекке баулу жүйелі білім берудің тәрбиелеудің дамытудың негізгі бір бөлігі болып табылғаны мен мектеп бағдарламасы мен оқулықтарына барлық жетістіктерін енгізу мүмкін емес. Сол себепті оқушылардың бастауыш сыныптардан бастап-ақ сапалы оқыту және өздігінен білім алуға деген талпыныс негізінде ғана оқушылардан парасатты азамат тәрбиелеп шығаруға болады. Осыған орай мектеп табалдырығын аттаған оқушы ғылым негіздерінің жаңалықтарынан хабардар болады. Кейін сабақта үйірме жұмыстарында, білімі мен іскерлігін одан әрі дамытуға тиіс. Бұл өскелең өмір талабы.

Бастауыш саты оқушының білімге

деген көзқарасын қалыптастырып, тәрбие процесінің қуатты жүретін кезеңі. Үйірме жұмысының бағдарламасы да белгілі.

Оқыту мен тәрбие үрдісінде белгілі бір өнер туындысын дүниеге әкелу керек. Бірінші оқушыларға теориялық білім беру керек. Теорияға мына төмендегідей ұсыныстарды ұсынамыз:

  1. заттың жасалу технологиясы;
  2. заттың жасалу операциялары;
  3. затты жасауға арналған құралдар және оларды қолдану әдістері;

Екінші теория негізінде алған білімін тәрбиеге енгізу (тәжірибелік еңбек).

  1. қол еңбекпен шұғылдану;
  2. өз бетімен еңбекпен шұғылдану;
  3. жұмысты табысты шығармашылықпен орындау;
  4. адамдағы талант пен дарынның байқалуы;

Үшінші мәселе білім мен тәрбиенің ғылымилығы. Оның ұстанымдары мыналар:

  1. заттың шығу тарихы;
  2. жас ұрпақтың беретін тәрбиесі және оның маңызы, тәрбиелік мәні;
  3. өнертануы;
  4. жалпы тәрбиенің нәтижелілігі мен тиімділігі.

Жас ұрпақты еңбекке даярлау, оқыту мен тәрбиелеу жүйесінің келешегін анықтау бүгінгі күннің талабы.

Еңбекке оқытудың мазмұнына оқушылардың ұлттық санасын қалыптастыру мақсатында ұлт дәстүрін, мәдениетін, халықтың қолданбалы өнері мен кәсіпшілігін енгіздім.

Дарын баланың бойындағы сана белсенділігі мен таным белсенділігі тума қабілет. Ол қабілет мектепте саналудан ғылыми салалардан білім алу арқылы және тәжірибелі ұстаздардың көмегі арқылы ашылады.

Қабілет ата-аналарынан да беріледі. Сол қабілетті ата-аналары мен ұстаздары ары қарай дамытып, оны ары қарай жетілдіруге міндетті. Бала бойындағы дарын өзіне қажет өнермен қамтамасыз етілмей, жұмыстары жетілмей қалса, онда қабілеті жабық күйінде қалуы да мүмкін.

Осыған орай, ұлттық өнеріміздің дамуына өз үлестерін қосқан алдынғы буын ағалар, қылқалам шеберлері Ә. Қастеев, О.

Таңсықбаев, А. Толыбаев, М. Өскенбаев, М. Жалкин, З. Қадыров сияқты есімдер бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын толықтыра түсті.

Олардың ізбасарлары ретінде Х. Наурызбаева, А. Ғалымбаева, Г. Исмаилова, Қ. Мәмбеев, С. Романов, М. Кенбаев, К. Шаяхметов т.б. маман суретшілерді атап өтуге болады.

Психолог–ғалымдар Я.С. Выготский, Я.В. Занков, Д.В. Эльконин, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, М. Дулатовтардың психологиялық және педогогикалық еңбектерінде баланы жан-жақты дамыта оқытудың бір жолы өнер екендігі дәлелденген.

Бейнелеу өнерімен айналысу – оқушының жеке тұлғасын дамытуға арналған маңызды құрал. Бұл балалардың қызығушылық көлемін кеңейтуге, олардың эстетикалық мұқтаждықтарын тәрбиелеуге, олардың ойларын, шығармашылық қиялын, есте сақтау қабілетін, шынайылыққа және эстетикалық қарым – қатынасын дамытуға көмектеседі.

Бейнелеу өнері пәнін оқыту оқушылардың көркем эстетикалық талғамын, яғни көру, сезу, түсіну арқылы оларға эстетикалық білім және тәрбие беру мақсатын көздейді.

Осы негізде Ќазақстан Республикасы көлеміндегі ғалым зерттеушілер К. Ақышев, Х. Арғынбаев, Е. Асылханов, Т. Басенов, Ж. Балкенов, Ә. Қамақов, Б. Әлімхамбетов, С. Қасиманов, М. Қадырбаева, С. Жолдасбекова, О. Сатханов, Қ. Жеделов т.б. еңбектерінде өнер арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру мәселелерінің теориялыќ негіздері ашылған.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Вишнякова Н.Ф. Креативная психопедагогика: Монография. – Ч.1. – Минск, 1995. -240 с.
  2. Аболин Л.М. Образовательное пространство нового типа: принципы, способы, внутренняя организация / Л.М. Аболин, Л.Ф. Блинова. – Казань: Карпол, 1997. – 155 с.
  3. Айдарова З. Бастауыш мектеп оқушысының шығармашылық қабілетін дамыту // Бастауыш мектеп. – 2003. № 10. – 3-4 бет.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.