Н.Ә. Назарбаев «Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында болады. Ендеше біз халыққа білім беру және ғылымды дамыту, оларды реформалау ісін қарқынды жолға қоюымыз керек» деп міндеттейді. Біз осы пікірдің өзінен-ақ білім беру жүйесін әдістәсілдеріне жаңаша құрылыммен келу керектігін көреміз.
Маңызды мәселелерді шешуде жас ұрпақты сапалы да саналы ой еңбегіне тәрбиелеуде математиканың алатын орны ерекше. Қазіргі заман – математика ғылымының өте кең, жан-жақты тараған кезеңі. Ал талапқа сай математикалық білім берудің басты шарты – математикалық мәдениеттіліктің деңгейін көтеру болып табылады.
Оқыту процесінде студенттердің білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу-тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім студенттің оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта студенттердің, сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасу дәрежесі анықталады.
Осы тұрғыда білім, білік, дағдыны есепке алу және бағалау мәселесіне теориялық және практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше.
Бақылаудың тақырыптық түрін ұйымдастырудың практикалық мәселелері П. Горбунов, Е.С. Березняк, В.И. Иващенко, А.К. Исақов, Е.И. Перовский, С.Ф. Сухорский, Н.В. Чертинский, В.О. Онищуктің ғылыми педагогикалық еңбектеріңде талданған.
Бақылауды ұйымдастырудың жекеленген әдістемелік мәселелері жайында
М.Р. Львов, Н.Н. Светловский, А.П. Пышкало, Т.Л. Коган және т.б. теориялық талдау жасаған.
Осылардың негізінде қаралып отырған педагогикалық мәселенің теориялық аспектісі жеткілікті дәрежеде зерттелген деп қорытынды шығаруға болады, себебі "есепке алу", "бақылау", "бағалауды" ұйымдастырудың мәні, олардың оқу-тәрбие процесіндегі қызметі, формалары мен тәсілдері анықталған.
Бақылау – кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бақылау оқыту процесінде студенттердің оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, олардың творчестволық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді.
Бағалау – оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау, бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны білім алушының оқу таным әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал.
Келесі кезекте білім, білік және дағдыны бақылау және бағалау қызметіне тоқталамыз. Ол негізінен үш жақты сипатта болып келеді: білім беру, тәрбиелеу және дамыту.
Бақылаудың білім беру қызметі негізінде студенттер жаңа білімдерді қабылдайды, бұрын алған білімдерін толықтырып, жетілдіріп, белгілі бір жүйеге келтіреді.
Тәрбиелік қызметі оқушыларды жүйелі түрде жұмыс істеуге үйретеді. Бақылаудың нәтижесінде олар күнделікті сабаққа үзбей дайындалады, жауапкершілік сезімдері артады.
Дамыту қызметінің маңызы сол, оқушылар өз бетінше оқу тапсырмаларын орындауда жаңа білімдерді қабылдайды, қорытынды жасайды, баяндамалар әзірлейді, хабарламалар жасайды.
Бағалаудың да қызметі үш топқа бөлінеді: хабарлаушылық (информирующие), басқарушылық (управляющие), тәрбиелеушілік (воспитывающие).
Бірінші топ өз алдына: белгілеп қоюшылық (фиксирующая), бағдарлаушы (ориентирующая), бақылаушы (контролующая) болып келеді. Бұл топтың қызметі білім, білік және дағдыны бағалауды, әрбір бағаның көрсет-кіштері мен өлшемдеріне мұғалім мен оқушылардың арқа сүйеуі жағдайында іске асады.
Екінші топ: ұйымдастырушылық (организующая), реттеушілік (регулирующая), дәлдеп түзетушілік (коррек-тирующая) болып келеді. Осы топты жүзеге асырудың қажетті шарты бағадағы көрініс тек қана оқытудағы қол жеткізілген нәтиженің мөлшері ғана емес, сонымен бірге сапасын белгілейтін көрсеткіш.
Үшінші топ: қалыптастырушылық (формирующая), дамытушылық (развивающая), ынталандырушылық (стимулирующая) болып келеді. Бұл топтың қызметінің нәтижелі болуының кепілі, баға оқытудың нәтижесін нақты бейнелей білуде.
Бақылау түрлері:
І. Жиналатын ақпараттың мазмұны мен көлеміне қарай
- Кешенді (жүйелі)
- Тақырыптық.
Тақырыптық бақылау жүргізудегі негізгі бағыттар:
а) балалардың білім алу құқығының жүзеге асырылуы, студенттер контингентінің сақталуы;
ә) студенттердің даму және білім алу деңгейі, білім, білік, дағдыларының сапасы;
б) оқу процесінің сапасы;
в) балалардың денсаулығы мен физикалық даму деңгейі;
г) тәрбиелік деңгейі және тәрбие жұмысының деңгейі;
д) оқу бағдарламасының, оның практикалық бөлімінің орындалуы;
е) оқу орнының негізгі міндеттерінің орындалу барысы мен басқару шешімдерінің жүзеге асырылуы;
ж) негізгі және «негізгі емес» пәндердің оқытылу жағдайы, студенттердің білім, білік дағдыларына қажетті «жөндеу», коррекция. Үлгермеу шілікті болдырмау туралы;
з) мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік зерттеу жұмыстары;
и) құжаттардың жүргізілуі;
к) оқу-материалдық базасының жағдайы, еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы.
ІІ. Бақыланатын, зерттелетін объектілердің түрі мен санына қарай:
- Жеке бақылау
- Топтық (сыныптық талдау, қорытындылау; пәндік талдау, қорытындылау; проблемалық талдау, қорытындылау)
- Фронтальды бақылау.
ІІІ. Жеке (персональді) бақылау – жеке бағдарлама бойынша бір мұғалім жұмысы бақыланып, жеке қорытынды талдау жасалады.
- Топтық бақылау – педагогтардың бірыңғай тобына бір бағдарлама бойынша жүргізілетін, бір қорытынды талдау жасалатын бақылау түрі. Оның мақсаты мұғалімдердің осы тобының жұмыс жағдайын талдап, ондағы әрбір мұғалімнің жеке іс әрекет ерекшелігін анықтау болып табылады.
Топтық бақылау түрлері:
- Сыныптық талдау – қорытындылау
- бір сыныпта немесе сол параллелде жұмыс жүргізетін барлық пән мұғалімдері мен сынып жетекшісінің жұмысы тексеріледі.
- Пәндік талдау қорытындылау кезінде жеке пән немесе сол циклдегі пәндерді оқытатын мұғалімдердің жұмысы тексеріледі.
- Проблемалық талдау – қорытындылау.
Бұл проблема бойынша зерттеу жүргізіп жүрген мұғалімдер тобының жұмысы тексеріледі.
- Кешенді бақылау (жүйелі бақылау)
Бұл бақылау – бір мұғалімнің жұмыс жүйесінің толық ауқымына, бір топ мұғалім немесе мекемедегі барлық мұғалім жұмысына жан-жақты жүргізілетін Бақылау.
Кешенді тексеру кезінде сабақ конспекттісінен бастап сабаққа қатысу, бақылау жұмыстарын алу арқылы, студенттердің білім, білік деңгейіне дейін тексеріледі. Кешенді тексеру 10-20 күн аралығында өткізіледі.
- Ескерту бақылау – белгілі бір сұраққа немесе педагогикалық міндеттерді шешуге мұғалімдердің назарын аудару үшін жүргізілетін тексеру түрі.
- Негізгі бақылау – ең негізгі кезең, ол білім беру мекемесінің негізгі міндеттерінің орындалу барысын айқындау үшін, оқу-тәрбие процесінің жайы мен оның нәтижелерін анықтау мақсатында жүргізіледі. Бақылау жалғасы – келесі қабылданған басқару шешімінің орындалуын анықтауға бағытталған бақылау.
- Жоспарлы бақылау –оқу орнының жұмыс жоспарының негізінде жүргізіледі.
- Шұғыл, жедел бақылау – оқу орнына болған шұғыл бір жағдайға байланысты.
Жоғарыдағы аталған мәселелерді шешуге Қараев Жауымбай Амантұрұлының жүйесінде жасалған «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі технологиясы» көп көмегін тигізуде.
Ұрпағымыздың парасаты,мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар, елін, жерін сүйетін, ибалы да инабатты, қайырымды, ұлтжанды ұрпақ өсіргіміз келсе, бүкіл қоғамдық өмірдің өзегін жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне бағыттауымыз керек. Өскелең ұрпақты биік мақсаттарға жетелеу, өз бойында бүкіл адамзаттық құндылықтарды жинақтаған, өз өміріне өзі басшылық жасап, өзін-өзі дамытатын тұлғаны тәрбиелеу – бүгінгі білім беру мекемелерінің негізгі міндеті. Осы міндетті іске асыру тетігі ұстаздар қауымына байланысты. Іскер, жаңаға жаны құмар, үздіксіз ізденіс үстіндегі мұғалім ғана оқушыға сапалы білім бере алады. Нәтижені алдын ала болжайтын, сол нәтижеге жету жолында өз қызметін жобалай алатын педагог кадрлар ғана қоғам алдындағы міндетті жүзеге асыра алады.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі прогрессивті реформалап, әлемдік білім кеңістігіне енудің алғы шарттарын жасап келеді. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырау үстінде. Соған орай оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты барлық ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және оқыту технологияларын меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндетті тұр.
Қазіргі таңда оқу орындарында дүниежүзілік тәжірибелерде өзін ақтаған оқыту технологияларымен қатар қазақстандық педагог ғылымдардың да технологиялары белсенді түрде қолданып жүр. Соның ішінде профессор Ж.А. Қараевтың
«Оқытудың үшөлшемдік әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясын өз тәжірибемде қолданып жүрмін.
Ең бірінші айтарым, бұл технология оқыту үрдісінде қиыншылық тудырып жүрген кейбір мәселелерді тиімді шешуге көмектеседі. Сондай-ақ бұл технологияның көмегімен білім алушыңның алған білімінің тиянақтылығын бақылап, зерттеуге айтарлықтай ерекшеліктері бар.
Бұл технологияда даралап және топтық оқыту формалары негізгі болып табылады. Топтық оқытудың негізгі мақсаты – оқушыларды шағын топтағы бірлескен жұмысқа тарту. Қасиетті жағдайды оқушылар бір – бірінен көмек сұрай алады, ортақ міндеттерді шешеді т.б. Даралап оқыту түрі оқушыға кейбір тапсырмаларға тереңінен тоқталуға мүмкіндік береді, өзінің де, мұғалімнің де алдында тапсырмаларды орындау нәтижесіне жауапты болуға үйретеді.
Топтық жұмыс, оқушылармен жалпы талдауды қажет ететін немесе жаңа ұғымдар негізінде тақырыпқа байланысты жаңалықтар ашуға (формулаларды қорыту) бағытталған мысалдарды орындау арқылы пікірлерін, түсініктерін ортаға салады. Жұмыстың мұндай түрі оқушылардың өз ойын, түсінген ұғымдарды қалай қабылдағанын ортаға ашып айтуға қабілеттіліктері артуына зор үлесін туғызады.
Ал деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы оқушы материалды қалай меңгергенін, қандай олқылықтары бар екенін өзі де түсінеді. Аталмыш технологияны қолдану барысында оқушыларға үш деңгейлік тапсырмалар ұсынылады.
1-ші деңгей (репродуктивтік) – стандарттың ең аз қажетті көлемін қамтиды, бұл тапсырмалар дайын алгоритмдер арқылы орындалады.
2-ші деңгей (алгоритімдік) – 1-ші деңгей тапсырмаларын тереңдетіп олардың нәтижелерінің себеп-салдарын нақтылайтын тапсырмалар.
3ші деңгей (эвристикалық) – 2-ші деңгейдің нәтижелерінің басын қосып, жалпылауға, қорытынды шығаруға арналған тапсырмалар.
Деңгей тапсырмаларын барлық оқушының бірінші деңгейден бастап орындауы талап етіледі. Сонда топ оқушылары (қабілетті қабілетсіз) деген жіктеуге сырт көзбен бөлінбей, деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындау барысында (ішкі сараласу арқылы), жеткен деңгейлеріне сәйкес өздері табиғи жолмен топтасады, олардың білім сапасының көрсеткіштері бойынша тиісті бағасын алады.
Деңгейлік тапсырмалар орындау оқушылар арасында білім бәсекелестігін қалыптастырады.
Сабақтың қорытындылау (Ой толғау). Оқушылар нені меңгерді, нені меңгеру қиынға соқты. Осы сұрақтар төңірегінде ой бөлісу. Оқушы жұмыстарын бағалау. Бағалау ашық түрде жасалады.
Бұл технологиямен жұмыс жүргізу басарында оқытушыға төмендегідей міндеттер жүктеледі:
- Оқытуды технологиялық негізде ұйымдастыру
- Әр сабаққа оқытушының ізденіс жұмыстарын жүргізу
- Оқушыларға өзіндік ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру
- Оқушылардың оқу-танымдық ісәрекетін дер кезінде тексеріп отыру, түзетулер, бағалау
- Білімді тексеру және бағалау технология негізінде жүргізу
- Әр оқушыға мониторинг жасау
«Айтушы ақылды болса, тыңдаушысы дана болады» дегендей, сөзімді қорыта келе, сабақтарымда жаңа технология әдіс – тәсілдерін қолданудың мынадай тиімді жақтары бар екеніне көз жеткіздім:
- Оқушының оқуға деген ынтасы артады;
- Әр оқушының жеке қабілеті айқындалады;
- Үлгерімі нашар оқушыға көңіл бөлініп, оларға көмектесу мүмкіндігі туады;
- Жақсы оқитын оқушының тереңірек білім алуына жағдай туады;
-
- Әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;
- Оқушы өз білімін бағалай білуіне бағыттауға мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда, оқушыларды шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге бағытталған тапсырмалар саны көбейгенде ғана, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жанжақты жетілген болашақ, бәсекеге қабілетті маман өкілдерін дайындай аламыз.
Математика арнайы білім беру пәні ғана емес, сонымен қатар студенттердің логикалық, интеллектуалдық ойлау қаблеттерін шыңдай түсетін, дүниетанымын кеңейтетін бірден-бір мықты құрал. Оқушыларға білімді тиянақты меңгерту, интеллектуалды жастарды тәрбиелеу әрбір пән мұғалімінің міндеті десек қателеспейміз.
Білім беру мекемелерінің алдына қойған басты міндеттері оқушыларға бірі сапалы білім беру. Ал білім сапасының көрсеткіші білім алушылардың орындаған бақылау жұмыстарының нәтижесі.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Қараев Ж.А., Көбдікова Ж.У. Технологиялық тәсіл негізінде педагогикалық жүйені жаңартудың өзекті проблемалары. Алматы, Жазушы, 2005.
- Беспалько В.П. Ұсынылатын педагогикалық технологиялар. – М.: «Педагогика», 1989.
- Амоношвили Ш. А. Обучение. Оценка. Отметки. – М.: Знание, 2003.
- Бабанского Ю.К. Педагогика: учебное пособие для студентов пед. институтов – М.: «Просвещение», 2001.
- Баймуханов Б. Б. Тематический контроль и учет знаний // Математика в школе, 2009, №5.
- Колобова Е.В. Внедрение зачетной системы для контроля и оценки знаний учащихся // Математика в школе, 1991 №3.