Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жоо білім беру кеңістігінде салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша спорттық клубтардың рөлі

Жастардың денсаулығына кері әсер ететін себептердің бірі өмір салты болып табылады. Жастар ортасында шылым шегу, алкогольдік ішімдіктерді ішу, наша қолдану, ерте жыныстық қатынасқа түсу кеңінен тараған. Білім беру мекемелерінде жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің шарттары күрделенгендігі белгіліБілім беруді модернизациялау тұжырымдамасы жастардың салауатты өмір сүру салтын қалыптастыруға бағытталған. Осы аталған мәселелер ерекше мәнге ие, педагогикалық үрдісті ізгілендірудің негізгі бағыттарының бірі саналады. Мемлекеттік білім беру

стандартының білім мен шеберлікке қойылатын талаптарында дене мәдениеті саласы бойынша ЖОО түлегі дене мәдениеті, тәжірибелік дағды мен шеберлікті игеру жүйесі және денсаулықты нығайту, сақтау мен салауатты өмір сүру салты негіздерін білуі тиіс делінген.

Салауатты өмір салты қалыптастыру туралы П.П. Блонский, В.П. Кащенко, П.Ф. Лестгафт, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский, К.Д. Ушинский, Н.А. Агаджанян, И.И. Брехман, В.В. Колбанов, Ю.П. Лисицын, В.П. Петленко, Л.Г. Татарникова және тағы басқа авторлардың еңбектерінде қарастырылған.

Салауатты өмір салтын қалыптастырудың дене қуаты бағытын: Л.П. Гуреев, В.М. Качашкин, А.П. Матвеев, С.Б. Мельников, гигиеналық бағытын: Г.Н. Сердюковская, И.И. Соковная-Семенова, В.В. Стан және т.б.адамгершілік тәрбиесі бағытын: О.С. Богданова, О.Д. Калинина, Р.А. Касимов, Б.Т. Лихачев, Т.В. Лодкина, О.Е. Черствая қарастырған. Г.К. Зайцев, М.Л. Лазарев, Л.Г. Татарникова, Б.Н. Чумаковтардың пікірлері бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру педагогикалық валеологияның басты міндеті болып саналады.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мен оның қазіргі заманғы жағдайы бойынша теориялық әдебиеттерді талдау арқылы қоғамдағы негізгі қарама-қайшылықтар анықталды: қоғамдағы адамдардың денсаулығының төмендеуі; сондай-ақ студент жастардың денсаулығы; салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша мақсатты мемлекеттік саясаттың жетіспеуі; студенттік кезеңде өздерінің денсаулығының төмендеуі, салауатты өмір салтының арнайы нормаларды сақтамауды түсінбеуі; оқу орны білім беру кеңістігінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда студенттік спорттық клубтардың мүмкіндіктері мен рөлін дұрыс бағаламауы, оқу орнында студентерді салауатты өмір салтына дағдылануына тартатын ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілу дәрежесінің жеткіліксіздігі.

Зерттеудің теориялық негізін мыналар құрайды:

  • Ш.А. Амонашвили, Е.В. Бондаренко, З.И. Васильев, Н.Н. Щурков және т.б. авторлардың педагогикалық білім жүйесінің тұлғалық бағдар әдісімен байланыстыра орындалған педагогикалық зерттеулері;
  • Б.А. Ашмарин, В.К. Бальсевич, Е.П. Ильин, В.И. Ильинич, П.Ф. Лесгафт, Л.И. Лубышев, А.П. Матвеев және т.б. ғалымдардың дене мәдениеті потенциалының мәдени құндылық талдауына байланысты еңбектері;
  • 20-шы жылдардағы оқу және клуб жұмыстарының өзара ынтымақтастығы тәжірибесіне ретроспективті талдау: Н.К. Крупская, А.А. Луначарский, А.С. Макаренко, М.М. Пистрак, С.Т. Щацкий және т.б.
  • клубтық формаларды оқу – тәрбие үрдісіне ендірудің қазіргі заманғы теориялық тәсілдерін талдау: С.В. Доброжинский, И.И. Должиков, Н.А. Новосельцева, В.И. Столяров, Г.И. Фролова және т. б;
  • салауатты өмір салты негізі теориясы: Г.К. Зайцев, В.Н. Касаткин, М.Л. Лазарев, Ю.П. Лисицын, Л.Г. Татарникова, Б.Н. Чумаков және т. б.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесін философиялық тәсіл тұрғысынан тәрбиелеуді Н.Е. Щуркова қарастырған. Оның жұмыстарында салауатты өмір салтын қалыптастырудағы педагогикалық әрекеттің мақсаты ретінде тәрбиеленушілердің адам өміріне деген құндылықтарын дамыту, адамның табиғат және әлеуметтік ортамен қарым-қатынасы түсіндіріледі. Сондай-ақ оқушыларға осындай қарым-қатынас технологияларын үйрету.

Л.Г. Татарникова салауатты өмір салтын қалыптастырудың мақсатын оқушылардың салауатты өмір сүру мәдениетін меңгеру деп анықтайды. Денсаулық мәдениеті негізгі компоненті (валеологиялық мәдениет) оқушыларға тұлғалық деңгейде денсаулық тұжырымдамасын меңгертіп, салауатты өмір сүру салтының жеке бағдарламасын сақтауды үйрету.

Г.К. Зайцев оқушыларға салауатты өмір сүру тұжырымдамасын ұсына отырып, адам тәртібін зерттеуде ақпараттық қажеттілік тәсілін басшылыққа алады. Бұл тәсілдің қажеттілігі оқушылардың негізі қажеттіліктеріне жауап беретін педагогикалық үрдіс ұйымдастыру ретінде қарастырылады.

Бірқатар авторлар ұжымы мен В.Н. Касаткинаның басшылығымен құрастырылған «Денсаулық» пәнаралық бағдарлама үш құрамды жүйе түрінде ұсынылған. Бұл бағдарламаның мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру.

М.Л. Лазарев оқушылардың салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру бойынша педагогикалық жұмыстың қажеттілігі туралы айта келе, негізгі нысан ретінде

«Денсаулық кешені» негізінде оқушылардың салауатты өмір салты мотивациясын қалыптастыру бойынша педагогтар күш жұмсауы қажет санайды. «Денсаулық кешені» негізгі құрамы: денсаулық ішкі жағдайы, нақты мониторинг көрсеткіштері негізіндегі субъективтік түрдегі денсаулықты өзіндік бағалау, денсаулықты сақтау мен дамытуға бағытталған білім мен дағды, өмір сүру салтын ретке келтіру қабілеттілігі.

Жас ұрпақты салауатты өмір сүру салтына дағдыландырудың концептуалды тәсілдерін қарастыру, барлық зерттеулерде салауатты өмір салтын қалыптастыруда жас жеткіншек тұлғасын дамыту негізделген педагогикалық үрдісті күшейту болып табылады. Зерттеушілер салауатты өмір салтын қалыптастыруды жас жеткіншектердің өмірі үшін басты міндет деп есептейді.

Дәстүрлі гигиеналық ағарту жұмыстарында салауатты өмір салтының формасы мен әдістері студенттің салауатты өмір салты субъектісі болу қабілетінің дамуына ықпал ете алмайды. Барлық оқушыларға салауатты өмір салты туралы ақпарат беріліп, бір типті оқу жұмысын ұсынады.

СӨС қалыптастырудың қазіргі заманғы тұжырымдамалары дәстүрлі әдістерден өзгеше. Мұнда педагогикалық жағдайлар арқылы оқушылардың құндылық – мәнді аясын, рефлексті қабілеттерін дамыту, денсаулықты сақтауға байланысты мәселеге қатысты шешімді жауапкершілікпен қабылдай алуға дағдыланады.

Зерттеу барысында «денсаулық» пен «салауатты өмір салты» категориясының мән-мағынасын түсіндіру қажеттілігі туындайды.

«Денсаулық» түсінігі 1946 жылы алғашқы рет. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында пайда болған.Денсаулық – бұл адам ағзасының ақаусыз дұрыс жұмыс атқаруы, түрлі аурулардың болмауы мен физикалық кемшіліктерінің жоқтығы. Бұл анықтамада тұлғаның денсаулығы жағдайына деген өзіндік сезім мен жауапкершілік жоқ.

Қазіргі кезде «денсаулық» түсінігі көп мағынада түсіндіріледі. В.В. Маркованың пікірі бойынша «Адам денсаулығы түрлі аурулардың жоқтығы ғана емес, қандай да болмасын гигиеналық мәдениеттің сақталуы». Осы пікірмен көптеген отандық ғалымдарда келіседі. Сонымен қатар бірқатар авторлар «салауатты өмір салты» адамның күнделікті өмір сүру әдісі мен формасы ғана емес – бұл био әлеуметтік категория. Адамның өмір сүру типін тек материалдық тұрғыдан емес, рухани жағынан да анықтайды деп есептеген.

Салауатты өмір салтының негізгі құрамы: еңбек пен демалыс, тамақтану мен ұйықтау режимін сақтау, гигиеналық талаптар, адамның жеке қимыл – қозғалыс белсенділігін ұйымдастыру, бос уақытын мәнді өткізу жағымсыз әдеттерді жою бойынша өз өзімен жұмыс жасау.

«Салауатты өмір салты» түсінігіне философиялық, әлеуметтік, медициналық, педагогикалық, психологиялық жұмыстарға теориялық талдауда осы анық-таманы түсіндіруге тырысады. Авторлық түсінік бойынша салауатты өмір сүру салты тұлғаның жас кезеңдеріне сай дамуына байланысты құндылық – мәнді қондырғылары мен еріктік – мотивациялық тәжірибесі, білімі.

Біздің көзқарасымыз бойынша әр студенттің денсаулығын сақтау мен нығайтуы үшін ЖОО спорттық клубтарының маңызы зор. Клуб жұмысы кеңінен таралып, студенттермен дене тәрбиесі саласында оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастыруда түрлі бағытты қамтиды. Бірақ әлі күнге дейін осындай көптеген зерттеулердің нысаны ретінде клуб жұмысы қарастырылмаған. Соған байланысты біз клуб жұмысы формаларының қазіргі теориясы және тәжірибесін қарастырамыз.

Клуб жұмысы туралы идея П.П. Блонский, Ю.Ю. Бойцов, Л.Г. Брызлев, В.В. Воробьев, Н.И. Засух, А.У. Зеленко, Ф.Ф. Королева, Н.К. Крупская, В.В. Кудрявцева, Т.И. Лагутина, А.А. Луначарский, А.С. Макаренко, М.М. Пистрак, С.Т. Щацкий, Н.А. Новосельцева, В.И Столяров, Г.И. Фролова және т.б. еңбектерінде қарастырылған.

Бұл зерттеулерде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру мен өзөзін дамытуға бағытталған клуб жұмысы формасының жоғары тәрбиелік потенциалы түсіндіріледі.

«Клуб» сөзі түсінігін қарастыратын болсақ. С.И. Ожегов пен Н.Ю. Шведованың орыс тілінің түсіндірме сөздігінде «клуб» сөзі адамдардың қызығушылығымен, шұғылданатын ісінің ұқсастығына қарай біріктіретін қоғамдық ұйым деп түсіндіреді.

Әлеуметтік педагогика сөздігінде «клуб» сөзін – қызығушылықтары ортақ және бірге демалып, қарым – қатынас жасау мақсатында өз еркімен біріктірілген адамдар тобы деп түсіндіріледі. Осы анықтамалардың барлығындағы ортақ мүдде клубтың негізі мәні адамдардың қабілеттерін анықтап, олардың өмірін рухани бай, жан-жақты ету болып табылады.

Спорттық бағыттағы алғашқы клуб жұмыстарына ерекше мән берген Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, П.Ф. Лестгафт, Н.Е. Семашко, В.А. Сухомлинский және т.б.

Олар балалар клуб оқушылардың қоғамдық пайдалы жұмыстарға тартуға зор ықпалын тигізетінін, рухани, адамгершілік, дене тәрбиесіне, денсаулығын нығайтуға пайдалы екендігін атап көрсеткен. Қазіргі заманғы клубтар жұмысына тоқталсақ, олардың мақсаты жастарды көшедегі жағымсыз әдеттерден бойын аулақ ұстап, олардың күш-қуатын тиімді пайдалануға бағыттау, балалар мен жасөспірімдер клубына мүше бола алмағандарға көмектесу болып табылады. Біздің зерттеуіміздің мақсаты студент жастарға арналған спорт клубтарының жұмысын анықтау маңызды саналады.

Қазіргі заманғы спорт клубтарының жұмыс формасы И.И. Должников, В.И. Столяров, В. Сергеев, Г. Шустиковтың еңбектерінде клуб ашудың ұйымдық принциптері қарастырылған:

  1. Клубқа адамдар өз еркімен кіру;
  2. Клуб оқу орны бастамашылық тобы ұсынысы бойынша құрылады. Бұл топта дене шынықтыру пәні оқытушыларының болуы маңызды.
  3. Клуб жарғысы жасалады.
  4. Сынақ ережесі мен талаптары анықталады.
  5. Сынақ талаптарын толық орындаған студенттер арнай куәлік алады. Оның формасын бастамашы топ анықтайды.
  6. Бастамашы топ клубтың атрибутын ойлап, дайындайды.
  7. Клуб бағдарламасы бойынша түрлі жарыстар өткізіледі.

Клубтардың арнайы топтамасы жоқ екендігін атап айтуымыз керек.

Біздің көзқарасымыз бойынша сәтті шыққан зерттеулердің бірі Р.Е. Кемзаның «Жасөспірімдер клубында оқушыларды Қарулы күштер қатарында қызмет етуге дайындау» жұмысы деп есептейміз. Автор клубтарды атқаратын қызметіне, бағытына қарай жіктемесін берген: жалпы білім беретін, саяси, өлкетану, туристік, кәсіби – техникалық және әскери-патриоттық.

Зерттеуші клуб құруда оның мақсатын анықтау, кадрлық және материалдық тұрғыда қамтамасыз ету мәселесі маңызды деп есептейді. Клуб жұмысы:

  1. Клуб – қосымша білім берудің арнайы оқу – тәрбие мекемесі, мысалы, теңізшілердің республикалық клубы.
  2. Клуб қызығушылықтары ортақ балалардың бірлестігі, мысалы, тұрғылықты мекен – жайына қарай. Мұндай клубтардың жұмыстары ағымдағы және перспективалық жоспар бойына жүргізіледі. Нақты бір белгіленген оқу үрдісі анықталмаған.

Біздің зерттеу бойынша ЖОО білім беру кеңістігі дегенді нормативті немесе стихиялық құрастырылып, оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастырудағы тұтас социум бірлігі ретіндегі, өз жүйесі бар, педагогикалық категория деп түсінеміз.

ЖОО спорттық клубтары жұмысының негізгі бағыты мыналар: СӨС мәселесі бойынша арнайы білім –ақпараттық жүйемен қамтамасыз ету. Студенттер арасында СӨС деген қажеттілік пайда болуына ықпал ететін жағдай жасау, Оқу – тәрбие үрдісіне қосымша ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ететін үрдістер енгізу (спорт түрлері секциясы, «денсаулық» топтарын құру).

Дене мәдениеті мен спорттық сабақта арқылы студенттердің тұлғасы жетіліп, тұлғалық қасиеттері жетіліп, ұжымдық қарым – қатынасы кеңейеді. Дене мәдениеті мен спорт саласында әріптестікте болу студенттің денсаулыққа деген құндылық бағдарын қалыптастырады.

Ең тиімдісі ЖОО әрбір студенті, оқытушысы, магистранты жынысы мен жасына қарамастан мүше бола алатын спорт клубтарының жұмысы. Клуб басшылары демократиялық жолмен сайланады, мүшелері клуб жұмысының инфрақұрылымы мен бағдарламасын, белгісі жасап, іске асырады. Спорттан басқа әлеуметтік –мәдени шараларды ұйымдастырады. Кәсіби мамандар штаты бар. Тәжірибеде ЖОО спорт клубтарының жетекшілігін «Дене мәдениеті және спорт» кафедрасы меңгерушісі, әдіскерлер, нұсқаушылар басқаратындығын көрсетеді.

Студенттермен спорт клубтары арқылы байланыста болуы, әлеуметтік – психологиялық дамуына ықпал етеді. Клуб – әлеуметтік мекеме. Клуб жұмысы оқушының танымдық үрдістерін жетілдіріп, білімге деген көзқарастарын арттырады. Спорттық бағыттағы клубтар студенттер арасында СӨС қалыптастыру негізін қалайды. Ол денсаулықты басты құндылық екендігін түсінеді. Адам үшін денсаулығын сақтау – жауапкершілік.

СӨС қалыптастыру бойынша спорт клубтарының мынадай үш блоктан тұратын моделін қарастырылады: теориялық – методологиялық, психологиялық – педагогикалық, технологиялық. ЖОО білім беру жүйесінде СӨС қалыптастырудың бірқатар деңгейлік көрсеткіштері мен критерийлерін мынадай:

  • оқушыларды СӨС туралы ақпараттандыру, денсаулық мәселесінің өзектілігін, денсаулық заңы мен оның жүйесі, денсаулыққа қауіпті тәуекел факторларын түсіндіру;
  • денсаулықты сақтау үшін СӨС дағдысын қалыптастыру қызығушылығын арттыру;
  • өз денсаулығын зерттей білу, жағымсыз әдеттерге қарсы тұру білу.

Ресейлік психология классиктері А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн еңбектерінде адам әрекетінің циклі бірнеше кезеңдерге бөлінген: қажеттілікті түсіну, ісәрекетін жоспарлау мен ұйымдастыру, ісәрекетін бағалау. Осы аталған кезеңдердің бірінші және екіншісі бойынша құндылық мәнді бағдар СӨС қалыптастырудың басты құрамы болса, үшіншісінде – мотивация. Тұлғаның даму кезеңдерін Л.С. Выготский де еңбектерінде қарастырған. Клуб мүше болуы студентке денсаулық басты құндылық екендігін түсіндіреді. СӨС қалыптастыру субъектісі – студенттің арнайы білім алуы, денсаулығын нығайтудың тәжірибелік мотивациясын үйрену.

Жоғары да қарастырылған мәліметтер бойынша қорыта айтар болсақ.

  1. ЖОО спорттық клубы білім беру кеңістігіндегі адамдардың денсаулығын сақтауға бағытталған, ерікті түрде біріккен ұйым.
  2. Моделді жүзеге асыру студенттің дене мәдениеті мен спорттың рөлін арттыруда салауатты өмір салтын сақтаудағы рөлін түсіндіреді.
  3. СӨС қалыптастыруға бағытталған ЖОО білім беру кеңістігіндегі спорттық клубтардың педагогикалық шарттары: студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға деген қажеттілік орнату, жан-жақты жағдай жасау, СӨС қалыптастыру технологиясын оқу – тәрбие үрдісінде қосымша формасы ретінде енгізу, ғылыми әдістемелермен қамтамасыз ету. (спорт түрлері секциясы, «денсаулық» топтарын құру).

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Ильинич В.И. Физическая культура студента и жизнь: учебник. – М., 2008.
  2. Пешков А.А., Пешкова Н.В. Проектирование системы управления развитием студенческого спорта в современном вузе. // Теория и практика физической культуры, 2012, №5. 83-85 с.
  3. Рапопорт Л.А. Педагогические аспекты управления развитием студенческого спорта // Теория и практика физической культуры. – 2002. -№1. – с. 42-44.
  4. Никулин А.В. Роль спортивного клуба в образовательном пространстве вуза по формированию здорового образа жизни. // Вестник развития науки и образования. – 2008. №5. –с. 64-67.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.