Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Химия пәнін оқыту барысында өндірістік кәсіпорындардың аймақтық ерекшеліктерін қолданудың методикалық мүмкіншіліктері

Қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, саяси және жаңа технологиялық өзгерістерден, ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыстардан білім мен тәрбие беру жүйелерінің ісін жаңа сатыға көтеру қажеттілігі туындап отырғаны мәлім.

Осыған орай химияны оқытудың жаңа әдістемелік жүйесі, мектептерде пәнді оқытып үйретудің тиімді жолдарының бірі оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру, педагогикалық технологиямен ұштастыра жүргізу жұмысын практикаға енгізу мәселесіне ерекше көңіл аудару қажеттігін көздейді.

Орта мектептің аймақтық компонентінің құрылымы, оны оқыту әдісі, оның мектеп курсындағы орны – жалпы орта білімдік мектептің өзекті проблемасы. Бірақ бұл проблема жеткіліксіз зерттелген. Осы мәселені шешу мақсатында көптеген құнды зерттеулер болғанымен жергілікті химиялық өндірісті пайдаланып оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру, экологиялық білім беру саласында көпшілік мойындаған нақты әдістеме немесе белгілі заңдылық байқалмайды.

Экологиялық және жергілікті аспектілер бойынша химиялық өндірістерді оқыту оқушылардың экологиялық дүние танымының дамуына әкеп соқтырады. Мұнда олар табиғатқа келтіретін зиянын ғана біліп қоймай, сонымен қатар олардың пайда болу себептерін және өндірістерден шығатын зиянды заттардан қоршаған ортаны қорғау мәселесін де шеше алады.

Оқу-әдістемелік, педагогикалық әдебиеттерге жасалған талдау, химия курсын оқытудағы аймақтық компонент материалдарын қолданып оқушылардың қызығушылықтарын, танымдық ізденімпаздықтарын және экологиялық білімдерін тереңдету толық зерттелгенін көрсетті.

Жалпы білім беретін мектеп шын мәнінде оқушыны еңбекке тәрбиелеп, олардың қызығушылығын, дарынын дамытып, экологиялық мәдениетін, кәсіптік бағдарға бейімділігін арттыру жұмыстарын жүргізу міндетті. Өкінішке орай, мектеп тәжірибесінде химиялық өндірісті оқыту арқылы оқушылардың қызығушылықтарын, танымдық ізденімпаздықтарын, экологиялық білімін, мәдениетін арттыру ісі мардымсыз жүргізілген.

Сондықтан зерттеу жұмысын осы мәселені шешуге ықпал ететіндей бағытта қарастыруға болады.

Аймақтық өндірісті пайдаланып оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында білім мазмұнын таңдау үшін төмендегідей талаптарды ескеруіміз керек:

  • оқушылардың қызығушылықтарын экологиялық білімі мен мәдениетін арттыру үшін қолданылатын әдістер химия курсы материалының мазмұнымен тығыз байланыста болу керек;
  • оқылатын мәселелер ұғынықты, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес, ақыл-ой әрекетінің белсенділігін арттыратындай болу керек;
  • аймақтық компонентті пайдаланып оқушылардың қызығушылығын арттыру химиялық экспериментпен тығыз ұштастыратындай етіп қарастыру керек;
  • таңдап алынған материал оқушылардың қызығушылығын арттыру бағытында алынып, олардың танымдық ізденімпаздығын дамытатындай болу керек.

Оқушыларға тиянақты білім беру мақсатында оқытуды жетілдіру әр ұстаздың негізгі міндеттерінің бірі. Оқушылардың жалпы жетілуі мен ақыл-ойының дамуы сабақтың сапалы оқылуына тікелей байланысты. Мұғалімнің шеберлігі әдістемелік материалдың көптігі, оны сабаққа ғана қолдану ғана емес, сол сабаққа тән сабақ мазмұнын, формасын, тәсілін үйлестіре білуде. Уақыт алдыға жылжыған сайын сабақ үрдісін жетілдірудің жолдары мен әдістері үнемі өзгеріп, жаңарып отырады. Мұны өмірдің өзі дәлелдеуде. Сондықтан біз зерттеу жұмысымыздың ұстанымына сәйкес, оқушылардың өндірістік материалды жақсы меңгеруі үшін сабақтың түрлі формалары мен оқытудың тиімді әдістерін пайдаланамыз. Мәселен, өндірістік тақырыптарды оқытқанда және сараманды жұмыстарды орындату барысында «рөлде ойнау» сабағын ұйымдастырдық.

Бұл сабақтың негізгі мақсаты әрбір оқушының білімге ұмтылысын жақсарту, оларды болашақ мамандыққа бағдарлау. Жалпы рөлдік ойындардың ерекшелігі: ойын барысында нақты мамандардың – конструктор, технолог, экономист, т.б. сияқты рөлдер арқылы химия саласындағы мамандардың қоғамдық пайдалы қызметі және олардың жұмыс мазмұнымен танысады, әр түрлі жағдайда және жаратылыстану пәндері бойынша білімдері кешенді қолдануға бейімделеді. Азаматтық қасиеттерін тәрбиелеуде ұжымдық шешім шығаруға, талқылауға қатысуға үйретсе, өз көзқарасын айтып дәлелдеу де өз жақтастары мен қарсыластарын мұқият тыңдауға да үйретеді. Мұндай сабақ нәтижесінде оқушының интеллектуалдық қабілеттері мен ерекшеліктері (әртүрлі нұсқалар мен көзқарастарды талдау, құбылысты жан-жақты талқылау, фактілерді салыстыру мен жалпылау, ұқсас сипатта қолдана білу) ашылады.

Алайда барлық сабақты рөлде ойнау түрінде жүргізу мүмкін емес, бұл сабақты өткізу үшін, мынандай талаптар орындалуы тиіс:

  • белгілі бір мәселені шешу алдыға қойылып, одан шығармашылық ізденіс қажет болғанда;
  • оқушылардың білім дәрежесіне сәйкес, өзіндік жұмыстарды, тәжірибелік, сараманды, зертханалық жұмыстарды ұйымдастырғанда;
  • ғылымның қоғамды дамытудағы маңызын көрсеткенде қолданылады.

«Рөлде ойнау» сабағын «Қазмырыш» АҚ-ыннегізге ала отырып осы күкірт қышқылы өнеркәсібінің мамандары арасындағы конференция түрінде өткізіп, білім мен білікті тексеру, сабақты жинақтап қорыту мақсатында қолдандық. Мысалы, күкірт қышқылы өндірісін оқу барысында алынған білім мен білікті тексеру мақсатында жүргізілген рөлде ойнау сабағының үлгісін қарастырайық.

Алдымен оқушылардың білімдері мен біліктерін тексеру үшін жұмысшы топ құрылады, оның құрамында директор, бас инженер, тарихшы, конструктор, технолог бар. Олардың рөлін мұғалім немесе консультант оқушы атқарады. Оқушылардың білім деңгейіне қарай күкірт қышқылы өндірісіне байланысты білімді тексеруге арналған сұрақтар беріледі. Берілетін тапсырмалар сабақ үстінде қарастырылғаны болуы тиіс. Шығармашылық тұрғыда еңбектенетін оқушыларға тапсырмаларды күрделендіріп беруге болады.

Бұл сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың түсті металл өндірісіндегі, күкірт қышқылының өндірісі туралы білімдерін бекіту;
  2. Қосымша әдебиеттермен жұмыс істей білу қабілеттерін, ізденімпаздықтарын, танымдық белсенділіктерін арттыру болды.

Директор.

  1. Конференцияны ашады. Мынадай мәселені қарастыруды хабарлайды: Күкірт қышқылы өндірісінің үйлесімді жағдайын жоспарлау.
  2. Күкірт қышқылы өндірісі үшін күкірттің қандай қосылыстарын шикізат ретінде қолдануға болады.

Бас инженер.

Күкірт қышқылының алынуының реакция теңдеуін жазады. Талқылауда қарастырылатын негізгі проблемаларды қалыптастырады:

  1. Күкірт қышқылын өндіру үшін алынатын шикізат.
  2. Күкірттің табиғатта таралуы.
  3. Өндіріс сатыларындағы үйлесімді жағдайларды таңдау.
  4. Күкірт қышқылының қолданылу аймағы.

Тарихшы.

Күкірт қышқылының өндірісте алынуы туралы тарихын, оның әртүрлі алыну әдістері туралы қысқаша айтып кетеді. Жауап реакция теңдеуіне сүйену керек.

Конструкторлар.

  1. Колчедан күйдіретін реактордың жұмысын және құрылғы принциптерін зерттейді. Пештің «қайнау бөлігінің» кемшіліктерін анықтайды.
  2. Контакт аппаратындағы температура режимінің үйлесімді ұстамдылық варианттарын ұсынады.

Технологтар.

  1. Колчедан күйдіруде үйлесімді жағдайдың таңдалуын дәлелдеңіз. Реакторда үйлесімді температура режимін ұстану себептерін көрсетіңіз.
  2. Күкірт оксидінің (ІV) күкірт оксидіне (VІ) тотығуындағы үйлесімді жағдайының таңдалуын дәлелдеңіз.
  3. Гидратация реакциясын үйлесімді түрде жүру жағдайын таңдаңыз.

Оппоненттерге арналған тапсырма.

Талқылау жұмысы үшін сұрақтар құрастыру.

  1. Неге күкірт қышқылы өндірісі бойынша жеке завод салуға болмайды? (Өйткені Қазақстанда құрамында көп күкірті бар шикізат жоқ, сондықтан түрлі-түсті металдарды қайта өңдеу кезінде шығатын күкіртті газ аз)
  2. Қоршаған ортаны қорғау үшін қандай ұсыныс бере аласыз?
  3. Синтез колоннасындағы газды қақпан.
  4. Қалдықсыз өндіріс қалыптастыру.
  5. Қандай шикізаттан күкірт қышқылын алу үнемді?
  6. Қазақстанда күкірт қышқылын алу үшін қолданылатын негізгі шикізат жоқ, сондықтан газ қалдықтарын қолданады.
  7. «Қайнау бөлігі» пешінің кемшілігі неде? Неге оларды қолданады? (конструкторларға).
  8. Пирит бөлшектерінің пісуі.
  9. Ластанған күкіртті газ.
  10. Ұлы заттардың көп мөлшері
  11. «Қайнау бөлігі» пешінің температурасын неге бірқалыпта ұстайды? (технологтар). (Өйткені реакция экзотермиялық, реакция SO2 жаққа қарай жүру үшін артық температураны алып тастау керек.)
  12. Сіңіргіш баядағы «қышқылдық тұманнан» қалай құтылуға болады? (технологтарға). Тек концентірлі күкірт қышқылын 98% қолданады. (сұйытылған олеум)
  13. Колчеданды жандырған кезде қосымша жылу қалай қолданылады? (конструкторларға). (Бұл жылуды қолдану экономика жағынан тиімді, мысалы, су буының өндірісі үшін. Түзілген буды электр энергиясын алу үшін немесе басқа мақсатта қолдануға болады).
  14. Неге (IV) күкірт оксидін (VI) күкірт оксидіне дейін тотықтырғанда платиналы катализатор емес, оның орнына V2O5 катализаторын қолданады. (Катализатор ретінде V2O5 платинаға қарағанда бірнеше ретке активсіз, бірақ экономика жағынан тиімдірек).
  15. Жана су аппаратында жылу алмастырғыш принципті не үшін қолданылады? (технологтарға). (Жанған газды қыздыру және контактілі газдың керекті температураға дейін суыту проблемасы шешіледі.

Жылу алмастырғыш принцип отынды үнемдеуге және жүйеде үйлесімді температураны ұстап тұруға мүмкіндік береді).

Конференция тыңдалып, білімдері мен біліктерін қадағаланғаннан кейін баға қойылады. Талапқа сай көрсеткішке жеткен оқушыларды инженер, технолог, конструктор мамандығына лайықты екенін атап көрсетеді.

Бұл сабақтың дәстүрлі сабақтарға қарағандағы тиімділігі мынадан байқалды: мұнда әрбір оқушының білімге ұмтылысы жақсарды, өз ойын, көзқарасын айту белсенділігі артты, білімдері тереңдеді. Басқа біреудің жауабын тыңдап, одан қорытынды шығара білу дағдылары дамыды. Қосымша ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау дағдысы, ізденімпаздығы қалыптасып білімдерін толықтырды. Оны осы сабаққа қатысуға ынталылық танытқан оқушы санының артуынан және білімдерін тексерген кездегі алған бағаларынан көреміз.

Педагогикалық іс-тәжірибемізде оқушыларға қажетті білім беріп, олардың сабаққа ынта-ықыластарын арттыру үшін оқытудың техникалық құралдардың пайдаланудың мүмкіндігін ескердік. Сондықтан сабақ барысында өндіріс қондырғылары мен аппараттарының макет-модельдері қолданылды. Кинофильмді оқушылардың назарына ұсыну арқылы, оларда өндіріс, оның ұстанымдары, шикізат мәселелері, өндірістің химиясы, технологиясы туралы білімдері одан әрі артты.

Химияны оқытудың кәсіби – бағдарланған орта жағдайында аймақтық компонентін қолдану мәселесін шешу үшін кәсіби дамыған еліміздің Шығысы жақсы аймақтық материалына ие болып отыр, оны химияны оқытуда қолдануға болады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Куратова Е.В., Сорокин В.В. Задачи к экологизированному курсу общей химии // Химия. – 1995. – № 22. – С. 5–6.
  2. Селиверстова Е.Н. Использование межпредметных задач как средство формирования экологической активности в познавательной деятельности. – Рязань, 1990. – С. 131–138.
  3. Петров В.В. Экологическое право: схемы и методика решения задач / МГУ. – 1989. – 39 с.
  4. Абекова Р.С., Шоқыбаев Ж.Ә., Яшкарова М.Ғ., Онтагарова Д.Р. Органикалық химия курсын экологияландыру // Халықаралық ғылыми конференция. – Семей, 2003. – 236–240 бб.
  5. Бадамов И. С. Задачи экологического содержания // Химия в школе. – 1986. – № 1. – С. 18–24.
  6. Даутова З.С. Экологиялық білім берудің мәні мен сипаты // Ұлт тағылымы «Ғылыми-педагогикалық басылым». – 2006. – № 1. – 10–13 бб.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.