Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды география пәнін оқытуда қолданудың тиімділігі

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым – қатынасына ақпараттық коммуникативтік технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.

Білім берудің маңызды шарты оқу процесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, өздігінен білім алу құштарлығын дамыту болып табылады. Сондықтан да, осы мақсатқа жету үшін оқушылардың өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-коммуникациялық технологияны география пәнінде қолданамын.

Жаңа ғасырда білім берудің алдындағы міндет – егеменді еліміздің жас ұрпағын жан-жақты дамыта отырып тәрбиелеу. Өйткені Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс – тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл ретте оқытушының терең біліктілігі қажет. Біліктілік – бұл білімдегі, тәжірибедегі, берілген білімді меңгертудегі бейімділік, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік.

Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған компьютерлендірілген әлемге дайындау – бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі.

Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан қорғанған адам – ол технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, әрі жан-жақты адам. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру керек. Еліміздің білім беру жүйесінің дамуына ақпараттандыру ісінің, оның ішінде интернет арқылы өздігінен білім алудың маңызы өте зор. Қазіргі кезде интернет желісінде жергілікті аймақтардың зиялы қауымдары туралы мәліметтер жеткіліксіз.

Адамның жас шығында жетiлдiрiлмеген ойлау қабiлетi сол қалпында қалып қоятыны белгiлi. Сондықтан қазiргi ақпараттық қоғамдағы өмірге балаларды дайындау үшін олардың тек ойлау қабілетін, анализ бен синтез жасау мүмкiндiктерiн ғана дамытып қоймай, оқыту процессiнiң ең маңызды бөлiгi aқпараттық мәдениет элементтерін бойларына сiңiрiп, ұғындыру керек.

Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі – осы ақпарат. Бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып кетуі мүмкін.

Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады.

Бiлiм беру жүйесі қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетін iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады

Білім беру сапасы – қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, сондай-ақ жеке тұлғаның кәсіпшілігінің қалыптасуын және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Білім беру сапасы білім беру мекемелеріндегі жастарды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әр түрлі көрсеткіштерінің жиынтығы, яғни білім беру мазмұны, оқыту формасы мен әдістері, материалдық техникалық базалары, т.б. бойынша анықталады.

Ю.К. Бабанский оқытушының сабақ үстіндегі шығармашылығын 4 деңгейге бөледі:

  • оқытушының топпен өзара әрекеті, нәтижеге жетуге ұмтылуы;
  • оқытушының сабақтағы қызметі, яғни жоспардан бастап оқытудың мазмұны, соған орай әдіс-тәсілдердің таңдалуы;
  • оқушы шығармашылығын қалыптастыру, соны дамыту мүмкіндігін жасау;
  • оқушылармен өзара қарым – қатынаста толық дербестік таныту, оқыту мен тәрбиелеуде.

Ал, мұның барлығы оқытушының кәсіптілігі байланысты болмақ. Ол біріншіден, өзінің еңбегінің нәтижесін өлшеу біліктілігі мен қызметінде сапалы көрсеткішке жетуі. Екіншіден, практикалық қызметте педагогтің сапалық көрсеткішін зерттеу біліктілігі. Бұл шебер-педагогтің, шығармашыл педагогтің өз қызметіне , оның нәтижесіне талдау жасай білу біліктілігін көрсетеді. Әр педагог өз жұмысына талдау жасауда:

Неге жеттім? Неге ұмтыламын? Не кедергі жасайды? сұрақтарын басшылыққа алуы тиіс.

Педагогтің өз еңбегіне, сапалы көрсеткішіне зерттеу және талдау жасау біліктілігіне қарай шығармашылық мынандай деңгейлерге бөлінеді:

  1. Ақпараттық – өндірушілік: педагог басқаның тәжірибесін ескере отырып, нәтижеге жету жолындағы педагогикалық міндеттерді шешеді, нақты ситуацияларды шешудің тиімділігін талдауды біледі. Бұл педагогикалық шығармашылықтың төменгі деңгейі болып табылады.
  2. Бейімділік болжаушылық: педагог өзіне белгілі ақпараттан оқушылардың потенциялы мүмкіндіктері мен өзіндік жеке қасиеттерін ескере отырып, өзара әрекет әдістерін, құралдарын, тәсілдерін іріктеп, өзгертіп пайдалана біледі. Бұл деңгейде пәнаралық байланыс, саралап оқыту, білім, білік дағдыларын меңгерту жұмыстары жүреді. Бірақ әліде болса оқушының жеке басын дамытуды оптималды болжау жағдайы жетіспейді.

Бұл педагогикалық шығармашылықтың І деңгейі.

  1. Ұтымдылық: педагогтің құрастырушылық – болжаушылық қабілеті байқалады, яғни жаңашылдық, педагогикалық үрдісті мақсатты, ұйымдастыру, педагогикалық міндеттерді шешудің қалыптан тыс түрлерін қолдану, т.б. Бұл І І деңгейі.
  2. Зерттеушілік: педагог өзінің ізденісінің тұжырымдамалық негізін анықтай біледі, оларды еркін қисындады. Оның нәтижесін зерттеу негізінде өзінің жүйесін дайындайды. Бұл деңгейде педагог шығармашылықтың жоғары категориясына жақын. Бұл педагог өзінің тәжірибесін жинақтай біледі. Егер оны әріптестері мойындаса, оның идеясы басқа мұғалімдердің жұмысында тиімді нәтиже беруі мүмкін.

Бұл педагогикалық шығармашылықтың «жоғары » деңгейі.

Креативтік. (шығармашылықты елестете білу) – болжаушылық: педагог жоғары міндеттерді ұсыну және оларды шешудің әдістерін негіздеу қабілеттерін көрсетеді. Мұндай қызмет нәтижесінде өмірлік шығармашыл инновациялық тұлға қалыптасады. Бұл деңгейде педагог қызметінде өзара әрекет жасау әдісі орын алады. Принцип бойынша бұл әдістерді оның оқушылары да меңгереді. Олар тұрақты жағдайда өз мүмкіндіктері бойынша өзіне – өзі іштей жарысқа түсу үрдісінде нәтижеге жетуге тырысады.

Ақпараттық технологиясының негізгі мақсаты – қолданушыны керекті мәліметті өздігінен іздеп табуға талпындыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету. Сондықтан, бүгінгі компьютерлендірілген ғасырда есептеу техникасының өте жылдам дамып, оны ғылымның кез-келген салаларына қолданып, одан нақтылы нәтижелер алуымызға байланысты ғылым мен білімді одан әрі терең меңгертуде ақпараттық технологияларды қолданғанымыз аса маңызды.

ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қоғамды ізгілендіру оның білім мен мәдениет жүйесін дамыту процесінде ақпаратты технологиялар маңызды рөл атқарады.

География ғылымы өте қызықты да күрделі. Пәнге қызықтыру арқылы, оқушыға табиғаттың күрделі құбылыстары мен заңдылықтарын ұғындырып, сапалы білім беру мұғалімнен үлкен шеберлікті, оған қоса ғылым мен техника жаңалықтарын, яғни жаңа педагогикалық технологияларды әр сабағында тиімді қолдануды талап етеді.

Жаңа ақпараттық технологияны сабақта пайдалану, оқушының шығармашылық интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірге пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына ықпал етеді.

Электронды оқулықтар оқушының білім қорымен қаруландырып қана қоймай, танымдық белсенділігін арттыруда алатын орны ерекше. Мектебімізде география пәні бойынша барлық сыныптарға арналған оқулықтар бар. Бұл оқулықтар Білім стандарты мен оқу бағдарламасының талаптарына сай жасалынған.

География пәні басқа пәндермен салыстырғанда, картамен жұп жазбас бірлестікте екенің ескеріп, оқушылардың география сабағында материкпен дүние бөлігіндегі және аралдағы елдер мен халықтар жайында, қызғылықты деректерді тек оқулық мәтіндегі берілген карта, сызба, сурет немесе диаграммаларды пайдаланумен ғана шектелмей, электрондық оқулықта көрсетілген бейне арқылы пайдаланған тиімдірек.

Материктердің қалыптасуын, дамуын және қазіргі табиғат жағдайындағы ұқсастықтарын, солтүстік және оңтүстік жарты шар материктерін көзбен көріп, есте сақтау үшін, интернет арқылы қашықтықтан оқыту жүйесін пайдаланған жөн .

Оқушылар оқулықпен жұмыс істеу барысында географиялық әдебиеттер мен карталар, сызбалар, суреттер және қосымша кестелерді пайдалану арқылы біліктіліктерін арттыратын болса көзбен көріп, электрондық оқулықтың көмегімен есте сақтау қабілетін және пәнге қызығушылығын арттырады. География сабағын информатикамен тығыз байланыстырып, компьютерде ақпараттық технологияларды және электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың білімін одан әрі жетілдіреді . Қазіргі заманауи ақпараттық технологиясының негізгі мақсаты – қолданушыны керекті мәліметті өздігінен іздеп табуға талпындыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету. Сондықтан, бүгінгі компьютерлендірілген ғасырда есептеу техникасының өте жылдам дамып, оны ғылымның кезкелген салаларына қолданып, одан нақтылы нәтижелер алуымызға байланысты ғылым мен білімді одан әрі терең меңгертуде ақпараттық технологияларды қолданғанымыз аса маңызды.

Бүгінгі білімді ақпараттану үдерісі болашақ мамандардан ұдайы ізденуді, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кәсіби саласында қолдана білуге машықтануды, қажет ақпаратты ақпарат көздерінен таба білу мен өңдеуді, шығармашылықпен ойлауды және шешім қабылдауды талап етеді. Білімді ақпараттандыру ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім мақсатындағы құралдарын жасау, сараптау мен қолданудың ғылыми негіздерін қамтиды.

География пәнін оқытуда сабақтың сапасын арттыруда, сабақ түрлері мен әдістерін танымдылық, білімділік деңгейге жеткізуді негізгі мақсат ретінде қарастыра отырып, география пәні мұғалімдері сабақ өту әдістерін толықтырып, әр уақытта ізденісте болуы керек. География пәнін оқытуды қалыптастыру тек дәстүрлі технологиямен ғана тоқталмай, пәнді қазіргі заманда ақпараттық технологиялары тұрғысында дамытуды ескере отырып, жаңаша үлгіде, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын және зейінін қалыптастыруда мультимедиялық көрсетілімдерді, интерактивті тақталарды қолданып оқыту мол мүмкіндіктерге жол ашады.

География сабақтарын компьютер көмегімен оқытуда дүниежүзілік халықтардың географиялық орналасуы, көрнекті құндылықтарын, тарихи жолдарын түсіндіруде мультимедиялық презентацияны қолдану баға жетпес дүние. Сабақта видеофильмдер, көркем фильмдердің фрагменттері, боялған таблицаларды, карталарды анықтап көрсету арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыруға болады.

География ғылымы өте қызықты да күрделі. Осы пәнге қызықтыру арқылы, оқушыға географияның күрделі құбылыстары мен заңдылықтар мен заңдылықтарын ұғындырып сапалы білім беру мұғалімнен үлкен шеберлікті оған қоса ғылым мен техника жаңалықтарын, яғни жаңа педагогикалық технологияларды әр сабағында тиімді қолдануды талап етеді.

География сабағын қызықты өткізудің негізгі талаптарының бірі мұғалімнің үнемі іздену, ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдану, оқыту әдістемесін жаңартып оқытуына байланысты. Қазіргі таңда география пәнінің мұғалімдері инновациялық және интерактивтік технологияларды сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы, әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

Соның ішінде география пәнінде ақпараттық технологияны қолдану тұлғаның жан-жақта ашылуына жағдай жасайды, шығармашылық әлеуетін арттырып, жоғары интеллектуалды жастар тәрбиелеуге үлес қосады.

Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, оқушылардың жалпы дамуын қамтамасыз етуі керек. Бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болған дықтан, бастауыш сынып мұғалімі олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдістәсілдерді енгізіп, оны ұйым дастыру формасын түрлендіріп отыру – мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Мұндай жағдайда мұғалімнің шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті үлкен рөл атқарады.

География пәнін оқытуда компьютер оқушы үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. Оның қолданылуы нәтижелі болуы үшін бағдарламалық құралдар толық түрде мұғалімнің және оқушының алдында қойған мақсатына жетуін және шығару жолдарын қамтамасыз ету керек.

География пәнін оқытуда компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға игеріп, нәтижесінде өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашуы керек.

Қорыта келгенде, қазіргі кездегі жалпы білім беруде оқу-тәрбие үрдісінде әлеуметтік сұраныс технология деңгейінің жетістігін талап етеді, яғни оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын модернизациялау деңгейінен (бағдарлама, оқулық, оқу курстары) өтіп, екінші саты-ақпараттық технология деңгейіне көтерілу. Ақпараттық технологияны қолданудың тиімді жақтарын зерттей отырып, үздіксіз жүйелі жұмыс жасау – білім субъектілерін дамытуда үлкен нәтижелерге жеткізеді, сонымен қатар білім сапасын да арттырады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы.
  2. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Астана, 2010.
  3. «География және табиғат». № 6, 2008 жыл.
  4. Қазақстан мектебі. №6, 2006 жыл.
  5. Ошанова Н.Т. Білім беру жүйесінде коммуникациялық технологиялардың көмегімен оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру // Вестник Каз НПУ им. Абая, Алматы, №2(13), 2005 г., 161-165 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.