Ұлағатты ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың «Мұғалім қандай болса мектеп те сондай» деген сөзінде терең мағына жатыр. Сол үшін де қазіргі ұстаз – ертеңгі болашақ кепілі. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік туын бекем ұстап, өздерінің білімдері мен тәрбиесін келер алдыңғы буынға тапсыру міндеті тұр. Қазіргі заманның ұстазға қояр басты талабы – ақпарат тандырылған жан жақты, дүниетанымы кең, тәрбиелі әрі саналы шәкірт сомдауы. Сапалы білімге жету жолында ұстаздың аянбай еңбек етуі керек. Оқытудың тиімді әдіс тәсілдерін, қазіргі заманауи инновациялық технологияларды меңгеруі шарт.
Р. Декарттың «Барлық ғылымдардың байланыстылығы сондай, олардың бәрін бірден оқыту олардың біреуін басқасынан бөліп оқытудан оңай» деген пікірін еске алсақ, пәнаралық байланыс білім берудің кіріктірілген технологиясының құрамына енеді.
Қазіргі сабақтарда ақпараттық технология мен кіріктірілген оқыту технологиясын байланыстыра өту өте тиімді нәтиже береді. Ақпараттық технологияда біз ұстазды ақпарат беруші, бағыт бағдар көрсетуші деп түсінеміз. Белгілі бір тақырып бойынша мәлімет, әдебиеттер және т.б. беріледі. Ал кіріктірілген инновациялық технологияда тақырыпқа байланысты мәлімет, ақпараттың барлығының жан-жақты пән мұғалімдермен түсіндірілуі, дәлелденуі және жеткізілуі оның басты артықшылығы болып тұр. Ұстаз әркез ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды, оқушы үшін сабақты қызықты ете алады.
Оқытудың технологияларын біріктіру, оларды тиімді пайдалану жұмысы үшін көптеген ізденіс жұмыстарын жүргізу алынар асу, тағы бір белес екенін есте сақтағанымыз жөн. Ал, сол белестерді бағындыру жолында үлкен жұмыстар атқару әрбір ұстаздың азаматтық парызы.
Қазіргі қоғамда болып жатқан күрделі әлеуметтік және экономикалық өзгерістер, ғылыми-техникалық, саяси және экономикалық саладағы интеграциялық құбылыстар біз қарастырып отырған мәселеге негізгі себепші болып отыр. Бұл құбылыстар білім беру үрдісіне оң әсерін тигізіп қана қоймай және педагогикалық интеграцияның формалары, түрлері мен әр түрлі бағыттарында көрініс таба бастады. Сонымен қатар білім берудің барлық деңгейлерінде дерлік қолданылуы (бастауыш, орта және жоғарғы сыныптар, жоғары оқу орны) орын алуда.
Колледж зертханалық интеграциялық бағдарламалардың енгізілуі жаңа жағдайға бағдарлауға мүмкіндік беретін оқытушының дайындық деңгейін қажет етуде. Интеграциялық оқытудың мүмкіндіктерін толық пайдалану, педагогикалық жаңалықтарға, қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамудың перспективалы құбылыстарға бейімделуге мүмкіндік береді.
Колледждегі білім берудің қазіргі таңдағы міндеттерінің бірі оқушыны ақпараттың кең ауқымын талдау және тез қабылдауға дайындау, әр түрлі пәндік саладағы жұмысы кезінде оны қазіргі құралдар және технологиялармен қамтамасыз ету, оқушыда ақпараттық мәдениетті қалыптастыру болып табылады.
Осы міндетті іске асырудың біздің пікірімізше мынадай екі жолын анықтауға болады.
- Жалпы білім беретін пәндерді зерттеу барысында ақпараттық қатынас технология құралдарын жүйелі қолдану.
- Информатиканың пәнаралық қатынастарын басқа пәндермен өзара байланыста жүзеге асыру.
Әр түрлі пәндерді оқу үрдісінде ақпараттық қатынас технологияларын қолдануға оқушының белгілі бір қатынасын қалыптастыруды көздейді.
- Әр пәнді зерделеудің қазіргі көзқарасын меңгеру, осы пән оқулықтарында берілген ғылым немесе ғылыми саласының негіздерін зерттеудің қазіргі әдістерін қатыстыру.
- Болашақ қызметтің нақты жағдайларына дайындау.
- Ақпараттық қоғамдағы тіршілік әрекетінде тез арада өзгеретін әлеуметтік жағдайға бейімдеу.
Оқушылардың ақпараттық технология құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын үйрену қажет екендігі сөзсіз.
Зерттеушілер осы міндетті әр түрлі циклді сабақтар барысында ақпараттық қатынас технология құралдарын қолдану мәселелерімен шұғылдануда. Бұл тұрғыдан ақпараттық технология көрнекілік ретінде ғана қолдануды көздейді. Ақпараттық қатынас технология құралдары (ТСО) оқытудың техникалық құралдары ОТҚ-ң жекелеген шарттар ретінде қарастырылады, себебі бұл жағдайда қиыншылық туындайды.
- Қолданылатын ақпараттық қатынас технология құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын оқушыларға меңгерту – сабақтың негізгі мақсатына кірмейді де, ол өз мақсатына жете алмайды;
- Пән оқытушылардың ақпараттық қатынас технология құралдарымен жұмыс істеу дағдарының қажеті жоғары деңгейде болмайды;
- Мультимедия кабинетінің техникалық мүмкіндіктеріне байланысты сабақтардың қажетті салада өткізуге мүмкіндігі болмауы және оқушының компьютермен жеке жұмыс жүргізуі қамтамасыз етілмейді.
Олай болса, ақпарат мәдениетін қатынастыруға қажетті ақпараттық қатынас технология құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын оқушылар тек информатика сабағында игере алады. Бірақ әр түрлі пән саласында қазіргі құралдармен, технологиялармен жұмыс істеуді меңгеру үшін информатика сабағында пәнаралық тапсырмалар қолданыс табуы қажет.
Пәнаралық міндеттерді іске асыруға арналған неғұрлым жоғары мүмкіндіктерді ақпараттық модельдеу береді.
Пәнаралық міндеттер жүйесін құру үшін біз төмендегі кестені пайдалануды ұсынамыз (бір топ ішінді құрастыруға ыңғайлы).
- Әрбір пән бойынша АТ қолданудың көмегімен меңгерілетін негізгі іскерлік түрлерін белгілеу;
- Оқушының меңгеруге қажет АТ мен информатика саласындағы дағдыларды белгілеу;
- Берілген пән саласынан алынған міндеттер жүйесін дайындау;
- Белгілі бір уақыт аралығында информатика курсына дайындалған міндеттерді енгізу.
Білім беру жүйесі барлық пәндерді өзара байланыстыра, кіріктіре, сабақтастыра отырып оқыту арқылы білім беріп, оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке үйрету, жеке бас дербестігін дамыту, бойларына жауапкершілік, орнықтылық қалыптастыру мәселелерін шешу мақсатын көздеп отыр. Пәнаралық байланыста ақпараттық білім беруді ұйымдастыру, жеке пәндер мазмұнының, мәтіннің бір-бірімен өзара жымдасуын қамтамасыз ететіндей белгілі бір жүйелілікті керек етеді.
Информатиканы оқытуда оқушылардың бойында диалектика – материалистік дүниетанымының қалыптасуы, нақты әлемді, диалектикалық өзара байланыс құбылысын түсінуге мүмкіншілік берудегі пәнаралық байланыс басты рөл атқарады.
Математика, физика, қаржы, бухгалтерлік есеп, статистика, химия, экономика ғылымдарымен байланысты есептер шығаруда информатика пәнінің маңызы зор. Мұндай есептерді таңдағанда және шешкенде информатика сабағында оқушылардың лингвистикалық, математикалық дайындығын ескеру қажет.
Пәнаралық қағидаларды жүзеге асыру оқу бағдарламаларынан басталады. Сондықтан алдағы уақытта осы теориялық зерттеулерді іс жүзіне асыру бағытында жұмыс жүргізілуі керек, ол үшін:
- оқу пәндерінің жаңарған мазмұнындағы байланыстыра оқытуға болатын неғұрлым маңызды, өзекті тақырыпты айқындау;
- оқу пәндерінің құрылымдық логикаларын осы пәндердің өзара байланысы тұрғысынан қарап, қажетті түзетулер енгізу;
- курстардағы өзара байланыстыра өтілетін тақырыптарды уақыт бойынша жүйелеу қажет.
Информатика пәнінің басқа пәндермен байланысын қарастыратын болсақ, қазіргі заманда кез келген пәнді тиімді оқыту үшін ақпараттық технология маңызды рөл атқарады және информатика курсы математика курсымен тығыз байланыста.
Пәнаралық байланысты былай да көрсетуге болады:
- Есептерді шешу барысында алгоритмді сипаттау және құрастыру, оларды іске асыруда математикамен байланысты.
- Электронды есептеу машынасының құрылымы, техникалық құрылымдарының өзіндік жұмыс режимі олардың сипаттамасы және параметрлерін оқып үйренуде физикамен байланысы.
- Алгоритмдік тілдерді және электронды есептеу машынасының тілдік жабдықталуы – лингвистикалық аспектімен байланысы, мәтіндерді шифрлау, мәтінді аппараттарды өңдеу және синтаксистік талдау, аударма жасау, сөздікті ұйымдастыру және сөзді іздестіру.
- Бағдарламалау негізінен үйренудегі байланыс: лингвистикалық мәдениеттің қалыптасуы, ол ойдың қысқа және логикалық бейнеленуі, мәтіндердің негізгі және құрама бөліктерін көрсету, талдау жүргізу, бақылау, анықтамалық ақпараттармен жұмыс істеу.
- Дербес компьютерді пайдалану заңдылықтары басқа пәндерде ақпараттық технологияны оқу құралы ретінде тиімді пайдалану қадамдары болып табылады.
Барлық білім беру саласына қойылып отырған басты міндет білім сапасын көтеру, компьютерлендіру, интернет, компьютерлік желі, электронды оқулық дайындау және оны пайдалану. Бұлардың бәрін қазіргі заман талабына сай білім алуына, білім сапасын арттыруда тигізер әсері мол.
Қазіргі таңда оқылатын пәндер оқушылардың болашағы, таңдаулы маман болуына қарай бағытталуда, яғни мақсатты білім беру ісіне ерекше мән беріле бастады. Бұл мақсатқа жету үшін оқушының өзі ойлау қабілетін дамытады. Оқушы белгілі білім жинақтайды, оны өз тұжырымына салып қабылдайды, қорытады.
Кіріктіру ХХІ ғасыр талабы. Күнделікті өмірде оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіретін өз көзқарастарын дұрыс қалыптастырып дәлелдей алатын сабақ түрлерін көбірек өткізу тиімді. Олар конференция, семинар, дебат, реферат жазып қорғау т.б. Мысалы, 1) бағдарламалау пәнінде «Жиымдар» сабағынан мысал ТР
бағдарламасының көмегімен есеп шығарудың үлгісін назарыңызға ұсынайын. Шет тілі пәнінің оқытушысымен бірге оқушыларға берілген тапсырмалардың дұрыс шет тілінде жазылуын тексерсе, информатика пәнінің оқытушысы ретінде есептің бағдарламасының алгоритмімін және бағдарламасының дұрыс жазылуы мен шығарылуын тексеру.
Var a:array [1..10] of integer; j, max, r: integer;
begin
for j:=1 to 10 do read(a[j]); max:=a[1]; r:=1;
for j:=1 to 10 do if a[j]>max then
begin max:=a[j]; r:=j; end; writeln(‘Ең үлкен эл.=’,max); writeln(‘Оның реттік нөмірі=’, r); end.
Var a:array [1..10, 1..10] of integer; i, j, max, r, k: integer;
begin
for i:=1 to 10 do for j:=1 to 10 do
read(a[i,j]);
max:=a[1,1]; r:=1; k:=1;
for i:=1 to 10 do for j:=1 to 10 do
if a[i,j]>max then
begin max:=a[i,j]; r:=i; k:=j; end; writeln(‘Ең үлкен эл.=’,max); writeln(‘Оның реттік нөмірлері=’, r,k);
end.
Бір өлшемді жиым үшін Екі өлшемді жиым үшін
Сурет 1
- Статистика пәнінде «Экономика саласында диаграмманың маңыздылығы» сабағынан мысал Excel бағдарламасының көмегімен диаграмма, график түрлерімен
танысу және тұрғызу. Оқушыларға берілген тапсырмалардың үлгісін ұсынайын (сурет 2).
Сурет 2.
- Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу пәнінде «Түйіндеме жүргізудің әдіс-тәсілдері» сабағынан мысал, MS Word
бағдарламасының көмегімен өңдеу жолдарын үйрету.
Оқушының дүниетанымын кеңейтіп
сабақта алған теориялық білімдерін пайдалана білуге дағдыландыру мақсатында экономикадағы ақпараттық жүйелер және кәсіпорын экономикасы пәндерінде «Өндірістің тұрақты және айнымалы шығындары» атты сабақ барысында пәнаралық
байланыста ақпараттық технологияны пайдаланудың маңызы зор. Мысалы, MS Excel бағдарламасының көмегімен берілген шығындарды есептеп, оны талдау мақсатында график тұрғызылады (сурет 3).
Сурет 3
Экономикадағы ақпараттық жүйелер және кәсіпорын экономикасы пәндерінде
«Өндірістік фактордың ақшалай көрінісі»,
«Материалдық шығындар» атты сабақтарда кірік телген пәнаралық байланыс оқыту технологиясын байланыстыра өту өте тиімді нәтиже берді.
Қорыта келгенде, сабақты кіріктірілген формамен өткізу
- оқушылардың пәнге деген танымдық белсенділігімен, қызығушылығын арттырады;
- оқушылардың теориялық, практикалық білім негіздері нығайып, уақытты үнемдейді;
- оқушылардың болашақта кәсіби мамандық иесі болуына алған білімдерін өмірмен ұштастыра білуіне жол ашады.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Баймұқанов Б., Қараев Ж., Тульбасова Б. Дидактические особенности использования ИТО // Высшая школа Казахстана. 2000, 6.
- Жантелі Х. Оқытудың компьютерлік программаларын құру технологиясын жетілдіру. Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияның еңбектері. 2004
- Сүйебаева Л. Сабақта компьютерлік технологияны қолдану // Білім. 2008. - №6(42). 19-20 б.
- Исабек Н. Компьютерлік технологияны пайдаланудың оңтайлы өлшемдері // Қазақстан мектебі. 2009. №8. 20-21 б.
- Бейсенбаева А. Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру. Алматы, 1995.