Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кешкі мектеп ересек оқушыларының білімін өзектендіруду ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану

Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.

В. Сухомлинский

Ұстаз деген сөзде ұлылық бар расында. Ұлы ұстаз бола білу әркімнің қолынан келе бермес. Бұл жылдар бойғы мол еңбек пен тәжірибенің жемісі. Талмай еңбек етіп, оқушыға адал білім беріп, оның бұл өмірде орынын тауып, адам болып қалыптасуына титтей де болса үлесімізді қоссақ бұл дегеніміз ұстаздығымыздың дәлелі ғой. Ал, бүгінгі қоғам сұранысы мүлдем жоғары. Оқушы жан-жақты білім алып қоғамға сәйкес, ондағы күн санап артып келе жатқан техника мен технология прогрессіне ілесе алатындай тұлға болып қалыптасуға міндетті. Жаһандану дәуірі деп аталған, бүгінгі біз өмір сүріп жатқан қоғам жан жақтылықтың талап етеді. Сапалы білім, саналы тұлға қалыптастырады. Білім сапасы ұстаздың біліктілігінде. Соған сәйкес ұстаздық мамандық күнделікті өз білімін бүгінгі дәуірге сәйкес жоғарлатуымен қатар оқушы алдындағы зор жауапкершілікті сезінуі тиіс.

Ал біз қызмет етіп жүрген орта жазасын өтеуші ересек жандарға арналған мектеп. Мұндағы мектептің жай-күйі де, мектеп атмосферасы мен психологиялық хал-ахуалы да тым өзгеше. Бұл орта нағыз адамтануды талап ететін орта. Оқушылар жас ерекшеліктерімен де, психологиялық жағдайларымен де дараланатындықтан, әр ұстаз бойынан зор ерлік пен мол жауапкершілікті көре аласыз. Әл-Фарабидың «адамға ең алдымен білім емес тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген ұлағатты сөзін осы мектеп қабырғасында басты назарға аламыз. Адам жасына қарамастан өз өмірінің әр сәтінде тәрбиенің бір қыр-сырын меңгеріп, өміріне өзек етеді. Алайда, бүгінгі біз өмір сүріп жатқан қоғамда тәрбиенің ақсандақ, адам өміріндегі алатын орынының бәсеңдеп, қасиетінен айырылуының аз-ақ алдында тұрғанын көзімізбен көріп, жанашырларымыз жүрегімен сезініп жүргені бәрімізге, әсіресе мұғалімдер қауымына аян. Тәрбие отбасынан бастау алып, білім алу ордалары арқылы жалғасын тауып, әр адамның жүрегінің төрінде тұрғаны абзал. Сонда ғана тәрбие мәнін жоғалтпай, адамзаттың өмірлік арқауы болады. Білім мен тәрбие қатар жүрсе бүгінгі бәсекеге дайын Қазақстан болашағы бола алатындай азаматтар қалыптастыра аламыз.

«ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» болғандықтан бүгінгі таңда ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдаланудың маңызы зор. Қазіргі кезде оқушыны белгілі бір біліммен ғана қамтамасыз ету жеткіліксіз. Оқушының өз бетінше білім алуына, ізденуіне көп мән берілуі тиіс. Олардың кәсіптік білім алуымен қатар ізденімпаз, тапқыр, ой-өрісі жоғары, өз пікірін ашық білдіретін, жаңашыл ұрпақ етіп тәрбиелеу керек. Бүгінгі заман талабы қоғамның дамуымен бірге болашақ жастарды жаңашылдыққа, іздемпаздыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Осы аталғандарды іске асыру үшін сабақта ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдаланудың маңызды болмақ.

Жалпы ақпараттық – коммуникативтік технологияға тоқталатын болсақ, коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым, ал оқытудың ақпараттық технологиясы – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ету, білімді бүгінгі заман талабына сай жаңаша, ұтымды және тиімді түрде оқырманның санасына жеткізе білу, педагогикалық іс-әрекетке өзгеріс енгізу, білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптасуы үшін жаңашылдық енгізу деп түсінуге болады.

Ақпараттық коммуникативтік технология арқылы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады.

Ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы мұғалім оқушының интелектуалдық, рухани азаматтық және басқа да адами келбетінің қалыптастыруына игі әсерін тигізеді.

Ақпараттық технология – ізденімпаздыққа үйретеді. Сондықтан, бүгінгі компьютерлендірілген ғасырда ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы ғылымның кез-келген саласын жылдам дамытып, одан нақты тиімді нәтиже алуымызға болады.

Бүгінгі заман талабына сай жаңа технологиялармен сабақ жүргізуде ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдалану өте тиімді. Мен өз сабақтарымды осы технологияны пайдалану арқылы жүргіземін. Оқушылардың да қызығушылықтары да өте жоғары. Бұлар жазасын өтеуші жандар болғандықтан жас ерекшеліктері де әртүрлі. Оқушылар арасында бір емес бірнеше жыл қатарынан, осы жазасын өтеушілерге арналған колонияда отырғандары бар. Олар үшін сабақ компьютерленген болса аса қызықты. Сондықтан, әсіресе биология сабақтарында ақпаратты коммуникациялық технологияны қолдану аса қажет. Биология сабағында компьютерді пайдалану оқу үрдісінде мұғалім мен оқушының оқудағы жеке дара шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Биология оқушылардың ойлау қабілеттерін қалыптастыратын және дамытатын негізгі буын. Ол оқушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, тірі табиғатты, ағзаларды толығымен түсінуге ықпал жасайды. Биология пәнінің кейбір тараулары ойлануды, талдай білуді, салыстыруды қажет етеді. Ол үшін адам қаңқасы, микроскоп, ұлғайтқыш әйнек, т.б тәжірибе жасайтын құралдар болуы қажет.

Сондықтан да ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқу үрдісінде пайдалану:

  • ғасыр талаптарына сәйкес тәрбие беруде тұлғаның танымдық ойлау қабілетін дамытып, шығармашылыққа ұмтылдырады;
  • педагогикалық еңбектің тиімділігін жоғарылатып, әдіснамалық тәсілдерді қолданудың артуына алып келеді.

Кешкі мектеп ересек оқушыларын оқытуда сабаққа ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану арқылы оқушының дүниетанымын кеңейте аламыз және бұл технология пән бойынша қосымша ақпарат көзі бола алады.

Биология сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану міндеттері:

  • оқушыларға ақпараттандыруды қамтамасыз ету;
  • пәнді терең меңгеру;
  • жалпы және арнайы оқу іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырады;
  • қандай да бір іс-әрекет түріне деген бейімділікті дамытады (жобалау, зерттеу т.б.);
  • оқытудың электронды құралдарын қолдану: электрондық оқулықтар, энциклопедиялар, компьютерлік бағдарламалар.

Мен өзім сабақ беретін биология сабақтарымда ақпаратты – коммуникациялық технологияның бірнеше құралдарын қолданамын:

  • электрондық оқулықтар, оқу құралдары;
  • презентациялар, аудио және видеоматериалдар;
  • электрондық анықтамалар мен энциклопедиялар;
  • виртуалды зертхана жүйесі;
  • компьютерлiк тестiлеу жүйесi мен бiлiмдi бақылау.

Электронды оқулықтардың кешкі мектеп білім алушы ересек оқушылары үшін маңыздылығы:

  • бiлiм деңгейін тереңдетуге;
  • сөйлей білу дағдыларын қалыптастыруға;
  • ойларын дамытуға;
  • сөздiк қорының молаюына;
  • пәнге деген ынтасы мен қызығушылығының артуына;
  • сабақта өзiн еркін ұстап, өз мүмкiншiлiгiн кеңінен пайдалана алуына;
  • өз iсiне талдау жасай алуға көмектеседі.

Сабақта мультимедиялық презентацияларды қолдану мүмкіндіктері:

  • оқыту әдістері мен тәсілдерін таңдау мүмкіндіктерін кеңейту, өз электрондық құралдарын дайындау (дәрістер, зертханалық жұмыстарға нұсқаулар, тест тапсырмалары, тірек конспектілері, т.б.);
  • ақпараттық объектілерді жаңа тақырыптарға иллюстративті материал ретінде қолдану, қайталау мен бекітуге дидактикалық материалдар дайындау;
  • оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру, оқушының өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын, ақпаратпен жұмыс істеу іскерліктерін қалыптастыру: жаңа материалды өз бетімен оқу, биологиялық объектілерді зерттеу, тірі ағзаларды табиғи ортада бақылау, зерттеу және талдау жұмыстарын жүргізу.

Виртуалды зертханалық жұмыстар жасау кешкі мектеп ересек оқушылары үшін тіптен бір тиімді тәсіл. Себебі мұнда зертханалық жұмыстар жасайтын арнайы құралдар жоқ. Сондықтан виртуалды зертхана біздер үшін орны бөлек амал десек те болады:

  • виртуалды зертхана оқушыларға эксперимент жүргізу зор мүмкіндік береді;
  • тірі объектілерді қолдану мүмкіндігі болмаған жағдайда виртуалді зертханада әр түрлі ағзаларды зерттеп, көрсетуге болады.

Міне осында технология салаларын қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып қана қоймай, білім деңгейлерінің өсу көрсеткіштерінің жоғарлауына ықпал жасай аламыз. Кешкі мектептерде бұл технологияның бір ақсаңдап тұрған тұсы ол компьютерлердің жетіспеушілігі. Компьютер қажет ететін пәндердің параллель келіп қалып жатуы. Дей тұрғанмен де біздер кешкі мектеп ұстаздары ақпаратты-коммуникативті технологияны тиімді қолданудамыз. Біздің де оқушылар еш қалыспай дәуіріне сәйкес білім алуда. Бұл дегеніміз үлкен жетістік. Әсіресе кешкі мектеп аясында ақпараттық – коммуникативтік технологияны қолдана білу, сол арқылы білім деңгейін көтеру дегеніміз ұстаздар тарапынан болған зор еңбек.

Мысал ретінде 10 сынып биология пәнінен болған «Тұқым қуалаудың заңдылықтары. Будандастырудың типтері». Сабақ ақпаратты – коммуникациялық технологияны қолданумен өтті. Сонымен қоса сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдандым. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әр бөлімі ақпаратты – коммуникациялық технологияны көмегі арқылы өрбіді. Ұйымдастыру кезеңінен кейін өткен сабақты қайталау. Мұнда презентация көмегімен әр топқа сұрақтар қойылып, артынша жауаптары шығып тұрды. Яғни оқушы өз сұрағының жауабын бірден көре алады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының бірінші бөлімі қызығушылықты ояту. Бұл бөлімде Г. Мендель жайлы толықтай ақпарат слайдта көрсетіліп, слайд арқылы оның жасаған тәжірибелері көрсетілді. Әр топта жұмыс жақсы жүру үшін оқушыларға бұл слайдтардың берері өте мол. Мағынаны тану бөлімінде әр топ өз жұмыстарын орындау үшін қосымша Г. Мендель тәжірибесі туралы, оның қалай жасалғандығы жайлы видео көрсетілді. Видео жаңа сабақтың мағынасын толықтай ашып бере алады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясында оқушылар білімді өз беттерінше алатын болғандықтан видео арқылы олардың жаңа сабақты жоғары деңгейде қабылдауларына ықпал жасадым. Сонымен қоса тақырып өте күрделі болғандықтан бұл видео оқушылар үшін өте зор көмек. Бұл бөлім аяқталып оқушыларға берілген уақыт біткеннен кейін, көзге жаттығу болды. Көзге жаттығу презентация көмегімен жүргізілді. Ой-толғаныс бөлімінде оқушылар алған білім деңгейлерін көрсету үшін ББҮ кестесінің қалған бағаналарын толтырды. Презентация көмегімен әр топтың жауаптары тақтадан шығып тұрды.

Кешкі мектеп ересек оқушыларын оқытуда мұндай инновациялық технологияларды қолдану білім сапасын көтеруде үлкен үлес қосады.

Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы: «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек», — деген. Расында да, оқушының оқуға деген қызығушылығын оята отырып, шыдамдылығын, төзімділігін, іздемпаздығын дамытқанда ғана өз мақсатымызға жетеміз. Сондықтан оқушы үшін де, өзің үшін де ең ұтымды технологияны таңдай білу абзал.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз. Қазіргі таңда ақпараттық-коммуникативті технологиялар біздің елімізде де жоғары қарқынмен дамып келеді. Оқу үрдісінде жаңа технологиялық әдістермен қатар жаңа ақпараттық технологияларды да қолданудың мүмкіндігі жасалып отыр» деген болатын. Жас буынды жаңашылдыққа жетелеу деген сөз. Жаңашылдық – оқытуға жаңа технологияларды енгізе отырып, оқушыны заман сұранысына сай етіп дайындап шығару.

Технологиялық оқыту білім алушыларды белсенді жағдайда қойып, оның субъектілігін қалыптастырады және шығармашылықты тудырады. Әсіресе, ақпараттық дәуірде технологияның қолданылуы ерекше. Білім сапасын жоғарылату, оны жеткілікті түрде арттыруда жаңа ақпараттық технологияларды қолданусыз, заманауи телекоммуникациялық құралдарды пайдалану мүмкін емес. Жаңа озық әдістемелік технологиялармен қаруланған, заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, толық меңгерген педагог қана білім алушының сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды.

Сөз соңында айтайын дегенім жазасын өтеуші ересек оқушыларды оқытудағы басты мақсатымыз, кейіннен олар босап қоғамға оралғанда өздерін жат санап қалмайтындай жағдай жасау. Жазаларын өтеп, мен де қоғамның бір мүшесімін, менің де адам болып қалыптасуыма мүмкіндігім бар дегендері қоғамнан шектетпеуім керек. Демек сапалы білім бере отырып, бүгінгі саналы дәуірге аяқ баса алатындай белсенді оқушы тәрбиелеу. Бұл орайда білім беру технологияларын қолданғанда дұрысын таңдау жасай білу деп ойлаймын. Себебі бүгінгі берер біліміміз ертеңгі бүкіл қоғамның тағдыры.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Ержанова А. Білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану. – Алматы, 2005.
  2. Жалпы орта білімді ақпараттандыру мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 1997.
  3. Иманбаева А. Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2, 2000.
  4. Биолог анықтамалығы, 2012.
  5. Доллинер Л. Ақпараттық коммуникациялық оқыту технологияларының мәселелері және болашағы Информатика негіздері ғылыми-әдістемелік журналы 2008 ж.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.