Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Химияны оқыту үрдісіндегі жергілікті өндірістік материалды қолданып, мамандыққа бағдарлау әдістемелігінің тиімділігі

Мектептерде химия пәнiн оқыту мәселесiнде окушылардың ғылым қағидалары мен ұғымдарын саналы игеруiне ғана емес, пәнге тұрақты ынтасын қалыптастыруға айрықша назар аудару маңызды. Бұған оның практикалық мәнін көрсету, химия жөнiндегi бiлiмдi күнделiктi өмiрде, өнеркәсiпте, ауыл шаруашылығында, денсаулық сақтау саласында қолдану елеулi түрде ықпал етпек. Бұл ретте республиканың химия өнеркәсiбi мен оны дамытудың негiзгi бағыттары және аймаққа сәйкес материалды пайдаланғаны жөн. Осы мәселенi әдiснамалық тұрғыдан шешу маңызды iстердiң бiрi. Оның үстiне таяу уақыттарда негiзгi базалық бiлiмдi 8-9сыныптарда беру көзделiп отыр. 10-11сыныптарда шәкiрттiң қабiлетiне сәйкес саралап оқыту, болашақта таңдап алатын мамандықтарына қарай арнайы бiлiм беру нысанаға алынбақ. Дәл осы кезде мамандыққа бағдарлауды казiргi кезеңге сай деңгейде қарастыру маңызды. Оқуәдiстемелiк, педагогикалық әдебиеттерге жасалған талдау, химияны оқытудағы жергiлiктi өндiрiстiк материалды колданып мамандыққа бағдарлау және оқушылардың бiлiмiн тереңдету толық зерттелмегенiн көрсеттi. Осы мәселенi шешу мақсатында көптеген құнды зерттеулер болғанымен жергiлiктi химиялық өндірісті пайдаланып мамандыққа бағдарлау саласында көпшiлiк мойындаған айрықша әдiстеме немесе белгiлi заңдылық байқалмайды.

Жалпы бiлiм беретiн мектеп шын мәнiнде оқушының табиғи қабiлеттерiн ашып, олардың қызығушылығын, дарынын дамытып болашақ мамандыққа бағдарлау жұмыстарын жүргізуге мiндеттi. Өкiнiшке орай, мектеп тежiрибесінде, әсiресе, казақ мектептерiнде, химиялық өндірісті оқыту арқылы мамандыққа бағдарлау ісі мардымсыз жүргiзiлiп, көп кемшiлiгi бар екеңдiгi анықталды, мәселен:

  • көпшiлiк мұғалiмдер қолданып жүрген мамандыққа бағдарлау жұмысы дидактикалық талаптарға сай келе бермейдi;
  • олардың сапасы арнайы әдiстемелiк талдауларды қажет етедi;
  • оқушыларға, мамандыққа бағдарлау мақсатында бiлiм беру үшін мұғалімдердің осы бағыттағы білім жетілдіру жолға қойылмаған;
  • педагогикалық талаптарға сай келетіндей етiп, жергiлiктi химиялық өндiрiстi пайдаланып оқушыларды мамандыққа бағдарлаудың әдiстемесi жоққа тән.

Мамандыққа бағдарлау дегенiмiз, ең әуелi бiлiмдi өмiрмен байланысты оқыту барысында игертілген теориялық бiлiмдi iсжүзiнде қолдана бiлуге оқушыларды дағдыландыру. Соңдықтан бұл әдiстемелiк зерттеуімiздiң өзектi мәселесi болып табылады. Осыған байланысты дидактикалық және әдiстемелiк әдебиеттер мен ғылыми басылымдарға талдау жасау және өзiмiздiң зерттеу мәселемiз, негiзiнде мамандыққа бағдарлау ұғымына мынандай анықтама бердiк: “Химиялық және оған туыс мамандықтарға бағдарлау дегенiмiз химиялық өндiрiске және химия бiлiмiн қажет ететiн шаруашылыққа жеке тұлғаны дайындау үшiн химияны оқыту үрдiсiнде оқушылардың химиялық мамандықтарға тән бiлімі мен бiлiгiн қалыптастыру бағытындағы әдiстемелiк шаралардың жүйесi”. Осы анықтамаға сейкес химияны оқыту үрдiсiнде өндiрiстiк материалдарды пайдаланып, химия және оған туыстас мамандықтарға бағдарлау төмендегiдей мақсатын алдық. Оқушыларды химиялық және оған туыстас мамандықтарға бағдарлаудың мақсаты жеке тұлғаны болашақ алатын мамандыққа дайындау үшін химияны оқыту үрдiсiнде оларға химияльқ бiлiм мен бiлiктi қалыптастырудың мүмкiндiктерiн жасау. Осы мақсатқа сәйкес сабақта және сабақтан тыс жұмыс арқылы мамандыққа бағдарлаудың төмендегiдей мiндеттерiн айқындадық:

  • оқушыларға химиялық өндiрiстiң ғылыми негiздерiн түсiндiру;
  • оқушыларға болашақ химия мамандықтарына бағдарлауға қажеттi бiлiм беру.

Бұл мiндетердi жүзеге асырудың жолдары:

  • жергiлiктi химиялық өндiрiс туралы мәлiметтердi химия сабағында пайдалану;
  • факультативтiк сабақта химиялық өндiрiстi терең мазмұнда оқыту;
  • ұлы химиктер өмiрi туралы әңгiмелеу;
  • өндiрiс орындарына таным жорық ұйымдастыру;
  • оқушыларды химиялық және оған туыстас мамандықтармен таныстыру;
  • химия өнеркәсiбi жайындағы диафильм мен кинофильмдер көрсету.

Жергiлiктi өндiрiстi қолданып мамандыққа бағдарлаудың бiлім мазмұнын таңдау үшiн төмендегідей талаптарды ескердiк:

  • мамандыққа бағдарлау химия курсының мазмұнымен тығыз байланыста болуы керек;
  • оқылатын мәселелер түсiнiктi, оқушылардың жас ерекшелiктерiне сәйкес, ақыл-ой әрекетiнiң белсендiлiгiн арттыратындай болуы керек;
  • жергiлiктi өндiрiстi қолданып мамандыққа бағдарлауды химиялық экспериментпен тығыз ұштастыратындай етiп қарастыру керек;
  • таңдап алынған материал оқушыларды мамандыққа бағдарлау бағытында алынып, олардың танымын дамытатындай болуы керек [3].

Жоғарыдағы айтылған талаптарға байланысты жергiлiктi өндiрiстiк материалдарды пайдаланып мамандыққа бағдарлаудың ерекшеліктері мынадай:

  • жергiлiкті химиялық өндiрiстi пайдаланып мамандыққа бағдарлау оқу материалының мазмұнымен үндес келуi керек;
  • олар ақпараттық тұрғыда баяндалып, 5-6 минут уақытқа шақталуы керек;
  • оқушылардың химиялық өндiрiс жене мамандық туралы бiлiмi мен бiлiктерiн факультативтiк сабақта тереңдету қажет;
  • химиялық өндірістік танымжорық жасау арқылы өндiрiс өнiмдерiне, ондағы технологиялық, үдiстерге, өндiрiс қондырғыларға жекелеген заттардың iс-жүзiнде колданылуына оқушылардың назарын аудару керек.

Оқушыларға тиянақты бiлiм беру мақсатында оқытуды жетiлдiру әр ұстаздың негiзгi мiндеттерiнiң бiрi. Оқушылардың жалпы жетiлуi мен ақыл-ойының дамуы сабақтың сапалы оқытылуына тiкелей байланысты. Мұғалiмнiң шеберлiгі әдiстемелiк материалдың көптiгi, оны сабаққа ғана қолдану емес, сол сабаққа тән сабақ мазмұнын, формасын, тәсiлiн үйлестiре бiлуде. Бiз зерттеу жұмысымыздың ұстанымына сәйкес, оқушылардың өндiрiстiк материалды жақсы меңгеруi үшiн сабақтың түрлi формалары мен оқытудың тиiмдi әдiстерiн пайдаландық. Мәселен, өндiрiстiк тақырыптарды оқытқанда және сарамандық жұмыстарды орындату кезiнде «рольде ойнау» сабағын ұйымдастырдық.

Бұл сабақ негiзгi мақсаты әрбiр оқушының бiлiмге ұмтылысын жақсарту, оларды болашақ мамандыққа бағарлау. Сонымен қатар рольде ойнау сабағының мәнi жалпы танымдық әрекетiмен қатар, оқушыларды дамыту және тәрбиелеу қызметiн атқаратын мүмкiндiгi бар. Оқушылар оқу әрекетi нәтижесінде жинақтаған бiлiмiн iс жүзiнде өндiрiс маманының орнында сезiнiп, қолданады.

Сабақ барысында оқушылардың интеллектуалдық бiлiгiн дамытуға, негiзгi бiлiмді ажырата бiлуге, салыстыра отырып талдауға, бiлiмдi жинақтап қорыта бiлуге үйретуге болады. Оқу процесiнде өзiн ыңғайсыз сезiнетiн оқушыларды оқу үрдiсiне тартуға мүмкiндiк туады. Осы сабақ арқылы оқушыларды еңбек сүйгiштiкке, саналы тәртiпке, бiр-бiрiне көмектесе бiлу қасиеттерiне баулимыз. Оқушыларға жеке танымдық деңгейлерiне сәйкес тапсырмалар, есептер, жаттығулар беру арқылы оларды шығармашылық тұрғыда еңбектенуге ұмтылдырамыз, ой белсендiлiгiн арттыруға жұмылдырамыз.

Алайда, барлық сабақты рольде ойнау түрiнде жүргiзу мүмкiн емес, бұл сабақты өткiзу үшiн, мынандай талаптар орындалуы тиiс:

  • белгiлi бiр мәселенi шешу алдыға қойылып, одан шығармашылық iзденiс қажет болғанда;
  • оқушылардың бiлім дәрежесiне сәйкес, өзiндiк жұмыстарды, тәжiрибелiк, сарамандық, зертханалық жұмыстарды ұйымдастырғанда;
  • ғылымның қоғамды дамытудағы маңызын көрсеткенде қолданылады.

Бұл рольде ойнау сабағын жоғары дәрежеде өткiзу үшiн:

  • тақырыптың мазмұны терең болуы керек;
  • мақсат-мiндеттерi айқындалуы тиiс, аймақтағы өндiрiстiң мүмкiндiктерi ес-керiлуi қажет;
  • мұғалiмнiң бiлiмi мен ұйымдастырушылық қабiлеттi талапқа сай болуы маңызды;
  • оқушылар алдын-ала тақырыпқа байланысты ғылыми көпшiлiк әдебиеттермен танысып, өндірістегі мамандармен кездесiп, керектi бiлiммен қанығуы қажет .

«Рольде ойнау» сабағын бригадирлер кеңесi, химиялық өндiрiс мамандары аттестациялау, директор жанындағы кеңес түрiнде өткiзiп, бiлiм мен бiлiктi тексеру, сарамандық жұмысты орындату, жаңа материалды меңгерту, сабақты жинақтап қорыту мақсатында қолдандық. Мысалы, күкiрт қышқылы өндiрiсiн оқу барысында алынған бiлiм мен бiлiктi тексеру мақсатында жүргiзiлген рольде ойнау сабағының үлгiсiн төменде берiп отырмыз.

Алдымен оқушылардың бiлiмдерi мен бiлiктерiн тексеру үшiн жұмысшы топ құрылады, оның құрамында бас инженер, конструктор, инженер-технолог бар. Олардың ролiн мұғалiм, консультант-оқушы немесе жергiлiктi өндiрiсте iстейтiн маман атқарады. Оқушылардың бiлiм деңгейiне қарай күкiрт қышқылы өндiрiсiне байланысты бiлiмдi тексеруге арналған жұмыстар әзiрленедi. Берiлетiн тапсырмалар сабақ үрдiсiнде қарастырылған болуы тиiс. Шығармашылық тұрғыда еңбектенетiн оқушыларға тапсырмаларды күрделендiрiп беруге болады.

Аттестациялауға арналған тапсырмаларды төмендегiдей үлгiде беремiз, инженер-технолог үшiн:

Қазiргi кезде күкiрт қышқылы өндiрiсiнде қандай шикiзаттар қолданылады?

Күкiрт қышқылы өндiрiсіндегi химиялық реакцияларға сипаттама берiңдер.

Осы реакциялардың жүруiнiң оптималдық жағдайын сипаттаңдар.

Күкiрт қышқылы өндiрiсiндегi негiзгi қондырғылардың жалпы құрылысы мен жұмысын түсiндiрiңдер.

  1. 100 кг колчеданды қолданғанда алынатын өнiмнiң массасын есептеңдер.
  2. Күкiрт қышқылы өндрiсiнде қолданатын мамандар туралы не бiлесiндер?

Аппаратшы үшiн:

  1. Күкiрт қышкылы өндірісінде қолданылатын негiзгi және қосалқы аппараттарды атаңдар.
  2. Өндiрiстiң негiзгi сатыларын сипаттап айтып берiңдер.
  3. Күкiрттiң диоксидiн және триоксидiн қандай аппаратта тотықтырады?

Аппаратшы төмендегi жағдайларда қандай шара қолданады:

А. Жанасу аппаратында температураны көтергенде.

Ә. Сiңiру мұнарасында күкiрттің диоксидi азайғанда.

Зертханашы ушiн:

  1. Күкiрт қышкылы цехында жұмыс істегенде қандай қауіпсіздік ережесiн есте сақтау керек?
  2. Зертханада қандай қыздырғыш құралдар қолданылады?
  3. Сыртына ешнәрсе жазылмаған үш ыдыста натрий гидроксидi, тұз қышқылы жене күкiрт қышқылы бар. Оларды қалай аныктасыңдар?
  4. Күкiрт қышқылының қолданылуын сипаттап айтып берiңдер
  5. 103 м газ қоспасында 3,4% күкiрттiң /IV/ оксидi бар болса, қанша күкiрт қышқылы алынады?

Жоғарыдағы тапсырмаларды мұғалім оқушылардың бiлiм деңгейіне қарай түрлендiруiне болады. Аттестациялаушы «әділқазылар» оқушылардың жауабын тыңдап, бiлiмдерi мен бiлiктерін қадағалайды талапқа сай көрсеткiшке жеткен оқушыларды инженер технолог, зертханашы, аппаратшы мамандығына лайықты екенiн атап көрсетедi [1].

Бұл сабақтың дәстүрлi сабақтарға қарағандағы тиiмдiлiгi мынадан байқалды: мұнда әрбiр оқушының бiлiмге ұмтылысы жақсарды, өз ойын, көзқарасын айту белсендiлiгi артты, бiлiмдерi тереңдедi. Топ үшін‚ шешiм қабылдау, басқа адамдарды таңдай бiлу дағдылары дамыды. Қосымша ғылыми-көпшiлiк әдебиеттермен жұмыс жасау дағдысы қалыптасып бiлiмдерiн толықтырды. Оны осы сабаққа қатысуға ынталылык танытқан окушы санының артуынан және бiлiмдерiн тексерген кездегi алған бағаларынан көрдiк.

Педагогикалық іс –тәжiрибемiзде оқушыларға тиянақты бiлiм берiп, олардың сабаққа ынта-ықыластарын артыру үшін оқытудың техникалық құралдарын пайдаланудың мүмкiндiгiн ескердiк. «Жүз рет естiгенше, бiр рет көрген артық» ден әдетте халық бекер айтпаған. Сол себептi сабақта өндiрiс қондырғылары мен аппараттарының макет-модельдерi қолданылды. Кинофильмды оқушылардың назарына ұсыну арқылы, оларда өндіріс оньң ұстанымдары, шикiзат мәселелерi, өндiрiстiң химиясы, технологиясы туралы бiлiм қалыптасты. «Ауаны ластанудан қорғау», тақырыпына конференция сабағы түрiнде өткiзу тиiмдi болды. Себебi мұнда оқушылар ғылыми-көпшілiк әдебиеттер, газетжурналдарды оқу арқылы бiлiмдерiн тереңдетiп, iздену барысында рефераттар, хабарламалар, сызбанұсқалар әзiрледi. Білгендерiн баяндап, әңгiмелеп айтуға дағыланды [2].

Шығыс Қазақстан аймағы негізгі байлығы түсті металдар. Сондықтан «Түсті металдар мен оларды өндіру» тақырыбына конференциялық сабағын өткізу тиімді.

Осы сабақтын мақсаты: Оқушыларды жалпы Республикадағы түсті металл өндірісінің дамуымен, түсті металлдардың қоғамға атқаратын ролімен, Шығыс Қазақстан түсті металдар өндірісімен таныстыру және түсті металл саласында істейтін мамандар жайлы әңгімелесу.

Бұл тақырып берілетін түсініктердің көптігімен және оқылатын материалдың молдығымен ерекшеленеді.

Мұғалім оқушыларға қаладағы өлкелік мұражайдағы түсті металдар өндірісіне арналған материалдармен және жергілікті басылымдардан өлкедегі түсті металдар өндірісінің даму тенденциясымен танысуды тапсырады. Жекелеген оқушыларға рефераттар мен хабарламалар жасап келу ұйғарылады.

Конференция сабағында оқушылар,

Қазақстандағы түсті металдар өндірудің даму тенденциясы, түсті металдар өнімдерін қолдану, Шығыс Қазақстан түсті металдар кен орындары туралы өздері дайындаған материалдар арқылы мәлімет алады. Одан кейін оқушылар түсті металл саласында ерен еңбектерімен көзге түскен, Еңбек ардагерлері туралы әңгімелейді, түсті металдар мамандықтары туралы айтады [3].

Мұғалім, Д. Серікпаев атындағы Техникалық Университетінде, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік Университетінде түсті металлургия саласына қажетті мамандық иесін дайындайды. Осы жөнінде университеттердің тау-металлургия, химия факультеттерінде дайындайтын және ШҚО өдірістерінде «Казцинк», «ТМК», «УМЗ», «Восток машзавод» жұмыс істетін мамандар бойынша біраз ақпарат берілді. Соңынан ШҚО өңіріндегі кен орындарынан алынған түсті металдар үлгілерінің коллекциясымен танысты. Мұғалім түсті металл өндіру кезіндегі экологиялық шараларды айта келіп, сабақты қорытындылайды. Сонымен бұл конференция сабағында оқушылар аймақты түсті металл өндірудің даму тенденциясымен, Шығыс Қазақстандағы түсті металдар кен орындарымен танысып, түсті металдар саласындағы мамандық және өз аймағындағы ШҚТУ дайындайтын мамандықтар жөнінде мағлұмат алады.

Кесте-1. Химиялық өндіріс оқытудың алгоритмi

Мәселелер

Іс-әрекеттің тізбегі

А. Шикізатты таңдау

Арзандығын және тасымалдау мен қайта өңдеуге кететін шығын

Ә. Өндіріс негізінде жататын химиялық реакциялар

Реакция теңдеулерін жазу, реакцияның физикалық-химиялық сипатын анықтау, химиялық сипатын анықтау. Химиялық үндістің оптималды жағдайларын қарыстыру

Б. Өндірістің технологиялық кестесі

Қондырғылар мен аппараттарды таңдау, өндірістің экономиялық көрсеткішіне орай және шикізатты кешенді пайдалану тұрғысынан аппараттарға қойылатын талаптарды анықтау

В. Өндірістің жалпы ғы-

лыми ұстанымдары

Өндірістің үздіксіздігін ескеру, химиялық реакцияны оптималдық жағдайда жүргізу, катализатор қолдану, жылу алмасуды ескеру, қарсы ағын ұстанымын сақтау, қоршаған ортаны қорғау.

Химиялық өндіріс тақырыптарындағы білімді меңгеру басқа тақырыптарға қарағанда қиын екендігін оқыту тәжірибемізден байқадық. Оқушылар өндірістің шикізаттары, оны технологиялық кестесі мен ғылыми ұсыныстарын меңгеруі қиынға түседі. Сондықтан химиялық өндірісті алгоритмді жазба арқылы оқытуды игердік. Химиялық өндірісті алгоритм деп оқытудың тиімділігін мынадан байқадық: (2 кесте) эксперименттік сыныпта оқитын оқушылар бақылау сыныптарындағы оқушылармен салыстырғанда алгоритмді жазбаны қолдану арқылы, химиялық өндіріс, ондағы мәселер төңірегінде өз көзқарастарын, ойларын еркін айтады, теориялық білімін іс жүзінде жеңіл пайданылады, алған білімдерін жинақтап тұжырымдай алатыны химиялық өндірістік тақырыптарды оқыту кезінде және сол тақырыптардан алынған білім мен білікті тексеру барысында анықталды.

Шындығында, химиялық өндiрiстi оқытудың алгоритмдік кестесiне назар аударсақ, өндiрiстi белгiлi бiр жүйемен оқытудың тиiмдiлiгi анықтала түседi. Оқушылар осы кестеге сүйеніп, ең алдымен өндiрiстiң шикізаттың таңдаудың ерекшелігімен танысады. Одан кейiн өндiрiстегi негiзгi химиялық реакциялармен танысып, оны жазып‚ үйренедi. Содан кейiн химиялық үрдiстiң оптималды жағдайларын қарастырады. Соңынан өндiрiстiң технологиялық кестесi арқылы қондырғылар мен аппараттардың жұмыс iстеу және жалпы өндiрiстiң ғылыми ұстанымдарымен танысады.

Яғни, қорыта айтқанда, оқушылардың бiлiмiн тереңдету және мамандыққа бағдарлау оқу үрдiсi және сыныптан тыс жүргiзiлетiн химиялық шаралардың көмегiмен жүргiзуге болады, оқушылар химиялық өндiрiстi оқығанда игерілетін негiзгi бiлiмнiң жүйесiн осы кесте көмегiмен айқынырақ ұғынады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Жакеева Л.Ә. Мамандыққа бағдарлау. // Қазақстан мектебi. -1996, №3, №5.
  2. Шаихова Б.К., Маканов У.М. Внедрение регионального компонента в содержание предмета химия при подготовке будущих специалистов // Ұлт тағылымы. – 2005. – № 4. – С. 162–164.
  3. Назарбаев Н. ҚР бiлiм қызметкерлерінің 2 – Құрылтайының құжаттар жиынтығы. Алматы, 2001, 1-3 ақпан.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.