Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мотивация түсінігінің психологияда зерттелуі

Мотивация отандық және шет елдің психологиясындағы іргелі проблемалардың бipi болып табылады.

Қaзіргi күні психологиядағы зерттеме үшін оның маңыздылығы адамның белсенділігінің көзін, оның іс-әрекетін, мінезқұлқын қозғаушы күшін талдаумен байланысты.

Адамды іс-әрекетке не итермелейді, оның түрткісі кандай, ол оны не үшін жүзеге асырады деген сұрақтарға жауап оның сәйкес түсіндірмесінің негізі болып табылады. «Адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасаған кезде, ең алдымен, оларды осындай байланыса итермелеген, мотивтер жайлы және де олар алдына азды көпті мөлшерде саналы түрде қойған мақсаттары жайлы сұрақ туындайды». Ең жалпы турде мотив бұл адамды осы түрткімен анықталатын іс-әрекетке енген қандай да бір әрекетке итермелеуші, ынталандырушы, анықтаушы.

Қазіргі кезде мотивация психикалық құбылыс ретінде әртүрлі түсініктемелер береді. Бір жағдайда мінез-құлық пен іс-әрекетті анықтайтын, бағыттайтын және қолдайтын факторлардың жиынтығы болып табылса (К. Мадсен; Ж. Годфруа), басқа жағдайда – мотивтердің жиынтығы ретінде (К.К. Платонов), үшіншіде – организмнің белсенділігін тудыратын және оның бағыттылығын анықтайтын ниеттенуші ретінде қарастырды (4).

Сонымен бірге мотивацияны мотив әрекет процесі ретінде және әрекеттің нақты түрлерінің жүзеге асырудың тәсілдері мен бағыты, пайда болуды анықтайтын механизм ретінде қарастырады (11).

Дж. Аткинсон мотивацияны тұлғалық детерминантың тұтастығы ретінде, тікелей жағдайдың сипаттамасы мен тұлғаның тұрақты мотивтері ретінде қарастырады (14).

Вилюнас та «мотивация» термині психологиялық білімдердің және үдерістердің барлық жиынтығы, өмірге маңызды жағдайлар мен заттарға ниеттенді ретін және бағыттайтын мінез-құлықты, психикалық бейнелеудің ақырғы мақсатқа бағыттылығын және таңдамашылығын, құштарлығын анықтайтын және олардың реттейтін белсенділігін белгілеу үшін қолданылады (6).

Бұл түсініктеме мотивацияны мінезқұлықтың шарттастық негізінде жатыр деген түсінікке сәйкес келеді. Яғни, мотивация іс-әрекет пен оятушыға жауап беретін үдерістер жүйесінің жиынтығы ретінде түсіндіреді (6). К. Левин үшін мотивация мақсатқа бағытталған мінез-құлықты ниеттенді ретін және бағыттайтын актуалды процесс ретінде шығады (8).

Мотивация адам мінез-құлқының қозғалмалы күші ретінде тұлға құрылымында басты орын алады, оның негізгі құрылымдық білімін зерделей келе: жеке тұлғаның бағыттылығы, мінез, эмоция, қабілеттіліктер, іс-әрекет пен психикалық үрдістер (12).

Мотивация – мінез-құлық пен іс-әрекеттің ішкі детерминациясы, адамды қоршаған ортамен, сыртқы тітіркендіргіштермен негізделген болуы мүмкін. Сыртқы орта адамға физикалық әсер етсе, сол кезде мотивация сыртқы әсерді ішкі ниеттендіру өзгертетін психикалық процесс болып табылады (3).

Ильиннің көзқарасы бойынша, мотивация және мотивтер әруақытта іштей келісілген, бірақ сыртқы стимулдар түрткі болып, сыртқы факторларға байланысты болуы мүмкін.

Сонымен бірге қажеттілікті, ниетті қанағаттандыру үшін, адам үшін маңызды бола бастағанда ғана мотивация үшін жағдайлар, себептер мағына береді оны да есепке алу керек.

Отандық психологияда мотивациялық аясын зерттеуші анықтаушы негізгі әдіснамалы принцип мотивацияның динамикалық пен мазмұндық мағыналық жақтарының бірлігі жайлы ереже болып табылады. Осы принципті белсенді жетілдіру адамның қатынастар жүйесі (В.Н. Мясищев), мән мен мағына арақатынасы (А.Н. Леонтьев), түрткілер ықпалдасуы және олардың мәндік контексті (С.Л. Рубинштейн), Тұлға бағыттылығы мен мінез-құлық динамикасы (Л.И. Божович, В.Э. Чудновский), іс-әрекеттегі бағдар (Г.Я. Гальперин) сияқты т.б. проблемаларды зерттеумен байланысты [5].

Е.П. Ильин сындық талдау негізінде мотивацияны мотивті қалыптастырудың динамикалық үдерісі ретінде түсіндіреді (4).

Адамды іс-әрекетке не итермелейді, оның түрткісі қандай, ол оны не үшін жүзеге асырады деген сұрақтарға жауап оның сәйкес түсіндірмесінің негізі болып табылады. «Адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасаған кезде, ең алдымен, оларды осындай байланысқа итермелеген, мотивтер жайлы және де олар алдына азды көпті мөлшерде саналы түрде қойған мақсаттары жайлы сұрақ туындайды». Ең жалпы түрде мотив бұл адамды осы түрткімен анықталатын іс-әрекетке енген қандай да бір әрекетке итермелеуші, ынталандырушы, анықтаушы.

Мотивация проблемасының күрделі мен көп аспектілі оның мәнін, табиғатын, кұрылымын түсінуде және де оны әр тұрғыдан зерттеу элементтері көп болуымен шарттады (Б.Г. Ананьев, С.Л. Рубинштейн, М. Аргайл, В.Г. Асеев, Дж. Аткинсон, Л.И. Божович, К. Левин, А.Н. Леонтьев, М.Ш. Магомет-Эминов, А. Macлоу, Ж. Нюттен, Фрейд, П. Фресс, В.Э. Чудновский, П.М. Якобсон және т.б.).

Отандық психологияда мотивация адамның өмірлік іс-әрекетінің, оның мінезқұлқының күрделі көп деңгейлі peттеушici ретінде қарастырылады. Осы реттеудің жоғарғы деңгейлері саналы әрекеттік деңгей болып табылады.

В.Г. Алексеев көрсеткендей, адамның мотивациялық жүйесі бepiлгeн мотивациялық тұрақтылардың қарапайым қатарына қарағанда неғұрлым күрделі құрылымға ие. Ол тек кең аямен сипатталады, оған автоматты түрде жүзеге асырылатын ұстанымдар да, ағымды өзекті ұмтылыстар да, идеалды аясы да жатады. Соңғысы дәл қaзip өзекті болмағанымен де, бірақ оның мотивтерінің ары карай дамуының мәнді болашағын беретін адам үшін маңызды функцияны атқарады. Мұның барлығы, бip жағынан, мотивацияны қажеттіліктердің күрделі, біркелкі емес көп деңгейлі жүйeci және қажеттіліктерді, түрткілерді, қызығушылықтарды, мұраттарды, ұмтылыстарды, ұстанымдарды, эмоцияларды, нормаларды, кұндылықтарды және т.б. қамтитын жүйе ретінде анықтауға, ал келесі жағынан, адамның ic-әpeкeтiнiң, мінез-құлқының көп мотивтендірілуі жайлы және олардың құрылымындағы үстемеуі түрткі жайлы айтуға мүмкіндік береді.

«Мотивациялық аяның бағыныстылық құрылымы тұлғаның бағыттылығын анықтайды, ал тұлға бағыттылығы ез мазмұны мен құрылысы бойынша кай түрткілер үстем болса, соған байланысты түрлі сипатқа ие».

Қазіргі уақытқа қарай мотивацияның ондаған зерттелген теориялық концепциялары жасалған, олардың көбісі ежелгі ойшылдардың адам психикасы жайлы түсініктерінен тамыр алады.

Шетел психологтарының арасында Курт Левиннің еңбектері назар аударуға тұрарлық, ол адамның психикалық өмірінің кез келген саласы, оның ішінде тұтас адамның мінез-құлқы жүйесіндегі қажеттіліктері де тәжірибелік зерттеуге салынуы мүмкін деп тұжырымдады. Дегенмен, адамның жалпы алғандағы қажеттіліктерін, оның ниеттері мен еркін зерттей келе, К. Левин шынайы адамның тәжірибесіне, оның тұлғасының ерекшеліктеріне көңіл бөлмеді, өз зерттеулерін таза тәжірибелік, табиғи жағдайлармен шектеді. Сол себепті ол бөліп зерттеген қажеттіліктері шындығында «квази»қажеттіліктер, яғни өмірлік мазмұнынан айырылған болды. К. Левиннің қарастырған мотивацияға қатысты мәліметтері психологиялыққа қарағанда, адамның жалпы биологиялық заңдылықтарына қатысты келеді, ол тұлғаның мотивациясын ескермеді.

Шетелдік зерттеулерде мінез-құлық мотивациясы туралы мәселе субъектінің тек қимылдық қана емес, сонымен қатар ақыл-ой белсенділігінің ынталандырушы шарты ретінде қарастырылды. Ал Б. Скинердің зерттеулерінде мотивация мен мінез-құлықтың энергетикалық деңгейінің артуы сәйкес келеді. Скинердің пікірінше, мотивацияның сипатына қарай белсенділіктің белгілі бір жаққа қарай бағытталуы байланысты болады. Ж. Нюттен мотивация мәселесіне талдау жасай келе, бұл құбылыстағы екі аспектіге ерекше көңіл бөледі: динамикалық және бағыттылық аспектісі. Харлоудың зерттеулері жұртшылық алдындағы мақтаудың ережелерді жаттауға тигізетін әсерін көрсетті. Симс бәсекенің, ажырасудың оқуға тигізетін ықпалын ерекше атап өтті. Айзенк шамадан тыс мотивацияның кейбір міндеттерді шешудегі ықпалын сипаттады.

И. Лингардт мотивацияны оқушылар санасының психикалық ерекше ұйымдастырылуының фазасы ретінде қарастырды, оның ішінде оқушының іс-әрекетін сырттан ынталандыруға және бірлесе ұйымдастырылған іс-әрекетке бағыттайтын қозғаушы күштер әрекет ете бастайды.

Ховланд міндеттерді шешу үрдісіндегі фрустрация құбылысын зерттеді. Осы зерттеулердің барлығы ойлау іс-әрекеттері нәтижелерінің құрылымына байланысты мотивтердің ролін мойындайды.

Мотивация мәселесінің теориялық зерттелуін С.Л. Рубинштейн, Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, Л.И. Божович, А.В. Запорожец, Б.Г. Ананьев және т.б. іс-жүзіне асырды. Л.С. Выготский адамның мотивациялық саласын зерттеудің маңыздылығына назар аударып, баланың ұмтылыстарын, мотивтерін, қажеттіліктерін, мүдделерін, баланың ойын әрекетін белсендендірудің қозғаушы күштері ретінде атап өтіп, бұл оның белсенді дамуына әсерін тигізетінін дәлелдеген.

Белгілі психолог С.Л. Рубинштейн де мотивацияға маңызды ден қойып, оны ісәрекетпен бірлікте қарастырды. «Психология негіздерінде» жалпы мотивтердің ішінен ол оқу мотивтерін ерекше бөліп қарастырды, себебі ол оқуды «үйрену, білімдер мен дағдыларды игеру, ол үшін тек нәтиже ғана емес, мақсат та болатын» іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде қарады.

Мотивацияны зерттеудегі үлкен ғылыми үлесті көрнекті кеңес психологы А.Н. Леонтьев те қосты, оның теориялық позицияларына тұтас психологиялық мектеп негізделеді. А.Н. Леонтьев қажеттіліктерді дамыту және олардың санаға қатынасы мәселесінің бірегей шешімін ұсынды. Ол мотивтерді қажеттіліктерден нақтыланатын объектілері (қабылданатын, көрінетін, ойша табатын) ретінде түсінуге негіздеп дәлелдеді. Бұл мотивтер қажеттіліктерде көрініс тапқан пәндік мазмұнын құрайтындығына көңіл бөлді. «Мотив, А.Н. Леонтьевтың анықтауынша бұл белгілі бір қажеттілікке жасап беретін және адамның іс-әрекетін туындататын және бағыттайтын объект». Оның пікірінше, мотивтер екі қызметті атқарады: біріншісі мотивтердің іс-әрекетті тудырып, бағыттайтындығын, екіншісі – олардың іс-әрекетке субъективті жеке мағына беретіндігіне. Яғни, іс-әрекеттің мағынасы оның мотивімен белгіленеді. «Бұдан шығатыны, субъект пәнмен қалай іс-әрекет жасайтындығы тек оның субъектіңе қандай қатынаста тұратындығына ғана емес, оның қандай қажеттіліктеріне жауап беретіндігіне байланысты болады». Осы секілді жалпы теориялық қорытынды зерттеушінің назарын адам іс-әрекетіне мағына беретін және осылайша оның барысына ықпал ететін мотивтерге бағыттайды.

Жалпы психологиялық контексте мотивация күрделі бірлестікті, субъектіңе қажеттіліктер, қызығушылықтар, құмарлықтар, мақсаттар, мұраттар түрінде көрінетін және де тікелей адамзат іс-әрекетін детерминациялаушы мінез-құлықтың қозғаушы күштерінің бірлігін білдіреді. Сөздің кең мағынасында, мотивациялық аясы немесе мотивация осы көзқарас тұрғысынан, тұлға өзегі ретінде түсініліп, оған бағыттылық, құндылықтың бағдар, ұстанымдар, әлеуметтік күтімдер, тартылыс, эмоциялар, еріктік сапалар сияқты және тағы басқа әлеуметтік психологиялық мінездемелер топталысады.

Осылайша, әр түрлі тұрғыдан қарастырылғанына қарамастан, мотивацияны көптеген авторлар адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқын детерминациялаушы психологиялық әр текті факторлардың жүйесі, жиынтығы ретінде түсінеді деп бекітуімізге болады.

Мотивациясы проблемасымен айналысатын көптеген жаңа заманғы теоретиктер, үлкен жетістікке жету үшін, мақсатқа емес, болып жатқан үдеріске зейін қойып қадағалау қажет деп есептейді. Осыны ескере отырып, әрі қарай бірінші теоремаға бағдар жасаймыз, адамдар жағымды іс-әрекетті үздіксіз таңдап және оны жүзеге асыруға міндетті екендігі туындайды. Бір қарағанда теореманың талабы жүзеге асатындай болып көрінеді. Бірақ, шешім қабылдау үрдісінде мінсіз нәтижеге жету тілегінен асқан бүлдірушілік болмайды. Мұндай беталыстағы жандар көбіне ештеңеге қол жеткізе алмайды, өйткені үнемі мінсіздікке ұмтылыс сәтсіздік кепілі. Ең дұрысы осы жағдайға тура келетін нәтижеге қол жеткізу. Жұмыс маңызын дұрыс түсіну үшін, теорияның кейбір жағдайларын қарастырамыз, мақсаттар, шешім қабылдау, іс-әрекет мотивациясы және жеке адам бақылауы еңбектерден алынған. Мотивация және мотивтер проблемалары жайлы әдебиеттердің молдығы олардың табиғатына әр түрлі көзқарастардың көп болуын туғызады, бұл кейбір психологтардың пессимизмге бой ұрып. Проблеманың ешқандай шешімі жоқ деген ойға жетелейді. Бұл С.Л. Рубинштейннің мотив жеке адам даралығының өзегі деген ережесіне сай келеді (10). Ол нақты әрекетке сапалы түрде талаптану сияқты мотив. Адам өз жағдайын қалай ескереді, бағалайды, салмақтайды және көзқарасынан шынайы өмір әрекетіне қажетті нақты мазмұнды мотив туындайды және қалыптасады деп жазды. Ең әуелі талаптану және бағыт алу функциясын бөліп көрсетті. Алғашқысы мотив энергетикасын, ал екіншісі – осы энергияның нақты объектіге, нақты белсенділікке бағытталуын көрсетеді. Ал қажеттілік ширығуын бейнелейтін мотивтің ынталандырушылық қызметі мақсат маңыздылығымен бірге мотив күші көптеген факторларға тәуелді екенің Н. Ах (1910) дәлелдеген болатын. Ол мотив күші мотивация объектісінің ұғынықтылығы және ашықтығы дәрежесіне тәуелді екенің ашып, оны ерік жігердің арнайы детерминация заңы деп атады. Мотив күшінде дағдыны беку, әсер ету объектісінің тартымдылығы байқалады. Күтілетін нәтиже, дәріптелетін объект мотивті күшейте түседі. Мотивация саласының теоретиктері мәселені әрбір мінез құлық түрінің өз себебі бар олардың мақсаты осы себептерді анықтау деген жорамалдан бастайды.

Мотивация дегенімізбелгілі мотивтен ниеттену. Мотивация әр – түрлі мүмкін болатын әрекеттердің бірін таңдап алу үдерісі, әрекетті осы бағытта қолдаушы ретінде қабылданады. Әрбір әрекеттің адам белсенділігінің негізгі ағыны болып табылатын энергиясыз мүмкін еместігі, оның «қоры» шектеулі екендігі белгілі. Бұл ағын жеке адамның өмірлік қызметінің барлық үдерістерінде, соның ішінде оның әрекеттерінде байқалады. Мотивацияны зерттеу белсенділік ағынның бірліктерге бөлшектеуге, ең алдымен «неге?» деген сұрақ тұрғысының бөлшектеуді жүзеге асырады. Мысалы әр түрлі белсенділік бірліктерінің қатынасы немесе оларды өзге тип мақсаттарынан ерекшелеу қаншалықты заңды? Бір тип мақсатты жек адам өмірі барысында қалай өзгереді және жеке адамға тән қандай ерекшеліктері болады? неліктен адам бұл оқиғалы жағдайда өзге емес, нақ осы мақсатты таңдайды да, біраз уақыт бойы белгілі бір табандылықпен оны жүзеге асыруға тырысады? Туындаған сұрақтарға байланысты ғалымдар мотивация психологиясының негізгі проблемаларын анықтады:

  1. мотивтерді мазмұндық жіктеу және олардың тізімін жасау проблемасы;
  2. мотивтердің дамуын өзгерту проблемасы;
  3. мотивтерді өлшеу проблемасы;
  4. мотивтердің а маңыздылығын арттыру, б.а. осындай маңыздылықты арттыруға жеткізетін оқылық жағдайларды анықтау проблемасы;
  5. мотивацияны ауыстыруға орын алып отырған мотивацияны жаңғырту немесе зардабын анықтау проблемасы;
  6. мотивация іс әрекеттің жалпы мақсаттылығы және ерекше жағдайларда әр түрлі мақсаттар арасындағы мотивациялық жанжалдар проблемасы;
  7. әрекет барысының жекелеген кезеңдерін сипаттайтын гипотетикалық өзін өзі реттеу аралық үдерісінің талдаулық қайта құрылымдары проблемасы;
  8. мотивацияның бақыланып отырған мінез құлыққа әсер ету көп түрлілігі және оның нәтижесі проблемасы.

Мотивация үдерісінің тағы бір ерекшеліктері субъектінің табысқа ұмтылу немесе сәтсіздіктен қашу әрекетіне байланысты. Егер адам табысқа ұмтылатын болса ол сәтсіздікке ұрынамын деп қорықпайды, ал егер сәтсіздікке жол бермеуді мақсат етсе, өз мүмкіндіктерін мұқият саралап шешім қабылдауға толқиды. Табысқа ұмтылу мен сәтсіздіктен қашу ара – қатынасына әр түрлі авторлар түрліше қарайды. Мотивация және мотив теориясында мақсатқа жету үлкен рөл атқарады. Іс әрекеттің, қылықтың, негізі ретіндегі мотивтің қалыптасу үрдісі жеке адамның қажеті пайда болуынан басталып, егер бұл мақсатта адамға қажет болса, ниетті ояуынан және мақсатқа жету тілегі пайда болуымен аяқталады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Маркова А.К., Матис Т.А., Орлов А.Б. Формирование мотивации учения. – М.: Просвещение, 1990. -192 с.
  2. Орлов Ю.М. Потребность в достижении в учебной деятельности // Потребности и мотивы учебной деятельности. М., 1976. -76 с.
  3. Петренко В.Ф. Психосемантические исследования мотивации // Вопр. Психологии. 1983.№ 3.– С.29-39.
  4. Асеев В.Г. Мотивы поведения и формирование личности. – М.: Политиздат, 1976. – 157 с.
  5. Зимняя И.А. Педагогикалык психология: орыс тілінен аударған М.А. Құсайнова.– М.: Логос, Алматы :ТSТ-company, 2005.368 б.
  6. Занюк С.С. Психология мотивации. – Киев: Эльга – Н.: Ника-Центр, 2001.351 с.
  7. Мерлин В. С. Лекции по психологии мотивов человека.Пермь, 1972. -136 с.
  8. Ковалев В.И. Мотивы поведения и деятельности. – М.: Наука, 1988. 192 с.
  9. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. – М.: Педагогика, 1975.
  10. Леонтьев А.Н. Потребности, мотивы, эмоции.– М.: Педагогика 1971. 304 с.
  11. Магомед-Эминов, М.Ш. Трехфакторная модель когнитивной структуры мотивации достижения. – Вестн. Моск. ун-та. Сер.14, Психология.-1984, № 1. – С. 5759.
  12. Маслоу А. Мотивация и личность. – СПб.Питер, 2002. -352с.
  13. Мильман В.Э. Внутренняя и внешняя мотивация учебной деятельности // Вопр. психологии. 1987. №5. – С. 129139.
  14. Патяева Е.Ю. Ситуативное развитие и уровни мотивации // Вестн. Моск. ун-та. Сер.14, Психология.1983. № 4. -С. 2333.
  15. Нюттен Ж. Мотивация. // Экспериментальная психология: под ред. П. Фресса и Ж. Пиаже. – М., 1975. Вып. 5.
  16. Ильин Е.П. Мотивация и мотивы. – СПб.Питер, 2002.508 с.
  17. Гордеева Т.О. Мотивация достижения: теории, исследования, проблемы // Современная психология мотивации /под ред. Д.А. Леонтьева.– М.: Смысл, 2002. – с. 47-103.
  18. Хекхаузен Х. Мотивация и деятельность. -2-е изд. СПб.: Питер; М.: Смысл, 2003. –860 с.: ил. – (Серия Мастера психологии).
  19. Кручинин В. А. Формирование мотивации достижения успеха в подростковом возрасте: монография. – Н. Новгород, 2010. – 155с.
  20. Узнадзе Д. Н. Психологические мотивации поведения человека. – М.: Просвещение, 1969. – 149с.
  21. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога: учебное пособие: В 2 кн. – М.: ВЛАДОС-ПРЕСС, 2002. – Кн.1. – 384 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.