Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ювеналдық әділет жүйесі және оның құқықтық мәні

Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандарға қатысты сот әділдігіне аса жоғары деңгейде назар аударылады. Ол жөнінде «Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасының» бір бағытын жүзеге асыру мақсатындағы ювеналдық әділет үшін жағдай жасау жөніндегі өткізілген сараптама кәмелетке толмағандар қылмысы туралы іс бойынша соттары мамандандыру қажеттілігін көрсетті [1].

Балалар құқығын сақтауға қол жеткізу тұрғысындағы маңызды бағыттардың бірі балалардың қараусыз қалуының алдын алуға, заңмен қарама-қайшылықтағы балалардың құқығын сақтауға бағытталған нақты шаралардың қабылдануы [1, б. 3].

Бұл механизмді ювеналдық әділет немесе кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты заңдылық деп атауға болады. Ювеналдық әділет кәмелеттік жасқа толмағандар үшін ерекше заңдылық жүйесі, оның негізінде мемлекет, тұлға және асыраушысы ретінде оларды қауіпті мінез-құлықтардан және ортадан қорғай отыра кәмелетке толмаған жастарға жауапты болып доктрина жатыр.

Ювеналдық әділет біршама гуманитарлық-процессуалдық нормаға сәйкес құрылуы қажет және осылайша кәмелетке толмаған тәртіп бұзушы үшін әр түрлі әлеуметтік және тәртіп сақтау қызметін, отбасы мен кәмелетке толмаған жастар ісі жөніндегі соттар жүйесін өзіне біріктіре алар еді [3, б. 95].

Ювеналдық әділет жүйесіне, кең тұрғыда алғанда, мыналар енуі қажет:

  • ювеналдық соттар институты;
  • ювеналдық прокуратура;
  • балалар адвокатурасы;
  • балалар құқығы жөніндегі өкілетті агенттік;
  • әлеуметтік мекемелер инфрақұрылымы және әлеуметтік қызметкерлер институты.

Тікелей қылмыстық жаза жасөспірімдер үшін төтенше шара, сондай-ақ жасөспірімдерге қатысты қылмыстық жазалармен байланысты емес тәрбиелік ықпал ету шараларын жүзеге асыруға, жасөспірімді түрлі әлеуметтік психологиялық және сауықтыру бағдарламаларына бейімдеуге негізделген кең тараған құқық қолдану тәжірибесі болуы керек.

Осылайша, ювеналдық әділет:

  • кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың тиімді алдын алуды;
  • кәмелетке толмағандарға қатысты қандай да болмасын құқықтық шешімнің әділдігін;
  • олардың өмірі мен тәрбиесі, сол секілді олардың жасаған құқық бұзушылығы жағдайларына байланысты азаматтық, әкімшілік және қылмысты істерді шешу барысында кәмелетке толмағандар мен жастардың занды мүдделері мен құқықтарын қорғауды;
  • барынша қолайлы өмір жағдайында бала тұлғасын элеуметтендіруді қамтамасыз етуі қажет [3, б. 95].

Ювеналдық әділет кәмелетке толмағандар үшін сот төрелігінің ерекше жүйесі. Бұл жүйенің негізінде «parens patrie» доктрина жатыр, осыған орай кәмелетке толмағандар үшін оларға зиян келтіруші ортадан және қауіп төну тәртібінен сақтай отырып, мемлекет қамқоршы немесе жауапты тұлға болып келеді. Бұл тәсіл екі идеямен негізделген: жеткіншектер өздерінің дамуында өзінің нақты қылықтарын ұғынуға және оған толық жауап тартуына әлі қабілетсіз; жеткіншектің жас мөлшеріне қарап оны әлі қайта тәрбиелеуге болады.

Ювеналдық әділеттің рөлі мен мәні құқық бұзушы жас жеткіншекті қоғамға қайтару болып табылады. Бұл стратегияны іске асырудағы әдістер мен тәсілдер, кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың себебін анықтау және алдын алу болып табылады [5, б. 3].

Ювеналдық әділет жүйесі терминін тар және кең мағынада бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Кең мағынада ол кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуды, жасөспірімдердің қылмыстарының статистикасы мен олармен күресу жолдары, құқық қорғау органдарының кәмелетке толмағандарың жасаған қылмыстарымен күресу іс әрекеттерін белгілейді. Тар мағынада ювеналдық әділет жүйесі кәмелетке толмағандар ортасында жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықпен күресетін және олардың алдын алатын мемлекеттік құқық қорғау органдарының статусын білдіреді. Осыған байланысты, ювеналдық әділет бұл сот ісіне тартылған кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды елерін қорғауға, балалар мен жасөспірімдердің қылмыстарының алдын алуға, олардың девианттық мінез құлқын кесуге бағытталған заңнама және тәсілдер мен әдістер жүйесі [6, б. 92].

Ювеналдық әділет жүйесінің негізгі мақсаты болып табылатын балалардың құқығын қамтамасыз етуді кейбір зерттеушілердің айтуынша, бұл процесске азаматтық қоғамдық институттардың кең де тиімді қатысуынсыз жүзеге асыру мүмкін емесСонымен қатар, балалар мен жасөспірімдердің қылмыстарына талдау жасап, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында қосымша шаралар қажет екенін байқауға болады. Қазақстанда ювеналдық әділет жүйесінде арнайы сот жүйесі, полиция мен прокуратурада арнайы құрылымдар, жазалауды орындайтын арнайы жүйе, арнайы адвокатура, ерекше әлеуметтік сүйемелдеу мен пробация қызметі әрекет етеді. Ювеналдық әділет жүйесін құру кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық өндіріске жіберілетін істердің барлық сатыларда сапасын жақсартады, әр балаға жеке тәсілді қамтамасыз етеді және пенитенциарлық жүйе мекемелеріндегі кәмелетке толмағандар санын азайтуға ықпал етеді [6, б. 92].

Ювеналдық әділет құқықтың кез келген саласы сияқты құқықтық реттеудің пәні және әдісімен ерекшеленеді. Ювеналдық әділетті реттеуің пәнін бала емес, яғни жақтарының бірі ретінде кәмелетке толмағандар қатысатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы құрайды. Оның негізін құқықтың әр бір саласындағы қатынастардың (конституциялық, қаржылық, салықтық, азаматтық, азаматтық іс жүргізушілік, еңбектік, әлеуметтік қамсыздандыру, әкімшілік, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізушілік және т.б.) әдетте бала мәртебесін қамтамасыз ету жағдайы мен тәртібі құрайды: жеке мүліктік және мүліктік емес қатынастар, әлеуметтік экономикалық, саяси қатынастар. Осы көрсетілген қоғамдық қатынастар біржақты, яғни бір ғана субъект кәмелетке толмағандар ғана қатыса алады.

Ювеналдық құқықтың пәні туралы айтқанда ювеналдық құқық қатынастар ұғымын ескермеу мүмкін емес. Кәмелетке толмаған арнайы субъектілік құқыққа ие болып қоғамдық қатынастарың жүйесі ретінде анықтауға болады. Ол бұл қатынастардың басқа да субъектілерімен байланысты. Ювеналдық құқық қатынастардың ерекшелігі болып құқық қатынастың екінші субъектісі ретінде (заңды өкілдері арқылы) баланың қатысу мүмкіндігі табылады. Кәмелетке толмағандармен бұл қатынастарды реттеу кезінде арнайы жеңілдіктер ұсынылады.

Барлық ювеналдық қатынастар құқықтық реттеуге жатпайды. Олардың көбі қоғамдық моральмен және қолданылатын әдет ғұрыптармен (мысалы, достық қатынасы, құрмет, серіктестік, адалдық, махаббат) реттеледі. Құқық нормасы соңғы ерекше әлеуметтік маңыздылықтағы мойындаулары шарты кезінде және осындай қажеттілік жағдайында пайда болатын қатынастарды реттеу үшін қолданылады [6, б.93].

Ювеналдық құқық қатынастары шеңберінде кәмелетке толмағандардың жағдайымен, ең алдымен құқық мәртебесімен анықталады. Соңғысы тұлғалардың кәмелетке толмаған дәрежесiнiң ортақ мәртебесі және құқықтық қатынастың субъектiнiң кәмелетке толмағанының мәртебесіне бөлшектенеді. Құқықтың көмегі арқылы реттелетін сәйкес қатынастың барлық субъектілері жалпы мәртебеге жатады. Тұлғы, яғни ювеналды заңның позициялы сапасына ие болған, басқа тұлғалардың мәртебесіне қарағанда олардың құқықтары мен міндеттерін өзгертетін құқық жағдайлары игереді. Нақты жағдайда кәмелетке толмаған жас белгісі бойынша ерекшеленген. Жеке субъектінің мәртебесі нақты құқық қатынастың белгілерімен тіркелуімен анықталуы мүмкін. Жалпы ереже бойынша кез келген субъектінің құқық шеңберлігі осындай себеп бойынша кәмелетке толмағанның құқық жағдайымен салыстырғанда тар болып табылады. Яғни қосымша арнайы құқыққа ие болатын құқық қатынаста арнайы мәртебеге ие болып табылады [6, б. 94].

Балаларды дәл жеткіншек шағында өзіндік дербестік толғандырады, ол әрине, басқа да жасөспірімдермен арадағы қарым қатынаста шешіледі. Әлеуметтік қорғансыздықты сезіну оларың бірігуіне әкеліп соғады. Формалдық емес жастар топтары уақыт өте келе тұрақты түрлерге келеді.

Кәмелетке толмағанның тұлғалық ерекшелігі сипаттамасының белгісі оларың физикалық қозғалғыштығы мен әлеуметтік өсуіне тікелей байланысты. Сондай ақ, кәмелетке толмағанның мінезінің айрықшалықтары – жанжалдық жағдайларда өзгеше қимыл жасауы, жастың көтеріңкі немесе төмендетілген рөлдік күтулері немесе кәмелетке толмағанның әлеуметтік статусы сипатталады. Кәмелетке толмағанның тұлғалық және мінезінің қалыптасуына ерекше әсер ететін жасөспірімнің айналасындағы ең жақын орта. Жалпы ереже бойынша құқық қатынаста балаға тәуелді субъективті құқық мен бостандықтардың көлемі ересек тұлғаның құқық мәртебесі құрылымыңнан аздау болуы тиіс. Бірақта осы ережеден ерекшелік қатары ескеріледі. Ювеналдық әділет жүйесі мен оның институттарының қызметі өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қажет ететін кәмелетке толмағандарға қатысты, ең алдымен панасыз және қараусыз қалған балалар үшін, оларды тәрбиелеген ата аналар немесе жауапты адамдар үшін жүзеге асуы керек [7].

Ювеналды құқық қатынастардың маңыздылығы құқықтың талданған құқық саласы, ол ең алдымен кәмелетке толмағандардың өз мүмкіндіктерінен құқықтық қатынастың басқа жақтарын міндеттей отырып, әр түрлі қоғамдық қатынастарда олардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін қанағаттандырудың құқық құралдарымен бала құқығына көңіл бөлген.

Ювеналдық әділеттің ұлттық жүйесінің құқықтық базасын реттейтін ұлттық заңдар және заң күшіндегі актілер блогы, бала құқықтарын қорғау ұлттық жүйенің тарихи, теориялық, саяси және әлеуметтік аспектілері, құқық бұзушы және қылмыскер кәмелетке толмағандар, ювеналдық әділет жүйесі, бала құқықтарын қорғау туралы құжаттар жеке қарастырылады.

Атап айтқанда, ювеналдық әділет жүйесінің тарихы, ювеналдық құқықты құрудың алғышарттары, оның негізгі ұғымдары және қайнар көздері, кәмелетке толмағандарды құқықтық қорғаудың ерекшеліктері және оны жетілдіру қажеттілігі, ювеналдық құқықтың түсінігі, пәні, әдістері және жүйесі, ювеналық құқық ғылымы және ювеналдық саясат және кәмелетке толмағандардың конституциялық құқық мәртебесінің негізі қарастырылады.

Сондай ақ, Ювеналды құқық әдісі бір жағынан, олардың құқықтары, бостандықтары және мүдделерін жүзеге асыру үшін балаларға кең мүмкіндік ұсынса, ал екінші жағынан ересектермен салыстырғанда жауаптылықты төмендету, оның жағдайлары үшін қажетті мемлекетпен баланы қорғаудың жоғарғы сатысын көрсетеді. Осыған орай, мынандай тұжырым жасауға болады, яғни қоғамдық қатынастарға әрекет етуде ювеналдық құқықтың әдісі болып рұқсат ету болса, ал формасы бойынша императивтік болып табылады [7, б. 109].

Ювеналдық құқық мемлекеттік билік органдарының қызметі тәртібін бекітетін және жеке тұлғалардың қатынасын реттейтін және қорғайтын нормаларды қарастырады.

Айтылғанға сүйене отырып, тұжырым жасауға болады, яғни ювеналды құқық бұл қатысушысы болып бала қатысатын қоғамдық құқық қатынастарды реттейтін заңы нормаларды біріктіретін ұлттық құқық жүйесінің кешенді саласы болып табылады. Ол бұл қатынастардың қатысушысы ретінде кәмелетке толмағандардың құқықтық мәртебесін реттейді, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау механизмін бекітеді, сондай ақ кәмелетке толмағандардың заңы мүдделерін құқықтық қорғауға және жүзеге асыруға бағытталған мекемелер мен органдардың (ювеналдық әділет органдары) қызметтік жүйесі принциптері мен өкілеттіктерін анықтайды [7, б. 111].

Ювеналдық құқық құқықтың кешенді саласы ретінде құқық салаларының мынандай тізімін шектейді: халықаралық, конституциялық, азаматтық, отбасылық, еңбек, әкімшілік, қылмыстық, қылмыстық атқару, азаматтық, қылмыстық іс жүргізушілік, азаматтық іс жүргізушілік. Бұл кездейсоқтық емес. Осы құқық саласының, яғни ювеналды құқықтың пәнінің ерекшелігі болып кәмелетке толмағандардың қатысуымен қоғамдық қатынастардың қатарына жататын ерекше құқықтық қатынастар табылады.

Ювеналдық құқықтың маңызды сипаты болып оның жүйесі танылады.

Ювеналдық құқық жүйесі бұл объективті негізделген қоғамдық қатынастарды кешенді реттейтін құқықтың ішкі жағдайы. Ювеналдық құқық институты кәмелетке толмағандардың қатысуымен біржақты қоғамдық қатынастарды реттейтін ерекшелік. Оның ішкі құрылымында қарастырылған құқық нормаларының тобы түсіндіріледі.

Кез келген құқық саласының алғашқысын қарастыратын құқық нормасы болып табылады. Ювеналды құқық нормасы бұл кәмелетке толмағандарың құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік биліктің алғы шарты түрінде көрсетілген жалпы міндетті ереже [7, б. 111].

Ювеналдық құқық жүйесі өзінің бе-

кітуімін басқа құқық салаларының ішкі нормативтік құқықтық актілерінен тапты.

[12].

Ювеналдық құқық өзімен бірге ар-

Олардың кейбірінде ювеналдық нормалар әр түрлі құқықтық құжаттар бойынша белгіленген. Ал басқаларында олар арнайы бөлімдерінде немесе тарауларында негізімен біріктірілген және кодификациялық құжаттарында ұсынылған.

Қазіргі таңда, ювеналдық заңнаманы реттеу процессі әлі аяқталмаған.

Ювеналдық құқық ғылым ретіне заң ғылымының бөлімін құрайды. Ол өзімен бірге мемлекет пен қоғамды кәмелетке толмағандардың заңы мүдделері және құқығы туралы ұсынымдар, жағдайлар, білім, көз қарастар, идеялар жүйесін ұсынады. Бұл ғылым өзімен бірге барлық жаңа зерттеулерді ұсынақты, өзінің даму сатысында болады [5].

Ювеналдық құқық ғылымы кәмелетке толмағандардың қатысуымен қоғамдық қатынастардың мазмұнын зерттеумен айналысады және ол ювеналды заңнамалысын жүзеге асыру бойынша негізделген ұсынымдарды дайындау және тиімділігін анықтау. Бұл ғылымды дамыту үшін қажетті жағдай болып оның ювеналды әділет жүйесінің мекемелерімен және әр түрлі органдарының тәжірибелі қызметімен үзіліссіз байланыс табылады [11].

Ювеналдық құқық ғылымының пәні ретінде құқық қатынастың қатысушысы ретінде кәмелетке толмағандардың құқықтық жағдайын танылатын теориялық жағдайлардың қабылдау қажет.

Ювеналды құқық ғылымының негізгі міндеттері:

  1. баланың заңды мүдделерін және құқықтарын қамтамасыз ету сферасында ұлттық заңнаманы талдау;
  2. ювеналдық әділет органдарының қызметі сферасында шетелдік және ұлттық тәжірибені қолдану;
  3. мемлекет пен қоғамда кәмелетке толмағандардың құқықтық қорғалу ерекшеліктерін зерттеу;

ҚР баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бойынша ювеналы әділет органдарының қызметі; болашақта кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуді жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау және т.б. найы оқу пәнін ұсынады. Бұл пәннің негізгі мазмұны – кәмелетке толмағандардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету сферасында оны қолдануды ұлттық заңнаманы оқыту.

Кәмелетке толмағандардың девианттық мінез-құлқына қарсы іс-қимыл жасау күрделі, кешенді міндет, оны шешуге түрлі ғылыми мекемелер, мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, лауазым иелері жөне жеке тұлғалар қатысуға тиіс. Ювеналды саясат кәмелетке толмаған жас адам мен мемлекет арасындағы қылмыстық іс жүргізу аймағына енген тұлғалардың құқығын, заңды мүддесінің басымдығын тану негізінде оның қылмыстық құқықтық тыйым салуын бұзу нәтижесінде пайда болған әлеуметтік жанжалды шешуге бағытталған [17].

Ювеналды саясаттың объектісі алі түпкілікті қалыптаспаған, қоршаған ортаның, отбасының материалдық және моралдық жағдайына өте тәуелді кәмелетке толмаған адам болып табылады.

Бүгінгі ювеналды саясат жеке тұлғаны, қоғамды, мемлекетті қылмыстық әрекеттерден қорғау және құқық бұзушылықтан келген зиянның орнын толтыру мақсатында жалпы әлеуметтік, арнаулы және жеке сипаттағы жиынтық шараларды жасау мен іске асыруға бағытталған.

Қылмыстың алдын алу институты белгілі бір қоғамдық қатынастар жүйесінде экономикалық, саяси, құқықтық және т.б. қатынастарда қызмет етеді, ал қылмыстың алдын алу қызметі осы жүйеден шыққан, яғни соған байланысты және сонымен анықталады. Ендеше, қылмыстың алдын алу тек прогрессивті дамитын қоғамдық қатынастар жүйесінде ғана тиімді болуы мүмкін. Осы бағыттың нәтижелігін күшейту үшін, сондай-ақ жайсыз, тұрмысы төмен отбасыларының балалары мен кәмелетке толмағандардың өмірін және тәрбиесін едәуір жақсарту мақсатына жету үшін тұрақты нысаналы күш-жігер қажет. Оны іске асырудың мәні балалар үйлерінде мектеп-интернаттарында, арнаулы мектептерде, мүгедек балалар мекемелерінде, көшеде, отбасында ешқандай тастанды, бетімен кеткен балалар болмайтындай, елде жаңа жағдайды қалыптастыруда [2, б. 100].

Ювеналды әділет жүйесін енгізу мақсатында қолға алынған тағы бір үлкен шара «Қазақстандағы ювеналды әділет жүйесі» жобасы болды. Бұл пилоттық жоба кәмелетке толмаған жасөспірімдерге қатысты сот төрелігін жүзеге асырудың жаңа үлгісін іс жүзінде сыннан өткізуді көздеді. Жоба Алматы қаласының Әуезов және Алматы облысының Қарасай аудандарында тәжірибеден өтті. Бұл жоба нәтижелері ювеналды әділет жүйесін енгізу мүмкіндіктерін саралауға негіз болып табылады. Жоба шеңберінде арнайы іріктеуден өткен қорғаушылар мен әлеуметтік қызметкерлер тобы жұмыс істеді. Олардың міндеті күдікті ретінде ұсталған жасөспіріммен қарым қатынас орнату, оған психологиялық жағымды ықпал жасау, сот үдерісіне қажетті құжаттарды жинау және сол арқылы жасөспірімнің әлеуметтік келбетін сомдау. Осындай әлеуметтік-психологиялық портреттің көмегі арқылы баланың жеке тұлғалық ерекшеліктері айқындалады, ал бұл өз кезегінде соттың әділ шешім шығаруына оңтайлы ықпал етеді [5].

Жалпы ювеналды әділет жүйесі кәмелетке толмағандардың тұлға ретінде әлеуметтік мәртебесінің өзгеруі және девианттық мінез-құлқы салдарынан олар жоғалтып алған қоғаммен қарым-қатынасың қалпына келтіруге бағытталған шараларға негізделген сот төрелігінің арнайы жүйесін білдіреді. Ол ең алдымен құқықбұзушылықтардың салдарын жоюды және құқық бұзушыны қоғамға қайта оралтуды көздейді. Мұнда кәмелетке толмағандарға қатысты бас бостандығынан айы русыз жаза қолдану олардың құқығын қорғаудың негізгі элементі болып табылады. Бала құқығын қорғау тетіктері ретінде әділет жүйесінің құқықтық және әлеуметтік негіздерінің өзара тығыз байланыста әрекетеуі ювеналды әділет жүйесінің ерекшелігін құрайды.

Мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі – бала құқығын қорғауды қамтамасыз ету. Кәмелетке толмағандардың құқықтық мәртебесін белгілейтін (құқығы, міндеттері, құқықтары мен міндеттерін сақтау кепілдігі) және кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін органдар қызметін ұйымдастыру негіздерін бекітетін нормативтік құқықтық актілер жиынтығында ол туралы нақты айтылған. 2001 жылдан бастап кәмелетке толмағандармен жұмыс әдісін өзгертуге байланысты қылмыстық сот төрелігі жүйесінде «Қазақстандағы ювеналды әділет» жобасының бастамасымен жұмыс жүргізіліп келеді. Оның мақсаты мен міндеттері, принциптері де айқын.

Тұжырымдаманың мақсаты – Қазақстан Республикасында ювеналды әділет элементтерін кезең-кезеңмен енгізу, дамыту болып отыр. Ол кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін атқарудың тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Және Әділет, Ішкі істер, Білім және ғылым министрліктерінде, соттарда, прокуратураларда, адвокатурада кәмелетке толма қандармен жұмыс істеу жөніндегі мамандандырылған бөлімшелер құруды қамтиды.

Бүгінгі таңда ювеналды соттар әлемнің 60-тан астам елінде жұмыс істейді. Десек те, кәмелетке толмағандардың істері жөнінде сот құру көзқарасы әр елде әртүрлі.

Демек, ювеналды әділет жүйесіндегі келелі өзгерістер сот алдында тұрған кәмелетке толмаған жасөспірімнің құқық бұзушы емес, ерекше субъект ретінде танылуын, баланың жеке басының ерекшеліктерімен қатар оның тұратын аймағын ескеруді, құқықтық шаралармен қатар сот жанындағы арнайы әлеуметтік қызметкерлер тарапынан кәмелетке толмағандарды әлеуметтік жағынан түзету мақсатын көздеген бағдарламаларды жүзеге асырудың бастамасы болып табылады.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бойынша барлық аталған шаралар кешені "ювеналды әділет" терминімен қамтылады. Халықаралық практикада, атап айтқанда кәмелетке толмағандарға сот төрелігін іске асыруға қатысты БҰҰ ең төменгі стандарттық ережелерінде (Пекин ережелері) "Juvenile Justice" термині "кәмелетке толмағандар істері бойынша сот төрелігі" ұғымын білдіреді [3].

Алайда, әлеуметтік тұрғыда кеңірек алғанда, кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігі жүйесі кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған соттың айналасына құқық қорғау органдарындағы әр түрлі мамандандырылған құрылымдар, кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз және құқық бұзушылықты алдын алу жүйесінің мекемелері, адвокатура және құқық қорғау ұйымдарын біріктіретін кәмелетке толмағандардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау жүйесін білдіреді.

Бұдан басқа, ювеналды әділет бұл тек қана кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға арналған мемлекеттік және өзге де органдар мен ұйымдардың кешенін, оларға қатысты сот төрелігін жүзеге асыруды ғана емес, сонымен бірге тиісті заңнаманы қамтитын жүйе. Қазақстан Республикасында 2001 жылдан бастап кәмелетке толмағандармен жұмыс әдісін өзгерту мақсатында қылмыстық сот төрелігі жүйесінде "Қазақстандағы ювеналды әділет" жобасының бастамасы бойынша жұмыс жүргізілуде, оның мақсаты, міндеттері мен қағидаттары айқындалды.

Бүгінгі күнде "Қазақстандағы ювеналды әділет" жобасының қорытындысы, мүдделі мемлекеттік органдардың пікірлерін ескере отырып (¬ділет, Ішкі істер, Білім және ғылым министрліктері, Бас прокуратура, Жоғарғы Сот) ювеналды әділет жүйесінің мамандандырылған қызметтері: ювеналды полиция, ювеналды прокуратура, ювеналды соттар, ювеналды адвокатура, ювеналды қылмыстық-атқару инспекциясы, әлеуметтік психологтар және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік органдардан тұратын Қазақстанда ювеналды әділет жүйесін құру қажеттігі туралы куәландырады [9, б.13].

Осылайша, ювеналды әділет жүйесін, оның ішінде арналған әлеуметтік қызмет мекемелерін дамыту жолымен құру қоғамның тұрақтылығын нығайтуға, кәмелетке толмағандар ортасындағы шиеленісті төмендетуге мүмкіндік береді, қоғамның жастар ортасында болып жатқан процестерге белсенді әсер етуіне мүмкіндік береді. Мамандандырылған (ювенальды) сот ювеналды әділет жүйесінің маңызды буыны болып табылуға тиіс, бұл Конституциядағы сот билігі Конституция, заңдар, өзге де нормативтік құқықтық актілер, республиканың халықаралық шарттары негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға таралатындығы туралы ережемен негізделген.

Ювеналды әділет жүйесін дамытуға байланысты жасөспірімдерді кепілдендірілген құқықтық және әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін кәмелетке толмағандар туралы заңнаманың қолданылуын қадағалауды жүзеге асыруда прокуратураның рөлін арттыру жөніндегі жұмысты жүргізу қажет [4].

Ол үшін прокуратура органдарында кәмелетке толмағандар туралы заңнаманың қолданылуын қадағалауды ұйымдастыру бойынша мамандандырылған бөлімшелер құру мүмкіндігі мәселесі пысықталатын болады. Қазіргі кезде ішкі істер органдарының құрылымында ювеналды әділет жүйесінің бір қатар элементтері жұмыс істеуде.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Уалиев Қ.С. Ювеналды әділет жүйесі: дамыту мен жетілдіру тұжырымдамасы: Автореферат.Қарағанды: 2010. – 3б.
  2. Дулатбеков Н. Ювенология, Оқулық. Астана: Фолинат, 2010.-95б.
  3. Дулатбекова Н.О. Ювенология: Учебник/ под. общ. ред.. Алматы: Жеті Жарғы, 2008. 3 б.
  4. Уәлиев Қ.С. О системе ювенальной юстиции Республики Казахстана// наука и ее роль в современном мире: мат-лы международ. науч.-практ. конф. 2010.- №1. б. 92-94.
  5. Уәлиев Қ.С. Қазақстанда бала құқығы мен мүддесін жан жақты қорғау (ювеналды әділет жүйесін құру)// Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының хабарлары. 2010. №2. б. 109-111.
  6. Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 ж.
  7. Борисова Н.Е. Концепция формирования отрасли ювенального права в российской правовой системе: Автореф. дис. д-ра юрид. наук. М., 1999.
  8. Ювенальный центр: первые итоги: Учебное пособие. Воронеж, 2001.
  9. Уәлиев Қ.С. Кәмелетке толмағандардың құқығы мен мүдделерін қорғау: сараптаманың қажеттілігі // Аманжолов оқулары – 2009, б.100.
  10. Гаврилов С.Т., Демидова О.В., Середин А.А. Ювенальное право: Учебно-методические рекомендации по специальности 021100 Юриспруденция. Воронеж: ВИ МВД России, 2004.
  11. Гернет М.Н. Социально-правовая охрана детства за границей и в России. М., 1924.
  12. Уәлиев Қ.С. Ювеналды әділет жүйесіндегі тың өзгерістер.Әділсот. 5, 11. қыркүйек, б. 12-14 .

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.