Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Әдебиеттегі салт пен санаға қарсы тайталасқан тағдырлар трагедиясы

Адам – заманының перзенті, оның ғұмыры, бүкіл тағдыр-талайы өзі өмір сүріп отырған дәуірдің тынысы, ортаның райына байлаулы болып келеді. Қоғам, мемлекет пен саясат мәселесінің көркем шығармадағы қаһармандардың жан дүниесімен арпалысуын әлем әдебиетінің көне үлгілерінен ақ табамыз. Айталық, біздің заманымызға дейінгі 496-406 жылдар шамасында өмір сүрген грек драматургы Софокл «Электра»«Филоктет», «Трахинянки», «Аякс» сияқты шығармаларында мемлекет мәселелерімен жеке адамның ішкі сезімін шарпыстырып қойған. Автор үлкен әлеуметтік ортаның алдында қарапайым жеке тағдырлардың шарасыз болып қалуының сырын ашуға ұмтылады. Ал сәл кейінірекке, Рим әдебиетіне көз жүгіртер болсақ, мемлекетке анық қарсы тұра алған жеке адам тұлғасын көреміз.

Қазақ әдебиетіндегі Еңлік пен Кебектің мұңлы махаббаты мен мейірімсіз ажалы туралы туындыларда екі тағдыр қоғам мен ортаның қалыптасқан канондарына қарсы тұра алмағанын көремін. Қазақ үш жүз, қырық тарам руға бөлінсе де, ру-ру болып шекісіп, кекті қақтығыс пен шайқас соғысқа бармаған халық. Ары кетсе барымта жасалады, бас жарылады. Жер дауы, жесір дауы болып жатады. Оны да би мен би беттесіп, ақсақал мен ақсақал ақылдасып, өзара ортақ шешімін тапқан. Бірақ Еңлік пен Кебектің трагедиялы оқиғасы қазақ халқының тарихындағы елдің жоңғармен соғыстан есеңгіреп, ес жия алмай жатқан қатал тұстарына сәйкес келді.

Ғашықтар хикаясының тарихи іздерін ғылыми түрде негіздеген ғалым Т. Жұртбай оқиға өткен аренаға былай деп суреттеме берген: «Исі қазақ жері шапқыншылықтан құтылғанымен, Тарбағатай, Жоңғар қақпасы, Барлық таулары тұсында шекаралық қақтығыстар тиылмаған. Ел көші артта қалғанымен, батырлар сол жау өтінде жүрген... Ал «Еңлік-Кебек» оқиғасы кезінде Тоқтамыс батыр жорықта жүреді. Ал осыдан біраз уақыт бұрын жуантаяқ Бақай мен матай Маян батыр жер үшін жекпе-жекке шығып, екеуі мерт болады. Бұл елге қатты батады. Сыртқы жауға бірігіп соғысқан батырлар отбасында өледі. Содан исі – арғын – найман – керей – уақ билері келіп матай мен тобықтының дауын күшпен басып, төрелік айтады.

«Еңлік-Кебек» оқиғасы сол өліарада өтеді де, Кеңгірбай ескі кекті ушықтырмас үшін қос ғашықты оқтың ұшына байлап береді» [1, 38–39 б.].

Ғалымның көрсетуі бойынша, оқиға 1770–1780 жылдардың аралығында Шыңғыс тауының алабындағы Бөкенші өзенінің бойы мен Кіші Орда тауының балақ сілемінде өткен [2, 252 б.].

Ел аузында ғасырлар бойы ақиқатқа бергісіз аңыз болып сақталып, көп нұсқалы көркем шығарма туғызған тобықты жігіті Кебек пен матай қызы Еңліктің тағдыр ақиқаты қандай, олардың өлім тұзағына байланып кете баруы қалайша?

Осы жерде тағы да әдебиет зерттеушісі Т. Жұртбай зерттеулеріне жүгінуді жөн көрдік.

Тобықтының аты шыға қоймаса да, арқалы батыры атанған Кебек қыстың күні қырдың қырмызы түлкісіне құс салады. Аң қызығын қуған батыр күн бата бір үйге түнеуге келеді. Бұл Еңліктің мекені еді. Еңлік қыздың жігітке көңілі әбден толады, оның үстіне бұрыннан атына қанықтығы тағы бар. Бұдан әрі қыз Кебекке ынтықтығын білдіріп, өзінің айттырып қойған жері бар екенін де айтады. Бесігінен байланып қойған күйеуі ақылсыз, ынжық біреу. Еңлік оны өзіне тең көрмейді. Сөз арасында Кебекке деген көңілін де білдірген. Бірақ Кебек қыз сөзіне бірден ере қоймай, ел арасындағы ушыққан даулы жағдайды алға тартса да, ақыры сезім сырына жеңдіріп, екі жас мауқын басады.

Сонымен қыс өтті. Еңлік жүкті болып, екеуі қол ұстасып Орда тауына қашып тынады. Ақыр аяғында істің мәні белгілі болып, тобықтыға сұрау салған. Бірақ жігіт жағы мән-жайдан хабарсыз еді. Барлық құпия ашылған соң да, тобықтылардан түйінді жауап ала алмаған қыздың жақындары бүлік шығара бастайды. Би Кеңгірбай болса, істі кейінге қалдырып, әліптің артын бақтырып қойды.

Кеңгірбай елді бағындыруда қамал бұзар батырларға да арқа сүйеп отырғаны белгілі. Қазақ-жоңғар қақтығыстарының соңғы лебі әлі басылмаған шақ болғандықтан, ара түсер Кебектің жамағайыны жуантаяқ Тоқтамыс батыр мен Еңліктің нағашысы аталатын Қаракерей Қабанбай батыр жау шебінде, жорықта. «Мүмкін, Қабанбай мен Тоқтамыс оқиғаны ушықтырмай тыйып тастауы да…» [2, 266 б.].

Еңлік пен Кебектің дауы тобықты мен матайдың шеңберінде ғана қалып қойған жоқ. Оған Еңліктің айттырып қойған жері қосылады. Және ол жай жер емес, орта жүз сыбан ішіндегі жоңғарларға қарсы күресті ұйымдастырушылардың бірі Қу дауысты Құттыбайдың қол бастаған көсем, сөз бастаған шешен, би болған Байқарасының әйгілі Ақтайлақ бимен бірге туған баласы.

Бұл өз кезегінде Еңлік пен Кебек дауының салмағын біршама арттырып жібереді.

Кеңгірбай анталап тұрған елге жауап айтуға асықпапты. Осылайша, ушығып кеткен ашулы өртті өшіру мүмкін болмай, ақыр аяғы Еңлік пен Кебек Кеңгірбай би шешімімен ажал құшып тынады.

Қазақ рулары арасындағы ушыққан жесір дауы мен жер дауы, барымта-күрес, суат пен құдық, өріс пен қоныс үшін қырқысқан таластардың жаңғырығы тіптен кейінге, Абай ақын өмір сүрген ХІХ ғасырға дейін естіледі. Ол туралы жазушы М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын қайта бір қарағанда көзіміз жетті.

Кебек пен Еңліктің өлімге кесілуінің бір тақсіретін тарихи оқиғалардың ізінен көрдік, ал енді бір ұшы сол тарихи кезең белесіндегі салт-дәстүр мен санаға байланып жатыр. Қазақтың қағазға түспесе де, халықтың жадында, елдің көкейінде сайрап жатқан тапжылмас заңға бергісіз сан ғасырлық салты мен дәстүрі, даланың қатаң табиғатындай қатал заңдары болған. Елдің арасын ірітпей, бүтіндікті бүлдірмей сақтап келген де сол салт. Үлкенді сыйлатып, кішіге иба көрсете отырып, тәрбие көзі болған да сол салт. Және ол салт исі қазаққа ортақ.

Көшпенділердің канондары бойынша, Еңлік пен Кебек ата заңын аяққа таптаған кінәлі бейбақтар. Еңліктің айттырып қойған қайын жұрты бар. Кебек болса, біреудің жесірін алып қашып, намысын аяққа таптады.

Оқиға ХVІІІ ғасыр кеңістігінде өткен. Ескілік заңдары әлі күшті. Тіпті, «Жеті жарғы» шығып қойған кез. Бұл ереже бойынша, «айттырып қойған қыз, өз сүйгенімен қашып кетсе, бұрынғы айттырған күйеуіне қыздың туыстары қалыңмалын қайтарумен бірге, бір қызды айып ретінде береді немесе қыз орнына қалың мөлшерін төлейді» [3, 85 б.]. Ендеше, Еңлік пен Кебек дауын құн төлеп, мал беріп бітіруге де болар еді. Бірақ осы жерде ортаға екі ел арасындағы жаулық килігеді.

Кеңгірбай шешімі де ұзаққа созылды.

«Қызды айттырып қойған жақ, қызды алып қашушының тарапынан кешірім сұрау, немесе қалыңмал айыбымен қоса қайтару кешіктірілсе өлім жазасын талап етуге, не барымтаға шығуына рұхсат» [3, 86 б.].

Қазақтардың арасында мұндай мықты заң-жоралар барын және оның бертінге дейін үстемдік етіп тұрғанын орыс тілді жазбалардан да кездестіреміз. Мысалы, генерал-майор Броневскийдің 1831 жылы «Отечественные записки» басылымында жариялаған «О киргиз-кайсаках в Средней Орде» деген мәліметінде қазақтардың арасындағы бұлжымас заңнамалар бар екенін айтады және оларға жеке-жеке тоқталып, түсінік беріп отырған. Соның бір тармағында былай делінеді: «Если же сын или дочь, быв уже помолвлены, вступят в супружество с другими без ведома родителей своих, таковых предают смерти» [4, 419 б.].

Қазақтардың дәстүрлі құқығы туралы тағы бір құжатты сөйлетейік: «Если жених застанет невесту свою же прелюбодеяний с посторонним ордынцем, и буде тут же произойдет убийство над преступником, то родные сего последнего не имеют право требовать должного куна; а обязаны, не доводя до сведения никакой власти, обстоятельство предать забвению. Равным образом если жертвою убийства будут оба лица, учинившие прелюбодеяние, то родители невесты не возвращают назад приданого (если оно выплачено) и не имеют права изъявлять никаких претензий на поступок убийцы» [5, 420 б.].

Осы құқықтың сақталуын көзінің қарашығындай қорғау Кеңгірбай сияқты билердің міндеті болған. Қазақ қашан да ел тұтқасы ханмен қатар оның ұйытқысы бидің есімін қатар қойып отырған. Айталық, Білге қаған – Тоныкөк, Жәнібек хан – Асан қайғы, Абылай хан – Төле би... ары қарай жалғаса береді.

Феодалдық талас-тартыс пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған қуатты Қазақ хандығын құруға күш салу мақсатында өз тұсында Тәуке хан ежелден ханмен бірге ел тізгінін ұстап келген батырлар мен билердің қызметін тіпті күшейтеді. Ол ел ішінде «хандық кеңеспен» қоса «билік кеңестің» де рөлін арттырды, би соттық мансапқа ие болумен қатар, жергілікті атқарушы өкіметке айналады.

Тоз-тозы шыға «ақтабан» болып шұбырып, көз алдына көрінген жерге келіп «сұлаған» ел-жұрттың тыныштығы, қара қауымның бүтіндігі, салттың салмағын сақтау үшін екі адамды құрбан етіп жіберу керек те болған шығар. Бірақ жаратушының адамға берген жарық дүниесін адамның өз қолымен тартып алуы – өлімге кесуді қай заман, қандай әдебиет болсын ақтай алмайтыны ақиқат.

Осылайша, тарих тепкісі мен салттың сілікпесіне төтеп тұра алмаған қос ғашық ел арасындағы өшпенділік түтініне су сеуіп, бейбіт өмірдің құрбаны болып көз жұмды. Бірақ екеуінің махаббатының белгісі ретінде қалған нәресте бар еді ғой. Бұл туралы ел ішінде, ата-бабаның жадында жазылған тарих не дейді?

Деректерге сүйенсек, баланы нағашылары бауырына басқан және одан тараған ұрпақтар бар дегенге саяды.

Халықтың қиялы бесікте шырылдап құндақтаулы нәрестені өсіріп, «Ермек батыр» етіп шығарғанмен, дәл сол заманда ол балаға өмір, сол қоғамда орын жоқ еді.

Шырылдаған баланы, шыбын жаны шырқыраған жас жандарды шыңғыртқан дәуір Еңлік пен Кебекті Ералы жазығының шығысындағы Шұбар төбеге жерлеп тынды. Келесі жылы қабірді таспен сандықшаларды. Ғасырға жуық уақыт өткен соң, 1875 – 1880 жылдары Абай ауылына қонақ болып келген Біржан сал бейіт басына әйгілі тас қалау шебері Рыскелдіге мұнара тұрғыздыртқан. Кейін ол құлап қалыпты. Ал қазіргі ескерткіш 1960 жылы салынған. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы Ералы жайлауының шығыс жағындағы, Семей-Қарауыл тас жолынан бес шақырым жерде тұрған мазар – махаббат мұнарасы, ел қадірлейтін, ғашықтар сыйынатын ескерткішке айналды.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Жұртбай Т. Құнанбай (Тарихи және әдеби тұлға). Алматы: Алаш, 2004. – 400 б.
  2. Жұртбай Т. «Еңлік-Кебек» пьесасының тарихи негіздері //Мұхтар мұрасы. Алматы: Қазақстан, 1997. 352 б.
  3. Артықбаев Ж.О. «Жеті жарғы» – мемлекет және құқық ескерткіші (зерттелуі, деректер, тарихы, мәтіні): оқу құралы. Алматы: Заң әдебиеті, 2006. 150 б.
  4. Броневский С.Б. О Законах киргизов (1831) // Қазақстан заңдары: Құжаттар, деректер және зерттеулер = Древний мир права казахов: материалы, документ и исследования. 10 томдық. Алматы: Жеті жарғы, 2006. 7-т. 604 б.
  5. Материалы по казахскому обычному праву, собранные чиновником особых поручений Д‘ Андре в 1846 году // Қазақстан заңдары: Құжаттар, деректер және зерттеулер. Древний мир права казахов: материалы, документ и исследования. 10 томдық. Алматы: Жеті жарғы, 2006. 7-т. 604 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.