Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

«Инженерлік графика» пәні бойынша электронды оқу құралын жобалау және жасау ерекшеліктері

Электронды оқу құралы (ЭОҚ) – бұл оқу үрдісінің үздіксіз, әрі толық дидактикалық циклын қамтамасыз етуші, кешенді, оқу бағдарламалық қабат. Электрондық оқу құралы оқу барысында жаттығу жүргізуді, білім деңгейін бағалауды қамтамасыз ететін теориялық материал оқу курсын немесе оның бөлімін компьютерде өз бетінше немесе оқытушы көмегімен игеруге мүмкіндік береді.

В. Симоненко анықтамасы бойынша «Жобалау – қарастырылатын объектің идеал образы, прототипі, өз бетінше құрастырылған, дайындалған бұйым (қызметтің) бастапқы идеядан оның дайын күйіне дейінгі жағдайы» [3].

Электрондық оқу құралы жобалаудың басқа ақпараттық жүйелерге қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар. Электрондық оқу құралы жобалау ерекшеліктері:

  • нәтижесінде оқу материалы біртұтас, бірімен-бірі тығыз байланыстағы, аяқталған түрге келтірілетін пән аумағының құрылымдау тәсілі қолданылады;
  • оқу үрдісін бағытты негізде ұйымдастыру мақсатында электрондық оқу құралы материалын меңгерудегі негізгі, мазмұнды компоненттері ерекшеленеді;
  • жүйе мазмұнымен әдістемелік жағынан байланысқан материалды бақылауға мүмкіндік беретін сараманды тапсырмалар жасалады.

Заманауи тұрғыда электрондық оқу құралын оқу үрдісі ақпараттық техникалық оқыту құралдары көмегімен өміршеңдігіне қолдау көрсете отырып жүргізетін дидактикалық жүйе. Электрондық оқу құралы дайын күйінде, төмендегі функционалды блоктардан тұрады:

  • ақпаратты мазмұнды;
  • бақылау коммуникативтік;
  • коррекциялы жалпылаушы.

Ақпаратты мазмұнды блок өзі екі бөлімнен тұрады. Ақпараттық бөлім құрамы:

  • оқылатын пән жайлы жалпы мәліметтер;
  • пәнді оқу мерзімдері;
  • берілген оқу пәні бойынша тақырыптар мен бөлімдерді өту кестесі.

Мазмұнды бөлім құрамы:

  • негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, оларда электрондық кітапханаға сілтемелер келтірілген;
  • электрондық материалдармен жұмыс істеу бойынша әдістемелік ұсыныстар. Бақылау коммуникативті блок құрамы:
  • ағымдық өзін-өзі бақылау сұрақтары;
  • бағалау критерийлері.

Бақылау коммуникативті блоктағы бағдарламалық ақпараттық құраушы бақылаудың бірнеше түрін қамтамасыз етеді: ағымдық бақылау, рубеждік және қорытынды бақылау.

Электрондық оқу құралы жоғарғы нәтиже алу үшін әдеттегі басылымдардан өзгеше болуы шарт: бөлімдер, параграфтар және басқа да бөліктер қысқаша болуы керек, себебі, компьютердегі экрандық бет кітап бетіне қарағанда кішірек.

Төменгі деңгейдегі рубрикацияға сәйкес әрбір бөлім, жеке сұрақ көлемінде өзіне қажетті және жеткілікті материалдан тұратын дискретті фрагменттерге бөлінеді. Әдетте, мұндай фрагмент 1-3 мәтіндік абзацтан (абзацтар кітаптағы абзацқа қарағанда шағын болуы керек) немесе сурет және сурет мағынасына қысқаша түсіндірмеден тұрады.

Сонымен, студент үздіксіз берілетін материалмен емес, бірінен кейін бірі дискретті түрде келіп отыратын жеке экрандық фрагменттермен жұмыс істейді. Экранда келтірілген материалды оқып болған соң, студент, әдетте мәтіннің соңында келтірілген «Келесі» деген пернеге шертеді, материалдың келесі фрагменті пайда болады.

Егер ол алдыңғы материал бойынша толық түсінік ала алмаса, бірінші перненің қатарындағы «Алдыңғы» атты пернеге шерту арқылы бір қадам артқа жылжиды.

Экранның дискретті кезектілігі құрылымдық бірлік көлемінде орналасқан, бірбірімен гиперсілтемелер арқылы байланысқан бір немесе бірнеше фрагменттерден құралған. Осы фрагменттер негізінде қабатты оқу құрылы жобаланады, оның құрамы:

  • міндетті оқуға арналған қабат;
  • көмекші қабаттар;
  • негізгі түсініктер мен анықтамалардың арнайы қабаты;
  • алынған білімдерді пайдалану бойынша ұсыныстардың қосымша қабаты.

Экран бетінің пайдаланушы интерфейсінің көркемделуінің енді бір аспектісі қолданылатын графика және иллюстрация түрлері. Иллюстрациялар және графика жасау өте күрделі, бірақ материалды графикалық жолмен беру үлкен ақпараттық көлемімен және ақпаратты қабылдау жылдамдығымен ерекшеленетіндіктен кең қолданылады. Мұнда баспа және электрондық материал сәйкестігі де жоқ.

Басылымдық мәтінді оқушы оқу барысында графиканы мүлде күтпейтін болса, компьютер пайдаланушы оқушы графика мен иллюстрациялардың жоғарғы пайызын автоматты түрде күтіп отырады.

Оқу және танымдық материалдарда бұл күтіліңдер көптеп кездеседі. Графика және иллюстрация жұмыс материалының қалыпты бөлімі, ал басылымдарда олардың саны жасанды түрде төмендетілген.

Электрондық басылымдарда графика мәтін ішінде ғана емес, пайдаланушының қалауы бойынша ашылатын жеке терезелерде де шығарылуы мүмкін.

Графикалық файлдарда қолданылатын форматтар тұрғысынан қарағанда, GIF және JPEG форматтары жоғары ықшамдылығымен, түсті беру икемділігімен, әсіресе, GIF-форматтағы түстер палитрасын қолданудағы тиімділігімен ерекшеленеді. Соңғы PNG-форматтағы көптесті кескіндер кеңінен қолданылады.

Фреймдік құрылғыларды қолданудың негізгі кемшілігі фреймнің шектеулі көлемімен байланысты, себебі, ол көмекші болғандықтан, оның көлемін арттыру экранның электрондық құралдағы маңызды бөлігінің ауданын азайтады.

Фреймнің шектеулі өлшемі электрондық оқулық рубрикациясының көпдеңгейлі бөлшекті құрылымы әдетте, барлық рубрикаларды бірдей көру мүмкіндігін жояды.

Екінші жолы мазмұнды иерархиялық құрылымдауды қолдану. Айталық, бұл фреймде экранда бірінші деңгейлі тақырыптар тізімі орналастырылады делік. Тақырыптың біреуіне шертсек, осы фреймде оқу құралының сәйкес бөліміндегі екінші деңгейлі барлық тақырыптар жиыны пайда болады.

Электронды оқу құралы дидактикалық принциптерге, сол секілді мынадай ерекше принциптерге: оқу материалы құрылымының сызықтық емес болуына, мазмұндық тереңдігіне студенттердің «Инженерлік графика» пәнін оқу барысында танымдық әрекеттерін белсендіруге бағытталған.

Сызықтық емес схема Электрондық оқу құралы – мен жұмысты өте жоғары деңгейде жүргізуді қамтамасыз етеді, студенттің қандай да бір тақырыпты үздік меңгеру дәрежесіне қарай қосымша теориялық материал ұсынылады. Осы материалға ол қарастырылатын тақырыпты тереңірек оқып білу мақсатында жүгінеді.

«Инженерлік графика» пәні бойынша Электрондық оқу құралы құрылымын сипаттайық.

Экранның жоғарғы бөлігінде анықтама, қосымша деген беттерден тұратын меню орналасады. Анықтама, өз кезегінде, бағдарлама жайлы ақпараттан, көмектен (навигация бойымен көмек) тұрады.

«Қосымша» бетінде:

  • арнайы терминдер сөздігі;
  • курстың толық мазмұны;
  • бақылау графикалық жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар;
  • өзін-өзі бақылау сұрақтары.

«Инженерлік графика» пәні бойынша электрондық оқу құралының ерекшелігі студенттерге қиындық тудыратын проекциялау үрдісін көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді. Осы мақсатта қиындық тудыратын тақырыптарға анимациялық материалдар берілген.

Сонымен, «Инженерлік графика» пәні бойынша Электрондық оқу құралы жобалауда жасалған жұмыстар төмендегідей қорытындылар жасауға мүмкіндік береді:

  • таңдап алынған пән немесе курс бойынша ақпарат жақсы құрылымдалған және курс бойынша аяқталған фрагменттерден тұруы шарт;
  • әрбір фрагмент, мәтінмен қатар, аудионемесе видеоқатарлы ақпараттардан тұруы қажет;
  • әр терезеде өзара байланыстағы фрейм көрсетілетін көп терезелі интерфейс қолдану ұсынылады;
  • қажетті ақпаратты іздеу уақытын қысқартуға мүмкіндік беретін, сол секілді үлкен іздестіру центрі мен индексі бар түрлі қиылысатын сілтемелермен толықтырылуы қажет. Осы пән аумағы бойынша арнайы түсініктеме сөздікті қосу перспективті элементі қосылуы мүмкін;
  • мәтіндік ұсынымымда түсінуге қиындық туғызатын курстың бөлімдерін қосымша видео ақпарат немесе анимациялық клиптармен толықтырылады;
  • Электрондық оқу құралы таңдап алынған ақпаратты оқулықтан шықпай-ақ көшіру, оны басып шығару мүмкіндігі болуы керек.

Электрондық оқу құралы тиімділігін эксперимент арқылы тексеру білім сапасының артқандығын көрсетті.

Бақылау графикалық жұмыстардың сапасы біршама артты. Электрондық оқу құралы кемшіліктерін қорытынды тестілеу анықтауға мүмкіндік береді. Осы кемшіліктерді жою бойынша шаралар жасалды. «Инженерлік графика» пәнін оқыту тиімділігін арттыру нәтижесінде:

  • студенттердің оқу-танымдық іс-әрекеті белсендіреді;
  • материалды сан қилы тарату технологиялары тиімді сәйкестендіріледі.

Көрнекілік принципі дидактикалық принциптерінің негізгісі болып табылады. Алғашқы рет көрнекілік принципінің теориялық негізін Я. А. Коменский салды, кейінірек И.Г. Песталоцци, К.Д. Ушинский және басқа да педагогтар дамытты. Я.А. Коменскийдің пікірі бойынша көрнекілік принципі «дидактиканың алтын ережесі» болып саналады [2].

Электрондық оқу құралы «Инженерлік графика» пәнін оқу барысында студенттердің танымдық іс-әрекеттерін белсендіруге бағытталған. Ол дәстүрлі ғана емес, сонымен қатар, төменде келтірілген, жаңа дидактикалық принциптерге сәйкес болуы керек:

Оқытудың интер белсенділік принципі оқу барысында студент пен электрондық оқу құралының қарым-қатынасын қарастырады.

Электрондық оқу құралына қарағанда интербелсенділік бағдарламаны жасау принципі және оның сапасының критерий деп қарастыру қажет.

Өзара қарым-қатынас кері байланыстың болуын қарастырады: электрондық оқулық қандай да бір оқыту әсерін студент әрекетін талдаудан кейін беруі керек (түсінік, сілтеме, жаңа сұрақ, жаңа тапсырма және т.б.).

Оқытудың адаптивтілік принципі электронды оқу құралымен бірге, кез келген студенттің білім деңгейін, психологиялық ерекшеліктерін оқу үрдісіне бейімдеуге арналған құрылғы болып табылады.

Электронды құрал оқылатын материалдың тереңдігі мен күрделілігін, оның қолданбалы бағытын болашақ мамандыққа байланысты икемдеуге мүмкіндік ашады.

Оқу материалын кванттау принципі дегеніміз көлемі бойынша шағын, мазмұны бойынша интеграцияланған модульдерден тұратын бөлімдерге бөлу.

Толықтық принципі. Электрондық оқулықтың әрбір тақырыптық модулі оқу материалы мазмұнының фрагментінен: бақылау сұрақтары; мысалдар; өз бетінше шешілетін есептер мен жаттығулар; бүкіл модуль бойынша тестілеу; контекстік анықтама; тарихи комментарийден тұруы керек.

Жинақталу принципі. Электронды оқу құралдары және басқа да дидактикалық білім беру пакеттері оларды біртұтас электрондық кешендерге біріктіре алатын, оларды жаңа бөлім, тақырыптармен толықтыра алатын, сол секілді, жеке пән бойынша электронды кітапханаларды форматтай алатын форматтарға интеграциялануы керек [1].

Дидактикалық принциптердің әрбіреуі бірдей маңызды, бір-бірімен тығыз байланысты. Қарастырылған принциптер, оларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстар бұл дайын рецептер емес, оларды оқыту әдістемесіне сүйене отырып, кешенді түрде қолданылатын принциптер.

Сонымен, электронды оқу құралын жасау барысында компьютерленген оқыту ерекшеліктерін ескеру қажет, бұл принциптерді бағдарламалық өнімде жүзеге асыру қажет, оларды студенттердің танымдық іс-әрекеті табиғатына бейімдеу шарттарын ойластыру қажет.

«Инженерлік графика» пәні бойынша электронды оқу құралының тиімділігі тәжірибелік жұмыс барысында тексерілді. Берілген электронды оқу құралымен жұмыс студенттердің өз бетінше танымдық әрекетіне бағытталған және алынған білімдерін өз бетінше тексеруге негізделген.

Оның жоғары оқу потенциалы теориялық материалды ыңғайлы түрде беруімен, мысалдардың, графиктік иллюстрациялардың, глоссарийдің, қолдану бойынша нұсқамалардың болуымен анықталады.

«Инженерлік графика» пәні бойынша электронды оқу құралының ерекшелігі студенттерге қиындық тудыратын проекциялау үрдісін көрнекі кескіндеуге мүмкіндік бере алатындығында.

Электронды оқу құралын оқытушы сабақта жаңа материалды беру үшін және оны бекіту үшін қолдана алады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Виштак О.В. Дидактические основы разработки педагогического сценария мультимедийного учебного пособия по информатике. Информатика и образование. 2004. №7. С. 87-90.
  2. Коменский Я.А. Избранные педагогические сочинения/ Под ред. А.А. Красновского. – М.: Учпедгиз, 1955. – 652 с. 3.Общая и профессиональная педагогика/ Под ред.В.Д. Симоненко. – М.: ВентанаГраф, 2005. – 368 с. – (Педагогическое образование).

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.