Мақалада мемлекет және қоғам қайраткері. жазушы. публицист Төлен Әбдік шығармашылығының стильдік ерекшелігі. философиялық ойтолғамдары, жазушы туындыларындағы психологизм, суреткердің дара қолтаңбасы туралы айтылады.
Төлен Әбдіков повестеріндегі ұлттық таным мәсслесіне қатысты ұлттық мінез, ұлттық менталитет, ұлттық психология, ұлттық сезім, ұлттық сана, ұлттық тіл қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері арқылы танылып айқындалады. Сондай-ақ. ұлттық ерекшеліктердің белгісі ретінде көрінетін образдардың өзіндік сипаты қарастырылған. Жазушы әңгімелеріндегі өзгеріске үшыраған ұлттық болмыстың көрінісін. рухани дағдарысқа ұшыраған қазақы ортаның, ұлттық танымның бүлінуін қоғамның кемшілігі. қасіреті етіп көрсетіледі. Өз шығармасында өмірдің философиясын бергісі келген қаламгер шығарма басында оқырманын ойға салуға тырысады. Оның қаламынан туған қай шығармасын алсақ та. жазушының нағыз батырға тән ержүректігін. нағыз жазушыға тән сезімталдығын байқаймыз. Автордың ішкі психологиялық сезімді. кейіпкер түлғасын танытуда күлкі. жылау тәсілдерінің шебер қолданысы айқындалады. Т.Әбдіков шығармаларына тән трагедиялық оқиғалардың орын алуы - адамдар арасындағы тасбауырлық, қызғаншақтық. қаталдылық көріністерді беруде оқырманға ой салу арқылы оң шешімін табудағы ізденісін байқатады.
Толен Абдік туындысы тек жалаң. суреткерлік қиялдан ғана емес. өмір материялын терең зерттеу. оны талдап. таразылау нәтежиесімен де қүнды.
Қазақ әдебиетіндегі роман жанрының түп тамыры М.Әуезов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Б.Майлин сынды жазушылардың әлемдік эдебиет пен мәдениеттің озық үлгілерін меңгерген көркемдік ізденістерінде жатыр. XIX ғасырда пайда болған прозадағы психологизм ағымын қазақ әдебиетінде көркемдік дәстүрге айналдырып, оның қанат жаюына олардың қосқан үлесі ұшан- теңіз. Психологизм қазақ әдебиетінде жақында пайда болған құбылыс емес, оның тарихи тамыры ескі заманда пайда болып, қалыптасқан ауыз әдебиеті үлгілерінде жатыр.
XX ғасырдың басында бір ғана М.Әуезовтың өзі шығармаларында психологизмге терең бойлай білді. Одан кейінгі XX ғасырдың 60-80 жылдарындағы қазақ прозасына тың тақырып, көркемдігі жағынан соны серпіліс алып келген қаламгерлер: О.Бөкей, С.Мұратбеков, Ә.Кекілбаев, А.Сүлейменов, Д.Исабеков, Қ.Ысқақов, Ә.Тарази, Т.Нұрмағамбетов, т.б. жатады.
Одан кейінгі кезең туралы «Қазіргі қазақ повестеріндегі заман шындығы» (1970-1989 жылдар) деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған С.Асылбекүлының: «Олар қазақ прозасына жаңа тақырыптар мен идеялар, характерлер ғана алып келген жоқ, сондай-ақ оны интеллектуалдық жағынан да байытты, оның поэтикалық политрасын кеңейтті, сөйтіп, қазақ оқырмандарына өздері өмір сүріп отырған заманның шындығын ашып берді», - деген пікір айтады. Солардың ішінде, өзіндік өнер-машығымен дараланған, әдебиетке жаңаша тақырыппен, тың бағытпен келген Т.Әбдікүлы шығармашылығының көркемдік ерекшелігіне тоқталмақпын.
Т.Әбдіков өз шығармаларында өмірдің қайшылықты құбылыстарының, адамдар арасындағы қарым-қатынастың күрделі шындығын ашуға ұмтылады. Т.Әбдіков туындылары адам өмірінің бір сәтін қаз-қалпында табиғи бейнелеу суретімен ғана қызықтырмай, оқиғаның астарлы ойларға меңзейтін әлеуметтік сезім сазымен де назар аудартады. Жазушы «Оң қол» әңгімесінде өмірге құштар, бірақ қатерлі ауруы бар жап-жас қыздың қайғылы тағдырын шеберлікпен бейнелейді.
Т.Әбдіковтың «Оң қол» атты шағын, өзгеше бітімді психологиялық әңгімесі қарама-қарсы күштердің, сезім-күйердің алаңына айналған. Әңгіменің бас кейіпкері Алма 1970-1980 жылдар әдебиетінде мүлде жаңа кейіпкер деңгейінде қалыптасты. Алманың өмірі бірден дәрігердің әңгімесінен, яғни, ауруханаға түскен кезінен бастап баяндалады. Ал оның оған дейінгі өмірбаны, тарихы суреттелмейді. Шығармада кейіпкердің жарты өмірі белгісіз қалып, ауруханаға түскеннен кейінгі өміріне көп мән беріледі. Алма әңгіме барысында жеке тадыры да, жеке өмірінің тарихы да жартылай баяндалып, ортадан тыс символ деңгейінде бейнеленеді.
«Оң қол» әңгімесі автордың романтикалық дүниетанымынан хабар береді. Тылсым күшке, әлдебір құпияға деген құлшыныс жазушы шығармаларында романтикалық фантастиканы күшейте түскен. Адамның өзіне де беймәлім тылсым күштің адам өміріне эсер етуі қаламгер туындыларында екіұдайлық идеясымен байланысты. «Оң қол» эңгімесінде Алма өз еркінен тыс, түсініксіз күштің өміріне эсер етіп, өз қолының өзіне шабуыл жасауынан екіұдай күй кешеді. Шығармада екіұдайлық қоғамдық мэнге ие болған. Болмыс жүмбағын шешу, таңғажайып құбылыстар, абсолютті толғам Т.Әбдіковты романтик-жазушы ретінде толғандырады.
«Оң қол» эңгімесі романтикалық сарындағы шығарма. Романтиктер үшін адам санасы - шешілмес күрделі қайшылықтардың, қарама-қарсы бастаулардың күрес алаңы. Романтиктертердің пікірінше, шешілмес қайшылықтар тек объективті болмыста ғана емес, тұлғаның ішкі әлемінде де тартысқа түседі. Қарама-қайшылық тереңдей келіп, бір кейіпкерді қақ жарады. Алманың бойында да әлдебір мүлгіген құпия тылсым күштердің қақтығысын көреміз. Бір адамның бойындағы екі әлем, екі «мені», екі қолы біріне бірі жау. Екіұдайы күй кешкен Алманың сол қолы «жұп-жүмсақ», тек жақсылыққа үмтылса, оң қолы «жылан» секілді ақырын жылжып келіп қызды қылқындырады, қалың ұйқы құшағына енгенде зұлымдық жасайды. Бір тұлғаның бойындағы қарсы екі түрлі күштің, оң қолы мен сол қолының арпалысын суреттеу жазушыға өмір құбылыстарындағы қарама-қайшылықты нақтырақ, көрнектірек суреттеуге мүмкіндік берген.
Әңгімеде Алма қоғамның арнасынан шығып қалған, қоғамға жанама қатысы бар адам кейпінде суреттелген. Өз заманынан тыс тұрған ол - елден ерекшелеу, әрі жалғыз, қасіретті тұлға. Дәрігер Алманың қарама-қайшылығы мол ішкі рухани әлеміне назар аударады. Оның рухани жалғыздығын тек дәрігер ғана байқайды. Ол: «...Алмаға деген өзімнің құпия көңілімді тіпті қазір де толық дәлелдеп бере алмаймын. Бар білетінім - Алма рухани жалғыз болатын. Ал оны тұңғыш түсінген менмін. Ол жалғыздықтан қашып, маған тығылды. Бірақ оғын кім болса да бәрібір еді. Әйтеуір біреуге тығылу қажет болды...[1 - 86 б.]» - деп еске алады. Дәрігер жалғыздықтан жаны құлазыған қызға қорғаныш, қамқор болғысы келеді. Өйткені оның өзі де - осы күйді бастан кешіп жүргеннің бірі. «Дүниедегі ең қиын зат жалғыздық қой. Төңірегіңде іштегі қайғың мен қуанышыңды өзіңмен бөлісе алатын жан серік адамдар барда тірліктің де, өлімнің де бір мағынасы болуы хақ... Ал жер бетінде бүкіл тіршілік атаулы жойылып, әлемде жалғыз қалған бір сәтіңді елестетіп көрші. Мұндай өлім қорқынышты емес, керісінше, тірлігің қорқынышты болмақ [1-89 б.]», - деп ақтарылады. Ол қызбен жақын болып достасқалы бері, оның да өміріне мағына кіріп, ішкі әлеміне, «көзқашты болған күнделікті тіршілігіне» өзгеріс енеді. Жан-дүниесіне жылылық еніп, өзін бақытты сезіне бастайды. Алма жігіт үшін «рухани тазаруға» жол ашады.
Әңгімеде екіүдайлық мәселесі қоғамдық ортаға бага беру үшін қолданылған. «Екіұдайлық» ұғымын алғаш ғылыми айналымға енгізген М.Бахтин «адам өмірінің диалогқа құрылатынын» сана табиғатының диалогқа бейімділігін баса көрсетті. Т.Әбдіков «Оң қол» шығармасында екіұдай күй кешіп, өзін-өзі тұншықтырған сүлулықты қоғам символына айналдырған. Алманың өзін-өзі тұншықтыруы қоғамның да өзін-өзі тоқырауға қиюы деген идеяны меңзейді.
«Ақиқат» повеесі де «Оң қол» әңгімесі сынды романтпкалық бітімімен ерекшеленетін шығарма. Повеете телепатиялық қасиеті бар Роберттің жеке басының трагедиясы суреттеледі. Роберт - қайшылықты бейне. Ол адамның өмірі, адамзат санасы оған ғылым мен өркениеттің ықпалы туралы үзақ ой сарсаңына түседі. Елден ерекше көріпкелдік қасиеті бар ол айналасына оғаш көрінеді.
Ал өз ортасының тірлігіне таяныш болар ештеңе таппаған Роберт: «Ең үлкен бақытсыздық - бақыт атаулының болмайтынын сезіну [6, 259 - б.]» - деп бүл өмірден түңілу, күңірену сарынына түседі. Ең соңғы үміті - әйелінің адалдығына қылау түскенін көрген кейіпкер өлімге саналы түрде бас тігеді. Өз ортасына, қоғам өмірінің қайшылықтарына төзбеген Роберт өмірінің соңы, міне, осылай трагедиямен бітеді. Бас кейіпкер характер! жөнінде көрнекті талым Б. Майтанов: «Роберт характер! повеете қаһарманның өз пікірлері арасындағы кереғар диалогтар немесе оның аурухана бас дәрігерімен, «қырынан қарағанда сүп - сүлу» священикпен айтыс - дауы үстіндегі көзқарас, дүниетаным қайшылықтарын корсету арқылы ашылған [7, 194 - б.]», - дейді. Тіршілікке деген үміті сөніп, қажып талған Роберт өзін-өзі өлтірер алдында бала кезінде анасы айтатын осынау бір ертегіні есіне алады. Сонда, ашуға болмайтын есік ақиқат болғаны ғой. Роберт ол есікті ашысымен қоғам шеңберінен аттап өтті. Эрине, алдамшы, жалған ортада ол жеңілуге тиіс. Сондықтан да кейіпкердің қайғылы қазасы повеете тек психологиялық себептермен емес, әлеуметтік алғы шарттармен де дәлелденген. Ал жоғарыдағы үзіндінің екі дүркін қайталануы шығармаға композициялық тұтастық берумен бірге, идеялық салмақ, көркемдік құрал ретінде де үлкен роль атқарады. Жазушы капиталистік қоғамда рухани азғындықты, адамдардың машинаға айналуын бәрін ақша мен ептілік билейтін жүйелі логикалық дәлелдер арқылы сенімді әшкерелей білген.
Алайда бұл тек капиталистік қоғамның ғана кескін-кейпі ме еді?! Роберт сияқты ой азабын кешіп, қоғамның тар шеңберіндегі қайғы маңдайына сыймай кеткен біздің қоғамымызда аз ба еді!? Жазушы өзге топырақтағы тартыс-талас, бөтен жүрттың стихиясы бейтаныс характерлер табиғатына бойлай отырып, алынған объектіні зерттеу нәтижесінде саяси-әлеуметтік, психологиялық мәні бар дүниелерге құлаш ұрғандай [8, 128 - б. ] Here екені қайдам, кешегі халық қаһарманы Б. Момышұлы, вальс королі атанған Ш. Қалдаяқов т.б. сияқты қазақтың бір туар перзенттерін біз осы аталған жандарға ұқсатқандаймыз. Біздің бүл ойымызды жазушы Қ.Құрманғалиұлының мына бір пікірін айтумызға болады: «Көріпкел Роберт тағдыры да күнделікті өмірде кездесетін, ақылдан азап шеккен өз өмірімізде бар адамдар келбеті. Оны да Төлен әдейі өзге елге көшіріп, өзегін өртеген ащы шындықтың тұмшалаған шымылдығын ашып, ақиқатты жеткізуге ұмтылған. Қырағы саясатшыларды осылайша сырт айналып өтіп кетіп, қалың оқырманға ой салған. Осы тұрғыда жаз ғалым З.М. Зейнулла: «Егемен еліміз тәуелсіздікті тұғырана қондырғаннан бері мәдениет пен әдебиетте жағымды өзгерістер бар, соның ішінде жазушылар өз шығармаларының тақырыбын таңдауда және мазмұнын ашып, образ жасуда батылдық таныта бастады» [8, 108 - б. ],- дейді.
Романтикалық-субъективті бастау повестің құрылымынан, яғни образ жасау ерекшелігімен қатар, қақтығыс түрінен айқын аңғарылады. Ақылдан азап шегіп жүрген Робертті айналасындағы адамдардың бәрі жындыға, есерсоққа балайды. Классикалық романтизм теориясында романтикалық «жалған» есінен адасу (романтическое «мнимое» безумие) - биік парасат иесінің үлесі, оған мұндай бағаны тек айналасындағы түсінбеген адамдар ғана бере алады. Мұндай «жынды» - қатігез қалың топқа жартыес көрінгенімен, шын мәнінде «рух таңдаулысы», жаны таза адам. Романтиктердің пікірінше, есінен адасу тұлғаны қоғамда қалыптасып қалған догмалық түсініктерден, ережелерден арылтады. Мұны кейде қоршаған ортамен келіспеген «жан айқайы», өз бойындағы жасырын күш пен мүмкіндіктің көзін ашу деп біледі. Мүндай қарсылық драматизмге әкеліп, адамдар тарапынан мүсіркеу туғызады. Өз ортасымен үйлесім таба алмаған адам қоғамды жатсынады. Ішкі шексіз еркіндік сыртқы қажеттілікпен кереғар келіп, жарасымдық таба алмауы олардың қайта-қайта тұйыққа тіреле беруіне әкеліп соқтырады. Романтикалық есінен адасудың трактовкасы орыс жазушысы, философиялық романтизм өкілі В.О. Достоевскийдің шығармашылығында кеңінен көрініс берген [2. 285 б.]. Есінен адасудың романтикалық көрінісін А.Пушкиннің «Пиковая дама» прозалық туындысы мен «Медный всадник» поэмасын кездестіреміз.
Роберттің де «жындануын» өз өмірімен келіспей, өз ортасына, қоғамға қарсы шыққан «жан айқайы» деп ұққан жөн. Роберт үшін ақыл-естен айрылу - ауру емес. Ол «үлкен аурухана ашып, оған өзімшілдерді, мансапқұмарларды, атаққұмарларды, үятсыздарды, қаскүнемдерді, қатігездерді, опасыздарды, өсекшілерді, зинақорларды, жағымпаздарды, күншілдерді жатқызу керек...» деп біледі. Өйткені оның пайымдауынша «өмірдегі ең қатерлі дерттер осылар [3-127 б.]»
Роберт - трагедиялық бейне. Роберт романтикалық кейіпкерлер сынды өз ортасынан безініп, беймаза, қанағатсыз күй кешіп, осынша кең дүниеден бас сүғатын пана таба алмайды. Роберт адамдардың өміріне баса көктеп кірген ғылыми-техникалық дамуға, өркениетке қарсылығын жындыханада қалуымен білдіреді. Өз сөзімен айтқанда: «өңкей аурулар қаптаған тіршілік әлемінен бір сәтке болса да құтылып, ақыл-есінен айрылғысы келеді». Тіпті жындыханадан жазылдың деп шығарып жібермесе екен деп қорқады және осы жерде үзағырақ қалғысы келіп, қалай ғана жынды болып көрінудің айла-шарғыларын жасай бастайды.
Роберттің ой-пікірінде XlX ғасырдағы романтикалық дүниетанымның белгілері бар. Зүлымдыққа батқан «қорқынышты әлем» (адамның бір-біріне деген қастандығы, озбырлығы, тоғышарлық пен күнделікті күйкі тірлік үстемдік еткен әлем т.т.) тақырыбы романтикалық әдебиеттегі негізгі тақырыптардың бірі болды. Романтикалық әдебиетте адам бостандығына қайшы келетін болмысқа наразылық, әлеуметтік, өндірістік, ғылыми прогреске сенімсіздік тұлғаның рухани тоқырауына, қоғамнан түңілуіне алып келді де, бірте-бірте «космостық пессимизмге» дейін ұлғаяды. Жалпы адамзаттық, әмбебап сипатты қабылдай отырып онда үмітсіздік пен түңілу сарыны, «ғарыштық қайғы» (мировая скорбь) басым еді. Әлемдік әдебиет тәжірибесіне сүйенсек, Ф.Шатобриан, А.Мюссе, Дж.Байрон, А.Виньи, А.Ламартин, Дж. Леопарди, т.б. суреткерлер туындыларындағы «ғасыр ауруымен» ауырған кейіпкерлер осындай түлғалар еді. Робертті де жалпыадамзатгық глобальды мәселелер толғандырады. Ол барлығынан безініп, рухани тоқырауға ұшырайды, бүкіл болмыстағы әділетсіздіктерге налиды. Ол үшін «өмір - мәңгі трагедия сахнасына» айналады. Өз өміріне деген наразылық ұлғая келе бүкіл тіршілік атаулыдан түңілуге әкеледі. Есінен адасып, жынданғанда да, «бүкіл тіршілік атаулыға шегі қатып күлгендей қарқ-қарқ етеді.»
Роберттің ішкі дүниесі - жүмбақ әлем. Қақтығыс адам болмысының қиын да күрделі мәселелерін шешкісі келген кейіпкердің ішкі коллизиясында дамиды. Повеете қақтығыс романтикалық қасиетімен ерекшеленеді. Жалғыз кейіпкер өз ортасына, қоғамға қасқайып қарсы тұрады. Кейіпкер өз ортасынан оқшауланып, басқалардан бөлініп, адамдар арасынан жырақтауға дейін барады. Бүл безінудің, жатсынудың себебі неде? Романтикалық қақтығыстың түйінді тұсы да осында. Орыс әдебиетіндегі романтикалық конфликт мәселелерін жан-жақты зерттеген Ю.Манның сөзімен айтсақ: «...қақтығыс пен жалпы романтикалық шығарманың ең маңызды тұсы... жатсынудың себептерін анықтау [4 - 95 б.]».
Қайшылық тереңдей келе, Роберт өзін-өзі өлтіруге барады. Қоғамдағы ішкі қайшылықтар мен адамдардың ішкі дүниесіне үңіліп, құпия сырларына бойлай білетін ерекше қасиеті Роберттің олардан түңілуіне себепкер болады. Өз жанына жат, оғаш, тұтқын дүниеден құтылу үшін кейіпкер өлімді таңдайды. Кейіпкер қазіргі өркениеттің қауіпті тұрақсыздығын бүкіл жан дүниесімен сезінеді және ұлғая келе трагедиялық шешімге әкеліп тірейді. Роберт өркениетке, ғылым- білімнің дамуына қарсы. Ол: «Өркениет атаулы табиғаттан бастап, адам бойындағы табиғи қасиеттердің бәрін жояды. Генетика мен адам психикасы әбден меңгерілгеннен кейін данышпанды колбада қолдан жасайды, санада берілетін сенім-бұйрық арқылы бір адамды қорқақ та, батыр да адал да, арамза да етуге болады. Адамның басын қолдан орнатамыз, жүректі қолдан жасаймыз...болашақ тұнып тұрған фальсификация. Шындық пен жалғанның шекарасын таба алмаймыз. Өйткені бәрін қолдан жасаймыз [3- ИЗ б.]». «Дүниенің сұмдық құпиясын ашуға тақап қалған ғылым атаулыны доғару керек. Адамға өзіне-өзі көр қазуға болмайды [3-127 б.]», - деп толғанады.
Бұл ойларда бір жағынан, шектен тыс түңілу, пессимизм басым болғанымен, өзіндік шындық та бар. Өркениеті дамыған XX ғасыр адамзат тарихында ғылым мен техниканың шарықтауымен ерекшеленеді. Сонымен бірге бұл ғасыр рухани дағдарыстар мен соқтығыстар ғасыры да болды. XX үлкен рухани тұлғасы Л.Н.Толстойдың сөзі пікірімізді нақтылай түседі. «Адам өмірі ар-үяттан алшақтаған тұста, яғни олардың өзара қарым-қатынасы махаббатқа емес, эгоизмге құрылғанда барлық ғажайып техникалық жетістіктер: пар, электр, телеграф, әр түрлі машиналар, дәрі, динамит, робулит - бұлардың бәрі жас сәбидің қолындағы ойыншыққа айналады...
Әдетте жұрт прогресс деген ғылым-білімнің өркендеуі, тұрмыстың жеңілдеуі деп үғады - бірақ бұл олай емес. Прогресс адам өміріндегі ең негізгі, маңызды сүрақтарды таразылау, соның мәнін дұрыстап түсіну. Ақиқат адамға әрқашан түсінікті. Бұның басқаша болуы мүмкін емес, өйткені адам жан дүниесінің өзі қүдай нұры, ақиқаттың өзі. Мәселе тек осы құдай нұрын (ақиқатты) ондағы бар кір-қоқыстан тазарту болып табылады. Прогресс ақиқатты жетілдіру, көбейту де емес, оны кір-қоқыстан тазартуда [5 - 119]».
Қазіргі казақ прозасында жатсынудың әлеуметтік-көркемдік мәселеге айналуының бір сыры қаламгерлердің өздері өмір сүріп отырған ортаның, қоғамның, адамзаттың бүгінгі даму үрдісінде жатыр. Олардың жатсынуға қандай деңгейде болсын бой алдыруы қоғам мен идеал арасындағы ымырасыздықтан, адамның биік рухани кемелдігі, шексіз еркіндігі мен нақты болмыстың ұштаса бермеуінен туындап жатты. Сонымен қатар, адамның ішкі жан әлеміндегі бұлқыныстарға, рухани ұмтылыстарға ем іздеп, өз қиялындағы идеалдарымен табысуға талпынуымен де байланысты еді. Т.Әбдіков тұғырнамасында қоғам рухани тұрғыдан жетілгенде ғана даму өз өрісін таба алады. Қоғамдағы даму ғылым мен техниканың қарыштап дамуымен емес, адам баласының рухани дамуымен өлшенеді.
Адам бойындағы тылсым арпалыстар адам психикасындағы ұшы-қиырсыз ғажайыптар, адамгершілік, адалдық секілді тамаша қасиеттер мен пендешілік, арамзалық сияқты алпауыт күштер майданы - Төлен Әбдіков шығармаларының негізгі сарыны. Қаламгер өзіне парасат майданын ашқан кейіпкерінің тағдыры арқылы адамдарды даойлануға шақырады, рухани тоқыраудан, қоғамдағы имансыздық, рухани жүтаңдық кеселдерінен сақтандырады. Повесть бір кейіпкердің ішкі әлемін таныту арқылы әркімнің өзін-өзі тануына жаңа серпін береді. Қазақ прозасында санасы екіге бөлінген кейіпкердің психологиялық ахуалын терең суреттеп, тұлғаның екіге жарылу тақырыбын шебер игерген бірден-бір жазушы ретінде Т. Әбдіков бұл повесінде суреткерлердің үлгісін көрсетеді.
Әдебиеттер тізімі
- Әбдіков Т. Оң қол. - Алматы: Атамүра, 2002. - 378 б.
- Маймин Е. Одоевский В. Русские ночи. - M.: Просвещение. 1975. - 320 б.
- Әбдіков Т. Айтылмаған ақиқат. - Алматы: Жазушы, 1985. - 560 б. 3
- Манн Ю. Поэтика русского романтизма. - Наука. 1976. - 135 б.
- Толстой Л. Дневники. - M.. 1985. - 214 б.
- Абдиков Т. Парасат майданы: Тандамалы. - Алматы, 2008. - 140 б.
- Майтанов Б. Қазақ прозасындағы замандас бейнесі. - Алматы: Ғылым. 1982.
- Қүрманғалиев Қ. Қоңыр күз күмбірі. - Алматы: Санат, 2002. - 250 б.