Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қашықтықтан оқыту жағдайында !spring бағдарламаларының тиімділігі

Қазіргі білім беру жүйесінде қашықтықтан оқыту технологияларын жетілдіру қажеттігі өзекті болып отыр. Орта мектеп үшін көптеген оқулықтар бойынша электрондық оқулықтар мен түрлі білім беру ресурстары жасалғанымен, жоғарғы оқу орындарында мұндай ресурстар жеткіліксіз. Студент пен оқытушы арасында белсенді қарым-қатынас орнатып. тиімді кері байланыс жасау үшін электрондық оқулықтар дайындау керек. Сапалы электрондық оқулық дайындау - бірқатар мамандардың: редакторлардың. дизайнерлердің. бағдарламашылардың қатысуын қажет ететін күрделі. үзақ уақытты қажет ететін үдеріс. Ал бүгінгідей жаппай қашықтықтан оқытуға көшу жағдайында электрондық оқулықты жылдам дайындау мен қолдану қажеттігін iSpring компаниясының өнімдері арқылы шешуге мүмкіндік туып отыр. iSpring арқылы окытушы әр сабағы үшін қажетті бейнедәрісті өзі түсіріп қана қоймай, түрлі тапсырмалар мен тестерді интерактивті түрде дайындап, оны орындауға үсынады әрі орындалған тестер мен тапсырмалардың нәтижесін ала алады. Қашықтықтан оқытуға арналған iSpringLeam оқу үдерісін белсенді жүргізуге және оқу нәтижелерін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Біз мақала аясында iSpring Suite-9 көмегімен қазіргі қазақ тілі саласы бойынша электрондық тапсырмалар дайындау жолдарын көрсетуді мақсат етіп отырмыз. 

Қашықтықтан білім беру жағдайында қазақ тілі пәнін оқыту барысында білім алушының бойында кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға қажетті жазылым, айтылым, тыңдалым, оқылым дағдыларын қалыптастыру басты назарда болып отырған қазіргі кезеңде оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын, бірінші кезекте компьютердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып оқыту қажеттігі туындайды.

Қазақ тілін оқыту барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, біріншіден, базалық білім беру үшін (электрондық оқулықтар мен оқу құралдары), екіншіден, жаттығу, дайындалу құралы ретінде (электрондық жаттығулар, виртуалды қазақ тілі сабақтары, тілдік тренажерлер), үшіншіден, қосымша оқу құралы ретінде (электрондық энциклопедиялар, көркем шығармалар, компьютерлік тілдік ойындар) пайдалануға болады [1].

Қазіргі кезеңде әр түрлі бағдарламалар көмегімен жасалған оқулықтар аз емес. Мүндай оқулықтардың дені арнайы білімі бар бағдарламашылардың көмегімен жасалатыны белгілі. Осыдан келіп, бірнеше жыл бұрын жасалған оқулықтың кейбір деректерінің ескіруі, жаңа ақпараттар енгізу қажетті туындаған жағдайда, оқулық авторының қиындыққа тап болатыны жасырын емес. Электрондық курс дайындаудың көпшілік үшін жеңіл, арнайы компьютерлік білімді қажет етпейтін, қолжетімді бағдарламасын іздестірген педагогтердің iSpring компаниясының өнімдеріне жүгінері сөзсіз.

Бүгінде iSpring компаниясы - электрондық оқу курстарын және онлайн презентациялар дайындаушы әлемдегі ең танымал компания. iSpring бағдарламалық құралы оқу мен бизнесте қазіргі заманғы жаңа мультимедиялық технологиялардың жетістіктерін кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. iSpring компаниясы Microsoft компаниясының әріптесі болып табылады және ара қашықтықтан оқыту жүйесін жасаушылармен ынтымақтастықта жүмыс істейді. 2008 жылдан бастап компания iSpring қүралдарын Ресей нарығына бейімдей бастады. Қазіргі кезеңде iSpring өнімдерінің барлығы дерлік орыс тілінде үсынылады. Аталған бағдарламаның бірнеше түрі кеңінен танымал бола бастады, атап айтқанда, iSpring Presenter, iSpring Online, iSpring PRO, iSpring QuizMaker, iSpring Suite [2].

iSpring технологиясын медициналық білім беруде қолданудың тамаша үлгісін iSpring блогынан көруге болады [3].

iSpring Presenter, iSpring Suite көмегімен презентацияға негізделген кәсіби электрондық курс жасауға болатын болса, iSpring Online көмегімен ара қашықтықтан оқытуға қажетті онлайн курс жасауға мүмкіндік туады. Ал iSpring PRO арқылы HTML5 және Flash презентацияларды тікелей PowerPoint-та жасауға болады. iSpring QuizMaker бағдарламасы интерактивті он бір түрлі сипаттағы тест құраудың және он екі түрлі тапсырмалар құрастырудың жүйесін қамтиды.

Жас ғалым Г.Ж.Жетимекованьщ «Тест құрауда және сауалнама жүргізуде. iSpring Quiz Maker қолданылу ерекшеліктері» атты мацаласында iSpring Quiz Maker құралдарын оқу үдерісіне қолдану ерекшеліктері қарастырылады[4, 6.52- 55].

iSpring Suite-7, iSpring Suite-8, iSpring 8ийе-9аталған бағдарламалардың кешенді жиынтығыдесе де болады. iSpring Suite арқылы компьютерде де, мобильдік құрылғыларда да қарауға болатын бірегей интерактнвті курс жасауға болады. Онда Power Point мүмкіндіктерін жан-жақты пайдалануға, аудио және бейне материалдар қоюға, тестер мен тапсырмалар жасауға, дайын курсты кез келген құрылғы арқылы пайдалануға жағдай жасалған.

Бұл құрылғының мүмкіндіктері М.К.Астанованың мақаласында жан-жақты баяндалған [5, 6.41-45].

iSpring Suite бағдарламасын орнатқаннан кейін Сіздің компьютеріңізден презентация парағын ашқанда, аталған бағдарламаның Power Point-тан шығып тұрғанын байқайсыз. Бүкіл оқулық материалын слайд түрінде жоспарлап алып, әрбір тақырыпқа қажетті материалды сол жоспардың жанына енгізе берсеңіз болады.

iSpring Suite көмегімен бейнежазбалар, аудиожазбалар, суреттер, мультимедиялық материалдар енгізе аласыз, әрі бүкіл бір слайдқа жинақталған материалдарыңызды HTML5 и Flash форматтарына ауыстырып, электрондық курсқа айналдырасыз.

Электрондық оқулықтың басты артықшылығы интерактивті тестілеу мен тапсырмалар жүйесіне байланысты. Көрсетіліп отырған бағдарламада оқу құралына тест енгізу үшін «ТЕСТ» белгісін басып, бағдарламаның тиісті бетін ашу керек. Онда 11 түрлі тест сүрақтарын, 12 түрлі анкеталық тапсырмалар құрастыруға, сондай-ақ ол тестерге, тапсырмаларға қажет болса, сурет, аудио, бейнелер, формулалар қоюға болады. Мүның барлығы iSpring Quiz Maker көмегімен орындалады. Төменде «Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы мен лексикографиясы» [6] бойынша дайындалған электрондық оқулық тапсырмаларын үлгі ретінде ұсынып отырмыз. Қазіргі қазақ тілі салалары бойынша электрондық оқулықтар базасын құру мен бейнеқор жасау мәселесінің қажеттігі бүдан бүрын да көтерілген болатын [7, 6.133-136].

«Анкета» бастырмасы арқылы жасалатын тапсырмалар төмендегідей сипатта болады:

Сурет 1 - Жауабын орнына қою

Сурет 2 - Жауаптары салынған сұрақтар

Сурет 3 - Бірнеше жауапты таңдау

Сурет 4 - Ақпараттық тапсырма

Сурет 5 - Иә немесе жоқ түріндегі тапсырма

Сурет 6 - Сәйкестендіру

Сурет 7 - Жауапты енгізу түріндегі тапсырма

Сурет 8 - Қысқа жауап түріндегі тапсырма

Сонымен қатар электрондық тапсырмаларға қажет болса, суреттер, формулалар салуға, мәтінді дыбыстап, аудиожазба, бейнежазба қоюға болады.

Барлық қажетті ресурстар слайдқа салынып болғаннан кейін «публикация» белгісін басып, «ехе» арқылы сақтайтын болсақ, электрондық тапсырмаларды кез келген тасымалдағышта пайдалануға болады.

Қашықтықтан оқытуға арналған iSpringLeam оқу үдерісін белсенді жүргізуге және оқу нәтижелерін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Тапсырманы орындаушы оны бірден оқытушының электрондық поштасына жібере алады. Сонымен қатар білім алушылар бүл бағдарламаның көмегімен жасалған курсты кез келген күрылғыдан: ноутбук, планшет, телефонная да ашып қарай алады жэне кез келген өзіне ыңғайлы уақытта курсты тыңдап, тест, тапсырмаларды орындап, өтілген материалдарды қайталай алады. Жалпы алғанда, iSpring бағдарламасының қашықтықтан оқытуда мүмкіндікгері мол. Осы бағдарлама көмегімен жасалған электрондық оқулықтар оқу үдерісінде таптырмас қүрал болары сөзсіз.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Қазақ тілі. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған оқу бағдарламасы. - Астана, 2016. - 44 б.
  2. Буйлов O. https://ra-kurs.spb.ru/info/articles/?id=76
  3. https://www.isprmg.ru/eleanimg-insights/ispriiig-v-nieditsmskom-obrazovanii
  4. Жетимекова Г.Ж. «Тест құрауда және сауалнама жүргізуде. iSpring QuizMaker қолданылу ерекшеліктері» Абай атындағы Қаз¥ПУ-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(5), 2015 ж. 52-55-66.
  5. Астанова М.К. Использование программы iSpringSuite при создании мультимедийных электронных учебных пособий. Известия ОшТУ, 2017 №2. Стр.41-45.
  6. Отарбекова Ж.К., Нұржанова Б.Н., Байтимбетова И.А. Дауткулова А. Қ.Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясынан өздік жұмыс тапсырмалары. Алматы: «Қыздар университет!» баспасы, 2019.- 160 бет.
  7. Қазіргі қазақ тілі салалары бойынша электрондық оқулықтар базасын құру мен бейнеқор жасау мәселесі. Көптілділікті дамыту жағдайында тұлғаны қалыптастыру. Республикалық оқу әдістемелік семинар материалдары. Алматы, 3-16 сәуір 2017.133-136-6.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.